Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»
Pdf көрінісі
бет43/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
УДК  681.14
СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Сарсембаева А.Ж., Әлиева А.О.
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ақтөбе қаласы,
aidonia.1992@mail.ru
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру туралы құжаттардың шет елдерде тануын қамтамасыз ету үшін
және  академиялық  ұтқырлық  жөніндегі  мәселелердің  тиімді  шешілуі  үшін,  Қазақстан  Республикасы  Болон
декларациясына  қосылу  мәртебесіне  ие  болған  және  еуропалық  білім  кеңістігіне  толық  енген  бірінші  Орталық-
Азиялық  мемлекет  болып  табылады.  Болон  Декларациясының  негізгі  ұстанымдарының  бірі  -  оқытушылар  мен
студенттердің академиялық ұтқырлығы.
Қазақстанда  академиялық  ұтқырлықты  жүзеге  асырудың  негізгі  мақсаты  -  ол  білім  берудің  сапасын
халықаралық  ақпараттық  қоғамға  бейімделген  жаңа  мамандарды  тәрбиелеу  арқылы  арттыру.  Қазіргі  таңда
академиялық  ұтқырлық  серіктес  жоғары  оқу  орындар  арасында  студенттер,  магистранттар  алмасудың  тиімді
формасының бірі.[1]
Академиялық  ұтқырлық  -  білім  алушылардың  (студент,  магистрант)  немесе  оқытушы-зертеушінің  нақты
бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараптамадан өтуімен бірге, 1-семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға
(шетелдік, Қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізу үшін басқа білім беру мекемесіне орналастыру,
кейін  білім  алушы,  оқытушы  немесе  зерттеуші  өзінің  негізгі  оқу  орнына  оралады.  «Базалық  ЖОО»  деп  біз
255
студенттердің  алғашқыда  оқуға  түсіп,  дипломын  алғысы  келген  ЖОО-ны  айтамыз. Академиялық  ұтқырлық
эмиграциямен немесе шет елде ұзақ мерзімді білім алумен (жұмыс істеумен) байланысты емес.
Академиялық  ұтқырлық
сыртқы  (халықаралық)  және  ішкі  (ұлттық)  академиялық  ұтқырлық
болып
ажыратылады.
Сыртқы  академиялық  ұтқырлық
–  шетелдік  жоғары  оқу  орындарында  білім  алу,  оқытушы-
зерттеушілердің  білім  беру  салалары  мен  ғылыми  мекемелердегі  қызметі.
Ішкі  академиялық  ұтқырлық
-  білім
алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.
Ішкі  академиялық  ұтқырлық  -  ол  Қазақстандық  ЖОО-да  білім  алу  жәнеоқытушылардың  алдынғы  қатарлы  білім
беру немесе ғылыми мекемелерінде зертеу жумыстарын жүргізу.
Академиялық  ұтқырлықтың
негізгі  мақсаты
-  таңдалған  кәсіби  бағыт  бойынша  жан-жақты  білім  алу,
әлемдегі  танылған  білім  орталықтарына  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету,  Европа  және  Азия  елдер
мәдениетімен кеңірек танысу.
Студенттердің  академиялық  ұтқырлығы  -  жеке  тұлғалық  және  кәсіби  дамуға  аса  маңызды  процесс,
өйткені оның қатысушылары әр түрлі жаңа өмірлік жағдайларды шешу және оларды талдау негізінде әлеуметтік
тәжірибе жинақтайды.[2]
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру тетігі:
1.  Білім
алушы
өз
қалауымен
басқа
жоғары
оқу
орнын
таңдай
алады.
ЖОО-да  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасының  үйлестірушілік  қызметін  халықаралық  ынтымақтастық
басқармасы (бөлімі) жүзеге асырады.
2.  Білім  алушылардың  сұранысы  негізінде  бағдарлама  үйлестірушісі  Қазақстан  Республикасының  Білім  және
ғылым  министрлігінің  (одан  әрі  -министрлік)  мақұлдауымен  басқа  жоғары  оқу  орындарымен  ынтымақтастық
жөнінде келісім-шарт жасауды ұйымдастырады. Бұл ретте серіктес жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасы
өз елінде аккредитациядан өткен және білім берудегі аккредитацияланған ұйымдар мен аккредитацияланған білім
беру бағдарламаларының реестрында тіркелген болуы тиіс.
3.  Ішкі  академиялық  ұтқырлықты  қамтамасыз  ету  үшін,  білім  беру  және  материалды-техникалық,  ақпараттық
және  интеллектуалды  ресурстарды  белсенді  қолдану  үшін  ұлттық  университеттердің  консорциумы  құрылады,
оның  мақсаты  келісім-шарт  негізінде бірлескен білім  беру  бағдарламасы  мен  ғылыми  зерттеулерді  жүзеге  асыру
болып табылады.
4.  Одан  кейін  ЖОО-серіктестің  ресми  шақыруының  негізінде  білім  алушылар  жеке  оқу  жоспарын  құрады  және
оны кафедрамен немесе факультет деканатымен мақұлдайды.
5.  Одан  әрі  білім  алушылар  бағдарлама  үйлестірушісіне  келу  мақсаты  көрсетілген  сұранысты,  келу  орны  мен
мерзімін, тіл үйрену курсын, мамандығын, ұсынылған қаржыландыру көздерін көрсетеді.
6.  Сұраныс-негіздемеге  қоса  кафедра  меңгерушісінің  жазбаша  мінездемесі,  ЖОО-серіктестің  оқуға  қабылдау
туралы жазбаша растауы, жеке оқу жоспары мен сынақ кітапшасының көшірмесі беріледі.
7.  Одан  әрі  бағдарлама  үйлестірушісі  білім  алушылар  арасындағы  конкурсты  жүргізетін  комиссияның  жұмысын
ұйымдастырады.
8.  Бағдарлама  үйлестірушісі  білім  алушылармен,  яғни  іріктеу  конкурсынан  өткендермен  үш  жақты  (білім
алушылар,  жіберуші  және  қабылдап  алушы  ЖОО  арасында)  келісім-шарт  жасауды  ұйымдастырады,  Ұлттық
компаниялар,  әлеуметтік  серіктестер  есебінен  білім  алуға  жіберілген  жағдайда  төрт  жақты  келісім  жасалады.
Келісімде міндетті түрде білім алушының жеке мәліметтерін (Т.А.Ж., жіберуші ЖОО, елі), оқып үйрену жолдарын
(қабылдап  алушы  ЖОО,  елі),  жеке  оқу  жоспарын:  пәндердің  тізімі,  оның  ішінде  қабылдаушы  ЖОО-да  оқу  үшін
таңдалған  пәндердің  коды  көрсетіліп,  кредит  саны  (ұлттық  кредиттік  жүйеге  сәйкес),  КАЕЖ  кредит  саны,  оқу
семестрі анық көрсетілуі қажет.
Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру төменде көрсетілгендей есепке сәйкес жүзеге асырылуы
мүмкін:
1.  Республикалық бюджет қаржысы есебінен;
2.  ЖОО-ның бюджеттен тыс қаржысы есебінен;
3.  ұлттық компаниялар гранты, әлеуметтік серіктестер, халықаралық қорлар ұсынған қаражаттан;
4.  білім алушының жеке қаражатынан.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларынан өту барысында студенттерде келесі қасиеттер қалыптасады:
  жаңа адамдармен қарым-қатынастың тиімді, жағымды стилі мен түрін таңдай білу іскерлігі;
  сыни тұрғысынан ойлау қабілеті;
  өз біліміндегі кемшіліктерді көру, олардың жою жолдарын табу білу дағдысы;
  оқуға деген мотивациясының артуы;
  өзін-өзі қабылдауың өзгерту, өзін-өзі басқару құзыреттілігінің қалыптасуы.
Академиялық ұтқырлық студенттердің төмендегідей мүмкіндіктерін дамытады:
  жоғары білім беру мекемесіндегі басқа жүйеде өзін сынауын;
  жақын облыстардан қосымша білім алуын;
  алға қойылған тапсырмаларды шешу үшін шетел оқыту зертханаларын және ғылыми орталықтарда қазіргі
техникалық жабдықтарды пайдалануын;
  шет тілдерін меңгеру дәрежесін жетілдіруін;
  қоршаған әлеммен қарым-қатынас жолын таңдауға икемделуін;
  салыстырмалы салада қабілетті ойлауын;
  мәдениаралық қарым-қатынаста қабілеттігін;
256
  өзін-өзі тану қабілеттілігін өзгертуін;
  басқа да мәдениеттерді білу және т.б. күшеюіне себепші болады.
Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін, білім беру және материалды-техникалық, ақпараттық және
интеллектуалды  ресурстарды  белсенді  қолдану  үшін  ұлттық  университеттердің  консорциумы  құрылады,  оның
мақсаты келісім-шарт негізінде бірлескен білім беру бағдарламасы мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып
табылады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенті академиялық ұтқырлық
бағдарламасына қатысу үшін ТҚЕЖ үйлестірушісіне төмендегідей құжаттарды тапсыруы керек:
білімалушыныңөтініші;
жекекуәлігініңнемесетөлқұжатының (ҚРтысаймақтардағы ЖОО барғанда) көшірмесі;
транскрипт;
У-086
үлгісіндегімедициналықанықтамажәнеқажеттіүлгідегіанықтама
(ҚРтысаймақтардағы
ЖОО
барғанда);
2 түрлі-түстіфотосурет.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына мүмкіндігіне қарай 2-3 курс студенттері қатысқаны дұрыс, басқа
жағдайда 2 семестрдегі 1-курс студенттері және 1-семестрдегі 4-курс студенттері қатыса алады.
Студент  академиялық  ұтқырлық  бойынша  алыс  шет  елдерге  шығатын  кезінде  шетел  тілі  бойынша
тестілеуден  өтеді.  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университеті  студенті  алыс  шет  елдермен
академиялық  алмасуға  оның  тілді  меңгеруі  В2  немесе  intermediate  деңгейінен  төмен  болмаған  жағдайда
жіберіледі.
Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университеті  студенті  академиялық  ұтқырлыққа  мына
жағдайларда қатыса алмайды:
1-курстың 1-семестрінде немесе 4-курстың 2-семестрінде оқыса;
академиялықборышыболса;
алысшетелдердегі ЖОО баратынкезіндетілдімеңгерудеңгейікөрсетілгендеңгейгесәйкескелмесе.[3]
Сонымен  қатар  академиялық  ұтқырлықтан  өтудің  басты  мақсатының  бірі  -  ол  престижді  білім  алу
негізінде болашақта жалақысы жоғары жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.
Әр түрлі елдің университеттерінен келген студенттердің ұтқырлығы ашық білім беру кеңістігінде
жобаланады, азаматтарды кәсіп таңдауында үлкен жетістікке жетуіне, университет түлектерінің жұмысқа
орналасу жүйесін жақсартуға, осы елдердің білім беру саласында мәртебесін жоғарлатуға мүмкіндіктер береді.
Бұл  тарихи  қадам  жоғары  білімнің  сапалылығын  және  жоғары  оқу  орындары  түлектерінің  бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Алдағы  он  жылда,  яғни  2020  жылға  дейін  еңбек  нарығының  қажеттілігін  қанағаттандыратын,  елдің
индустриалды-инновациялық дамуын нығайтатын, білім саласындағы күшті әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін
жоғары білім сапасының жоғары деңгейде болуына қол жеткізу.[4]
Әдебиеттер тізімі
1.
КОНЦЕПЦИЯ АКАДЕМИЧЕСКОЙ МОБИЛЬНОСТИ ҚазақстанРеспубликасы ЖОО-да
білімалатындардың академиялықұтқырлығытұжырымдамасы.19.01.2011ж., Астана.
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж. 7-желтоқсандағы № 1118 Жарлыгы.
3.
Қазақстан  Республикасы  ЖОО-да  білім  алатындардың  академиялықұтқырлығы  тұжырымдамасы  19  каңтар
2011 жыл.
4.
Эдыов Ж.М. Халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдастыру тақырыбындағы академиялық ұтқырлығы.
ӘОЖ(УДК)004.424
XML ҚҰЖАТЫН ТАЛДАУДА JAVA ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІН ҚОЛДАНУ
Сауханова Ж.С.  физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Сауханова М.С. информатика магистрі, аға оқытушы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Астана қаласы
saukhanova@mail.ru
World
Wide
Web
Consortiumконсорциумымен
W3C)таңбалаутілінің
синтаксис
ережелерініңжалпыжинағыретінде
Extensible  Markup  Language(
XML
–  кеңейтілмелі  таңбалау  тілі    қолданылуға
ұсынылған. XML тілі сыртқы жүйелермен құрылымы анықталған ақпараттар алмасу үшін қолданылады.
XML тілінің негізгі идеясы – тегтер көмегімен құрылымы анықталған ақпараттарды мәтіндік ағаш түрінде
анықтау.    Ағаш  құрылымы  бизнес-объетілерін,  ақпарат  конфигурациясын  жақсы  сипаттайды.  Кез  келген
технологияны  қолданып  мұндай  ақпараттарды  тез  құрып,  тез  талдау  жасауға  болады.    Сонымен  қатар
ақпараттардың XML тілінде берілуі бұл ақпарттардың оқылуын (human-readable) жеңілдетеді.
257
ЗаманауитехнологиялардыңбарлығыдерлікXML  тілімен  жұмыс  істеу  құралдарымен  жабдықталған.
Сондықтан  XML  тілі  мен  JAVA  тілінің  арасындағы  байланыстарды  ақпараттарды    құруда,  өңдеуде    қолдану
дағдыларын қалыптастыру болашақ мамандарды дайындауда өте қажет.
XML тілі мен JAVA тілінің арасындағы байланысты қарапайым мысал арқылы көрсетейік.
XML құжатын  құру үшін еркін таратылатын кроссплатформалы Eclipse IDE ортасында келесі амалдарды
орындаймыз.
1.  Eclipse IDE ортасында Java перспективасын таңдаймыз.
2.  File -> New -> Java Project әрекеттерін орындап, пайда болған терезеде проект есімін, мысалы, MyXmlProject
атауын  енгіземіз.  Нәтижесінде  Eclipse  IDE  ортасының  Project  Explorer  терезесінде  берілген  есіммен  аталатын
проект пайда болады.
3.  Project  Explorer  терезесінде  MyXmlProject  проектісін  таңдап,  New  ->  Other  нұсқауларын  орындап,  XML
бумасының  ішіндегі  XML  File  жолын  таңдаймыз.  Содан  соң  Next  ->  Next  батырмаларын  басу  арқылы  MyXml.xml
файылын    Create  XML  File  from  an  XML  template  жолын  таңдау  нәтижесінде  алдын-ала  анықталған  шаблон
көмегімен құрамыз.
Қарапайым XML құжаты  келесі түрде берілсін:
"1.0"
encoding=
"UTF-8"
"http://www.example.org/MyXMLSchema"
"1"
Философия Java. 4-е издание
БрюсЭккель
"2"
Объектно-ориентированное моделирование на С++
ИльяТруб
Әрбір  XML  құжаты    декларациядан  басталады.  Онда  кем  дегенде  XML  стандартының  версиясы
көрсетіледі.  Басқа  атрибуттар  ретінде  символдар  кодировкасы  және  сыртқы  байланыстар  көрсетіледі.  Біздің
жағдайда XML стандартының версиясы және символдар кодировкасы берілген. Декларация  тегтерінің
арасында орналасады.
Әрбір  XML  құжаты  тек  бір  ғана  түбір  элементінен  (root  element  немесе  document  element)    тұрады.
Жоғарыда келтірілген мысалда түбір элементі – books. Одан әрі пайдаланушыға қажетті XML элементтері - тегтер
құрылған. Олардың атрибуттары және мазмұны болады. Ашылатын тег элемент есімінен тұрады, мысалы ,
ал жабылатын тег   түрінде жазылады. Тег мазмұны деп ашылу және жабылу тегтерінің ішінде орналасқан
контентті  айтады.  Олар  мәтіндер,  кірістірілген  тегтер,  атрибуттар  болуы  мүмкін.  Атрибут  есімнен  және  мәнннен
тұрады,  атрибут  мәндері  апостроф  немесе тырнақшалар ішінде жазылу  керек.  Сонымен біздің  мысалда
атрибуты бар. Тег есімдері регистрді ажырататындығын ескеру керек (case-sensitive).
Атрибут xmlns:tns=
http://www.example.org/MyXMLSchema
есімдер кеңістігі үшін префикс енгізеді.
XML  –  құжатында  қандай  тегтер  болатындығын,  олар  өзара  қалай  байланысқандығын    анықтау  үшін
XSD схемасын құрамыз. Ол үшін Eclipse IDE ортасында келесі амалдарды орындаймыз.
1.  Project Explorer терезесінде MyXmlProject проектісін таңдаймыз.
2.  New  ->  Other  нұсқауларын  орындап,  XML  бумасының  ішіндегі  XML  Schema  жолын  таңдап,  MyXmlSchema.xsd
файылын құрамыз.
XSDсхемасы да XML – құжаты болып табылады.
<?xml version=
"1.0"
encoding=
"UTF-8"
<schema xmlns=
"http://www.w3.org/2001/XMLSchema"
targetNamespace=
"http://www.example.org/MyXMLSchema"
xmlns:tns=
"http://www.example.org/MyXMLSchema"
<element name=
"books"
<complexType>
<sequence>
<element name=
"book"
type=
"tns:Book"
minOccurs=
"2"
maxOccurs=
"unbounded"
</sequence>
</complexType>
</element>
<complexType name=
"Book"
<sequence>
<element name=
"title"
type=
"string"
<element name=
"author"
type=
"string"
258
</sequence>
<attribute name=
"id"
type=
"positiveInteger"
</complexType>
</schema>
XSD  схемасының  бірінші  жолында  XML  декларациясы  орналасқан.  Кез-келген  схеманың  түбір  элементі
schema деп аталады.
Атрибут
xmlns=
http://www.w3.org/2001/XMLSchem
a
келісім
бойынша
сәйкес
схемамен
анықталған
элементтер, атрибуттар және схемалар түрлері үшін есімдер кеңістігін береді.
Атрибут  targetNamespace=
http://www.example.org/MyXMLSchema
осы  схемада  анықталған    элементтер,
атрибуттар үшін есімдер кеңістігін береді.
Атрибут xmlns:tns=
http://www.example.org/MyXMLSchema
берілген  есімдер кеңістігі үшін префикс енгізеді.
Мазмұны  атрибуттардан  және  кірістірілген  элементтерден  тұратын  элементтер  күрделі  элементтер  деп
аталады.  Күрделі  элементтер  complexType  элементінің  көмегімен  анықталады,  name  атрибуты  типтің  есімін
береді.   sequence элементін элементтердің орналасу тәртібін көрсету үшін, сонымен қатар элемент типін көрсету
үшін      string,  boolean,  integer,  ID,  float,  gYear  сияқты  тағы  басқа  да  жәй  типтер  қолданылады.  minOccurs  және
maxOccurs  атрибуттары  элементтің  қайталану  санын  көрсетеді.  Келісім  бойынша  мәндері  бірге  тең,  элементтер
санының шектелмегендігін көрсету үшін maxOccurs атрибутының мәнін unboundedдеп беру керек.
Ендігі  кезек  осы  құрылған  XML  құжатының  дұрыстығын    және  XSD  схемасына  сәйкестігін  анықтауымыз
керек.
Ол  үшін  XML жадыда орналасқан  байттар  тізбегі  ретінде  берілгендіктен оны  одан  әрі  талдау  қажет.  Яғни
жолдар  жиынтығынан  программада  қолдануға  болатындай  деректерді  алу  керек.  ХML  әмбебап  формат
болғандықтан  оларды  өңдейтін  әмбебап  құралдар  -  XML-анализаторлары  бар.  Олар  парсерлер  деп  аталады.
Парсерлер - XML-құжатын талдай алатын әдістер жиынтығынан тұратын кітапхана (Java тілінде: класс).
Төменде XML-анализаторларының бірі SAX (Simple API for XML) парсерін қолданып,XML құжатының  XSD
схемасына сәйкестігін анықтау коды берілген [1].
packagekz.enu.parse;
importjava.io.IOException;
importjava.io.File;
importjavax.xml.XMLConstants;
importjavax.xml.transform.Source;
importjavax.xml.transform.stream.StreamSource;
importjavax.xml.validation.Schema;
importjavax.xml.validation.SchemaFactory;
importjavax.xml.validation.Validator;
importorg.xml.sax.SAXException;
publicclassParserSAX {
publicstaticvoid main(String[] args) {
String fileName="MyXml.xml";
String schemaName="MyXMLSchema.xsd";
Schema schema=null;
String language = XMLConstants.
W3C_XML_SCHEMA_NS_URI
SchemaFactory factory= SchemaFactory.
newInstance
(language);
File schemaLocation = new File (schemaName);
try {
BookErrorHandlerbh=newBookErrorHandler();
schema=factory.newSchema(schemaLocation);
Validator validator = schema.newValidator();
Source source = newStreamSource (fileName);
validator.setErrorHandler(bh);
validator.validate(source);
System.
out
.println (fileName + "  is valid");
}catch (SAXException e){
System.
err
.println(fileName + " is not valid because
"+ e.getMessage());
}catch (IOException e){
System.
err
.println(fileName + " is not valid because
" +e.getMessage());
Ұсынылған  кодтағы  BookErrorHandler  класы  XML  құжатының    дұрыстығын  тексереді.  BookErrorHandler
класының коды төменде келтірілген.
packagekz.enu.parse;
259
importorg.xml.sax.helpers.DefaultHandler;
importorg.xml.sax.SAXParseException;
publicclassBookErrorHandlerextendsDefaultHandler{
publicvoid warning (SAXParseException e){
System.
err
.println ("WARNING -  "+ e.getColumnNumber()+ " :
" +e.getLineNumber() + " - "+ e.getMessage());
publicvoid error (SAXParseException e){
System.
err
.println ("ERROR -  "+ e.getColumnNumber()+ " : "
+ e.getLineNumber() + " - "+ e.getMessage());
publicvoidfatalError (SAXParseException e){
System.
err
.println ("FATAL -  "+ e.getColumnNumber()+ " : "
+ e.getLineNumber() +" - "+ e.getMessage());
BookErrorHandler  класы  org.xml.sax.helpers.DefaultHandler  класының  мұрагері,    XML  құжатын  талдау
барысында  туындайтын  қателерді  өңдейтін  warning  (SAXParseException  e),  error  (SAXParseException  e),
(SAXParseException e) әдістерін анықтайды.
Бизнесте  деректер  әртүрлі  ақпараттар  көзінен  алынуы  мүмкін,  мысалы,  мәліметтер  қорынан,  web-
қосымшалардан, электорондық кестелерден, т.б. Осы әртүрлі ақпараттар көздері деректерді XML құжатын ретінде
сақтай  алады.  Сондықтан  деректер  алмасу  үдерісінде  платформаға  тәуелсіз    XML  тілінің  маңызы  өте  зор  және
болашақта да өсе бермек.
Жоғарыда  XML  құжатын  құру,  оған  сәйкес  XSD  схемасын  анықтау  және  олардың  дұрыстығын  JAVA
программалау тілінде берілген парсерлер  көмегімен талдау көрсетілді.
Әдебиеттер тізімі
1. Блинов И.Н., Романчик В.С. Java. Методы программирования. – Минск: издательство «Четыре четверти», 2013.-
896 с.
2. Б. Эккель. Философия Java. // СПб: Питер, 2001. – 880 с.
УДК  004.415.24
ИНФОРМАЦИОННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ
Сладкова М.Ю.,  Бекбаева З.А., Кабдолова А.Е.
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова г. Атырау
Түйіндеме
Ақпаратты  қорғау  -  ақпараттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  бағытталған  шаралар  кешені.  Тәжірибе
жүзінде  ақпаратты  қорғау  деп  деректерді  қолданылатын  ақпарат  пен  қорлардың  тұтастығын,  қол  жеткізулік
оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Ақпаратты қорғаудың маңызы - ақпараттың
сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің алдын алу үшін жүргізілетін шаралар
кешені.   </attribute></element></element></element></book></author>
Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз
Басты бет