Список литературы:
1.
Вторая
мировая
война.
Польская
компания.
[Электронный
ресурс]
//
URL:http://ww2.kulichki.net/poland.htm
(дата обращения: 30.03.2015)
2.
Вторая мировая война. Хронология Второй мировой войны. [Электронный ресурс] //
URL:http://ww2.kulichki.net/time.htm
(дата обращения: 30.03.2015)
3.
Райкова В.А. Доктрина сдерживания" в контексте политической философии и деятельности Дж.
Ф. Кеннана СПб 2009. [Электронный ресурс] // URL:http://www.dissercat.com/content/doktrina-
sderzhivaniya-v-kontekste-politicheskoi-filosofii-i-deyatelnosti-dzh-f-kennana
(дата
обращения:
30.03.2015)
4.
Энциклопедия Вritannica [Электронный ресурс]/ / URL :http://www.britannica.com/
EBchecked/topic/294419/Iron-Curtain
(дата обращения: 30.03.2015)
5.
Филпот
Т.
Кто
уничтожил
железный
занавес?
[Электронный
ресурс]
//
URL:http://inosmi.ru/panorama/20060306/225945.html
(дата обращения: 30.03.2015)
6.
Пичурин Л. Сквозь железный занавес. Духовный диалог народов. [Электронный ресурс] // URL:
http://www.sovross.ru/modules.php?name=News&file=article&sid=598878
(дата обращения: 30.03.2015)
7.
Рибер А. Изучение истории России в США // Исторические записки. Т.3(121) - М.: 2000. С. 65-105
8.
Л.В.Данилова,
Б.И.Марушкин,
М.Г.Панкратова.«Буржуазные
историке
на
службе
антикоммунизма.- М.: Знание. 1962.- 33с.
9.
Петров, Е. В. История американскогороссиеведения: курс лекций / Е. В. Петров.- СПб.:1998.-214 с.
10.
Черняевский Г. Судьба Смоленского архива - зеркала большевистского тоталитарного режима.
[Электронный ресурс] // URL: http://www.pseudology.org/chtivo/Smolensk_archive.htm (дата
обращения: 30.03.2015)
11.
Dictionary by Oxford University [
Электронныйресурс] //
URL:http://www.oed.com/view/Entry/185349?redirectedFrom=sovietology#eid(
дата
обращения:
30.03.2015)
12.
Толковый словарь русского языка [Электронный ресурс] // URL:http://www.vedu.ru/expdic/32799/ ,
http://www.vedu.ru/expdic/32798/
(дата обращения: 30.03.2015)
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Д.Е. Қазықанов
5В020300 «тарих мамандығының студенті»
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті,
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к , доцент Қайырханова Ф.К
(Семей, Қазақстан)
Қазақстан Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы
үшін үлкен сынақ болды. Соңғы зеңбіректің үні өшіп, 1418 күнмен түнге созылған Ұлы Отан
соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жылболды.Кешегі Кеңестер Одағының барлық
халқы күш біріктіріп жеткен Ұлы Жеңіске Қазақстан халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
[2]. КСРО ыдырағаннан кейін бұрын идеологиялық себептермен зерттеуге, жазуға тыйым
салынған еңбек армиясы, жер аударылғандар, соғыс тұтқындары [3] сияқты мәселелерде
тұңғыш рет зерттеліп, бұл тақырыптың тарихнамалық ауқымы барынша кеңейтілді. Бүгінде
соғыстың сипаты туралы әртүрлі пікірлерайтылады. Соғысқа дейін әскер қатарында
болғандарды, соғыс кезінде майданға кеткендерді қосқанда, Қазақстаннан 1 млн. 307 мың
адам сапқатұрған екен. Олардың бәрі ортақ Отан үшін соғысты. Отанымызға аса зор қайғы
мен қасірет әкелген, ананы жесір, баланыжетім еткен, қанша-ма аға буын өкілдері қыршын
кеткен сұм соғыстың біткеніне жарты ғасырдан асып кетті. «Соғыс» пен «Жеңіс» сөзінің
айырмасын еңбек-теген балаға дейін ұққан замана алыстай түсті. Дегенмен соғыс тақы-
рыбына арналған кезкелген мақалада отты жылдардағы қазақстандық майдангерлердің
ерліктеріне, тылдағыістеріне, Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі
айтылатыны даусыз. Соңғы уақыттарда, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін ескерусіз қалған
152
қазақ қаһар-мандарының көзсіз ерліктері туралы мәліметтерге қол жеткізу, ұлттық тарихты
қайта қарастыру жастарға отансүйгіштік тәрбие беруде өз ықпалын тигізуде. Қазіргі таңда
соғыс тақырыбын тәуелсіз азат тұрғысынан қайта қарастыру – батыр ағалар алдындағы
кейінгі толқынның борышы. Бұл қаһарлы соғыстың қырғынынан тағылым алу үшін өте
қажетті мәселе болып табылады.Алпыс жылдан бері сұрапыл соғыстың тағылымы
әртұрғыдан зерттеліп, зерделеніп келеді. Ұлы Отан соғысының оқиғалары, майдан
жауынгерлерінің ерліктері мен тылдағы еңбек адамдарының даңқты істері сол кездің өзінде
дет ілге тиек, әңгімеге арқау болып жатты. Оқиғалардың ізін суытпай жазылған қысқа қысқа
газет хабарларынан бастап, сол кезде-ақ жарияланған үлкенді-кішілі еңбектер халық ерлігін
баяндады.Ал бұл салада тарихшылар мен публицист жазушылардың жазған дүниелерінің өзі
бір талай. Соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін
былай қойғанда, естелік жазатын соғыс ардагерлері қаншама. Бастан кешкен майдан
хикаяларын солдаттан бастап маршалға дейін жазды. Олардың қаламынан шыққан
дүниелерді бүгінгі оқырман қауым оқып та, кітап сөрелерінен көріп те жүр. Өткен күндердің
өшпес мұрасына, халық ерлігіне арналған еңбек-тердің құны да, мәні де ерекше. Бұл салада
Одақ көлемінде миллион-даған тиражбен жарық көрген мыңдаған күрделі зерттеулер,
мемлекет қайраткерлері мен дипломаттардың, партия, кеңес қызметкерлері, ғалымдар,
жазушылар мен журналистердің еңбектері ұшан-теңіз.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихнамасы кеңестік кезеңде
жалпыодақтық тарихнаманың бір бөлігі болды және сол себептен жалпы еңбектерде,
сонымен қатар соғыс жылдарындағы республиканың тарихы бойынша әдебиеттерді талдаған
арнайы зерттеулерде де қарастырылды.
Біздің ойымызша, Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеуді негізгі үш кезеңге бөліп
қарастыруға болады.
Бірінші кезең - соғыс жылдарынан бастап 1950 жылдар арасын қамтиды.
Екіншісі - 1956 жылдан КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңді қамтиды.
Үшінші кезең – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең.
Бастапқы кезеңде Қазақстан тарихнамасында қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына
қатысуы, еңбек тылындағы кеңес адамдарының даңқты істері сол кезеңнің өзінде мерзімді
баспасөз беттерінде, оның ішінде одақ көлеміндегі түрлі баспасөз және бұқаралық насихат
құралдарының беттерінде жариялана бастады. Сонымен қатар, Қазақстан КП ОК үгіт-
насихат бөлімінің қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер мен жазушылар бірігіп жазған 1943
жылы басылып шыққан екі жинақта Қазақ КСР-нің соғысқа қатысуы және онда республика
экономикасының
соғыс
жағдайында
қалыптасуы
сондай-ақ,
майдандағы
қазақстандықтардың ерлігі көрініс тапқан [3].
Соғыс тарихының жалпы мәселелерімен жеке проблемалары белгілі Кеңес
ғалымдарының күрделі ғылыми еңбектерінде де терең зерттелді. Сол кездегі республика
тарихын зерттеуге бағалы материал беретін, 1964–1967 жылдардың ішінде екі том болып
шыққан құжаттар жинағының да алатын орны ерекше [4]. Қазақстан, оның ішін-де қазақ
жауынгерлерінің майдан мен жау тылындағы ерлігі, халықтың жеңіс жолындағы еңбегі,
майданға патриоттық көмегі құжаттар негізінде жан-жақты көрсетілген.Соғыстан кейінгі
жылдары ҰлыОтан соғысы туралы алғашқы зерттеулер жаза бастаған А.Нүсіпбеков болды.
Ол бірнеше рет басылған «Қазақ КСР тарихының» Ұлы Отан соғысына арналған тарауларын
жазды. Республика еңбекшілерінің тылдағы ерен еңбегі, оның еліміздің қуатты арсеналына
айналып, жеңіске қосқан үлесі жөнінде келелі пікірлер айтты. Ол майдан мен тыл
тақырыбын жүйелі түрде зерттеуге жетекшілік етіп, жолға қоюшылардың біріболды.
Академик А.Нүсіпбековтің 1968 жылы орыс тілінде шыққан «Казахстанцы вбит-вепод
Москвой» деген зерттеу еңбегінде 1941 жылы республика жерінде құрылған әскериқ
ұрамалардың, қазақ жауынгерлерінің Мәскеу түбіндегі ерлігі нақты құжаттар негізінде
жазылған. Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді монография
жазған ғалымдардың біріҒ.Әбішев. Оның ҰлыОтан соғысы кезіндегі Қазақстанға арналған
еңбегі тыл мен майдан оқиғаларын бірдей қамтыды [5]. Қамтылған мәселелерінің,
153
деректерінің сонылығы жағынан бұл еңбек Ұлы Отан соғысы тарихнамасынан лайықты
орыналады.Соғыс жылдарының тарихына көлемді зерттеулер арнап, өндірте жазған ғалым
М.Қ. Қозыбаев болатын. Оның еңбектерінде республика71 партия ұйымының көп салалы
қызметі жан-жақты көрсетілді.
Бұл еңбектерде Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы атқарған рөлі мен
маңызы, республика еңбекшілерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі тарихтан лайықты орнын
тапты. Мұнымен бірге М.Қ. Қозыбаев Қазақстан комсомол жастарының тарихын зерттеуге
де лайықты үлес қосты [6].Соғыс жылдарындағы Қазақстанның қолхозшы шаруаларының
Жеңіске қосқан үлесі, олардың майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркә-сіпті шикізат пен
жабдықтау жөніндегі рөлі туралы мәселеге де зерт-теушілер ерекше назар аударды. Бұл
тұрғыда Т.Б. Балақаевтың «Қазақстан колхозшы шаруалары Ұлы Отан соғысы жылдарында»
деген көлемді монографиясы (1971 ж.) сол кездегі КСРО көлемінде лайықты бағаланды.
Республика тұрғындарының майданға деген патриоттық көмегімен олардың азат етілген
аудандарға берген туысқандық жәрдемі де зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ. Бұл
мәселе Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде»
деген көлемді монографиясында (1985 ж.) жан-жақты зерттелді.Қазақстандық
жауынгерлердің майдандағы және жау тылындағы ерлік істері көптеген тарихшылардың
зерттеу жұмыстарына арқау болды. Бұл салада С.Н. Покровскийдің, П.С. Беланның,
Н.Едігеновтің, К.Стамбековтың, И.И. Малярдың, А.Мұхамеджановтың, А.Алданаза-ровтың,
В.П. Лупшевтің және басқалардың зерттеулерін айтуға болады[7]. Олардың еңбектерінде
ҰлыОтан соғысы кезіндегі біздің жерлестеріміздің жанқиярлық істері әр қырынан жазылып,
бір арнаға құйылып, ерлік шежіресін жасауда.1991 жылдардан бастап Қазақстанның соғыс
кезіндегі тарихының ақтаңдақ беттерін қалпына келтіруде ауқымды зерттеулер жүргізілді.
Тарихшы Қ.С. Алдажұманов Еңбек армиясы, жер аударылғандар, соғыс тұтқындары туралы
зерттеулер жазды [8].Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы қазақт ілінде шыққан
әдебиеттерге тоқтала кетсек, М.Қозыбаевтың, Қ.Әбділдаев-тың, Қ.Досқалиевтің,
Х.Бекішевтің, Т.Балақаевтың, Қ.Көпішевтің, Қ.Алдажұмановтың, т.б. зерттеулерінде,
монографияларында, естелік кітаптарында, жекелеген кейбір мақалаларында айтылады [9].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Төлеуханқызы А. Ұрпақтарымыз ұмытпайды.// Егемен Қазақстан. 8 мамыр, 2010 ж. № 178-180.
2.
История и историки. Историографический вестник. К 100 летию академика М.В. Нечкиной.
М.,2001. с.7
3.
Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко-фашистских захватчиков.-Алма-
Ата, 1943.-325с. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней.-Алма-Ата: Наука,
1943.-
485с.
4.
Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. А.-А.: Казгосиздат, 1958.;
Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.).- Алма-
Ата: Казахстан, 1964.-363 с; Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата. Казахстан. 1970.
471 с., Ұлы ерлік.-Алматы: Қазақстан, 1980.156 с. Майдангер студенттер.-Алматы,1985.-105с.
5.
Нусупбеков А.Н. Могучий арсенал Великой Отечественной войны // Известия АН КазССР. Сер.
историч. - 1947. - Вып.З.- С.73-84; Казахстанцы в битве под Москвой.- В кн.: Казахстан в Великой
Отечественной войне: Очерки,- Алма-Ата, 1968, вып.1. Т.6.- С. 5-32; Малыбаев О. Дружба,
испытанная в боях за Родину. А.-А., Казгосиздат,1955; Абишев Г. Работа партии большевиков по
воспитанию чувства советского патриотизма у бойцов-казахов в годы Великой Отечественной войны
(1941-
1945 гг.). А.-А., Казгосиздат, 1950.
6.
Герои Советского Союза-казахстанцы. Сб. Документов и материалов. Кн.1. А-А., Казгосиздат,
1945.
7.
История Казахской ССР. Т.ІІ. ~ Алма-Ата: Наука, 1959. -736 с; Қазақ ССР тарихы . - Т.2. - Алматы:
Ғылым, 1963.
8.
Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Историография Казахстана периода Великой Отечественной
войны//Актуальные проблемы истории советского Казахстана.-А-А.:Ғылым,1980. С.115.
9.
Басин В.Я. Тяжелая промышленность Казахстана в Великой Отечественной войне (исторический
очерк).А.-А., Наука,1965.; Пинегина Л.А., Федюкин С.А. Джезказган-город меди. Исторический
154
очерк. А.-А.: Наука, 1965. Шаукенбаев Т. Урало-Эмбинский нефтеносный район. Алма-Ата. Каз
ГИС.1958. 231 с.; Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. Алма-Ата.
Казахстан. 1974.-167 с. Чуланов Г. Промышленность Казахстана за годы Советской власти.-Алма-
Ата: КазГИС 1951.-342с.
10.
Михайлов Ф.К. Профессионально-техническое образование в Казахстане. М., Труд. Резервы,
1962.; Оразов К. Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне. А.-А. Наука, 1975.;
Нурбекова Г. Женщины Казахстана-фронту(Трудовые подвиги женщин в промышленности
Казахстана в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.)А.-А., Казахстан, изд. 2-е, перераб. И доп.
1988 г.
САБЫР РАХИМОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
ЖӘНЕ ТАРИХНАМАСЫ
Н.Б. Нысанбекова
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті
(Казахстан, Шымкент)
1941 жылдың 22 маусымында гитлершіл фашистердің Кеңестер Одағына
жаулаушылық мақсатпен енуінен бастап алып ел халқының ауыр да азапты, сонымен қатар
ерлік істерге толы жаңа кезеңі басталды. Бұл соғыс Кеңестер Одағы тарапынан нағыз
халықтық Отан соғысы болғандығына дау жоқ. Елдің барлық халықтары басқаншыларға
қарсы жұмыла көтерілді. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халықтарының деп
аталатын алып ел 1418 күн мен түн бойы «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!»
деген ұранмен өмір сүрді.
Халқымыздың аға ұрпағының майданда да, тылда да жаппай көрсеткен ерлігі бұрын-
соңды тарихта болған емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде біздің
аталарымыз бен әкелеріміздің ұрыс даласы мен еңбектегі ерліктеріне Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев та жоғары баға берді [1]. Орыс пен қазақ,
украин мен грузин, белорус пен өзбек, татар мен тәжік т.с. халықтарды Отанлы қорғау атты
ортақ мақсат біріктірді. Кеңестік республикалардың біртұтас шаңырағындағы әрбір
халықтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктері барлығынан да қымбат еді.
Міне, сондықтан да 1941-1945 жылдардағы соғыс бүкілхалықтық соғысқа айналды. Бұл
жеңіс – халықтың жеңісі еді. Ұлы Отан соғысының барысында армия мен флоттың көпұлтты
сипаты айқын көріне түсті. Барлық майдандар мен әскери бөлімдерде әртүрлі халықтардың
өкілдері қызмет етті. Олардың көпшілігі комсомол және партия қатарында болды.
Соғыс жылдарында халық бұқарасы арасынан даңққа бөленген қолбасшылар –
маршалдар мен генералдар, әскерлердің ерлік істерге жұмылдырушысы және олардың
қамқоршысы – ержүрек офицерлер жетіліп шықты. 1941-1945 жылдардағы соғыс
шежіресінде Қызыл Армияның ержүрек әрі тәжірибелі командирлері арасынан әскери
қызметтің барлық сатыларынан өткен, 1928 жылдан партия мүшесі (партия билетінің
№2870941) гвардия генерал-майоры Сабыр Рақымовтың есімі ерекше орын алады. Батырдың
өмір жолы мен әскери қызметі бүгінгі таңда қазақстандық отан қорғаушыларға үлгі болып,
командирлік қызметті абыройлы атқаруға шақырады.
Бүгінгі күнге дейін Ұлы Отан соғысы туралы көптеген көркем шығармалар,
кинофильмдер мен театр қойылымдары дүниеге келді. Жер-жерлерде соғыс қаһармандарына
арналған ескерткіштер бой көтерді. Бұл іс әлі де жалғаса бермек. Өткен соғыста қаза
тапқандардың есімдерін қайта калпына келтіріп, олардың ерлік істерін зерттеу жұмыстары
жүргізілуде. Мен де жас тарихшы ретінде Ресей әскери ғылымдары Академиясының
академигі, т.ғ.д., отставкадағы полковник, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінің профессоры Исмаилов Ануар Исмаилұлының жетекшілігімен
даңқты жерлесіміз, гвардия Генерал-майоры Сабыр Омарұлы Рақымовтың өмірі мен әскери
155
қызметінің негізгі кезеңдері мен жауынгерлік ерлігін бейнелейтін мұрағаттық және ресми
сипаттағы құжаттар мен материалдар, көрнекті қолбасшылар мен әскербасшыларының
естеліктері арқылы қазақ жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуының
тарихнамасы мен дерекнамалық сипаттарын ашуды мақсат еттік.
Менің ғылыми жетекшім 2006 жылдың шілде айында Ресей Федерациясы Қорғаныс
Министрлігінің Бас кадрлар басқармасында болды. Ондағы мақсат – осы министрліктің
Орталық мұрағатында зерттеу жұмысын жүргізу үшін рұқсат алу болатын. Кеңес одағының
Батыры, гвардия генерал-майоры Сабыр Рақымовтың жеке іс-қағаздарымен танысуға
рұқсат ету туралы Әскери қызметкерлерді есепке алу басқармасының бастығы, полковник
Игорь Белогубцевтің қолы қойылған, мұрағат бастығы С.И.Чувашиннің атына жазылған
хатпен бірге С.Рақымовтың атқарған әскери қызметтері туралы мәліметтердің көшірмесін
алды. Осылайша генерал Сабыр Рақымовтың қызметіне байланысты №63937 жеке
ісқағаздарымен танысуға мүмкіндік туды. Жоғарғы шенді әскери командирлердің іс-
қағаздары кез-келген зерттеушіге берілмейтіндігін айта кеткен жөн, оған ерекше рұқсат
керек. Сол кезде жетекшім жинаған құжаттық материалдар Сабыр Рақымов туралы бірлесіп
жазған бірнеше еңбегіміздің негізі болып отыр. Қатарында Сабыр Рақымов болған Ленин
ордені 19-атты әскер дивизиясының мұрағат қорындағы құжаттар соғыстың алғашқы
айларындағы кескілескен шайқастар барысын қайта қалпына келтірумен маңызды. Алдыңғы
шепте жаумен бетпе-бет шайқасқан офицер С.Рақымов Ұлы Отан соғысындағы өзінің
алғашқы жарақатын алды, жау оғы оның сол жақ иығын тесіп өтті. Бұл 1941 жылдың 1
тамазында болған еді. С.Рақымовтың жауынгерлік өмірбаяны 1941жылдың 1 тамызынан
1945 жылдың 26 наурызы аралығында өзі басқарған 395-ші атқыштар, 47-ші және 37-ші
гвардиялық дивизиялармен тығыз байланысты. Бұл әскери құрамалардың мұрағат қоры
С.Рақымовтың қолбасшылық қабілетін айқын көрсеткен соңғы кезеңі оқиғаларын қайта
қалпына келтіруде маңызды құжаттық деректемелер болып табылады. Құжаттық деректердің
бұл тобын соғыс кезінде С.Рақымовтың өз қолымен жазып, кеңестік Өзбекстанның басты
газетінде жарияланған мақала толықтырады [2]. Бұл – 1942 жылдың аяғы мен 1943 жылдың
басында Оңтүстік және Солтүстік Кавказ майдандарында қалыптасқан аса ауыр жағдайда
395-
ші атқыштар дивизиясының қимылдарын сипаттайтын бірден-бір дерек көзі.
Оқиғалардың ізі суымай жазылған бұл мақала сондықтан да ерекше маңызға ие. Генерал
С.Рақымовтің бұл мақаласы мағызды жазба дерек ретінде кітапқа толық ендірілді.
1942 жылдың қазаны мен 1945 жылдың сәуірі аралығында С.Рақымов бірінен соң бірі
үш дивизияны басқарған. Бұл – тарихи факт. Орны мен маңызы ерекше әскери факт. Соғыс
жылдары мұндай жағдай көп болмаған. Қанды майданда қазақ ұлтынан шыққан аса белгілі
жалпыармиялық командир, ержүрек офицер Сабыр Рақымовтың Батыс майданында,
соңыстың өте ауыр кезеңінде табандылық пен әскери тапқырлық көрсетуімен командирлік
сатымен қызметі де жоғарылай бастаған. Мақалаға тарихи деректер және ресми құжаттар
ретінде Кеңес Информбюросының материалдары, КСРО министрліктері мен
ведомстволарының хабарлары да енгізіліп отыр. Бұл мәліметтер қазіргі күнде соғыс
жылдары шежіресінің маңызды дерек көздеріне айналған мерзімдік басылымдардан алынды
[3]. Мақалада келтірілген тағы бір дерек көздерінің бөлігін көрнекті қолбасшылар мен
әскербасшыларының естеліктері құрайды. Деректердің бұл тобына соғыс кезеңінің
қолбасшылары, маршалдар – А.А.Гречко мен К.К.Рокоссовский, армия генералдары
П.И.Батов, А.И.Антонов, С.М.Штеменконың естелік кітаптарынан үзінділер келтірілді [4].
Деректердің бұл тобы ішінен құрамына Сабыр Рақымовтың дивизиясы кірген 65-ші армия
қолбасшысы Павел Иванович Батовтың естеліктер кітабы айрықша орын алады. П.И.Батов
майдандағы оқиғалардың тікелей куәгері ретінде алғашқы болып Сабыр Рақымов туралы
шағын да болса өте құнды кітап жариялады [5]. Осыдан соң басқа басылымдар да шыға
бастады. Бұлар Сабыр Рақымовтың өмірі мен әскери қызметі жөніндегі көркем туынды
ретінде төртінші топты құрайды. Алғашқы көркем шығарма Орта Азия жауынгерлерінің
майдандағы ерліктерін баян еткен бірнеше очерктердің авторы Марина Меленевскаяның
қаламына жатады. Соғыстан кейін М.Меленевская бірінші болып генерал сабыр Рақымов
156
туралы мазмұнды очерк жариялады [6]. Одан кейін Камиль Яшеннің кітабы шықты.
Көпұлтты кеңес мәдениетінің бұл көрнекті өкілі Сабыр Рақымовтың майдандағы өмірі
жөнінде театр қойылымын қойып, көркем фильм түсірді [7]. 1975 жылы жеңістің 30
жылдығы қарсаңында Мәскеу И.П.Кургузовтың кітабы шықты [8]. Бұл кітап генерал
өмірінің көп қырларын толықтырды. 1992 жылы басылған Ташкент қаласы жөніндегі
энциклопедияда генерал Рақымов туралы және оның атындағы мекемелер мен аудан туралы
көптеген мәліметтер келтірілді [9]. Жеңістің 50 жылдығына орай, 1995 жылы
республикаларда шыққан «Еске алу кітаптарының» маңызы үлкен болды. Осындай еске алу
кітаптары Қазақстанның көптеген облыстары мен аудандарында да жарық көрді. Бұл
кітаптарда әрбір облыс, ауданнан майданға алынып, оралмай қалғандар туралы мәліметтер
келтірілді. Оңтүстік Қазақстан облысында «Боздақтар» кітабы жарық көрді [10]. Оңтүстік
Қазақстандық инженер-геолог Ерлік Дүйсебеков генерал С.Рақымовтың өмірі мен ерліктері
туралы қызықты көркем шығарма жазып, көпшілікке ұсынғанын ерекше айта кеткен
орынды. Аталмыш автор генерал туралы көп жылдар бойы жинақтаған материалдар
негізінде оқырман тарапынан жылы қабылданған өзінің кітабын жариялады.Көптеген
жылдар бойы батырды халқына шырылдап жүріп табыстаған Құралай Натуллаеваның
жарына деген адалдығына құрметпен қараған жөн. Ол кісі туралы қоштасу мақаласы
республикалық «Жас Алаш» газетінде жарық көрді [11]. Тарихи құндылыққа айналған бұл
материал да мақала жазуда есепке алынды. Шымкенттік ұстаз-ғалым, филология
ғылымдарының кандидаты Әсілхан Оспанұлының еңбегіне жоғары баға берген орынды. Ол
1972 жылы «Қазығұрт қыраны» атты мақала жариялады [12]. Осыдан бірнеше айдан кейін
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде жарық көрген мақаласында Әсілхан
Оспанұлы тұңғыш рет Сабырдың қазақ ұлтынан шыққандығын, ал оның «Рақымов» деген
тегі нағашысының атынан алынғанын, сондықтан ол өзбек болып жазылып кеткендігін
дәлелдейді. Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы саясатқа орай, Рақымовты екі туысқан
халықтың – қазақ пен өзбектің ортақ перзенті деп айтуға мәжбүр болды. Бірақ шыққан тегі
қазақ екендігін және дүниеге келген жері Оңтүстік Қазақстан облысының «Коммунизм»
кеңшары, қазіргі Қазығұрт – соғысқа дейінгі жылдардағы Қаратас ауданы екендігін айқын
мәлімдеді. Генерал Рақымов жөніндегі кейбір жарияланымдарда оқырманды адастыратын
жаңсақтықтар мен қателіктер кездеседі. Өмірбаяндық очерк түрінде шыққан Л.У.Юсуповтың
кітабының мазмұндамасында дивизия командирінің әскери дәрежесі «генерал-лейтенант»
деп көрсетілген. Кітапқа берілген редакциялық түзетуде Рақымовтың әскери дәрежесі
«генерал-майор» екенін, ал ол басқарған дивизия «Суворов орденді және Кутузов орденді екі
рет Қызыл тулы гвардиялық атқыштар дивизиясы» деген сөз бас әріппен жазылуы тиіс,
өйткені Рақымов басқарған дивизия екі рет Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен
марапатталған. Осы жерде «Рақымов бірінші дәрежелік Суворов орденімен марапатталған»
деп қате жазылған. Ал шындығында ол екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталған.
Алайда аталған жаңсақтықтар, кітаптың маңызын кеміте алмайды. Сабыр Рақымовтың есімі
мен өмір жолы соғыс және одан кейінгі жылдарда мерзімдік басылымдар беттерінде,
кітаптарда, театр қойылымдары мен фильмдерде көрініс тапқан. Бұл очеркте жарияланған
материалдарға тек тарихнамалық тұрғыдан ғана сараптама жасалған. Әрине, әр заманның
өзіндік үні мен бет-бейнесін болады, өзіндік ерекшелігін байқауға болады. Дегенмен, қазақ
халқы арасынан атылып шыққан ер азамат, ержүрек батыл офицер Рақымов туралы
құжаттарда командирлік тәжірибесі мен рухани қасиеттері жоғары бағаланып, қантөгіс
майданда оған полк пен дивизияны басқаруды тапсырғаны кездейсоқ оқиға емес. Сол
мінездемелік құжатта корпус командирі Кеңес Одағының Батыры генерал-лейтенант Иванов
Сабыр Рақымовты өзінше бағалай келе «Дивизия командирі қызметіне лайықты, сол орынға
бекітуді сұранамын», - деп, қолын қойған. Бұл қорытынды сөздер қазақ тарихында, әскери
шежіре және де ұлттық рухани қазынада мәңгілік орын алуы тиіс. Бүгінгі таңда генерал
Рақымовтың командирлік қызметі мен адами бейнесі, ерлігі мен өнегелі істері Қазақстан
тұрғындары мен Отанымыздың солдаттары үшін, барша қазақстандық жастар үшін үлгі
болып, патриоттық тәрбиелеу жұмыстарында тарихи және рухани құрал ретінде қолдау
157
табатыны анық-ақ. Генерал-майор Сабыр Рақымовты дәріптеу, оның өнегелі өмірі мен
майдандағы ерліктерін баяндау арқылы бүгінгі Отанды қорғау жұмыстарын жақсартуға
ықпал жасау, жастарды патриоттық сезімге баулу аса маңызды және де қай кезеңде
болмасын өзекті мәселе екенін ұмытпаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |