Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет164/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   674
Түйін  сөздер:  жаңартылған  білім  беру,  ақпарттық  технологиялар,  бағалау  жүйесі,  оқыту 

мақсаттары, дағды элементтері, белсенді әдістер.



Ключевые  слова:  обновленное  образование,  информационные  технологии,  система 

оценивания, цели обучения, элементы навыков, активные методы.



Key words: updated education, information technology, assessment system, learning objectives, 

skills elements, active methods.




228

БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

А.Б. Маханова

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Атырау 

облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы

аkmaral--8686@mail.ru



Білім сапасын көтеруде критериалды бағалаудың маңыздылығы

«Сабақ беру жәй ғана шеберлік емес,

ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж.Аймауытов

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі, Елбасы жолдап, халық қолдаған өзекті тақырып-

білім  тақырыбы. Сапалы  білім  беру-оқыту  мен  тәрбиелеудің  үздіксіз  үдерісі.  Жаңашыл  білім 

берудегі  мақсат  жан-жақты  білімді,  өмір  сүруге  бейім  өзіндік  ой  талғамы  бар,  адамгершілігі 

жоғары , қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы тұста , яғни, білім сапасын көтерудің үлкен 

көрсеткіші –бағалаудың маңыздылығы.

Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы , орындаушы болып келсе, ал қазіргі шәкірт 

өздігінен ізденіп білім алатын жеке тұлға екендігін әр ұстаз жадында берік ұстану қажет. Ұстаз 

оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, 

бір- біріне деген рухани құрметке ие.

Бүгінгі білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, 

критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын 

қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке 

және  сапаға  бағытталған  бағдарлама.  Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  –  оқушы 

тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу 

жұмыстарын  жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АҚТ  –  ны  қолдану,  коммуникативті  қарым  -  қатынасқа 

түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты 

қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс - тәсілдерді (бірлескен 

оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Оқушының алған білімінің бірден-бір көрсеткіші-бағалау. «Бағалау» термині-«жақын отыру» 

деген латын сөзінен алынған екен. [1.177 бет ] Расымен де, қазіргі оқушылар бір-бірімен жақын 

араласа  топта  жұмыс  жасай  отырып,  өзін  және  өзгені  бағалайды.  Бағалау  -  оқу  дәлелдері 

жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін 

қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды 



бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті 

тұрғысынан  сипатталған  және  бағытталған.  Оқуды  критериалды  бағалауды  зерделеуге 

бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның 

не  айтып,  не  істегенін  немесе  өзін  өзі  бақылау  жағдайында  өзінің  дербес  ойлауын,  түсінігін, 

тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. 

Жаңартылған  білім  мазмұнындағы  басты  өзгешелік  осы  бағалауға  келіп,  оның  ішінде 

критериалды бағалаудің тиімділігі айқындала түсуде.

«Критериалды  бағалау»терминін  алғаш  рет  Роберт  Юджин  Глейзер  (1963ж)  қолданған.

Бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген деңгейлері арасындағы сәйкестікті 

анықтауға мүмкіндік беретін үрдісті сипаттаған. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды 

нәрсе-оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, мұғалімнің, достарының 

берген кері байланыстары арқылы өз білімдерінің қаншалықты деңгейде екенін көріп, өзін-өзі 

бағалайды. [1. 70 бет]Яғни, бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны 

бағаланады. Критерийлер-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын әрекеттер тізбесі. Бағалауды 

өткізу  үшін,  оқушылардың  нені  білгендігін  және  не  істей  алатындығын  анықтау  қажет.  Оқыту 

мұғалімнің оқушыға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушыларды өздері 

де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне 

емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аудару тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ор-

тасын құру керек. 

Осы критериалды бағалаудың барша қазақ даласына кеңінен құлаш жаюындағы тиімділігі:




229

- заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған,  логикалық 

тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

- жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады; 

- оқушылардың білім сапасын арттырады

- оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-

бір бағалау жолы;

-  тұлғаны  өзіндік  жауапкершілікке,  тұғырлы  нәтижеге,  бағытқа  жеткізетін,  шығармашыл 

бағалау жүйесі. [2.21]

Біз  қолданып  жүрген  критериалды  бағалаудың  екі  түрі  бар.  Олар:  қалыптастырушы  және 

жиынтық  бағалау.  Сабақта  қалыптастырушы  бағалауды  жүйелі  өткізу  -  жиынтық  бағалаудың 

нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Қалыптастырушы бағалау сабақтың өн бойында жүріп 

отыратын  құбылыс.  Қалыптастырушы  бағалаудың  маңыздылығы  оқытудың  қиындықтарын 

анықтау,болжау  мен  сұрыптау,  кері  байланыс  жасау.  Мұғалімнің  әр  оқушының  қасына  барып 

сұрақ-жауап жүргізген кері байланыс беріп алға жетелеуінің өзі де қалыптастырушы бағалаудың 

бір көрінісі. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, 

ендеше  осы  жұмыстың  бастауы  негізі  қалыптастырушы  бағалауда  қаланады.  Ал  жиынтық 

бағалау-бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен 

ұтымдылығы дәлелденіп отыр. [3.14]

Бүгінгі  заман  талабы  -  жан-жақты  дамыған,  өзіндік  «мені»  қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеу. 

Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, 

өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, 

логикалық  операцияларды  қолдана  отырып  дәлелдеуге,  жалпы  алғанда  жеке  адамның 

құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Жаңартылған білім мазмұнындағы «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбы бойынша 

алғаш ұстаздар арасында коучинг өткіздім. Коучинг арасындағы тапсырмаларға 3 топқа бөлініп 

отырған  әріптестеріме  «Сырғанаймыз,  далада!»  деген  тақырыпта  сурет  салуды  ұсындым. 

Бірінен  бірі  асқан  3постер  қорғалды.  Енді  бір-біріңіді  бағалаңыз  деген  тапсырмаға  келгенде 

ұстаздар арасында қиындық туындады және бірі «5», бірі «4» ұпайларын қойып берді. Қойған 

ұпайларыңызды дәлелдеңіз дегенімде «4» ұпай қойғандар түрлі сылтау іздей бастады. Дұрыс 

бояламаған, қыстың бейнесі көрінбеген, бірі тіпті аққала салынбаған деп түсіндірді.Ал «5» ұпай 

қойғандар бәрі керемет деген бір жауап алдым. Сонан соң қыс мезгілінің суретін бейнелеудегі 

критерийлерін көрсеттім.

1 ұпай: Қыс бейнесінің толық қамтылуы;

2 ұпай: Боядың қанықтығы;

3 ұпай: Бірқалыпты, әдемі боялуы;

4 ұпай: Сырғанау мұз алаңының көрінуі; 

5 ұпай: Суреттің мағыналылығы; 

Критерийді көрген әріптестер пікірі кері өзгерді. Өздерінің ешқандай негізге сүйеньей бағалап 

отырғандарын ұғынып, пікір бөлісті.

Ал сабақ кезінде қолдану тіптен тиімді. Өйткені, бір сыныпта сан алуан мінезді оқушы оқиды. 

Бірі ашық, бірі тұйық. Мұғалімнің бағалауына риза болмай іштей ренжулі де шәкірттеріміз болады. 

Критерий  арқылы  бағалау  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  осындай  кемшіліктерді  жоюдың 

бірден-бір жолы. Мен өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критерий құруда 

оқушы пікірімен міндетте түрде санасамын. Себебі, сынып оқушылары бірлесе отырып, түрлі 

критерийге ұсыныстар айтады, соларды сұрыптап, сабаққа критерий құрамын. Бұдан шығатын 

нәтиже оқушы өз-өзіне сенімді болады, сыныптастар арасында түсініспеушілік туындамайды. 

Мысалы, солардың бір-екеуіне тоқталар болсам, қазақ әдебеиетінен М.Мақатаевтың «Аққулар 

ұйықтағанда» поэмасының соңғы қорытынды сабағында мынадай критерийлер құрдым.

1 ұпай-автор туралы мәліметтерді білу;

1 ұпай- поэманың мазмұнынының ашылуы;

1 ұпай-поэмадан үзінді жатқа білуі;

1 ұпай-көркемдеуіш әдіс-тәсілдерді таба алуы;

1 ұпай-кейіпкерлерге мінездеме бере алуы

1 ұпай-ұлттық ырым-тиымдарды тауып айта алуы;

Міне,  осындай  6  критерийді  оқушылармен  бірлесе  отырып  жасадым.  Оқушының  бәрі  де 

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының жалпы мазмұнын білуі мұүмкін де ұстаз маған неге жоғары 



230

баға қоймады деген ішкі уәж мазалауы мүмкін ал егер осындай крирерий алдында тұрса, оқушы 

өзінің білім дәрежесі қандай деңгейде екенін анық аңғарады.

Қазақ тілі сабағында жаттығу-талдау жұмыстарында:

1 ұпай-қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуы;

1 ұпай - орфографиялық-орфоэпиялық заңдылықтың дұрыс қолданылуы;

3 ұпай- талдау барысында кездесетін өтілген тақырыптарды меңгеруі;

Осылай  сабақтың  тақырыбына  қарай  критерийлер  құрып  жұмыс  жасау  оқушы  үшін  де 

мұғалім үшін де аса тиімді.Яғни, оқушы бойындағы сенімсіз үрейді басып, мұғалімді бағыттаушы 

қалпына түсіреді. 

Қорыта айтқанда, В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі 

және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен 

педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деген пікірінде өзіндік 

үлкен астар бары айқын. Біз әр нәрсеге жаңашылдықпен қарап, жүрекпен қабылдасақ, оқушы 

жүрегінен де орын алары сөзсіз. Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының 

тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы 

нәтижеге,  бағытқа  жеткіземіз,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  мен  өсу  динамикасын 

кез-келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға 

қол жеткіземіз. Критериалды бағалау жүйесін шебер қолданып, маңыздылығын ұғына білсек, 

оқушының білім сапасын арттырудағы тиімді жол екендігіне көз жеткізеріміз ақиқат. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет