Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет18/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №3

Сырқат 27 жаста, емханаға келесi шағымдармен келді: аз мөлшерлi, кiлегейлi-iрiңдi қақырықпен күштi жөтел, қан талшықтары аралас қақыру, төс артының жөтел уақытындағы шаншуы, дене қызуының 38-390С көтерiлуi; тәбетiнің нашарлауы, әлсiздiк.


Ауырғанына бiр апта, суықтағаннан кейiн тамағы қышып, бiрiншi құрғақ‚ одан кейiн ылғалды кiлегейлi-iрiңдi және қан талшықтары аралас қақырықпен жөтел пайда болған.
Об-ті: дене қызуы 37,80С, хал-күйi орташа ауырлықта. Дене тұлғасы нормостеник, терiсi ылғалды, терісінің түсi қалыпты. Кеуде сарайы қалыпты пішінді, екi бөлiгi де тыныс актiсiне бiрдей қатысады, тыныс жиілігі 22 рет минутына. Перкуссияда анық өкпе дыбысы, оң өкпенің түбірі кеңіген (В.П.Образцов тәсілімен). Аускультацияда ызыңдаған құрғақ және бiрен-саран майда көпіршікті консонансты (үнді) ылғалды сырылдар оң өкпенің төменгі бөлігінен естілді. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульсі 90 мин. АҚ 110/70 мм сын. бағ.
Қан анализiнде: эритр. 4,4х1012/л, Нв 130 г/л, ТК 1,0, лейк. 6,6х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ.
Қақырықтың жалпы анализiнен: мөлшерi 3,0 мл, кiлегейлi-iрiңдi, консистенциясы қою, лейк. 30-35 к/а.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің төменгі бөлігінде бронх-тамырлық суретi ошақты күшейген, өкпе түбiрi осы жағында кеңiген, синустары бос.



  1. Жетекші симптомды бөліңіз, оның диагноздық алгоритмін жүргізіңіз. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты болжам диагнозын қойыңыз.

  2. Кеңеске мамандар шақырыңыз. Ауруханаға жолдау (немесе стационар алмастырушы технология) сұрақтарын шешіңіз.

  3. Одан кейінгі диспансерлеу шараларын жоспарға қосыңыз.

3. Жауаптары:


1. Негізгі симптомы жөтел, бірнеше тәуліктің ішінде қан талшықтарының араласуы, құрғақ жөтелде – төс артының ауырсынуы (трахеит), дене қызуының жоғары болуы – асқынған ЖРВА күдіктендіреді.


Науқаста өкпенің тығыздалу, қызба, бейспецификалық қабыну синдромдары бар. Осылардың негізінде келесі болжам диагнозы қойылды:
Нег. ауруы: Ошақты пневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы анықталмаған (мүмкін микоплазмалық), оң өкпенің төменгі бөлігіндегі, жеңіл дәрежелі, жедел барысты. (J15.7)
2. Пульмонолог кеңесі. Стационарлық ем қажет, жедел жәрдеммен жіберіледі.
3. Диспансерлеу пневмонияның созылыңқы барысында аса қажет: 4 аптадан соң рентгендік бақылау жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет