42. Н.Ә. Назарбаеватың «Тарих толқыныңда» еңбегінің негізгі идеялары. 1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Маңызы - Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтылады. Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма. Елбасының кітабі ұлттық келбетті ұлықтаудың маңызы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік туралы және Алаш мұрасы және осы заманды салыстырып, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар арасындағы қарама-қайшылықты анық түрде көрсетіп жазылған
43. Көне Римдегі саяси ілімнің дамуы. Тиберий мен Гай Гракхтар жоғары биліктің көзі мен оны жүзеге асырушылар туралы. Ежелгi Рим тарихында өздерiнiң құқықтық жəне əлеуметтiк жағдайын патрицийлермен теңестiру жолындағы плебейлер күресi маңызды роль атқарды. Плебейлердiң бұл күресi Римнiң алтыншы патшасы Сервий Туллийдiң реформа жасауына əкелiп соқты. Аталған реформа бойынша плебейлер ″ Рим халқының″ құрамына қосылды жəне мүлiктiк белгiсi бойынша бес разрядқа бөлiндi. Реформа байлардың мемлекет басқарудағы артықшылығын бекiтiп бердi. Плебейлер халық жиналыстарына қатысуға жəне қоғамдық меншiктен үлес алуға құқығына ие болды. Бiрақ олардың құқықтық жағдайы патрицийлермен толық теңесе алмады. Сондықтан патрицийлерге қарсы күресiн ұзақ уақыт бойы жүргiзуiне тура келдi. Плебейлер күресiнiң көрнектi өкiлдерi ағайынды Тиберий жəне Гай Гракхтар болды. Халық трибундары болып сайланған олар iрi жер иеленушiлiктi шектеудi, артық жерлердi тəркiлеудi жəне оны жерсiз азаматтарға үлестiрудi талап еттi. Қала халқының кедей тобы үшiн Гай Гракх нанның бағасын арзандату, жол құрылысын салу сияқты ұсыныстар енгiздi. Бұл шараларды iске асыру əрекетi Рим қоғамындағы жоғары топтың қиян-кескi қарсылығын туғызды. Осының нəтижесiнде қарулы күрес басталып, күрес барысында ағайынды Гракхтар қаза тапты. Бұл заңдардың барлығы Гракхтарға ұлттық жиналыста сенімді көпшілікті қамтамасыз етіп, қалалық пролетариат, ауыл халқы және атшылар табынан белсенді қорғау мен көмек көрсетуі керек еді.