Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет24/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Клиникалық жағдай №6

36 жастағы науқас, слесарь, клиниканың қабылдау бөліміне келесі шағымдармен түсті: аз мөлшерлі кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуi, кеуде сарайының оң бөлігінің тыныспен байланысты ауыруы, ентігу, жалпы әлсіздік.


Ауру тарихынан: өзін 8 күннен бері науқас санайды, суықтаудан кейін басы мен бұлшық еттерінің ауыруы дамыған, дене қызуы 37,80С болған. Дәрігерге қаралған, ЖРВИ диагнозы қойылған, екі-үш күн барысында мұрын бітуі, тамағының жыбырлауы, төс артының тырнап ашуы, құрғақ жөтел мазалаған. Төртінші күні дене қызуы 38,20С көтерiліп, кеуде сарайының оң жағында тыныспен байланысты ауырсыну пайда болып, жалпы әлсіздік күшейіп, жағдайы ауырлаған. ЖДП дәрігері ЖРВИ асқынуы – ошақты пневмония диагнозын қойып, парацетамол және амоксициллин, қақыртқыш сұйықтықтар тағайындаған. Осы емге қарамастан жағдайы төмендей түскен: қалтырау, тершеңдік, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуі, бас ауруы қосылған.
Науқас клиникаға ауруы басталғаннан 8 тәуліктен соң келіп түсті.
Өмір тарихынан: күніне 1,5 қораптан темекі тартады, спирттік ішімдіктерді көп ішеді, шаңдақ, қызуы ауытқымалы жерде жұмыс істейді.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, шамалы диффузды цианоз, тыныс жиілігі 28 мин. Өкпе үстінде перкуссияда қорап реңкілі дыбыс, везикулалық тынысы әлсіреген, тыныс шығаруы ұзарған және өкпе алаңдарының барлығында құрғақ сырылдар. Кеуде сарайының оң бөлігі тыныс актінен қалыңқы, артқы жағынан және орта бөлік проекциясында дауыс дірілінің күшеюі, перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, аускультацияда сол аймақ үстінде везикулалық тыныстың әлсіреуі мен үнді, ылғалды сырылдар анықталды. Жалпы өкпе үстінде везикулалық тынысы әлсіздеу, тыныс шығару фазасы ұзарған. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты, тахикардия, ЖЖС 106 мин.
Науқасты объективті қарап жатқанда жөтелдің ұстамасы мазалап, артынша 150 мл жағымсыз иісті іріңді қақырық бөлінді.



  1. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына көңіл бөліңіз. Оның дамуының мүмкін себептерін атаңыз.

  2. Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз. Шұғыл тексерулер жүргізіңіз.

6. Жауаптары:


1. Негізгі симптомдары жөтел, алдында құрғақ, емге берілмеген, соңынан бір мезгілде ұстамалы жөтелмен көп мөлшердегі қақырықтың бөлінуі – өкпенің деструкциялық ауруларына тән екендігін нақтайды. Жетекші синдромдары: өкпенің тығыздалу және өкпеде қуыс түзілу; қызба; бронх өткізгіштігінің бұзылу; тыныс шамасыздығы, бейспецификалық қабыну.


Болжам диагнозы:
Нег. ауруы: Ошақты пневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы анықталмаған, оң өкпенің ортаңғы бөлігінің, жедел барысты. (J15.9)
Асқ.: Өкпе абсцесі, жарылу сатысында. ТШI.
Фондық ауруы: Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, басым бронхиттік варианты, категория В, өршу фазасында.
2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде өту керек, яғни мұндай жағдайдағы науқас реанимация бөліміне шұғыл жеткізіледі, торакальді бөлімге маман кеңесімен алғашқы сағаттарда ауыстырылады. Консилиумге торакальді хирург, реаниматолог, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, рентгенолог қатысу керек. Тексерулердің барлығы науқас төсегінің қасында ұйымдастырылады. Шешуші тәсіл – кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет