Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет30/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   191
А
bstract 
The article deals with the problems of emotional burnout of teachers. The specific features 
of teachers ' emotional burnout, the main areas and working conditions in which the stage of 
emotional burnout and self-esteem decline is formed were analyzed. The necessary methods of 
prevention of emotional burnout, first of all, reducing the influence of stress factors of the 
environment, were identified and justified. 
Кілттік сөз:
кәсіби күйіп кету, стресс, эмоционалды таусылу, қызмет шарттары
Ключевые слова:
профессиональное выгорание, стресс, эмоциональное истощение, 
условия деятельности
Keywords:
professional burnout, stress, emotional exhaustion, working conditions 
Еліміздегі әлеуметтік
-
экономикалық жағдайдың өзгеруі мен ақпараттық процестердің 
күрделенуіне байланысты
елімізде эмоциялық күйіп кетудің
кері салдарына қатысты 
зерттеулер күннен
-
күнге өзекті болып келе жатыр. Олар әсіресе оқытушылар мен мұғалімдер 
үшін барынша өзекті. Эмоциялық күйзеліс жағдайына деген конструктивті қарым
-
қатынас 
құра білу және оның салдарының кері әсерін барынша азайту шеберлігі оқытушының кәсіби 
тұрғыда маңызды қасиеттерінің біріне айналуы тиіс. Педагогке заманауи кәсіби ортаның 
эмоциялық факторлар әсеріне қарсы тұруына тура келеді. Яғни оған кәсіптің талап етілетін 
барлық талаптарын орындай отырып, өзін онда оңтайлы түрде жүзеге асыруға және өз 
еңбегінен ләззат алуға тура келеді.
Оқытушының іскерлігі үздіксіз түрде қарым
-
қатынаспен байланысты, біртіндеп жүріп 
өтетін
эмоциялық шаршау мен таусылу нышандарына тәуелді, ал ол кәсіби іскерліктің 
орындалуына, психикалық, физикалық және эмоциялық көңіл
-
күйдің нашарлауына кері әсер 
етеді

35


Эмоциялық күйіп кету синдромы эмоциялық, ақыл
-
ойдың таусылуы, физикалық 
шаршау, тұлғалық оқшаулану және жұмысты орындаудан қанағаттанбау нышандарынан 
көрінетін экспансивті, когнитивті және физикалық күш
-
қуатты біртіндеп жоғалту процесі 
болып табылады. Ол жұмыс орнындағы күйзелісті сәтсіз шешу нәтижесі ретінде 
қарастырылады. Бұл синдром құрамына үш компонент кіреді:
Эмоциялық таусылу тұлғаның физикалық ресурстарын төмендетеді, ағзаның күйзеліс 
агенттеріне қарсы тұруын нашарлатады, басқа да даму көздерін іздеу мүмкіндігін шектейді, 
соның нәтижесінде өзіндік даму, өзіндік өсу қажеттіліктерінің туындауына кедергі келтіреді.
Жеке жетістіктер редукциясы (өзінің құзіретсіздігін, кәсіби іскерлігіндегі жетістігі 
жоқтығын сезіну) жалпы ынталану процесін нашарлатады, адамның мамандық арқылы тұлға 
ретіндегі шығармашылық дамуын тоқтатады. Деперсонализация жеке тұлғалық оқшаулану 
бола отырып, тұлғаның қағидалары мен құндылықтар жүйесіне енеді, сол арқылы әлемге 
деген оң қарым
-
қатынасты теріске шығара отырып, тұлғалық дамудың интегративтік 
құраушы бөлігін бұзады.
Оқытушының эмоцияға кедейлігімен, эмоцияны үнемдеу саласын кеңейтуімен, жеке 
тұлғалық оқшаулануымен, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескермеумен сипатталатын 
күйіп кету синдромы маманның кәсіби қарым
-
қатынасы сипатына біршама қатты әсер етеді. 
Аталған кәсіби бұзушылық оқу процесін толыққанды басқаруға, қажетті кәсіби көмек 
көрсетуге, кәсіби ұжымның қалыптасуына кедергі келтіреді. Шынайы педагогикалық 
тәжірибе көрсеткендей, қазіргі таңда студентке тұлға ретіндегі қызығушылықтың жоғалуы, 
оны қалай болса солай қабылдаудың жоғалуы, кәсіби қарым
-
қатынастың эмоциялық 
жағының төмендеуі
біршама айқын көрінеді

И.Ф.Исаев атап көрсеткендей, оқытушының 
кәсіби мәдениетінің төмен деңгейлігі педагогикалық мамандыққа деген ынталық
-
құндылықтық қарым
-
қатынастың қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін.
О.Н.Гнездилова кәсіби күйіп кетуге апаруы мүмкін факторлар ретінде мінез
-
құлықтың
интроверт болуын, тұйықтық пен ұялшақтықтың, мамандық талаптарына 
келіспеуін келтіреді.
Көптеген зерттеулер оқытушыларда кәсіби іскерліктің тұрақтылығын бұзушы 
жағдайлардың болуын көрсетеді (уайымдау, көңіл
-
күйдің болмауы, басыңқылық, апатия, 
көңіл қалу, үнемі шаршау).
Психология тұрғысынан оқытушыларда эмоциялық күйіп кетуге қарсы тұра білуін 
қалыптастыру мәселесіне біршама көңіл аударылған, алайда бұл мәселенің педагогикалық 
жағына келетін болсақ, біз арнайы әдебиеттердің жетіспеушілігіне тап болдық. Психология
-
педагогикалық әдебиеттерде эмоциялық күйіп
кету үлгісін әзірлеуге (К.Маслач, С.Джексон 
және т.б.), күйіп кетудің құрылымдық компоненттерін атап көрсетуге (Э.Пайнс, Т.Кокс) 
және кәсіби «күйіп кетудің» негізгі көріністеріне (О.Н.Гнездилова, Т.В.Форманюк) арналған 
еңбектер жарияланған

Сонымен қатар, білім беру барысында оқытушылар мен мұғалімдерде эмоциялық 
күйіп кету ерекшеліктеріне зерттеу мәселесі әлі де жеткілікті түрде зерттелмеген қалпы 
қалуда.
Қызметкердің
денсаулығы тіршілігін сақтау барысында кәсіби еңбектің тиімділігін 
арттыру қажеттілігіне байланысты біз үшін оқытушылар мен мұғалімдердің эмоциялық 
күйіп кету ерекшеліктерін зерттеу маңызды болып көрінеді.
Зерттеу анықтағандай, көптеген мұғалімдердің эмоциялық күю көрсеткіштері 
«Эмоциялық таусылу» және «Жеке тұлғалық қатынастар редукциясы» шкаласы бойынша 
жоғары,
ал ол мұғалімдердің келесі ерекшеліктерімен түсіндіріледі:
1) өзін теріс бағалау (мұғалім көптеген жағдайда өзін оқытушыға қарағанда теріс
бағалайды, мұғалімде оның қоғамдағы алатын орынының әділетті еместігі, қоршаған 
ортаның оны
жеткілікті бағаламайтындығы жайлы ойлары болады);
2) жүйке
-
психикалық жүктемелер (біздің пайымдауымызша, олар оқушылардың ата
-
аналары мен басшылық тұрғысынан мұғалімге деген қарсылықтарына деген сезімталдығы).
36


Алайда оқытушылардың эмоциялық күйіп кетуінің
жоғары көрсеткіштері 
«Эмоциялық таусылу» шкаласы бойынша ғана бар, ал ол келесі ерекшеліктерді меңзейді:
1) бәрінен шаршау (көңіл
-
күйдің басыңқылығы, қорғансыздық, ешбір құлқының
болмауы, қателік жасаудан қорқу, өзі басқара ала алмай қалатын белгісіз жағдайлардан 
қорқу, жеткілікті түрде күшті бола алмаудан, құзіретсіз болудан, басшылық тұрғысынан 
берілетін жоғары талаптарға сәйкес келмеуден қорқу);
2) оқытушылық еңбектің өзі (күнделікті көру, есту және дауыс аппараттарына деген
жоғары жүктеме; семинар және
тәжірибелік сабақтарды өткізу тұрақты «сананың белсенді 
жұмысын» талап етеді; жауаптардағы оң сәттерді бағалау және қателіктерді түзету; 
қорытынды жасау және қысқаша түйіндемелер тарату).
Осылайша, біз мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби іскерлігінің сипаты эмоциялық 
күйіп кету мәселесіне әсер ететін ерекшеліктерді анықтадық. Эмоциялық күйіп кетуді 
төмендету үшін педагогтар мәселенің анық
-
қанығына жетуі қажет, ал ол үшін тек қаласаң 
болды, бәрінің аяқталатындығын түсінетіндей семинарлар, ағартушылық іс
-
шаралар 
ұйымдастыру маңызды. Егер нышандар қатты көрінетін болса, онда сұраныстар бойынша 
түзету жұмыстары мен кеңестер қажет болады

Айта кететін жайт, аталған мәселе бойынша көптеген әдебиеттерге талдау барасында 
біз мұғалімдердің күйіп кетуінің барлық көрсеткіштері оқу жылы бойы жоғары болып, жыл 
соңына қарай одан сайын артатындығын, ал оқытушыларда ол нышандар оқу жылының 
ортасына қарай дамитындығы жайлы тұжырымға келдік. Мұғалімдерге күйіп кету 
оқытушыларға қарағанда қарқындырақ, жүйелі және кешенді түрде, олардың эмоциялық 
деңгейін жанап, өзіне деген, қоршаған орта мен мамандығына деген қатынасына да тиеді; ал 
оқытушыларда күйіп кету нышардары эмоция тұрғысынан өзіне, өз жетістіктеріне, қоршаған 
адамдар мен жұмысына деген қатынасында теріс өзгерістер ретінде көрініс табады.
Педагог іскерлігінің ең маңызды құраушыларының бірі біртіндеп артып отыратын 
эмоциялық шаршау мен таусылумен бірге жүретін қарым
-
қатынас болып табылады, ал ол 
кәсіби міндеттердің орындалуына, психикалық және физикалық көңіл
-
күйдің нашарлауына 
алып барады. Педагогикалық жағдаяттардың стандартты болмауы, мұғалімнің кәсіби 
еңбегінің жауапкершілігі мен күрделілігі себепті «эмоциялық күйіп кетудің» даму қауіпі 
артады және аталған синдромды зерттеу оның кері салдарларының қоршаған адамдармен 
қарым
-
қатынасына әсерінің алдын алу тұрғысынан қажетті болып отыр.
Негізінен, эмоциялық күйіп кету психиканы жарақаттаушы әсерлерге деген эмоцияны 
толықтай немесе жартылай болдырмау түріндегі психологиялық қорғаныс механизмі болып 
табылады, бұл психикалық, көптеген жағдайда кәсіби мінез
-
құлықтың жүре пайда болатын 
стереотип. В.Е.Орел күйіп кетуді ұзақ уақыттық күйзеліс негізінде дамитын және жұмыс 
жасаушы адамның эмоциялық күш
-
қуаттық және жеке тұлғалық ресурстарының таусылуына 
апаратын синдром ретінде қарастырады. Ю.М.Кузнецова бойынша, күйіп кету әлеуметтік 
сала мамандықтарында көрінетін физикалық, психикалық және ақыл
-
ой таусылуының 
жағдайы. Бұл синдром үш құраушы бөліктен тұрады: эмоциялық таусылу, деперсонализация 
(кертартпалық) және кәсіби жетістіктер редукциясы
[21,7 
б].
К.Маслач психикалық күйіп кетуді жұмысқа деген қызығушылық пен мұқияттылықты 
жоғалту ретінде қарастырған. К.Маслач және С.Джексонның пікірлері бойынша, психикалық 
күйіп кету құрамына психикалық таусылу, деперсонализация және жеке жетістіктер 
редукциясынан тұратын үш өлшемді құрылым. Психикалық таусылу психикалық күйіп 
кетудің негізгі құраушысы ретінде қарастырылады және эмоциялық фонның төмендеуі, 
бейжайлық немесе эмоциялық қанығу түрінде көрінеді.
Аталған мәселелерді шешуші технологияның бастапқы сатысы ретінде К. Маслач и С. 
Джексонның Н.Е. (Водопьянованың бейімделуімен) мұғалімдердің кәсіби
-
эмоционалды 
күйіп кету деңгейін анықтауға арналған сауалнамасын, (МВІ) сараптау жүйесін, 
«Эмоционалды күйіп кету» шкаласы бойынша деңгейге бөлуді қолдануды қолдаймыз.
Аталған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде төмен, орта және жоғары күйіп кету 
деңгейіндегі мұғалімдерге бөлуге болады. 
37


Соған орай эмоционалды күйіп кетуді алдын алудың жүйелі арт
-
терапиялық 
технологиясы (әрі қарай ЖАТ) бойынша жұмыс жасауға кеңес береміз. Жүйелі арт
-
терапиялық технологияға сәйкес ең алдымен оның мақсаттары мен міндеттері анықталып, 
жұмыс барысындағы ережелер бекітіледі. 
Жүйелі арт
-
терапиялық технология бойынша жаттығу барысында үш негізгі әсер 
туындайды:
– тыныштандыру әсері (эмоционалды алаңдаушылықты басу);
– қалпына келтіру әсері (шаршаңқылықтың көрінуін әлсірету);
– белсенділікті арттыру әсері (психофизиологиялық реактивтіліктің артуы).
ЖАТ технологиясында қолданылатын әдістер, визуалды образдарды құрып 
онымен жұмыс жасаудан бөлек, жұмыс авторы, психолог және топтың басқа қатысушылары 
арасындағы қарым
-
қатынас іске асырылады. Осылайша бірнеше міндеттер өз шешімін 
табады. Бейнелік іс –
әрекеттер, топтың қатысушыларына өздерінің ішкі қорларының 
белсенділігін арттырып оны қолдануға, өзін көрсетуге мүмкіндік береді және бұндай 
амалдарды көп адамдар бұрын соңды демалыс және өз күштерін қалпына келтіруші құрал 
ретінде қолданып көрмеген. Соған қоса топтағы шығармашылық жұмыстар топ ішіндегі 
қарым
-
қатынасқа ғана емес, топ сыртындағы қарым
-
қатынастардың да реттелуіне септігін 
тигізеді. Топқа қатысушылардың айтуы бойынша бұндай іс
-
әрекеттер топ ішінде ыңғайлы 
жағдай туындатады, қатысушылардың қал
-
жағдайына жақсы әсер етіп қана қоймай олардың 
бір
-
бірімен қарым
-
қатынасын да дұрыс жолға қояды және жалпы өмірге деген позитивті 
көзқарас қалыптастырады

Атап кететін жайт, вербалды психологиялық түзетуге келмейтін кейбір клиенттер 
санаты (олигофрендер; ауыр психикалық науқасқа шалдыққандар немесе сөйлеу қабілетінде 
кемістігі бар жандар; жады мен назарында ақауы бар орта жастан асқан адамдар) белгілі бір 
жағдайда арт
-
терапевпен жеке немесе топ ішінде біршама нәтижелі жұмыс жасай алады. Ол 
вербалды коммуникацияға деген қабілеттерінің төмендігіне қарамастан, олар өз сезімдерін 
бейнелеу формасында жеткізе алуымен байланысты. Тіпті егер олардың кейбіреулері көркем 
бейнелер жасай алмаса да, қарапайым манипуляция мен бейнелеу материалдарымен 
байланысты әр түрлі ойындар мұндай клиенттер үшін өте маңызды болып шығады, себебі 
мұндай жаттығулар олардың сенсомоторлық дағдыларын жаттықтырады, вербалды емес 
ойлау қабілеті мен басқа да функцияларын дамытады.
Алайда өзіндік емдеу
-
түзету әдісі ретінде арт
-
терапия ең алдымен невроз немесе жеке 
тұлғалық бұзылыстар тәрізді ауыр емес психикалық ауытқушылығы бар клиенттерге 
барынша жарайтындығын аталып өтеді.
Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау үшін қатысушылардан әсем суреттей алу 
немесе бейнелеу өнерінен, жалпы арнайы шығармашылық қабілеттер талап етілмейді. 
Бұндай топта жұмыс жасау барысында тек қана дәстүрлі қағаз, қарындаш пен бояу ғана емес, 
сонымен қоса қатысушылардың өздері арнайы әзірлеген табиғи материалдар да қолданылуы 
мүмкін. Бір топта қатысушылар болашақта қажет болу мүмкін барлық материалды өздері 
дайындайды. Әр түрлі заттар мен өсімдіктерді жинау барысындағы серуен де топтық жұмыс 
үшін пайдаланылуы мүмкін. 
Қорытындылай
келе эмоциялық «күйіп кетудің» алғышарты құрамына педагогтың 
жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктері мен эмоциялық тұрғыдағы кәсіби іскерліктің 
өзіне тән ерекшеліктері кіретін бірқатар факторлар болып табылады. Күйіп кетудің дамуына 
әсер ететін факторларға шолу жасай отырып, біз аталған факторларға жасалған көптеген 
зерттеу жұмыстары аталған құбылыстың пайда болуындағы басты нәрсе не деген сұраққа 
жауап бермегендігін
көре аламыз. Оның негізгі себебі қайсысы –
жеке тұлғалық қасиеттер ме 
әлде іскерлікке тән сипаттары, адамдармен өзара әрекеттесу ерекшеліктер немесе жұмыс 
ортасының факторлары ма? Аталған мәселелерді шешу ең алдымен «күйіп кетудің» алдын 
алу үшін ерекше маңызды болып отыр.
Айта кететін жайт, эмоциялық «күйіп кету» 

біршама қауіпті процесс, себебі бұл 
синдромға шалдыққан адам оның нышандарын байқай бермейді. Ол өзін сырттан көріп, не 
38


болып жатқандығын түсіне алмайды. Сондықтан да ол конфронтация мен кінәлауды емес, 
керісінше, қолдау мен көңіл бөлуді қажет етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет