Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет47/58
Дата06.03.2017
өлшемі7,92 Mb.
#7618
түріСборник
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58

Ж. Хуан, А.А. Айтмұқашова 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

СЕЙІЛБЕК ИСАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 

ТУРАЛЫ КӚЗҚАРАСТАРЫ 

 

Әдеби тіл ҧғымын 2011 жылы Алматыдан жарық кӛрген 15 томдық «Қазақ 

әдеби тілінің сӛздігі» былай анықтайды: «Ауызша және жазбаша тҥрде қызмет 

ететін жалпыға бірдей міндетті, дәстҥрлі нормасы мен стильдік тармақтары бар 

жалпыхалықтық тілдің  екшелген, ӛңделген тҥрі» [1; 351б.]. 

Қазақ  халқының  тілі  ҧлттық  болмыс,  бітім,  рухани  мәдениетімен  астасып 

біте  қайнасып  ғасырлар  қойнауында  жатқан  асыл  қазына.  Сол  бір  ҧлт 

болмысының айқын кӛрінісі болып табылатын халық қазынасының қай ғасыр, 

қай  заманнан  «әдеби  тіл»  атты  критерийге    сай    қалыптасқаны  жӛнінде 

кӛптеген  пікірлер  бар.  Солардың  ішінде    қазақ  тiл  бiлiмiнiң  кӛрнектi  ӛкiлдерi 

Н.Сауранбаев, 

С.Аманжолов, 

Ғ.Мҧсабаев, 

М.Балақаев, 

Р.Сыздықова, 

Б.Әбілқасымов және басқаларының ӛз еңбектерiнде қазақ әдеби тiлiнiң тарихи 

бастауы,  қалыптасу  жолдары  мен  кезеңдері  сияқты  мәселелер  жӛнiнде  сан 

алуан пікірлер кездеседі.  

М.Балақаев,  Р.Сыздықова,  Е.Жанпейісов  авторлығымен  жарық  кӛрген 

«Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»  деген  кітапта  авторлар  әдеби  тілдің  екі  тҥрі 

болатынын  айта  келіп,  жалпы  әдеби  тілдің  пайда  болу  мерзімі  туралы  былай 

дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 

емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Ӛйткені халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында 

нормаға  тҥсе  бастаған  шағы  және  бірді-екілі  стильдік  қҧбылыстардың  кӛрініс 

бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған  

мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады» [2; 51б.]. 

А.Ысқақовтың  пікірінше,  тӛл  әдеби  тілдің  революцияға  дейінгі  кезеңінде 

қазақ  даласына  екі  тҥрлі  әдеби  тіл  «жарыса»  ӛмір  сҥредi,  оның  бірі  – 

жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі ҥстем таптың ӛкілдері ғана, 

сауатты байлар мен қожа-молдалар ғана пайдаланған «тҥркі тілі», яғни «кітаби 

тіл» [3]. 

Ғ.Мҧсабаев «Әдеби тіл» деген ҧғымға ғылыми-техникалық кӛркем әдебиет 

нҧсқаларының  тілі,  мектеп,  театр,  радио,  баспасӛз,  жеке  мемлекеттік 

мекемелерде  қолданылатын  тіл  енетінін  және  әдеби  тілдің  нормаланған, 

жалпыға  бірдей  тҥсінікті  болуы  шарт  екенін  айтады.  Ол  қазақ  әдеби  тілін 

тарихи тҧрғыдан мынадай  кезеңдерге бӛледі: 

1.  Абайға  дейінгі,  яғни  ХІХ  ғасырдың  2-жартысынан  Октябрь 

революциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби 

тіл. 

2. Қазіргі әдеби тіл. 



427 

 

Р.Сыздықова  ӛзінің  «ХІІІ  –  ХІХ  ғасыр  қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»  деп 



аталатын  қҧнды  еңбегінде  әдеби  тілдің  барлық  дәуірлерін  сӛз  етпей,  тек  екі 

ғасырға, әдеби тіл тарихы ҥшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ ғасырларға 

арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән 

сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға кӛңіл 

бӛледі.  Автор  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталатын  қазақтың  тӛл 

жазба  әдеби  тіліне  дейін  оның  ауызша  тараған  әдеби  тіл  болды  деген  пікірді 

ортаға  салады.  Р.Сыздықова  «Ашып  алар  жайттар  кӛп»  атты  мақаласында 

мынадай  қорытындыға  келеді:  «Сӛйтіп  қазақтың  тілі:  ауыз  әдеби  тілі,  жазба 

алдындағы  әдеби  тілі,  жазба  әдеби  тілі  деген  тҥрлерге  бӛлінеді».  Ол  ХІХ 

ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби тілінің емес, қазіргі әдеби тілдің 

басы деп есептейді. Сӛйтіп, Р.Сыздықова әдеби тілді ҥш топқа  бӛліп қарайды: 

1. Ауыз әдеби тілі; 

2. Жазба алдындағы әдеби тіл; 

3. Жазба әдеби тілі. 

 Соңғысын ішінара тағы екіге бӛліп қарастырады: 

А. Орта азиялық тҥркі әдеби тіліне сҥйенген «кітаби тіл». 

Б. Қазақтың қолтума   әдеби тілі, яғни қазіргі жазба әдеби тіл [4]. 

Т.Қордабаевтың әдеби тіл жӛніндегі пікірі С.Аманжоловтың пікіріне жақын. 

«Қазақ  тілінің  әдеби  тіл  болып  қалыптасуына  келетін  болсақ,  -  дейді  Т. 

Қордабаев, - оның негізі ӛткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай 

қалана бастағанымен, тағы да тек кеңес ӛкіметі тҧсында ғана жеткенін кӛреміз» 

-деген пікірді ҧсынады. 

Н.Сауранбаев  "К  истории  казахского  литературного  языка"  атты 

мақаласында қазақ әдеби тiлi Ҧлы Октябрь социалистiк революциясынан кейiн 

қалыптасты  деген  пікірдің  жансақтық  екенін  айта  отырып,    «...революциядан 

бҧрын  да  белгiлi  территорияны  мекендеген,  экономикалық  ӛмipiндe  бiркелкi 

қҧрылысы,  ортақ  мәдениетi  мен  тiлi  бар  қазақ халқы  тарихи  жағынан  алғанда 

ҧзақ  жылдар  бойы  және  ӛзара  әркез  ҥзбей  қарым-қатынас  жасаудың,  бiрлесiп 

ӛмip кешудің нәтижесінде ХV ғасырдан бастап қалыптасты» - дейді де, жазба 

әдеби  тілі  «жазба  әдеби  тілінің  ерекше  ҧлттық  негiзi  XIX  ғасырдың  аяғы  мен 

ХХ  ғасырдың  басында  қалана  бастады,  бірақ  қазақ  халқының  ӛз  алдына  жеке 

мемлекетi  болмағандықтан,  қазақ  әдеби  тiлi  халық  арасына  кең  тҥрде  тарай 

алмай  қалды,  тек,  негізінен,  XIX  ғасырдың  екiншi  жартысындағы  қазақтың 

ағартушылары мен жазба әдебиетi ӛкiлдерiнiң поэтикалық шығармалары, бiрлi-

жарым  газет-журнал  мен  басылып  шыққан  кiтаптар  тiлiнiң  шеңберінде  қалып 

қойды» - деген болатын. 

Міне, осы сияқты әдеби тілдің қалыптасу тарихы туралы сан алуан пікірлер 

кездеседі.  

Ҥлкен  ғалым,  ҧлағатты  ҧстаз  С.М.Исаев  әдеби  тіліміздің  тарихы,  даму 

кезеңдері, нормалану ҥдерісі, кӛне тҥркі тілімен байланысы сияқты мәселелерге 

қомақты  монографиялық  зерттеулар  арнаған.  Ӛзінің  «Қазақ  әдеби  тілінің 

қалыптасу  тарихы  туралы  кӛзқарастар»  атты  мақаласында  бҧрын-соңды 

еңбектерді  сараптай  келіп,  әдеби  тіл  ҧғымының  қашан  басталғаны  туралы 


428 

 

пікірлерді былайша жіктеп кӛрсетеді: 



1. «Әдеби тiл тарихы кӛне дәуiрден басталады» оның Орхон-Енисей жазба 

ескерткіштеріне    тiкелей  қатысы  бар  деп  санайтын  ғалымдар  (F.Мҧсабаев, 

Б.Кенжебаев,  т.б.).  Сондықтан  жазба  әдебиетiмiзбен  бiрге  қазақ  әдеби  тілінің 

тарихын V ғасырдан бастау керек деген кӛзқарастар; 

2.  «ХIХ  ғасырдың  екiншi  жартысына  дейiнгі  кезең»  Абай  дәуiрiне  дейiн, 

қазақтың ӛзiндiк жазба әдебиеті болған жоқ, сондай-ақ белгiлi нормаға тҥскен 

жҥйелi әдеби тiлi де болған жоқ. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы Абай, Ыбырай 

шығармашылығымен тығыз байланысты (С.Аманжолов, І.Кеңесбаев т.б.).  

3. «Әдеби тілдің тарихы жазба әдебиетiмiздiң пайда болуымен байланысты 

XVIII  ғасырдың  екiншi  жартысынан  басталады»    (М.Балақаев,  Х.Жҧмалиев, 

Е.Жанпейiсов, т.б.). 

 4. «Қазақ әдеби тiлi қазақ халқының жеке ел болып, хандық қҧрған кезiнен, 

яғни  ХV-XVI  ғасырдан  басталады»  деушілер  А.Ысқақов,  Р.Сыздықова, 

сонымен қатар Сейілбек Исаев та әдеби тіл осы кезден басталды деген пікірге 

қосылатынын  атап  айтады.  «Бҧл  кезеңде  жазба  әдебиет  ҥлгiлерi  онша 

сақталмаса  да,  жазба  әдебиет  ҥлгiсiне  жақын  авторы  белгiлi  әдеби  тiлде 

жырланған поэзия болған» -деген пікірін ашып айтады [5]. 

Қазақ  тіл  білімінде  қомақты  еңбек  еткен  профессор  Сейілбек  Исаевтың 

лингвистикалық мҧрасының бір бӛлігі қазақ әдеби тілі мәселелерін қозғайды. 

Қазақ  әдеби  тілінің  тіл  білімінің  бір  саласы  ретінде  қалыптасуы  аға  буын 

ғалымдарымыз  С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев,  І.Кеңесбаев,  Ғ.Мҧсабаев, 

М.Балақаев, Қ.Жҧбанов, А.Ысқақов сынды тілтанудағы ҧлы тҧлғалар есімімен 

тығыз байланысты болса, оның жеке сала болып дамуына қомақты ҥлес қосқан, 

әдеби  тіл  мәселелерін  арнайы  зерттеген  олардан  кейінгі  толқын  ӛкілдеріне 

Ә.Қайдар,  Р.Сыздық,  С.Исаев,  Е.Жанпейісов,  Б.Әбілқасымов  сияқты 

ғалымдардың  қатарында  тілтанушы  С.Исаевты  да  атауға  болады.  Сейілбек 

Исаевтың әдеби тіл мәселесіне қатысты кӛптеген еңбектері жарық кӛрді: "Қазақ 

әдеби  тілі  туралы  кӛзқарастар",  "Қазақтың  ҧлттық  жазба  әдеби  тілінің 

қалыптасып,  дамуы",    "Әдеби  тілдің  қалыптасу  жолдары»,  «Әдеби  тiл  туралы 

бipep  сӛз»,  «Қазақ  әдеби  тілінің  даму,  қалыптасу  кезеңдерi»,  «Қазақ  әдеби 

тiлiнiң  тарихы  қай  кезден  басталады?»,  «Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»  сияқты 

еңбектерінің  қай-қайсында  болса  да  әдеби  тіл  ҧғымына  қатысты  ӛзекті 

мәселелерді сӛз ете отырып ӛзінің қҧнды кӛзқарастарын ҧсынды. Олардың қай-

қайсы  болмасын  әдеби  тіл  ҧғымын  анықтауда  ерекше  маңызға  ие,  мысалы: 

«жазба әдеби тiлдiң ӛзiндiк негiзгi ерекшелiгi оның жазбаша тҥрде болуы ғана 

емес,  сонымен  бiрге  оған  ҥлкен  дәстҥр,  тҧрақты  норма,  тiлдiк  элементтерді 

жҥйелi  тҥрде  сҧрыптап,  қолдану  да  тән  болады»  -деп  кӛрсетуі  әдеби  тілді  тек 

жалаң  жазумен  ғана  байланысты  деп  қараудан  аулақтығын  білдірсе,  Сейілбек 

Исаев ӛзінің «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы кӛзқарастар» атты 

мақаласында     қазақ  әдеби  тiлiнiң  ӛзiне  тән  басты  белгiлерiн  анықтауға 

арналған Р.Сыздықованың мына пiкiрiн келтiру орынды деп есептейді: "Әдеби 

тiлдiң ең басты белгiсi – оның ӛңделген, сҧрыпталған, нормаланған тiл болуы, 

бҧл  -  бiр.  Қызметі  жағынан  сол  халықтың  ӛмiрiнде  ҧйымдастырушы,  қоғам 


429 

 

мҥшелерінің  басын  қосушы,  яғни  жалпыға  ортақ  қасиеті  болуға  тиiс.  Бҧл  - 



екiншi  меже  дейік.  Әр  нәрсенің,  әр  қҧбылыстың  заты  (мән-мәнісі,  табиғаты) 

салыстыру  арқылы  ӛзге  нәрселердің,  ӛзге  қҧбылыстардың  қарама-қарсысына 

қою  арқылы  таныла  тҥседi.  Әдеби  тiлдi  тану  ҥшiн  оның  қарама-қарсысына 

қойылатын  басты  қҧбылыс  –  ауызекi  сӛйлеу  тiлi.  Бҧл  –  тiлдi  әдеби  тiл  деп 

тануға  қажет  ҥшiншi  қасиет.  Әдеби  тiл  –  қоғамның  қолдану  практикасында 

сыннан  ӛткен,  нормаларын  қоғам  санасы  дҧрыс  деп  қабылдаған  және  ол 

нормалар барша ҥлгiлерге ортақ болуы шарт. Бҧл – тӛртiншi сипаты» [6]. 

С.Исаев  ӛз  еңбектерінде  деген  еңбегінде  әдеби  тілдің  сипаты,  қызметі, 

қалыптасу  жолдары  т.б.  проблемаларды  қамтыған.  Автор  қазақ  әдеби  тілінің 

қалыптасуын шартты тҥрде ҥш дәуірге бӛледі: 

1.Қазақ  халқының  жеке  халық  болып  қалыптасқанына  дейінгі  кӛне  дәуір, 

яғни жалпы тҥрі әдеби тілі дәуірі. 

2.Қазақ  халқының  халық  болып  қалыптасқанынан  кейінгі  кездегі  қазақ 

әдеби тілінің туып, даму дәуірі. 

3.Қазақ әдеби тіл дамуының кеңестік дәуірі. 

«Қазақтың  ҧлттық  жазба  әдеби  тілінің  қалыптасып,  дамуы» атты 

мақаласында «XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қазақ әдеби тілі 

дамуының  жаңа  дәуірі  басталды.  Ол  –  қазақ  әдеби  тілінің  жаңа  сатыға 

кӛтеріліп,  ҧлттық  сипат  алу  дәуірі  еді.  Яғни  XIX  ғасырдың  екінші 

жартысындағы  әдеби  тіл,  бір  жағынан,  бҧдан  бҧрын  да  дамып  келе  жатқан 

әдеби тілдің заңды жалғасы болса, екінші жағынан, бҧның әрі қарай дамуында 

ҥлкен ӛзгеріс, кҥрт бетбҧрыс, жаңа қҧбылыс болғандығы», - дейді ғалым [6]. 

С.Исаев:   «Әдеби  тiл  сӛйлеу  тілі  (ауызша)  арқылы  да,  жазба  тіл  (жазбаша) 

арқылы да кӛріне бередi, жарыққа шығады. Сӛйлеу тiлi мен жазба тiлi – жалпы 

тілдің  ӛмір  сҥру  формалары.  Сондықтан  әдеби  тілдің  жазбаша  және  ауызша 

тҥрлерi ӛз ішіндe бiр ыңғайда бiр-бiрiне қарама-қайшы болып келгенімен, бiрiн-

бiрi толықтырып, тҧтасып кететін реттері де бар», – деген пікір айтады [6]. 

Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Сейілбек  Мҧқамеджарҧлы 

Исаевтың  әдеби  тіл  туралы  айтқан  сан  қырлы  пікірлері  бҥгінгі  кҥні  ӛз 

қҧндылығын жоймайтын, тіл білімінде ғылыми тҧрғыдан зерттеуді талап ететін 

кҥн тәртібінде тҧрған мәселе. 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 

Қазақ әдеби тілінің сӛздігі. Он бес томдық. - Алматы, 2011.  - 2-том. А – 



Б. – 744 бет. 

2.

 



Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов Н. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. –

Алматы, 1961. 

3.

 

Ысқақов А. Әдеби тіліміздің дамуы // Қазақ әдебиеті. – 1962. 16 қараша. 



4.

 

Сыздықова Р. ХІІІ – ХІХ ғ қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1984. 



5.

 

"Қазақ 



әдеби 

тілінің 


қалыптасу 

тарихы 


туралы 

кӛзқарастар"

http://mtdi.kz/til-galimdari/

 

6.



 

Қазақтың  ҧлттық  жазба  әдеби  тілінің  қалыптасып,  дамуы.  //  Ана  тілі.  – 

1991. 31 қазан. 


430

 

 



6-секция 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  

ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ  

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

 

Секция 6 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ 

СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ СОВРЕМЕННОЙ НАУКИ  

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 



ӘОЖ 321.11.132 

 

Н.Е. Абибулла, Г.А. Бахрамова 

М. Әуезов атындағы Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Шымкент қ., Қазақстан 

 

ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН 



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР 

 

Жеке тҧлғаның психикалық қасиеттерін зертеу ӛте кҥрделі процесс. Оның 



барысында  кӛптеген  психодиагностикалық  әдіс-тәсілдер  қолданылып,  әр 

адамның психикалық қасиетерін, кҥй-жағдайларын, таным процестерін зертеп, 

олардың даму деңгейін бағалауға мҥмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық 

қасиеттердің  нормадан  ауытқуларының  алдын  алу,  коррекциялау,  кеңес  беру 

т.б. жәрдемді ҧйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді.  

Жеке  тҧлға  немесе  кісі  қасиеттерін  кӛптеген  ғылымдар  зерттейді: 

философия,  социология,  психология,  этика,  эстетика,  педагогика.  Олардың 

әрқайсысы  жеке  тҧлға  мәселелерін  ӛзінің  зерттеу  пәнімен  байланысты 

қарастырады. [1] 

Адамның кӛпаспектілі екенін оны атаудың ӛзінен кӛрінеді: «адам», «жеке 

тҧлға», «тірі жан» (индивиуум), «ӛзіндік адам» (яркая индивидуальность). 

Адам  деген  ҧғымды  пайдаланғанда  –  ол  биоәлеуметтік  қасиеттермен 

сипатталатын,  дискреттік  белгілер  жҥйесін  меңгерген,  жоғары  психикалық 

функциялары  қалыптасқан,  қҧрал-жабдықтарды  жасап,  оны  пайдалана  алатын 

жан деп тҥсінеміз.  

Ал  жеке  тҧлға  деп  жекелік  психикалық  қасиеттері  дамыған,  әлеуметтік 

ортада ӛмір сҥруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды 

айтамыз.  

Бҧл ерекшеліктер жеке адам теорияларында кӛрсетілген: 

1. Мәдени-тарихи даму концепциясы 

2. Іс-әрекет теориясы. 

3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы. 

4. Ҥйрету теориясы 

5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы. 



431

 

 



Жеке  тҧлға  туралы  теориялардың  ішінде  бізді  қызықтыратыны  баланың 

нағыз  адами  қасиеттерді  меңгеруін  тҥсіндіретін  теориялар.  Оларды  келесі 

топтарға бӛліп кӛрсетуге болады: 

1.

 



Л.С.Выготский  ҧсынған  мәдени-тарихи  даму  концепциясы.  Бҧл 

концепция  бойынша  жеке  тҧлғаның  қалыптасуы  ӛзгелермен  қарым-қатынас 

жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді 

пайдаланумен  байланысты.  Қарым-қатынас  барысында  меңгерілген  шартты 

белгілер  (сӛздер)  біртіндеп  жеке  тҧлғаның  психикалық  қызметінің  негізі 

болады. 


2.

 

Іс-әрекет  теориясы.  Бҧл  теорияның  авторы  А.Н.  Леонтьев.  Леонтьев 



теориясының  негізгі  қағидасы  –  барлық  іс-әрекет  бірінші  кезеңде  саналы 

жасалған  әрекет  ретінде,  сонан  соң  біртіндеп  шапшаң  орындайтын  міндетті 

қызметке айналады (жазу, оқу, ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету, еңбек ету). 

А.Н.  Леонтьев  мектебінің  ӛкілдері  тҧжырымы  бойынша  заттармен  іс-

әрекет  жасай  отырып  адам  олардың  жасырын  мәнді  қатынастарын  ашады. 

Адам заттармен ғана емес, ӛзінің тҥсініктері және ҧғымдарының мазмҧнымен 

де  белгілі  бір  іс-әрекеттер  жасай  алады.  Мҧндай  оңды  іс-әрекеттер  ақыл-ой 

немесе  ойлау  әрекеттері  деп  аталады.  Заттық  іс-әрекеттерден  тҥсініктермен 

және  ҧғымдармен  оңды  іс-әрекет  жоспарына  кӛшу  ойлар  арқылы  жҥзеге 

асады.  Ол  әрқашан  белгілі  бір  міндетті  орындауға  бағытталады.  Сӛйтіп, 

адамның ҧғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды 

ҥйренуін талап етеді. Адамның бҥкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-

әрекетінің  тҥпкі  мақсаты  оның  алдына  ӛндірістік  немесе  қоғамдық  ӛмір 

қойып  отыратын  әр  алуан  практикалық  міндеттерді  ойдағыдай  орындау 

болмақ. Бҧл ҥшін тҥсініктер мен ҧғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған 

оңды  шешімдерді  нақты  міндеттердегі  нақты  заттармен  жасалатын 

практикалық іс-әрекеттерде жҥзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бҧл ҥшін 

білімді  практикалық  міндеттерді  орындауға  қолдану,  яғни  іскерліктерді 

игеру керек. 

Ақыл-ой  қызметін  қалыптастыру  теориясы.  П.Я.  Гальперин.  Бҧл  теория 

бойынша  барлық  психикалық  функциялар  заттармен  жасалатын  материалдық 

әрекеттерден  оны  тіл  арқылы  белгілеуге  ӛтіп,  тілдік  белгілеуден  біртіндеп 

ақыл-ой жоспарына ӛтеді. 

Бҧл мәселе оқыту және ҥйрету ерекшеліктерін анықтаған П.Я. Гальперин, 

Тейяр  де  Шарден,  Халлдың  ҥйрету  психологиясына  негізделген.  Ҥйрену 

жаттығулары  бақылау,  ҧғыну  және  ӛзін-ӛзі  бақылау  негізінде  жҥзеге  асады, 

бҧлар  ҧғынылып  барып  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттер  арқылы 

басқарылады.  Бір  жағынан,  когнитивтік  деңгейде  тиісті  сыныптардың 

есептерін шешу ҥшін қажет іс жҥзіндегі білім мен тәжірибелік іс-әрекеттерге 

ҥйрену  (бҧл  орайда  тҥсініктер  мен  тәжірибелік  іскерліктер  қалыптасады), 

екінші  жағынан,  қорытылған  теориялық  білім  мен  ақыл-ой  іс-әрекеттерін 

ҥйрену болады  (мҧнда ҧғымдар мен ойлау қалыптасады). 

Танымдык 

белсенділік 

компоненттерінің 

қҧрамы 


тӛртке 

бӛліп 


қарастырдык:  мотивтік,  мазмҧнды-операциялық,  еріктік  және  бағалау-

нәтижелік. 



432

 

 



Оқу әрекетін ҧйымдастыру арқылы даму концепциясы (Ҥйрету теориясы). 

Д.Б.Эльконин  және  В.В.Давыдов  баларды  арнайы  ҥйрету  арқылы  жеке 

тҧлғалық  қасиеттердің  қалыптасуына  толық  мҥмкіншілік  туатындығын 

дәлелдеген. [2] 

Танымдық белсенділіктің ҥш дәрежесі бар: 

1-дәреже  –  жаңғыртушы  белсенділік    оқушының  материалды  жадылап, 

кай та   жаңғыртуға,  оны  ҥлгі  бойынша  қолдануға,  меңгеруте  ҧмтылысымен 

сипатталады. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән кӛрсеткіш – оқушының бойында 

білімін тереңдетуге деген ҧмтылыстың болмауы. 

2-дәреже – тҥсіндіруші белсенділік – окушының оқығанын зерделеуге, оны 

ӛзіне белгілі ҧғымдармен байланыстыруға, білімін жана жагдайларда пайдалану 

жолдарын  меңгеруге  ҧмтылысынан  кӛрінеді.  2-дәрежеге  тән  кӛрсеткіш 

оқушының  бастаған  істі  аяғына  дейін  жеткізуге  ҧмтылуынан  қиындыққа  тап 

болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын ҥлкен дербестігі. 

3-дәреже  –  белсенділіктің  шығармашылық  дәрежесі  –  оқушының 

тапсырманы (мәселені) шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ҧмтылысымен 

сипатталады.  Бҧл  дәреженің  ерекшелігі  –  мақсатка  жетудегі  табандылык, 

танымдык ынтаның негіздері мен әр алуандығы. 

Таным  процестерін  дамыту  ҥшін  олардың  пайда  болуын,  қалыптасу 

заңдалақтарын және олардың негізін қҧратын теорияларды толық білу қажет. 

Балалардың  ҥйренуі  олардың  қабылдауы,  есте  сақтауы,  ойлауы,  қиялы,  тілі 

және  сӛздік  қоры  тағы  сол  сияқты  процестердің  дамуымен  тікелей 

байланысты.  Таным  процестерінің  дамуға  негіз  болатын  қабылдау,  еске 

сақтау,  зейін,  ойлау,  қиял  таным  процестерінің  даму  жолдарының 

психологиялық негіздерін ескере отырып олардың ҥйрету барысында дамиды.  

Бҧл қағида адамның қабілеттілігі тәрбиелейтін қасиет екеніне дәлел болды. 

Д.Б.  Занков,  В.В.  Давыдов  т.б.  ғалымдар  оқыту  барысында  балалардың 

кӛптеген  танымдық  әрекеттерінің  нышандарын  толық  ашуға  арналған 

дидактикалық жҥйе тҥзіп, ол жҥйені дамыта оқыту деп атады. Осы қасиеттерді 

дамыту  жолдарын  зерттеушілер  таным  процестерті  ерте  дамытуға  арналған 

кӛптеген  жаттығулар  қҧрып,  оларды  пайдалану  әдістемелерін  анықтап  берді. 

Таным  процестерінің  ішінде  таным  процестерке  негіз  болатындары  қабылдау, 

еске сақтау, қиял, ойлау процестерінің ерекше орын алатындығы дәлелденген. 

Дегенмен  интеллект  дамуына  ерекше  әсер  ететін  процестер  қызығушылық, 

қиял,  шабыттану.  Дегенмен  таным  процестерінің  дамуды  ойлау  мен  сӛйлеудің 

алатын орны басқаша. 

Ойлау  процесі  барлық  іс-әрекеттердің  негізі.  Адамның  адамдық 

қасиеттерінің барлығы ойлау процесінің ерекшеліктерінен туады. Іс-әрекетпен 

айналысқан адамның табысты болуына кепілдік ретінде қабілет, қызығушылық 

және  бейімділіктерден  тыс  оның  мінез-қҧлқында  мынадай  сапалық  кӛріністер 

болуы  қажет:  еңбексҥйгіштік,  табандылық,  батылдық,  сыйысымдылық, 

басқалардың  жағдайын  тҥсіне  білу.  Осындай  мінез  кӛрсетуге  ерекше 

қабілеттілігі  бар  адамның ӛзіде  айтарлықтай  табысқа  жетуі  қиын.  Негізі,  адам 

ӛзінің іс-әрекетіне, жеке басының ерекшеліктеріне сын кӛзбен қарауы керек. 



433

 

 



И.А. Соколянский  мен  А.И. Мещерякова  ҧсынған  «Бастапқы  адамдан- 

дыру» концепциясы. Бҧл концепция бойынша барлық психикалық қасиеттерді 

әр адамның ӛз ӛмірінде қалыптастыруға болады (туа біте соқыр, керең баларды 

сӛйлеуге ҥйрету негізінде дәлелденген). 

Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастыруға  бағытталған 

сабақтар тҥрлерін тӛртке бӛліп қарастыруды ҧсыған: 

Танымдық 

Коммуникативтік 

Шығармашылық 

Әдістемелік 

Таным  процестерінің  зерттеу  –  балаларды  дамытуға  негіз  болатын  ойлау 

процестері  екенін  барлық  уақытта  ескеру  қажет  екенін  Л.С.  Выготский  ӛз 

еңбектерінде  талдап  берген.  Оның  пікірінше  оқымай  жҥрген  ойын  баласының 

оқуға  барғаннан  соң  ойымен  интеллектісінде  ҥлкен  ӛзгерістер  туады:  олар 

натуралдық  ойдан  мәдени,  немесе  ҧғым  арқылы  ойлануға  кӛшеді.  Бастауыш 

сынып  оқушыларының  ой  операциялары  кӛрнекі-бейнелеу  тҥрінен  біртіндеп 

сӛздік-логикалық  ойлау  элементтеріне  қарай  дамиды.  Осы  даму  процесін 

тездетуге  дамыта  оқумен  қатар  арнайы  жасалған  психодиагностикалық  және 

тҥзету-дамыту тестері ҥлкен әсерін тигізеді. 

Интеллекуалдық  процестердің  даму  ерекшеліктерін  зерттеу  барысында 

кӛптеген  таным  процестерін  бағалауға  арналған  әдістемелердің  дамытулық 

функциясы ӛте терең екендігі анықталды. Сондықтан психологиялық қызметті 

ҧйымдастыру  барысында  осы  мҥмкіншілікті  әр  психолог  тиімді  пайдалануы 

қажет  деп  таптық.  Таным  процестерінің  дамуға  қызығудың  қосатын  ҥлесі  ӛте 

ҥлкен.  Қызығу  дегеніміз-жеке  адамның  объектіге,  оның  ӛмірлік  мәні  мен 

эмоциялық  тартымдылық  кҥшіне  қарай  таңдамалы  қатынасы.  Қызығулар 

қажеттіліктер  негізінде  пайда  болады,  бірақ  олрдың  ӛзі  емес.  Қажеттілік 

міндетті  тҥрде  керек  нәрсені  белгілейді,  ал  қызығу  белгілі  бір  іс-әрекетке 

адмның жеке қатынасын кӛрсетеді. Терең тамыр жайған және орнықты болған 

қызығу  қажеттілікке  айналуы  мҥмкін.  Мысалы,  театрға    деген  қызығу  – 

спектакльді  қҧр  жібермеуді  әдетке  айналдыру  тіпті  сахна  ісімен  ӛзінің  де 

айналысатын болуына жеткізуі мҥмкін [3]. 

Қызығудың  қалыптасуын  әрқашан  қажеттіліктерді,  талантты  немесе 

қоғамдық борышты сезінуден бастала бермейді. Қызығу объектінің эмоциялық 

тартымдылығы ӛз-ӛзіне және бет алды кӛрінуі мҥмкін ал кейін: қажеттіліктер, 

қоғамдық  талаптар,  қабілеттілік  сияқты  кӛптеген  себептер  арқылы  анықталып 

әлгі объектінің ӛмірлік мәні танылуы мҥмкін. 

Объектінің  эмоциялық  тартымдылығың,  алғашқы  кезде,  бәлкім,  аңғарыла 

қоймағанымен,  терең  тамыры  болуы  мҥмкін,  ол  тамыр  объектінің  қасиетінен 

де,  сондай-ақ  субъектінің  қасиеттерінен  де  кӛрінбекші.  Неліктен  объект  назар 

аударып, қуаныш, рақаттану сезімін туғызады? Себебі, ол ӛзінің қасиеттерімен 

белгілі  бір  дәрежеде  адамның  психикалық  кӛңіл  кҥйіне  немесе    қажеттілігіне 

жауап  береді.  Сол  бір  объектінің барлық  адамдардың  бойында    біркелкі  сезім 

туғызбайтыны да содан. Рас, кейбір объектілер адамдардың жалпы адамзаттық 

табиғатына  жауап  берсе,  басқалары-жас  мӛлшерінің  ерекшеліктеріне, 


434

 

 



ҥшіншілері  әлеуметтік  –  топтық  және тӛртіншілері  –  жеке  адамның  биімділігі 

мен  икеміне,  кӛзқарасы  мен  талғамына  сай  келеді.  Мысалы,  жалт-жҧлт  еткен 

объекті, дыбыстық ырғақ, әуен барлық балаларды да ләззаттандырады. 

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам ӛмірінің барлық 

салаларында  кеңінен  қолданылуда.  Психологиялық  қызмет  кӛрсету  жҥйесі 

жақсы дамыған болуды ӛмірдің кӛптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан 

психологиялық  қызметті  білім  беру  жҥйесіне  және  әлеуметтік  орта 

ерекшеліктеріне  икемдеп  ҧйымдастыру  бҥгінгі  кҥнің  талабы  деп  айтуға  әбден 

болады. 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. – Алматы, 2002. – 250 б. 

2.

 



Нҧрмҧхамбетова  Т.Р.  Практикалық  психология  пәнінен  арнайы 

курстың  оқу әдістемелік кешені. – Шымкент.: ОҚМУ, 2009. – 54-58 б. 

3.

 

Намазбаева Ж.И. Психология //Оқулық. – Алматы, 2005. – 430 б. 



 

 

УДК 376.36+372.3/4 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет