Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет33/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   191
Топты қалыптастыру. 
 
Ол үшін мектептегі деңгейлік курс бітірген сертификатталған мұғалімдерді «қозғаушы 
күш» ретінде алға тарттық. Ол мұғалімдер бірден келісе кетті. Біздің мектеп мұғалімдері 
өзінің
сабағын зерттеумен бірінші рет айналысып жатқандықтан, зерттеу бойынша 
көптеген сұрақтар туындап жатты. Әр кезде оқыту әдістерінің дұрыс таңдалып 
жатқанына күмән туғыза бастады, сондықтан «сыншы дос» ретінде өзімнің тренеріммен 
әрқашан
байланыста болып отырдым.
Зерттеудің ортақ тақырыбын анықтау.
 
Мектеп оқушыларынан, ата
-
аналарынан және мектеп қызметкерлерінен жинақталған 
деректерге негізделген триангуляция нәтижелерін талдау, өңдеу арқылы мектептің 
дамыту мақсатын белгілеу үшін мектебімнің бастапқы жағдайын зерттедік. 
Мысалы 
айтатын болсақ, мектептегі оқушы мен ата
-
ананың пікірі назарға алына бермеуі, 
көшбасшылықтың болмауы
мектептің дамуына кедергі келтіретіні сөзсіз. Сонымен 
қатар, оқушылардың кері байланыс беруінің әлсіздігі, топтық жұмыстардың ережеге сай 
жүргізіле бермеуі, тиімді кері байланыс дағыдалырының қалыптаспауын көрсетеді.
Осыған сай
«Lesson Study» тәсілін оқу мен оқытуға енгізе отырып
, 5-
8 сыныптардағы 
оқу мен оқытудағы кедергілерді қалай жоюға болады?» деген зерттеу сұрағын таңдап 
алдық. Сабақты бақылау кезінде мұғалімдер жақсы әдіс
-
тәсілдермен бөлісіп, өздерінің 
41


оқыту мен бақылау дағдыларын дамыта алады. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтай 
алады. Осылайша, топ өзінің алдына зерттеу мақсаттарын қойды.

Сабақтың әр кезеңінде оқушылар үшін жетістіктер критерийлерін құруды
үйренеді
;

Оқыту үдерісіндегі кері байланыстың рөлін анықтайды;

Оқытудағы ілгерілеуді қадағалау үшін қалыптастырушы бағалаудың тиімді
түрлерін таңдайды;

Топта ұйымдаса жұмыс істей отырып, әр оқушыны оқу үшін бағалауға, тиімді кері
байланыс бере білуге тартады.
Оқушылар жетістік критерийлеріне сүйене отырып, өзінің сабақтағы жұмысына 
келтірілген кедергілерді анықтай алады, түзету жұмыстарын белгілей алады. 
Осылайша, біз сабақты зерттеу сұрағын, мақсатын анықтағаннан кейін, зерттеу мәселесі 
бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін бір айдың ішінде бір циклін өткізуді жөн көре 
отырып, ақылдастық. 
1.
Сабақты бірлесіп жоспарлау.
2.
Бақыланатын оқушыларға назар аудара отырып, бір сабақты өткізу бақылау.
3.
Сабақ туралы пікірін білу үшін оқушыдан сұхбат алу.
4.
Бірлескен талқылаудан кейін жасалған қорытындыларды ескере отырып, сабақты
қайтадан
жоспарлау.
1-
сурет. Сабақты зерттеу циклы
Сабақты зерттеу үдерісінің басты кезеңі сабақты жоспарлау және өткізу болып 
табылады. Зерттеу сұрағы басы назарда ұсталынады. Сонымен, бірінші сабақ барысында 
бақылаушы мұғалімдердің әрқайсысы өздеріне бекітілген оқушыларды нақты бақылады. 
Бірақ біздің тәжірибемізде бақыланып отырған оқушы сабақ үстінде өзін өте ыңғайсыз 
Сабақты 
бірлесіп 
жоспарлау
Бірлесе 
талқылағаннан
кейін 
қорытындыларды
ескере отырып, 
сабақты жаңадан 
жоспарлау
Өткізілген
сабақты 
бірлесе 
талқылау
Оқушыдан сабақ 
туралы пікір 
білу үшін
сұхбат 
алу
1-
сабақты 
өткізу
және 
үш
оқушыны 
бақылау
42


сезініп отырғанын бақыладық. Сабақтың алғашқы минуттарында сабақ беріп отырған 
мұғалімнің өзі де қысылып, біраз алаңдады. Біраз қалыптасқаннан кейін оқушы да 
мұғалім де оқыту үдерісіне белсене қатыса бастады. 
Оқушының әрбір қимылы, сөйлеген 
сөзіне дейін деректер болып жинала береді. Жиналған 
деректерді, фотоларды талқылап, интерпретациялағаннан кейін, 
дәлелдемелерге айналады. Сол дәлелдемелер арқылы жүргізілген 
сабақтың тиімді, тиімсіз жерлерін көруге болады.
Сабақтан кейінгі талқылау жүргізілген тотық жүмыс өз 
нәтижесін берді, өйткені топтар пәнге деген қабілеттері және 
оқушының психологиялық үйлесімділігі ескеріле отырып 
құрылған
болатын. Екі топтың әрқайсысында бақыланатын 
оқушылар болды. Мұғалім сабақ басталғасын оқушыларға 
жетістік критерийлерін жеткізді. Оқушылар сабаққа белсене 
қатысты. Тапсырманы орындау барысында мақсатын түсіне 
білді, нені оқытатынын білді, тапсырманы орындағаннан кейін 
ұсынылған
критерийлер бойынша бағаланып отырылды.
Сабақты зерттеу барысында артықшылықтары, кемшіліктері бар екеніне көзіміз жетті. 
«Lesson Study» тәсілі сабақтардың сапасына оң әсерін тигізетінін байқадық. Бірлескен 
оқу ортасында мұғалімдер мен оқушылардың тұрақты қолдауы мен іс-әрекеттері 
арқылы, оқушылар белсенді сыни тұрғыдан ойлауға тартылады. Жұптық, топтық, 
командалық жұмыс барысында орнайтын ынтымақтастық арқылы мұғалім мәдениетін 
көтеруге ықпал етті. Оқушының білім алуға деген көзқарасы өзгерді. Мұғалімдердің өз 
сыныптарында оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы дәлелдері; Сыныптағы 
сабақ берген мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгере отырып, сабақтың әдіс
-
тәсілдерін өзгертті. Өзгеру барысында оқушы мен мұғалім арасындағы көзқарас
өзгерді

Сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер ынтымақтаса, бірлесе
отырып жұмыс 
жасауға қалыптасты. Сабақты талдау, жоспарлау, рефлексия жасай білу, кері байланыс 
беру дағдылары арта бастады. «Сабақты зерттеу» тәсілі оқу үрдісінде оқушылардың 
қызығушылығын
оятуға, белсенділігін арттыруға, оқушыларды терең зерттеуге, мінсіз 
оқушы
тәрбиелеуге, мұғалімнің шеберлігін арттыруға,
бір –бірімен іс

тәжірибе алмасуға 
өте
тиімді әдіс екендігіне көз жеткіздік. Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын 
бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді. Болсада бір жақты... Ал қазір жағымды 
ынтымақтастықта бірлесе, оқыту мен оқу үдерісінде туындаған кемшіліктерді бірге 
жоюға, зерттеуге ат салысудамыз. Ең бастысы бір
-
бірімізге деген сенімділігіміз арта 
түсті. «Сабақты зерттеу» тәсілі арқылы мектепшілік қоғамдастықтың жүйесі жүйелі 
түрде жұмысын бастап кетті.
Үдеріс
барысында сәтсіз жақтары да 
болмай қалған жоқ, болды. Оған дәлел мұғалімнің 
сабақты жетік түрде талдай алмауы, керекті деректерді тиімді жинай алмауы. 
Оқушылардың жоғары
ойлау дағдысының төмендігі, сұрақ қою дағдысының 
жетіспеушілігі, ойын еркін жеткізіп, ойын жүйелі айтудан қиналуы сәтсіз жақтары деп 
есептейміз. Сабақты зерттеу барысында мұғалімдер өздерінің әрекеттерін талдаған кезде 
дағдының жетіспеушілігінен сабаққа рефлексия жасауы өз деңгейінде болмай жатты. 
Енді алдыңғы уақытта сабаққа қатысу барысында мұғалімнің рефлексия жасау дағдысын 
дамыту керек деген ойдамын. 
43


«Сабақты зерттеу» тәсілі –мұғалімнің жеке тұлға ретінде оқу
-
танымдық қызметінде өзін
-
өзі
реттеу; өзін
-
өзі
оқыту, өзін
-
өзі
дамыту және өзін
-
өзі
жетілдіру дағдыларын 
қалыптастырудағы, яғни мұғалімнің кәсіби дамуына әкелетін жолдарының бірі екенін 
анықтай алдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет