Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Вольтердің саяси көзқарастары



бет15/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

20. Вольтердің саяси көзқарастары
Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзінің шығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияны, дінді қатты сынайды.Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұят еркіндігін ерекше қарсы қойған. В. пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналу шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипат алады, заңға тәуелді болмақ. В. басқалардай еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймайды, қайта еркіндік теңдікпен толықтырылып, күшейтіледі. Адамдардың теңдігі саяси-заңды мағынада: барлық адамдар заң алдында тәуелді әрі барлығы бірдей заңмен қорғалады. Мүліктік теңсіздік олардың жаратылысынан деп түсінді. Әрі мүлікке иелік адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды. Мысалы, қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана дауыс беруге құқылы. Осы тұрғыдан сословиелік артықшылықтарды және шіркеулі соттарды жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыруды ұсынды. Ал реформаларды жүргізуді кемеңгер мемлекеттік билікке жүктеді. Абсолюттік монархияны, кемеңгер монарх билігін қолдады. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республика адамдардың табиғи жағдайына келеді. Билік мұнда көпшілік еркімен бағытталады. Ал оны бір адам немесе заңдар негізінде адамдар тобы іске асырады. Мемлекетті басқару түрлеріне емес, институттар арқылы іске асатын принциптерге мән берді. Мұндай әлеуметтік-саяси, құқықтық принциптерге еркіндік, меншік, заңдылық, қайырымдылық жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет