53) Бакуниннің “Мемлекет және анархия” деген еңбегіндегі көзқарасы. Жұмысшылар қозғалысын зерттеген Бакунин, өзінің ең басты жауы деп мемлекет деп санайды. Және мемлекеттің мағынасы “халықтарды құл қылу” деген тұжырымға келеді. Мемлекеттің басты қаруларына фискалдық бюрократия мен полициялардың басшылығын жатқызады. “Демократиялық мемлекеттердің” әлемдік сахнада пайда болуы, мемлекеттің шынайы бейнесі өзгерпейді деп есептейді Бакунин. Мемлекетке қарама-қарсы оппонент ретінде Бакунин “социалдық революцияны” қояды. Оның себебі, “социалдық революцияның” мүддесіне идеалды бостандық, теңдік пен бауырластық жатады. Орыс нәсіліне жатқанымен, Бакунин, “Бүкіл Ресейлік Самодержавиясің” құлатуды жақтады. Ол патриоттық сезімдер мен славянофильдіктерді жақтырмайды, өйткені ондай идеологияны ұстанатын мемлекеттерде социалдық теңсіздіктер орныққан. Өзінің идеяларына бастама беретін күшті ол люмпен-пролетариат деп санаған, ал идеяларын халық арасында таратуға Бакунинге ауқымы үлкен емес қозғалыстар, революциялар көмектеседі деп есептеген.
54) ХХ ғ. басындағы қазақ саяси ойындағы ұлттық автономия құру туралы идеясы ( Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов) “Алаш” партиясы құрылып, оның бағдарламасын жасау жөнінде қаулы қабылданды. Партияның бағдарламасын Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров және тағы басқалар жасады. Партияның басты мақсаты - Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды. Партия бағдарламасында Ресей демократиялық, федеративті республика болуы тиіс деп атап көрсетіледі және демократия мен федерация ұғымдарына түсінік беріледі. “Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі”, яғни халық билігі, ал “федерация мағынасы құрдас мемлекеттерге бірлесу, … әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді”. Мұндағы негізгі айтылмақ идея өзін-өзі басқаратын тең құқылы мемлекеттер одағы. Алаш қайраткерлерінің ұлттық автономия түріндегі мемлекеттілікке қол жеткізуге ұмтылуының өзіндік себептері де бар еді. Оның ең бастысы сол кездегі саяси жағдай дербес тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға мүмкіндік берген жоқ.