6. Тілдік біліктіліктерді бағалаудың өлшемдік-көрсеткіштік шкаласы Міндетті минимум шеңберінде алған білім деңгейі және жоғары оқу орыны ұсынатын оқу жүктемесі көлемі балдық-рейтингілік жүйе (БРЖ) бойынша әртүрлі бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылауды және ЖБП циклінің «Шетел тілі» пәні бойынша олардың білімін бағалау әр академиялық кезеңнің соңында және оқу жылының аяғында арнайы бөлімде («Офис тіркеушісі») арқылы жүзеге асырылады және бұл оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс. Бақылау шаралары аралық бақылау, аралық аттестаттау (емтихан сессиялары) кезеңдерін, оқу жетістіктерін сырттай бағалау және қорытынды аттестаттау кезеңдерін қамтуы қажет.
Білімді меңгерудің қандай да бір деңгейіне жеткендігін бағалау өлшемдері:
коммуникативтік ойды жүзеге асыру
жоғары, дәстүрлі «жақсы» деген бағаға сәйкес келеді;
орташа, дәстүрлі «қанағаттанарлық» деген бағаға сәйкес келеді;
төмен, дәстүрлі «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға сәйкес келеді;
2) оқытудың кредиттік технологиясында қабылданған А-дан F-қа дейінгі әріптік жүйе бойынша бағалау 0-ден 100%-ға дейінгі пайыздық мөлшерге сәйкес келеді.
Балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағаларының ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) бойынша бағаларға ауысу кестесі