Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»



Pdf көрінісі
бет50/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56

 
Әдебиеттер тізімі 
1  Информационные системы и технологии в экономике и управлении: уч.пособие / под ред. В.В. Трофимова. – 
М., Высшее образование, 2007. -100  с. 
2  Информационные технологии в бизнесе / под ред. М. Желены. – Серия «Бизнес–класс». – СПб, Питер, 2002. – 
1120 с. 
3  Бочаров  Е.П.,  Колдина  А.И.  Интегрированные  корпоративные  информационные  системы.  –  М.,  Финансы  и 
статистика, 2005. – 112 с. 
4  Колесников  С.  Н.  Инструментарий  бизнеса:  современные  методологии  управления  предприятием.  –М., 
«Статус–Кво 97», 2001. – 336 с. 
5  Ниязова  Р.С.  Тармақталған  корпоративті  ақпарат  жүйесінің  өнімділігін  арттыру  әдістері.  Ғылым  канд. 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы:  2010. 28 б.  
6  Шуремов  Е.Л.,  Чистов  Д.В.,  Лямова  Г.В.  Информационные  системы  управления  предприятиями.  –  М., 
Бухгалтерский учет, 2006. –237 с. 
7  Информационные технологии управления: уч. пособие для вузов / под ред. проф. Г.А. Титоренко. – 2–е изд. – 
М., ЮНИТИ, 2003. – 365 с. 
8  Гаврилов Д. А. Управление производством на базе стандарта МКР ІІ – СПб: Питер, 2008. – 320 с.  
9  Романов  А.Н.,  Одинцов  Б.Е.  Информационные  системы  в  экономике:  2–е  издание.  –  М.,  Вузовский  учебник, 
2008. –320 с. 
10  Шарипбаев  А.А.,  Ускенбаева  Р.К.,  Куандыков  А.А.  Аналитические  исследования  работоспособности  РКС  // 
Труды  I–ой  Международной  научно–практической  конференции  «Повышение  качества  преподования 
информационных технологий в вузах: пути и возможности». – Алматы, НТИЦ КазНТУ, 2010. – Ч. 1. -С. 296–299. 
11  Ниязова  Р.С.  Модели  и  методы  моделированияКИС  (Корпоративные  Информационные  Системы)  //Ізденіс. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. -Алматы, 2010. №3(1).- 232-237 б. 
12  Ниязова  Р.С.  Таратылған  ақпарат  жүйелерінің  сенімділігін  қамтамасыз  ету  жолдары  //  Халық  тұтынатын 
тауарлардың  инновациялық  технологиясы,  сапасы  және  қауіпсіздігі:  халықаралық  ғыл.-тәж.  конф.  матер.  - 
Алматы, АТУ, 2010. - 16-17 маусым. 294-297 б. 
13  Ниязова  Р.С.  Таратылған  ақпараттық  есептеуіш  жүйе  (ТАЕЖ)    атқарылымының    беріктігін  қамсыздандыру 
міндеттерін шешу модельдері мен әдістері  //Қ Сәтбаев атындағы ҚазҰУ хабаршысы.  - Алматы: КазҰТУ, 2010. -
№6(82). 93-97 б. 
14  Кульгин М. Технология корпоративных сетей. Энциклопедия. –СПБ., Питер, 2000. – 704 с. 
 
 
 
 

294
 
 
ӘОЖ 004.42 (076.1) 
ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЕСЕПТЕРІН МОДЕЛЬДЕУ  
НЕГІЗІНДЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ  
 
Ғылыми жетекші: д.п.н.,доцент Рахимжанова Л., Абирова А.Қ. 
Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Магистратура және PhDдоктарантураинститутының 1 курс магистранты 
 
Түйіндеме  
 
Мақалада  математикалық  модельдің  аналитикалық  құру  принципін  алайық,  оның  ішінде  оңтайландыру 
есептерін  мектеп  оқушыларына  оқытудың  модульдік  технологиялары  арқылы  жетілдіру  мәселелері 
қарастырылады. 
Резюме  
В  статье  рассмотренысоздание  аналитических  принциповматематическоймодели,  в  том  числе 
рассматривает 
усовершенствования 
задач 
оптимизациидля 
учеников 
школы 
через 
модульнуютехнологиюобучения. 
Summary  
In  this  article  we  take  the  creation  of  mathematical  models  of  analytical  principles,  including  account  optimization 
considers the improvement of technology through modular training to the students of the school 
 
Қазіргі  кезде  мемлекет  алдында  білімді,  іскер,  білікті,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  орта  буын 
мамандарды  тәрбиелеу  қажеттілігі  туындап  отыр.  Осыған  байланысты  білім  беру  жүйесінің  жаңаруы  заман 
талабына  айналып  отыр,  әсіресе  ол  информатикалық  мектептің  профилді  курсына  қатысты.  Ал  оқушылардың 
интеллектуалдық  қабілеттерін  анықтап,  оны  оданәрі  дамытуда  оқыту  технологияларының  маңызы  зор. 
Технология ұғымына әртүрлі анықтама беріледі. Соның біреуін келтіретін болсақ: 
Педалогиялық  технологиялар  –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттармен  біріктірілген  пәндер  мен 
әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, 
мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, 
ақыр  аяғында  оқушының  дамуына  жағымды  жағдайлар  жиынтығын  құрайды.  Жаңа  білім  парагдимасы  бірінші 
орынға баланың білімін ғана емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр [1]. 
Бүгінгі  таңда  оқытушылар  өз  тәжірибелерінде  әр  түрлі  оқыту  технологияларын  қолдануда.  Бұл  оқыту 
технологиясының  ерекшелігі  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық  процестерді  дамытуға,  сондай-ақ 
тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-өзі  өзектілендіру,  өзін-өзі  бекіту,  қарым-қатынас,  ойын  танымдық  және 
шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады. Солардың бірі – 
модульді-блоктік технология.  
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың күннен-күнге дамып, өндірісте қолданылуына байланысты 
компьютермен  модельдеуге  деген  сұраныстың  арта  түскені  анық.  Осы  мәселені  шешуде  алдыңғы  кезекте 
мамандардаярлаудың алатын орны ерекше. 
Қолданбалы  есептерді  шешуде  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялардың  қолданылуы 
модельдеу  алгоритмі  негізінде  жүзеге  асырылады.  Қолданбалы  есеп  алдымен  формалды  математикалық  тілге 
аударылып, оның нақты объект, үдеріс немесе жүйелерге арналған математикалық модельдері құрылуы қажет. 
Бұл  мақалада  модельдеудің  әмбебап  түрлерінің  бірі  математикалық  моделдеуді  қарастырайық.  Ол 
моделденетін  физикалық  үдеріске  физикалық  модель  құрмай-ақ,  объект  жөнінде  мағлұмат  алуға  мүмкіндік 
беретін математикалық  қатынастар жүйесін сәйкестендіреді.2 
Математикалық  модель  математикалық  терминдермен  берілген,  формула  немесе  теңдеулермен 
өрнектелген  және  түпнұсқаның  маңызды  сипаттамаларын  (белгілерін)  сақтайтын  нақты  объектілер,  үдерістер 
немесе жүйелердің түпнұсқасына жуық ұсынылуы болып табылады [2]. 
Біздің  мақсатымыз  математикалық  модельдің  аналитикалық  құру  принципін  алайық,  оның  ішінде 
оңтайландыру есептерін мектеп оқушыларына оқытудың модульдік технологиялары арқылы жетілдіру. 
Математикалық  модельдеу  тақырыбын  өткенде  сабақтан  жалпы  мақсаты  оқушыларға  оңтайландыру 
есептерін  модельдеуді  меңгерту,  танымдық  белсенділіктері  мен  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру, 
пәнаралық байланысты дамыту. 
Модульді-блоктік  технология – жеке бағдарлы  технология, өйткені  ол  әр оқушыға өз  мүмкіндігіне қарай 
жұмыс  істеуіне,  әр  түрлі  әрекетте  өзін-өзі  көрсете  білуіне  толық  жағдай  жасайды.  Модульді-блоктік  оқытуда 
міндетті түрде оқу материалының мазмұны блокпен беріледі. «Блок», «модуль» ұғымы бірінің орнына бірі жұмсала 
береді,  екеуі  де  ірілендіріліп,  ықшамдалып  берілген  оқу  материалының  бөлігі.  Модульдік  технологияның 
теориялық  негіздеріне  тоқталған  шетел  ғалымдарының  (И.Б.Сенновский,  П.И.Третьяков,  Т.И.Шамова, 
П.А.Юцявичене  т.б.)  және  қазақстандық  ғалымдардың  (К.Жаксылықова,  З.Бейсенбаева,  М.Жанпейісова  т.т) 
зерттеу  еңбектері  бар.  Осы  еңбектерге  сүйене  отырып,  модульді-блоктік  технология  арқылы  оңтайландыру 
есептерін модельдеуін оқытудың мынадай мүмкіндіктерін атап айтуға болады.  
Пәннің  мазмұны  біршама  аяқталған  бірнеше  бөліктерге  (модульге)  бөлініп  беріледі,  ол  бөліктер 
ақпаратты  жіктеу  (теориялық  материалды)  көзі  және  оны  іс  жүзінде  қолданудың  әдістемелік  нұсқауы  қызметін 
атқарады. Оқытушы мен оқытушы субъект-субъектілік қарым-қатынасқа түседі, оқушы модуль мазмұнын игеруде 
өзінің  барлық  мүмкіндігін  пайдаланады,  өз  бетімен  ізденеді,  білімін  толықтырады,  өзін-өзі  бағалайды,  яғни 

295
 
 
қабілетін, игерген білім деңгейін байқайды. Модульдік оқытуды ғалымдар «адамның өзін-өзі дамытуы, оқу арқылы 
өсу,    алға  жылжу  мәселесінің  шешімін  табудағы  ең  тиімді  жол»  деп  бағалайды.  Ондай  тұжырым  модульдің 
мынадай артықшылықтарының негізінде жасалып отыр.  
Модульдің өзіне тән құрылымы болады. Ол құрылым мынадай: 
   1.Әрекеттің жоспары жасалады. Оны жасау үшін 
   - Модульдің (бөліктің) басты идеясын айқындау; 
   - Оқу материалының мазмұнын блокқа бөлу; 
   - Басты мақсатты айқындау; 
   -  Басты  мақсаттан  шығатын  нақты  мақсатты  айқындау,    модульді  құрастыру  нақты  мақсатты  бірнеше  жеке 
мақсаттарға бөлу, мөдульдің оқу элементтерін нақтылау. 
2. 
Ақпарат  блогі,  яғни  оқу  материалының  мазмұны  беріледі.  Ол  модульдің  басты,  нақты  мақсаттарына  сай 
болады. 
3. 
Оқу  материалының  мазмұнын  тиімді  игерудің  жолдарын  көрсететін  әдістемелік  нұсқау,  ол  жазбаша  түрде 
беріледі. Онда оқу материалының мазмұнын қалай тиімді игеруге болатындығы, тапсырманы орындаудың жолы, 
қажетті материалды қайдан табуға болатындығы т.т.көрсетіледі. 
Біздің курсымыз келесі модульден тұрады: 
1) Математикалық модель құру. Осы модульдің ішінде келесі блоктарға бөлінеді: 

нақты объект немесе үдерісті мұқият талдау; 

оның мейлінше маңызды қасиеттері мен сипаттамаларын бөліп алу; 

мәндері  объект  қасиеттері  мен  сипаттамаларына  әсер  ететеін  айнымалыларды,  яғни  параметрлерді 
анықтау; 

логикалық  –  математикалық  конструкция,  теңсіздік,  теңдік,  теңдеулер,  шектеулер  арқылы  объект, 
үдеріс немесе жүйелердің ішкі байланысын айқындау; 
   - логикалық – математикалық конструкция, теңсіздік, теңдік, теңдеулер, шектеулер арқылы сыртқы байланысын 
анықтау және сипаттау қажет. 
   2) Компьютерлік модель құру. Осы модульдің ішінде келесі блоктарға бөлінеді: 
   - объект, үдеріс немесе жүйелердің құрылымын модельдеуші алгоритмдерді құру; 
   - сәйкес компьютерлік программалық жабдықтарды пайдалану. 
3) Компьютерлік эксперимент жүргізу.Осы модульдің ішінде келесі блокқа бөлінеді: 
- табиғи және есептеу эксперименті негізінде объект, үдеріс немесе жүйелердің модельдеу нәтижесін алу. 
4) Модельдеу нәтижесін талдау. 
5) Құрылған модельдің адекваттылығын тексеру.Осы модульдің ішінде келесі блокқа бөлінеді: 
   - модельдерді түзету (коррекция). 
6) Есептеу экспериментін жүргізу. Осы модульдің ішінде келесі блокқа бөлінеді: 
   - модельдерді іске қосу. 
Модуль мазмұнын құрастыруда мынадай талаптарға мән беріледі:  
1.  Модульге  ену.  Онда  оқушылардың  игерген  білім  деңгейлері  тексеріледі.  Оқушылар  объект  модель 
ұғымын,  ақпараттық  модель  ұғымын,  модельдер  классификациясының  негізгі  түрлерін,  модельдердің  әрбір 
кластық  сипаттамасын,  модельдеудің  негізгі  принциптері  мен  идеяларын  білуі  тиіс.  Оқушылардың  тірек 
білімдерінде  кешілік  байқалса,  мұғалім  оны  түзетудің  жолдарын  қарастырады.  2.  Әр  модульдің  соңында  тест, 
кроссворд,  сконворд  шешу,  бақылау  жұмыс,  өзіндік  жұмыс  арқылы  аралық  және  ағымдық  бақылау  жұмысы 
жүргізіледі.  Оның  мақсаты  – оқу  элементтерін  игерудегі оқушылардың  біліміндегі ол  қылықтарды  анықтау  және 
жою.  Егер  бақылаудың  нәтижелері  теріс  болса,  онда  кез  келген  блоктан  бастап,  модульді  жаңадан  өтуге 
мүмкіндік  беріледі.  3.  Модульді  өтіп  болғаннан  кейін  оны  қабылдау  жұмысы  жүргізіледі.  Оның  мақсаты  – 
оқушылардың модуль бойынша жалпы білім деңгейін анықтау[3]. 
Қорыта келе, оқыту технологияларының, қай түрінің болмасын, басты мақсаты – нәтижеге бағдарланған 
білім  беру.  Оқыту  технологияларын  оқыту  үрдісіне  енгізу  жалпы  білім  беруді  тиімді  ұйымдастыруға,  білім 
алушылардың  белсенділігін  арттыруға,  өзінің  барлық  мүмкіншілігімен  жұмыс  істеуге,  өз  бетімен  білімін 
толықтыруына,  кез  келген  жағдайдан  шығудың  жолын  білуіне  мүмкіндік  жасайды.  Осыған  орай  оқыту  үрдісіне 
педагогикалық технологияларды енгізу  мәселесі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жан-жақты зерттелуде. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Оспанова З. Модульдік оқыту технологиясы тиімділігін арттыру // Информатика негіздері №3,2012. – 12б.  
2.Халықова  Г.З.,  Қадырбекова  Б.А.  «Компьютерде  модельдеу  негіздері».  Оқу  құралы.  –  Алматы:  Абай  атындағы 
ҚазҰПУ, 2012. – 3-17 б. 
3. Қ.Балбекова “Ұлт тағылымы” Қазақстан 2030  №3, 2010. – 49б. 
 
 
 
 

296
 
 
ӘОЖ 519.7, 519.97 
СӨЙЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ СӨЙЛЕУДІ КОМПЬЮТЕРЛІК  
ЖҮЙЕС АРҚЫЛЫ КЛОУНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Молдашева Ж.Ж, Искакова С.Ш., Оразбаева К.Н. 
 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қ. 
iskakova_sh@mail.ru

kulman_o@mail.ru
 
 
Адамның  зердесі  сөйлеу  қабілеті  арқылы  дамитыны  белгілі,  сондықтан    компьютер  көмегімен  сөйлеу 
технологиясын,  дыбыстық  файлдарды  өңдеуден  бастап,  сөйлеуді  синтездеу,  тану  мен  түсіну  деңгейіне  дейінгі 
мәселелерді зерттеу, информатика ғылымының өзекті бір саласы болып табылады [1, 2].  
Ғылым  мен  практикада  сөйлеу  технологияларының  негізгі  бір  бөлігі  -  сөйлеуді  синтездеу  қарқынды 
дамуда. Атап айтсақ, Ресейдегі сөйлеу синтезаторларын құру бойынша зерттеуле мен әрекеттері XVIII ғасырдан 
басталды.  Петербург  ғылым  академиясы  орыс  тілінде  сөйлейтін  машина  құруға  ерекще  көңіл  бөлді,  Петербург 
университетінің  ғалымы  Кратценштейн  ауа  ағынымен жұмывс  істейтін  және  орыс тіліндегі  дауысты  дыбыстарды 
шығаратын  акустикалық  резонаторлар  жүйесін  құрастырды.  Кейінірек,  сөйлеу  трактінің  резонаторлары  ретінде 
оператормен  басқарылатын  былғарыдан  жасалған  иілгіш  түтікшесі  бар  күрделі  байланысты  сөйлеудің 
генерациялайтын модельді ғалым Вольфганг фон Кемпелен құрды.  
Орыс  тілін  синтездеудің  қарқындай  дамуы  ХХ-ғасырдың  30-жылдарындағы  дыбыстық  кино  мен 
электронды музыканың қолданылуымен байланысты болды. Инженер Е.А.Шолпо дыбыстық жолды жасанды түрде 
құруға болатындығын көрсетті. Ол өзі есептеген дыбыстық толқындардың суретін салып, кадрларды бірінен соң 
бірін  суретке  түсіріп,  кинопроектор  арқылы  дайын  пленканы  ойнатты.  Бұл  тәсілдің  өнімділігі  төмен  болса  да 
бірнеше  мультфильдерді  дыбыстауға  мүмкіндік  тудырды.  Шолпоның  жұмысы  негізінде  Мурзин  сөйлеуді  Фурье 
қатарының көмегімен синтездеу тәсілін ұсынды. 
Орысша сөйлейтін машиналар құрылуы 20-ғасырдың 60-жылдарында тікелей электроника мен есептеуіш 
техникаларының дамуымен байланысты болды. Сөйлеуді синтездеудің әлемдік технологиялық деңгейін меңгеруде 
М.Ф  Деркачтың  Фант  зертханасында  (Стокгольм)  және  Б.М.  Лобановтың  алғашқы  формантты  сөйлеу 
синтезаторлары құрылған Лоренц зертханасында (Эддинбург) өткізген ғылыми сынақтары маңызды рөл атқарды 
[3, 4]. Кеңес Одағында сөйлеу синтезаторларын құру бағытындағы зерттеулер Минскіде, Ленинградта, Мәскеуде, 
Таллинде жүргізілді.  
Минск  қаласында  құрастырылған  «Фонемофон-1»  атты  синтезаторының  моделі  70-жылдардың  басында 
«сөйледі»  және  оның  құрылуының  жетістігі  ең  алдымен  сөйлеу  сигналдарын  формантты  синтездеудің  жаңа 
қағидаларын    тұжырымдалуына  байланысты  болды.  Кейінірек  сөйлеуді  формантты  синтездеудің  жетілген 
модельдері  жасақталды,  мысалы  формантты  фильтрлерінің  сипаттамалары  оптимизацияланған  «Фонемофон-2» 
құрылды. .қ-жылдардың аяғында Женевадағы бүкіләлемдік «Телеком-79» көрмесінде «Фонемофон-3» құрылғысы 
жоғары бағаға ие болды.  
1984  жылы  құрылған  «Фонемофон-4»  сандық  синтезаторының  құрылуы  сөйлеуді  синтездеудің 
өнеркәсіптік  топтамаларының  құрылуында  маңызды  рөл  атқарды.  Үқ-жылдардың  ортасында  Минск 
лингвистикалық университетінде  синтезатордың ағылшын тіліндегі нұсқасы құрылып, бүкіләлемдік фонетикалық 
ғылымдар конгрессінде көрсетілді.  
1980-90  жылдары  инженер  А.  Иванов  микротолқынды  әдісті  қолдану  отырып  «Фонемофон-5» 
синтезаторын  жасақтады.  Құрылған  синтезатордың  ерекшелігі  -  ықшамдылығы  (бар  болғаны  64  Кбайт),  ол  сол 
кездегі  ЕС-1840  және  IBM-XT  классындағы  дербес  компьютерлерді  сөйлеу  синтезімен  жабдықтауға  мүмкіндік 
берді.  Микротолқын  әдісінің  негізінде  чех,  поляк    тілдерінің  нұсқалары,  сонымен  қатар  сөйлеуді  синтездеудің  
автономды модулі  құрылды.  
90-жылдардың ортасында дербес компьютерлердің қуаттылығының артуы арқасында, тек бағдарламаның 
ықшамдылығы  мен  сөйлеуінің  түсініктілігі  жайында  ғана  емес,  синтезделген  сөздің  дыбысталуының  табиғилығы 
туралы  мәселелер  қойылып,  оларды  шешуде  біраз  жетістіктерге  қол  жетті,  атап  айтқанда,    толық  дыбыс  - 
аллофонды алу ұсынылды. 
Орыс  тілін  синтездеудегі  келесі  жетістікке  Санкт-Петербург  университе-тінің  Тәжірибелік  фонетика 
зертханасы  мен Ұлттық француз телекоммуникация орталығының (CNET) бірлескен жұмысы  негізінде  1995-1996 
жылдары қол жетті. Зертхана қызметкерлері өздерінің дифондық технологиясын орыс тілін синтездеуге қолдану  
үшін сәтті бейімдей алды. Бұл синтезатор ELAN француз фирмасының DIGALO атты коммерциялық өнімі болды.  
1999 жылдың соңында Минскіде Техникалық кибернетика институтында Б.М. Лобановтың басшылығымен 
сөйлеуді  синтездеу  бойынша  бағдарламалар  құрыла  бастады.  Қазіргі  уақытта  мәтін  бойынша  орыс  тілін  көп 
дауысты  синтездеумен  қатар  белорусь,  поляк,  ағылшын  тілдерін  синтездеуді  іске  асыратын  «қозғалтқыштар» 
топтамасы құрылды [5]. Айтарлықтай жетістік осы институтта жеке дауыс пен сөйлеуді компьютерлік «клондау» 
технологиясының нұсқалары құрастырылды.  
Сөйлейтін  компьютер  жасанды  зерде  теориясы  және  қолданыстарында    адам-машина  қатынасының 
түбегейлі  жаңа  құралы  ретінде  қалыптасты.  Сөйлеу  синтезаторы  –  сөйлеу  интерфейсінің  құрамдас  бөліктерінің 
бірі ретінде компьютермен сөйлесуді қамтамасыз ете бастады. Сөйлеуді синтездеу дегеніміз алдын-ала жазылған 
дыбыстық  файлдарды  ойнату  емес,  кез  келген  мәтіндік  ақпаратты  дыбыстап  оқу,  яғни  сөйлеу.  Сөйлеу 

297
 
 
синтезаторы  алдын-ала  белгісіз  ақпаратты  тікелей  компьютермен  генерацияланатын  орфографиялық  мәтін 
бойынша сөйлеу формасында шығарылуын қамтамасыз етеді.  
Пайдаланушының  көзқарасы  бойынша  сөйлеуді  синтездеу  технологиясының    дұрыс  шешімі  –  сөйлеу 
функцияларын операционды жүйенің құрамына қосу болып табылады. Біз PRINT операторын  қолданғанымыздай, 
TALK  немесе  SPEAK  операторларын  қолдану  мүмкіндігі  зерттеушілер  мен  бағдарламашылар  алдына  қойылған 
өзекті мәселе болды.  
Негізінде,  мәтін  бойынша  сөйлеу  синтезаторының  арқасында,  монитор  немесе  принтер  көмегімен 
алынатын  нәтижеге  ұқсас,  компьютерден  адамға  деректерді  жеткізудлің тағы  да  бір  ыңғайлы  арнасы  ашылады.  
Егер  сіз  ақпаратты  компьютерден  алыс  жерде  немесе  қозғалыста  болған  жағдайда  алғыңыз  келсе,  сөйлеу 
синтезаторларына  баға  жетпейді.  Қарапайым  немесе  ұялы  телефонды  қолдану  арқылы  өз  компьютеріңізбен 
байланысқа  шығып,  электронды  пошта  немесе  интернеттегі  сізді  қызықтыратын  бетті  тыңдауыңызға  болады. 
Жедел жағдайларды компьютер өзі сізге қоңырау шалып, хатшы ретінде сізге қажетті ақпаратты хабарлай алады.  
Жоғарыда сипталлған синтезатор функциялары қазірдің өзінде көру қабілеті нашар адамдарға аса қажет. 
Сөйлеу  синтезаторының  арқасында  көзі  көрмейтін  не  нашар  көретін  адамдар  компьютерлік  ақпарат  әлемінде 
басқалармен тең болатын еді. 
Дауыс пен сөйлеуді компьютерлік жүйесі арқылы клоундау мәселелерін 
қарастырайық. Өткен 
ғасырда  жүргізілген  зерттулер  сөйлеудің  сапасы  мен  түсініктілігін  қамтамасыз  ететін  синтезаторларды  құруға 
мүмкіндік  берді.  Алайда  компьютер  көмегімен  синтезделген  сөйлеу  сапасы  табиғи  дауыстан  алшақ  және 
машиналық  акцентке  ие  болып  қала  берді.  Оның  негізгі  себебі  тек  фонетика  мен  сөз  құрау  процесстері 
жайындағы білім деңгейі ғана емес, сол уақыттағы компьютерлердің есептеу қорының аздығымен де анықталды. 
Қазір уақытта  жедел және дискілік жадының көлеміне не қажетті есептеу көлеміне шектеу жоқ санауға болады, 
және  мәтін  бойынша  сөйлеуді  синтездеу  жүйесін  құруды  бастауға  болады.  Ол  белгілі  диктордың  оқу  мәнеріне, 
дауысының дыбысталуына максималды ұқсас болуы қажет. 
Жеке  дауысты  қалыптастырудың,  яғни  клондаудың  мақсаты  оның  дауысының  компьютерлік  көшірмесін 
құру  болып табылады. Сонымен  қарастырылған  функция  бойынша  кез  келген  орфографиялық  мәтінді  дауыстың 
өзіндік  акустикалық  ерекшеліктерін,  яғни    оқылудың  фонетикалық  ерекшеліктері  мен  акцентін,  сонымен  қатар 
просодикалық сөйлеу дарашылдығы (мелодика, ритмика, динамика) сақтай отырып оқу мәселесі қойылады. 
Дауыс пен сөйлеуді клондау технологиясына қатысты синтез негізіне бір диктор дауысының акустикасы, 
оқылудың фонетикалық ерекшеліктері, сөйлеудің просодикалық дарашылдығы жатады. 
Диктор  дауысының  дербес  акустикалық  сипаттамалары  факторлардың  көпшілігімен  ерекшеленеді.  Бұл 
факторларға сөйлеу аппаратының құрылу және жұмыс істеу анатомиялық ерекшеліктері (көмей, жұтқыншақ, ауыз 
қуысы,  т.б.),  дауыс  жалғамалары  тербелістерінің  әрекеттесуінің  динамикалық  ерекшеліктері  және  сөйлеу 
аппараттарының резонаторлары, сонымен бірге көптеген басқа факторлар жатады.  
Сөйлеу  құрылу  процесінің  физиологиялық  және  акустикалық  модельдеу  негізіндегі  «мәтін-сөйлеу» 
жүйелерінде  дауыстың  дербес  сипаттамаларына  ұқсату  әрекеттері  қиын  болғандықтан,  әлі  күнге  дейін 
айтарлықтай  нәтижелерге  әкелмеді.  Сондықтан  дыбысты  клондау  үшін  минималды  «генетикалық  материал» 
ретінде  табиғи  сөйлеу  толқынының  кесінділерін  пайдалану  дұрыс  болып  табылады.  Мұндай  кесінділер  ретінде 
фонема-аллофон  немесе  мультиаллофондардың  позициялы-комбинаторлы  нұсқаларын  таңдау  қажет.  Олардың 
шектелген  жиыны  кез  келген  құрамды  ауызша  сөйлеудің  туындауын  қамтамасыз  етуге  қабілеті  жетеді.  Сонда 
дыбыстық  толқынның  құрамына  әрбір  нақты  аллофон  немесе  мультиаллофонда  көрінетін  дауыс  құрылуының 
барлық дербес ерекшеліктері жатады [6]. 
Негізінен  сөйлеу  аппаратының  статистикалық  параметрлерімен  анықталатын  дауыстың  дербес 
акустикалық  қасиеттеріне  қарағанда  оқылудың  фонетикалық  ерекшеліктері  негізінен  сөйлеу  құрылу  процесінде 
жүзеге  асырылатын  артикуляторлы  қозғалыстар  динамикасымен  анықталады.  Белгілі  бір  адамға  сәйкес 
артикуляторлы қозғалыстар жылдамдығы, жеке артикуляторлар қозғалысының өзіндік кешігуі не озуы, қандай да 
бір  дыбыстың  ерекше  артикуляциялану  ерекшеліктері  (мысалы /Р/  дыбысы),  жергілікті  немесе шетелдік  акцент, 
кейбір дыбыстардың айтылу кезіндегі кемістіктері – осының барлығы фонемалардың өзіне тән позиционды және 
комбинаторлы  түрлерінің  пайда  болуымен  анықталады,  және  аллофондардың  бірегей  жиынтығын  құрады. 
Сонымен, оқылудың дербес фонетикалық ерекшеліктерін клондау негізінен дербес фонема-аллофонды түрлендіру 
ерекшеліктеріне ұқсатуға қол жеткізумен байланысты.  
Әуен, ырғақ пен сөйлеу энергетикасы кіретін просодикалық (интонациялық) сипаттамалар кешені негізгі 
тон  жиілігінің  уақыт  бойынша  өзгеру  заңдылықтарымен,  дыбыс  ұзақтылығымен  және  дыбыс  сигналдарының 
амплитудасымен  беріледі.  Бұл  өзгерулердің  сипаттамасы  тек  белгілі  мәтінмен  ғана  емес,  оны  оқудың  дербес 
мәнерімен  анықталады.  Белгілі  диктордың  сөйлеуінің  просодикалық  сипаттамаларын  клондау  есебінің  шешімі  – 
оның сөйлеуінің дербес «просодикалық суреттерінің» толық жиынтығын құрумен анықталады. 
Дауыс  пен  дикцияның  дербес  просодикалық  сипаттамаларын  сәтті  қорғау  үшін  аллофондардың  дыбыс 
толқындарының  және  сөйлеудің  интонациялық  «суреттерінің»  толық  жиынтығын  құру  қажет.  Клондалатын 
диктор  физикалық  табылатын  болса,  бұл  мақсатта  онымен  студияда  немесе  қарапайым  жағдайларда  оқылған 
сөздер  мен  мәтін  үзінділерінің  арнайы  құрылған  ықшам  дыбыстық  массиві  қолданылады.  Ал  егер  клондалатын 
диктор табылмаса, онда оның радио, теледидар және т.б. жазбаларындағы дауысы қолданылады.  
Клондау  бойынша  бірінші  нәтижелер  2000  жылы  Беларусь  ұлттық  ғылым  академиясының  ақпараттану 
проблемалары  біріккен  институтының  сөйлеуді  тану  және  синтездеу  зертханасында  алынған  [7].  Қазіргі  таңда 
клондау  жиынтығында  компьютерлік  клондау  технологиясының  негізінде  құрылған  бірнеше  әйел  және  еркек 

298
 
 
дауыстары бар. Түрлі дауыстарды клондау бойынша жүргізілген тәжірибелер арнайы таңдалған сөздер мен мәтін 
үзінділерінің массивтерін қолдану арқылы жақсы нәтижелер алуға болатындығын көрсетеді.     
Мәтін  бойынша  дербестелген  сөйлемді  синтездеудің  лингвистикалық  акустикалық  мәселесі  жалпылама 
ғылыми маңызды, күрделі есеп болып саналады. Қазіргі сөйлау технологиялары есептерінің жеке өзіндік классы 
ретінде  ерекшеленеді  [8].  Сонымен  қатар,  ол  «мәтін-сөйлеу»  жүйелеріндегі  дербес  дауыс  пен  сөйлеуді 
клондаудың  жаңа  арнайы  әдістемелері  мен  автоматты  және  жартылай  автоматты  әдістердің  пайда  болуына 
себепші болады [9, 10]. 
Адамның  дауысы  мен  сөйлеу  сипаттамаларын  клондау  технологиясын  қолданудың  оңтайлы 
мысалдарымен қатар оның қылмысты немесе қара ниетте қолданылуы белгілі қауіптерге әкеле алатындығын да 
айта  кету  керек. Адам  дауысын компьютерлік  жаңғырту  жасанды  зерде  жүйелерін  құрудың  көптеген бағыттары 
үшін маңызды нәтиже бола алады.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет