ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Құрышжанұлы Ә. Диуани лұғат-ит-түрк // «Қазақ тілі»
энциклопедиясы. А., 1998, 98-99 б;
2. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967, 116 б;
3. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам.
А., 1972, 47 б;
4. Арсланова Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья (ІІІ – ХІ вв.) //
Новое
в
археологии
Казакстана.
А,
1968,
149
б;
5. Құрышжанұлы Ә. Қыпшақтану // «Қазақ тілі» энциклопедиясы. А.,
1998, 249-250 б;
6. Миллер Г. История Сибири. Т.1. М.-Л., 1937, 147 б;
7. Көмеков Б, Ә.Құрышжанұлы, С.Дүйсен. Ескі қыпшақ тілі. Алматы,
2008, 123 б;
8. Құрышжанұлы Ә. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері // «Қазақ тілі»
энциклопедиясы. А., 1998, 114-115 б;
9. Құрышжанұлы Ә. Кодекс куманикус // «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
А., 1998, 173-175 б;
10. Құрышжанұлы Ә. Китаб-ул-айни // «Қазақ тілі» энциклопедиясы. А.,
1998, 173 бет;
11. Құрышжанұлы Ә. Армян қыпшақтарының тілі // «Қазақ тілі»
энциклопедиясы. А., 1998, 31 бет;
12. Көмеков Б, Ә.Құрышжанұлы, С.Дүйсен. Ескі қыпшақ тілі. Алматы,
2008 жыл
13. Бартольд В.В. Кимаки. Статья из энциклопедии ислама. М., 1968, Т.5,
264-266 б.
БАРАҚ ОҒЫЗ-ҚЫПШАҚ ТҮРІКТЕРІ ТУРАЛЫ СОҢҒЫ ДЕРЕКТЕР
ҺӘМ КӨШПЕЛІ ТАЙПА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Эрол Гюнейлигиль
Зерттеуші жазушы, сәулеткер
Газиантеп қаласы Түркия
erbolbay@mynet.com
тлф: 8 702 699 28 29
Кимек тайпалық одағының негізінің құрылуымен байланысты Кимек
мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл
және жазба ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми конференциясында
бүгін Барақ Оғыз Түріктері және көшпенді Қыпшақтар жөнінде әңгіме
жариялағанмың.
Көк Түріктердің ежелгі тарихына қарап, түп анасы Көк Бөріден шыққан
Түрік халықтарының оқиғалар желісінде жер бетіне жайылуының терең
тарихы, әлемге мағлұм екен.
Ортақ қазынамыз Түрік тілдерінің керемет сырларын мен Түрік тілді
ұлыстардың ғажап әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрлерін және аңыз
әңгімелеріне сүйенер болсақ; оңтүстік Түркия
облыстарында әсіресе Газиантеп аумағы таулық өңірінде және Сурия
шекарасы жазықтық шөлендерінде көшпелі өмір сүрген Барақ ру мен
тайпалары және Қыпшақтар арасында көптеген ұқсастықтар болғанын бір
ауыз сөзбен айтамын.
Бұрынғылар «Әр айдың оты басқа» [8]
деп, жаздың ыстық тамызында
мың сан жылқы, түйе мен төрт түлік малын жайлаған, қыстың көзі қырауда
тоқтаусыз қостаған көшіп-қонып жүрген. «Көктем мен жаз, жаз бен күз, күз
бен қыстың қолайсыз күндерінде» [9]
аяқ баспаған шөп, таза су, ауа мен
малдың арқасында жүрген көшпелі Барақ Оғыз Түрктерінің арғы ататегі
жайлы ауызша деректер мен соның төңірегінде аңыз әңгімелер Барақ ру мен
тайпалары және рулас көрші-колан Оғыз тайпалары арасында дағы өте көп
айтыла келеді ғой.
Ауызша шежірелерде қариялардың пайымдауынша, Барақ Оғыз
Түрктерінің ежелгі тарихы жыртқыш құсқа байланысты аңыздан басталады.
Сонау заманнан бері ақсақалдардың ауызынан көне ғасырлардан сыр
суыртпақтаған осы әңгімелері, бала кезімізде жаратқанда ұмытқан оңтүстік
Анадолы ауылдарында көпті көрген кейбір қариялардан талай естідік.
«Аңыз бойынша, ұшы-қиыры жоқ Орталық Азия тауларының
шыңында, тамырлары жерден нәр алған жалғыз бір шынар ағашы өсіпті!
Бұл енселі ағаштың кей кезде көк аспанмен құшақтаса тілдескен қою
көлеңкелі бұтақтарының арасына жасы ұлғайған киелі құс Келкенес өз өлімін
сезініп, екі жұмыртқа салып кетеді!
Жұмыртқанның біреуінен қос жүректі батыр дейтін, «Көк Барақ Ит»
шығады! Екінші жұмыртқаның не болғаны, немесе одан кім шыққаны
белгісіз.» [2: 9]
Көшпелі тайпа мәселелері және тарих сұхбаттарынан қазіргі таңға
дейін келген бұл аңыздың, Түрк тілді халықтардың шыққан тегі туралы
жалпы әңгіме және дастандарымен қарым-қатынасты бар болғаны мәлім
екен. ЭГ
Осының ең жақын мысалы, Астана қаласы «Бәйтерек» монументі
алдындағы жазуда айтуға барады!
«Кең
мағыналы мифогогиялық тұжырым заманы жинактаған
“Бейтерек” бейнесі – өмір ағашы деген мағынаны білдіреді.
“Бейтерек” өзінің орналасуымен және композицялық құрылымен
көшпенділердің космогендік көзқарастары туралы, әлемдік өзеннің құйылыс
сағасы туралы мағына береді. Оның жағасында тамыры жерден нәр алған
өмір ағашы – Бейтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бұл
ағаштың тамыры жер асты әлемінен бастау алып, ағаштың өзі мен діңгегі –
жер бетінде орналасса, ал оның ұшар басы көк аспан мен тілдескен.
Аңыз бойынша ағаштың ұшар бастына жыл сайын киелі кұс Самұрық
алтын жұмыртқа салады екен, әйт кенмен ағаштың етегінде өмір сүретін
айдақар жұмыртқаны жұтып қоя береді . Міне, мұның бәрі жаз бен қыстың
күн мен түннің алмасуын, жақсылық пен жамандықтың арасындағы талас-
тартысты бейнелейді.» [:]
Осы тұрғыдан келгенде, нақты түрде белгіленбеген, ауызша деректерге
қарағанда тарихи оқиғалар, көшпелі рулар мен тайпалар туралы сұхбаттарда,
көнекөз қариялардың кезінде айтып кеткен Барақтардың жаратылыс
әңгімесін қайтадан еске түсірсек, аңызда түсініксіз тұстар бар!
Себебі, кең байтақ далада жалғыз бір ұлы шынар ағашы мен қай
жерден келгендігі, қайда баратыны, не екені белгісіз жасы келген жыртқыш
бір құс туралы айтылады.
Аңыздың тағы да басқа ең қызықты жері, құстың еркегі жоқ!
Қос жұмыртқаның біреуінен, «Көк Барақ Ит» деген батыр дүниеге
келгеннен кейін не болғаны және екіншісінен кім шыққаны немесе ақыры не
болғаны да белгісіз.
Ата-бабаларымыз айтпақшы, «Ит құтты, ат құтты, әйел құтты» деген
мақал еске түсіп отыр!
Өзіме қарап, Барақ Оғыз Түрктерінің арғы тегі еркек шынар ағашы
аруағы мен ұрғашы құстан шыққан ба, деп ойлаймын. ЭГ.
Осыған байланысты білінер-білінбес мәселелер киелі құс Самұрық
әңгімесінде де бар!
Шынар немесе Бәйтерек атауы бес, алты ғасыр жасар ұлы өмір
ағаштары деген мағынаны білдіреді.
Осы
тұрғыдан
келгенде,
Астана
қаласы
Түрік
құрылыс
орталықтарына жұмыс істеуге келетін және өздерінің Қыпшақ екендіғін
айтан Ақмола облысы және Қарағанды облысының Қазақтары мен оңтүстік
Түркияның Газиантеп аумағындағы Барақ Оғыз Түрктері арасында өте көп
ұқсастықтар бар. Осы тек ғана әңыз мен әңгімелер емес.
Орта Азиялық Түрік тілді халықтардың ауыз әдебиетіндегі Батыр мен
жырауларының бейнесі және елдік мұрат-мақсаттары жөнінде әр дәуірде
Анадолы даласында да ауыздан-ауызға көшiп жүрген күй мен өлең-жырлар
арасында мол нақты ұқсастықтар болғанын айта берудің қажеті жоқ.
Бүгінгі жиналыста біздің қолымызда бар болған деректер бойынша,
Барақ Оғыз Түріктері мен Қыпшақтардың қарым-қатынас жасауына тағыда
мысал үшін жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында өмiр сүрген көне
көз бір тәуіп, көріпкел бір халық сазшысы болған Лоханлы Қабұқ Хөкгештің
сөздері туралы да қысқаша айтқымыз келеді.
«Кіші Азия кеңістігінде алыс-жақыны түгел шырқаған, аты аңызға
айналған және әлемде тек ғана Анадолыда жасаған киелі құс Дөнен
шапалақы» [ 3: 13] мысалы, Лоханлы Қабұқ Хөкгеш күндіз-түні «Тоқтаусыз,
аялдамастан!» [3: 13]
«Көшпелі өмірдің ең көне сәттерінен бастап бүгінге
дейінгі ең тамаша сәттерін»
[4: 6] тоқтаусыз айтылумен және қайталанумен
келген ұлы күйші. Ол, «Оғыз Барақ Түріктерінің орталық Азиядан көшіп
кетіп «Сексен төрт мың киіз үймен!» [2:7] жазықтық Газиантеп маңындағы
жайлауы туралы және үн жоқ, түн жоқ Сурия шөлейттерінен мәжбүрлеп
мекен алғандығы туралы айтылады.
«Қадыоғлы Йусуф Паша келгенде,
Жалан дүние менің дейді Бейділі,
Сексен төрт мың киіз үймен Раққаға жергілікті болғанда,
Тайы, Мұваліғі жаман жеңіліске ұшырады қожа Бейділі!»
«Қара нөпір» аталған Тай, Мұвалі атындағы жергілікті Арап қауымдары
мен күрт тайпалары және рулас көшпелі Оғыз тайпаларымен арадағы
соғыстар кезінде; сондай-ақ, ата қоныс Орталық Азияға қатысты сағыныш
пен сезім толы көші-қон кезінде шыққан күй жырлардың» бәрін де Искан,
деп айтады![5: 50]
Осы күй мен Искан жырлары өзіндік түр, тақырып, және дыбыс
ұқсастықтары бойынша Қазақи Қыпшақ күйлер және Сыр жырлары арасында
ортақ байланысы, мол қарым-қатынасы бар екен.
«Искан жыр дастандарында» атақты күйші Қабұқ Хөкгештің сөзі мен
шертпелі саздың дауысы жауға қатты шығып айтылады:
«Йа бре! Атқорада байлаулы болады да хеле!
Йа бре! Жігіттің аты, ағаларым аты!
Әрбір жере барсада айтылады даңқы,
Асыл тастарға қосылса да ефендім менің ағаларым ах!
Аманың! Жақсы болмай жаман, ағалар жаман
Шөлендерін арыстаны болы Бейділі!»
Көшпелі ру, тайпа сазшысынын осы күй мен жыр дастандардың бәрін
әнге қосып айтуының мәні, Барақ жұртын көршілес жауға қарсы күреске
шақыруы үшін өте маңызды екен.
Лоханлы Қабұқ Хөкгештің «Искан» дастанындағы «Бейлер жыры» ұшы
қиыры жоқ жазықтық Сурия шөлдерінен Газиантеп облысының таулық ұшан
даласына көлденең және пішінен көшпелі өмір сүрген Оғыздардың Барақ,
Елбейлі, Түркмен, Бейділі сияқты тайпаларды және тағыда басқа рулас Түрік
жұрттарының жанын елжiреткен құнды күйлердiң бiрi.
«Аман! Киіз үйлерінде де шамдалдарын жануды,
Орта жерде де кофешілерін айналады,
Бес жүз атлы бірден мінгізді,
Астың Арап атлы, үстің бұлғын киім, өзі көп қымбатты,
Қолы құшлы бейлер, ағалар қанша болды,
Сары етікті ағалар, досттар қанша болды!»
«Қолы құшлы бейлер» дейтін, қолында бұркітмен әң аулаған ел ағадары
ғой!
Көшпелі Барақтардың таным-түсінігінде бүркіт, қу және тырна құсы
киелі құстар. Жаңа туған балаларына да оған қатысты аттарды Бүркіт,
Бүркітбей; Қу, Тырна тәрізді есімдер қойған.
Барақ Оғыз билерінің ру мен тайпалары басқару; халықтың ауа-райын
болжамы, тұзақпен аң-құс аулау, Барақтардын ойын-сауықтарын және
олардын сырға толы бәрі шешендік дау сөздерінін көшпенді Кимек тайпалық
одағының негізімен байланысты және өздеріні Қыпшақ деп айтан Қазақі ру
мен тайпалар арасында ұқсастықтар болғандығын «Халық айтса қалт
айтпайды» деп ойлаймың.
ШЫҢҒЫС ХАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ: БАСТАУЫ МЕН АЙТУЛЫ КЕЗЕҢДЕРІ
Бейсетаев Р., Жақия Д.
Қарағанды, ҚР ДСМ КАжЕГ ҰО,
ҚР ІІМ Қарағанды академисы
Бүгінгі Қазақстанның жерінде бірнеше мың жыл бұрын рулық қауым
пайда болғаны тарихтан белгілі [1-25]. Даланы мекендеген көшпелі тайпалар
тіршілігінде ру қауымының ыдырауы мен мемлекеттің пайда болуы өте баяу
іске асты. Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың қоғамдық құрылысына
әскери демократия тән болды. Ол құрылыстың әлеуметтік негізі қандас-
туыстас және одақтас тайпалар болады. Сақтардан кейінгі үйсіндер мен
қаңлылар да әскери демократия сатысын бастан кешірді. Олар тайпалардың
тұрақты одағын құрып, өздеріне патша сайлай алды. Ондай қоғамның
ұйтқысы "ру" болды.
Десек те, бұл одақтар толық бірорталыққа бағындырылған мемлекет
болмады. Мемлекет басқарудың жазба құралы да болмады. Сол секілді, елдің
заң жүйесі де ауызша қабылданған, есте сақталатын ережелер жиыны
болатын. Бір Орталыққа бағынған, жазба заң ережелері бар алғашқы Дала
Империясы ХII-ші ғасырдың аяғында – ХIII-ші ғасырдың басында Орталық
Азияда пайда болды. Көшпелі түркі тайпаларының бірігуі басталып,
нәтижесінде көшпелі елдердің жаңа империясы пайда болды. ХII-ші
ғасырдың аяғында Керейдің кемеңгер ханы Құтұлұғ: – «Түркі жұрты,
Теміршіні қаған сайлаңдар, сол барша түркі елінің басын қосады», – деген
ұлағатты сөз айтқан болатын. Ұлының айтқаны келіп, 1206 жылы Есугейдің
ұлы Теміршіні (Қытай жылнамаларында – Темучжин) Шыңғыстаудың
бауырында Қаған сайлап, Шыңғыс хан деп атаған болатын. Ал, қол астына
ықтиярсыз күшпен, зорлықпен енген біраз халық оны Алашы (жан алғыш)
деп, сондықтан Алаш (Алаша) атанып, сол атпен қазақ тарихының төрінен
орын алды. Шыңғыс хан Империяны жалғыз құрған жоқ: оның сыртқы саясат
пен әскери мәселеде кеңесшісі абыз Кет Бұға, ал ішкі саясат пен халық
бірлігін сақтауда кеңесшісі шешен Майқы би болыпты [2-12].
1220-1224-шы жылдары бүгінгі Қазақстан жері осы алып империяның
бір бөлігі – Жошы Ұлысының құрамына енді. Шыңғыс хан, Жошы хан, Кет
Бұға, Майқы би болып алты алаш (алтай, қазақ, татар (сібір татары), ноғай,
қарақалпақ, қалмақ) елді билеп, ал қазақты Үш жүзге бөліп, алаламай үш
ағайынды адамнан (Ағарыс, Жанарыс, Бегарыстан) таратып, үлкенді-кішілі
қылып, біріне-бірін сыйлатып өтіпті [9-10]. Бұл сыйластық өнегелі шаңырақ
баласының бойында бүгінде сақталған. Ұлағатты бабаларымыз Шыңғыс хан,
Кет Бұға абыз, Майқы би және Жошы ханның қазақты үш жүзге бөлудегі
негізгі мақсаты – тұтас Ұлыста туыстық-рулық қатынастың арқасында өз-ара
сыйластық пен ел бірлігін қамтамасыз ету.
1. Шыңғыс хан империясының мемлекеті мен құқық жүйесі
Мемлекеттік басқару жүйесі. Империя басшысы – қаған, Шыңғыс хан
ұрпағынан сайланады. Қаған шексіз билікке ие болды. Билік аманат түрінде
немесе ұрпақ сабақтастығы жолымен беріліп отырды. Қағанды таққа
отырғызу оны құрылтайда сайлаумен іске асырылатын болды. Қағанның
құзыры өте күшті болды: мемлекет құзырындағы жер мен ел билігі, "жосық"
түріндегі заң және "жарлық" түріндегі бұйрық құқықтық нормаларын бекіту,
әскерге Бас қолбасшы әрі бірінші діндар болды. Қағаннан төмен ұлыс
хандары болды. Бұлар да Шыңғыс ханның балаларынан сайланатын болды.
Қағанды толық мойындағанымен, ұлыс хандары өз иеліктеріндегі жерлерде
билікті мейлінше тәуелсіз жүргізді. Жаулап алынған жерлерде ұлыс хандары
жергілікті билікті – даруғаш (ортағасырлық қазақта – дәріуіш),
даруғабектерді (қазақта – дәріубек) сайлайтын болған. Олардың негізгі
міндеті: халық санағын жүргізу, салық жинау және оны хан ордасына
жеткізу, иелігіндегі елден жасақ шығару, пошта қызметін ұйымдастыру және
қамтамасыз ету. Сонымен қоса, даруғабектер отырықшы мекендерде
басқару-полиция қызметін де атқарды.
Шыңғыс хан заманында, одан кейін де ел басқарудың "Мемлекеттік
Кеңес" Орталық аппараты болды. Бұның құрамына ірі беделді адамдар кірді.
Мемлекеттік Кеңесті оң министр басқарды. Ел басқаруда Хан канцелярисы
ерекше рөл атқарды. Оны Ұлұқ бітікші басқарды. Канцелярияда хатшылар
мен жазушылар қызмет атқарды.
Жергілікті билік Шыңғыс хан ұрпағының қолында болды. Олар
иелігінде басқару және әскери билікті өз қолдарында ұстады. Сонымен қоса,
жергілікті билікте қаған сайлайтын "Жарғышы" – сот қызметкері болды.
Мемлекеттік басқару жүйесінің бір ерекше бөлігі – пошта болды. Пошта
жүйесі әр жерде орналасқан пошта стансасы – йамдар арқылы байланысты.
Станса арқылы биліктің өкімін, арнайы құжаттарды, империя атқамінелері
мен хан кісілерін жеткізуді қамтамасыз ету қызметтері атқарылды.
Әкімшілік-территориялық құрылымы. Шыңғыс хан империясы
негізгі төрт ұлұсқа (жұртқа) бөлінді. Ұлұсты хан биледі.
Орталық Қарақорым аймағы мен Қытай жері негізгі жұрт делініп, оны
қағанның өзі басқарды.
Қазақстанның көп жері, Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Қаратеңіз
маңы мен Аралдың оңтүстігі жерлері Жошы Ұлысына кірді.
Жетісу, Қашқария, Орта Азия жерлері Шағатай Ұлысына кірді.
Керейттің, найманның, ұйғырдың бұрынғы жерлері Үгедей Ұлысына
берілді. Кейін Иран мен Таяу Шығыста Хулагу Ұлысы, немесе Ильхандар
мемлекеті құрылды. Үлкен Ұлыстардың жері Кіші Ұлыстарға бөлінді.
Империяда Ұлыстың жері мен елі түрлі болды. Негізгі үш түрі белгілі.
1. Ұлыс – Шыңғыс хан ұрпағының иелігі. Халық саны 10 мың түтіннен
аспады немесе одан кем болды.
2. Ұлыс-түмен – Шыңғыс хан сайлаған түмен басы басқарған ел. Халық
саны 10 мың түтіннен аспады немесе одан кем болды.
3. Ұлыс-провинция – отырықшы елді мекен аймағы. Даруғабектер
басқарған. Халық саны 2 мыңнан – 5 мың түтін шамасында болды.
Түмен тек әкімшілік қана емес, сонымен қоса әскери аймақ болды.
Соғыс жағдайында әрбір түмен 10 мың сарбазы бар әскери құрама
шығаратын болған.
Түмен өз ішінде мыңдықтан құралды. Бұл әкімшілік-әскери бірлік
соғыс жағдайында бір мың сарбаз шығаратын болған. Осы әскери бірлікті
Шыңғыс хан "мың қол" (айтылуы "мыңғол") деп атаған. Қазіргі "полк"
ұғымына сай келеді, ал оның сардарын "Мың басы" атаған. Кейін келе бұл
сөз ұлт атауына және империя атауына сай келетін терминге айналды.
Шыңғыс хан заманында "Мыңғол" деген ұлт болған жоқ. "Моңғолдың құпия
шежіресі" [13] Шыңғыс хан заманынан кейін, Үгедейдің нұсқауымен
жазылса керек. Құпияның "құпия" болуының басты себебі осы.
Мыңдық өз ішінде "ондыққа" бөлінді. Ондық бір ауылға сай келеді.
Соғыс кезінде Он басы бастаған он сарбаз шығаратын болған. Сонда 5-6
кісіден (бір түтіннен) бір сарбаз немесе сардар шығатын болған.
Осы жүйеге сай, әкімшілік-әскери құрылымның әрбір буыны өзіне
тиесілі жерде қоныстанып, белгілі мезгілде, бағытта көшіп-қонып өмір
сүрген. Түмен басы мен Мың басын ханның өзі сайлап, Жүз басын Түмен
басы сайлап, ал Он басын Мың басы сайлаған. Міне, кезінде Напольонның
қолдануымен, уағыздауымен бүгінде әлемнің барша мемлекетінде әскердің
ұйымдастырылуы Шыңғыс хан құрған осы жүйеге сай келтіріліп құрылған.
Напольон Шыңғыс ханның әскери білгірлігі мен сауаттылығына жоғары баға
берген.
Салық жүйесі. Шыңғыс хан империясында салық жүйесі ерекше орын
алды. Арнайы үш салық аппараты: 1- қытай үшін – Яньцзинде, 2- Орта Азия
үшін – Аму-Дария бойында және 3- Жетісу мен Қашқария үшін –
Бешбалықта құрылды. Халық санағы толық жүргізіліп, негізгі салық бірлігі
болып "түтін", – отбасы (шаңырақ) бекітілді.
Көшпелі халық біртекті – копчур, – мал басының 1%-ына сай салық
төледі. Сонымен қоса, әскери салық – тағар мен төтенше салық – аваиз
төлеп тұрды. Отырықшы халық жер салығын – харадж төледі.
Құқық жүйесі. Шыңғыс хан империясында құқық жүйесінің негізі
"дәстір" болды. Сол замандағы Тәңірге сенген дүниетанымға сай, құқық
нормалары ғарыштағы үйлесімді қамтамасыз ететін Әлемдік Заңға сай
келеді. Міне, осы нормалар толық орындалса, адамзат қоғамында да үйлесім
сақталады, деп түсінген. Әлемдік Заңның жердегі орындаушысы – Қаған.
Сондықтан, жоғарғы заң шығару және сот билігі қағанның қолында болды.
Мәшһүр Жүсіптің: "Патша құдайдың жердегі әміршісі, оған тіл тигізбеңдір",
деуі осы сөз болса керек. Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері қоғамдағы жаңа
саяси-әлеуметтік қатынасқа сай келетін заңдар жинағы – Йаса және ДЖасак
қабылдады. Сонымен қоса, Шыңғыс хан империясында Жоғарғы сот –
Жарғы жарғұлұғсан және сот – жарғышы лауазымдары болды.
Шыңғыс ханның Йасасы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – Білік, –
бұл негізінен, моральдің-нормалық маңызы бар Шыңғыс ханның сөздері мен
мемлекеттік заңның негізгі нормаларынан құралды. Екінші бөлім – Жосық, –
бұнда қылмыстық істің нормалары мен діни шектеулер берілді. Сонымен
қоса, Жосықта әскери ұйымдастыру, әскери тәртіп және соғыс олжасын бөлу
негіздері берілді.
ШЫҢҒЫС ХАН ЖАЗҒАН ЖӘДІГЕР...
Ұлы Йасаны бір жүйеге түсіруде және көптеген шашыранды
нұсқаларын іздеп табуда Эренжен Хара-Даван үлкен еңбек сіңірген. Ол Ұлы
Йасаны жинап, өзінің 1929 жылы Белградта жарық көрген "Чингис-хан как
полководец и его наследие" атты кітабында жариялай отырып, түсінік жазған
[7; 12]. Дегенмен, бүгінгі күнге үзінді түрінде жеткен Ұлы Йасаны дәл осы
күнге дейін толық зерттеп, ұғынықсыз сөз бен сөйлемдерді орнына қойған
ғалым жоқтың қасы деуге болады.
Яса, деп таңбаланған әртүрлі дыбысталудағы бұл сөздің мазмұны –
жаза, жазалау дегенге сәйкес келеді. Әртүрлі дыбысталуға негізгі себеп –
орыс тілінің "Я" әрпі. Егер бұл сөзді толық дыбыстық-әріптік құрамда
жазсақ, онда "Йаса" болар еді. Енді Алтын Орда заманында сөз басындағы
"Й" дыбысы "Ж" дыбысына ауыстырылғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл сөз
"Жаса" болып дыбысталады. Ал, біздің бүгінгі сөйлеу дағдымызға сай "Жаза"
болып, өз мағынасына ие болады. Шыңғыс хан елдің ежелгі дәстүрін
заңдастырған, жетілдірген және осындай мазмұнда жасалған Ата Заңын
"Ұлы Жаза" деп атаған.
Екінші тарауда Джосак деп таңбаланған дыбысталудағы сөздің
мазмұны – дәстүр, жөн-жосық дегенге сай келеді. "Жөн-жосықты білмейсің"
– бұл жерде әдепті, үлкенді сыйлауды, ата-баба дәстүрін білмейсің деп
кінәлау. Кейде "Ой, әр нәрсенің жөн-жобасы, жосығы бар. Буынсыз жерге
пышақ салма!" делінеді. Қазақ тілінде осы күнге дейін жосық деп
дыбысталатындықтан, екінші тарау Жосық деп алынды.
Ендігі жерде ұлы Шыңғыс ханнан бізге жеткен осы жәдігердің өзін
берейік [7; 12]. Жәдігердің жалпы атауы Ұлы ЖАЗА деп аталады, мағынасы
– Үлкен ЖАЗА. Ал, оның ішіндегі Білік пен Жосық тарау болып алынды.
Жәдігердің негізгі мәтінінен үзінді беріліп, әрбір баптың түсініктеме,
сілтемелері алынып тасталды.
Достарыңызбен бөлісу: |