Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет28/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   191
Түйінді сөздер:
зерттеу, іс
-
әрекет, сабақ, фокус топ, рефлексиялық есеп, жетекші сұрақтар. 
 
Ключевые слова:
исследование, деятельность, урок, фокус группа, рефлексивный отчет, 
ведущие вопросы.
Keywords:
research, activity, lesson, focus group, reflective report, leading questions. 
Аталмыш мақалада жалпы білім беретін мектеп ұйымдарында «Мұғалім 
тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы 
бойынша білім алған тыңдаушылар крс аяқталысымен рефлексиялық есеп жазуда 
көптеген қиыншылықтар болатыны сөзсіз. Жалпы сипаттамасына келетін болсақ, 
сабақты зерттеу үрдісінің циклы бойынша әр топ мүшесі 1500 сөзден тұратын
рефлексиялық есеп жазады. Осы рефлексиялық есепті жазу қиындық тудырмау үшін 
мынадай сұрақтарға аса назар аудара отырып, жауап берсе, есептің тиімділігі мен жалпы 
мазмұны өнімді және жемісті болатыны анық. 
Ал жетекші сұрақтарды қарастыратын 
болсақ, олар төмендегідей болып табылады: 
 
1.
Топ мүшелігіне енуде сіздің ішкі мүмкіншіліктерінің, ықыласыңыз ескерілді ме?
Ескерілсе, осы топ құру барысындағы сіздің көңіл
-
күйіңіз қандай?
2.
Топ ішіндегі міндеттерді бөлу сіздің бойыңыздағы педагогикалық
-
кәсіби
мүмкіндіктеріңізге сәйкес келді ме? Әлде міндетіңіз сіз үшін қиындық
тудыратынын сездіңіз бе? Осы орайда тренердің шеберлігіне баға беріңіз. 
(150
сөз)
3.
Зерттеу тақырыбы мен сұрағын анықтауда сіз үшін қиындық тудырған кедергілер
болды ма? Болса, бір
-
екеуін атап өтіңіз. Ол кедергілер бұрыннан бері бар ма?
Атап өтіңіз.
4.
Зерттеу тақырыбына шығу үшін сыныптағы ахуалды сипаттауда қаншалықты
шынайы болдыңыз? Ахуал нақты бір дағдыларға қатысты болды ма? Нақты атап
көрсетсеңіз.
5.
Осы шынайы ахуалынан болашақта күтетін нәтиже, үмітіңізді сараптап жазуда не
нәрсеге басты назарды аудардыңыз? Нені көргіңіз келеді? Қандай өзгерістің
бастау алғандығын қалаған едіңіз? Соның бәрін ескердіңіз бе? Осы орайдағы
туындаған қиындықты сипаттаған абзал. Осы үміттен сіздің зерттеу
тақырыбыңыз бен зерттеу сұрағыңыз бірден шыға келді ме? Әлде ой
шашыраңқылығы кездесті ме? (150 сөз)
6.
Сабақты жоспарлауда қандай қиындықтар туындады? Әсіресе ол қиындықтар
сабақтың қай кезеңіне қатысты болды? Сабақтағы оқу және оқыту мақсаттары
арасында байланыс орнату сізге жеңіл болды ма? Сабақтағы оқу мақсаттары
зерттеу мақсатына, зерттеу сұрағына қатысты ескерілді ме? Осы орайда не
нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек? (150 сөз)
7.
Оқу мақсатының сабақ мақсатына, бағалау критерийлерінің де сабақ мақсатына,
тапсырмалардың критерийлеріне сай әзірленгендігін ескердіңіз бе? Ескеру
кезінде қандай қиындықтар туындады? Күнделікті сабақ жоспарын жазуда
(жаңартылған бағдарлама бойынша оқылатын сыныптардың ҚМЖ
-
сында)
осындай қиындықтар кездесіп пе еді? Екеуара салыстыру жасап кетсеңіз де
болады. Сонымен бірге тапсырмалардың зерттеу сұрағынан алшақтамай, басты
фокуста болуы арқылы оқу мен оқыту үрдісіндегі бірізділіктің, жүйенің
сақталуын фокуста ұстадыңыз ба? Ең соңындағы тағы бір ескере кететін жайт –
бақылау парағы құрылымының, мазмұнының зерттеу тақырыбын ашу
қаншалықты қиын болды? Кез келген нәтиже түрінде осы аспектілердің
ескерілуі зерттеу нәтижелерін құжаттаудың мән
-
сипатын және қажеттілігін
арттыратындығының мүмкіндігін ескердіңіз бе? (150 сөз)
8.
Сабақты талдауда, талдау парақтарын толтыруда сіз үшін не оңай болды? Осы
орайда сіз үшін ұнаған әрекеттер, кезеңдер болды ма? Сабақ зерттеу сұрағына
33


орайластырылған зерттеу тақырыбы мен мақсатын, сонымен қатар жалпы 
күтілетін нәтижелердің мақсатқа қаншалықты деңгейде болды? Мақсатқа жетті 
ме? Сабақ барысындағы сәтті және сәтсіз тұстарын, сонымен бірге зерттеу 
сабағының жұлдызды тұстарын айқара ашып жазып көріңіз. (150 сөз)
9.
Зерттеу нәтижеңіз қандай деңгейге жетті деп ойлайсыз? Зерттеу нәтижеңізде
зерттеу сұрағына қаншалықты деңгейде жемісті жауап таба алдыңыз? Зерттеу
нәтижеңіз бойынша жинақталған шеберлігіңізді кәсіби түрде не түрінде бере
алдыңыз? Не түрінде (семинар, коуч т.б.) бөлісер едіңіз? Өзіңіздің әдістемелік
тақырыбыңызға қаншалықты деңгейде байланысы бар, үйлесімді бола білді ме?
Әлде сіздің әдістемелік тақырыбыңызға ешқандай байланысы болмады ма?
Зерттеу нәтижесін қандай ортада, кімдермен, қандай формада бөлісер едіңіз? (150
сөз)
10.
Өзіңіздің тараптан осы зерттеу сабағы бойынша қандай тиімді ұсыныстар жасар
едіңіз? Осы зерттеу сабағы сізді неге үйретті? Осы зерттеу сабағы сізге кәсіби
деңгейде өсуіңізге ықпал етті ме? Әлде ешқандай өзгеріс байқалмады ма?
Байқамадыңыз ба? Егер өзгеріс болса, сіздің кәсіби өсуіңізге ықпал еткені болса,
оны қалайша және қай кезеңде байқадыңыз? Қалайша байқадыңыз? (150 сөз)
11.
Осы зерттеу сұрағы бойынша сіз өзіңіздің әдістемелік жүйеңізге өзгерісті енгізер
ме едіңіз? Бұл 
үрдіс сіздің әдістемелік жұмысыңызға, зерттеуіңізге қаншалықты
деңгейде әсер етті? Болашақта осы зерттеу сұрағына, тақырыбына қатысты
мәселелерді қарастырар ма едіңіз? Осы тақырыпқа туыстас тақырыптарды алар
ма едіңіз? қай сыныпқа алар едіңіз? неге? Неліктен? Себептерін көрсетсеңіз. (150
сөз)
12.
Жинақталған тәжірибеңізді қалай және қай ортада таратар едіңіз? Сіз басқа да
әріптестеріңізге үйретеріңіз бар ма? Өз пәніңіз бойынша жеткен жетістігіңізбен
жеке шеберлік сыныбын берер ме едіңіз? Шебер түрде тәжірибені таратуда
қандай әдістерді қолданар едіңіз? неге басымдылық жасар едіңіз? Қалайша
жеткізер едіңіз? (150 сөз)
13.
Осы зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған тәжірибеңізден қандай өнім
шығарар едіңіз? Оны қай мерзімде орындар едіңіз? Өніміңізді қандай формада
жеткізер едіңіз? Қай деңгейде осы өнімді жария етер едіңіз? (150 сөз)
Осы сұрақтардың барлығын ескере келе, тыңдаушылар кез келген рефлексиялық
есепті жазуда қиыншылық тумайтынын сезіну керек. Осы мақалада берілген жетекші 
сұрақтардың барлығына жетене үңілетін болсақ, барлық сұрақтарға ерекше назар 
аударып, әрбір сұрақты оқу және оқыту үрдісіне байаныстыра отыра әр педагогтың 
әдістемелік, ізденіс және ғылыми тараптарын үйлесімді түрді бір жерден түйістіруге 
болады. Сонымен бірге осы сұрақтар көптеген іс
-
әрекеттегі атқарылған жетістіктер 
мен кездескен қиыншылықтардың ашылуына, оны шешу немесе тарату бойынша 
қабылданған және жасалған іс
-
шаралар легі бойынша тың ақпараттың пайда болуына 
ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет