Сборник материалов Международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет63/70
Дата22.12.2016
өлшемі7,44 Mb.
#183
түріСборник
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70

Список литературы: 

 

1.

 



История  Казахстана  (с  древнейших  времен  до  наших  дней).  В  пяти  томах.  Том  4.  –  Алматы: 

«Атамура», 2009. - 768 с. 

2.

 

Г.  Минжасарова.  Колхозные  женсоветы  //  Прииртышская  правда  ноябрь  –  декабрь  1943-1944 



годы. 

3.

 



Г.  Литровник.  Электросварщик Мария  Курова  // Прииртышская  правда.  ноябрь  –  декабрь  1943-

1944 годы. 

4.

 

Н. Саналиева. Женщины в дни войны // Прииртышская правда ноябрь – декабрь 1943-1944 годы. 



5.

 

В. Логовикова. Женщины на трудовой вахте // Прииртышская правда ноябрь – декабрь 1943-1944 



годы. 

 

 



 

66 ЖЫЛДАН СОҢ ТАБЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ 

 

Сейтмағанбетова Ж.Т. 

Тарих мамандығының ІІ курс магистранты 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

(

Астана, Қазақстан) 



 

Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында ер азаматтардың бәрі 

соғысқа  аттанып  жатқан  кез  еді.  Ақмола  облысы,  Зеренді  ауданы,  Дөңгілағаш  ауылының 

тумасы  Маженов  Боранбай  да  сүйген  жары  Кәмиланы  тастап  асығыс  соғысқа  аттанды. 

Боранбай соғысқа кеткенде тұңғышы Гүлшария кішкентай қыз, ал Айшекер әлі іште қалып 

еді.  


Боранбайды  алдымен  Ресейдің  Ржев  деген  қаласына  жібереді.  Артынша  алғы  шепте 

Украинаның  Харьков  облысындағы  Русская  Лозовая  селосына  жақын  жерде    немістермен 

болған қиян-кескі ұрысқа жібереді. Сол жерде жан аямай шайқасқан біздің әскерлермен бірге 

ол  да  жаумен  соғысады.  1943  жылдың  19  тамызында  бұлардың  взводына  Русская  Лозовая 

селосын жаудан азат етіңдер деген бұйрық келеді. Сол кескілескен ұрыста жау снарядының 

оғы  тиіп  қаза  тапқан  оған  туған  жердің  топырағы  бұйырмай  бауырластар  зиратына 

жерленеді. 

Сүйген жарын көп күткен Кәмила Боранбайды соғыс біткен соң біраз жерден іздестірді. 

Бірақ  хабар-ошарсыз  кеткен  жарын  таба  алмады.  Әкесі  соғысқа  аттанғанда  іште  қалған 

Айшекер  ержеткен  соң  әкесін  іздеуге  өзі  кіріседі.  Бірақ  неге  екені  белгісіз  ешбір  дерек 

болмайды.  Сонымен  соғыстың  біткеніне  66  жыл  өткенде  ғана  жаздың  жайма  шуақ  бір 

күнінде Айшекер әкесінің жатқан жерін ғаламтор арқылы тауып алды(!). Әпкесі Гүлшария 



 

443 


екеуінің  қалай  қуанғанын  көрсең  ғой.  Алдына  қойған  мақсатына  жетпей  тынбайтын 

Айшекер әкесінің зиратына барып келмек боп жиналды. Апаларын жалғыз жібермейміз деп 

Қонысбай елді мекенінде тұратын Маженов Боранбайдың ағасының немересі Шукенов Алик 

Сырғабекұлы мен Сайлаубек Қайрошұлы бірге бармақшы болды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бұлар  Украинаның  Харьков  қаласына  жетіп  ары  қарай  аталары  жаудан  қорғаған 

Русская  Логовая  селосына  ат  басын  тіреді.  Мұнда  бірнеше  адам  бұларды  күтіп  тұр  екен. 

Олар  Қазақстаннан  келген  қонақтарды  құшақ  жая  қарсы  алды.  Ең  алдымен  ас  мәзірімен 

сыйлаған  украиндықтар  біздің  адамдарды  бауырластар  зиратына  апарады.  Осы  селоны 

жаудан азат еткендердің тізімінде «Маженов Б.» деген жазуды көргенде әкесін қаншама жыл 

іздеп жүрген Айшекердің көзінен еріксіз жас парлады. Бұл әрі сағыныш, әрі қуаныш жасы 

еді. Әкеге деген махаббат оны жетелеп осы жерге алып келді емес пе? Бұл жерде де құран 

оқитын  адамдар  табылып,  зират  басында  аят  оқып  берді.  Елден  ала  келген  туған  жердің 

топырағын әкелерінің қабіріне салған соң, қазақстандық қонақтарды сол ауылдың әкімі мен 

мектеп  директоры  Ұлы  Отан  соғысының  ержүрек  батырларына  арналған  мұражайға  алып 

барды. Мұражай мектептің ішінде екен. Отан үшін от кешкен қандастарымызға арналған бұл 

мұражайда  соғыс  кезінде  солдаттар  ұстаған  заттар,  оқ-дәрілер,  солдат  киімдері,  тіпті 

солдаттың тамақ ішкен ыдыстары да тұр. Айшекер, Сайлаубек, Алик – үшеуі мұражайға өз 

қолтаңбаларын қалдырды.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

       


 

 

Елге аман-есен оралған соң олар аталарына алыс-жақын ағайындарының бәрін жинап 



ас  берді.  Ауыл  үлкендері  Айшекердің  істеген  ісін  үлкен  ерлік  деп  бағалап  ақ  баталарын 

берді. Қазіргі таңда Айшекер Астана қаласында өзінің отбасымен бақытты  ғұмыр кешуде.  

 

 

 

Жан жары  

Хамзина Кәмила  

1924-1949ж. 

Үлкен қызы                         

Боранбаева 

Гүлшария

 

Маженов 

Боранбай 

1908-1943ж.ж. 

 

Кші қызы 



Маженова 

Айшекер 

 

 

444 


СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН 

 

Қ.М. Саманбеков  

Тарих мамандығының ІІ курс магистранты 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

(Астана, Қазақстан) 

 

Биыл  кеңестік  тарихнамада  «ҰлыОтан  соғысы»  деген  атқа  ие  болған  ХХ  ғасырдың 



елеулі, қанқұйлы, әрі залалы мен зардабы мол алапат соғыстың аяқталғанына 70 жыл толып 

отыр.  Осынау  бұрын-соңды  болмаған  зұлмат  заманда  адам  шығынында  шек  болмады, 

халықтың  тұрмыс-тіршілігі  қатты  күйзеліске  ұшырады,  ал  бұнымен  бірге  мемлекет  іргесі 

шайқалуға шақ қалды. Экономикасы бүлінді, алға қойған мақсаттар жойылды, бәрін жаңадан 

бастауға тура келді.  

Қазақстан  жерінде  соғыс  қимылдар  жүргізілмесе  де,  оның  зардаптары  сезіліп  тұрды. 

Әсіресе бұл жағдай ауыл шаруашылығында ерекше білінді.  

Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  жылдары  Қазақстанның  солтүстік 

облыстарындағы  шаруашылықтардың  жағдайы  мен  ауыл  тұрғындарының  әлеуметтік 

өмірінде көптеген қиыншылықтар байқалды. Бірнеше жылғы соғыс ауыл шаруашылығының 

өнімділігін  қатты  әлсіретті.  Күйзелген  ауыл  шаруашылығын  қалпына  келтіру  бірен-саран 

жылдарда  құрғақшылық  пен  қуаңшылықтан  зардап  шекті.  Осының  салдарынан  дәнді-

дақылдардың шығымы төмендеді. Ал бұл, өз кезегінде мал шаруашылығының да жағдайын 

ушықтыра түсті.  

Жалпы алғанда, соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық соғыс зардаптарын жоюмен ғана 

шектелмей,  бүлінген  экономиканы  қысқа  мерзім  ішінде  жаңа  даму  сатысына  көтеруге 

міндеттелген еді.  

Соғысқа дейінгі тың жерлерді игеру тәжірибесіне сүйене отырып, Коммунистік партия 

соғыс  аяқталысымен  тың  және  тыңайған  жерлерді  жаппай  игерудің  әлеуметтік-

экономикалық  алғышарттарын  жасай  бастады.  Себебі  оның  басқа  амалы  да  қалмаған-ды. 

Елдің  астық  өнімдеріне  деген  сұранысы  жыл  сайын  артты.  50  жж.  басында  ауыл 

шаруашылық өндірісінің өсімі күрт баяулады. Мал басының өсу қарқыны да жоспардағыдай 

болмады. Техника мардымсыз пайдаланылды [2, 159]. 

1946  жылы  КСРО-ның  еуропалық  бөлігінің  басым  аймағын  жайлаған  қуаңшылық 

салдарынан  Кеңес  мемлекеті  шығыс  аудандарының,  соның  ішінде  Қазақ  КСР-інің  де  осы 

тұрғыдағы маңыздылығы айқындала бастады.  

Жалпы,  Солтүстік  Қазақстанның  құнарлы  жерлеріне  1921  жылығы  жұт  пен  астық 

шығымсыздығының  кезінде  Лениннің  өзі  көз  салған-ды.  Сол  жылдары  коммунистер  озаты 

еліміздің  солтүстік  өңірлерінің  шұрайлы  жерлеріне  қатты  қызықты.  Тың  игерудің  алғаш 

жобасын жасағанда да осы жерлер туралы сөз қозғалған сәтте екпінін жоғарылатып та айтты. 

Сірә,  осы  жайт  тың  игерудің  үшінші  кезеңінің  негізінен  Солтүстік  Қазақстан  жерлерінде 

жүргізілуін айғақтап бергені де болар. 

1950 жылы мол астық жиылды. Дәнді дақылдардың егістік өнімділігі күткен нәтижені 

ақтап,  колхоздардағы  астық  өнімділігінің  орташа  көрсеткіші  жоспарлы  тапсырмадан  2,2 

центнерге  асып  түсті.  Осылайша,  Солтүстік  Қазақстан  облысы  мемлекетке  1946  жылмен 

салыстырғанда 3 еседен астам пайда түсірді.  

Егін  ору  жұмыстары  кезінде  жоғары  көрсеткіштерге  ие  болған  облыстың  200 

механизатор жұмысшыларына КСРО ордендері мен медальдері табысталып, Киров атындағы 

совхоз  комбаиншылары  Социалистік  Еңбек  Ері  атағымен  марапатталды.  Осы  сынды 

облыстың  өзге  азаматтары  Р.А.  Бабкин,  М.  Кулушев,  Н.Я.  Коробков,  А.  Малдыбаев  сол 

жылдардағы алғашқы социалистік еңбек батырлары деген атаққа ие болды [1, 62]. 

Тың игерудің үшінші кезеңі қарсаңында ауыл шаруашылығындағы түбегейлі өзгерістер 

Ақмола  (Целиноград)  облысында  да  байқалды.  50  жж.  басында  облысқа  қарасты  шаруа 

қожалықтарында 1,1 млн. га егіс танаптары бар-ды. «Егер революцияға дейінгі кезеңде тұтас 



 

445 


Қазақстан  болып,  4,2  млн.  га  жерге  дәнді  дақыл  тұқымдастары  отырғызылса,  мұндай 

көрсеткіш  облыс  үшін  тіпті  де  жаман  емес  еді»,  деп,  «Подвиг  с  именем  Целина»  атты 

Ақмола облысында тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына арнап шығарылған 

құжаттар жинағының авторлар ұжымы өз тұжырымын жасады [10, 25]. Одан әрі, авторлар 

1913 жылы жалпы Қазақстан бойынша 135 млн. пұт ішкі өнім жиылғанын, ал 1953 жылы бір 

ғана Ақмола облысының колхоздары мен совхоздары мемлекет қамбасына 43 млн. пұт астық 

құйғанын атап көрсетті.  

Авторларың  байқауынша,  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеруге  дейінгі  Ақмола 

облысының  шаруа  қожалықтарының  жағдайы  біршама  жақсы,  қожалықтардың  ірі  жер 

иеліктері  мен  қомақты  бөлінбейтін  қорлары  болды.  Бұ  жылдары  облыс  шаруашылығы  тек 

техника мен жұмыс күшіне ғана зәру еді [10, 27]. 

Жалпы  алғанда,  50  жж.  бас  кезінде  аймақтың  ауыл  шаруашылық  саласы  ғана  емес, 

индустриалдық  жағдайы  да  біршама  жетістіктерге  қол  жеткізген  болатын.  Мәселен, 

Солтүстік  Қазақстан  облысының  1950  жылғы  өнеркәсіп  өндірісінің  көлемі  1945  жылмен 

салыстырғанда  2  есеге  жуық  өсті.  Сол  сияқты  облыстың  металл  өңдеу  саласы  2,2,  жиһаз 

жасау – 2,1, тоқыма – 3,3, май былғау – 2,3, нан пісіру – 2,9 есеге дейін ұлғайған.  

1950  жылы  соғыстан  кейінгі  жылдармен  салыстырғанда  электр  энергиясын  өндіру  де 

2,2, кірпіш құю – 2,2, аяқ киім тігу – 2,7 есе өскен. Сонымен бірге, ет дайындау, консервілер 

жасау, шұжық, ұн және басқа да кең тұтыну тауарларын өндіру салалары дамыды.  

Алайда, өнеркәсіп саласындағы ілгері басушылық социалистік жарыс негізінде жүзеге 

асырылды.  Алайда  деп  отырғанымыз,  кез  келген  жарыста,  әсіресе,  «төрешілердің»  шалғай 

жатқан  Орталықта  отырғанын  ескерсек,  асыра  сілтеушілікке  жол  берілетіні  анық. 

Көрсеткіштерді нақты есебінен асырып жазу, даурықпа жалаң ұрандар, негізсіз уәделер беру 

КСРО тарихында әбден сіңіп алған дүниелер еді. Партия алдында ерекшелену үшін мұндай 

әдеттің де жиі қолданылғаны рас. Бірақ, түптеп келген кезде, сөз нақты нәтижелерге таялған 

шақта, олардың беті ашылып, кері нәтиже бергені де шындық. Қалай болғанда да, кеңестік 

жүйе  өзінің  үйреншікті  қылығына  салынып,  аз  уақыттың  ішінде  қалың  жұрттың  қарнын 

тойдыру үшін социалистік жарыс сынды амалдарды тиімді пайдаланды. 

1951 жылы Қарағандының «Ленинуголь» тресінің кеншілері ел жұмысшыларына үндеу 

тастайды. Онда «Өндіріс қарқынын үздіксіз арттыру үшін кеңестік кез келген кәсіпорнының 

ішкі мол мүмкіндіктері бар, сондықтан біз барлық жұмысшыларға, инженерлік-техникалық, 

Қазақстанның өнеркәсіптік қызметшілеріне 1951 жылғы жұмыс жоспарын мерзімінен бұрын 

орындап  шығару  мақсатымен  өз  жұмыс  орындарында  социалистік  жарыс  ұйымдастыруға 

шақырамыз» делінген [1, 104]. 

Үндеу,  әрине,  кезек  күттірмеді.  Барлығы  жарыса,  бір  біріне  жабыса  жоспарды 

мерзімінен  бұрын  орындауға  белсене  кірісті.  Өз  мүмкіндіктерін  есептей  келе,  Павлодар  ет 

дайындау комбинатының ұжымы консерві дайындау бойынша 1951 жылғы жұмыс жоспарын 

5  желтоқсанға,  ет  өндіру  бойынша  25  желтоқсанға  дейін  бітіретінін  жариялады. 

«Комсомолка» тігін фабрикасының жұмысшылары болса, тез арада үшінші цехты іске қосуға 

және фабриканың өнімділігін 2 еселеуге міндеттелді.  

Бесінші  бесжылдық  жылдарында  Солтүстік  Қазақстан  облысының  өнеркәсіптік 

орындарының  саны  көбейді.  Осы  жылдары  Петропавл  қаласында  Өнеркісіп-құрылыс 

материалдары министрлігінің кірпіш құю зауыты салынып, іске қосылды. Зауыт жылына 7 

млн. кірпіш өнім берді. 

Сол  сияқты  облыста  жылына  200  мың  жабынқыш  (үй  төбесін  жабатын  жұқа  қыш 

плиткалары) шығаратын зауыт, совхоздарда бірнеше кірпіш зауыттары, совхоздар мен МТС-

тарда  жалпы  қуаттылығы  600  киловат  құрайтын  7  электр  станциялары,  2 000  тонна  май 

беретін май былғау зауыты, нан комбинатының макарон жасау цехы, № 2 тігін цехы жұмыс 

жасап тұрды. 

1955  жылы  1950  жылмен  салыстырғанда  өнеркәсіптегі  еңбек  өнімділігі  39, 

жұмысшылар  саны  32,5,  ішкі  өнім  көлемі  84  %-ға  өсті.  Ет  2,6  есе,  ұн  –  2,  консерві  –  1,4, 

шұжық – 1,6, ет майы – 1,5, макарон бұйымдары – 6,7, құрылыс кірпіштері – 2,4, аяқ киім – 



 

446 


1,5 есе көп өндірілді. Двигательдер, жиһаздар, металл бұйымдары, тері, тігін саймандары мен 

т.б. заттар көбейді. 

Осының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы 1955 жылы өнеркәсіп өндірісі мен 

жұмысшылар  саны  жөнінен  Қазақстан  бойынша  Қарағанды,  Алматы,  Шығыс,  Оңтүстік 

Қазақстан, Семей облыстарынан кейінгі 6 орынды иеленді [1, 106]. 

Дегенмен,  қарқынды  даму  аймақ  облыстарының  барлығынан  байқалмады.  Мәселен, 

Ақмола  (Целиноград)  облысының  дамуы  әлсіздеу,  ал  өндіргіш  күштердің  деңгейі  мен  өсу 

қарқыны  төмен  болды.  1950  жылы  облыстың  кәсіп  орындарында  21 755  жұмысшы 

еңбектенді, олардың 17 819-ы ірі өндіріс орындарында жұмыс істеді.  

Осы жылдары облыс тұрғындарының санын есептеген кезде, жұмыс күші аздығының, 

экономикалық  салада  артта  қалушылығының  себебін  түсіну  қиын  емес  сияқты.  Облыс 

халқының орташа тығыздығы (облысқа бағыныңқы қалаларды қоспағанда) бұ жылдары 1 км

2

 

шаққанда 1,5 адамға, ал кейбір аудандарда, мәселен, Қорғалжында одан да төмен – 0,4 ға шақ 



келді. Бұған қоса, елді-мекендер бір бірінен қашық орналасты. Облыс орталығына ең жақын 

деген Вишневка аудандық орталығы 75 км қашықтықта орналасты. Қима ауылы орталықтан 

354, Балкашино – 400 км-ден астам жерде жатты. 

Қатынас тораптарының жағдайы да мүшкіл болды. Облыс жерлерін  Қарталы – Ақмола 

– 

Бертыс, Ақмола – Петропавл және Ақмола - Павлодар темір жол желілері кесіп өтті. 1953 



жылдың соңына таман қолданыстағы темір жолының ұзындығы 912 км-ге тең болды. Облыс 

территориясының  100  км

2

-

ге  шаққан  кезде,  темір  жолдың  үлес  салмағының  небары  500 



метріне шақ келетінін есепке алсақ, қатынас жолдары жағдайының қандай екенін айтпаса да 

болатын сияқты. 

Осы тұста шаруа қожалықтары мен астық қоймаларының темір жол желілерінен алшақ 

орналасқанын  да  айтып  өткен  жөн.  Осының  салдарынан  жиылған  астықты  станцияларға 

тасымалдау  жолының  орташа  ұзақтығы  60  км-ге  тең  келді.  Сонымен  қатар  автокөлік 

жолдарының  да  ұзақтығы  қысқарып  кетті.  1950  жылы  облыстағы  тас  жолдың  ұзындығы  7 

мың км болса, 1953 жылы ол 6,7 км-ге қысқарды, әрі 200 км қатты қабат жол 1954 жылғы 

картаға түспей де қалды. 

Көлік қатынасының мұндай жағдайы, деп топшылайды осы өңірді зерттеуші ғалымдар, 

табиғаттың қаталдығымен келіп қосылғанда, облыстың ішкі және сыртқы дамуын тежемей 

қоймасы анық [11, 26].  

Өнім  нәтижесінен  облыстың  өндірістік  пайдалылық  көрсеткіштерінің  де  төменділігі 

айқындалады.  Жалпы,  Ақмола  (Целиноград)  облысының  өнеркәсібі  әлсіз  дамыған. 

Өнеркәсібі  негізінен  ұсақ  кәсіпорындардан  құралған.  Кәсіпорындарда  орташа  есеппен  15 

жұмысшы  қызмет  жасаған.  Облыстың  ең  ірі  деген  кәсіпорындары  «Каззолото»  тресі  кен 

орындарынан,  Ленин  атындағы  поршын  сақинасын  жасау  (мұнда  1953  жылы  1 068  адам 

жұмыс  істеген),    трактор  тырмалары  мен  ауыл  шаруашылық  машиналарының  кейбір 

саймандарын  жасап  шығарған  «Казахсельмаш»  (883  жұмысшы),  тамақ  және  химия 

өнеркәсібінің  насос  жасау  және  вагон  жөндеу  зауыттарынан  құралды.  Аталмыш  өндіріс 

орындарында  1953  жылы  облыстағы  барлық  өнеркәсіп  жұмысшыларының  32,5  %-ы 

шоғырланды. 

Қарап  отырсақ,  соғыс  алдында  Қазақстан  шикізат  базасы  мен  мал  өнімдерін 

дайындайтын негізгі аймақ болып есептелді. Соғыс болмағанда, еліміз осы мәртебесін онан 

әрман  сақтап  қалар  ма  еді.  Соғыс  келіп,  бәрін  өзгертті.  Өлкеде  өнеркәсіп  ошақтары  пайда 

болды.  Оның  үстіне  мал  басының  кемуі  егіншілікке  деген  мұқтаждықты  арттырды.  Астық 

өзіне  қажеттіні  талап  етті.  Өсіп  өнген  егінді  жию,  тасымалдау,  өңдеу  өлкеде  ауыл 

шаруашылық  өндірісінің  дамуына  түрткі  болды.  Салыстырмалы  ірілі  өндіріс  ошақтары 

пайда болды, қатынас жолдары қолға алынды. Дегенмен, бұл өзге елдермен салыстырғанда 

өте әлсіз дамыды. Нәтижесі де мардымсыз еді. Сол себепті де, тек Ақмола облысы ғана емес, 

тұтас  Солтүстік  Қазақстан  өңірі  осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  дамуы  алысқа  ұзамады. 

Өнеркәсіптің  кейбір  өсіміне  қарамастан,  1950  жылы  солтүстік  өңірде  ауыл  шаруашылығы 


 

447 


басым  болды.  Сондықтан  экономиканы  аяққа  тұрғызу  үшін  ең  алдымен  аграрлық  салада 

өзгеріс жасауға тура келді. 

Ауыл  шаруашылығын  соғыстан  кейінгі  кезеңде  жаңғыртудың  маңызды  саласы  ұсақ 

колхоздарды  ірілендіру  науқаны  болды.  БК(б)П  ОК-нің  1950  жылғы  30  мамырдағы  «Ұсақ 

колхоздарды  ірілендіру  және  бұл  істегі  партия  ұйымдарының  міндеттері  туралы»  қаулысы 

бойынша  «партия ұйымдары қоғамдық шаруашылықты ілгері дамыта алмайтын және ауыл 

шаруашылық  техникасын  меңгеруге  қабілетсіз  ұсақ  колхоздарды  ірілендіруге  міндетті» 

болды [6, 30]. 

 

1948 жылдың соңында партия мен кеңес ұйымдары облыстың дәрменсіз деп танылған 



39  колхозын  ұйымдастырушылық-шаруашылық  тұрғысынан  нығайту  шараларын  бекітті. 

Аталған  колхоздардың  барлығы  дерлік  кішкентай  болғанға  ұқсайды.  Бұған  қоса,  жұмыс 

күшіне  қатты  зәру  ұсақ  шаруашылықтар  өздеріне  аманат  қылып  телініп  берген  жерге 

тиісінше  қожалық  жасай  алмады.  Егер  де  1949  жылы  облыстың  барлық  колхоздары  орта 

есеппен 42,5 пайыз егіндікке жарамды жер танаптарын игерсе, 39 колхоздың осы саладағы 

көрсеткіші 30 пайыздық мөлшерге ғана жетті.  

«Кеңес ауданына қарасты «Өрнек» пен Молотов атындағы колхоздар болса, тіпті 17-ақ 

пайызға қол жеткізді. Бұны айтпағанда, жақын маңдағы колхоздарда жер жетіспеді. Алайда, 

экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, олардың өздігінен егіс алқаптарын ұлғайтуға мол 

мүмкіндіктері болды. Мәселен, Полудин ауданының «Стахановец» деп аталатын колхоздың 

жері  жеткіліксіз, көршілес  «Қазақстан»  колхозы  жерлерінің  басым  бөлігі  игерілмей  қалды. 

Өмірдің  өзі  мұндай  колхоздады  ірілендіру  қажеттілігін  айқындап  берді»  [1,  116],  деп 

көрсетілді сол жылдардағы құжаттарда.  

Ендігі  жерде  колхоз  құрылысының  көпжылдық  тәжірибесі  көрсеткендей,  ұсақ 

колхоздар қашан да халық шаруашылығын тежеп тұрған болатын. Сол себепті Коммунистік 

партия  экономикалық  дамудың  өмірлік  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  ауыл  шаруашылық 

саласын аяққа көтерудің кейінгі амалы мен ауыл шаруашылығын титықтатқан тығырықтан 

шығу жолы ретінде ұсақ колхоздарды біріктіріп, ірілендіруді ұсынды, деп жазылды. 

 

Осылайша, сол уақыттың кеңестік идеология майталмандары Коммунистік партияның 



ауыл  шаруашылығына  жасаған  волюнтаристік  қиянатын  заман  талабынан  туындаған  шара 

деп түсіндірді. 

Колхоздырды ірілендіру шаралары жаппай сипат ала бастады да, 1952 жылдың басына 

таман  өлкеде  бұрынғы  430  колхоздың  орнына  226,  соның  ішінде  138  үлкейген  және  88 

іріленбеген колхоз пайда болды. 

Әрине, кез келеген науқан бастапқы кезде оң нәтиже көрсететіні белгілі. Себебі, жаңа 

істі  бастау  оңай  да,  оны  жеңісті  аяғына  дейін  жеткізу  қиын.  Оған  қоса,  билік  иелері  жаңа 

бастаманы  жүзеге  асыру  үшін  материалдық  қолдауды,  идеологиялық  насихатты  аямады. 

Осының  нәтижесінде  іріленген  колхоздар  бастапқы  кезде  мол  мүмкіндіктер  әкеледі  деп 

сендірді. 

Бірлі-жарымды  үкімет  ілтипатына  ілінген  ауылдық  елді-мекеннің  бірі  сол  кездегі 

Петропавл  ауданының  «Ленин  нұры»  деп  аталатын  колхозы  болды.  1950  жылы  колхозда 

артель  өндірісінің  сақтаулы  қорларын  одан  әрі  ұлғайту  шараларына  сүйенген 

шаруашылықты дамытудың келешегі үмітті жоспары жасап әзірленді. Өндірістік бригадалар 

тәжірибелі 

мамандармен 

жасақталып, 

астықты 


өлшеп-тазарту 

жұмыстары 

механикаландырылды,  мал  қораларының  құрылысы  қолға  алынды.  Колхоз  жетекшісінің 

білікті  басқаруының  арқасында  ұжым  шаруашылығының  жұмысы  қысқа  уақытта  өрге 

домалады.  1949  жылы  біріктіргенге  дейін  3  колхоздың  2 756  га  егін  салынса,  1953  жылы 

бірігу  нәтижесінде  егістік  жерлердің  көлемі  4 253  га  дейін  жетті.  Колхоздың  қаржылай 

табысы да, сәйкесінше, 280 рубльден 1,6 млн рубльге дейін ұлғайды. 

Әрине, колхозды ірілендіру саясаты біршама жетістіктерге ие болғанын атап өту қажет. 

Ұсақ,  әрі  әлсіз  деп  танылған  шаруашылық  ұжымдарын  тарату,  оларды  бір  орталыққа 

тоғысыру,  бір  жағынан,  «бос  жатқан»  жерлер  санын  ұлғайтты,  екіншіден,  қолда  бар 

материалдық-техникалық базаны оңтайлы қолдануға мүмкіндік берді.  


 

448 


Колхоздарды  ірілендіру  техниканы  тиімді  пайдалану  үшін  жағдай  жасады.  Мәселен, 

Солтүстік  Қазақстан  облысында  ірілендіруге  дейін  МТС-тер  орта  есеппен  14  колхозға 

қызмет  етсе,  ендігі  кезекте  оның  еншісіне  7-8  колхоз  берілді.  Сөйтіп,  колхоз  санының 

қысқартылуымен МТС әлеуетін оңтайлы пайдалануға жағдай жасалды [1, 118].  

Дегенмен  бірлі-екілі  табыстары  болмаса,  мұндай  саясат  экономикалық  жағдайды 

түбегейлі  өзгерте  алмады.  Көптеген  колхоздар  мен  совхоздар  даумы  жағынан  артта  қалып 

қойып  отырды.  Колхоздарды  ірілендіру  саясаты  күткен  нәтиже  бермеді.  Колхоз  саны 

қысқарып,  техника  пайдалану  оңтайланғанымен,  маусымдық  жұмыстар  кезінде  МТС-дың 

тоқтап  тұрғаны  байқалды.  Көптеген  станцияларда  бікітілген  екі  маусымды  жұмыстар 

орындалмады.  Мұның  мәнісі  –  көптеген  МТС-тарда  техниканы  сақтайтын  және  жөндейтін 

арнайы орындар болмады. Бұған қоса, жанармай тиімсіз пайдаланды.  

Осының салдарынан сол кездің өзінде-ақ көзделген мақсат пен оған жету жолдарының 

ара жігі ажыратылғаны байқалды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында Совет МТС-сы 

1950 жылғы жұмыс жоспарының 72 пайызын, Коновалов МТС-сы – 75, Ленин МТС-сы – 76, 

Торанғұл  МТС-сы  78  пайызын  ғана  орындады.  Осының  нәтижесінде  облыс  тракторлары 

1950  жылы  өзіне  жүктелген  өндірістік  тапсырмаларды  22  пайыздық  көрсеткішпен  ғана 

орындап шыққан [3, 29]. 

Ауыл  шаруашылығын  осындай  тәсілмен  жақсарту  жолы  әу  бастан-ақ  сорақы 

шешімдердің  санын  толықтырғанын  аңғартты.  Әдеттегідей,  жалаң  ұранмен  қаруланған 

партия  белсенділері  партия  шешімін  тез  арада  орындауға  бел  буды.  Қысқа  уақыт  ішінде 

партия  шешімі  мерзімінен  орындалып,  1  жылдың  ішінде  Қазақстандағы  колхоз  саны  48 

пайызға қысқарды. 

Бұған қоса, артта қалған колхоздар мәселесін нақты шешіммен жақсартудың орнына, 

әлсіз  шаруашылықтарды  ірі  колхоздарға  қосу  арқылы  мәселенің  шешімін  табуға  тырысты. 

Кейде  әлсіз  колхоздардан  құтылу  үшін  оларды  тиімді  совхоздарға  қосуға  ұмтылу  тәртібі 

негізгі принципке айналды. Осының салдарынан іріленген шаруашылықтарда жұмыс сапасы 

нашарлады, өндірістік көрсеткіштер төмендеді [3, 30].  

Ұсақ  колхоздарды  біріктіргенде  отызыншы  жылдардың  басындағыдай,  ортақ  малды 

жаппай сойып алу фактілері орын алған. Бұл құбылыс кең таралғаны соншалық, партияның 

Орталық  Комитеті  де  алаңдаушылық  білдіріп,  арнайы  нұсқау  беруге  мәжбүр  болған. 

Мысалы,  1950  жылғы  31  шілдеде  шағын  шаруашылықтарды  ірілендіру  жұмыстарын 

жүргізуге байланысты колхоздарда мал басын сақтау жөнінде арнайы қаулы шықты [11, 139-

140].  Зерттеу  мәліметіне  қарағанда,  1952  жылы  ғана  ірі  қара  малдың  жалпы  саны  2,2 

миллионға азайып кеткен, оның ішінде сиыр саны 550 мыңға кеміген. Свердлов облысында 

1950  жылдың  8  айында  18,6  мың  ірі  қара,  33,6  мың  қой,  33,3  мың  шошқа  шығым  болған. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин ауданында 1952 жылдың алты айында барлығы 10 

532 мал кеміп, оның ішінде әрбір жүз аналықтан алынған бұзау саны 36,6 пайыз, козы – 36,6 

торай -18,6, құлын - 4,9 пайыз болған. 27 колхоздың 13-де жаңа туған қозының тең жартысы, 

тоғыз  колхозда  бұзаулардың  үштен  екісі  қырылған.  Нәтижесінде  1952  жылы  облыс 

колхоздары жүз сиырдан 45 бұзау, жүз саулықтан 35 қозы ғана алған [3, 50]. Бұл орасан зор 

кемшілік  еді.  Әлбетте,  мемлекет  мұндай  көріністің  астарынан  қылмыстық  әрекеттер  іздеп, 

«социалистік  меншікке  салақ  қараудың»  себебі  еңбек  тәртібінің  бұзылуынан,  «санасыз  іс-

әрекеттерден» деп түсіндірді. 

Мұндай ауыл шаруашылығының дамуына кері есер еткен өрескел қателіктерін одақтық 

билік 1953 жылғы қыркүйек пленумының жұмыс барысында анықтауға бел буды. КОКП ОК 

қыркүйек пленумында атап көрсетілгендей, ауыл шаруашылығының артта қалуының бірден 

бір  себебі  –  Коммунистік  партия  мен  Кеңес  мемлекеті  бар  назары  мен  мүмкіндігін  елдің 

ауыр  өнеркісіп  саласын  дамытуға  үйіп  төкті,  ал  соғыстан  кейінгі  жылдары  ауыл 

шаруашылығын аяққа тұрғызу үшін мол қаржы көздері қажет болды. Алайда соғыстан кейін 

орнаған  ауыр  жағдай  салдарынан,  билік  бір  уақытта  индустрия  мен  ауыл  шаруашылығын 

қатар  алып  жүре  алмады,  деп  болған  жағдайға  өз  көзқарасын  білдірді  өткен  ғасыр 

авторларының бірі [2, 159].  



 

449 


Авторлардың  айтуына  қарағанда,  сол  жылдары  ауыл  шаруашылық  жұмыскерелрін 

материалдық  тұрғыдан  ынталандыру  саласында  өрескел  бұзушылықтар  орын  алды,  баға 

белгілеуде  де  үлкен  кемшіліктер  болды.  Ауылдағы  партия-ұйымдастыру  шаралары  тиісті 

дәрежеде  орындалмады,  партия  мен  шаруашылық  кадрларды  таңдау  мен  тағайындау 

жұмыстарында кемістіктер пайда болды. 

Келесі  тұжырым  бойынша,  қыркүйек  пленумының  аграрлық  саланы  жіті  зерттеуінің 

нәтижесінде  ауыл  шаруашылығының  артта  қалғанын  ауыл  шаруашылығын  басқару 

саласындағы кеткен қателіктер мен ағаттықтардан көрді [1, 119]. 

Сол себепті 1953 жылғы қыркүйек пленумы осы кемшіліктерді түзету шараларын, ауыл 

шаруашылығының  кейінгі  жылдардағы  даму  бағыттарын  айқындады.  Аграрлық  саласын 

қаржыландыруды  ұлғайту,  материалдық-техникалық  базасын  нығайту,  аса  маңызды  ауыл 

шаруашылық  өнімдерді  дайындау  мен  бағасын  өсіру,  ауыл  қызметкерлерін  қаржы 

тұрғысынан  ынталандыруды  қамтамасыз  ету,  мамандарды  іріктеу  мен  тағайындау 

жұмыстарын  жақсарту,  ауылдағы  партия  ұйымдарын  күшейту,  олардың  қай-қайсы 

шаруашылықтың  мән-жайын  білу  жауапкершілігін  көтеру  сияқты  шешімдер  қабылданды. 

Сонымен  бірге,  пленум  ауыл  шаруашылығының  барлық  салаларын  қарқындату  ісінде 

Қазақстан қорларының маңызын ерекше атап өтті. 

Басқа одақтық республикалардағыдай, Қазақстанда да қыркүйек пленумының қаулысы 

қызу талқыланып жатты. Қаулы шешімдерін талдау мақсатымен Қазақстан Компартиясы VІ 

пленумы,  облыстық,  аудандық  комитеттер  жұмыстары  ұйымдастырылды.  Ауыл 

шаруашылығы мәселесін талқылау барысында республиканың жүктелген міндетті орындауға 

қажетті қорлардың бар екені анықталды. Мәселен, Ақмола облыстық комитетінің пленумы 

облыс  совхоздары  жаңа  жерлерді  игеру  есебінен  небары  2-3  жылда  егіс  көлемін  3-4  есе 

көтере  алады  деп  мәлімдеме  жасады  [2,  160].  Сол  сияқты,  Қостанай  облысы  Семиозерный 

ауданындағы Ново-Нежинский МТС-да өткен механизаторлар жиналысында 1953 жылы 13 

қыркүйекте жылдық жоспардың 101 пайызға орындалғаны айтылды [3, 40].  

Мұрағат  құжаттарында  МТС  пен  колхоздарға  бұрынғы  қызметкерлер  қайтып  орала 

бастағандығы да айтылады. Мәселен, Ақтөбе химия комбинатынан Тамды МТС-на жұмысқа 

10  адам,  ал  Ақтөбе  ферроқорытпа  зауытынан  Қостанай  облысы  Меңдіқара  ауданына 

жұмысшылар келген [3, 40]. 

Қазақ  КСР  Министрлер  кеңесінің  сол  кездегі  төрағасы  Е.  Тайбеков  1953  жылдың 

аяғында «Правда» газетінде: «Соңғы жылдары аудандарда егістік жерді кеңейту бағытында 

біраз жұмыстар атқарылды. Солтүстік Қазақстан облысында егістік жер көлемі 1953 жылы 

1950  жылмен  салыстырғанда  28,5  %-ға,  ал  дәнді  дақылдар  алқабы  128  мың  гектарға  өсті. 

Осындай  мәліметтерді  басқа  облыстар  бойынша  да  беруге  болады»,  -  деп  жазған.  Автор 

колхоз, совхоздарда жаңа игерілген жерлерден шығыны аз мол өнім алынғанын да көрсеткен 

[3, 42].  

Үздік  артельдердің  еңбеккерлері  ауылға  жақын  жерлерді  ғана  игермей,  шалғайдағы 

тыңайған  жер  алқаптарын  да  жыртқан.  Мысалы,  Полудин  ауданындағы  «Прогресс» 

колхозының Данилов басқарған трактор бригадасы және егіншілік бригадасының бригадирі 

П.С. Лукяненко егістік жерлерден басқа 68 гектар тың жерді игерген. Осы алаптан гектарына 

32 центнер астық алған [3, 42]. 

Осылайша,  тың  және  тыңайған  жерлердің  Кеңес  Одағының  шығыс  аймақтарындағы, 

соның ішінде Қазақстанның солтүстігіндегі 6 ірі облыстарындағы қорларын «зерттей келе», 

партия жаңа жерлерді жаппай игеру туралы идеясын жүзеге асыруға кірісті. 

Осы  тұста  партияның  жаңа  саяси  бағытты  жариялау  алдындағы  асығыс  жасалған 

қорытынды шешімдеріне назар аудармасқа болмайды. Бірлі-жарымды табыстар мен дәстүрге 

айналған асыра сілтеу салдарын партия керемет жетістік ретінде паш етіп, жоғарыдан пішіп 

кесілген  саясаттың  негізіне  айналдырды.  Сол  себептен  де,  тың  және  тыңайған  жерлерді 

игерудің  ең  басты  дәлелі  –  жүргізілген  бірлі-жарымды  тәжірибе  болатын,  деп  жазады  өз 

еңбегінде зерттеуші Қадыржан Әбуев [6, 82]. 


 

450 


Автордың  жазғанына  қарағанда,  Челябі  облысының  «Петропавловск»,  Солтүстік 

Қазақстан  облысының  «Ленин  жолы»  шаруашылықтарының  тәжірибесінің  негізінде 

Қазақстанның тың аудандарында, Сібір, Орал және т.б. аймақтарда 13 млн. га, оның ішінде 

Қазақстанда 6,3 млн. га тың және тыңайған жерлерді игеру мақсаты қойылды.  

Әлбетте, зерттеуші болған оқиғаға сыни көзқарас тұрғысынан әділ бағасын бергендей, 

бірлі-екілі озық тәжірибе тұтас реформаның салдарын алдын ала пішіп бермесі анық. Тіпті, 

ел экономикасына деген осындай салғырт қатынас оның тығырықтан шығу емес, қайта одан 

беттер  тереңдей  енуіне  түрткі  болды.  Бастапқы  кездегі  бұрын-соңды  болмаған  жетістіктер 

көп  ұзамай  үлкен  олқылықтармен  алмасты.  Бұл  басқарушы  биліктің  ел  тағдырына  деген 

волюнтаристік  көзқарасының  кезекті  көрінісі  болды.  Тіпті,  тарихшы  Әбуевтің  пікіріне 

сүйенсек,  тың  игерудің  негізіне  алынған  тәжірибелердің  өзі  көз  бояушылық,  үлкен  күмән 

келтіреді [6, 82]. 

Десек  те,  сол  кезеңдегі  еңбектерде  Солтүстік  Қазақстандағы  алдыңғы  қатарлы 

колхоздардың  жетістіктері  көптеген  артельдердің  тың  және  тыңайтылған  жерді  игеру 

қозғалысын  туғызғандығы  жиі  жазылды.  Мәселен,  Конюхов  ауданындағы  «Путь  Ленина» 

колхозында орташа егіннің шығымы гектарына 14,5 центнер болса, ал жаңа игерілген тың 

жерден гектарынан 30 ц өнім алынған. Колхоздарда жаңа 350 га жерге егін егілген. Преснов 

ауданындағы  Молотов  атындағы  артель,  Ленин  ауданындағы  «Бұлақ»,  «Мир»  артельдері 

1954-

1955  жылдары  бір  мың  гектардан  жаңа  жерлерді  игерулері  тиіс  болған.  Кезекті  бір 



жиналыста  Ленин  ауданының  Воровской  атындағы  артелі  жоспарын  ұлғайтып  тыңайған 

жерлердің есебінен астық егетін жерді 500 га көбейтуге шешім қабылдаған [3, 6 п.] 

Осы  бағытты  ұстанған  басшылық  1954  жылдың  ақпан-наурыз  айларында  КОКП  ОК 

жаңа жиналысын өткізіп, «Елде астық өнімдерін одан әрі арттыру және тың және тыңайған 

жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. 

Қарап  отырсақ,  1950  жылдардың  басындағы  орталықтың  басшылығымен  жүзеге 

асырылған  саяси  реформалар  мен  олардың  Қазақстанның  солтүстік  облыстарында  жүзеге 

асырылуы  соғыс  жылдарында  бүлінген  жағдайды  қалпына  келтіруге  бағытталды.  Бірде, 

кеңес  мемлекеті  ешқашан  да  аграрлық  саланы  дамытуға  мүдделі  болмаған,  негізінен  ауыр 

өнеркәсібін  дамытуға  бар  күш-жігерін  жұмсаған  деген  пікірге  кезіктім.  Алайда, 

жұмысшының қарны тоқ, көңілі көтеріңкі болуы үшін оған азық керек. Осы себептен де ауыл 

шаруашылығының да жағдайын түзеп отырды делінген сол пікірде.  

Белгілі бір дәрежеде пікір дұрыс-ақ. Дегенмен, ауыл шаруашылығының өнімі бірінші 

кезекте  ол  жұмыс  күшінің  қуаты  ғана  емес,  ол  мықты  шетелге  шығаратын  шикізат  та. 

Сондықтан, кеңес мемлекеті аграрлық саласын барынша дамытуға тырысты. Сол мақсатпен 

50 жж. орта шенінен бастап, алдағы «жау» тыңға шабуылды бастады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет