Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойдың дамуы.(Әл-Фараби, Ибн Халдун, Ибн-Сина)



бет47/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

61.Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойдың дамуы.(Әл-Фараби, Ибн Халдун, Ибн-Сина)

Х ғасырдан бастап исламның саяси iлiмi шеңберiнде мемлекет пен саясатты зерттеу — оны нормативтi-құқықтық және этикалы-философиялық тұрғыда қалыптастырды. Нормативтi-құқықтық бағыт мұсылмандық-құқықтық теорияға сүйендi және басқа iлiмдердiң ықпалын сезiнбедi. Философиялық-этикалық бағытта зерттеушiлер гректiң саяси философиясының дәстүрлерiне сүйендi және оны мұсылман мемлекетi — Араб халифатының ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдаланды.Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды.Оны әріптестері көзі тірісінде-ақ «екінші Аристотель» деп атаған болатын.


Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Қайырымды қала тұрғындары көзқарастары туралы», «Азаматтық саятсат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.
Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870—950 жж.) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Саясат, олардың көпшiлiгi үшiн өздерi «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет iстерi туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын түсiндi. Грек дәстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды.
Ибн Халдун 1406 жылы, емiрiнiк соңы кезiнде кептеген идеялары казiргi замандаFы элеуметтанумен сабақтас келетiн шынармалар жинаFын курастырды. Muqaddimah («Мукаддима») екбепн- де жазFанындай, ибн Халдун езшщ бар кYш-жiгерiн коFамды Fылыми зерделеуге, эмпирикалык зерттеуге жэне элеуметтiк кубылыстардык себептерiн iздеуге арнады. Ол элеуметпк институт- тарFа (мысалы, саясат пен экономикаFа) жэне олардык езара карым-катынастарына кеп кекiл белдi. Ибн Халдун примитивт жэне заманауи коFамдарды салыстыруFа кызыFушылык танытты. Ибн Халдун зерттеген такырыптардык бiрi - мемлекеттiк курылуы. Онык тужырымдауынша, «СолтYстiк Африка мемлекеттершщ еркендеуi мен кулдырауы бакташы кешпелтер мен оты- рыкшы кауымдар арасындаFы элеуметтiк уйымдасудык елеулi айырмашылыктарына пкелей байланысты» (Alatas, 2011:15). Ибн Халдун асабия ('asabiyyah) уFымына сYЙенiп, мемлекет ка- лыптасуынык циклдiк теориясын жасады. Асабия - топтык ынтымактастык немесе элеуметпк уйымшылдык сезiмiн айкындайды. Бул элеуметтiк уйымдасу туралы жалпы Ымдердщ белшут нен шыFады. Кешпелi кауымдастык асабиянык ('asabiyyah) би1к декгейiне жеткен, соFан сэй- кес, «калалык аудандардаFы отырыкшы турFындарды жекiп, ез эулеттерш курды» (15). Б1рак кешпендi кауым орныFып алFан сок, олар да асабиядан айрылып, «асабиясы, яFни ынтымаFы жоFары баска кешпендi кауымнык шабуылына» тетеп бере алмай, осал топка айналFан (15). Ибн Халдуннык идеялары мен кейшп элеуметтану теориялары арасында кызыкты уксастыктар мен айырмашылыктар бар. Б1р жаFынан, ибн Халдуннык «асабиясы» 400 жылдан кейiнгi Эмиль Дюркгейм секiлдi теорияшылардык екбегiндегi элеуметтiк ынтымактастык тужырымдамасынан мойны озык тур. Екiншi жаFынан алсак, ибн Халдуннык тарихи циклдердi сипаттауы кептеген классикалык теорияшылар мойындаFан сызыктык жэне прогрессивтi элеуметпк даму ерекше- лiктерiне карама-карсы келедк Ибн Халдун классикалык элеуметтануFа айтарлыктай елеулi улес коса коЙFан жок, алайда бар- лык Fалымдар, сонык iшiнде ислам Fуламалары онык екбектерш кайтадан зерделеп жаткан- дыктан, туындыларынык тарихи макызы артуы мYмкiн.
Ибн Сина — ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. Орта Азияда және парсы жерінде (Иранда) өмір сүрген; түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Басты философиялық еңбектері — “Дауа кітабы” (“Іұтқару кітабының” қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), “өсиеттер мен кеңестер кітабы”, “Білім кітабы” (парсы тілінде, “Даныш-намэ”). Әбу Әли ибн Сина философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, бір жағынан неоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытады. Әбу Әли ибн Сина пікірінше тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс принципі бойынша дамиды. Әбу Әли ибн Синаның әлеуметтік ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға дейін баруға болатыны туралы ой бөлекше есте қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет