Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет16/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №2

27 жастағы ер адам емхана дәрігеріне келесі шағымдармен қаралды: дене қызуының 37,90С көтерілуі, жөтелгенде төс артының “тырнап” ауырсынуы, кілегейлі қиын бөлінетін қақырықпен күшті жөтел, тершеңдік, жалпы әлсіздік.


Анамнезінен: ауруы жедел түрде, тұмаумен ауырған досына барғаннан соң, бас ауруынан, мұрын бітелуінен, түшкіру мен дене қызуының 38,50С көтерілуінен басталған, салауатты өмір салтын ұстанады, темекі тартпайды, мектепте ұстаз. Объективті зерттегенде қатқыл тыныс негізінде өкпенің төменгі бөліктерінде құрғақ ызыңдаған сырылдар естіліп, дәрігер жоғарғы тыныс жолдарының жедел респирациялық вирустік ауруы (ЖРВА) диагнозын қойып, ацетилсалицил қышқылын 0,5г тәулігіне 3 рет тағайындап, жұмысқа жарамсыздық қағазын берген (емханалық картасынан). Қан анализі, кеуде сарайының рентгендік зерттеулері жүргізілмеген. Бір аптадан соң жағдайы төмендеп, жоғарыдағы шағымдармен стационарға түсті.
Об-ті: кеуде сарайы тыныс актіне бірдей қатысады, перкуссияда айқын өкпе дыбысы, аускультацияда қатқыл тыныс негізінде шашыраңқы ызыңдаған құрғақ сырылдар тыныс алу фазасында басым және бірлі-екілі ысқырықты сырылдар естілді.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суреті базаль бөліктерінде шамалы күшейген, басқа өзгерістер жоқ. Қанның жалпы анализінде ЭТЖ 24 мм/сағ., Нв 136г/л, лейк. 7,0х109/л.



  1. Жетекші симптомды бөліңіз, оның диагноздық алгоритмін жүргізіңіз.

  2. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Тексеру жоспарын құрыңыз, күдікті аурулар тізіміндегі қауіпті ауруларды дәлелдеу немесе жоққа шығару критерийлеріне тоқтаңыз (дифференциялық диагнозы).

  3. Ауруханаға жолдау (немесе стационар алмастырушы технология) сұрақтарын шешіңіз.

  4. Клиникалық диагнозын қойып, ем алгоритмін жазыңыз.

2. Жауаптары:


1. Жөтел, келесі ерекшеліктерімен: төс артының “тырнап” ауырсынуымен, кілегейлі қиын бөлінетін қақырықпен күшті жөтелу – трахея мен ірі бронхтардың кілегей қабатының зақымдануын көрсетеді. Диагноздық алгоритмінде: тұмаулы науқаспен жұғысу, қызбадан, түшкіруден басталуы вирустық ауруға нұсқайды.


2. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы; жоғарыдағы ерекшеліктерімен жөтел, тыныстың қатқылдығы және ызыңдаған құрғақ сырылдар – ірі бронхтардың зақымдануын дәлелдейді; қақырықтың алғашқы тәуліктерде құрғақ, төс артының ауырсынуымен сипатталуы – трахеитті (вирустық этиологиялы) дәлелдейді. Сонымен науқаста жедел трахеит, жедел бронхит бар, анамнезімен байланыстырсақ, олар вирустық этиологиялы, түшкіру мен насморк – ЖРВИ нұсқайды.
Болжам диагнозы: ЖРВИ. Жедел бронхит. (J20)
3. Стационар алмастырушы технологиядан күндізгі немесе үй жағдайындағы стационарда ем тағайындауға болады.
4. Клиникалық диагнозы:
ЖРВИ. Жедел бронхит (J20.08). Емдік жоспары: жұмысқа жарамсыздық қағазын жалғастыру; Певзнердің №15 жалпы столын ұсыну (көп мөлшерде сусындар ішу,) тамағын шаю. Антибактериялық ем көрсетілген: Амоксиклав 500/125 бір таб. 800-1600-2400 5-7 тәулік, нәтижелілік критерийлерін бақылау. Парацетамол 0,5 тәулігіне 2-3 рет әр 12 немесе 8 сағат сайын, дене қызуына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет