Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет20/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №4

42 жастағы науқастың шағымдары: кілегейлі іріңді қақырықпен жөтел, кеуде сарайының сол бөлігінің ауырсынуы, дене қызуының 380С көтерілуі.


Анамнезінен: бір күн бұрын қатты суықтаудан кейін, оншақты --сағаттан соң, кенет қатты қалтырау мен дене қызуының 390С көтерілуі, кеуде сарайының шаншып ауыруы пайда болған, қатаң әлсіздік мазалаған. Науқас емханаға ауруы басталғаннан 18 сағатта келіп отыр.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, ауыз айналасында ұшықтар бар. Кеуде сарайының сол бөлігі тыныс актінен қалыңқы. Салыстырмалы перкуссияда сол жауырынынан төмен өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда везикулалық тыныс, аталған ошақ үстінде өте әлсіз везикулалық тыныс негізінде көптеген крепитациялар естілді, тыныс жиілігі 32 мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖС 115 мин. АҚ 90/60 мм сын. бағ.
Қанның анализінде: ЭТЖ 28 мм/сағ., лейк. 13х109/л, нейтрофильдердің токсинді түйіршіктілігі басым. Фибриногені 5,6 г/л.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: сол өкпенің төменгі бөлігінің контурлары айқын емес инфильтраты анықталды.



  1. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз.

  2. Кеңеске мамандар шақырыңыз. Ауруханаға жолдау (немесе стационар алмастырушы технология) сұрақтарын шешіңіз.

  3. Одан кейінгі диспансерлеу шараларын жоспарға қосыңыз.

4. Жауаптары:


1. Негізгі симптомдары кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының жоғарылауымен, кеуде сарайының сол бөлігінің ауырсынуымен қабаттаса басталған. Жетекші синдромдары: өкпенің бөліктік тығыздалуы, ТШ, қызба, ИТШ; интоксикация, бейспецификалық қабыну. Бұларға қоса, ауыз айналасының ұшықтары бар, бұл – пневмонияның критерийлерінің бірі. Альговердің шоктік индексін анықтағанда: 115 (пульс жиілігі):90 (САҚ) =1,27, яғни науқаста – ИТШ.


2. Болжам диагнозы:
Нег. ауруы: Лобарлы пневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы анықталмаған, сол өкпенің төменгі бөлігінің, жедел барысты. (J15.9)
Асқ.: ТШ ІІ дәр., ИТШ ІІ дәр.
3. Стационарлық ем міндетті, жедел жәрдемнің реанимациялық бригадасымен реанимациялық қызметі бар пульмонология бөліміне тасымалдату керек. Көрсетпелері клиникалық хаттамада (Дәрігер порталы) нақты тұжырымдалған: солардың ішінен біздің науқасымызда – тыныс жиілігі 32 мин (30 жиі); өкпе тінінің тығыздалу синдромы тез үдеген және ИТШ бар. Ауруханадан соң диспансеризация 6 айға дейін ұйымдастырылады, өкпе тінінің тығыздалу синдромының диниамикасын рентгендік бақылау 4 аптадан соң жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет