РАЗРАБОТКА БИОТЕХНОЛОГИИ ПОЛУЧЕНИЯ ГИДРОЛИЗАТНЫХ
ПИТАТЕЛЬНЫХ СРЕД ДЛЯ МИКРОБИОЛОГИЧЕСКИХ ЦЕЛЕЙ
Асамбаева А.И. докторант, Велямов М.Т. д.б.н., профессор, «КазНИИ перерабатывающей
и пищевой промышленности», Лесова Ж.Т. к.б.н., профессор,
Алматинский Технологический Университет, г. Алматы, Казахстан,
E-mail: botachka_89@mail.ru.
В Послании Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу
Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» - новый политический курс состоявшегося государства»
говорится, что необходима масштабная модернизация сельского хозяйства, особенно в условиях
растущего глобального спроса на сельхозпродукцию. Для того чтобы стать лидером мирового
продовольственного рынка и нарастить сельскохозяйственное производство, необходимо создать
национальные конкурентоспособные бренды [1].
При этом необходимо усилить государственный контроль в отношении безопасности и качества
пищевых продуктов с проведением лабораторного анализа на соответствие требованиям технических
регламентов, в том числе и по микробиологическим показателям. Так, например, важным является
разработка и использование качественных питательных сред отечественного производства для
биотехнологических производств.
В республике Казахстан, странах СНГ и дальнем зарубежье (США, Германия, Голландия и
др.) в качестве питательных сред используют гидролизатные питательные среды, полученные из
казеина молока, мышечных белков и др. Использование высокоценных белков молока или мяса
в биотехнологических производствах является нецелесообразным и экономически невыгодным.
Поэтому, замена указанных источников белка для культивирования микроорганизмов менее ценными
источниками белка является весьма актуальным для перерабатывающей промышленности [2].
За прошедшее десятилетие объем производства яиц птицы во всех категориях хозяйств в
Казахстане выросло почти втрое: с 1,3 млрд штук в 1997 году до 3,7 млрд штук в год в 2011 году.
Лидерство по объемам производства удерживают Алматинская, Костанайская, Восточно-Казахстанская,
Северо-Казахстанская и Южно-Казахстанская области, которые выпускают 66% от общего объема
производимого в стране яйца. По прогнозам Союза птицеводов Казахстана к 2015 году производство
яиц планируется довести до 4 млрд штук [3].
По статистическим данным, из-за ухудшения технологических и других издержек производства,
до 8-12% полученных яиц оказываются не кондиционными, из них до 4-6% используют для непищевых
производств, а отставшие 3-6%, если учесть их быстро портящиеся свойства, нежелательно использовать
даже для кормовых целей. Птицефабриками они просто утилизируется, что является в экономически
невыгодным [3].
Использование некондиционных куриных яиц на основе глубокой и комплексной переработки
в приготовлении питательных сред, а их скорлупы в качестве минеральной кормовой добавки в
24
25
птицеводстве, является одним из путей решения данной проблемы и является экономически выгодным.
Цель данной работы: разработать инновационную технологию получения питательной среды
из гидролизата некондиционных белков яиц с целью культивирования производственных штаммов
микроорганизмов биотехнологических производств.
Для проведения исследований по получению питательных сред из некондиционных куриных
яиц были проведены аналитические исследования по подбору ферментных препаратов, пригодных для
проведения гидролиза белков птиц и животного происхождения, в том числе и яиц.
На основе проведения патентно-информационных исследований и изучения результатов
исследований отечественных и зарубежных ученых по переработке некондиционных куриных яиц
и аналогичной продукции (мясо, рыба и др.), показано, что данная тематика исследований является
новой в Казахстане, а также в странах ближнего и дальнего зарубежья.
Подбор ферментных препаратов производили на основании изучения и анализа опытов различных
исследователей, работавших по ферментативному гидролизу и получению питательных сред, а также
практических работ с фирмами-поставщиками ферментных препаратов.
Для исследований нами были выбраны ферментные препараты, которые являются наиболее
приемлемыми для проведения гидролиза белков яиц, содержащих комплекс протеолитических
ферментов (панкреатин, производства Германии и России, с активностью 25 000 ЕД), а также свежая,
гомогенизированная поджелудочная железа свиней и крупного рогатого скота.
Для изучения технологических режимов подготовки некондиционных яиц для ферментативного
гидролиза, было использовано сырье птицефабрик Алматинской области, а также хозяйств ТОО
«Алатау-Кус» и «Антиген».
Нами были изучены технологические режимы (оптимальная температура, дозы ферментного
препарата, рН) проведения гидролиза гомогената белков некондиционных куриных яиц, с
использованием ферментного препарата панкреатина, а также гомогенизированной поджелудочной
железы свиней с определением содержания массовой доли общего и аминного азота.
При этом установлено, что оптимальной температурой в процессе ферментативного гидролиза
гомогената белков из некондиционных куриных яиц для указанных ферментативных препаратов
является 41±1,0
o
C.
Показано, что оптимальной рН среды в процессе ферментативного гидролиза гомогената белков
некондиционных куриных яиц, является 8,2±0,1.
Нами было выявлено, что активными дозами ферментных препаратов производства Германии и
России являются 1,0-1,5%, а гомогенизированной поджелудочной железы свиней - 5,0%.
Исследования по оптимизации технологии продолжаются.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. 14 декабря
2012г. Стратегия «Казахстан - 2050».
2. Кусаинова А.Б. «Текущее состояние и дальнейшие перспективы развития отраслей переработки
сельхозпродукции». Пищевая и перерабатывающая промышленность, Казахстана.- №1.-2008.- 2 c.
ӘОЖ 339.5(574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НОРМАТИВТІК
ҚҰЖАТТАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Әбдікерім А.Б., Таттыбаева Д.Б., Уажанова Р.Ұ., Аманова Ш. С.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Заңы Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы №
603-II заңы Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн
белгiлейдi.
24
25
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi және Техникалық реттеу туралы Заңы мен өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерден тұрады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк
құжаттарға:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау
жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық
ақпарат жiктеуiштерi;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық
ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана
уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.[1]
1. Кесте. Нормативтік құжаттардың айырмашылығы
НҚ түрі
Әзірлеу
мерзімі
Келістіру кезеңі
Қолданылуы
Бекіті-
луі
Авторлық
құқық
ISO
3-5 жыл
Ұлттық ISO ТК-мен
келістіру
Халықаралық сауда
шеңберінде
ISO-мен
бекітіледі
Кең
қолданысқа ие
ГОСТ
2 жыл
ТМД қатысушы
мемлекеттер деңгейінде
келістіру
ТМД сауда
шеңберінде
Дауыс беру
арқылы
бекітіледі
Кең
қолданысқа ие
ҚР СТ
1 жыл
Ұлттық деңгейде
келістіру
ҚР сауда шеңберінде
ТРМ
комитеті-нің
бұйрығымен
бекітіледі
Кең
қолданысқа ие
ЖШС СТ
2-6 ай
Болмайды
Кәсіпорында
және еркінді
сертификаттау
Кәсіпо-
рын жетекші-
сінің
бұйрығы-мен
бекітіледі
Авторлық
құқығы бар
Алдын ала
стандарт
2-6 ай
Біліктілігі бойынша
мемлекеттік
органдармен келістіру
ҚР шеңберінде. 3
жыл мерзімінде күші
бар
Стандарттау
бойынша
техникалық
комитеттің
бұйрығымен
бекітіледі
Кең
қолданысқа ие
Үкіметтік
емес
стандарт
2 жыл 6
ай
Сала деңгейінде
келістіру
ҚР шеңберінде
Коммерция-
лық емес
ұйымның
бұйрығымен
бекітіледі.
Авторлық
құқығы бар
Консорци-
ум
стандарты
Консор-
циум-
мен
бекіті-
леді
Консорциум ішінде
Консорциум ішінде
Консорциум-
мен бекітіледі
Авторлық
құқығы бар
Кедендік саясат - Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі
болып табылатын, біріңғай, мақсаттарға бағытталға кедендік төлемдер жүйесі және оларды Қазақстан
26
27
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолдану жолымен жүзеге
асырылатын,сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласы.[2]
Экономиканың негізгі тірегі сауда айналымын жақсарту мақсатында құрылған Кедендік
Одақтың қызметі 2010 жылдың 1 қаң та ры нан бастап үш ел - Ресей, Бе ларусь Қазақстан үшін
бір ыңғай кедендік тариф күшіне ен ді.[2]
Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ қа мүше мемлекеттер ішін де гі кедендік тосқауылдардың
бол мауында және кез келген сыртқы та уарға, оның қай елге тасы мал данатынына және ортақ
ше карадан қай жерде өткеніне қара мастан бірыңғай кедендік та лапты қалыптасуында. Ке ле-
шекте біртұтас көліктік, энер гетикалық, ақпараттық ке ңістік құрылуы тиіс, интег ра циялық
процестер жеделдетіледі, то лыққанды жалпы рынок қа лыптасады, ұлттық экономикалар
біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу меттік-экономикалық да мудың ортақ мақсаттарына ке-
ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин новациялық, сыртқы эко но микалық және әлеуметтік сая-
сат ты қалыптастырады.[3]
1- Сурет. Кедендік Одақ картасы
Кедендік Одақта қолданылатын Өнімнің сәйкестік сертификатты/Кедендік одақтың Техникалық
регламентіне (КО ТР) сәйкестігі туралы декларация — бұл Кедендік одақ елдерінің – Қазақстан,
Белоруссия және Ресейдің аумағында, 2014 жылғы қазан айынан бастап – Арменияның, ал 2015 жылғы
мамырдан бастап – Қырғызстан аумағында сәйкестікті растаудың міндетті құжаты болып табылады.[2]
Өнім айналымының біріңғай белгісінің сипаты ЕАС үш стилдендірілген әріптердің «Е», « А»
және «С» қосындысынан тұрады, ЕАС Еуразиялық сәйкестілік ретінде оқылады( Eurasian Conformity).
Айналымының біріңғай белгісі айналымға шығарылған өнімнің Кедендік Одақтың техникалық
регламенттерінің талаптарынын өткендігі және Кедендік одақтың нақты өнімге белгіленген талаптарына
сәйкестігі туралы хабарландыратын біріңғай белгілеу болып табылады.[5]
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасындағы Ккдкндік одақта қаралатын әрбір нормативті
және техникалық құжаттардың дамуы байқалады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Заңы “Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы №
603-II заңы”.
2. Р.А.Қамшыбаев “Кедендік бақылау техникалық құралдары”.
3. Жақашев Д.С “Кедендік саясат”.
4.http://www.m-astana.kz.
5. Таможенное право(сборник документов)- Алматы,Данекер, 2011.
26
27
ӘОЖ 637.146.2
СҮТ ҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМДЕР МЕН СУСЫНДАРДЫҢ ДИЕТАЛЫҚ ҚАСИЕТІ
Әбілда А.С.студент, Матибаева А.И.- т.ғ.к. доцент м.а., Джетписбаева Б.Ш. а/ш.ғ.к. доцент м.а.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: matibaeva@bk.ru
Адамның жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ағзасын үнемі қажетті энергиямен,
яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен
қамтамасыз етіп отыру қажет. Ол үшін сүт және сүт қышқылды өнімдер нарығын, өндіру және тұтыну
көлемін ұлғайту маңызды. Себебі сүт және сүт қышқылды өнімдер адамның тамақтану мәзіріндегі
жануар текті белоктардың басты көзі болып табылады [1].
Қазіргі кезде сүт қышқылды өнімдердің адам тамағындағы маңызды рөлін көрсететін көптеген
мәліметтер жинақталған. Сүт қышқылды өнімдердің емдік, диетикалық және аурудың алдын-алу
қасиетін қалыптастыру, биологиялық толық құндылығын анықтайтын, олардағы негізгі тағамдық
заттардың толық болуымен ғана емес, сонымен қатар қолданылатын ашытқылардың құрамына қарай
сүт қышқылды дақылдарды таңдап алу арқылы жүзеге асырады. Бұл ашытылған сүт өнімдердің басқа
сүт өнімдерден айырмашылығы ашытылған сүтте бағалы қоректік заттардың болуымен қатар, онда
микроорганизімдердің орасан көп тірі жасушалары болады. Бұл бактериялар және олардың зат алмасуы
кезінде түзетін өнімдер қышқыл сүт өнімдерінің өте нәзік ерекше әрекетімен қатар кез-келген өнімдер
немесе олардың жеке-дара шипалық қасиеттері арқылы адам ағзасына қосымша әсер етеді [2].
Сүтті ашыту кезінде оның құрамындағы лактоза мөлшері төмендеп, биологиялық құнды заттарды
бос амин қышқылдарының, органикалық қосылтардың, ұшқыш қышқылдардың, антибиотикалық
заттардың, витаминдер мен метаболиттердің мөлшері жоғарылайды.
Организімнің дұрыс дамуы үшін ішек микрофлорасының қалыпты болуы өте маңызды болып
табылады. Асқазан ішек жолдарының микрофлорасының түзілуі бала туыла сала басталады. Ана
сүтімен және уыз сүтімен нәресте пассивті, иммунды қорғаныс жүйесін алады. Толық жетілген, ана
сүтімен қоректенетін дені сау балалардың тік ішегінде бифидобактериялар болады.
Сүт қышқылы бактерияларының антагонистік қасиетін Л. А. Луковникова, В. А. Денисова 1979
жылы зерттеген. Сүт қышқылы бактерияларының тіршілігі барысында түзілетін өнімдер халықтық
медицинада қолданыла бастаған. И. И. Мечников сүт қышқылды бактериялар ішекте тіршілік етіп,
ондағы шіріткіш микрофлораларды жояды да ұзақ жасауға мүмкіндік беретіндігін сүттен ашытылған
өнімдерді көп тұтынатын Кавказдың ұзақ жасаушыларының қоректік рациондарын зерттеп барып
келді, соның арқасында оларды өндіру арта түсті. Ол ашыған сүт өнімдерін дайындауға арналған
ашытқыларды ұсынды, ал Мечнинковтың ұйыған сүті бүгінгі күнге дейін кеңінен белгілі. Еліміздің
көптеген зауыттары бұл өнімдерді шығарады. Я. С. Зайковский өз еңбектерінде осы ашыған сүттің
химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін зерттеген. Г. С. Инихов осы күнге дейін сүт өнімдерінің
биохимиялық қасиеттін зерттеген жалғыз ғалым. А. Ф. Вайткович осы сүт қышқылды өнімдердің
емдік–диеталық қасиетін ашты [3].
Қазіргі кезде халықтың тағамдық құндылығы жоғары, әрі диеталық қасиетке ие сүт қышқылды
өнімдерді тұтынуға деген сұранысы күнсанап артуда. Сүт қышқылды өнімдердің құрамдас бөлігі
болып табылатын сүт қышқылды өнімдердің бактериялары ішек микрофлорасының қалыпты болуына,
пайдалы микрофлоралардың өсіп-жетілуіне, иммунологиялық деңгейге зат алмасу процестерін
жақсаруына және тәбеттің ашылуы мен ас қорыту сөлінің бөлінуін күшейтеді.
Сүт қышқылды өнімдердің құндылығы организмге әсер ететін күрделі процестердің өтуімен,
яғни белок гидролизі, көмірсулар мен майлар гидролизі және синтезімен анықталады.
Лактозаның ашуына негізделіп дайындалған сүт өнімдер сүт қышқылды өнімдер деп аталады.
Ашу сипаты бойынша екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа сүт қышқылды ашу негізінде жасалған өнімдер:
йогурт, ацидофильді өнімдер, сүзбе, қаймақ жатады. Екінші топқа аралас ашу (сүт қышқылды және
спирттік) негізінде алынған өнімдер жатады: айран, қымыз және тағы басқалар жатады.
Сүт қышқыл өнімдердің қоректік заттары жеңіл қорытылады, себебі сүт қоректік заттардың
ыдырауы сүт қышқылды бактерялар ферменттері әсерінен өнім аши бастағанда басталады.
Сүт қышқыл өнімдерін сүт немесе кілегейді сүт қышқылды бактериялардың таза дақылына
ашытқы мен сірке қышқылын кейде қосып, кейде қоспай ұйыту арқылы алады.
28
29
Сүт қышқылды өнімдер ем дәмдік және емдік құндылыққа ие. Сүт қышқылды өнімдердің
микроағзалары мен сүт қышқылы ішектегі шіріткіш микрофлораның тіршілігін жояды. Кейбір
дақылдар ауру адамның иммунитетінің күшеюіне қол қабыс жасайды. Қанда холестрин деңгейін
төмендетеді және қатерлі ісік ауруына қарсы төзімділік көрсетеді. Ең басты белгі – антибиотиктерге
шартты потогенді микроорганизмдерге антагонистік белсенділігі.
Қымыздың, айранның, ацидофильді өнімдердің антибиотиктері ауру тудырғыш микроағзалардың
дамуын тежейді. Сондықтан олармен туберкулез, асқазан және өкпе ауруларын, фурункулез ауруларын
емдейді.
Көптеген ашытылған сүт өнімдер құрамында ішек ауруларын қоздырғыштар-стафилакокк
туберкулез таяқшаларының өсуін тоқтату қасиеті бар антибиотиктер бар. Олар ашытқы
микроорганизмдері ашытылған сүттің бактериялар мен ашытқылардың метоболистік белсенділігі
нәтижесінде түзіледі. Мысалы, дипликоксин мен низинмезофильді сүт қышқылды стрептококтың
тіршілік өнімі, ал бензой қышқылы – термофильдік таяқшаның метоболиті.
Ацидофильді ашытқы сүзбесінің емдік қасиеті - балалардың ұзаққа созылған дизентериясын
емдеуге пайдаланылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әлімжанова Л. В., Сүт өнімі // Астана, 1998 ж. 135 б.
2. Шепелев А.Ф., Товароведение и экспертиза молока и молочных продуктов, Ростов, 2001.-С.46-48.
3. Крусь. Г.Н., Храмцов А.Г., Технология молока и молочных продуктов, М., «Колос», 2002.- С.45-48.
ӘОЖ 613.287.58
СҮЗБЕЛІ ӨНІМНІҢ АЛЫНУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Әбішева А.А., т.ғ.д. Диханбаева Ф.Т., Базылханова Э.Ч.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: akniet.abisheva@gmail.com
Халықтың дұрыс тамақтануының негізгі факторлардың бірі толық құнды тамақтану болып
табылады. Салауатты тамақтану – маңызды және күрделі үрдістердің бірі, ол халықтың өмір сүру
сапасына, адамның денсаулығына, тамақтану деңгейіне, сонымен қатар ағзаны энергия көзімен
қамтамасыз ететін тағамдық өнімдерге байланысты. Дұрыс емес тамақтану ағзаның зақымдалуына
әкеп соқтырады. Тамақтану тек адамға қорек болмайды, сонымен қатар оңтайлы даму мен оның еңбекке
қабілеттілігін, сыртқы ортаға бейімделуіне әсер етеді, бір сөзбен айтқанда адамды белсенді және ұзақ
өмір сүруіне себебші болады.
Қазіргі кезде өсімдік тектес толықтырыштармен байытылған кешенді сүт өнімдер, соның ішінде
теңгерімді құрамы мен биологиялық құндылыққа ие сүзбелі өнімдер дамып жатыр. Сүзбелі өнімдер
кең ассортиментте: паста тәріздес, йогурт тәріздес, езбе түрінде жасауға болады. Кең ассортимент
тұтынушыға таңдау мүмкіндігін береді. Сондай өнімдер төменде көрсетілен.
Сүт өнімін бифидобактериялармен байыту арқылы сүзбе өнімінің алу технологиясы зерттелген.
Мезофильді және термофильді сүтқышқылды стрептококкалар мен бифидобактериялар 1:1:2 қатынаста
қолданылды. Сүттің ашу ұзақтылығы 6 сағатты құрайды, сонымен қатар ашытқының өмір сүруге
қабылеттілігі (1 см
3
-та 10
9
) жасушаларға байланысты. Сүзбені алу ашыту үрдісі арқылы қышқылды-
мәйекті жолмен алынған, 5 % ашытқы, 80-100 г CaCl
2
және 0,7-0,8 г сүтті ұйытқыш ферментті 1 т сүтке
салынады. Ойластырылған әдіске сай ашу ұзақтылығы 8 сағаттан 4 сағатқа қысқарса, ферментті қолдану
35-40 % төмендетілді. Алынған сүзбе жоғары емдәмдік қасиетке және жоғары құндылыққа ие [1].
Десертті сүзбелі паста тәріздес өнімнің ішінде келесі алу әдісі белгілі, оның құрамында
майсыздандырылған немесе 5% майлылықтағы, немесе 9% майлылықтағы, толық құнды сүт, сода,
1,3224 г/см
3
тығыздығымен қант сиропы 66 %, стабилизатор және су. Бұдан басқа сүзбелі паста
құрамына: 20 % майлылықтағы кілегей 14,2 – 39,0 немесе өсімдік майы 4,65-8,6, немесе сары май –
7,18, сонымен қатар ароматты қоспалар – 0,005-2,50 [2].
28
29
Омскде жаңа диеталық жұмсақ сүзбенің технологиясы жетілдірілді. Ол жартылай сұйық, паста
тәріздес, жағымды дәмге және таңқурай иісіне ие. Жаңа «Бархотка» сүзбесінің қолданылатын кілегей
майлылығының аздығынан және қант алмастырғышпен алмастыру себебінен өзіндік бағасы төмендеді.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес жаңа сүзбе өнімде бақылау нұсқасынан 12,4 және 1,1 есе дәрумендер мен
минералды заттар жоғарғы дәрежеде, қаныққан полиқышқылдар 6,9 есе кездеседі. 100 г өнімде 144
ккал энергетикалық құндылыққа ие [3].
Cүзбелі өнімдері көбінесе майсызданған сүттен жасалған. Солардың бірі шырғанақтың
езбесінен дайындалған сүзбе өнім. Өнімнің рецептурасына сәйкес қант, сүзбе, щырғанақты езбе мен
суды биомассаға өсімдік майын қосып араластырып, 50-60
o
С қыздырып гомогендейді. Қоспаны 10
мм қалыңдықта жайып, температурасы -23
o
С жеткенге дейін суытып, одан кейін қысым 66,5-133 Па
сублиматорда вакумды сублимациялық кептіру жүргізіледі [4].
Сүзбелі өнімнің тағамдық құндылығын жоғарлату үшін ақуызға бай дәнді дақылдармен байытуға
болады. Соның бірі қарақұмық пен тары қосып жасалған өнім болып табылады. Дәнді дақылдарды
алдын ала суға салып өсіреді, алынған өскіндерді 1-2 мм көзшелері шыққанша 4-5 сағатқа ұстап,
температурасы 50-55°С 20 минут қыздырады. Біртекті массаға жеткенге дейін ұсақтайды. 25°С
температурада суға салынып, 1:4-1:5 20-25 минут экстракция жүргізіледі, фильтрден өткізіп 65-70°С
температурада 5-10 минут пастеризация жүргізіледі. Ары қарай желатинді өсімдік экстракттысына 40
минут салып ерітеді, фруктоза, сүзбе, шабдалы нектары, бидай дәндерін қосып, үздіксіз араластырып,
термиялық өңдеуден өткізіп, салқындатады. Дайын өнімді буып түйіп орайды [5].
Одан басқа бақшалы мәдениетті көкөніс өкілдері мен гүл аталығының қосып жасалған өнім
алынған. Өнімнің ерекшелігі бақшалы өкілдерге жататын көкөністерден (қарбыз, асқабақ, қауын) өсімдік
майын алу кезінде күнжараны қалдық өнімді қолдану болып табылады. Күнжара ақуыз, өсімдік майы,
соның ішінде қанықпаған полимай қышқылдар, тағамдық талшықтар, дәрумендер, минералды заттар
және басқа құнды заттарға бай. Ал гүл аталығы ара шаруашылығының табиғи өнімі болып табылады. Ол
250 жуық адам өміріне қажетті заттарға бай, бірақ өнімді жылулық өңдеу кезінде тағамдық құндылығын
жоғалтады, сондықтан гүл аталығын жылулық өндеуден өткізбей қосу қажет [6].
Сүзбелі өнімді алу белгілі бір мәселені шешеді. Емдәмдік, балалар мен қарт адамдардың
тамақтануына арналған өнімдерді алу профилактикалық немесе диеталық мақсатта қолданылады.
Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы қалдықсыз өнім алуға мүмкіндік береді. Адамның денсаулығына
жақсы әсер етіп қана қоймай, қолданудың тиімді және рационалды шешу бағыты болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Разработка технологии творожного десертного продукта геродиетического назначения
[Text] : автореферат диссертаций д.т.н. 05.18.04-Технология мясных, молочных, рыбных продуктов и
холодильных производств / С. С. Толеубекова. - Семей : СГУ, 2010. - 22 с. - Б. ц.
2. Пат. РФ, Петрова С.П., Харитонов В.Д., Павлова В.В., Гроностайская Н.А. Композиция для
пасты творожной десертной. №2155491, опуб. 10.09.2000 г.-3с.
3. Донская Г.А., Скобелева Н.В. и др. Антианемическая фитопаста «Русь» //Молочная
промышленность. 1999. -№5.- С.35-36. V.
4. Пат. РФ, Гурова Л.А., Добровольский В.Ф., Квасенков О.И. Способ производства творожного
продукта. №2213485 опубл. 10.10.2003 г.-3с.
ӘОЖ 664.6/7
Достарыңызбен бөлісу: |