Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»



Pdf көрінісі
бет21/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56

 
Выводы 
В  целях  дальнейшего    наиболее  полного  освещения  конкретных  проблем,  связанных  с  обеспечением 
развития  экологически чистой выработки электроэнергии, необходимо большое внимание уделить: 
созданию концепции возобновляемых источников энергии – солнечная, ветровая, геотермальная и др.; 
уделить внимание на развитие водородной энергетики. 
Проведенное  исследование  не  решает  всех  проблем,  связанных  с  активным  развитием  энергетики  для 
снижения энергоемкости  экономики и, как следствие, к ее прогрессу и устойчивости. 
В  заключение  хотелось  бы  отметить,  что  предлагаемая  нами  система  будет  способствовать  для 
экономического роста страны путем развития электроэнергетики. 
 
Список литературы 
1.  Ацюковский  В.  Глобальный  вопрос  человечества:  где  взять  экологически  чистую  энергию  //  Энергетика 
Сибири, 2005, №3, с 17-19 
2.  Имашев  Г.И.  Политехническое  образование    учащихся  в  процессе  обучения        физике  в  средней  
общеобразовательной  школе. Монография. - Атырау, Атырауский государственный университет, 2006. - 421 с.  
3.  Имашев Г. Инновационные подходы в развитии политехнического образования в процессе обучения физике в 
средней школе. Монография – Атырау, Атырауский государственный университет, 2011. - 150 с. 
4.  Физика и научно -  технический прогресс. /Под ред. В. Г. Разумовского,  В.А. Фабриканта, А.Т. Глазунова, - М.: 
Просвещение, 1980. – 159 с. 
5.  Экология энергетики: учебное пособие/Под общ. ред. В.Я.Путилова. М.: Издательство МЭИ, 2003. С. 193-303. 
 
 
ӘОЖ 377. + 53 031.4
 
ТЕРМОДИНАМИКА КУРСЫНДАҒЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ
 
 
Калиева Ж.,Имашев Г.И.
 
 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
 
 
Аннотация
 
В  работе  рассматриваются  вопросы  формирования  политехнических  знаний  в  курсе  термодинамикии 
инновационные методы совершенствования обучения физике в средней школе. 
 
Abstract
 
In  work  questions  of  formation  of  polytechnical  knowledge  are  considered  it  is  aware  thermodynamics  and 
innovative methods of improvement of training in physics at high school.
 
 
Политехникалықоқытудыңмақсатыадамныңеркінқоғамдағыбарлыққабілеттерініңбелсендідамуынжүзегеасы
ру,барлық жағынандамығанжәнепрактикалықөміргежан-жақтыдайындығыбарадамдардытәрбиелеу. 
Жекеадамныңжан-жақтыдамуы–
бұладамныңісәрекетініңбарлықсферасынжәнешығармашылықеңбеккедегенқабілетіменкүштерініңашылужәнежетіл
дірілупроцесі.Политехникалықбілімніңмазмұнынқазіргізаманғыөндірістің, 
техниканыңжекежәнежалпынегіздерінжәнеолардыбасқарупринциптерінкөрсететінғылымиұғымдармензаңдардыңж
үйесіатқарады.  

137
 
 
Бұл  жұмыста  орта  мектепте  оқушылардың  физиканы  оқыту  процесінде,  соның  ішінде  термодинамика 
курсы бойынша политехникалық білімді дамыту жолдары және инновациялық тәсілдер қарастырылған.
 
Қай жерде, қай кезде болмасын мектептің басты міндеті өскелең жас ұрпақты оқыту, дамыту, тәрбиелеу 
болып  табылады.  Оқушылардың  политехникалық  сауаттылығы  –  өндірісте  теориялық  білімдерінің  қолдану 
дәрежесі  мен  ауқымын  кеңейтетін  негізгі  факторлардың  бірі.  Бұл  міндет  оқытудың  әр  түрлі  әдістерін  қолдана 
отырып  оқу  пәндерін  оқытумен  жүзеге  асады.  Орта  мектепте  физиканы  оқытудағы  политехникалық  бағыт 
оқушылардың  ғылыми-техникалық  прогрестің  ең  негізгі  даму  тенденциялары  жөнінде  толық  түсінік  алуы  үшін 
жалпы  физика  курсы  бойынша  алған  білімдерін  жинақтауды  талап  етеді.Физика  оқу  пәні  ретінде  оқушыларға 
өндіріс  салаларының  физикалық  негізін  түсінуге  кең  мүмкіндік  береді.  Оқушылар  физикадан  алған  білімдерін 
өмірмен, техникамен, өндіріспен байланыстыру арқылы, бір жағынан, физикалық құбылыстар мен заңдарды терең 
ұғына білсе, екінші жағынан өндіріс технологиясы мен техниканың физикалық негізін түсінеді. 
 
Қазіргі кезде педагогика ғылымдарында политехникалық білімнің мынадай негізгі элементтері көрсетіледі 
[1].
 
1)
 еңбек және өндіріс негіздерінің алуан түрімен таныс болу;
 
2)
 алған білімдерін практикада қолдана білу;
 
3)
 политехникалық дағдылар мен біліктілікті игеру;
 
4)
 еңбек ету қажеттілігін қалыптастыру;
 
5)
 физиканы оқытуда адамгершілік және эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу;
 
6)
 саналы түрде мамандық таңдау.
 
Политехникалықбілім  беру  мәселесін  шешу  үшін  мектепте  оқытылатын  физика  курсы  қазіргі  заманғы 
техниканың  дамуына  әсерін  тигізетін  негізгі  физикалық  теориялар,  заңдылықтар,  құбылыстар  мен  фактілерді 
неғұрлым  кеңірек  қарастыруы  керек.  Сонымен  қатар  бұл  мәселені  шешуде  политехникалық  материалды  дұрыс 
таңдаудың  да  маңызы  зор.  Политехникалық  білім  беруде  физиканың  ролін  анықтаумен  қатар  оны  оқытудың 
дұрыс  және  тиімді  әдістемесін  таңдау  да  маңызды.  Мектеп  бітіруші  түлек  тек  физиканы  біліп  қана  қоймай,  сол 
алған білімін еңбекте, өндірісте өздігінен қолдана білуі қажет [2].
 
Физиканың  политехникалық  білім  берудегі  маңызы  мен  міндетін  ескере  отырып,  бүгінгі  күні  оқу  пәні 
ретінде физиканы оқытудың инновациялық әдістемесіжасақталуда:
 

оқушыларды қазіргі заманғы өндіріс пен технологияның физикалық принципі жайындағы білімдерін 
кеңейту;
 

оқушыларды  физикадан  алған  білімдерін  физико-техникалық  есептерді  шешуге  қолдана  білу 
дағдысын қалыптастыру.
 

оқушыларды  энергия  көздермен,  негізгі  өлшеуіш  приборлармен  жұмыс  жасай  білу  дағдысын 
қалыптастыру.
 

оқушыларды  неғұрлым  кең  таралған  еңбек  құралдарының  түрлерімен  жұмыс  жасай  білуге 
дағдыландыру.  
 
Бүгінгі  таңда  оқушылардың  физиканы  оқу  процесінде  политехникалық  білім  беру  жолдары  көрсетілген 
көптеген дидактикалық және әдістемелік нұсқаулардың қажеттілігі туындап отыр. 
 
Политехникалық  білімнің  дидактикалық  негізі  оның  теориясы  мен  практикасының  маңызды  компоненті 
болып  табылады.  Орта  мектептерде    білім  берудің  көпжылдық  тәжірибесіне  қарамастан,  оқушыларды 
политехникалық  білімін  жетілдірудің  нақты  жолдары,  оқыту  әдістері  бір  жүйеге  келтірілмеген.  Көп  жағдайда 
мектептегі  политехникалық  білім  беру  жүйесі  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасай  білу  қабілетін  дамыту 
дәрежесі  мардымсыз.  Бұл  жағдай  политехникалық  білім  берудің  дидактикалық  негізінің  нашар  жасақталуымен 
түсіндіріледі.  Техника – технологиялық білім берудің әдістері мен формаларында көбінесе политехнизм принципі 
ескерілмейді. Физикалық заңдылықтар мен құбылыстарды түсінудің өзі толық политехникалық білімді қамтамасыз 
ете алмайды. Оқушы мектепте алған теориялық білімін өндіріс салаларында, еңбекте өздігінен қолдана білгенде 
ғана толық политехникалық сауатты тұлғаға айналады [3].
 
Оқушылардың  қазіргі  заманғы  техниканың  жалпы  ғылыми  негіздерімен  таныстыру  және  физикалық 
білімдерін  өндірістік-техникалық  есептерді  шешуге  қолдана  білу  дағдысын  дамыту  оларды  политехникалық 
даярлау болып табылады. 
 
Политехникалықоқыту  ғылым  және  өндіріс  негіздері  төңірегінде  оқушылардың  алға  қарай  кез  келген 
өндірістік процесс технологиясы мен техниканың ғылыми негіздерін тез түсіне алатын, кез келген мамандықты тез 
әрі талапқа сай болатындай меңгере алатын деңгейін қалыптастыру керек.
 
Политехникалық принциптің қолданылуы оқушылардың білімі, шеберліктері мен өзбетімен өндірістік және 
еңбектік тапсырмаларды орындау дағдыларының жүйеленіп дамуына ықпал етеді.
 
Техника  –  технологиялық  оқытуды  тек  оқушылардың  физика  курсы  бойынша  керекті  материалдарды 
жетік  меңгергенде  ғана  жүзеге  асыруға  болады.  Сондықтан  ең  басты  мәселе  –  физиканы  оқытудың  сапасын 
жақсарту.
 
Техника – технологиялық оқыту проблемасын шешудің мынадай жолдарын атап көрсетуге болады [4].
 

лабораториялық жұмыстарды орындау;
 

үй тұрмысындағы техникамен жұмысы;
 

техникалық мазмұнды есептер шығару;
 

сабақтан тыс политехникалық мазмұндағы жұмыстар орындау.
 

138
 
 
Физиканы  техника  –  технологиялық  оқытудың  міндеті  орта  мектепте  оқушылардың  физикалық 
құбылыстар  мен  заңдарды  терең  түсіну  негізінде  теориялық  білімдерін  техникада  қолдана  білу  дағдысын 
қалыптастыру арқылы жүзеге асады. 
 
Термодинамика  негіздерін  оқып  үйрену  негізгі  мектепте  оқылған  «ішкі  энергия»  және  оны  өзгерту 
тәсілдері,  «жылу  мөлшері»,  жұмыс  ұғымдарын  қайталап,  оларды  одан  ары  тереңдетіп  нақтылай  түседі. 
Термодинамикада  жұмыс  ішкі  энергияның  өзгеру  өлшемі  ретінде  қарастырылады.  Ішкі  энергияның  жүйе  күйінің 
өзгеру  параметрлеріне  тәуелділігін  талқылайды.  Термодинамиканың  бірінші  заңын  оқып  үйренеді  және 
термодинамиканың екінші заңына (ішкі энергияны толық жұмысқа айналдыруға болмайды) түсінік беріледі. Жылу 
қозғалтқыштарының жұмыс  істеу  принциптерін талдап, термодинамика  заңдарының  практикада  қолданылуымен 
таныстырады[4].
 
Жалпы білім беретін мектептегі термодинамика негіздерінің құрылымы 1 -кестеде келтірілген. 
 
1 - кесте
 
Термодинамика тарауының құрылымы
 
Құрылымы
 
Дененің термодинамикалық күйі
 
Негізгі ұғымдар
 
Термодинамика-дененің  молекулалық  құрылысын  ескермегендегі    жылу 
құбылысын қарастыратын бөлім.
 
Дененің күйін сипаттайтын макропараметрлер P, V, T.
 
Термодинамикадағы жұмыс - A, жылу мөлшері- Q дененің бірінші күйінен екінші 
күйге өтуін сипаттайтын процесс.
 
Жылу  қозғалтқыштарында    –  отынның  жылулық  энергиясын  механикалық 
энергияға 
айналдырады. 
Жылу 
қозғалтқыштарының 
пайдалы 
әсер 
коэффициенті.
 
Негізгі заңдар
 
Термодинамиканың бірінші және екінші заңдары.
 
Қорытынды
 
Изопроцестер: изотермдік, изохорлық, изобарлық, адиабаттық.
 
Тұйық жүйедегі жылу алмасу.
 
Практикада қолданылуы
 
Бу қазандары, жылу қозғалтқыштары.
 
 
Термодинамика бойынша қолданбалы техникалық материалды былай топтастыруға болады:
 
-  оқу  матералында  ғылыми  -  техникалық  прогрестің  кеңінен  таралған  технологияның,  өндірістің  басты 
бағыттарының физикалық негізінің көрінісі.
 
- физикалық теориялық сұрақтардың бағдарламалық жәнеқолданбалы материалымен байланысы.
 
- оқушылардың техникалық ойлау қабілетінің дамуы.
 
Бірінші  бағыт  бойынша  ғылым  негіздерінің  политехникалық  мазмұны    оқушылардың  теорияны  өндірісте 
қолданылу әдістерін түсіну мүмкіндіктерін анықтайды.
 
Оқушылардың  техникалық  ойлау  қабілетінің  дамуына  олардың  құралдар  тобының  ішінен  ұқсастық 
белгілері мен айырмашылықтарын таба білуін жатқызуға болады. Бұл машиналар мен механизмдер құрылысының 
жалпы  физикалық  принциптерімен  таныстыру  және  қарастырылып  отырған  техникалық  объектіні  бұрын 
үйренілгендерімен салыстыру  мақсатында қызмет  етеді.Қолданбалы техникалық  материалды  бөліп алу белгілері 
өзара  тығыз  байланыста  қолданылуы  қажет.    «Термодинамика»  тарауындағы  политехникалық  материал  оған 
қойылатын  талаптардың  бәріне  бірдей  жауап  бере  алмайды.  Сондықтан  да  политехникалық  материалдарды 
заманауи  талапқа  сай  іріктеп  алукерек.  Политехникалық  бағыт  бүкіл  тарауды  оқып  үйрену  барысында  жүзеге 
асады.Политехникалық  білім  оқушыларға  ғылыми  -  техникалық  революцияның  басты  бағыттарына  және  осы 
заманға сай өндірістің негізгі салаларына бағыт-бағдар беретін мамандық таңдау негізін және сонымен қатар осы 
білімді өндірісте еңбекпен ұштастыра алатын жас ұрпақты дайындауды ұйымдастырады[5].Политехникалықбілімді 
жетілдіруде эксперименттік және шығармышылық тапсырмалардың орны анықталды. Бұл бағытта термодинамика 
курсын қамтитын эксперименттік тапсырмалар мен есептер педагогикалық байқаудан өтті.
 
Эксперименттік  оқу  оқушылардың  политехникалық  даярлықтарын,  қазіргі  заманғы  техникамен  және 
өндіріспен  байланысты  практикалық  сұрақтарға  жауап  беру  бейімділіктерін  анықтаудан  басталды.  Бұл  сұрақтар 
мынадай мәселелерді қамтиды: 
 
1) термодинамика курсындағы құбылыстар мен заңдардың техникадағы қолданысын ашу; 
 
2) оқушыларды өндірістегі жаңа материалдардың физикалық негізімен таныстыру.
 
Өтілген  әрбір  жаңа  тақырыптан  кейін  эксперименттік  және  бақылау  сынып  оқушылары  физика-
техникалық  сипаттағы  бақылау  жұмыстарын  орындап  отырды.  Осы  бақылау  жұмыстарын  талдау  екі  сынып 
оқушыларының  білім  деңгейін салыстыруға  мүмкіндік  берді.  Білім  элементін  меңгеру  коэффициенті төмендегідей 
формуламен есептеледі: 
 
%
100


N
n
K
 
Мұндағы n – дұрыс жауаптар саны, N – жауаптардың жалпы саны. 
 
Зерттеу  мен  бақылаулар  жүргізу  барысында  орта  білім  беретін  мектептің  екі  10-сыныптары  алынды. 
Бірінші сынып – бақылау сынып (17- оқушы), екінші сынып – эксперименттік сынып (15-оқушы) деп алынды. Екі 
сыныптың  да  сапа  көрсеткіші  деңгейлес.  Алдымен  осы  екі  сыныпқа  да  бақылау  тесті  жүргізіліп,    сыныптың 
политехникалық  білімдерінің көрсеткіштері алынды: бақылау сынып - 51%, эксперименттік сынып - 53%. Содан 
соң  бақылау  сыныбына  күнделікті  әдістер  бойынша  сабақ  өткізілді  де,  ал  эксперименттік  сыныптарға 

139
 
 
политехникалық  білімді  қалыптастыру  үшін  арнайы  сабақ  жоспарлары,  сабақ  жүргізудің  әдіс-тәсілдері 
жасақталды.  
Оқу  бағдарламасы  бойынша  10-  сыныпта  термодинамика  тарауына  10  сағат  бөлінген.  Осы  бөлінген 
сағаттар  оқушылардың  политехникалық  білімдерін  арттыруға  пайдаланылды.  Өткізілген  политехникалық 
мазмұндағы сабақтардың тақырыптары 2 - кестеде көрсетілген.
 
2 – кесте 
 
Политехникалық мазмұндағы сабақтардың жоспары
 
Тақырыбы
 
Сабақтың түрі
 
Сағат
 
Жылу табиғаты
 
Жаңа тақырыпты меңгеру
 
1
 
Ішкі энергия
 
Жаңаинтерактивтісабан
 
1
 
Термодинамиканың бірінші заңы
 
Жаңа тақырыпты меңгеру
 
1
 
Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану.
 
Жаңа тақырыпты меңгеру
 
1
 
Өзіндік  жұмыс
 
Білімді бекіту
 
1
 
Табиғаттағы 
жылу 
процестерінің 
қайтымсыздығы. 
Термодинамиканың екінші заңы.
 
Жаңа тақырыпты меңгеру
 
1
 
Жылу қозғаолтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.
 
Жаңа тақырыпты меңгеру
 
1
 
Жылу қозғалтқыштарының рөлі  және қоршаған ортаны қорғау
 
Жаңа тақырыпты меңгеру
 
1
 
Термодинамика тарауы бойынша   білімдерін тексеру
 
Практикалық сабақ
 
1
 
Қорытындылау сабағы 
 
Аралас сабақ
 
1
 
2  -  кестеге  көрсетілген  тақырыптарға  сәйкес  политехникалық  мазмұндағы    сабақтардың    жоспарлары 
жасалып,  педагогикалық  эксперименттен  өтті.Іріктеліп  алынған  политехникалық  мазмұндағы  сабақтар  бойынша 
жүргізілген эксперимент нәтижесін пайыздық көрсеткіште 3– кестеде көрсетілген. 
 
3 – кесте
 
Эксперименттік оқу қорытындысы
 
Политехникалық 
білім 
мен 
біліктілікті 
анықтаушы 
элементтер
 
 
Дұрыс жауаптар саны, %
 
Эксперименттік сынып
 
Бақылау сыныбы
 
Жылу табиғаты
 
60
 
51
 
Ішкі энергия
 
66
 
54
 
Термодинамиканың бірінші заңы
 
61
 
53
 
Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану.
 
68
 
49
 
Өзіндік  жұмыс 
61
 
50
 
Табиғаттағы 
жылу 
процестерінің 
қайтымсыздығы. 
Термодинамиканың екінші заңы. 
63
 
51
 
Жылу қозғаолтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.
 
65
 
50
 
Жылу  қозғалтқыштарының  рөлі    және  қоршаған  ортаны 
қорғау 
67
 
52
 
Термодинамика тарауы бойынша   білімдерін тексеру
 
64
 
51
 
  Бақылау жұмысы
 
66
 
50
 
   Сонымен,  эксперименттік  оқытудың  нәтижесін  талдау  оқушылардың  политехникалық  білімін 
қалыптастыруға арналған әдістемелік жүйенің қолданбалы материалды терең меңгеруге әсер ететінін анықтады. 
 
Қорыта  келгенде,  орта  мектепте  физика  курсынан  политехникалық  білім  беру  үшін  тиімді  әдістемелік 
жүйені  таңдаудың  маңызы  зор.Оқушылардың  политехникалық  білімдерін  арттыру  мақсатында  жүргізілген 
педагогикалық экспериментөз нәтижесін берді.
 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Атутов П.Р. Политехническое образование школьников. - М.: Педагогика, 1986. – 176 с.
 
2.  Бугаев A.И. Методика преподавания физики в средней школе. – М.: Просвещение, 1981. – 288 с.
 
3.  Имашев  Г.И.  Политехническое  образование  учащихся  в  процессе  обученияфизике  в  средней  школе. 
Монография – Атырау, 2006. - 421 с.
 
4.Имашев  Г.И.  Политехническая  подготовка  учащихся  в  средних  школах  Казахстана.  Сб.  научных  трудов 
«Современный научный вестник»:. Выпуск 228.  
Том 2. – Экономика: проблемы теорий и практики. Днепропетровск: ДНУ, 2007. – С. 150 -159.
 
5.   Имашев Г. Развитие знаний в курсе физики. Palmary Academic Publishing. Германия. 2012.- 232 с
 
 
 

140
 
 
ӘОК373.1.013 
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ МЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ 
 
Куанбаева Б.У., Тумышева А.А., Шамарова А.Х. 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 
Атырау облысы, Исатай ауданы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп 
 
В  статье  рассмотрены  эффективность  и  особенности  мониторинга  оценивания  и  проверки  знаний 
учащихся на основе педагогической технологии  
 
Бүгінгі  күнгі  білім  берудегі  өзекті  мәселенің  бірі  оқушылардың  алған  білімін  бақылау,  талдау,  бағалау 
болып  табылады.  Бағалаудың  дәлдігі  мен  толықтылығы  білім  берудегі  көздеген  мақсатымызға  жетудің 
ұтымдылығын  анықтайды.  Олай    болса,  білімді,  іскерлікті  жєне  дағдыны  бағалаудағы  көздеген  бір  мақсат,  ол 
оқушылардың  жан  –  жақты  еңбек  және  шығармашылық  әрекеттерін,  танымдары  мен  болмыстарын  өзгертуге 
бағытталған жолдарын анықтап, тереңдетіп жетілдіре түсу. 
Оқыту  технологиясын  пайдалану – оқушы  ынтасын басатын, обьективті емес, жіберген  қателіктері  үшін 
жазалауға  бағытталған  бағалау  тәсілін  өзгертуді  талап  етеді.  Таным  процесі  үстінде  кез  –  келген  тұлғаның 
белсенділік  көрсетуге,  әлде  бір  себептермен  қате  жіберіп  алған  жағдайда  оны  өзі  түзетуге  құқығы  бар  болуы 
тиісті.  Қазіргі  бағалауда  оқушы  өз  инициативасын,  тек  өз  мүмкіндігін  максимум  көрсеткішке,  яғни  «төрт»  пен 
«беске»  бағалағанда  ғана  көрсетуге  (ал  мұндай  оқушылар  шамамен  орта  есеппен  сыныптың  5-10  пайызын 
құрайды)  мәжбүр.  Әйтпесе,  жіберілген  әрбір  қателігі  үшін  жазаланады,    ал  бұл  ғалымдардың  пайымдауынша 
«қателесуден қорқу»  синдромын қалыптастырады екен. 
Оның үстіне бұлайша бағалау білім сапасын дәл сипаттауға мүмкіндік бермейді. Дидактикалық талаптарға 
сүйенсек,  білім  сапасы,  оның  дұрыстығы,  толықтылығы,  әрекеттілігі,  жүйелілігі,  саналылығы  және  беріктілігі 
сияқты  көрсеткіштермен  сипатталады.  Бес  балдық  жүйенің  бұл  кемшілігін  үйлестіру  үшін  кейбір  мұғалімдер 
оқушының  білімін  бағалауда  –    -3,+3,-4,+4,  т.б.  нормадан  тыс  бағаларды  қоюға  мәжбүр.  Ал  бағалаудағы 
тақырыптық бақылау мен өздік жұмыстардың нәтижелерінің жүйелі ескерілмеуі: әр оқушының тақырыпты қалай 
меңгергенін  дәл  білуге,  соған  сәйкесті  қажетті  нұсқау  беру,  оқушы  дамуын  үздіксіз  қадағалауға  (мониторинг) 
мүмкіндік бермейді. Осыдан келіп, бір тақырыптың «үштігі», екінші тақырыптың «екілігін» жабады. [1] 
Бағалаудың  «жазалау»  емес,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге,  табысқа  жетуге  жетелейтін,  дамыта  оқытуды 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілі де бар. 
Оқыту нәтижесін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту процесінің 
нәтижесін бағалау, контигенттегі оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оқу үлгерімін талдау және мұғалімнің 
тәжірибесін жинақтау, озат тәжірибені тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізілуде. 
 
Педагогикалық  мониторинг  дегеніміз  не?  Ол  қалай  жүргізіледі?  –  деген  сұрақтарға  оқушының  оқу 
процесін және оқу материалын игеруін бақылау формасының бір түрін – мониторинг дейміз. 
Сонымен  бірге  мониторинг  дегеніміз  –  «мұғалім  -  оқушы»  жүйесінде оқушыларды  дамытуда,  оқыту  мен 
тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті. Басқаша айтқанда, 
мониторинг  дегеніміз  оқушы  мен  мұғалім  іс  –  әрекетінің  нәтижесін  талдау  мен  мектептің  даму  болашағын 
болжаудың динамикалық жүйесі деуге болады. 
Ол ағылшынның «monitoring» деген сөзі, латынның «monitor» - бақылау деген сөзінен шыққан. 
Педагогикалық  мониторинг  жалпыға  белгілі  бақылау  түрлерінен  оқушының  оқу  деңгейі  мен  оқыту 
жағдайына  үздіксіз  қадағалауды  қамтамассыз  ететін  өзінің  ұйымдастыру  түрі, жинақтау, сақтау,  мәліметті  өңдеу 
және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді. 
Педагогикалық  ұжымның  оқу  мүмкіндігін,  оқушының  жеке  тұлғасын,  педагогикалық  процестің 
компоненттер  жағдайын  зерттеу  педагогикалық  мониторингтің  мазмұнын  құрайды.  Педагогикалық  мониторинг 
арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.  
Сондай-ақ,  педагогикалық  мониторинг  нәтижесінде  оқу  және  оқыту,  білімді  игеру  дәрежесі,  оқушының 
танымдық  қызығушылығын,  нашар  үлгерімнің  дидактикалық  себептерін  анықтау  мүмкіндіктерін  қадағалауға 
болады.  Қазір  бұл  мүмкіндіктер  қазақ  мектептерінде  жан-жақты  пайдаланылады.  Алайда  білім  беру  процесінде 
мұғалім  мен  оқушының  қанағаттану  дәрежесі  мен  оқушылардың  эмоционалдық  жағдайы,  мектепішілік  қарым-
қатынас  сипатын  анықтауда  педагогикалық  мониторингтің  маңызды  екендігіне  қарамастан  бұл  мәселелерді 
айқындауда мониторинг аз жүргізіледі, ұлттық мектепте бұл салада жинақталған тәжірибе де аз.  
Білім беру процесін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, түзетушілік қызметтер атқарады. Енді 
соның әрқайсысына тоқталайық.  
Педагогикалық  процестің  нәтижесін  айқындай  отырып,  обьектінің  жағдайы  жөнінде  мәлімет  алу,  кері 
байланысты  қамтамасыз  ете  отырып,  нағыз  білім  беру  процесін,  оның  қиындығын,  бұрмалануын  анықтау 
педагогикалық мониторингтың ақпараттық қызметі болып есептеледі.  
Педагогикалық  мониторинг  нәтижесінде  жиналған  ақпараттарға  толықтық,  нақтылық,  әділдік,  дәл 
мерзімділік сияқты талаптар қойылады. 
Мониторингтің  қозғаушы,  ынталандырушы  қызметі  мұғалімдердің  оқушыларды  оқытуға,  тәрбиелеуге 
қызығушылығын  дамытады,  балаларға  терең  білуді  үйренуге  түрткі  болады,  мұғалімді  өзінің  педагогикалық 
еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және мұғалім әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.  

141
 
 
Мониторингтің  қалыптастырушы  қызметі  нәтижесінде  оқушының  «дамуға  жақын  аймағына»  ықпал  ете 
отырып,  оқушы  тұлғасының  әлсіз  және  күшті  жақтарын  анықтайды.  Әрбір  оқушыға    қозғау  салу  әрекетінің  әдіс 
тәсілдерін жеке таңдауға, оқушының педагог назарынан түсіп қалу мүмкіндігін шығарып тастауға көмектеседі.  
Оқу  процесіндегі  болжанбаған,  кездейсоқ  нәтижелерді  табу  және  белгілеу,  оқушылардың  жат 
әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады. 
Білім  сапасы  көп  айтылып  жүрген  шақта  оқу  процесінің  әр  түрлі  қырларын  талдауда  мониторингтік 
зерттеу  жақсы  құрал  болып  табылады.  Мониторингтік  зерттеу  нәтижесінде  өткен  оқу  жылындағы  оқу  процесі 
туралы дәл, әділ, тез ақпарат ала аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс – әрекетіне 
түзету жайлы уақытылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 
Сонымен  мониторинг  дегеніміз  –  педагогикалық  әрекеттің  обьектілері  мен  құбылыстарының  ұзақ  уақыт 
қадағалануы.  Педагогикалық  мониторинг,  сондай  -  ақ  оқушылардың  өз  білімін  пән  бойынша  элементік 
талдау,байқау, бағалау. 
Бұл жағдай бес балдық бағалау жүйесін кеңейтуге, көп балдық жүйеге көшуге мүмкіндік береді. Мұндай 
бағалау обьективті болумен қатар, әр оқушының даму мониторингін құруға мүмкіндік береді. [2] 
Физиканы  оқыту  кезінде    әрбір  параграфты  зерделеу  10-15  минуттық  өздігінен  орындалатын  жұмысты 
игеруден  басталады.  Жұмыс  нәтижесінде  оқушылар  өздігінен  қорытынды  жасап,  анықтамалар  мен 
заңдылықтарды  өздігінен  тұжырымдауға  тырысады.  Одан  кейін  мұғалімдермен  бірге  өз  жауаптарын 
«жауаптармен»  салыстырады,  дұрыс  жауапқа  назар  аударылып,  жаңа  тақырып  бойынша  анықтамалар  мен 
ережелер жатталады. Алынған ақпаратты бекіту үшін осы тақырыпқа сәйкес мысалдар мен есептер шығарады. Ең 
алдымен бұл жұмыс мұғалім көмегімен ауызша, содан соң сынып дәптерінде жазбаша және тақтада орындалады. 
Кейін қалған уақытта, әр деңгейлік тапсырмалармен берілген өздік жұмыс жасалады. 
Өздігінен жұмысты орындап бітірген оқушы әр деңгейді аяқтағаннан кейін өз жауаптарын мұғалімде бар 
«жауап-кілттермен»  салыстырып  отырады.  Олардың  дұрыстығына  көзі  жеткеннен  кейін  оқушы  бұл 
тапсырмаларды «+» белгісімен тізімдеменің тиісті графасына белгілейді. Бұл тізімдеме барлық оқушыға көрнекті 
болу  үшін  тақтада  және  оқушының  өзінде  де  болады.  Шарт  бойынша  бірінші  деңгейдің  барлық  тапсырмаларын  
толық  және  дұрыс  орындағаны  үшін  –  5  ұпай,  екінші  деңгейде    10  ұпай,  үшінші  деңгей  үшін  –  15  ұпай  алуға 
болады.Оқушы 30 ұпай жинаса, дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша «толық беске» ие болады.Қате немесе біреудің 
көмегімен орындалған жұмыстың бағасы бірінші деңгейде 0.5 – ке, екінші деңгейде 1.5 – ке төмендейді. [3] 
Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясы  бойынша  оқушылардың  іс  –  әрекеті  ұпаймен  рейтинг  жүйесі 
бойынша бағаланады, кейін дәстүрлі бағаларға ауыстырылады. Оқу  жылының басында өздік жұмысты толықтай 
дерлік  орындайтын  оқушылар  аз  болады.  Болашақта  олардың  қатарына  мемлекеттік  стандарт  деңгейінің 
талаптарын  орындайтын,  ал  эвристикалық  және  шығармашылық  деңгейге  алғаш  қадам  басқандар  қосылады 
деген  үміт  бар.  «Әлсіздер»  тобына  жататындар  –  мемлекеттік  стандарттың  минимал  талаптарына  ғана  сай 
келетін,  тек  естігенін  қайталап  бере  алатын  және  тапсырмаларды  үлгі  бойынша  ғана  орындайтын  оқушылар. 
Олар  жаңа  тақырып  бойынша  алдымен  «есептелінбейді»  бағасын  алуы  да  мүмкін  (егер  тіпті  бірінші  – 
«үйренушілік» деңгейді меңгермесе). 
Сабақтан  тыс  оқуда  ол  мұғалім  көмегімен  қалған  оқушыларды  қуып  жетіп,  тіпті  келесі  деңгейдің  екі 
тапсырмасын орындады делік. Оның бағасы 
4,5  ұпай  (бірінші  деңгей  үшін). 3  ұпай  (  2  деңгей  –  оқушы  2  тапсырманы  орындады, ал  2  деңгейдің  әр 
тапсырмасын  мұғалім  көмегімен  орындағаны  үшін  1,5  ұпай  беріледі).  Қорытынды:  оқушы  7,5  ұпай  жинады,  бұл 
«3» бағасы.  
Әр деңгейлік тапсырмалардың әдеттегі тапсырмалардан артықшылығы, ерекшелігі неде? 
Деңгейлік саралауда әрбір оқушы, қанша қабілетті болса да, жұмысын жеңіл, бірақ міндетті үйренушілік  
деңгейден бастайды.  
Бұл сыныпқа саралау тапсырмаларын ұсынғанда балаларды жасанды түрде қабілетті және қабілетсіз деп 
бөлінбеуі  үшін  қажет.  Барлық оқушы  білім  мәресін  бірдей  бастайды. Олардың  әрқайсысы  дара  қабілетіне  қарай 
білім  меңгеруде  өз  шыңына  жетуге  толық  мүмкіндігі  бар.  Дұрыс  орындалған  тапсырмалар  үшін  ұпай  жинау 
құлшындыру шарасы болып табылады. 
Әр деңгейдің тапсырмасын орындап болған сайын оқушы «+» белгісімен оны жұмыс дәптерінің соңында 
берілген  бағалаудың  дара  тізімдемесіне  жазып  отырады.  Әрбір  тақырып  бойынша  мұндай  тізімдеме  «плюстер 
кассасы»  ретінде  тақтада  ілулі  тұрады.  Мұндай  тізімдемені  толтыру  оқушыларға  деңгейлік  тапсырмаларды 
орындаудың  өзіндік  дара  жылдамдығын  және  сыныптастарының  жылдамдығын  бақылауға  мүмкіндік  береді. 
Оларда бұл кезде оқуға мотивация туындап, сайыс рухы оянады.  
Педагогикалық  технологияны  қолдану  жағдайында  бағалау  процесі  арнайы  «қосу»  әдісімен  жүргізіледі. 
Оның негізін мемлекеттік стандарт бағдарламасымен қарастырылатын минималды оқушылық деңгей құрайды. Бұл 
деңгей  тапсырмасын  даму  деңгейі,  қабілеті,  дарынына  қарамастан  барлық  оқушылар  орындауы  қажет.  Бірінші 
деңгейдің барлық тапсырмасын мезгілінде және дұрыс орындағаны үшін «есептелінді» қойылады. Оның екіліктен 
айырмашылығы, оны жою үшін осы бірінші деңгейдің барлық орындалмаған тапсырмалары «есептелінді» таңбасы 
алынғанша қайта тапсырылуы тиіс.  
Үлгермеушілерді лезде анықтап отыру үшін және оларға дер кезінде көмек көрсету үшін мұғалім өзі үшін 
барлық оқушылардың үлгерімінің салыстырмалы мониторингысын сызуына болады.  
Әрбір  оқушының  жылдық  көрсеткіштері  қорытындысы  бойынша  барлық  пәндер  бойынша  үлгерімінің 
көрнекі  мониторингін  дайындауға  болады.  Ол  бойынша  баланың  нақты  пәнге  талғамы  анықталады  да,  оқыту 
профилін таңдауға көмек көрсетіледі. Міне, осылай, деңгейлік саралауға негізделген компьютерлік технологияны 

142
 
 
ендіру өздігінен дамитын, өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны, яғни өзін -өзі жарататын іс-әрекетін 
субьектін қалыптастыруды көздейді. 
Кез-келгентехнологияның 
ұнамды 
да, 
ұнамсыз 
да 
тұстары 
болады. 
Профессор 
Ж.А.Қараевтыңпедагогикалықтехнологиясын 
оқушықызметінбағалаудағы 
келесітиімдіжақтарынатап 
көрсетугеболады: 
●мұғалімнің де, оқушының да қызметінжандандырады; 
●үйренушілік, ізденушілік, шығармашылық деңгейлерініңжалпы оқу іскерлігіқалыптасады; 
●демократизация, ізгілендірупринциптерінде бағалаудыңрейтингі жүйесініңболуы; 
● оқылған материалдыңмеңгеру нәтижесі нақты көрінеді. Әр оқушының даму мониторингінқұруға болады; 
●  оқушыөзініңбіліммониторингісін  көру  арқылыөзін-өзіменсалыстыруға,  өзінің  жұмыс  нәтижелерін  көруге 
үйренеді; 
● оқушыларда «қателесуденқорқу» синдромы болмай, олардаөздерініңбілімінесенімділігіқалыптасады; 
● оқушыжолдастарының жұмыс нәтижелерін көре отырыпөзін бағалайалады, жарысқа түседі. 
Сабақты осылай бағалаудыдемократиялықсипаттадепесептеугеболады. 
Оқу  процесінұйымдастырусапасыныңартуынасептігінтигізетінпедагогикалықмониторингтітиімдіпайдалану  -  ұстаз 
шеберлігіншыңдау  және  оқушы  мен  мұғалімбіліктілігінарттырудеген  сөз.  Жетістіккежеткізетінбірден  –  біржол  – 
ізденіс, талапты еңбек екенін көруге болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет