Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет32/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78


9. Ответы:




1. 1, 3, 5,6, 8.


2. 1, 2.
3. Осн. заб.: Метапневмонический экссудативный плеврит (J90).
Осл.: ДНI.
Клиникалық жағдай №10

54 жастағы ер кiсi емхана дәрiгерiне келесi шағымдармен қаралды: аз мөлшердегі кiлегейлi-iрiңдi қақырық түсетiн таңертеңгiлiк жөтел, физикалық күш түскендегі ентiгу, тез шаршағыштық, жалпы әлсiздiк, делсалдық.


Анамнезiнен: науқас соңғы 25 жыл бойына күнiне 30 данадан шылым шегедi. Соңғы көп жылдар бойы таңертеңгiлiкте аз мөлшерлi кiлегейлi қақырық түсетiн жөтел қосылған. Науқас оған көңiл аудармаған. Кейін жөтелі тұрақталып, күндiз ғана емес, түнде де мазалайтын болды. Қақырық кiлегейлiден iрiңдiге айнала бастады, әсiресе суық маусымдарда күшейетiн болды. Ентiгуі соңғы бір жылда физикалық күш түскенде мазалайды.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тыныс жиiлiгi минутына 22, салыстырмалы перкуссияда өкпе үстiнде қорап дыбысы, топографиялық перкуссияда Крениг кеңiстiгi кеңiген, өкпенің төменгi шектерi бiр қабырғаға төмен ығысқан, төменгi шегiнiң экскурсиясы шектелген. Аускультацияда өкпе үстiнде әлсiз везикулалық тыныс, тыныс шығаруының ұзаруы негiзiнде көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естiлдi. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi, ЖЖС минутына 80, АҚ 135/70 мм сын. бағ. Бауырының Курлов бойынша өлшемдері: 11х10х8 см.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында бронх-тамырлық суретi әсiресе төменгi бөлiктерiнде күшейген, деформацияланған, өкпе ауалылығы артқан.
Қанның жалпы анализiнде: ЭТЖ 8 мм/сағ., лейк. 7,6х109/л, эрит. 5,5х1012/л.
Спирограммада: ӨТС (ЖЕЛ) 3,5л; ӨМВ (МВЛ) 60%; қарқынды тыныс шығаруы 52%. ЭКГ: оң қарынша гипертрофиясының белгілері нақталған.



  1. Жетекші синдромдары, оның ерекшеліктеріне байланысты дифференциялық диагноз жүргізетін ауруы. ЭхоКГ өкпе текті жүректе болатын өзгерістерді зерттеңіз.

  2. Емi. Стационар алмастырушы технологияны қолданып өршуін басыңыз, GOLD ұсыныстарына сүйеніп (хаттамада ұсынылған) бронх өткізгіштігін тұрақты бақылау емін жүргізіңіз.

10. Жауаптары:


1. Жөтел мен ентігу, темекі тарту анамнезімен байланысты және ұзақ жылдар барысында үдеген. Жетекші синдромдары: бронх өткізгіштігінің тұрақты, үдемелі бұзылуы, өкпе ауалылығының артуы, тыныс шамасыздығы, өкпелік гипертензия, созылмалы өкпе текті жүрек. Аталған синдромдар тізбегі келесі аурудан күдіктендіреді:


Негізгі ауруы: Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхиттік варианты, категория В, өршу фазасында (J 44.8).
Асқ.: ТШІІ. Созылмалы өкпе текті жүрек, ФКII (В.П.Сильвестров бойынша). ЭхоКГ: өкпе артериясында артериялық қысымның жоғарылауы, оң қарынша гипертрофиясының белгілері, лақтыру фракциясының төмендеуі анықталады.
2. Темекіні тастап, таза ауада жиі қыдыруға кеңес беріледі. Бронх өткізгіштігін қалыптастыру мақсатында антихолинэргиялық дәрмектерден ипратропиум бромидінің ингаляциялары тағайындалады (соңынан ұзақ әсерлі спириваға ауыстыруға болады), науқасқа ұзақ әсерлі бета-2 агонистерді қоса тағайындау сұрағы алдыңғы дәрмек нәтижелілігін бағалаған соң шешіледі. Антибактериялық ем қақырығының іріңді-кілегейлі екендігі дәлелденгенде тағайындалады, негізінен қорғалған пенициллиндер мен цефалоспориндер нәтижелі. ГКС жүйелі тағайындауға және ИГКС көрсетпе жоқ. Муколитиктер курстармен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет