ЗАМАНАУИ БҰЙЫМДА КЕСТЕНІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯДА ӨҢДЕЛУІ
Жекебаева А.Н., студент, Талғатбекова А.Ж., т.ғ.к доцент м.а
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: Aizhok_92_92@mail.ru
Заман өзгере келе тігін жабдықтары да инновацияланып, орындалу жұмыстарының жеңілдетілген
операцияларымен қамтылған арнайы жабдық түрлері пайда болуда. Соның бірі кестелеу машинкасы.
Кестелеу ежелден келе жатқан өнер болғандықтан, аналарымыз оны қол жұмыс арқылы көптеген
уақытта орындаған. Әрбір тігіс, әрбір инешаншым сондай ұқыпты болу үшін ол өзіне көп уақыт
жұмсалуын талап етеді.
Ал қазіргі кезде кестелеу машинасы да, сырып тігу және торлау машинасының сан қилы маркалары
мен түрлері көп таралған. Және де олар уақыт шығыны және электр энергиясының үнемді жұмсалуы
бойынша бір бірінен асып түсуде. Кең таралған машиналар қатарына Bernina маркасы жатады. Бұл
маркадағы машинкалар өндірістік сырып тігу, торлау және арнайы операцияларға арналған болып
келеді. Төмендегі суретте кестелеу машинасының кестелеу процесіндегі суреті бейнеленген. Осы
кестелеу машинасында ойма кесте технологиясы жасалады.
«Ойма кесте»техникасы өте әдемі кесте түріне жатады. Ойма кестесімен киімді кестелеу үшін
бірнеше ережелерді білу және кестенің арнайы дизайны болғаны қажет. Бұл кестеге қажетті құралдар
мен материалдар: матаның бетіне жағатын желімді стабилизатор,флизелинге ұқсайтын тығыз суда
еритін стабилизатор, жұқа суда еритін стабилизатор немесе пленка және жіңішке кестелеу инесі [1].
132
133
Сурет 1. Bernina B 580 кестелеу машинасы
Кесте –1. Ойма кестенің бірізділік орындалу технологиясы
№
Кесте сатылары
Кестенің орындалу технологиясы мен суреті
1
2
3
1
Ойма кестенің
бірінші сатысы
Дайындық сатысында матаға стабилизаторды желімдеп, кермеге керу қажет.
Матаның жоғарғы жағы — стабилизатор желімделген жағы, ал төменгі жағы суда
еритін флизелин жағы. Кермені машинкаға бекітіп, қажетті дизайнды таңдау керек
2
Ойма кестенің
екінші сатысы
Көбінесе ойма кесте бір түсті жіппен орындалады, сондықтан жіптерді ауыстыру
көп қажет етілмеді. Жіптің бірінші түсі алдын ала тігіс жүргізу, ол суреттің
контурын білдіреді. Келесі сатыда суреттің ішін ирек тігістермен кестелу. Осыдан
кейін керексіз кеңістіктерді ойып тастау қажет.
3
Ойма кестенің
үшінші сатысы
Кесте машинкасын іске қосып, жабдықтың келесі сатысын орындау қажет. Ойма кестесін
орындау кезінде, біріктіру элементтері қорытынды тегіс валиктен бұрын орындалады.
4
Ойма кестенің
төртінші сатысы
Кестенің қорытынды сатысы, тегіс валик, яғни барлық қиындылар мен тігістердің
үстінен өтетін суретті анық көрсететін тығыз тігіс
132
133
5
Ойма кестенің
бесінші сатысы
Кестенің соңынан суда еритін пленка қабатын ұқыптап жұлып, төменгі қабаттағы
керексіз қабатты кесу қа жет
Сурет -2. Ойма кестемен орындалған маусымаралық пальто үлгісі
Жоғарыда берілген ойма кестенің орындалу технологиясы бойынша тұрмыстық және өндірістік
жағдайда берілген техниканы қолдануға болады. Арнайы кестелеу машинасының көмегімен
өндірістерде қолданса, тұрмыстық жағдайда қолмен орындауға болады. Тек орындау мерзімі көп
уақытты алады. Сондықтан, уақыт пен жұмыс күшін үнемдеу үшін арнайы ойма кестеге арналған
жабдықпен қамтамасыздандырылу қажет. Ойма кесте тек жеңіл киімдерде ғана емес, заманауи кезеңде
сыртқы бұйымдарда да көп қолданылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Л.Шілдебаева «Қазақтың ұлттық оюлары»
2. Интернет желісі. Кестелер түрі сайты.
3. Асанова, Сабыркүл Жайлаубекқызы. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы [Мәтін]
: оқулық / С. Ж. Асанова, А. Птицина . Астана : Фолиант, 2008. 160 б. (Кәсіптікбілім). ISBN 9965 35-
402 2
4. Жәнібеков, Ө. Қазақ киімі. Казахский костюм. The Kazakh costume [Мәтін] : [альбом] /
Жәнібеков Ө. Алматы : Өнер, 1996. 192 б. ISBN 5 89840 064 8
УДК 687.132
ТРАНСФОРМАЦИЯ В ОДЕЖДЕ ШКОЛЬНИКОВ
Иембергенова Ш., студент, Нұрбай С.Қ. аға оқытушы
Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Е-mail: sunny2030@list.ru
История нашей школьной формы началась в России в 1834 году, когда была утверждена общая
система всех гражданских мундиров в Российской империи, в том числе и для средних учебных
заведений. Положение о гимназической форме для девочек было утверждено в 1896 году (рисунок 1).
134
135
Рисунок 1. Форма благородных девиц 1909г.
В 1918 году гимназическая форма была объявлена буржуазным пережитком и отменена [1].
Во времена СССР в 1948 году в период введения раздельного обучения школьная форма вновь стала
обязательной (рисунок 2).
Рисунок 2 - Школьная форма 50-х годов.
Первоначально новая форма была очень похожа на дореволюционную: для мальчиков — синяя
фуражка с серебристым гербом, серая гимнастёрка, для девочек — серые (тёмно-серые) и тёмно-
коричневые платья с белыми подворотничками и с чёрными (белыми — парадными) фартуками для
девочек. Стиль советской школьной формы был модернизирован в 1962 году. Мальчики носили тёмные
(часто тёмно-синие) брюки и пиджаки (с 1970-х годов — в начальной и средней школе пиджаки заменили
на открытые куртки) с белыми (или однотонными) рубашками, девочки — прежние коричневые платья
с повседневными чёрными фартуками, в особых случаях они надевали белые парадные фартуки и
банты (рисунок 3).
Рисунок 3. Советская школьная форма 1970-1980х.
134
135
В начале 1980-х годов для девочек был введен темно-синий костюм-тройка с нарукавным знаком
на пиджаке. В 1992 году обязательная школьная форма была отменена.
В Казахстане школьная форма была внедрена поэтапно с 2003 года. Каждая школа совместно с
учащимися и родительской общественностью самостоятельно разрабатывала фасон (рисунок 4).
Рисунок 4. Школьная форма предложенная ком па нией GLAS MAN в Казахстане.
Ныне утвержден Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 января 2016
года № 26 «Об утверждении Требований к обязательной школьной форме для организаций среднего
образования» [2].
В общеобразовательных школах форму носят в основном ученики младших классов. В это
время у детей наблюдается интенсивный рост конечностей, из-за чего родителям часто приходиться
подгонять длину брюк или покупать замену. Использование методов трансформации, позволят с
помощью быстрых и простых действий увеличить срок службы школьной формы, т.о. экономя время
и деньги родителей. Принцип трансформации имеет фундаментальное значение в формообразовании
современного предметного мира, в том числе и одеж ды, и дает практически неисчерпаемые возможности
в плане поисков творческих решений многофункциональных форм. Для увеличения срока эксплуатации
одежды мы предлагаем некоторые варианты обработки брюк. На рисунке 5 представлены варианты
обработки брюк.
1
2
3
Рисунок 5 – Обработка гладкого низа брюк: 1,2 – традиционные способы;
3 – проектируемый способ.
При анкетировании детей выявлено, что наибольшим спросом пользуется модель брюк с
гладким низом, но некоторые дети предпочитают брюки с манжетой. На рисунке 6 представлены
варианты обработки низа брюк с манжетой [3].
136
137
1
2
3
Рисунок 6. Обработка низа брюк с манжетой: 1 – традиционный способ;
2,3 – проектируемые способы.
Предложенные варианты трансформации позволяют просто и быстро преобразовать школьную
форму, подогнать ее под нужный размер.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. https://ru.wikipedia.org/wiki/Школьная_форма
2. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 26 «Об
утверждении Требований к обязательной школьной форме для организаций среднего образования»
3. Савостицкий А.В., Меликов Е.Х., «Технология швейных изделий», М.: Легкая и пищевая
промышленность, 1982.-440с.
ӘОЖ 687- 129
ЖАПОН ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ КИІМДЕРІНІҢ ЗАМАНАУИ СӘНГЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ
ӨЗІНДІК ЖҮЙЕСІ
Әшірбек Ұ.Б., студент, Талғатбекова А.Ж., т.ғ.к доцент м.а
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: lauka2001@mail.ru
Жапон дәстүрлі кимоносының заманауи сәнге әсері қатты әсер етті. Жапониядағы киім (ифуку)
екі топқа бөлінеді: вафукаға (жапон стиліндегі киім) және ёфукаға (батыс стильінің киімі). «Кимоно»
сөзі жапон елінің халатқа ұқсас, белден байланытын дәстүрлі киімі ретінде саналады. Бірақ заманауи
кезде кимоно «косодэ» сөзіне ауыстырлған. Жапондықтар алғашында кимононы қытайлықтардан
байқаған (біздің дәуірімізге дейін 200 жыл бұрын).
Кимононың алғашқы нұсқасы қытай елінің – Ханьфу атты қаласында дәстүрлі киімі саналды.
Бұл киімнің сыртқы түрі ұзын, алдында қауысатын халатқа ұқсайды. Бірақ, 10 ғасырда Жапония
халқы сыртқы өзгерістерге бағынбайтын, өзінің мәдениетіне және сәніне тәуелді мемлекет болып
тұйықталды. Содан бері кимоно бұл мемлекеттің дәстүрлі киіміне айналды. [1]
Сурет - 1. Жапон халқының дәстүрлі кимоносының нұсқасы
136
137
Қазіргі кезде көптеген кимонолар үлгісі пайда болған. Олар жас мөлшеріне, жыныс түріне, жыл
мезгіліне және іс шара түріне қарай сан қилы болып келген. Көбінесе қара түсті кимонолар көп тараған.
Оларды барлық іс шараларда қолдануға болады. Әйел адам үлкен жаста болған сайын, оның кимоносы
да қанық түсті болмайды. Ал кимоносының суреті мезгілге байланысты суреттермен көркемделеді.
Жазғы кимоноларында – су, толқын, мотивы болса, көктемгі кимоноларында – сакура гүлі мен көбелек
суреттері болады. Қысқы кимоноларында – бамбук, шырша суреттері, ал күзгі кимоноларында –
хризантема жапырақтарының суретті болады.
Сән бағыты бойынша кимонолардың ұзын шлейфты және көптеген қабаттардан тұратындығынан,
ол әйелдердің қозғалысына кедергі жасады. Сонымен қатар, сәнге шашқа тағатын қатты үшкір шаш
ұстатқыштар мен әшекей гүлдер де енгізілді [2].
Жапон киімінің өзіндік жүйесі, антрополиялық ерекшелігіне байланысты болады. Жапония
мемелекетінің мәдениеті мен дәстүрлері бұл атрибутсыз толық болып саналмайды. Кимано киімі
халатқа ұқсас, бірақ ұзындығы тізеден сәл төмен болып келеді. Белінде ол белдікпен байланады,
белдіктің аты оби деп аталады. Жеңі содэ – деп аталады, яғни өте кең және қозғалысқа еш кедергі
жасамайды.
Заманауи сәннің бағытына қарай жапондық дизайнерлер көзге көріне бастады. Қазіргі кезде
жапон пішімі өте өзекті болып саналады. жапон мектебінің заманауи бағыты 1980-ші жылдардан
бастап, аталған дизайнерлар жұмыстары бойынша атақты болды: Рей Кавакубо, Йоджи Ямамото,
Кензо және т.б. олардың шығармашылық ізденісері бойынша жаңа бағыт– жапондық сән, яғни
деконструктивизма пайда болды. Қазіргі кездегі тұтас пішімді бұйымдар осы кимонодан пайда болған.
Тұтас пішімді бұйымдар сәбилердің жөргек киімінен бастап, әйелдер мен ерлердің сыртқы киіміне
дейін өзекті қолданылуда. Яғни, тұтас пішімді бұйымдар өте ыңғайлы, пішімі жағынан да оңай және
маталар шығыны да аз жұмсалады. [3]
ХХ ғасырда жапон сән әлемі тани алмастай дәрежеде өзгерді. Сан түрлі субмәдениеттерге топтала
бастаған жасөспірімдердің арқасында жаңа киіну стильдері жапон мәдениетіне кіріге бастады. Жапон сәнінің
негізгі ерекшелігі ретінде деконструктивизм саналады. Ол, классикалық формалардың жапон элементтерімен
араласуы болып табылады. Жапон стиліндегі киімдер қандай адам болмасын бәріне жараса кететіні анық.
Себебі жапон халқының киімдерінің ең ыңғайлы жері адам денесіне кең тұруы, дене бойды қыспауы, қимыл-
қозғалыс жасауға ыңғайлы жағдай жасайды. Соңғы уақытта жапон халқының киіну стильдері осы сән бағыты
бойынша өзгеріске ұшырап отыр: «Банчо» , «Gyaru» , «Ko», «Hime Gyaru» , «Гангуро».
Сурет - 2. Жапон стиліндегі заманауи киімдер
Жапон сәнін талдай отырып, оның келесі ерекшеліктерін байқалады: силуэттің түрленуі, мықын
деңгейіндегі қынамалылығы. Көлденең бөлінулер қарқынды қолданылды. Иық сызығы кеңейтілген, ал
жең пішімі жейде пішімді немесе тұтас пішімді болып келген.
Жоғарыдағы зерттеулерге сүйене отырып, ежелгі жапон киімінің ерекшелігі конструктивті және
технолгиялық жағынан қарапайым және эксплуатацияда қолданылуы да ыңғайлы екендігі анықталды.
Конструктивтік сызбасы негізгі параметрлер бойынша жеңіл құрастырылып, технологиялық өңдеулері
жеңіл өңделеді. Кимано конструкциясы нәрестелердің жөргек көйлегінен бастап, сыртқы киімдерген
дейін кеңінен қолданылады.
138
139
Кесте – 1. Жапон халқының ежелгі киімін қазіргі заманауи үлгімен салыстыра отырып айырмашылығын
талдау
Ежелгі кимоно үлгісі
Техникалақ сипаттама
Заманауи кимоно үлгісі
Техникалақ сипаттама
1
2
3
4
Тік силуэтті, екі өңірлі,
жеңі иық тұсынан
кесілген және жіңішке
белдікпен байланған.
Тік силуэтті, жеңі тұтас
пішілген, ұзындығы
қалаған деңгейге дейін.
Жең етегі кеңейтілген.
Артқы бойы тұтас
пішілген және екі
қайтара белдікпен
байланған.
Артқы бойы ортаңғы
тігіссіз, жең ені
модельге байланысты,
тұтас пішілген жең.
Жағасы тұтас тік
жағалы, жеңі иық
тұсынан қолтық
ойындысына дейін
кесілген, жең аузы
кеңейтілген.
Жағасы тұтас пішімді
немесе қондырмалы
тік жағалы, ал жең ені
модельге байланысты.
Бұл кестені қорыта келе, ежелгі кимано конструкциясы замануи киімдерде өз ерекшелігін
жоғалтпағаны анықталды. Тұтас пішімді кимано жеңіл бұйым және сыртқы бұйымдарда да өзінің
өзектілігін жоғалтпайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Носов К. С. «Замки и крепости Индии, Китая и Японии» Издательство «Атлант», 2001 г; 112 стр
2. Стефен Тёрнбулл «Японские замки. 1540-1640». Издательства: АСТ, Астрель, 2005; 72 стр.
3. Энтони Брайант «Самураи». Издательства: АСТ, Астрель, 2005 ;
4. Рысқұлова Б.Р., Ералиева М.Ж., Зұлхарнаева Қ.А., Тігін бұйымдарының технологиясы бойынша
зертханалық практикум: Оқу құралы. – Алматы: ҚР ҒЗТИ ҒО, 2011. – 200 б.
5. Интернет желісі. Крой и мода японской одежды.
138
139
УДК 658.512.2.687
ИССЛЕДОВАНИЕ И АНАЛИЗ МУЖСКИХ ФИГУР С ОТКЛОНЕНИЯМИ
Козубенко Н.Н., Григорьева О.В., г.Алматы, АТУ, nadya-02-95@mail.ru
В Республике Казахстан для производства мужской одежды пользуются размерной типологией,
отражающей особенности фигур мужчин, начиная с 1972 года. Проектирование одежды для
мужчин по этой размерной типологии неэффективно, так как со времени проведения последних
антропометрических обследований произошли значительные изменения мужских фигур вследствие
акселерации, эпохальных изменений и ряда других факторов.
С целью выявления исходной информации были проведены маркетинговые исследования в виде
анкетирования и последующего анализа полученных результатов. При проведении исследований
учитывался ассортимент, связанный с тематикой научного исследования.
Анкетирование проводилось в торгово-развлекательном центре «Мега - Алма-Ата», в социальных
сетях приняли участие респонденты различных регионов Казахстана: Восточно-Казахстанская,
Южно-Казахстанская и Алматинская области. Опрашивались мужчины в возрасте от 30 до 47 лет. В
анкетировании приняли участие более 300 человек (305 респондентов) [1].
По результатам опроса стало известно что, более чем у 55% мужчин брюшной тип телосложения,
у 30% мускульный и грудно-мускульный тип, у 20 % грудной тип телосложения. Большинство
ответивших на вопросы, имеют фигуры с отклонениями от типовых. Было выявлено, что основной
стиль, предпочитаемый респондентами – классический. Главной трудностью при выборе одежды
является отсутствие необходимого размера, наибольшие трудности испытываются при выборе
костюмов, пиджаков и брюк. Основными отклонениями является несоответствие объемов по линии
талии и по ширине спины.
С целью выявления отклонений от типовых, было обмерено 50 индивидуальных мужских фигур
и проведен анализ по балансовым параметрам и полнотным группам.
При проведении анализа выявлено, что из 50-ти обмеренных фигур, преобладающая полнотная
группа – первая - 14 мужчин, вторая - 20 мужчин, третья – 16; 24 - имеют сутулую осанку, 14 –
перегибистую и 12 – нормальную.
Наибольшую сложность при проектировании одежды представляют фигуры особо крупных
размеров. Поэтому за основу была взята индивидуальная фигура, характеризующаяся размерными
признаками 198-150-151, и проведен сравнительный анализ измерений типовой и индивидуальной
фигуры. Размерные признаки, характеризующие типовую фигуру: 200-150-134
Характеристика индивидуальной фигуры заказчика:
Тип пропорций – мезоморфный. Тип телосложения – брюшной. Степень развития мышц – слабая.
Степень развития жироотложений – обильное. Форма грудной клетки – коническая. Форма живота –
округло-выпуклый. Осанка – нормальная. Полнотная группа – 3 [2].
Отклонения в чертежах конструкции типовой и индивидуальной фигуры одного и того же
размера с нормальной посадкой представлена на рисунке 2.
Чертеж основы конструкции мужского пиджака показан в двух системах размерных признаков:
индивидуальных (отмечен красными линиями) и типовых (отмечен черными линиями) [3].
Рисунок 2 - Чертеж основы конструкции пиджака и двухшовного рукава
140
141
Анализ результатов готовых конструкций проверялся методом макетирования. При примерке
изделия, выполненного по измерениям типовой фигуры на индивидуальной мужской фигуре
с отклонениями, возникает значительное количество конструктивных дефектов. Особенно это
проявляется на фигурах особо крупных размеров. Что в дальнейшем приводит к неудовлетворенности
населения готовой одежды, как видно из маркетинговых исследований. Все это требует необходимость
разработки моделей по индивидуальным измерениям и использованию той методики конструирования,
которая учитывает эти особенности.
Рисунок 3 - Макет проектируемого изделия, вид спереди и сзади по типовым размерным признакам 200-
150-144.
В настоящее время недостаточно полно изучены особенности телосложения полных фигур. А
многие встречающиеся типы телосложений не представлены в стандартах. Решением этой проблемы
может стать более подробное изучение нетиповых фигур, а так же создание новой размерной типологии
для фигур особо крупных размеров.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Маркетинговые исследования. Автор: Гилберт А. Черчилль, Том Дж. Браун. Издательство:
«Питер». Год: 2007 ISBN: 978-5-469-01132-3, 5-469-01132-1
2. Антропометрия индивидуального потребителя. Основы прикладной антропологии и
биомеханики. Лабораторный практикум. Автор: Конопальцева Н. М., Волкова Е. Ю., Крылова И.
Ю. Год: 2006. Издание: Форум, Инфра - М Страниц: 256 ISBN: 5-91134-043-7, 5-16-002741-6
3. Единый метод конструирования мужской одежды, изготовляемый по индивидуальным заказам
населения ( методические указания ). Часть 1. Министерство бытового обслуживания населения
РСФСР. Год: 1982. Издательство : Москва ЦБНТИ.
ӘӨЖ 781.1
ТЕКСТИЛЬ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ЭБРУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Сәдібекова Б.Т., бакалавр, Айдосова К.П., аға оқытушы; Абишова А.С., т.ғ.к.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: baldai_95@mail.ru
Қазіргі кездегі сәнді еркін стиль деп атауға болады. Ол таңдау идеясының еркіндігінің көптігінен,
яғни әртүрлі стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай-ақ түрлі көлемдерімен және алуан түсті
гаммаларымен ерекшеленеді. Сәнді киім жасауда әрлеудің маңызы ерекше. Әрбір киім үлгісінің өзіне
ғана тән көркемдік ерекшелігі болса, оның құндылығы да жоғары болады. Мұндай киім бәсекеде де
ұтымды болады. Сонымен, сәнді киімдерді орындауда, оларды тек үлгілеу, материалдарды таңдаумен
қатар оларды әрлеудің қолайлы жолдарын табу өзекті мәселе [2]. Қазіргі кезге дейін бұл мәселені шешуде
сәнді киімдерде қолданыс таппаған, киім бөлшектеріне судың бетінде сурет салу тәсілін қолданып
140
141
әрлеудің маңызы жоғары. Суретті су бетінде салу техникасы әдеби деректерде «Эбру» және «Суминагаши»
деп аталады. Бұл сурет салу техникалары өте ерте заманнан қолданылып келеді. Суминагаши өнерінің
шыққан жері Жапония болса, эбру тәсілі бізге Түркиядан келіп отыр. Жалпы бұл өнердің пайда болуы
ертеректе Үнді елінде, содан соң оны Осман империясына жеткен деген пайым бар [3].
Ал түріктердің тарихи деректеріне сүйенетін болсақ, эбру тәсілінің отаны ескі Түркістан [3]. Эбру
деген сөздің өзі Шағатайша «муар сияқты, тамырлы» дегенді білдіреді. «Эбрэ» сөзі эбрудың алғашқы аты,
бұл атау ең алғаш Бұхара мен Самарқантта кездескен. Кейбір деректер эбру сөзінің шығу тарихы «жүз
суы» дегенді білдіретін «абы ру» сөзімен байланысты десе, кейбіреулері парсыша «бұлт сияқты» дегенді
білдіретін «эбри» сөзінен шыққан дейді. IVII ғасырда эбру өнері Европа елдеріне де тарай бастады. Эбрудың
кейбір типтері атақты суретшілердің есімімен аталған. Мысалы: «Эбру Хатип» және «Эбру Неджметтин».
Эбру техникасын әртүрлі текстиль материалдарға сіңдірілуін, салынған суреттін формасын
өзгертпей сақтап тұруын қарастыру мақсатындаәртүрлі маталардың физикалық қасиеттері зерттелінді.
Зерттеу ең алдымен ауа өткізгіштіктігін анықтайтын ВПТМ-2 (ГОСТ12088-77)аспабында жүргізілді [1].
Содан соң маталардың су итергіштік қасиетін пенетрометр МТ-158 (ГОСТ 3816-81) аспабы арқылы, ал
маталардың беттік сулауға тұрақтылығын МТ-032
(ГОСТ 15150-69) қондырғысы арқылы зерттелді(Cурет 1). Зерттеу нәтижелері 1- кестеде
көрсетілген.
Сурет 1. Пенетрометр МТ-158 және МТ-032 беттік сулауға тұрақтылықты анықтайтын құрылғы
Кесте 1. Текстиль материалдардың физикалық қасиеттері
№
Материал түрі
Ауа өткізгіштігі
Сулауға
тұрақтылығы
(г/м2)
Су итергіштігі
(мм\кг)
1
Мақта матасы
145
0
30
2
Полиамидті жібек матасы
31,5
0
30
3
Атлас матасы
101,2
50
90
4
Джинсы матасы
111,6
30
5
Полиэфирлі астарлық мата
99,6
0
50
6
Полиамидті синтетикалық
31,06
80
180
7
Шифон
121,4
0
50
8
Креп
128,4
0
40
9
Тафта
123,1
0
50
Таңдап алынған текстиль материалдарының физикалық қасиеттерін зерттей келе мақта матасы,
полиамидті жібек матасы, шифон, креп, тафта, астарлық маталар сулауға тұрақты материалдар болып
шықты, ал сулауға тұрақтылығы нашар полиамидті синтетикалық және джинса маталары. Полиамидті
синтетикалық матаның су итергіштігі жоғары болса, атлас матасының су итергіштігі орташа. Мақта,
шифон, креп, тафта, полиамидті жібек, полиэфирлі астар матасының су итергіштігі төмен нәтиже көрсетті.
142
143
Мата бетінде сурет салу - Эбру техникасы үлкен үйлесімділік қабілетін, ішкі потенциалды қажет
ететін өнер. Эбру және суминагаши тәсілдерінің екеуінде де суда ерімейтін, оның бетінде қалқып ағатын
бояулар қолданылады. Бұл тәсілдердің негізі бір сұйық затпен (бояумен) екінші сұйық зат (қоспалы
су) бетінде сурет салу болады. Бұлай сурет салу екі сұйық бір бірімен араласпайтын жағдайда ғана
болуы мүмкін, немесе бұл сұйықтардың беттік тартылыстары әртүрлі болуы қажет. Сурет салынатын
сұйықтық Гевен өсімдігінің тұнбасынан алынады, ал бояулар жасау үшін ерімейтін пигменттер табиғи
күкiрттiң қоспасы, қорғасынның карбонаты, темір тотығы пайдаланылады. Сұйықтық біркелкі әрі өте
сұйық болуы қажет.
Сурет 2. Сұйықтық бетіне тамызылған бояуды жылжыту арқылы сурет салу.
Эбру техникасы бойынша сұйықтықты төртбұрышты темірден жасалған ыдысқа құйып, ыдыстың
барлық беттеріне бірдей мөлшерде жаямыз. Содан соң қағаз қатырмадан жасалған ыдысшаларға
құйылған бояуларды сұйықтықтың бетіне тамызып шашырату тәсілі арқылы фон жасаймыз,
тамшыларды тамызу арқылы оларды қалауымызша немесе сурет сюжетіне сәйкес, сұйық бетінде
арнайы бізбен немесе тарақпен жылжыту арқылы сурет саламыз (Cурет 2). Сурет дайын болған соң
таңдалған материалдарға суретті көшірмелейді және жылумен өңдеп сурет оңбайтындай етіп бекітеміз.
Сурет 3. Шифон, тафта және мақта маталарындағы Эбру техникасы
Зерттеу нәтижесі бойынша мақта, жібек, атлас, шифон, креп, тафта маталарының су сіңіру
қасиеті жоғары болғандықтан, тәжірибе жүзінде Эбру техникасы бойынша суреттін жақсы шығатынын
көрсетті(Cурет 3). Синтетикалық материалдардың су сіңіргіштігі нашар болғандықтан матаға бояу
сіңбей сырғып түсіп кетіп жатты.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Рысқұлова Б.Р. Тігін бұйымдарының технологиясы. Алматы, 2015 ж.
2. Құтжанова А.Ж, Абишова А.С, Онғар Т. Материалтану. Зертханалық практикум. Алматы. АТУ,
2006 ж.
3. http://www.istanbulsanatevi.com/sanat/gelenek/tarihce.php?lang=tur
142
143
ӘОЖ 677.02
Достарыңызбен бөлісу: |