Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет34/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124

Қолданылатын әдебиеттер

1 Кенжебаев Т., Абдиров М. Мектепке дейінгі педагогика. -Алматы, 1985 ж. 

2 «Бала мен балабақша» журналы. №1, 2011 ж. 

3 «Отбасы және балабақша» журналы. №1, 2005 ж. 

4 Мектепалды даярлық журнал. №1, №2, №3. 2004 ж. 

5 «Балақай» республикалық журнал. №1, 2009 ж. 



Андатпа.  Бұл  мақала  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қарапайым  математикалық  ұғымдарды 

қалыптастыру  сабақтарын  инновациялық  ықпалмен,  шығармашылық  тұрғыда  жүзеге  асыру  жолдарын 

іздестіруге арналған. 

Аннотация. Статья посвящена формированию первичных математических представлений, это является 

мощным средством развития познавательных процессов дошкольника, его творческих способностей. 



Abstract. The avticle is devoted to formation of primary maths representations, it is a powerful tool for the 

development of cognitive processes preschooler, his creative abilities. 



БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

А.Т. Қайыпбаева 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қ. 

aigul_kaipbaeva@bk.ru 

Пікір беруші – А.Е. Әбілғазина, т.ғ.к., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қ. 

Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  әлемдік  білім  кеңістігіне  бірігуге  және 

халықаралық  білім  стандарттарына  жақындастыруға  бағытталған.  Осыған  сәйкес  білім  беру  жүйесіндегі 

реформалар, жаңартылған білім мазмұнының біртіндеп енгізілуі оны жүзеге асыратын педагог мамандарға 

үлкен жауапкершілік жүктейді. Жаңа талаптар ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық 

ресурстарды  тиімді  пайдалануы  нәтижесінде  ғана  жүзеге  асады.  Педагог  кадрларды  даярлау  –  қазіргі 

педагогикалық білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім мен кәсіби машық – заманауи білім 

беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары Қазақстан-2050 стратегиясының 

негізгі басым бағыттарының бірі ретінде атап көрсетілген [1]. Ал, Қазақстан Республикасында білім беруді 

және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагогтер кәсібінің 

беделін және олардың сапалық құрамын арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады [2]. Бұл бола-

шақ ұрпаққа білім беретін педагог мамандарды даярлау мазмұнын жаңғырту, білім беру саласындағы үздік 

әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуді қажет етеді. 

Білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  үштілді  білім  беруді  енгізу,  инклюзивті  білім  беру  мен  шағын 

жинақты  мектептерді  дамыту  да  мұғалімдерді  дайындауға  үлкен  талап  қоюда.  Ол  үшін  педагог  кәсібінің 

беделін және олардың сапалық құрамын арттыру, педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту мен олардың 

өздігінен білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік жасалу қажет. Осы жағдайда педагог кадрларды 

дайындау  стратегиясы  келесі  принциптерді  анықтайды:  барлық  білім  беру  жүйелерінің,  процестерінің 

интеграциясы,  яғни  ұйымдастырушылық  (білім  беру  деңгейлері  мен  сатыларының  интеграциясы)  сияқты 

мазмұндық  (біртұтас  білім  беру  кеңістігін  құру)  аспектісін  тұтастық  жүйеде  қарастыратын  үздіксіздік 



принципі;  студенттердің  жалпығылыми,  жалпыкәсіби  дайындығын  тереңдетуді  қарастыратын  іргелілік 

принципі; теориялық және практикалық дайындықтың тұтастығын қарастыратын, студенттер өзінің әлеуеттік 

мүмкіндігін  көрсете  алатын  танымдық,  құндылыққа-бағытталған,  өзгермелі,  коммуникативтік  қызметті 

интеграциялайтын педагогикалық процесте маман тұлғаның дамуы мен өзін-өзі танытуын қамтамасыз ететін 

білім беру технологиясын жаңғырту принципі

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беруді жаңғыртудың тұжырымдамалық 

тәсілдері жобасы бойынша педагогикалық білім беру сапасын арттырудың басым бағыттары: 

– педагогикалық білім беру құрылымы мен мазмұнын жаңарту

– педагогикалық білім беруді жаңартуды институционалды қолдау жүйесін құру; 

– педагогикалық білім беру сапасын бағалау жүйесін дамыту; 

– педагог мамандығының және мұғалім мәртебесін көтеру; 

– педагогикалық білім беру саласында әлеуметтік серіктестік механизмін әзірлеу болып табылады. 

Педагогикалық білім берудің осы құрылымы халықаралық стандарттарға сәйкес, ең алдымен бұл орнықты 

дамуға арналған үздіксіз білім беру тұжырымдамасы және Болон процесі принциптерімен байланысты. 


187

Қазіргі  уақытта  педагогикалық  мамандықтарға  қабылдауға  қойылатын  арнайы  талаптар  және  педагог 

кәсібінің  беделі  болмауы  үлгерімі  төмен  талапкерлерді  қабылдауға  әкелуде.  Сондықтан,  жауапкершілігі 

үлкен  педагогикалық  мамандыққа  бағдарлау,  яғни  білім  алушылар  ортасындағы  кәсіби  бағдар  жұмысы 

негізгі мектептен басталғаны дұрыс. Жоғары сыныпта бұл жұмыс нәтижесінде педагогикалық мамандыққа 

бейімділігі анықталатын бейіндік дайындық түрін иеленеді. Қазіргі уақыттта Қазақстан мектептері қатарында 

бейіндік  педагогикалық  даярлық  педагогикалық  сыныптарда  факультативтік  сабақтар  есебінен  жүзеге 

асуда. Бұл педагогикалық мамандыққа бейімі бар жастарды ерте жастан даярлауға жол ашады. Ол жөнінде 

білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасында  педагогикалық  мамандықтарға 

қабылдаудың тетіктерін қайта қарастыру, педагогикалық білім беруді жаңғырту шеңберінде педагогикалық 

мамандықтарға, дәлірек айтқанда, ЖОО-ға педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде жаңа өлшемшарттар 

енгізудің тетігін әзірлеу, талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған арнайы 

емтихан  енгізілуі  атап  көрсетілген.  Осы  норма  мұғалім  беделін  арттыру  мен  педагогикалық  мамандыққа 

талапкерлерді іріктеудің негізгі принциптерін белсенді енгізеді және маңызды қызметтің осы түрін жүзеге 

асыру  үшін  бейімділікті  анықтайтын  болады.  Бұл  талапкердің  педагог  мамандығына  жауапкершілікпен 

қарауына, мамандықты өз бейімділігіне қарай таңдауына мүмкіндік береді. 

Педагогикалық мамандықты қазіргі талапқа сай өз деңгейінде меңгерген маман даярлауда педагогикалық 

мамандыққа  оқытатын  ЖОО-на  үлкен  міндет  жүктеледі.  Қазақстан  Республикасында  халықаралық 

стандарттарға сәйкес педагогикалық білім беру сапасын арттырудағы педагогикалық мамандар даярлайтын 

оқу орындарының мақсаты бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзыpлылық қабілетіне сүйену 

арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну болып табылады. Сондықтан, жаңартылған білім 

беруге көшуді ескере отырып, жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңғырту 

маңызды. Ол үшін білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, 

педагогикалық білім беруді жаңарту жобасына сәйкес педагогтың кәсіптік стандартын әзірлеу, соған сәйкес 

педагогикалық  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  және  халықаралық  аккредиттеуден  өту  кезінде  педагог 

кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту, 

педагогикалық мамандықтар бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде бакалавриат пен магистратураның 47 

жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспарланған. 

Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  жаңа  формация  педагогына  қойылатын  талаптар:  рухани  дамыған, 

кәсіби машықты, педагогикалық шеберлікті меңгеруге және жаңалыққа ұмтылуға қабілетті шығармашылық 

тұлға  болуы;  білім  беру  құндылығын  жақсы  түсінуі,  өз  пәнін,  педагогиканы  және  психологияны  жетік 

меңгеруі, тұлғалық-бағытталған педагогикалық әдістерді қолдануы және әрі қарай өсу уәждемесін меңгеруі 

және  өз  тұлғасын  дамытуы;  кәсіпқой  мұғалім  өз  пәнін  меңгеруді  жетілдірумен  қатар,  педагогикалық 

процеске қатысушылардың орнын түсінуі, оқушылар қызметін ұйымдастыра білуі, оның нәтижесін алдын-

ала болжауы, мүмкін болатын ауытқушылықты түзете білетін, яғни құзыретті тұлға болуы қажет [3]. Педагог 

құзыреттілігі  мұғалім  меңгеруі тиіс  әдіснамалық  (психология-педагогикалық),  жалпымәдени  (дүниетаным-

дық), пәндік-бағытталған құзыреттердің қалыптасуына байланысты. Педагог құзырлығы жоғары, әлеуметтік 

тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге 

ұмтылған тұлға ретінде көрінеді. Педагогтың өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологи-

ялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігіне, 

кеңістігіне, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің 

табиғатына да байланысты болады. Бұдан педагогикалық мамандықтың ерекшелігі болашақ ұрпаққа білім 

беру және тәрбие ісінде үлкен жауапкершілік жүктейтіндігінде. 

Педагогикалық  мамандықтың  мазмұнында  таңдалған  білім  саласы  бойынша  теориялық  дайындығы, 

кәсіби-тәжірибелік дайындығы және педагогикалық қызметке психологиялық дайындығы шамамен бірдей 

үлесті құрайтыны оның ерекшелігі болып табылады. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мұғалім тұлғасына, 

оның  жеке  мүмкіндіктеріне  байланысты.  Педагогтарды  даярлаудың  басты  міндеті  оның  шығармашылық 

өзіндік  касиетін  қалыптастыру  мен  дамыту  болып  табылады.  Педагог  кадрларды  тұлғалық-бағдарлық 

жетілдіру  ісі  педагогтың  кәсіби  маңызды  сапаларын  дамытуға  бағытталған.  Студенттің  кәсіби  қалыптасу 

процесі пәндік бағдар, МЖМБС бекітілген оқу пәндерін меңгеру, кәсіби қызметке гуманистік бағыттылығын 

жете  түсіну,  кәсіби  қызметтің  жеке  стилін  таңдау  сияқты  өзара  логикалық  байланысты  кезеңдер  арқылы 

өтеді.  Мамандарды  осылай  даярлау  арнайы  оқу  орындары  аясында  оны  дараландыруда  мүмкін  болады. 

Білім  беру  саласындағы  болашақ  маман  ЖОО-да  оқыған  алғашқы  күннен-ақ  өзін  педагог  мамандығына 

мақсатты түрде тәрбиелеуі тиіс. 

Мұғалімнің  басқа  мамандық  иелерінен  айырмашылығы  –  оның  өз  жұмысында  білімін  кеңейтіп, 

тереңдетудегі айрықша педагогикалық бағыттаушылық қабілеті болып табылады. Қазіргі кезде республикада 

педагогтердің  біліктілігін  арттыру  жүйесінде  еліміздің  білім  жүйесін  халықаралық  стандарт  деңгейіне 

сәйкестендіру,  мамандардың  білімі  мен  біліктілігін  заман  талабына  сай  жетілдіру  мақсатында  түбегейлі 

реформа  жүргізілуде.  Соның  бірі  әлемдік  тәжірибе  негізінде  жаңа  формациядағы  ұстаздар  дайындауды 

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ жанынан ашылған педагогикалық шеберлік және «Өрлеу» ұлттық 

біліктілікті арттыру орталықтары АҚ жүзеге асыруда. НЗМ-нің Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген 


188

біліктілікті арттырудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасы бойынша курстық даярлықтан өткен педагогтердің 

көпшілігі  НЗМ  тәжірибесін  толық  көлемде  тарату  мақсатымен  әзірленген  бастауыш  білім  берудің  МЖС 

негізінде 30 пилоттық мектепте жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуді жүзеге асыруда. Жаңа 

интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың білімі мен білігін нақты практикада қолдана білу 

қабілеттерін  дамытуға  бағытталған.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  бітіруші  білім,  білік  және 

дағдыны  енжар  «қабылдаушы»  болмайды,  ақпаратты  өз  бетімен  тауып,  талдап  және  тиімді  қолдануды 

үйренеді. Білім берудің жаңа стандартына көшу орта мектеп бітірушісін «білетін» адамнан «шығармашылық 

ойлауға, әрекет етуге, өздігімен дамуға қабілетті» адамға өтудің жаңа парадигмасына сәйкес қалыптастыру 

мүмкіндігін береді. Осыдан біліктілікті арттыру курстарының мұғалімдер үшін жаңартылған білім мазмұны 

бойынша білім беруде, оқытудың жаңа технологияларын меңгеруде септігі тиетінін көруге болады. 

Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  үштілді  білім  беруді  енгізу,  көптілді  білім  беруді  дамыту  мен 

әлемдік  экономикалық  және  білім  беру  кеңістігіне  кірігу  міндеттерін  орындау  келесі  жағдайларды  талап 

етеді:  көптілді  оқытуға  білім  алушыларды  тарту,  көптілді  мамандарды,  орта  мектеп  мұғалімдерін,  ЖОО 

оқытушыларын даярлау. Қазіргі уақыт талабына сай үш тілді білім беруді енгізуді ескере отырып, педагог 

кадрларды  дайындау,  қайта  даярлау  мен  біліктіліктерін  арттырудың  қолданыстағы  бағдарламаларын 

жетілдіру  және  жаңаларын  әзірлеу  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Оған  студенттерді  үш  тілде  оқыту 

бағдарламаларымен  қамту  деңгейінің  төмендігі,  студенттердің  де,  сондай-ақ  оқытушылардың  да  тілдік 

құзыретін  арттыру  қажеттілігінің  жоғарылығы,  ағылшын  тілінде  оқытуды  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз 

етудің жеткіліксіздігі себеп болып отыр. Осыған байланысты көптілді білім беруді жүзеге асыру бойынша 

2008  жылы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  үштілді  педагогтарды  даярлаудың  жалпы  стратегиясын 

анықтауды жүктеген базалық ЖОО-ын белгіледі. Олар ағылшын тілінде оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу 

бойынша кешенді жұмыс жүргізді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тиімді зерделеу үшін академиялық 

база құрылып, оқытушыларды тілдік даярлау, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жүзеге 

асырылды. Қазіргі уақытта үштілді кадрларды даярлауды республиканың 42 ЖОО жүзеге асыруда. Көптілді 

топтарды  қалыптастыру  тестілеу  арқылы  жүргізіліп,  студенттердің  тілдік  дайындығы  ескеріліп  жүзеге 

асырылады.  Көптілді  білім  беру  аясындағы  тілдер  (қазақ,  орыс,  ағылшын)  «білімнің  қосалқы  кіріктірілуі» 

ұстанымына  сәйкес,  яғни  тілдерді  қатар  меңгеру  тілдік  пәндерді  оқу  арқылы  жүзеге  асады  және  жеке 

бейіндік пәндер оқыту тілі арқылы оқытылады. Бірақ, әлі де болса ағылшын тілін білетін пән мұғалімдеріне 

қажеттілік жоғары болып қалуда. Бұдан үштілді білім беруді енгізу үшін көптілді педагог қадрлар даярлау 

мәселесі өзекті болып қалғанын көруге болады. 

Сонымен  қатар,  қазіргі  уақытта  күрделі  мәселелердің  бірі  –  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыруда 

мектептік ортада ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау болып 

отыр. Бұл осы сала мамандарын дайындауға да ерекше міндет жүктейді, сондықтан ЖОО-да «Дефектология» 

мамандығы  бойынша  мемлекеттік  гранттар  көбейіп,  мектеп  мұғалімдерінің  инклюзивті  және  арнайы 

білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылуда. Педагог кадрлардың біліктіліктілігін 

арттырудың  қысқа  мерзімді  курстарының  барлық  білім  беру  бағдарламаларына  «Инклюзивті  білім  беру 

аясында  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру»  тақырыбы  бойынша  міндетті  модуль  енгізілген.  «Өрлеу»  БА 

ҰО АҚ базасында «Инклюзивті білім беру» бағыты және орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаңа 

бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдердің саны жылдан-жылға артуда. 

Қорыта келе, қазіргі білім саласындағы реформалар мен жаңарған білім мазмұнының білім беру процесіне 

енуіне байланысты оны жүзеге асыратын педагог кадрлар даярлығының мектеп қабырғасынан басталып, өз 

білімін үнемі жетілдіріп отыруының өзі заңды құбылыс екенін түсінуге болады. 

Қолданылған әдебиеттер

1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан 

халқына Жолдауы. 2012 ж. 14 желтоқсан. 

2 Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қа-

зақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекет-

тік бағдарламасы. Астана қ. 2016 ж. 

3  Концепция  непрерывного  педагогического  образования  педагога  новой  формации  Республики 

Казахстан // Вопр.педагогики. 2006. № 1-2. 



Аңдатпа.  Мақалада  білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайындағы  педагог  мамандарды  даярлаудың 

ерекшеліктері қарастырылады. 



Аннотация.  В  статье  рассматриваются  особенности  подготовки  педагогических  кадров  в  условиях 

обновлении содержания образования. 



Abstract. The article discusses the features of teacher training in the conditions of updating the content of 

education. 



189

МҮР БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 

ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

Л.М. Майрыкова

1

, А.С. Шималова

Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласы 



1

Ағылшын тілі және таным теориясы пәнінің мұғалімі, mairykova.laura@nisa.edu.kz 



2

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, shimalova.almagul@nisa.edu.kz 



Пікір беруші – Болатова А.Ж., педагогика ғылымдарының кандидаты 

Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  бағдарламасы  Халықаралық  Бакалавриат  негізінде  құрылған. 

Халықаралық  Бакалавриат  –  бұл  күнде  өз  орнын  еншілеген  әлемдік  білім  жүйесі  болғандықтан,  мектеп 

миссиясы Халықаралық Бакалавриат миссиясына негізделді: 

Барлық  қатысушылары  мәдениетаралық  түсіністік,  үздіксіз  білім  алуға  және  жоғары  адамгершілік 

құндылықтарды дамытуға бағытталған Зияткерлік қоғамды тәрбиелеу. 

Сондықтан  да  Халықаралық  бакалавриаттың  орта  білім  беру  бағдарламасы  оқушыларды  зиякерлікке 

шақыра отырып, оларды дәстүрлі пәндер бойынша сабақтары мен шынайы әлем арасындағы байланысқа 

жігерлендіре отырып оқытуға көп көңіл бөледі [2]. 

Бағдарлама әлемдік көшбасшы бола алатын жастардың ең маңызды қасиеттерінің бірі болып табылатын 

мәдениетаралық өзара түсіністікті қалыптастыра отырып, жаһандық мәнмәтінмен байланысын арттырады 

және оқушылардың сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. 

Сондай-ақ, ойлау дағдысы МҮР бағдарламасында жеке бір дағды ретінде қарастырылады. Ол өз ішінде 

креативті ойлау және сын тұрғысынан ойлау болып бөлінеді. 

«Сын  тұрғысынан  ойлау

 –  Қазақстандағы  білім  беруді дамыту  үшін  маңызды  болып табылатын  қазір-

гі ең басты педагогикалық түсінік» [1, 45]. Сын тұрғысынан ойлау дағдылары оқушылардың сабаққа деген 

қызығушылықтарын  арттыра  отырып,  белсенді  оқыту  арқылы  ұйымдастырылады.  Осы  модуль  арқылы 

оқушылардың  ғана  емес,  сонымен  қатар,  мұғалімдердің  де  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттерін  дамыту 

жолдары қарастырылып отыр. Сын тұрғысынан ойлау дағдысы төмендегідей бөлімдерден құрылады: 

1. Проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын айқындау; 

2. Тиісті ақпараттарды жинау; 

3. Қорытындылар; 

4. Рефлексиялық есеп; 

5. Жасалған қорытындылар мен шолуларды сараптау. 

Жоғарыда  аталған  үрдіс  коучинг  және  тәлімгерлік  жүйесі  арқылы  жүзеге  асырылады:  коучинг  өткізу 

арқылы  мұғалімдер  сабақ  беру  үрдісінде  проблемаларды  анықтап,  олармен  бөліседі.  Проблемалармен 

бөлісу  кезінде  бірдей  мәселелер  анықталып,  оларды  шешу  жолдары  айқындалады.  Негізгі  проблемалар: 

рефлексия және кері байланысты беру жолдары, сонымен қатар екеуінің ара жігін айырып, сабақтың мақса-

ты мен міндеттерін айқындап, сабақ барысында оларды іске асыра білу. Бұл кезеңнің маңыздылығы өте өзек-

ті, себебі оқу үрдісінде негізгі проблемеларды шешу арқылы сапалы білім беру жолдарын дамытуға болады. 

Тиісті ақпаратты жинап, саралап, қорытындылау арқылы мұғалімдер жоғарыда аталған проблемаларды 

шешу  жолдарын  қарастырады.  Аталған  үрдіс  мұғалімнің  өз  сабағына  жасаған  рефлексиялық  талдауы 

нәтижесінде іске асырылады. Рефлексиялық есеп - мұғалімнің сабақта табысқа жетуіне бірден бір ықпал 

етуші фактор. 

Жоғарыда аталған іс-әрекеттер келесі нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді: 

Сабаққа дейінгі 

болжамды 

рефлексия 

(проблеманы 

анықтау)

Сабақ жоспарын сын 

тұрғысынан ойлау

технологиясына негіздеп

құру (тиісті

ақпараттарды жинау)

Сабақтан кейінгі

рефлексия 

(қорытындылар )

Тәлім алушының 

рефлексиялық есебі

Тәлімгердің пікірі

(жасалған 

қорытындылар мен 

шолуларды

сараптау)


190

Оқыту  үрдісінде  мұғалімдер  игерген  білімдерін  жүйелеп,  оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлау 

қабілеттерін  дамытуға  жұмсайды.  Ең  маңыздысы  оқушылардың  жоғарыда  аталған  қабілеттерін  дамытпас 

бұрын, мұғалімнің өзі сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту керек. Себебі халықаралық 

бакалавриаттың негізгі мектеп бағдарламасы мұғалімнен осыны талап етеді. Халықаралық бакалавриаттың 

негізгі  мектеп  бағдарламасына  сай  өзін  өзі  дамытқан  мұғалім  ойлаудың  жоғарғы  сатысын  игерген 

оқушыларды дайындай алады. 

Егер  оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дұрыс  дамытса,  онда  басқа  да  ATL  –  дағдылары,  атап  айтсақ, 

коммуникациялық,  өзін-өзі  басқару,  ынтымақтастық,  ұйымдастырушылық  және  зерттеу  дағдыларын  еш 

қиындықсыз дамытуға болады. ATL – дағдылары - халықаралық бакалавриаттың басты ерекшелігі. Оқушы 

бойына  дағды  қалыптастыра  отырып,  алған  білімдерін  өмірдің  сан  тарау  жолында  пайдалана  алуына 

бейімдеу- бүгінгі заманауи ұстаздың міндеті. 

Сондықтан да біздің мектепте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту - сапалы білім 

берудің ең негізгі кілті болып есептеледі. 



Қолданылған әдебиеттер

1 «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Екінші деңгей. 2015. –Б. 45. 

2 «Орта мектеп бағдарламасы». Халықаралық Бакалавриат ұйымы. 2014. 

Аңдатпа. Мақалада Халықаралық Бакалавриаттың орта білім беру жүйесі бойынша оқушылардың сыни 

тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту, сонымен қатар оны коучинг және тәлімгерлік жүйесі арқылы жүзеге 

асыру жолдары қарастырылып отыр. Мақалада сын тұрғысынан ойлау технологиясын МУР бағдарламасында 

яғни,  Халықаралық  Бакалавриаттың  негізгі  білім  беру  бағдарламасында  қолдану  ерекшеліктері  мен 

маңыздылығы айқындалады. 

Аннотация. В статье рассматривается развитие навыков критического мышления учащихся по Программе 

средней школы Международного Бакалавриата, а также реализация данной задачи через систему коучинга 

и менторинга. 

Abstract. The article considrers the development of students’ critical thinking skills according to the Middle 

Years Programme of International Baccalureate, and also realization of this objective through the coaching and 

mentoring system.

 

ПРАКТИКАҒА БАҒДАРЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет