Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»



Pdf көрінісі
бет42/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56

 
Список литературы 
1.  www.krugosvet.ru/enc/kultura.../KLASSIFIKATSIYA_YAZIKOV.html.ru.wikipedia.org/wiki/Генетическая_классифика
ция_языков 
2.  www.krugosvet.ru/enc/kultura.../KLASSIFIKATSIYA_YAZIKOV.htmlna-zakaz-
diplom.ru/.../tipy_klassifikatsii_yazykov_mira_sravnitelnaya.ht.Классификация языковtapemark.narod.ru/les/228a.html 
3.  Дьячок М. Т., Шаповал В. В.  
Генеалогическая классификация языков
. — Новосибирск: НИЭПП, 2002. — 32 с. 
4. 
Иванов Вяч. Вс.
  
Генеалогическая классификация языков
 // Лингвистический энциклопедический словарь. — 
М.: Сов.энциклопедия, 1990. — С. 93—98. — 
ISBN 5-85270-031-2
 
5. 
Классификация языков и московская школа компаративистикиПолит.ру
, «Вести FM». 2011 
6. 
Старостин Г. С.
  
Как создается единая классификация языков мираПубличные лекции «Полит.ру»
, 2010 

249
 
 
7.  Dalby  David.   The  Linguasphere  Register  of  the  World’s  Languages  and  Speech  Communities.  First  Framework 
Edition. Hebron (Wales): Linguasphere Press (Gwasg y Byd Iaith), 2000. 
Описание по-русски
 
8.  Сулейманов  Д.Ш,  Гатиатуллин  А.Р.,  Гильмуллин  Р.А.,  Аюпов  М.М.  К  разработке  татарско-турецкого 
машинного переводчика. Труды I международной конференции  «Компьютерная обработка тюркских языков». 3-
4 октября, 2013 г., Астана, 2013. с. 271-277. 
9.  KarşilaştirmaliTürkLehçeleriSözlüğü/ 
(
KılavuzKitap

Prof.Dr. 
AhmetBicanERCİLASUN, 
Doç.Dr. 
AlaeddinMehmedoğluALİYEV, 
Doç.Dr. 
Almas 
ŞAYHULOV, 
Prof.Dr. 
 
ErdenZadaulı 
KAJIBEK, 
Doç.Dr. 
KadiraliKONKOBAYUULU,  Doç.Dr.  BerdakYUSUF,  Doç.Dr.CebbarmehmetGÖKLENOV,  Doç.Dr.  ValeriyUyguroğluMAHPİR, 
Doç.Dr. Ali ÇEÇENOV/ KültürBakanlığı, 1991,ANKARA-1183 s. 
10.  Труды  I  международной  конференции  «Компьютерная  обработка  тюркских  языков».  3-4  октября,  2013  г., 
Астана, 2013.-345 с. 
 
 
ӘОЖ 37.091.39: 51 
СӨЖ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Наурызова Н.К., Әлиева А.О. 
 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ. 
 
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл  студенттің  дидактикалық  тапсырмаларды өзінше  орындауға, танымдық 
әрекеттерге  қызғушылығының  қалыптасуына  және  нақты  бір  ғылым  саласында  білім  жинақтауына  бағытталған 
студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. 
Студенттің өзіндік жұмысы студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал 
ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің 
белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді 
және меңгереді. 
Оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде төмендегі мәселелерге аса назар аудару қажет: 
 
тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына; 
 
лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал етуіне; 
 
СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына; 
 
СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына; 
 
СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.  
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеттері мыналар: 
  студенттерге  оқу-әдістемелік  материалдар  мен  құралдарды  қамтамасыз  ету  және  пән  бойынша  анықтама, 
қосымша материалдарды қамту; 
  өзіндік жұмыстарының сапасын анықтау; 
  студент алған нақты білім аясында өз бетінше ізденуі мен шығармашылықтарын бағалау; 
  өзіндік жұмыстардың бақылау түрлерін нақтылау. 
Оқытушы  студенттердің  өзіндік  жұмыстарында  мынадай  педагогикалық  шарттарды  ұстанса,  табысты  нәтижеге 
жетеді: 
  оқытушының нақты тапсырмалар беруі; 
  жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; 
  орындау үшін студенттерге қызықты және өзекті тақырыпты таңдау мүмкіндігін беру; 
  тапсырманы орындауға қажет әдістерді өз еркімен пайдалануын жүзеге асыру; 
  өзіндік жұмысты орындауда студенттің белсенділігін арттыру, қолдау, демеу; 
  өзіндік жұмысты орындауға оқытушының барлық уақытта кеңес беруі; 
  студенттердің орындаған жұмыстарына өзара өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу; 
  өзіндік тапсырмаларды орындауда студенттердің шығармашылық қабілеті мен әрекеттерін есепке алу; 
  жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы; 
  жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу. 
Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау критерийлері (талаптары):  
 
  әдебиеттермен жұмыс істей білу; 
  негізгі тақырыпты толық және түпкілікті баяндау; 
  шешімдер шығару; 
  тақырыпты анализдеу; 
  қолданылған әдебиеттер тізімін жазу. 
Оқытудың  мақсат  міндеттеріне  және  пәннің  мазмұнына,  оқыту  әдістерінің  ерекшеліктеріне,  студенттің  даму 
дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы - сабақ 
мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар: 
  жаңа білімді меңгеруі; 
  жаңа білімді бекіту; 
  білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру. 

250
 
 
Студенттің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  жоғарғы  оқу  орындарындағы  негізгі  нормативті  құжаттармен 
сәйкестендіріліп, жүзеге асады.  
Студенттің өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен және басқа да 
ақпарат  көздерімен  жұмыс  жасау,  бақылау  жұмысы,  есеп  шығару,  мәнжазба,  эссе  жазу,  эксперимент  жүргізу, 
презентациялар даярлау, сөзжұмбақ құрастыру т.б.  
 
Эссе – бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссенің мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу 
және  өз  бетімен  шығармашылық  ойлау  дағдыларын  дамыту.  Эссе  жазу  студентке  өз  ойын  дәл  және  сауатты 
жеткізуге  үйретеді,  ақпаратты  жүйелеуге,  талдаудың  негізгі  категорияларын  қолдануға,  себеп  –  салдар 
байланыстарын  бөлу,  қажетті  мысал  келтіру,  өз  қорытындыларын  дәлелдеу,  сөйлеудің  ғылыми  стилін  үйренуге 
дағдыландырады. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Тақырып ерекшелігіне қарай, эссе 
түрлері қомақты деңгейлік болу мүмкін. 
 
Эссе субъективті және объективті болып екі түрге бөлінеді. Субъективті эссенің негізгі мақсаты авторды жан- 
жақты  ашу,  таныту  болса,  объективті  эссе  белгілі  бір  ғылыми  тақырып  бойынша  автордың  көзқарасын  ашу, 
танытуды мақсат етеді. 
Эссенің құрылымы: 
  кіріспе (эссенің 30% көлемі, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі); 
  негізгі  бөлім  (эссенің  60%  көлемі,  тақырыпқа  сәйкес  бар  біліміңізбен:  теория,  фактілер,  идея,  ақпараттар, 
ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз); 
  қорытынды (эссенің 10% көлемі, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы); 
Эссені бағалау деңгейі: 
  тақырыптың өңделу деңгейі; 
  тақырыпқа байланысты арнайы оқулықтармен қамтылуы; 
  қорытындылардың ғылыми жағынан дәлелділігі; 
  баяндаманың сауаттылығы; 
  жұмысты дайындау ұқыптылығы. 
«Информатика» пәні барлық мамандықтарда оқу пәні ретінде маңызды орын алады. Бұл пәнді оқыту барысында 
Microsoft  Office  бағдарламалары  MS  Word,  MS  Excel,  MS  Power  Point,  MS  Access  және  информатиканың  жалпы 
теориялық негіздері қарастырылады. 
Microsoft  Excel  ортасының  мүмкіндіктері  арқылы  көптеген  математикалық  амалдарды,  күрделі  есептерді 
жеңілдетумен  қатар  сөзжұмбақ  құрастыру,  тест  тапсырмаларын  жасау  сияқты  жұмыстардың  нәтижесіне  қол 
жеткізуге  болады.Excel  мүмкіндігінің  көпжақтылығы  тек  математика  саласында  ғана  емес,  ғылыми  зерттеу, 
әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады. 
Пән  бойынша  өзіндік  жұмыстың  бірі  -  «Excel  электрондық  кестесі  ортасында  сөзжұмбақ  құрастыру».  Ал 
жалпы  сөзжұмбақ  құрастыру,  оны  шешу  студенттердің  ойлау  қабілетін  шыңдайды,  табандылыққа,  төзімділікке, 
тапқырлыққа,  шапшаңдыққа  үйретеді,  алғырлық,  есте  сақтау  сияқты  қабілетін  арттырып,  өздігінен  ізденуге 
итермелейді.  Студент  осы  өзіндік  жұмыста  сөзжұмбақ  құрастыра  отырып,  тақырып  төңірегінде  мағлұматтарды 
толықтырумен  қатар  Excel  ортасының  мүмкіндіктерін  жетілдіре  түседі және  пәнге  деген  қызығушылығы  артады. 
Төменде осы тақырып бойынша жұмыстың орындалу ретін беріп отырмыз. 
 
MS Excel электрондық кестесін жүктеңіз: Пуск–Программы– Microsoft Office – Microsoft Excel
 
Сөзжұмбақ  тақырыбын  жазу  үшін  бір  немесе  екі  жолды  қалдырып,  мәтін  жазатын  ұяшықтарды  біріктіріңіз. 
(Главная-Выравнивание-Переносить по словам) 
 
Сөзжұмбақтың  макетін  жасап  алыңыз.  Ол  үшін  қажет  ұяшықтарты  ерекшелеп,  ұяшық  шекарасын  таңдаңыз 
(Главная-Формат ячеек-Границы). 
 
Қажет  деп  тапсаңыз,  құю  (Заливка)  функциясын  қолданып,  қажет  аралықтарды  әр  түрлі  түстермен 
ерекшелеп бояп қоюға болады. 
 
Әрбір ұяшықтың ені мен биіктігін бірдей етіп таңдаңыз. Ол үшін қажет ұяшықтарды ерекшелеп, тышқанның 
оң  жағын басып ВЫСОТА СТРОКИ немесе ШИРИНА СТОЛБЦА таңдап, қажет мәнін енгізіңіз. 
 
Сөзжұмбақ  сұрақтарын  енгізіңіз.  Қажет  болған  жағдайда  сөйлемді  бірінің  астына  бірін  түсіріңіз  (Главная-
Выравнивание-Переносить по словам). 
 
Студент  жауабын  таңдаңыз.  Ол  үшін  мәтіндік  мәліметтермен  жұмыс  жасайтын  СЦЕПИТЬ  функциясын 
пайдаланамыз. (Формулы-Вставить функцию-Категория-Текстовые-Сцепить) командасын орындаймыз. 
 
Студенттің жауабы бағанына =СЦЕПИТЬ (бірінші әріпі бар ұяшық;екіншіәріпі бар ұяшық;үшіншіәріпі 
бар 
ұяшық; 
т.с.с.;) 
формуласын 
қолданамыз. 
Мысалы: 
=СЦЕПИТЬ(C10;C11;C12;C13;C14;C15;C16;C17;C18;C19;C20;C21).  
 
Жауаптың  дұрыстығын  тексеру  үшінЕСЛИ  функциясын  қолданамыз,  яғни  =ЕСЛИ(дұрыс  жауабы  бар 
ұяшық=студенттің  жауабы  бар  ұяшыққа;1;0)  жазамыз.  Сонда  егер  жауап  дұрыс  болса,  1  балл,  кері 
жағдайда 0 балл қойылады. Мысалы: =ЕСЛИ(V4="салыстырмалы";1;0).  
 
Дұрыс  жауаптар  санын  табу  үшін  СУММ  функциясын  пайдаланамыз,  яғни  =СУММ(дұрыс  жауабы  бар 
бірінші ұяшық: дұрыс жауабы бар соңғы ұяшық). 
 
Пайыздық  көрсеткішті  есептеу  үшін  дұрыс  жауаптар  санын  100%-ға  көбейтіп,  сұрақтар  санына  бөлеміз. 
Мысалы: =W19*100/16
 
Егер сөзжұмбақ шешу барысында комментарий бергіңіз келсе, онда тағы да ЕСЛИ функциясын қолданамыз. 
Ол үшін дұрыс жауаптар санын, оның жартысын және ¾ бөлігін пайдалана отырып, қажет сөзді ұяшыққа шығара 
аламыз,  яғни  =ЕСЛИ(дұрыс  жауаптар  саны=0;"Әлі  дұрыс  жауап  жоқ";ЕСЛИ(дұрыс  жауаптар  саны 

251
 
 
<8;"Орташа";ЕСЛИ(дұрыс  жауаптар  саны  <12;"Жақсы!";"Өте  жақсы!Жарайсың"))).  Мысалы: 
=ЕСЛИ(V39=0;"Әлі дұрыс жауап жоқ";ЕСЛИ(V39<8;"Орташа";ЕСЛИ(V39<12;"Жақсы!";"Өте жақсы! Жарайсың!!!"))) 
 
 
 
Бір  ерекшелігі  ұяшықтарға сөзжұмбақ жауаптарын  енгізе  бастағаннан-ақ  барлық  есептеулер  іске  қосылады, 
яғни студенттің жауабы, жауаптың дұрыстығы,  дұрыс жауаптар саны,  пайыздық көрсеткіш және комментарий де 
беріледі. 
 
 
 
Қорыта келгенде Excel ортасында сөзжұмбақ құрастыру студенттер үшін өзіндік жұмыстың ерекше бір 
түрі болып табылады. Бұның ерекшелігі орындаушы сөзжұмбақ нәтижесін дәл сол уақытта біліп, қатесін түзей 
білуінде.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Ерекешева М.М. және т.б. Информатика. Оқу құралы, -Ақтөбе: Литер-А, 2007 
2.  Под ред. С.В.Симоновича. Информатика Базовый курс, учебник для вузов. «Питер»2002.-640 с. 
3.  Тасмамбетов Ж.Н. Информатика оқу құралы.-Ақтөбе: Ж.Ж.Жанәділов баспахансы, 2008. 
4. 
http://www.proshkolu.ru/
 
 
 
 
 

252
 
 
ӘОЖ 004.43  
 
СЫЗЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ  БҮТІНСАНДЫ  ЕСЕБІН ШЕШУДІҢ «ҚИЫПТАСТАУ» ӘДІСТЕРІ 
ҮШІН ГОМОРИДІҢ 1- АЛГОРИТМІН ІСКЕ  АСЫРУ 
 
Б.С.Салтанов
 
 
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қ. 
 
Аңдатпа 
Сызықтық  жоспарлаудың толық  бүтінсанды және  дискретті есептері  үшін жасалған  қиып  тастау  әдісінің 
жалпы сұлбасының іске асырудың Гомори алгоритмі қарастырылған. Мұнда айнымалылары бүтінсанды (дискретті) 
мәнге  ие  болатын  дискретті  бағдарламалаудың  есептері,  яғни  математикалық  бағдарламалаудың  есептері.  
Мұндай  типті  есептердің  математикалық  бағдарламалаудың  есептеріне  қарағандағы  түбегейлі  өзгешелігін  атап 
өтілген.  Негізгі мақсат  таңдаудың көлемін қысқарту болып табылады. 
Дискретті  бағдарламалаудың  есептерін  шешу  барысында  пайда  болатын  көптеген  мәселелер  шешудің 
жасалған тиімді әдістерінің көбісі сызықты мақсатты функциялары мен  шектеулері бар есептерге бағытталған
 
 
Қиып  тастау  әдістерінің  алгоритмдері  сызықтық  бағдарламалаудың  толық  немесе  жартылай  бүтінсанды 
және  дискретті  есептері  үшін  жасалған.  Қиып  тастаудың  жалпы  сұлбасының    мәні  бүтінсанды  (дискретті) 
сызықтық бағдарламалаудың есебін шешуден (БСБ) - “Ω
ц
F – есебінен” – сызықтық бағдарламалау (СБ) есептерінің 
тізбегін – “Ω
k
F – есептерін”  k=0,1,2,… шешуге көшу болып табылады. 

0
F – есебі Ω
ц
F – есебінен бүтінсандық  талабын алып тастаумен алынады. 
Әрбір келесі  k-  есеп алдыңғы (k-1)-есебінен  оның  мүмкін  болатын шешімдердің облысын анықтайтын шарттарға 
тағы да бір дұрыс қиып тастау деп аталатын шектеу қосылуынан туындайды. 
Әрбір  k-(k  =  0,1,2,  .  .  .)  СБ  есебін  шешкеннен  кейін  алынған  тиімді  шешім  бастапқы  Ω
ц
F-есебінің 
шартарын  қанағаттандыратындығы  тексеріледі.  Оң  жауап  болса,  Ω
k
F-есептерін  шешудің  итерациялық  үрдісі 
аяқталады – алынған СБ есебінің тиімді шешімі бастапқы есептің шешімі болып табылады. 
Әрбір  k-  СБ  есебінің  шешімі  k-  үлкен  итерация  деп  аталады.  Анықталған  шарттарды  орындағанда 
бастапқы  есептің  шешімі  итерациялардың  ақырғы  санынан  кейін  алынатындығы  дәлелденген.  Егер    есептерінің 
шешімі  болмаса,  онда  бастапқы  есептің  де  шешімі  жоқ  болады.  Алгоритмнің  блок-схемасы    1-  суретінде 
көрсетілген. 
 
 
1 сурет  – Алгоритмнің блок-схемасы 
 
Қосымша шектеулер – дұрыс қиып тастаулар – болу керек: 
-  сызықты болуы, 
-  «қиып  тастау»  болуы,  яғни  мүмкін  болатын  шешімдердің  облысынан  бастапқы  есептің  талаптарын 
қанағаттандырмайтын СБ есебінің тиімді шешімін қамтитын бөлігін қиып тастау; 
Ақпаратты 
енгізу 
k:=0 
Ω
k
F-есебінің шешімі 
k:=k+1 
Қиып 
тастаудықұру 
Дұрыс қиып тастау 
үшін жол таңдау 
Х*(Ω
k
F) - 
бүтін 
Есептің 
шешімі бар 
Нөмірін есте сақтау 
Шешімді 
шығару 
Ω
k
F-есебінің шешімі 
жоқ 
Соңы 





253
 
 
-  «дұрыс»  болуы,  яғни  қиып  тасталынатын  облыста  бастапқы  есептің  мүмкін  болатын  шешімдерінің  облысына 
жататын ешбір нүкте қамтылмауы керек. 
Қиып тастаудың үш алгоритмі белгілі: 
1)  Бүтінсанды СБ есебін шешудің   Гоморидің 1-алгоритмі, 
2)  Жартылай бүтінсанды СБ есебін шешудің 2-ші Гомори алгоритмі, 
3)  Дискретті СБ есебінің шешудің Дальтон-Ллевилин алгоритмі. 
Осы әдістерден  бүтінсанды СБ есебін шешудің   Гомори ұсынған 1-алгоритмін қарастырамыз.  
Гоморидің бірінші алгоритмі.  Дұрыс қиықтың құрылуы БСБ есебін мына түрде жазамыз: 
max
1
)
(




n
j
j
x
j
c
x
f
 
m
1,
i
 
i
b
n
1
j
j
x
ij
a




,
,                                              (1) 
n
1,
j
 
x
j

 ,
0
,  
n
1,
j
 
бутiн,
 
-
 
x
j

 
 
мұндағы, x
i
– СБ есебі тиімді шешімінде бүтін емес координата. 
НБ– СБ есебі соңғы симплекс-таблицасының (тиімді шешімге сәйкес) базисті емес айнымалылар жиынтығы 
деп белгілеп алайық. 
x
i
базисті емес айнымалылар бойынша ыдырату мына түрде болады: 




НБ
j
j
x
j
i
x
i
x
i
x
,
0
,
(2)      
 
[x
i
]x
i
,{x
i
}= x
i
-[x
i
] аспайтын бүтін сан екенін белгілейік.  Гомори алгоритмі үшін келесі теорема  орынды.
 
 
Теорема 1. 
























НБ
i
j
x
j
i
x
i
x
i
z
,
0
,
 
 
Гоморидің 1- алгоритмінің дұрыс қиығы болып табылады, мұндағы 
 














j
i
x
i
x
,
i
 ,
0
,
0


 
 
БСБ есебін Гоморидің 1- алгоритмімен шешу мысалы. 
f (x) = 4x
1
+ 5x
2
+ x
3
max 
3x1 + 2x
2
 ≤10; 
x
1
 + 4x
2
≤11; 
3x
1
+ 3x
2
+ x
3
≤3; 
x
j
≥ 0, x
j
 - бүтін, j = 1,3. 
Бүтінсандықтың  талаптарын  тастау  арқылы  СБ  есебін  симплекс-алгоритмі  көмегімен  шешеміз.  Соңғы 
симплекс-таблица мынадай түрде болады: 
2.1 к е с т е – Симплекс-кесте 
№п/п 
Базис 
С
баз 
А

С

С

С

С

С


А

А
2
 
А
3
 
А
4
 
А
5
 

А
1
 

9/5 



2/5 
1/5 


А
2
 

23/10 



-1/10 
3/10 


А
3
 

7/10 



-9/10 
-3/10 

 

 
194/10 



2/10 
4/10 

 
Осылайша, Ω
0
F – есебі тиімді шешімі  
x = ( 9/5, 23/10, 7/10, 0, 0 ), f =194/10 . 
Барлық үш координаталар бүтін емес. Дұрыс қиық құру үшін x
3
 координатасын таңдаймыз. 
Сонда  (2) сәйкес  [x
30
] = 0,   {x
30
} = 7/10; 
 
[x
34
] = -1, {x
34
} = 1/10;  
 

254
 
 
[x
3,5
] = -1, {x
3,5
} = 7/10. 
 
(z 
i
)  жаңа  айнымалыны  x
n+k+1
  сияқты  белгілейміз,  мұнда  k  -  Ω
k
F  есебінің  нөмірі.  Сонда  дұрыс  қиық  үшін  мынаны 
аламыз: 
.
10
7
10
1
10
7
10
7
10
1
10
7
5
4
5
4
7















x
x
x
x
x
 
 
Соңғы симплекс-таблицаға Ω
0
Fесебінің жаңа мәнін жаза отырып, Ω
0
Fесебінің бірінші симплекс-таблицасын 
аламыз. 
1-Симплекс-кесте 
№п/п 
Базис 
С
баз 
А

С

С

С

С

С

С


А

А
2
 
А
3
 
А
4
 
А
5
 
А


А
1
 

9/5 



2/5 
-1/5 



А
2
 

23/10 



-1/10 
3/10 



А
3
 

7/10 



-9/10 
-3/10 



А
7
 

-7/10 



-1/10 
-7/10 

 
 

 
194/10 







 

1
F есебін шешу. -7/10 мүмкін емес шешім болғандықтан, А
7
векторын енгіземіз.А
5
енгіземіз. 
Есептеуді жалғастыра отырып, 2- кестесінде көрсетілген нәтижені аламыз. 
2.  – Симплекс-кесте 
№п/п 
Базис 
С
баз 
А

С

С

С

С

С

С


А

А
2
 
А
3
 
А
4
 
А
5
 
А


А
1
 


 
 
 
 
 
 
 

А
2
 


 
 
 
 
 
 
 

А
3
 


 
 
 
 
 
 
 

А
5
 





17 

-10/7 
 
 

 
19 



13/70 

40/70 

 
x={2,2,1}, f(x) = 19 алғашқы есебінің тиімді шешімі. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Дроздов Н.А. Алгоритмы дискретного программирования. Тверь.-2002г. 
2.  Козлова Н.В. Дискретное программирование экономической информации обработки данных. М.-1988г. 
3.  Сигал И.Х., Иванова А.П. Введение в прикладное дискретное программирование. М.:ФИЗМАТЛИТ, 2002. 
4.  Данциг Дж. Линейное программирование. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет