Сборник материалов Международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет21/70
Дата22.12.2016
өлшемі7,44 Mb.
#183
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70

Список литературы: 

 

1.

 



Литвинов В. Михаил Шолохов. М.: Художественная литература, 1985  /стр. 267, 348, 279, 347, 

322/ 


2.

 

Г. Мусрепов «Солдат из Казахстана» 



3.

 

М.Шолохов «Судьба человека». 



 

 

 



МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ 

 

Р.Ж. Байдалы 

Тарих мамандағының PhD докторанты    

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  

(Астана, Қазақстан) 

 

Қазақстан  Ғылым  академиясының  вице-президенті  Сақтаған  Бәйішев  «Тарихтың 

қаралы шындығын ашамын деген ниетің дұрыс. Асылы, сондай қаралы шындық Ұлы Отан 

соғысы  кезеңінде  де  аз  емес.  Осы  бағыттағы  едәуір  еңбегіңнен  хабардармын,  осыларды 

жүйелесең  кандидаттық  диссертация  тақияңа  тар  келмес»  -  дейді  [1,  78  б.].  Шындығында 

Манаш  Қозыбаев  Қостанайда  азамат  соғысын  зерттесе,  Алматыда  Ұлы  Отан  соғысына 

байланысты «Қазақстан коммунистері Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Бессмертие», «Как 

Гастелло»,  Нүркен  Әбдіров  туралы,  «Ауыл-село  партия  үйымдары  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында»,  «Арсенал  Отечественной  войны»,  «Батыр  Мәншүк»,  «Бессмертие»,  «Как 

Гостелло», «Ғибратты өмір», «Аңызға айналған батырлық», «Политрук Клочков», «Борец за 

народное  дело»,  «Герой  Советского  Союза-казахстанцы»,  деген  мақалалары  мен кітаптары 

баспасөз беттеріне бірінен соң бірі шығып жатты.  

Ұстазы  Сақтаған  Бәйішевтің  жетекшілігімен,  оппоненттері  Ақай  Нүсіпбеков  пен 

Ермұхан  Бекмахановтардың  көмегімен  1962  жылы  «Қазақстан  Компартиясы  Ұлы  Отан 

соғысы  кезінде  өнеркөсіп  пен  транспортқа  басшылық  жасаудағы  тәжірибесі»  деген 

тақырыпта  кандидаттық  диссертациясын  сәтті  қорғап  шығады  [1,  78  б.].  Кейін  осы 

тақырыбын кеңейтіп, «Қазақстан Коммунистік партиясы Ұлы Отан соғысы жылдарында» - 

деген тақырыпта Мәскеуде докторлық диссертациясын қорғап шығады. 

«Ең  алдымен  Манаш  Қозыбаев  Қазақстаннан  майданға  алынған,  тыл  армиясына 

аттанғандар  екі  миллионға  жуық  екендігін  айтып,  шығыстағы  ұлттық  аймақтар 

генофонының әлсіреп қалғанын дәлелдеді. Гитлер тотальдық мобилизация жасап, халқының 


 

145 


12%-

ын  әскерге  алса,  Қазақстанда  бұл  көрсеткіш  25%-ға  жеткен  екен.  Диссертант  оның 

себептерін-  республиканың  аграрлық  сипатымен,  ұлттық  республикалардағы  тыл 

еңбекшілеріне  бронь  берілмегенін,  осының  салдарынан  Қарағандыдағы  кеншілердің 

соғыстан  бұрыңғы  құрамының  84%-ының  майданга  кетуімен  түсіндірді.  Қазақстан  өзінің 

ұлттық  жұмысшы  кадрларын  майданға  аттандырып,  олардың  орнына  Донбасс  кеншілері 

мен металлургтерін қабылдап, оларды аман сақтап қалды» -дейді [2, 9 б.]. 

Ғалым партия құрылысында да көптеген жаңа тұжырымдамалар жасады. Ленин құрған 

коммунистік  партия  әскери  ұжым  болды.  Азамат  соғысы  кезінде  ол  одан  әрі 

милитаризацияланды. 

 

Соғыс 


біткен 

кезде 


милитаризацияланған 

партияда 

демократияландыру  процесі  жүргізілмеді.  Докторанттың  келтірілген  теорялық  пікірлері 

дәлелденді. Соғыс жылдары 1937-1938 жылдардағыдай    «үштіктер» қайта    пайда    болды,    

партияда командалық бұйрық, жарлық, өктемдік кең етек алды. Кейбір жерлерде жұмысқа 

әскери  тәртіппен-колоннаға  тұрғызып  апару  пайда  болды.  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев 

Қазақстан  партия  ұйымының  коммунистерді  мобилизациялауды  ұлттық  аудандардағы 

жергілікті партия ұйымдарын қансыратып кеткенін, қатардағы ауыл коммунистері майданға 

кетіп, оның орнына әйелдер, жастар алынғанын, партия құрамының 1937-1938 жылдардан 

кейін тағы бір зор қырғынға ұшырғанын баяндады [1. 21 б]. 

Манаш Қозыбаев көтерген үлкен мәселелердің бірі - ұлт мәселесі болды. 1916 жылғы 

патша  ағзамның  маусым  жарлығыңдағыдай  Қазақстанның  1941-1945  жылдары  тыл 

жұмысына  адам  алу  мәселесіне  арнайы  тоқталды.    Қозыбаев  өз  зерттеуінде  социализм 

тұсында  қалыптасқан  ұлттық  жұмысшы  табы  мен  ауыл  шаруашылығындағы 

механизаторлардың, зиялы қауымының соғыс жылдары жаппай мобилизацияға ілінуі - ұлт 

саясатына  қайшы  деген  пікірге  келді.  Ал,  өндіріске  әйелдердің,  оның  ішінде  қазақ 

әйелдерінің келуі — шын мәнінде партияның табысы емес, ауыр еңбекке аналардың жегілуі-

патриоттық  ұлтшылдықтан  гөрі  амалсыздық  жолы  екендігіне  ғалым  тарихнамада  тұңғыш 

рет Мәскеуліктердің назарын аударды[3, 21 б.]. 

М.Қозыбаевтың  докторлық  жұмысына  Сақтаған  Бәйішев  ғылыми  жетекші  болды. 

Ғылыми  кеңестің  мәжілісінде  ресми  оппоненттер  тарих  ғылымының  докторы,  профессор 

Е.А.Болтин,  тарих  ғылымының  докторы,  профессор  Ә.Тұрсынбаев,  Н.И.Шатагин  болды. 

Олар  диссертациялық  жұмысын  жоғары  бағалап,  оның  тек  Қазақстан  партия  ұйымының 

ғана емес, СОКП-нің, оның Орталық Комитетінің Отан соғысы кезіндегі қызметін көрсетуге 

қосылған  елеулі  еңбек  екенін  айтты.  Бұл  пікірді  Марксизм  -  Ленинизм  институтының    

СОКП    тарихы    саласындағы    ғылыми    зерттеу жұмыстарын үйлестіру секциясының 

меңгерушісі  тарих  ғылымының  докторы  Л.М.Спирин  және  профессор  В.П.Серегин 

жолдастарда қолдады [3, 23 б.]. 

КСРО-ның жоғарғы және арнаулы орта білім беру министірлігі, жоғарғы атестациялық 

комиссияның  шешімімен  1970  жылы  13  наурызда  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаевқа  тарих 

ғылымының докторы атағы беріледі. Кейін Жоғарғы атестациялық комиссияның шешімімен 

1971 жылы 26-наурызда профессор дәрежесі СОКП тарихы мамандығы бойынша беріледі. 

Сөйтіп, Манаш Қозыбаев Одақ көлемінде тарих саласында ең жас тарих ғылымының 

докторы, профессоры атанады. Міне осылай отызында орда бұзады. 

Манаш  Қабашұлы  1964  жылы  Ұлы  жеңістің  20  жылдығы  қарсаңында  докторлық 

еңбегі  негізінде  орыс  тілінде  «Компартия  Казахстана  в  период  Великой  Отечественной 

войны»  [4]  деген  монографиясы  басылып  шығады.  Монография  Қазақстанның  соғыс 

алдындағы экономикалық және мәдени дәрежесіне қысқаша сипаттама беруден басталады. 

Кітап  сегіз  тараудан  тұрады.  Алғашқы  екі  тарауында  Ұлы  Отан  соғысының  бастапқы 

дәуірінде  Қазақстан  Коммунистік  партиясының  әскери  -  ұйымдастыру  жұмысы  мен 

республика халық шаруашылығын шапшаң құруға басшылығы сөз болады. 

Кітаптың келесі үш тарауында Ұлы Отан соғысы жылдарында республика жұмысшы 

табы  мен  ауыл  -  село  еңбеккерлерінің  майданға  керекті  өнімді  неғұрлым  көп  беру 

жолындағы күресіне партия ұйымдарының басшылық тәжірибесі, сондай-ақ олардың халық 

шаруашылығын  дамытудағы  өнеркәсіп  пен  транспортқа  және  колхоз  -  совхоз  өндірісіне 

кадрлар даярлаудағы қызметі жақсы баяндалған. 



 

146 


Кітаптың  соңғы  тарауларында  Қазақстан  Компартиясының  соғыс  жылдарындағы 

партиялық - ұйымдастыру, саяси - бұқаралық және идеологиялық жұмысы, оның ғылым мен 

мәдениетке, әдебиет пен өнерге қамқорлығы айтылады. Сонымен қатар майданға және азат 

етілген  аудандарға  республика  еңбекшілерінің  көмегін  ұйымдастыруға  байланысты 

жүргізілген қыруар жұмысы әңгімеленеді. 

Көптеген  деректерді  тұңғыш  рет  келтіре  отырып,  автор  бұл  тарауларда  партия 

ұйымдарының сол кездегі саяси - ұйымдастыру және идеологиялық жұмысы бір мақсатқа, - 

жеңісті қамтамасыз етуге бағындырылғанын аңғартады. 

Манаш  Қабашұлының  келесі  еңбегі  1970  жылы  орыс  тілінде  Қазақстан  баспасынан 

шыққан  «Қазақстан-арсенал  фронта»  [5]  монографиясына  1971  жылы  Шоқан  Уәлиханов 

атындағы сыйлық беріледі. Бүкіл Одақтық «Білім» қоғамының бірінші дәрежелі дипломына 

ие болады. 

Енді  осы  монографияға  тоқталсақ,  кітапта  қаралған  мәселелерді  негізінен  үш  топқа 

бөлуге  болады.  Біріншіден,  автор  кітаптың  алғашқы  үш  тарауында  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдары  Коммунистік  партияның  авангардтық  рөлінің  еселеп  өсуін,  халықпен 

байланысының  артуын,  басқаша  айтқанда,  партияның  ішкі  өмірін,  оның  идеологиялық, 

әскери-ұйымдастырушылық қызметтерін жан-жақты талқылайды. 

Бұл үш тарауда Қазақстан партия ұйымының әскери бөлімдерді жасақтау, тылда әскери 

резервтер дайындау, партия қатарының өсуі, жас коммунистерді тәрбиелеу, жұмыс әдістерін, 

жаңа жағдайға сай шыңдау проблемалары егжей-тегжейлі зерттелген. Республиканың тарихи 

әдебиетінде  автор  тұңғыш  рет  Қазақстан  Компартиясының  кеңес,  комсомол,  кәсіподақ 

ұйымдарына  жасаған  басшылығын  көрсетеді.  Монографияда  тек  қана  жеңістер,  табыстар 

ғана  баяндалып  қоймай,  соғыс  кезіндегі  қиыншылықтар,  оны  жеңу  жолындағы  ерліктер 

айтылады. 

Зерттеудің келесі екі тарауы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының, оның құрамды 

бөлігі-  Қазақстан  партия  ұйымының  соғыс  экономикасын  құру,  еңбекшілерді,  «Бәрі  де 

майдан  үшін,  бәріде  жеңіс  үшін!»  -  деген  ұранмен  қаруландырып,  республиканы  негізгі 

соғыс өнеркәсіп базаларының біріне айналдыруға жұмсаған басшылығын зерттеуге арнаған. 

Автор партияның елімізді индустрияландыру саясатының жеңісі - көмірлі Қарағаңды, мысты 

Балқаш, қорғасынды Шымкент, кенді Алтай, мұнайлы Эмба тағы басқа кәсіпорындарының 

жеңіске  қосқан  үлесін,  жүмысшы  табының  патриоттық  ерлігін  көптеген  жаңа  тарихи 

деректермен баяндайды. 

Автор жалпы Одақтық қорғасынның төрттен үш бөлігін, көмірдің сегізден бір болігін, 

сирек кездесетін түсті металдардың басым көпшілігін қазақ жерінің беріп отырғанын айта 

келіп, республика жеңістің біртұтас қуатты арсеналына айналғанын көрсетеді. 

Монографияда,  сонымен  бірге  Қазақстан  еңбекшілерінің  жеңіс  жолыңда  астықты 

алқапты,  малды  өлкені,  кенді  даланы  толық  пайдаланғаны  көрсетіледі.  Қазақстанның 

барлық қалалары мен ауыл - селоларынан майданға оқ - дәрі, киім - кешек, астық, ет, май, 

және басқа азық - түлік үздіксіз тасқындап ағылып жатқаны жақсы келтіріледі. 

Сол бір сұрапыл, дауылды жылдары Қазақстан колхоздары жұмыс күшінің жетіспеуіне 

қарамастан,  Бүкіл  Одақтың  егіс  көлемінің  сегізден  бір  бөлігін  игерді.  Олар  Оралға  357 

миллион пұт астық, 173 мың тонна көкөніс пен картоп, 734 мың тонна ет берді [3, 25 б.]. 

Кітаптың  алтыншы  тарауы  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  партия        мен        Кеңес    

үкіметінің    жұмысшы    күші    ресурстарын пайдалануға жасаған басшылығын зерттеуге 

арналған.  Мысалы  елімізге  белгілі...  Манаш  Қозыбаевтың  шәкірті  былай  деп  жазады: 

«Монографияда автор қазақ сахарасының байлығы да, еңбек ресурстары да, малы да, жаны 

да майдан жолына сарп етілгенін жан - жақты көрсетеді. Соғыс кезінде әрбір бесінші қазақ 

майданға  аттанды,  ол  еңбек  армиясына  әрбір  оныншы  адам  алынды,  басқаша  айтқанда, 

республика халқының төрттен бірі майдан мүддесіне жұмылдырыдды. Әдем тарихы мұндай 

ғұламатты  бұрын  -  сонды  көрген  емес.  Жұбан  ақын  айтқандай  «мың  өліп,  мың  тірілген» 

қазақ  халқы  осы  жылдары  тағы  да  қансырап  қалды.  Өзінің  ғылыми  тұжырымдарымен, 

фактілік  негізімен,  ғаламдық  батылдығымен  жазылған  бұл  еңбек  одақ  көлемінде 



 

147 


тарихнамаға  елеулі  үлес  болып  енді,  автордың  бұл  еңбегін  атап,  оның  пікіріне,  ғылыми 

концепциясына назар аудармаған одақ көлемінде зерттеуші жоқ десе де болады» [1, 79 б]. 

  

Қазақ  жеріндегі  Ұлы  Отан  соғысы  жөніндегі  білгірі,  маман  ретінде  1975  жылы 



Мәскеуде  өткен  Бүкілодақтық  ғылыми  конференцияға  қатысады.  Кеңес  халқы  мен  оның 

Қарулы күштерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 30 жылдығына, Ұлы Отан соғысының 

тарихнамасына арналған конференцияларға қатысады. Республика, одақ көлемінде мерзімді 

баспасөз беттеріне   мақалалары   шығып   жатты.    Ұлы    Отан    соғысының зерттеушісі 

ретінде көптеген монографиялардың қосарлас авторы болып табылады.  

Сонымен қатар Академик Манаш Қабашұлы қоғамдық жұмыста да Ұлы отан соғысына 

байланысты  мәселелерді  көтерді.  Ол,  Ұлы  Отан  соғысындағы  Қазақстан  тарихын  жүйелеп 

қарапайым  халыққа  шынайы  тұрғыда  жеткізе  білгендігімен  де  зор  қайраткер.  Атап  айтар 

болсақ, ол Ұлы Жеңістің 40  жылдығына арнап,   40 сериялы тарихи деректі фильм шығаруға 

белсене араласып бас кеңесші - сарапшы болған [6, 30 б.]. Бұл фильмде білгір тарихшы Ұлы 

Отан  соғысындағы  Қазақстанның  үлесін  көрсете  білген.  Ондағы  «Мәншүк  пен  Әлия», 

«Бауыржан Момышұлы», «Еліміздің ғалымдары Қазақстанда» деген бөлімдерін айтуымызға 

болады.  

Сонымен  қатар  1990-1993  жылдар  аралығында  Қазақ  КСР  халық  депутаты  болып 

сайланған  М.Қозыбаев  түрлі  қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласады.  Тарихи 

шындықтарды  қалпына  келтіруде  президент  Н.Назарбаевқа  Б.Бомышұлына  Кеңес  Одағы 

Батыры  атағын  беру  туралы  сұрау  хатын  жазады.    Баукең  «Қазақстанның  Халық  батыры» 

атағының көшін бастауы тиіс-деп қорытындылайды[7, 83 б.]. 

 

Қорыта айтсақ Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеуде өз сүрлеуін, өз мектебін 



қалдырды.  Қазақстанның  майдан  арсеналы  болғандығын  әлемге  паш  етті.  Пост  Кеңес 

елдерінде Жеңістен бас тартып жатқанда Қазақстанда күнтізбенің қызыл күні. Үйткені  Ұлы 

Отан соғысы халық жадында сақталмақ. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Академик Манаш Қозыбаев Мерейтойлық жинақ.-А., Атамұра, 2001.-240 б. 

2.

 



С.М. Смагулова, Л.Д. Абенова Манаш Кабашевич Козыбаев Материалы к  

биобиблиографии ученых Казахстана А., 2001. 160 с. 

3.

 

Байдалы Р.Ж. Манаш Қозыбаевтың Қазақстан тарихына қосқан үлесі. //Диплом жұмысы Қостанай 



2002.-

65 Б. 


4.

 

М.Козыбаев Компартия Казахстана в период Великой Отечественной воны (1941-1945 гг.). А-А., 



Казахстан 1964. 364 с. 

5.

 



М.Козыбаев Казахстан – арсенал фронта А-А., Казахстан, 1970. 475 с. 

6.

 



Байдалы Р.Ж. Манаш Қозыбаев – қоғам қайраткері //Академик М.Қ.Қозыбаевтың 75 жылдығына 

арналған  «Қазіргі  кезеңдегі  гуманитарлық  ғылымдардың  мәселері»  аймақтық  ғылыми-практикалық 

конференциясының материалдары. Қостанай - 2006.-Б.27-33. 

7.

 



З.Б. Төленова Академик М.Қ. Қозыбаев: Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу 

үшін дайындалған диссертация. А, 2005. 189 б. 

 

 

 

ВТОРАЯ МИРОВАЯ КАК ТОЧКА ОТСЧЕТА СОВЕТОЛОГИИ 

 

З.Т. Ищанова  

Магистрант II курса, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева 

(Астана, Казахстан) 

 

В течении ХХ века в мире произошли две мировые войны, унесшие миллионы жизней.                         



Самойпродолжительной и кровопролитной из них была Вторая мировая война. Зачинщиками 

войны  были  Германская  империя  и  ее  союзники,  в  лице  Болгарии,  Румынии,  Италии, 

Венгрии,  Хорватии,  Словакии,  Финляндии.  В  течение  6  лет  люди  сражались  и  отстаивали 


 

148 


свое  право  на  жизнь.  1  сентября  1939  года  войска  Германии  и  её  союзников  вторглись  в 

Польшу[1]. Далее последовали вторжения в Данию, Норвегию, Францию, Великобританию. 

Но для СССР отчет идет с 22 июня 1941 года – с момента начала Великой Отечественной 

войны.  С  этого  дня  началась  полная  мобилизация  войск  Красной  Армии.  По  плану 

«

Барбаросса»  Адольфа  Гитлера  Советский  союз  должен  был  проиграть  войну.  Тактика 



«Блицкрига», молниеносной войны предусматривала скорейшее поражение СССР. В течение 

долгих 4 лет Красная Армия отражала удары нацистской армии. 6 июня 1944 года союзники 

СССР в лице США и Великобритании открыли Западный Второй фронт в Нормандии, более 

известный  как  операция  «Оverlord»  или  «День  Д.».  К  этому  моментуКрасная  Армия  уже 

одержала победу в битвах за Москву, Ленинград, Сталинград, Курск[2]. 

Несмотря  на  тщательно  разработанные  главнокомандующими  Германии  планы  и 

операции,  война  для  Третьего  рейха  была  проиграна.Континентальная  Европа  была 

освобождена  от  оков  нацизма.  Среди  стран-победительниц  особенно  выделялись  две 

державы  –  бедный,  но  сильный  в  милитаристском  плане  СССР  и  богатые  во  всех  планах 

США. 


Другое дело, если бы политические взгляды СССР и США совпадали, но нет, они были 

полной  противоположностью  друг  другу.  Это  не  тот  момент,  когда одна  голова  хорошо,  а 

две  лучше.  Каждая  из  держав  пыталась  установить  свое  единоличное  первенство  в  мире. 

Руководство СССР делало все возможное, чтобы в странах Центральной и Юго-Восточной 

Европы  к  власти  пришли  просоветские  силы,  коммунистические  партии,  прежде  всего.    У 

СССР  были  большие  планы,  особенно  по  притязаниям  к  черноморским  проливам, 

Дарданеллам.  После  вывода  американских  войск  из  Европы,  СССР  превратился  в 

главенствующую военную силу на территории Европы.  

Амбиции СССР были замечены странами Запада и вызывали тревогу. США примерили 

на  себя  роль  регулятора  международных  отношений.  По  их  мнению,  необходимо  было 

ограничить  распространение  коммунистической  идеологии,  так  называемой  политикой 

«сдерживания».  Идеологом  ее  является  Джордж  Кеннан,  который  в  1946  году  изложил  её 

основные  принципы.  Эта  политика  выражалась  в  экономической,  финансовой  и  военной 

помощи  некоммунистическим  странам[3].В  1947  году  ГарриТрумен  поддержал  данную 

позицию  в  области  внешней  политики  и  в  дальнейшем  она  стала  называться  «доктриной 

Трумена».  С  этого  момента  начинается  период  другой  длительной  войны–«холодной 

войны».  Формальной  датой  начала  холодной  войны  считается  речь  Уинстона  Черчилля  в 

Фултоне 5 марта 1946 года. 

Холодная  война,  словно  новая  партия  игры  в  шахматы,  где  великие  гроссмейстеры 

СССР  и  США,  которые  играют  странами,  делают  «ход  конем».  Если  сейчас  в  поисковике 

«Google

»  набрать  словосочетание  «холодная  война»,  выдаются  картинки  определенного 



характера.  Это  всевозможное  соревнование  между  Советским  Союзом  в  образе  медведя  и 

США  в  виде  орла,  Дедом  Морозом  и  Санта  Клаусом.  Холодная  война  –  это  война 

стереотипов, менталитетов, взглядов и т.д.  

При учете всего вышесказанного, для США стало задачей «numberone» понять, что же 

происходит в Советском Союзе. Но Советский Союз невозможно было изучать, так же как и 

другие  страны  Запада.  Железный  занавес  лишил  американцев  возможности 

непосредственных  исследований  СССР.  Это  не  тот  театральный  железный  занавес, 

опускающийся  между  сценой  и  зрителями.  В  энциклопедии  «Вritannica»  «ironcurtain» 

означает  политический,  милитаристский  и  идеологический  барьеры,  возникшие  в  СССР 

после  2  мировой  войны  для  самоизоляции[4].Советские  историки  считали,  что  занавес 

возведен  капиталистическими  странами  вокруг  Советского  Союза.    Изначально  это 

словосочетание  употребил    русский  философ  Василий  Розанов.  Он  произнес  их  в  своем 

произведении «Апокалипсис нашего времени»: «Со скрипом и треском в конце российской 

истории опускается железный занавес»[5]. Однако это клише в антисоветском смысле было 

впервые использовано в 1919 году на Парижской конференции. Премьер-министр Франции 

Жорж  Клемансо  произнес  фразу  «Мы  желаем  поставить  вокруг  большевизма  железный 



 

149 


занавес,  который  помешает  ему  разрушить  цивилизованную  Европу»[6].Затем  в  1920  году 

Этель Сноудень автор работы  «Через большевистскую Россию» написала:  «Наконец-то мы 

очутились за "железным занавесом»[5].  

В США возросли потребности в людях знающих СССР, его историю и конечно русский 

язык.  Поэтому  среди  первой  волны  изучавших  Советский  Союз  преобладают  работы 

историков  –  эмигрантов,  покинувших  СССР.  Кто-то  остался  в  Европе  и  не  смог  вернутся, 

кто-то  не  захотел.  Оставшись  в  Европе,  они  занимались  изучением  Советского  Союза. 

Постепенно  стали  открываться  институты  и  научные  центры.  Многие  из  российских 

эмигрантов  были  приглашены  на  работу  в  США.  В  1920-1930  гг.  они  получили  места  на 

ведущих  кафедрах  американских  университетов.  Среди  них  были  Г.  Вернадский, 

работавший  в  Йельском  университете,  М.  Карпович–  в  Гарвардском  университете,  М. 

Флоринский – в Колумбийском университете, А. Лобанов-Ростовский – в Калифорнийском 

университете  Лос-Анджелеса  и  затем  в  Мичигане,  Л.  Страховский    в  Джорджтаунском  и 

Мэрилендском университетах и Д. Федотов – в Пенсильванском университете[7]. 

Наиболее  заметной фигурой среди эмигрантов был М.Карпович. В США его считают 

основателем  целой  школы  «школы»  американских  историков  России.  Его  оценка  событий 

важнейших  исторических  событий  России  оказывали  большое  влияние  на  американскую 

историческую литературу. Сам Карпович бывший кадет затем эсер, после революции 1917 

года  работал  в  русском  посольстве  в  Америке.  В  1927  году  устроился  учителем  русской 

истории  в  Гарвардском  университете.  Группа  советских  историков,  авторов  «Буржуазные 

историки  на  службе  антикоммунизма»,  считают,  что  историческая  концепция  Карповича 

продиктована  его  политическим  положением  эмигранта  [8,  c.4].Эмигранты  владели 

информацией о СССР, но оставался вопрос как же быть остальным?! Тем, кто только решил 

заняться изучением Советского Союза, откуда им брать информацию?  

Недоступность  для  западных  исследователей  советских  архивов,  сосредоточило  их 

внимание на имеющихся в Америке русских архивных материалах. Многие наиболее важные 

из них относящиеся к России,  описаны на уровне отдельных хранилищ. Среди имеющихся 

архивных  материалов  были:  документы  православной  церкви  на  Аляске  за  1774-1917  гг., 

рукописи  по  истории  России  за  1867-1937  гг.  в  фонде  Дж.  Кеннана.  Имелся    «Эстонский 

архив»  содержащий  материал  эстонских  организаций  «перемещенных  лиц»  в  Германии. 

Также  имеются  личные  рукописи  русского  инженера  И.И.  Сикорского,  переписка  А.М. 

Горького с поэтом В. Ходасевичем. В Гуверовском институте войны, революции и мира при 

Стенфордском  университете  хранятся  фонды  белогвардейских  генералов.  К  примеру  Ф.Ф. 

Абрамова,  Н.Н.  Головина,  Б.В.  Херойза,  П.А.  Кусонского,  А.А.  фон  Лаппе,  Е.К.  Миллера, 

Д.Щербачева,  П.Н.Врангеля  и  Н.  Юденича.  Документы  личных  фондов  царских  военных 

атташе в Париже В.Б. Фредерикса за 1836-1876 гг. и в Токио М. Подтягина за 1906-1922 гг. 

Хранятся  рукописи  В.И.  Маравского  содержащие  сведения  о  деятельности  русских 

эмигрантов на дальнем Востоке с 1917 г по 1934 год, представителя по вопросам размещения 

русских  беженцев  в  Югославии  С.Н.  Палеолог  за  1920-1933  годы  [9,  c.  146].  Архив 

«Парижского  центра»  бывшей  русской  заграничной  агентуры  за  1883-1917  годы, 

документальные  материалы  о  деятельности  АРА  в  России  за  1921-1923  годы.  Библиотека 

Колумбийского  университета  располагает  124  автографами  Л.Н.  Толстого,  звуковыми 

записями бывшего посла в США Б.А.Бахметьева. Имеется, полученная в дар от С.Ю. Витте, 

коллекция  документов  Государственной  Думы.  В  библиотеке  Калифорнийского 

университета  хранится  более  20  тыс.  томов  русских  материалов.  Личная  библиотека 

П.Н.Милюкова,  содержащая  материалы  по  истории колонизации  Сибири,  микрофотокопии 

документации  МИД  Германии  по  истории  русско-германских  отношений  в  1867-1920гг.[9, 

c.147].  

Одним из важных архивов,хранящихся в США был архив Троцкого. Во время изгнания 

из СССР Троцкому удалось вывезти свой личный архив. Данный архив включал в себя копии 

документов,  подписанных  Троцким,  будучи  у  власти  в  Реввоенсовете  Республики,  ЦК, 

Коминтерне,  ряд  записок  Ленина,  адресованных  лично  Троцкому  и  более  нигде  не 



 

150 


публиковавшихся.  Также  ценные  для  историков  сведения  о  революционном  движении  до 

1917  года,  тысячи  писем,  полученных  Троцким,  и  копии  писем,  им  отправленных, 

телефонные  и  адресные  книги  и т. д.  В  1940  году,  нуждаясь  в  денежных  средствах,  и 

опасаясь  того,  что  архив  может  попасть  в  руки  Сталина,  Троцкий  продает  большую  часть 

своих  бумаг  Гарвардскому  университету.    Архив  Троцкого  наряду  с  другими  окажет 

колоссальную  помощь  в  изучении  истории  и  жизни  СССР.  На  данный  момент  архив 

Троцкого, хранящийся в Хогтонской библиотеки Гарвардского университета, опубликован в 

3 томах под редакциейд.и.н. Юрия Георгиевича Фелыштинского (Бостон, США). 

Следующий  импульс  для  дальнейшего  изучения  СССР  США  получили  после 

появления  новых  архивных  данных  периода  Второй  мировой  войны.  В1945  году  в  руки 

англо-американских войск попало около 400 тонн германских документов из архивов МИДа 

Германии,  рейхсканцелярии  и  т.д.  Среди  них  оказался  неприкосновенный  запас  для 

американской  советологии  –  Смоленский  архив.  В  1941  году,  сразу  после  оккупации 

Смоленска офицеры нацистских спецслужб «произвели незначительную, сделанную наугад 

выборку  более  чем  500  дел»партархива.  Смоленский  архив  оказался  важным  трофеем 

Третьего  Рейха.  Изначально  архив  был  в  пользовании  министерства  просвещения  и 

пропаганды,  под  руководством  И.  Геббельса.  Министерство  опубликовало  несколько 

важных  документов  периода  коллективизации  и  массовых  арестов  1937-1938  гг., 

свидетельствовавших  о  жестоких  репрессиях,  проводимых  большевиками.  Все  материалы 

Смоленского  архива  были  переданы  в  Национальный  архив  и  управление  документацией 

США[10]. 

Еще  в  1946  году  при  Колумбийском  университете  был  открыт  центр  российских 

исследований  –  Русский  институт,  который  возглавлял  Г. Робинсон.    В  1950-е  гг.  были 

образованы  центры  русских,  славянских  ивосточноевропейских  исследований  в  двух 

калифорнийских  университетах  (Беркли  и  Лос-Анджелес),  в  университетах  Индианы 

(Блумингтон)  иМичигана  (Мэдисон).Гарвардский  университет  создал  свой  Русский 

исследовательский  центр  гораздо  позже  остальных  вузов  США,  но,  несмотря  на  это,он 

уверенно занимал лидирующие положение. В его стенах трудились специалисты по СССР, 

такие как МерлФейндсот, Збигнев Бжезинский, Ричард Пайпс, Альфред Мейер и другие. 

Итак, появилась определенная группа экспертов по СССР. В это время в зарубежной 

науке  зарождается  академическая  дисциплина  «советология».  Это  слово,  производное  от 

слова “soviet”– совет и “ology”– наука, следовательно, советология – это наука о Советском 

Союзе. Оксфордский словарь английского языка дает его в значении «изучение и анализ дел 

и событий в СССР». Данный словарь ссылается на «TheTimesLiterarySupplement», при этом 

указывает дату 17 октября 1958 года. В значении слова «советология» написано, что она«все 

больше развивается и занимает место среди наук». Далее следует ссылка на «Sovietstudies» 

1968  года,  «в  зависимости  от  изменений  советской  идеологии,  изменились  акценты 

советологии,  которые  отразились  на  теоретико-идеологической  полемике».  В  зимнем 

выпуске  журнала  «Daedalus»  1979  года  указано  что  «есть  трещины  в  советологии,  как  и  в 

самом  Советском  союзе».  Советолог  –  человек,  изучающий  Советский  Союз.  В  журнале 

«TheSpectator

»  1958  года  отмечено,  что  «советолог  действительно  может  помочь  своим 

слушателям разобраться с тем, что произошло»[11]. 

В  толковом  словаре  русского  языка  советология  –  это  направление  в  западной 

политологии, изучающее жизнь Советского Союза, соответственно советолог – специалист 

занимающийся  советологией[12].  Стоит  также  отметить,  что  в  Оксфордском  словаре 

английского  языка  появились  неологизмы  советского  происхождения.  Такие,  как:  колхоз, 

дружина, агрогород, дарвинист, охранка, народность и т.д. Можно сделать вывод о том, что 

советский новояз стал применяться и в странах Запада.  

Завершая наш краткий экскурс, можно сказать, что Вторая мировая война стала точкой 

отсчета  для  нового  научного  направления  –  советологии,  которая  могла  существовать 

исключительно в формате «железного занавеса» и «холодной войны». 



 

 

151 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет