Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57

Кыпшакбаева А. С. – «Қapжы Aкaдeмияcы»AҚ 

«Eceп жәнe aудит»мaмaндығының мaгиcтpaнты, 

bayursak@mail.ru

Ғылыми жeтeкшici:Жұмaбeкoвa Г.Ж., э.ғ.к.,дoцeнт



ҚОРлАР АУДИТІН ЖеТІлДІРУ ЖОлДАРЫ

Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамта-

масыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және 

адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып 

отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықта-

рын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық 

күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізат-

ты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.

Сондықтанда, осы табиғи қорлардан шығатын материалдық қорларды зерттеу оның есебі 

мен аудитін тексеру жолдары ұсынылып отыр. Жалпы аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңын-

да пайда болды, дәл сол уақытта аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. 

Және 1993 жылы аудит «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заңның қабылдануымен өзінің 

дүниеге келуін ресми түрде бекітті. Осы уақыт ішінде аудит қаржы нарығы саласында өзінің 

лайықты орнын тапты, аудит институты ретінде өзінің өмір сүру құқығын дәлелдеді.

Алайда, осыған қарамастан, аудиторлық кәсіпті жетілдіру өзекті мәселелердің бірі бо-

лып қалады.

Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықта 

белсенді  талқылануда.  Олар  арқылы  аудиторлық  қызмет  сапасына  бақылау  жүргізілетін 

өзін  өзі  реттейтін  ұйымдарды  нығайту  және  күшейту  туралы  мәселе  қойылуда.  Бірнеше 

кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды, бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан 

әрі дамыту үшін иінтірек болады [1,69б.].

Кәсіби ұйымдардың ұйымдар қызметіндегі маңызды нәрсе кәсіби қауымдастықты және 

қоғамды  тұтастай  алғанда  толғандыратын  мәселелер  болуы  тиіс:  корпорациялық  басқа-

ру, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тиімді көшу 

жағдайы. Және осының барлығы өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымдар қызметінің саласына 

жатқызылуы тиіс. Осы үшін Заңда көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдар құру көзделген, 

олар қолайлы бәсекелес ортаны құрады, бұл, өз кезегінде, кәсіпқойлықтың пропорциялық 

жағынан өсуіне және аудиторлық қызметтер сапасын арттыруға септігін тигізетін болады. 

Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі тиіс, онда бұрыш басына 

тікелей пайдаланушы мүддесін қою қажет және осы мақсатпен аудиторлардың өздерінің 

мүдделері шегінде оны жабық кеңістікте дамыту мүмкіндігін алып тастау қажет.   Ауди-

тор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша 

айтқанда, оның құқығын қорғау, кепілдік беру. Ал өз азаматтары құқығының сақталуына 

кепілдік беру – мемлекеттің нақты өлшемдер мен ережелерді анықтауы тиіс функциясы-

ның дәлі өзі. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және жетілдір-

се, онда мемлекет олардың заң ормалары мен жалпы ережелерді сақтауына жауапты.  

Мемлекеттік қадағалау осы үшін де қажет.Бұл мәселенің жеткілікті үлкен мәні Қазақстан 

үшін ғана бар емес, ол әлемнің көптеген жетекші елдерінде маңызды түрде теориялық та, 

практикалық та жағынан дамыды.  Аудиторлық  тексеру  нәтижелері  көптеген  экономика-

лық шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде жеткілік-

ті дәрежеде қатаң реттеледі. Жақында АҚШ-та болған оқиғалар көрсеткендей, аудиторлық 

ұйымдардың қызметіне қатысты мемлекет тарапынан жеткіліксіз бақылау қор нарығының 

күйзелуіне әкеп соқтыра жаздады және бірқатар жетекші американ компанияларының акци-

онерлеріне миллиардтаған залал келтірді.



255

Аудит жүйесін жетілдіру үшін орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттар: 

– орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына ХАС оқытуды енгізу және 

оларды тәжірибеде пайдалану білу;

–  кәсіби  аудиторлық  ұйымдармен  аккредиттелген  практикадан  өтетін  аудиторлардың 

біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру; 

– аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағала-

удың тиімді жүйесі.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, брифингтер, «дөңге-

лек үстелдер» өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс 

жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі 

қазіргі уақытта аудиторлық қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды 

іріктеудің кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан әрі үдемелі дамы-

туға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты көзқарас мемлекет пен аудитор-

лық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың 

өздерінің арасындаға өзара іс-әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүм-

кіндік береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл Қазақстан 

Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет етеді.

Бухгалтерлік  есепке  алу  және  аудит  жүйесін  дамыту  өсіп  және  серпінді  дамып  келе 

жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады [2,47б.].

Материалдық өндірістік қорлармен операцияларды өткізетін нормативтік құқықтық актілер-

мен сәйкесінше келесі мәселелер мен тексерудің негізгі бағыттарын қисынға келтіруге болады:

– қойма шаруашылығының жағдайы және сақтау орындарын бақылау – өлшеу құралда-

рымен қамтамасыз ету; тауарлы-материалдық құндылықтар қабылдау дұрыстылығы;

– тауарлы-материалдық құндылықтардың сақтылығы; материалдық жауаптылықты рәсімдеу;

– материалдарды есептеу ережелерін сақтау және оларды пайдалануды бақылау;

– өндірісте тауарлы-материалдық құндылықтарды есептен шығару дұрыстығы;

  –  тауарлы-материалдық  құндылықтарға  түгендеу  жүргізудің  дұрыстылығы  және  өз 

уақыттылығы, оның нәтижелерінің бухгалтерлік есепте көрініс табуы;

Тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудитін жетілдіру жолдары Қазақстан Республи-

касы халықаралық жаңа экономикалық қатынастардың даму жолына түскендіктен, бухгал-

терлік есеп және салықтық заңдарға қосымшалар мен өзгертулер енгізіліп жатқандықтан, 

кәсіпорын аудиттің ұйымдастырылуын жетілдіру туралы шешім қабылдауы керек. Қазіргі 

уақытта ТМҚ есебінің аудиті бұл – жыл сайынғы түгендеу мен оның нәтижелерін талдау 

сияқты жеке түрдегі шаралар болып табылады. Алайда бұл жеткіліксіз аудит [3, 249б.].

Талдау жүргізетін кәсіпорын үшін – тоқсанына бір реттік кезеңділігімен ТМҚ-ды қолда-

ну мен қалыптастыру аудитін қамтамасыз ететін уақыт келді.

Бұл  кәсіпоырнға  ТМҚ-ды  жабдықтау  және  оларды  қолдануға  жіберілген  қателіктерді 

және ТМҚ-ды бүлдіру мен негізсіз ысырап себептерін уақытында жоюға шаралар қолда-

нуға мүмкіндік береді.

Жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардағы кенеттен жүргізілетін тексеріс жүйесі ау-

диттің  жетілдірілмеген  түрі  болып  саналады.  Кәсіпорынның  қызметкерлерінен  құрылған 

түгендеу комиссиясы аудитті жиі кезеңділікпен жүргізе алмайды.

Әрдайым  қолданыстаға  ішік  аудитті  енгізуді  ұсынғым  келеді.  Әрдайым  қолданыстағы  ішкі 

аудит  кәсіпорынға  ТМҚ  есебінің  ұйымдастырылуы  мен  кәсіпорынның  өндірістік  үрдістерінің 

тиімділігін ұйымдастыруда да жіберілген қателіктерді уақытында жоюға мүмкіндік береді. Со-

нымен қатар ТМҚ есебі бойынша құжаттаарды рәсімдеудегі ұқыптылықты жоғарлатады, қыз-

меткерлердің жауапкершілігін арттырады және кәсіпорын жұмысының тиімділігін жоғарлатады. 

Кәсіпорынға сонымен қатар ТМҚ-ды бағалаудың ішкі аудитін ұйымдастыруды ұсынуға болады.

Материалдық қорларды бағалау және көліктік-дайындау шығын соммалары тікелей са-

тылған өнімнің өзіндік құны арқылы жиынтық табыс мөлшеріне және заңды тұлғалардан 



256

алынатын  табыс  салығы  көлеміне  де  әсер  етеді.  Қазіргі  уақытта  материалдық  қорларды 

бағалауды дұрыс жүргізу салықтық органдармен бақыланады. 

Әдебиеттер:

1. Абленов, Д.О. Основы аудита: Учебник / Абленов Д.О. – Алматы: Экономика, 2009.

2. Андреев В.Д. Практический аудит: Справочное пособие – М.: Экономика, 2011. – 336 с.

 3. Аренс А., Лоббек Дж. Аудит. / Пер. с англ.; Гл. ред. серии проф. Я.В. Соколов. – М.: 

Финансы и статистика, 2010. – 560 с.

лукпанова А. Х. – магистрант, специальность «Учет и Аудит», 

АО «Финансовая академия», г.Астана

aigul1993@list.ru

Научный руководитель: д.э.н. Гамарник Г.Н.



СТАНОВлеНИе И РАЗВИТИе МАлОгО БИЗНеСА В РеСПУБлИКе КАЗАХСТАН

Малое предпринимательство (малый бизнес) –  это совокупность независимых мелких и 

средних предприятий, выступающих как экономические субъекты рынка.

Главным критерием на основе которого предприятие относят к субъекту малого предпри-

нимательства  является  средняя  численность  работников,  взятая  за  определенный  период 

отчетного времени. Кроме этого могут учитываться такие показатели как размер уставного 

капитала, величина активов, объем оборота (прибыли, дохода). Согласно данным Мирового 

банка, насчитывается около 50 показателей, по которым предприятия относятся к субъектам 

малого предпринимательства, однако во всех развитых странах главным критерием являет-

ся численность работающих.

У нас в Казахстане действуют следующие нормы:

– Малые субъекты предпринимательства имеют численность работающих до 50 человек 

и среднегодовую стоимость активов до 500 тыс. долларов США;

– Средние субъекты предпринимательства имеют численность работающих до 250 чело-

век или среднегодовую стоимость активов до 3 млн. долларов США;

– Крупные субъекты предпринимательства имеют численность работающих от 250 чело-

век или среднегодовую стоимость активов от 3 млн. долларов США[1].

Как видим развитие малого предпринимательства играет огромную роль в стабильном 

экономическом развитии государства. В Казахстане развитию малого предпринимательства 

отводиться особая роль. Озвучивая содержание «Стратегии «Казахстан-2050» Глава нашего 

государства Нурсултан Назарбаев заявил: «Отечественное предпринимательство является 

движущей силой нового экономического курса. Доля малого и среднего бизнеса в эконо-

мике должна к 2030 году вырасти по крайней мере вдвое. Во-первых, мы должны создать 

условия, чтобы человек смог попробовать себя в бизнесе, стать полноценным участником 

проводимых в стране экономических преобразований, а не ждать, что государство решит 

за него все проблемы. Важно поднять общий уровень деловой культуры и стимулировать 

предпринимательскую инициативу» [1].

На сегодняшний день в стране зарегистрировано почти 840 тысяч субъектов малого и 

среднего предпринимательства. Доля этого сектора в ВВП страны составляет около 30%.

В ходе экспертного опроса, проведенного среди специалистов, имеющих непосредствен-

ное отношение к малому и среднему бизнесу, было выявлено, что в нашей стране созданы 

необходимые условия для интенсивного развития малого и среднего предпринимательства. 

При этом 37,5% опрошенных расценили эти условия как нормальные, столько же участни-

ков опроса заявили, что «условия есть, но существуют отдельные проблемы», и 18,8 % 



экспертов дали ответ: «в целом главные, определяющие условия созданы» [2].

257

Что же касается оценок результатов, к которым должно привести развитие этой сферы, то 

они по приоритетности распределились таким образом: возникнет базовая основа среднего 

класса, экономическая и финансовая сферы страны приобретут еще большую устойчивость, 

значительно вырастет валовой продукт и уровень жизни, исчезнут наиболее серьезные про-

блемы занятости. Сферы, в которых сегодня в республике задействованы мелкие и средние 

предприниматели, отличаются широким разнообразием: одни граждане нашли свою нишу 

в торговле, другие активно занялись предоставлением населению всевозможных услуг, тре-

тьи сосредоточились на производстве товаров широкого потребления.

Количество граждан, решивших вести собственный бизнес, вне всякого сомнения, напря-

мую зависит от тех условий, которые создает государство для развития мелкого и среднего 

предпринимательства. По результатам опроса для успешного развития малого и среднего 

бизнеса необходимо:

– изменить правила регистрации, лицензирования, сертификации и т. д. (75,0% респондентов);

– улучшение система налогообложения предпринимателей (62,5%);

– совершенствование финансово-кредитной регуляции (56,3%);

– упрощение отчетности и бухучета (25,0%)

– обеспечение безопасности бизнеса (25,0%)

– улучшение информационного обеспечения граждан, работающих в этой сфере (25%);

– совершенствование лизингового обслуживания заявили (6,3%)[2].

В Послании народу Казахстана «Новый Казахстан в новом мире» Главой государства Н. 

А. Назарбаевым перед Правительством была поставлена следующая задача: государствен-

ные холдинги, играя важную роль в диверсификации экономики, должны вовлекать в этот 

процесс, стимулировать и поддерживать казахстанский малый и средний бизнес. Казахстан 

перенимает успешный опыт развитых стран, ведь совершенствование механизмов государ-

ственной поддержки малого и среднего бизнеса находится в постоянном центре внимания 

Правительства страны.

Мировая практика убедительно свидетельствует, что в странах с развитой рыночной эко-

номикой малое и среднее предпринимательство оказывает серьезное влияние на развитие 

народного хозяйства, решение социальных проблем, увеличение численности занятых ра-

ботников. По численности работающих, по объему производимых и реализуемых товаров, 

выполняемых работ и услуг субъекты малого и среднего предпринимательства в отдельных 

областях играют ведущую роль. Поэтому проблема государственной поддержки малых и 

средних предприятий в настоящее время является наиболее актуальной [3].



При этом очень важную роль играет кредитная поддержка малого и среднего бизне-

са. В Казахстане почти каждый пятый кредит субъектам малого и среднего бизнеса выдает-

ся за счет средств Фонда развития предпринимательства «ДАМУ», сообщается на заседании 

Правительства РК управляющим директором Фонда национального благосостояния «Сам-

рук-Казына» Кайрат Айтекенов. Он напомнил, что в прошлом году через фонд «ДАМУ» 

была запущена программа «Дорожная карта бизнеса-2020», в рамках которой одобрено 240 

проектов. Их общая сумма составила более 90 млрд. тенге, уже заключено 145 договоров. 

«В  рамках  реализации  антикризисной  программы  также  появились  новые  инструмен-

ты поддержки бизнеса. На сегодня фонд «ДАМУ» реализует широкий перечень программ 

финансовой и нефинансовой поддержки МСБ – это «ДАМУ – Өндіріс», финансирование 

лизинговых сделок и другие», – отметил К. Айтекенов [4]. 

В настоящее время Фондом реализуется 15 государственных программ непосредствен-

ной финансовой поддержки частного предпринимательства, и 11 консультативных программ 

направленных  на  обучение  и  подготовку  предпринимателей.  если  создать  соответству-

ющие условия, обеспечивающие комплексную поддержку малого и среднего бизнеса 

на общегосударственном и региональном уровнях, и возможности для его относитель-

ного  безрискового  финансирования  (кредитования),  извлечения  нормальной  нормы 


258

прибыли, то денежные средства инвесторов неизбежно устремятся в малый и средний 

бизнес, содействуя тем самым не только становлению и развитию последнего, но и по-

вышению на этой основе эффективности экономики в целом. 

Список литературы:

1. Сайт http://yvision.kz

2. Институт сравнительных социальных исследований «ЦЕССИ-Казахстан»

3. Сайт http://articlekz.com

4. Сайт http://www.damu.kz

Мадибаева Қ. Б. – студент, мамандық «Есеп және аудит»

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қ.

karla1994@mail.ru

Ғылыми жетекші: магистр Байтуова Л.Т.



АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАлЫСЫ ТУРАлЫ еСеП ҚАРЖЫлЫҚ 

еСеПТІлІКТІҢ НегІЗгІ НЫСАНДАРЫНЫҢ БІРІ РеТІНДе

Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп  тарихы  1863  жылы  Dowlais  Ironworks 

компаниясының  менеджері  құрастырған  есеп  бастау  алады.  1992  жылы  Халықаралық 

қаржылық есептілік стандарттар Кеңесі ХҚЕС 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы тура-

лы есепті» әзірледі. 

1997 жылы бұл есеп Қазақстан Республикасында енгізілді. 

Халықаралық тәжірибеде ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ХҚЕС негізгі 

нысаны ретінде қолданылады.  

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп қаржылық есептілік пайдаланушылары-

на ақша қаражаттарының кірістелу көздері мен шығысталу бағыттары жайлы мәліметтер-

мен қамтамасыз етеді. Бұл мәліметтер көмегімен кәсіпорын ақша қаражаттары мен оның 

баламаларын жұмылдыру мен пайдалану қабілетін бағалауға болады.

Бұл есеп көмегімен келесі мәліметтер:

– Есепті кезең барысында ақша қаражаттарының қайдан келіп түскенін;

– Есепті кезең ішінде ақша қаражаттарының қалай жұмсалынуын;

– Есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының қалдығы қаншалықты өзгергенін;

– Ақша қаражаттарының қызмет түрлеріне (ағымдағы, инвестициялық, қаржылық) бай-

ланысты ағымы мен шығынын, сонымен қоса, олардың ақша қаражаттары қалдығының өз-

геруіне ықпалын;

– Ақша қаражаттарының ағымы мен шығыны дебиторлық және кредиторлық міндетте-

мелерге қалай әсер еткені анықталады. 

Кез келген кәсіпорын үшін ақша қаражаттары ең жоғары өтімді активтер болып табыла-

ды. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның бюджет, жұмыскерлер мен кредиторлар алдында міндет-

темелерді орындау мүмкіндігін сипаттайды. 

Алдыңғы кезеңдердегі ақша қаражаты қозғалысы туралы ақпарат ақша қаражатының бо-

лашақ ағындарының мөлшері, уақыты және айқындығы туралы түсініктерді қалыптастыру 

үшін негіз ретінде пайдаланылады. Ол ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бол-

жау дәлдігін тексеру кезінде, сондай-ақ, рентабельділік, таза ақша ағындары мен бағалар-

дың өзгеруін талдауда пайдалы болып табылады.

ХҚЕС 7 сәйкес, кәсіпорын кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын операци-

ялық, инвестициялық және қаржылық қызметке сәйкес жіктеп ұсынуы тиіс. Бұл жіктеу пай-

даланушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен ақша қаражаттары мен оның бала-

маларының сомасына әрбір қызметтің әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. [1]


259

1 Кесте – Халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет түрлерінің анықтамасы

Қызмет түрі

Анықтама

Операциялық қызмет

Инвестициялық, қаржылық қызметтен басқа кәсіпорынға табыс 

әкелетін негізгі қызмет

Инвестициялық қызмет

Ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын, ұзақ мерзімді 

активтер мен басқа да инвестицияларды сату және сатып алу

Қаржылық қызмет

Кәсіпорын меншік капиталы мен қарыз қаражаттарының 

мөлшері мен құрамын өзгертуге алып келетін қызмет

ХҚЕС 7 стандартына сәйкес есепте қолма-қол ақша қаражатының қозғалысы ғана емес, 

сондай-ақ олардың баламаларының өзгерістері де көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез 

айналатын және олардың құны шамалы тәуекелдікке ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары 

өтімді салымдар.[2]

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің операциялық қызмет бойынша ақша-

лай қаражаттардың қозғалысы тікелей немесе жанама әдістер арқылы анықталады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Операциялық қызметте 

тікелей әдісті пайдаланған кезде ақшалай қаражаттардың түсуі мен шығуының нәтижесі: 

өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, диви-

дендтен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызын 

төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдері-

нен және т.б. шығыстардан тұрады.

Бұл  әдіс  бойынша  ақша  қаражаттары  ағынының  қозғалысы  кәсіпорынның  Бас  кітабы 

негізінде  жасалады.  Оған  ақша  қаражаттары  шотымен  жасалынған  барлық  операциялар 

кіреді. Бұл әдіспен жасалған есеп ақша қаражаттарының келіп түсу көздері мен шығыста-

лу бағыттарын, сондай-ақ, ағымдық міндеттемелерді өтеу үшін керекті ақша қаражаттарын 

көрсетеді.  Тікелей  әдіспен  жасалған  есеп  ақша  қаражаттарының  болашақ  ағыны  туралы 

мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.[3]

Жанама әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, 

ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және 

инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету 

жасалынады.  Бұл  әдісте  баланс  мәліметтері  мен  қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижесі 

туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржы-шаруашылық қызметінің нәти-

жесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс 

сомасын  өткен  жылдармен  салыстыру  арқылы  есептік  кезеңнің  көрсеткіштеріне  түзетулер 

енгізіледі. Бұл әдіс көбінесе консолидацияланған есептілік құру барысында қолданылады.[4]

2 Кесте – Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы

Атауы



І

Операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы

1

Ақша қаражаттарының түсімі



Өнім өткізуден түскен түсім

Алынған аванстар

Басқа да түсімдер

2

Ақша қаражаттарының жұмсалуы



Жабдықтаушыларға төлем

Берілген аванстар

Несие пайызы бойынша төлемдер

Еңбекақы бойынша төлемдер



260

Бюджетке төленетін басқа да төлемдер

Басқа да төлемдер

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы



ІІ Инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы

1

Ақша қаражаттарының түсімі



Басқа да түсімдер

2

Ақша қаражаттарының жұмсалуы



Негізгі құралдарды сатып алу

Материалдық емес активтерді сатып алу

3

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы



ІІІ Қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы

1

Ақша қаражаттарының түсімі



Басқа да түсімдер

2

Ақша қаражаттарының жұмсалуы



Несие пайызы бойынша төлем

Басқа да төлемдер

3

Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы



Жиынтығы:

Есепті кезең басындағы ақша қаражаттары мен олардың баламалары

Есепті кезең соңындағы ақша қаражаттары мен олардың баламалары

Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің тікелей немесе жанама әдіспен құрасты-

рылудың  айырмашылығы  –  қолданушыға  керекті  ақпараттылығында.  Тәжірибе  жүзінде 

есептің  тікелей  әдіспен  жасалуы  кәсіби  қаржыгер  болып  табылмайтын  акционерлер  мен 

басшыларға әлдеқайда түсінікті екені анықталған.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп қандай әдіспен жасалса да, ол кәсіпорын-

ды жедел басқару құралдарының бірі болып табылады. Ақша қаражаттарының қозғалысы 

туралы  есепте,  қаржылық  есептіліктің  сыртқы  қолданушыларын  қызықтыратын,  кәсіпо-

рынның есепті және өткен кезеңдердегі ақша қаражаттарының ағымы мен шығыны туралы 

мәліметтер көрсетіледі.

  Бұл  есепті  талдау  қолданушыларға  кәсіпорынның  өтімділік  пен  төлем  қабілеттілігін, 

қаржылық икемділігін бағалауда маңызды орын алады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің негізгі мақсаты – кәсіпорынның есепті 

кезең ішіндегі ақша қаражаттарының кірістелуі мен шығуы туралы мәліметтермен қамта-

масыз ету. Сонымен қатар, кәсіпорынның инвестициялық және қаржылық қызметінің тал-

дау құралы ретінде танылады. 

Қорыта айтқанда, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – ақша қаражаттарының 

ағыны негізінде құрастырылған кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісі есебі. Бухгал-

терлік баланс пен кірістер мен шығыстар туралы есеппен салыстырғанда ақша қаражаттары 

туралы есеп басқа да есептіліктерде көрсетілмеген кәсіпорын қаржылық жағдайы мәлімет-

терін бухгалтерлік есептіліктің сыртқы қолданушыларына ашып көрсетілуіне бағытталған.

Әдебиеттер тізімі:

1. Прокопович Д.А. Отчет о движении денежных средств по МСФО // Вестник профес-

сионального бухгалтера. – 2012г. – № 5. 

2. 7 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты «Ақша қаражаттары қозғалысы 

туралы есеп» – электрондық басылым, www.minfin.kz

3. Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М,: Бухгалтерский учет в соот-

ветствии с МСФО. – Астана: АО «Центр подготовки, переподготовки и повышения квали-

фикации специалистов органов финансовой системы. - 2010г.

4. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері. –

Алматы: Экономика. – 2011ж.



261


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет