Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


) Ресей саяси ойындағы батысшылдық саяси идеология ретінде



бет39/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
49) Ресей саяси ойындағы батысшылдық саяси идеология ретінде.
Алғашқы батысшыл Петр Яковлеви Чаадаев (1794-1856) анасы жағынан М.М.Щербатовтың немересі болып келеді. Университет бітіріп, 1812 жылғы Отан соғысына және шетелдік жорықтарға қатысып, масон үйірмелеріне,1821 жылы декабристердің “Солтүстік қоғамына” қатысқанымен, 1823-1826 жылдары шетелде (Германия, Англия, Франция) болды. 1826 жылы елге оралып, тұйық, оңаша өмір сүрді. 1829-1831 жылдары жазылған оның “Философиялық хаттары” Ресейдің идеялық өміріндегі аса маңызды оқиға болды.
Ресей дамуының жаңа жолы - бұл Ресей мен Европаның тұтастану идеясы. Ресейдің Батыстан өзгешеленуді ұстанған ресми саясаты қате. Европаның алдыңғы қатарлы тәжірибесі ресейліктер үшін сабақ бола алады. Чаадаевтің саяси идеалы - николайлық Ресейдің антиподы. Басты нәрсе басқарудың нысанында емес, адамдардың ақыл-ессіз игілік пен бейшара ризашылықтың шырмауында тұйықталмай, адам ақылының барынша мол энергияға ие болуында. Осындай көзқарастары үшін ресми идеологтар оны “ақыл-есінен айрылған” деп жариялады. Батысшылдардың көрнекті өкілдерінің бірі профессор Тимофей Николаевич Грановский (1813-1855) Мәскеу университеті жалпы тарих кафедрасын самодержавиеге қарсы қоғамдық пікірдің трибунасына айналдырды. Тарихи процестің заңдылығы мен прогрессивтілігін алға тарта отырып Грановский крепостниктік тәртіптің өткіншілдігін, оның тарихи ақырын дәлелдеді. Оның адамзат дамуының органикалық теориясы Ресейді әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады да, “тевтомания” рухындағы реакциялық ұлтшылдық құрылғыларға қарсы бағытталады.
Батысшылдардың үйiрмесiне, сондай-ақ П. В. Анненков, В. П. Боткин, И. В. Вернадский, К. Д.
Кавелин, Б. Н. Чичерин сияқты орыс ойшылдары кiрсе, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. П.
Огаревтер да өз көзқарастары жағынан осы позицияға жақын болды. Олар сол дəуiрдегi қоғамдық-
саяси құрылысты сынап, батыс үлгiлерi бойынша реформалар жүргiзудi, консти-туциялық
монархияны, парламенттiк құрылысты, азаматтық еркiндiктердi енгiзудi жақтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет