УДК 681.14
СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Сарсембаева А.Ж., Әлиева А.О.
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ақтөбе қаласы,
aidonia.1992@mail.ru
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру туралы құжаттардың шет елдерде тануын қамтамасыз ету үшін
және академиялық ұтқырлық жөніндегі мәселелердің тиімді шешілуі үшін, Қазақстан Республикасы Болон
декларациясына қосылу мәртебесіне ие болған және еуропалық білім кеңістігіне толық енген бірінші Орталық-
Азиялық мемлекет болып табылады. Болон Декларациясының негізгі ұстанымдарының бірі - оқытушылар мен
студенттердің академиялық ұтқырлығы.
Қазақстанда академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізгі мақсаты - ол білім берудің сапасын
халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу арқылы арттыру. Қазіргі таңда
академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді
формасының бірі.[1]
Академиялық ұтқырлық - білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зертеушінің нақты
бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараптамадан өтуімен бірге, 1-семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға
(шетелдік, Қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізу үшін басқа білім беру мекемесіне орналастыру,
кейін білім алушы, оқытушы немесе зерттеуші өзінің негізгі оқу орнына оралады. «Базалық ЖОО» деп біз
255
студенттердің алғашқыда оқуға түсіп, дипломын алғысы келген ЖОО-ны айтамыз. Академиялық ұтқырлық
эмиграциямен немесе шет елде ұзақ мерзімді білім алумен (жұмыс істеумен) байланысты емес.
Академиялық ұтқырлық
сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық
болып
ажыратылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық
– шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-
зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі.
Ішкі академиялық ұтқырлық
- білім
алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.
Ішкі академиялық ұтқырлық - ол Қазақстандық ЖОО-да білім алу жәнеоқытушылардың алдынғы қатарлы білім
беру немесе ғылыми мекемелерінде зертеу жумыстарын жүргізу.
Академиялық ұтқырлықтың
негізгі мақсаты
- таңдалған кәсіби бағыт бойынша жан-жақты білім алу,
әлемдегі танылған білім орталықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, Европа және Азия елдер
мәдениетімен кеңірек танысу.
Студенттердің академиялық ұтқырлығы - жеке тұлғалық және кәсіби дамуға аса маңызды процесс,
өйткені оның қатысушылары әр түрлі жаңа өмірлік жағдайларды шешу және оларды талдау негізінде әлеуметтік
тәжірибе жинақтайды.[2]
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру тетігі:
1. Білім
алушы
өз
қалауымен
басқа
жоғары
оқу
орнын
таңдай
алады.
ЖОО-да академиялық ұтқырлық бағдарламасының үйлестірушілік қызметін халықаралық ынтымақтастық
басқармасы (бөлімі) жүзеге асырады.
2. Білім алушылардың сұранысы негізінде бағдарлама үйлестірушісі Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігінің (одан әрі -министрлік) мақұлдауымен басқа жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық
жөнінде келісім-шарт жасауды ұйымдастырады. Бұл ретте серіктес жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасы
өз елінде аккредитациядан өткен және білім берудегі аккредитацияланған ұйымдар мен аккредитацияланған білім
беру бағдарламаларының реестрында тіркелген болуы тиіс.
3. Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін, білім беру және материалды-техникалық, ақпараттық
және интеллектуалды ресурстарды белсенді қолдану үшін ұлттық университеттердің консорциумы құрылады,
оның мақсаты келісім-шарт негізінде бірлескен білім беру бағдарламасы мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру
болып табылады.
4. Одан кейін ЖОО-серіктестің ресми шақыруының негізінде білім алушылар жеке оқу жоспарын құрады және
оны кафедрамен немесе факультет деканатымен мақұлдайды.
5. Одан әрі білім алушылар бағдарлама үйлестірушісіне келу мақсаты көрсетілген сұранысты, келу орны мен
мерзімін, тіл үйрену курсын, мамандығын, ұсынылған қаржыландыру көздерін көрсетеді.
6. Сұраныс-негіздемеге қоса кафедра меңгерушісінің жазбаша мінездемесі, ЖОО-серіктестің оқуға қабылдау
туралы жазбаша растауы, жеке оқу жоспары мен сынақ кітапшасының көшірмесі беріледі.
7. Одан әрі бағдарлама үйлестірушісі білім алушылар арасындағы конкурсты жүргізетін комиссияның жұмысын
ұйымдастырады.
8. Бағдарлама үйлестірушісі білім алушылармен, яғни іріктеу конкурсынан өткендермен үш жақты (білім
алушылар, жіберуші және қабылдап алушы ЖОО арасында) келісім-шарт жасауды ұйымдастырады, Ұлттық
компаниялар, әлеуметтік серіктестер есебінен білім алуға жіберілген жағдайда төрт жақты келісім жасалады.
Келісімде міндетті түрде білім алушының жеке мәліметтерін (Т.А.Ж., жіберуші ЖОО, елі), оқып үйрену жолдарын
(қабылдап алушы ЖОО, елі), жеке оқу жоспарын: пәндердің тізімі, оның ішінде қабылдаушы ЖОО-да оқу үшін
таңдалған пәндердің коды көрсетіліп, кредит саны (ұлттық кредиттік жүйеге сәйкес), КАЕЖ кредит саны, оқу
семестрі анық көрсетілуі қажет.
Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру төменде көрсетілгендей есепке сәйкес жүзеге асырылуы
мүмкін:
1. Республикалық бюджет қаржысы есебінен;
2. ЖОО-ның бюджеттен тыс қаржысы есебінен;
3. ұлттық компаниялар гранты, әлеуметтік серіктестер, халықаралық қорлар ұсынған қаражаттан;
4. білім алушының жеке қаражатынан.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларынан өту барысында студенттерде келесі қасиеттер қалыптасады:
жаңа адамдармен қарым-қатынастың тиімді, жағымды стилі мен түрін таңдай білу іскерлігі;
сыни тұрғысынан ойлау қабілеті;
өз біліміндегі кемшіліктерді көру, олардың жою жолдарын табу білу дағдысы;
оқуға деген мотивациясының артуы;
өзін-өзі қабылдауың өзгерту, өзін-өзі басқару құзыреттілігінің қалыптасуы.
Академиялық ұтқырлық студенттердің төмендегідей мүмкіндіктерін дамытады:
жоғары білім беру мекемесіндегі басқа жүйеде өзін сынауын;
жақын облыстардан қосымша білім алуын;
алға қойылған тапсырмаларды шешу үшін шетел оқыту зертханаларын және ғылыми орталықтарда қазіргі
техникалық жабдықтарды пайдалануын;
шет тілдерін меңгеру дәрежесін жетілдіруін;
қоршаған әлеммен қарым-қатынас жолын таңдауға икемделуін;
салыстырмалы салада қабілетті ойлауын;
мәдениаралық қарым-қатынаста қабілеттігін;
256
өзін-өзі тану қабілеттілігін өзгертуін;
басқа да мәдениеттерді білу және т.б. күшеюіне себепші болады.
Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін, білім беру және материалды-техникалық, ақпараттық және
интеллектуалды ресурстарды белсенді қолдану үшін ұлттық университеттердің консорциумы құрылады, оның
мақсаты келісім-шарт негізінде бірлескен білім беру бағдарламасы мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып
табылады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенті академиялық ұтқырлық
бағдарламасына қатысу үшін ТҚЕЖ үйлестірушісіне төмендегідей құжаттарды тапсыруы керек:
білімалушыныңөтініші;
жекекуәлігініңнемесетөлқұжатының (ҚРтысаймақтардағы ЖОО барғанда) көшірмесі;
транскрипт;
У-086
үлгісіндегімедициналықанықтамажәнеқажеттіүлгідегіанықтама
(ҚРтысаймақтардағы
ЖОО
барғанда);
2 түрлі-түстіфотосурет.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына мүмкіндігіне қарай 2-3 курс студенттері қатысқаны дұрыс, басқа
жағдайда 2 семестрдегі 1-курс студенттері және 1-семестрдегі 4-курс студенттері қатыса алады.
Студент академиялық ұтқырлық бойынша алыс шет елдерге шығатын кезінде шетел тілі бойынша
тестілеуден өтеді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенті алыс шет елдермен
академиялық алмасуға оның тілді меңгеруі В2 немесе intermediate деңгейінен төмен болмаған жағдайда
жіберіледі.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенті академиялық ұтқырлыққа мына
жағдайларда қатыса алмайды:
1-курстың 1-семестрінде немесе 4-курстың 2-семестрінде оқыса;
академиялықборышыболса;
алысшетелдердегі ЖОО баратынкезіндетілдімеңгерудеңгейікөрсетілгендеңгейгесәйкескелмесе.[3]
Сонымен қатар академиялық ұтқырлықтан өтудің басты мақсатының бірі - ол престижді білім алу
негізінде болашақта жалақысы жоғары жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.
Әр түрлі елдің университеттерінен келген студенттердің ұтқырлығы ашық білім беру кеңістігінде
жобаланады, азаматтарды кәсіп таңдауында үлкен жетістікке жетуіне, университет түлектерінің жұмысқа
орналасу жүйесін жақсартуға, осы елдердің білім беру саласында мәртебесін жоғарлатуға мүмкіндіктер береді.
Бұл тарихи қадам жоғары білімнің сапалылығын және жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Алдағы он жылда, яғни 2020 жылға дейін еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын, елдің
индустриалды-инновациялық дамуын нығайтатын, білім саласындағы күшті әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін
жоғары білім сапасының жоғары деңгейде болуына қол жеткізу.[4]
Әдебиеттер тізімі
1.
КОНЦЕПЦИЯ АКАДЕМИЧЕСКОЙ МОБИЛЬНОСТИ ҚазақстанРеспубликасы ЖОО-да
білімалатындардың академиялықұтқырлығытұжырымдамасы.19.01.2011ж., Астана.
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж. 7-желтоқсандағы № 1118 Жарлыгы.
3.
Қазақстан Республикасы ЖОО-да білім алатындардың академиялықұтқырлығы тұжырымдамасы 19 каңтар
2011 жыл.
4.
Эдыов Ж.М. Халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдастыру тақырыбындағы академиялық ұтқырлығы.
ӘОЖ(УДК)004.424
XML ҚҰЖАТЫН ТАЛДАУДА JAVA ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІН ҚОЛДАНУ
Сауханова Ж.С. физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Сауханова М.С. информатика магистрі, аға оқытушы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Астана қаласы
saukhanova@mail.ru
World
Wide
Web
Consortiumконсорциумымен
(
W3C)таңбалаутілінің
синтаксис
ережелерініңжалпыжинағыретінде
Extensible Markup Language(
XML
)
– кеңейтілмелі таңбалау тілі қолданылуға
ұсынылған. XML тілі сыртқы жүйелермен құрылымы анықталған ақпараттар алмасу үшін қолданылады.
XML тілінің негізгі идеясы – тегтер көмегімен құрылымы анықталған ақпараттарды мәтіндік ағаш түрінде
анықтау. Ағаш құрылымы бизнес-объетілерін, ақпарат конфигурациясын жақсы сипаттайды. Кез келген
технологияны қолданып мұндай ақпараттарды тез құрып, тез талдау жасауға болады. Сонымен қатар
ақпараттардың XML тілінде берілуі бұл ақпарттардың оқылуын (human-readable) жеңілдетеді.
257
ЗаманауитехнологиялардыңбарлығыдерлікXML тілімен жұмыс істеу құралдарымен жабдықталған.
Сондықтан XML тілі мен JAVA тілінің арасындағы байланыстарды ақпараттарды құруда, өңдеуде қолдану
дағдыларын қалыптастыру болашақ мамандарды дайындауда өте қажет.
XML тілі мен JAVA тілінің арасындағы байланысты қарапайым мысал арқылы көрсетейік.
XML құжатын құру үшін еркін таратылатын кроссплатформалы Eclipse IDE ортасында келесі амалдарды
орындаймыз.
1. Eclipse IDE ортасында Java перспективасын таңдаймыз.
2. File -> New -> Java Project әрекеттерін орындап, пайда болған терезеде проект есімін, мысалы, MyXmlProject
атауын енгіземіз. Нәтижесінде Eclipse IDE ортасының Project Explorer терезесінде берілген есіммен аталатын
проект пайда болады.
3. Project Explorer терезесінде MyXmlProject проектісін таңдап, New -> Other нұсқауларын орындап, XML
бумасының ішіндегі XML File жолын таңдаймыз. Содан соң Next -> Next батырмаларын басу арқылы MyXml.xml
файылын Create XML File from an XML template жолын таңдау нәтижесінде алдын-ала анықталған шаблон
көмегімен құрамыз.
Қарапайым XML құжаты келесі түрде берілсін:
"1.0"
encoding=
"UTF-8"
?>
"http://www.example.org/MyXMLSchema"
>
"1"
>
Философия Java. 4-е издание
БрюсЭккель
"2"
>
Объектно-ориентированное моделирование на С++
ИльяТруб
Әрбір XML құжаты декларациядан басталады. Онда кем дегенде XML стандартының версиясы
көрсетіледі. Басқа атрибуттар ретінде символдар кодировкасы және сыртқы байланыстар көрсетіледі. Біздің
жағдайда XML стандартының версиясы және символдар кодировкасы берілген. Декларация және ?> тегтерінің
арасында орналасады.
Әрбір XML құжаты тек бір ғана түбір элементінен (root element немесе document element) тұрады.
Жоғарыда келтірілген мысалда түбір элементі – books. Одан әрі пайдаланушыға қажетті XML элементтері - тегтер
құрылған. Олардың атрибуттары және мазмұны болады. Ашылатын тег элемент есімінен тұрады, мысалы ,
ал жабылатын тег түрінде жазылады. Тег мазмұны деп ашылу және жабылу тегтерінің ішінде орналасқан
контентті айтады. Олар мәтіндер, кірістірілген тегтер, атрибуттар болуы мүмкін. Атрибут есімнен және мәнннен
тұрады, атрибут мәндері апостроф немесе тырнақшалар ішінде жазылу керек. Сонымен біздің мысалда ,
, тегтері бар. , тегтері тегіне кірістірілген және тегінің id есімді
атрибуты бар. Тег есімдері регистрді ажырататындығын ескеру керек (case-sensitive).
Атрибут xmlns:tns=
http://www.example.org/MyXMLSchema
есімдер кеңістігі үшін префикс енгізеді.
XML – құжатында қандай тегтер болатындығын, олар өзара қалай байланысқандығын анықтау үшін
XSD схемасын құрамыз. Ол үшін Eclipse IDE ортасында келесі амалдарды орындаймыз.
1. Project Explorer терезесінде MyXmlProject проектісін таңдаймыз.
2. New -> Other нұсқауларын орындап, XML бумасының ішіндегі XML Schema жолын таңдап, MyXmlSchema.xsd
файылын құрамыз.
XSDсхемасы да XML – құжаты болып табылады.
"1.0"
encoding=
"UTF-8"
?>
"http://www.w3.org/2001/XMLSchema"
targetNamespace=
"http://www.example.org/MyXMLSchema"
xmlns:tns=
"http://www.example.org/MyXMLSchema"
>
"books"
>
"book"
type=
"tns:Book"
minOccurs=
"2"
maxOccurs=
"unbounded"
/>
"Book"
>
"title"
type=
"string"
/>
"author"
type=
"string"
/>
258
"id"
type=
"positiveInteger"
/>
XSD схемасының бірінші жолында XML декларациясы орналасқан. Кез-келген схеманың түбір элементі
schema деп аталады.
Атрибут
xmlns=
http://www.w3.org/2001/XMLSchem
a
келісім
бойынша
сәйкес
схемамен
анықталған
элементтер, атрибуттар және схемалар түрлері үшін есімдер кеңістігін береді.
Атрибут targetNamespace=
http://www.example.org/MyXMLSchema
осы схемада анықталған элементтер,
атрибуттар үшін есімдер кеңістігін береді.
Атрибут xmlns:tns=
http://www.example.org/MyXMLSchema
берілген есімдер кеңістігі үшін префикс енгізеді.
Мазмұны атрибуттардан және кірістірілген элементтерден тұратын элементтер күрделі элементтер деп
аталады. Күрделі элементтер complexType элементінің көмегімен анықталады, name атрибуты типтің есімін
береді. sequence элементін элементтердің орналасу тәртібін көрсету үшін, сонымен қатар элемент типін көрсету
үшін string, boolean, integer, ID, float, gYear сияқты тағы басқа да жәй типтер қолданылады. minOccurs және
maxOccurs атрибуттары элементтің қайталану санын көрсетеді. Келісім бойынша мәндері бірге тең, элементтер
санының шектелмегендігін көрсету үшін maxOccurs атрибутының мәнін unboundedдеп беру керек.
Ендігі кезек осы құрылған XML құжатының дұрыстығын және XSD схемасына сәйкестігін анықтауымыз
керек.
Ол үшін XML жадыда орналасқан байттар тізбегі ретінде берілгендіктен оны одан әрі талдау қажет. Яғни
жолдар жиынтығынан программада қолдануға болатындай деректерді алу керек. ХML әмбебап формат
болғандықтан оларды өңдейтін әмбебап құралдар - XML-анализаторлары бар. Олар парсерлер деп аталады.
Парсерлер - XML-құжатын талдай алатын әдістер жиынтығынан тұратын кітапхана (Java тілінде: класс).
Төменде XML-анализаторларының бірі SAX (Simple API for XML) парсерін қолданып,XML құжатының XSD
схемасына сәйкестігін анықтау коды берілген [1].
packagekz.enu.parse;
importjava.io.IOException;
importjava.io.File;
importjavax.xml.XMLConstants;
importjavax.xml.transform.Source;
importjavax.xml.transform.stream.StreamSource;
importjavax.xml.validation.Schema;
importjavax.xml.validation.SchemaFactory;
importjavax.xml.validation.Validator;
importorg.xml.sax.SAXException;
publicclassParserSAX {
publicstaticvoid main(String[] args) {
String fileName="MyXml.xml";
String schemaName="MyXMLSchema.xsd";
Schema schema= null;
String language = XMLConstants.
W3C_XML_SCHEMA_NS_URI
;
SchemaFactory factory= SchemaFactory.
newInstance
(language);
File schemaLocation = new File (schemaName);
try {
BookErrorHandlerbh= newBookErrorHandler();
schema=factory.newSchema(schemaLocation);
Validator validator = schema.newValidator();
Source source = newStreamSource (fileName);
validator.setErrorHandler(bh);
validator.validate(source);
System.
out
.println (fileName + " is valid");
} catch (SAXException e){
System.
err
.println(fileName + " is not valid because
"+ e.getMessage());
} catch (IOException e){
System.
err
.println(fileName + " is not valid because
" +e.getMessage());
}
}
}
Ұсынылған кодтағы BookErrorHandler класы XML құжатының дұрыстығын тексереді. BookErrorHandler
класының коды төменде келтірілген.
packagekz.enu.parse;
259
importorg.xml.sax.helpers.DefaultHandler;
importorg.xml.sax.SAXParseException;
publicclassBookErrorHandler extendsDefaultHandler{
publicvoid warning (SAXParseException e){
System.
err
.println ("WARNING - "+ e.getColumnNumber()+ " :
" +e.getLineNumber() + " - "+ e.getMessage());
}
publicvoid error (SAXParseException e){
System.
err
.println ("ERROR - "+ e.getColumnNumber()+ " : "
+ e.getLineNumber() + " - "+ e.getMessage());
}
publicvoidfatalError (SAXParseException e){
System.
err
.println ("FATAL - "+ e.getColumnNumber()+ " : "
+ e.getLineNumber() +" - "+ e.getMessage());
}
}
BookErrorHandler класы org.xml.sax.helpers.DefaultHandler класының мұрагері, XML құжатын талдау
барысында туындайтын қателерді өңдейтін warning (SAXParseException e), error (SAXParseException e),
(SAXParseException e) әдістерін анықтайды.
Бизнесте деректер әртүрлі ақпараттар көзінен алынуы мүмкін, мысалы, мәліметтер қорынан, web-
қосымшалардан, электорондық кестелерден, т.б. Осы әртүрлі ақпараттар көздері деректерді XML құжатын ретінде
сақтай алады. Сондықтан деректер алмасу үдерісінде платформаға тәуелсіз XML тілінің маңызы өте зор және
болашақта да өсе бермек.
Жоғарыда XML құжатын құру, оған сәйкес XSD схемасын анықтау және олардың дұрыстығын JAVA
программалау тілінде берілген парсерлер көмегімен талдау көрсетілді.
Әдебиеттер тізімі
1. Блинов И.Н., Романчик В.С. Java. Методы программирования. – Минск: издательство «Четыре четверти», 2013.-
896 с.
2. Б. Эккель. Философия Java. // СПб: Питер, 2001. – 880 с.
УДК 004.415.24
ИНФОРМАЦИОННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ
Сладкова М.Ю., Бекбаева З.А., Кабдолова А.Е.
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова г. Атырау
Түйіндеме
Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе
жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік
оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Ақпаратты қорғаудың маңызы - ақпараттың
сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің алдын алу үшін жүргізілетін шаралар
кешені.
Достарыңызбен бөлісу: |