Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия


ИЗУЧЕНИЕ И АНАЛИЗ РАЗВИТИЯ СИЛУЭТНЫХ ФОРМ ЖЕНСКОЙ ОДЕЖДЫ



Pdf көрінісі
бет21/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60

ИЗУЧЕНИЕ И АНАЛИЗ РАЗВИТИЯ СИЛУЭТНЫХ ФОРМ ЖЕНСКОЙ ОДЕЖДЫ

Ахметкалиева К.А., студент, Григорьева О.В., стр пред.,

Алматинский технологический университет, г. Алматы, Республика Казахстан

E-mail: karla__31@mail.ru

Выбор правильной силуэтной формы является актуальной действительностью для современной 

женщины.  Еще  с  древнейших  времен  человек  пытался  выделиться  среди  толпы,  а  одежда  является 

средством выражения индивидуальности. Внешний вид одежды определяет ее силуэтная форма. 

В основе силуэтной формы одежды лежит простейшая геометрическая фигура: прямоугольник, 

треугольник,  цилиндр,  трапеция,  овал  и  др.  Конструкция  любого  изделия  обусловлена  силуэтной 

формой и строится на чертеже основы. На каждом этапе развития современной моды один и тот же 

силуэт  одежды  может  быть  представлен  несколькими  вариантами,  различающимися  объемом  по 

линии груди, формой линии плеч, шириной низа. Изменение объемов силуэтных форм способствует 

разнообразию стилевых решений и видов одежды различного назначения на фигуры разных возрастных 

групп. Следовательно, перед построением чертежа конструкции необходимо прежде всего уточнить 

силуэтную форму, определить все ее нюансы и затем воплотить их в конструкции будущего изделия [1]. 

Выделяют  базовые  силуэтные  формы  одежды:  прямой,  прилегающий,  полуприлегающий  и 

трапециевидный (рис.1). В разные периоды моды предпочтение отдается тому или иному силуэту.



152

153

                  

                  

                 

 

                                       а                                б                                 в                               г 



Рис.1. Формы силуэтов (а-прямой, б-полуприлегающий, в-прилегающий, г- трапеция)

Если  сопоставить  изделия  прямого  силуэта  разных  лет,  можно  получить  довольно  пеструю 

картину,  обнаружив,  что  в  одной  группе  оказались  и  стройнящие,  слегка  прилегающие  изделия,  и 

очень объемные, расширяющиеся книзу, и наоборот, слегка суженные. Таким образом,  наблюдаются 

большие различия в формах, которые в разные годы характеризовали прямой силуэт (Рис.2).

Рис. 2. Эволюция прямого силуэта

Полуприлегающий  силуэт  занимает  промежуточное  положение  между  малообъемным 

прямым и приталенным силуэтами. Для него характерно более мягкое, чем в приталенном варианте, 

решение формы груди, неплотное прилегание в области талии и спокойное расширение книзу (иногда 

едва  заметное).  Степень  приталивания  зависит  часто  и  от  индивидуальных  особенностей  фигуры. 

Вместе с тем зрительно форма будет восприниматься как полуприлегающая, благодаря незначительной 

разнице между объемами в области груди, талии и бедер. В этом силуэте отсутствуют конкретная точка 

наибольшего  приталивания.  Боковые  линии  и  рельефы,  хотя  и  имеют  различную  в  зависимости  от 

моды конфигурацию, в области талии всегда оформляются плавно (Рис.3).

                      

Рис. 3. Эволюция форм полуприлегающего и приталенного силуэтов

Изделия  прилегающего  силуэта  характеризуются  плотным  облеганием  по  талии.  При  этом 

объем лифа может быть различным — от плотно облегающего, повторяющего формы тела, до очень 

свободного. Значительные изменения претерпевает и юбка.

Встречаются различные формы юбки — узкая (прямая или зауженная книзу), умеренной ширины, 

слегка расклешенная книзу и очень широкая, присборенная у талии (Рис.3).

Уже само название трапецевидного силуэта говорит о том, что форма должна быть небольшой 

в  верхней  части  и  иметь  расширение  книзу.  В  разные  периоды  моды  этот  силуэт  назывался  также 

сарафанным по аналогии с формой северной русской одежды, либо силуэтом А-образным (Рис.4).



154

155

Рис.4. Эволюция форм расширенного силуэта

Таким образом, во всех вариантах предполагается известная свобода облегания изделия на фигуре 

ниже линии груди (в области талии и по бедрам), что отличает его от вариантов полуприлегающего 

силуэта с завышенной линией талии и плотно прилегающего.

Мода 2016 года интерпретирует все силуэтные формы моды XX века (Рис. 5). Переосмысление 

форм 1950-х, 1960-х и интерес к 1970-90-м и 1940-м гг. Размыты границы между стилистическими 

направлениями.  Мода  уходит  от  «предметности»,  некоторой  застылости  силуэтов.  Характерен 

принцип множественности, разнообразия и трансформации форм [2].  Все это способствует созданию 

индивидуального и неповторимого образа.

                   

Рис.5. Основные силуэтные формы моды 2016 года

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

1. Цховребадзе Е. Н. Механизмы визуализации модной формы одежды: Дис. ... канд. технических 

наук,М.: 2005. – 255 с.

2. Журнал « Pro Fashion» - подписка 2015,  № 11-12

ӘОЖ 677.02; 677.027

ГИДРОФОБТЫ ТЕКСТИЛЬ МАТЕРИАЛЫНЫҢ СУ ИТЕРГІШТІК 

ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Қуанбай Н.Қ., студент, Баданова А.К., PhD, доцент м.а.

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: nazik_94@list.ru

Қазіргі кезде текстиль материалдарына гидрофобтық қасиет беру өзекті мәселе болып табылады. 

Дүние жүзінде ғалымдар осы мәселені шешу барысында көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді, алайда 

тұтынушылық қасиеттерін, сонымен қатар ауа өткізгіштігін сақтап қалу қиындық туғызып отыр. 

Осы ғылыми-зерттеу  жұмысында текстильді материалдарға ауа өтқізгіштік қасиетін сақтайтын 

полиуретандау реакциясы негізінде су итергіштік өңдеу технологиясы қолданылды.

Полиуретандау  реакциясын  гидрофобтық  қасиет  беру  үшін  қолдану  процессінде  ПЭГ(10000), 

толуилен-2,4-диизационат  және  целлюлоза  байланысы  талшық  бетінде  полиуретанды  қабат  пайда 

болуымен  түсіндіріледі  (1  сурет).  Полиуретанды  қабаттың  химиялық  құрылымында  гидрофобты 


154

155

топтар бар, олар полиуретанның қатты және иілгіш сегменттерінде болады. Полиуретандау реакциясы 

талшық пен қабат арасында ковалентті полярлы байланыс түзеді. Бұл өңдеудің жууға тұрақтылығын 

қамтамасыз етеді. Полиуретанды қабат талшық бетін тегістейді, үйкелістен, талшық аралық кеңістікті 

сақтай отырып талшықтың ішіне ылғалдықтың кіруінен қорғайды [1].

Талшық


Сурет 1. 2,4-ТДИ, ПЭГ (10000) және целлюлозаның–ОН топтары әрекеттесуі

Зерттеу  жұмысында  целлюлозалық  текстиль  матасына  гидрофобтық  қасиет  беру  мақсатында 

полиэтиленгликоль  концентрациясы  5-15  г/л,  2,4-ТДИ  концентрациясы  6-18  мл/л,  термоөңдеу 

температурасы 120 

0

С, 180 


0

С қолданылды. 

Осы  технология  бойынша  өңделген  целлюлозалық  текстиль  материал  тұрақты  су  итергіштіқ  

қасиетке  ие  болады.  Өңделмеген  мата  су  сіңіреді,  ал  гидрофобтық  өңдеуден  өткен  соң  матаға  су 

сіңбейді, су тамшылары матаның бетінде домалақ сфера пішінінде қалады (2-сурет).

                                    

                                             а)                                                                             б)

Сурет 2. Целлюлозалық текстиль матасының бетіндегі су тамшылары:

а) өңделмеген мата; б) ПЭГ (10000) және 2,4-ТДИ мен өңделген мата

Жұмыста  өңделген  целлюлозалық  текстиль  матасының  гидрофобтық,  физика-механиклық 

қасиеттері  анықталды.  Гидрофобтық  қасиетпен  өңделген  целлюлозалық  маталардың  шеткі  сулау 

бұрышы зерттелді. 3–суретте шеткі сулау бұрышының нәтижелері көрсетілген [2]. 

а)                                 б)                                в)

Сурет 3. а) ПЭГ (10 000) -5 г/л; 2,4 – ТДИ, 6 мл/л; 

               б) ПЭГ (10 000) -15 г/л; 2,4 –ТДИ, 18 мл/л; в) ПЭГ (10 000) -10 г/л; 2,4 – ТДИ, 12 мл/л

Өңделген  матаның  шеткі  сулау  бұрышын  зерттеу  барысында  (4-сурет)  және    –  кестеде 

көрсетілгендей матаның ең жоғарғы суға төзімділік көрсеткіші ПЭГ (10000) – 5г/л және 2,4 – ТДИ – 18 

г/л концентрациясы аралығында болды. Термоөңдеу температурасы 180

0

С, градус-132.



156

157

1) Өңделмеген мата

4) ПЭГ (10 000) – 5 г/л; 2,4 –ТДИ –  18 г/л

2) ПЭГ (10 000) – 5 г/л; 2,4 –ТДИ –  6 г/л

5) ПЭГ (10 000) – 15 г/л; 2,4 –ТДИ –18 г/л

3) ПЭГ (10 000) – 15 г/л; 2,4 –ТДИ –6 г/л

6) ПЭГ (10 000) – 10 г/л; 2,4 –ТДИ –12 г/л

4-сурет. Аппрет құрамындағы препараттар концетрациясының целлюлозалық мата 

              шеткі сулау бұрышы көрсеткіштеріне әсері

Гидрофобизациялаудан  кейін мата гигиеналық қасиеттерін сақтай отырып, ауа өткізеді [3]. 

Жұмыста гидрофобтық қасиетпен өңделген целлюлозалық маталардың ауа өткізгіштігі МТ-160 

құрылғысында зерттелді. 5–суретте гидрофобты целлюлозалық маталардың ауа өткізгіштік нәтижелері 

көрсетілген. 

1) Өңделмеген мата

4) ПЭГ (10 000) – 5 г/л; 2,4 –ТДИ –  18 г/л

2) ПЭГ (10 000) – 5 г/л; 2,4 –ТДИ –  6 г/л

5) ПЭГ (10 000) – 15 г/л; 2,4 –ТДИ –18 г/л

3) ПЭГ (10 000) – 15 г/л; 2,4 –ТДИ –6 г/л

6) ПЭГ (10 000) – 10 г/л; 2,4 –ТДИ –12 г/л

5-сурет. Аппрет құрамындағы препараттар концетрациясының целлюлозалық мата ауа өткізгіштігі 

              көрсеткіштеріне әсері

Матаның ауа өткізгіштік қасиетін зерттеу барысында өңделмеген мата мен өңделген матаның 

көрсеткіштерін салыстырғанда  өңделген мата көрсеткіштері біршама төмендеген. Оның себебі матаға 

гидрофобтық қасиет беру барысында талшық бетінде полиуретанды қабаты пайда болғандықтан. 

Уретанды  топтар  целлюлозалық  талшық  бетінде  гидрофобтық  қасиет  беруші  қабат  түзеді. 

Сондықтан өңделген матаның ауа өткізгіштігі бастапқы үлгімен салыстырғанда сәл төмендейді. Бірақ 

алынған нәтижелер қойылатын талаптар нормасына [4] сәйкес  келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  А.К.Баданова.  Г.Е.  Кричевский,  Б.Р.  Таусарова,  А.Ж.  Кутжанова  /Применение  реакции 

полиуретанирования  для  придания  гидрофобных  свойств  целлюлозным  текстильным  материалам/ 

Вестник ТарГУ имени М.Х. Дулати «Природопользование и проблемы антропосферы» Международный 

научный журнал, №1, 2014, Тараз, С. 192-200

2. А.К.Баданова, А.Ж. Кутжанова, Г.Е. Кричевский, М.А.Фролова// Исследование краевых углов 

смачивания и гистерузиса смачивания гидрофобизированных текстильных материалов//Известия высших 

учебных заведений. Технология текстильной промышленности /Scopus/ № 3 (357) 2015, С. 54-58.

3. А.К.Баданова//Модификация поверхности целюлозного волокна для придания гидрофобных 

свойств//  Сборник  материалов  XVII  Международного  научно-практического  семинара  «Физика 

волокнистых  материалов:  структура,  свойства,  наукоемкие  технологии  и  материалы»  (SMARTEX  - 

2014), 28 – 30 мая 2014 года,  – Иваново: ИВГПУ, 2014, С. 109-113.

4.  Технический  регламент  таможенного  союза  ТР  ТС  017/2011  «О  безопасности  продукции 

легкой промышленности» от 9 декабря 2011 г., 44 с.


156

157

ӘОЖ 687.1



ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТЕРІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БІР ЖОЛЫ 

Ауанов М.Б., студент, Усенбеков Ж. т.ғ.д., проф.қ.а.

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: Zh.usenbekov@mail.ru

Жеңіл өнеркәсіптерінде жарамсыз қалдықтар көп қалып, оларды қайта өңдеп пайдалану мәселесі 

әлі  толық  шешілмеген.  Мысалыға,  тері,  былғары-галантерея,  аяқкиім  өндірістерінде  өнеркәсіп 

қалдықтарының жалпы көлемінің 30-50% құрады [1]. Бұл қалдықтарының көп бөлігі әліде қолданыс 

тапқан  жоқ.  Тоқыма  және  тігін  өндірістерінің  қалдықтарының  10%-ке  жуығы  қайта  өңделініп, 

тоқылмаған  материалдарды  шығаруға  қолданылады  [2].  Қалдықтардың  көп  бөлігі,  көпнесе  сыртқа 

шығарылып  тасталынады  немесе  өртелінеді.  Бұл  жағдай  тек  қана  материалдық  шығынға  жеткізіп 

қоймай, қоршаған ортаны да ластандырады. Әсіресе құрамында илеуші хром қоспасы, тұрлі бояулар, 

майлаушы заттар бар қалдықтар қоршаған ортаға   зияны көбірек болады. Осыған байланысты, жеңіл 

өнеркәсіптерінің қалдықтарын қайта іске жаратуда, олардан киім бұйымдары үшін әшекейлер жасау 

маңызды мәселе екені айқын. 

Былғары және тігін өндірістеріндегі қалдықтарды іске жаратудың жолының бірі - олардан киім және 

де басқа жеңіл өнеркәсібінің өнімдерін ажарландыратын әрлеп, әшекейлейтін бұйымдар жасап қолдану. 

Тігін  бұйымдаын  «әрлеу»  деген  түсініктің  құрамы  да  әртүрлі.  Алдыменен  онының  құрамына 

киімді ажарландыратын кестелер,  жапсырмалар (аппликациялар, акцессуарлар)  және басқа әшекейлерді 

қолдану жатады. Ажарландыру элементерінің түрлері және олардың сапалары заманови киімдердің 

эстетикалық  қолданылу  қызыметімен  анықталады.  Киімге  білікті  және  тиімді  қолданылған  әшекей, 

оның  жеке-даралығын  айқыдап  қана  қоймай  адам  фигурасының  ерекшелігін  көрсетіп,  кемістігін 

жасыруға  да  мүмкіндік  береді.    Киімді  ажарландыруда  түрлі,  жазық  және  көлемді  жапсырмаларды 

қолдану  тиімді,  әрі  оның  пішінінің  композициалық  элементі  бола  алады.  Осыға  байланысты,    бұл 

жұмыстың негізгі мақсаты  өндіріс қалдықтарынан киімді ажарландыру үшін түрлі жапсырмаларды 

жасаудың кейбір аспектлерін қарастыру болды. 

Жапсырма кезкелген киім үшін әйгілі және тиімді әшекей бола алады. Көпнесе, олар балалар киімінің 

ерекшелендіретін негіз болады. Жапсырмаларды киімді жөндеуде де әшекей жамау ретінде де қолдану мүмкін. 

Жапсырмалар жасаудан бұрын олардың көркемді қолданылуын, олардың құрамын, түрін, санын, 

орындау тәсілін, негізге бекітілуін, бөлшектерінің санын және де басқа ерекшеліктерін айқындап алу 

қажет. Осымен қатар басты мәселенің бірі, ол қажетті материалдарды таңдау. Бұл жұмыста матадан 

(сурет 1, а) және былғары қалдықтарынан жазық (сурет 1, б) және көлемді гүлдер түріндегі (сурет 1, в) 

жапсырмаларды орындаудың ерекшеліктері қарастырылған. 

а

б

в

Сурет 1. Матадан (а) былғарыдан (б, в)  орындалған әшекей жапсырмалар.



158

159

Әрлеуге арналған жасанды гүлдерді жасау үшін жібек маталар және мақтамата  қолданылады. 

Жазық жапсырмаларды жасауда жұмсақ былғары жарайды. Осымен қатар түрлі материалдарды құрамдап 

қолдау да мүмкін. Әшекей жапсырмаларды орындауда негізгі материалдармен қатар қолданбалы және 

қосалқы  (сым, желім, бояулар) материалдар және арнайы құралдар қажетті. 

Жұмыста түрлі жапсырмаларды орындау технологиялық үдірістері құрылып, оларды орындаудағы 

режімі қарастырылып, дәйектелді. Технологиялық үдерістер қатарындағы күрделісі де, жауаптысы да 

дайындамаларды жылумен өңдеу болады. Жылумен өңдеу алдынала крахмалмен өңделінген матада, 

былғарыларда орындалады. Жылумен өңдеу нәтижесінде көлемді жапсырмалардың дайындамаларын 

дөңес  түрге  келтіру  үдерісі  орындалды.  Дайындамаларды  жылумен  өңдеу  аранайы  баспақ  құралды 

(сурет 2) 50, 70 және 100 °С жылытып, бір минуттай уақытта сығымдап жүргізілді. 

Сурет 2. Дайындаманы сығымдау сұлбасы.

Зерттеуді  орындау  үшін  дайындама  арнайы  қысқыш  жақтамаға  керіліп  үстінен  алдын-ала 

қыздырылған  баспақпен  сығылды.  Баспақтың  сығымдау  күшін,  оның  үстіне  орналастырылған 

жүктермен анықталынады (суретте өрсетілмеген). 

Зерттелетін  дайындамаға  ыстық  құралмен  белгілі  уақыт  аралығында  әсер  ету,  оның  талшықты 

құрамын  өзгертіп,  оның  серпінділігін  уақытша  жояды  екен.  Жүктеу  тоқталған  кезде  дайындаманың 

құрлысы қайта қалпына келуге тырысыды, бірақ бастапқы жағдайдағыдай емес, деформациаланған түрде. 

Түрлі дайындамаларды осылай сынау нәтижесінде көлемді жамсырмаларды орындаудың тиімді 

режімінің параметрлері анықталып, тәжрибе жүзінде қолданылды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Кахроманов Ф.Р. Новые технологии регенерации отходов текстильного производства и способы 

получения пряжи из них. / Ф.Р. Кахроманов, В.Д. Фролов. – Иваново: ИГТА, 2005. – 292 с. 

2. Повышение энергоэффективности при переработке отходов. / В.Т. Кирилин, М.В. Кожевников 

// Твердые бытовые отходы. – 2011. – №5. – С. 52–53.

3.  Шубов  Л.Я.  Технология  отходов.  [Текст]:  Учебник  /  Л.Я.  Шубов,  М.Е.  Ставровский,  А.В. 

Олейник; под ред. Л.Я. Шубова. – М.: Альфа-М; Уником сервис; Инфра-М, 2011. – 349 с. 

ӘОЖ 687.1: 391.4



СӘНДІК БӨЛШЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗІНДЕ ЖАСТАР КОСТЮМІН ЖОБАЛАУ

Абекова А.Ж., бакалавр., Кучарбаева К.Ж., т.ғ.к., доцент, 

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы

E-mail: Ainur.abekova@mail.ru

Заманауи  өмір  салтында  киім  өндірісі  мен  технологиясының  жылдам  өсуі  және  өндіріс 

процестерінің тұрақты өзгеруі, тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын, күнделікті қажеттіліктеріне 

сай келетін киім пайда болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай, 

сәндік бөлшектермен безендіру арқылы мерекелік, кешкі жиындарға немесе өңделуіне қарай күнделікті 

тұрмыста киюге қолданылатын әйел костюміндері үлкен сұранымға ие. Тігін бұйымдарын безендірудегі 

сәндік  бөлшектердің  ерекшеліктері  және  құрастырылуы,  жобаланған  үлгілерге  және  қолданылатын 


158

159

материалдарға негізделеді. Әйел киіміндегі сәндік бөлшектерді түрлендіру тәсілдерін және ерекшеліктерін 

талдау нәтижесінде эксплуатациялық және эстетикалық талаптарды қанағаттандыратын заманауи үлгіде 

жастар костюмі жобаланды. Зерттеу жұмысында жастар костюміндегі сәндік бөлшектердің қолданылу 

аясын, заңдылықтары мен қағидалары зерттеліп, олардың үйлесімділік шешімдерінің шығармашылық 

өңделуі нақтыланады. Жастар костюмінің бір типті базалық конструкция негізінде көп үлгідегі бойжеткен 

киім жиынтығын дайындауға мүмкіндік береді. 

Сән  бағытында  өңделген  маталардан  немесе  арнайы  материалдардан  дайындалған  желбір, 

желбіршек, белдік, баска, қақпақша және сәндік элементтер кеңінен қолданылады. Сәндік бөлшектер, 

бір түрден бірнеше түрге түрлену әдісімен заманауи тұрғыдағы жастар мен бойжеткендердің талғамын 

қанағаттандырады. Сәндік бөлшектерді түрлендіру симметрия заңдылығында талданды. Симметрия мен 

ассиметрия интуицияның, композициялық бүтіндіктің және композициялық тепе-теңдіктің сақталуымен  

үндеседі. Симметрия - тігін бұйымдарының композициялық құралдарының бірі болып табылады, сол 

арқылы форма бір реттілікке, элементтік орнықтылыққа және тұрақтылыққа әкеледі. Жастар костюмін 

безендірудегі сәндік бөлшектерді қисық сызықты, конусты кеңейту түрі көмегімен киімнің стилін және 

ассортиментін  әрдайым  өзгертуге  мүмкін  болады.  Жастар  костюмінде  симметрия    тобының  немесе 

жобаланатын форманың асимметриясының анықтаулары үшiн негiзгі келесi шарттары орындалды:

- жылжымайтын күйдегi бастапқы формасы және тiк остерi бекiтілдi;

- бастапқы  формада  жылжымайтын  элементтердiң  тұрақтылығында  бақыланатын  форманың 

қозғалысының салыстыруы;

- оның бастапқы орнына қайтаратын бақыланатын форманың тiк остерi бекiтілді.

Бұл шарттардың негiзiнде бақыланатын формалардың көлемдік композициясын ойша жалпылау 

және үлгi жобалаудың дәрiптелген үлгiлерiнiң құрастыруының бастамасы болады. Жастар костюмін 

жобалаудың басты ерекшелігі композициясында ритм, пропорция, симметриялық принциптері берік 

сақталды және бейнедегi сенiмдiлiктер үшiн ғылыми және көркем тәжiрибенiң әр түрлi материалдар 

кеңінен қолданылды.

Жобаланатын үлгілерді таңдау комплексін құрастыруда конструкторлық белгілер қолданылады 

және  жаға,  жең,  белдемше  бөлшектерінің  пішімі  және  формасы,  негізгі  конструкциялық  силуэттің 

шешімінде  түрлендірілді.  Жастар  костюмінің  сыртқы  пропорциялары  мен  бөліктерінің  декаративті 

контструкторлық элементтері сәндік бөлшектерде дәйектелді. [1]

Жастар костюміндегі сәндік бөлшектер симметрия заңдылығындағы қисықсызықты түрлендіру 

тәсілінде құрастырылды. Жобаланған үлгіде сәндік бөлшек жағаны түрлендіруде қолданылады және 

желбір  формасы  мен  пішімін  өзгерту  арқылы  алдыңғы  бой  бедер  қиығы,  белдемшенің  алдыңғы 

бөлігінің бедер тігісі  және мойын ойындысы безендірілді. Қазіргі заманға сай және тұтынушылық 

талаптарға жауап беретін жастар костюм үлгілерінде желбірді қисық сызықты симметрия заңдылығында 

түрлендіру  1-  суретте,  параллельді  және  конусты  кеңейту  тұрғысындағы  пішімі  қалыптастырылды. 

Желбірдің пішімін өзгерту арқылы бұйымда жең аузында, мойын ойындысында, қолтық ойындысында 

өлшемі мен үлгісіне қарай түрлендіріп жобаланды. Жастар костюмін безендіруде 1- кестеде, желбір 

алдыңғы және артқы бой мойын ойындысында безендірілді. Үлгіленген желбір 1- суретте, алдыңғы 

бойдың мойын ойындысында және белдемшенің алдыңғы бедер қиықтарында конусты кеңейту әдісінде 

қиғашталған желбір қолданылды. [2]

Сурет 1. Желбірді симметрия заңдылығында түрлендіру тәсілдері



160

161

Зерттеу нәтижесінде сәндік бөлшектердің қарапайым пішімін зерттеу өзіндік бағытта көрсетіледі. 

Сәндік  бөлшектердің  қолданылу  ерекшелігін  талдау  арқылы,  бір  үлгі  негізінде  көп  үлгіні  жобалау 

нәтижесінде уақыт және материал шығындарын азайтылды.  

Кесте 1. Жастар костюм үлгілерінде сәндік бөлшектерді түрлендіру

1

2



3

4

Жастар костюмінде сәндік бөлшектердің қолданылу нысаны және ауқымы кеңейтілді, үлгілерді 



жобалауда  тудыратын  әртүрлі  қағидаларда  дәйектелді.  Жобаланып  отырған  жастар  костюмдерінде 

сәндік бөлшектерді түрлендіру  нәтижесінде: 

·  нарықтық бәсекелестік талаптарына жауап беретін және дифференциялдық сұранымындағы 

жастар костюмдері жобаланды;

·  сәндік бөлшектердің бұйымда қолданылу ауқымы кеңейтілді;

·  үлгіні дайындау шығыны азайтылды және бір үлгі негізінде көп үлгілі өнім шығару ұсынылды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Козлова Т.В. Основы теории проектирования костюма. М.: Легпромбытиздат, 1988. 350 с.

2. Матузова Е.М., Соколова Р.И. Разработка конструкции женских швейных изделий по моделям 

- М., 1983г. 224стр.

ӘОЖ 687.1: 391.4

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАЛАР КИІМДЕРІН ӘРЛЕП БЕЗЕНДІРУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

Ізбан Ә.Б., бакалавр, Кучарбаева К.Ж., доцент,

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы, 

E-mail: aigera_3103@mail.ru

Балалар костюміндегі дизайн архитектоникадан бастау алып, эстетикалық талаптар негізінде пайда 

болды. Қандай да бір киім жиынтықтарын дүниеге әкелу, қиял мен шабытты қатар ұштастыру арқылы 

жүзеге асырылады. Қиял мен шабыттың алтын үйлесімі бірі-бірімен қиылысқанда ғана өмірге ғажайып киім 

жиынтықтары келетіні даусыз. Әрлеуіш материалдар қыз балалар киіміндегі композициялық шешімінің бір 

элементі болып табылады. Бірақ олар жеке дара композиция элементі бола алмайды, олар әрлеп безендіруде 

сәндік  элемент  ретінде  қолданылады,  кейде  киімде  тіпті  қолданылмауы  мүмкін.  Қыз  балалар  киімін 

әрлеп безендіруде қолданылатын материалдар мен өңдеу ерекшеліктері, тұтынушылардың талаптарына, 

өндірістік және әлеуметтік талаптарға толығымен жауап беру қажет. Қоғамдағы балардың тәрбиесіне және 

ішкі сыртқы рыноктардағы бәсекеге қабілеттілікке жауап беретін балалар киімін өндіруде, заманауи үлгіде 

әрлеп безендірудің алатын орны ерекше. Зерттеу жұмысында бастауыш мектеп жасындағы қыз балалар 

киімін әрлеп безендіруде қолданылатын материал түрлері және олардың ерекшеліктері талданды. [1]



160

161

Мектеп  жасынадағы  қыз  балалар  костюмдерінің  бөлшектерін  әрлеп  безендіруде,  симметрия 

композиция  құрылымының  жарқын  формасы  және  композиция  заңдылықтарының  негізгі  болып 

саналады. Костюмді әрлеп безендіруде бөлшектерін симметрия заңдылығында  түрлендірілді, оның оң 

жағы мен сол жағын орталық вертикал сызығы арқылы бөлгенде бір-бірімен тең және сәйкес бөліктерде 

жобаланды.  Демек,  қыз  бала  костюмін  әрлеп  безендіру  композициясы  мен  оның  құрастырылуы, 

симметриялық  түрлендіру  заңдылықтарына  негізделді.  Нәтижесінде,  әрлеуіш  материалдар 

ерекшеліктері  талданып,  балалар  киімінің  талаптарына  жауап  беретін  бастауыш  мектеп  жасындағы 

қыз балаларға арналған костюм жобаланды. 

      Соңғы жылдары сән бағытына сәйкес мектеп жасындағы қыз балалар бұйымында шілтерді 

сәндік элемент ретінде қолдана отырып, киімді өңдеу түрлері кеңінен колданылуда (1 кесте 1 бағана).  

Қазіргі  уақытта  шілтерді  колмен  тоқу  жұмысы  артериялық  қысымның  төмендеуіне,  бас  сүйегі 

қысымын қалпына келтіруге, жүйке жүйесінің зақымдалуын сақтауға алдын алуға көмектеседі. Зерттеу 

жұмысында  1-  кестенің  бірінші  бағанасында  қыз  бала  киімдерін,  көйлектерді,  жейделерді  әрлеуде 

қолданылатын  шілтер  түрлері  талданды.  Ұсынылып  отырған  шілтерлер  қолданылатын  шикізатқа 

байланысты мақта, жартылай жібек және синтетикалық талшықтан қол әдісімен және машинада тоқу 

әдістерімен дайындалады. [2]

Кесте 1. Қыз бала костюмдерін безендіруде қолданылатын әрлеуіш материал түрлері

Шілтер 

Ызба 


Ендірме

Таспа 


Әшекей тастар 

Жең аузы мен етек қиығын,  жаға жиегін, белдемше етек қиығын және бөлшек жиегін өңдеу 

әдістерін түрлендіру барысында қолданылатын ызба түрлері 1-кесте екінші бағанада көрсетілген. Қыз 

бала  бұйымдарының  бөлшек  жиектерін  өңдеуде  кеңінен  қолданылатын  әрлеуші  ызбалардың  жаңа 

түрлері күрделі өрімде түрлі суреттермен тоқылады және құрылымына қарай баулармен  әрлейді. [2]   

Қыз балалар көйлектері, жилет және жакеттерін әрлеу үшін вискозды кешенді жіптерден дайындалған, 

жиектері фестонмен өңделген жіңішке ызбамен әрлеп безендіріледі. Сәндік бөлшектердің жиектерін 

өңдеуде  45

пішілген  ендірме  кеңінен  қолданылады,  1  кесте  3-  бағанада  бейнеленген  ендірмелерді 



таңдалған материалдардан  “бандформер” арнайы құралдың көмегімен пішу арқылы  дайындалады.   

Сәндік  таспалар  1-  кесте  төртінші  бағанада  бейнеленген,  олар  мақта  иірімжіптері,  ацетаттық, 

капрондық жіптер, штапельдік, лавсандық және жүн иірімжіптері қолдану арқылы саржалық, атластық 

өру әдісімен дайындалады. Қыз балалар киімін әрлеуде көп жағдайда сәндік таспалар, соның ішінде  



162

163

атластық өру арқылы ацетаттық жіптерден дайындалған, тегіс боялған “лаке” таспасы қолданылатынын 

дәйектеді.  Лаке таспасын ыстық каландрларда өңдеу барысында  ацетатты жіптер аздап ери бастайды, 

осының нәтижесінде оның беті тегіс және әдемі жылтыр болып әрленеді. Қазіргі таңда қыз балалардың 

заманауи киімдерінде әрлеуіш материалдар ретінде 1- кестенің бесінші бағанасында көрсетілген әр түрлі 

пішіндегі  және  өлшемдегі  декоративті  тастар,  биссерлер,  пайеткалар  өте  көп  қолданылады.  Мұндай 

әрлеуіш тастармен жаға, жең, манжет, көйлек етегі, тіпті кейде бөлшектер мен киім тұтасымен өңделеді.

Қыз  бала  костюмнің  жең  аузы  қиығын,  етек  қиығын,  жаға  жиегін,  белдемше  етек  қиығын 

шілтерлермен  әрлеп  өңдеуде  EVER  GREEN  ULTRASONIC  EGR-053,  EGR-076,  YDN-60  S/A  PC 

арнайы  ультрадыбыстық  тігін  машиналары  кәсіпорындарда  қолданылады.  Балалар  киімін  өңдеуде 

қолданылған арнайы машиналардың ерекшелігі, жаға және қақпақша бөлшек формасының жиегімен, 

астыңғы  бөлшек жағынан шілтермен автоматтандырылған тәртіпте жөрмейді, мұнда бұйымды өңдеу 

уақытын қысқартады және сапасын жоғарылатады. Әрлеп безендіруде қолданылатын материалдардың 

ерекшеліктерін сараптау нәтижесінде, 1-суретте мектеп жасындағы қыз балалар костюм бөлшектері 

шілтер, тоқыма жіп, су моншақпен әрлеп безендірілді.       

 

Сурет 1. Мектеп жасындағы қыз балалар костюмінің эскизі



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Т.В.Козлова, Л.Б.Рытаинская, З.Н.Тимашева “Моделиривание и художественное оформление 

женской и детской олежды” 

2. Тігін өндірісінің материалтануы: Жоғары оқу орнының студенттеріне 

арналған оқулық / Б. Р. Рысқұлова, А. Ж. Құтжанова, Э. С. Масанова, Ж. Ш. Маханова. Алматы

3. stud.kz интернет порталы 

УДК 677.022.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет