232
«ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ»
Л.С. Мухамбетжанова
Батыс Қазақстан облысы, «Сырым колледжі» МКҚК,
muxambetzhanova82@list.ru
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы
ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін батыл шешімдерге құрылған
маңызды құжат болып табылады. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмысан айрылып
қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы
мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер қаралып отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін
қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі-саяси реформа мен экономикалық жаңғырулы
қолға ала отырып, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық
сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөлісті. Әр халық, әр
мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен
жаңаруда білім берудің рөлі зор.
Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасырдың білім мен ғылым ғасыры болатындығын үнемі қайталайды.
«Ғылыми әлеуетті дамыту қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске мейлінше жақындатуға
бағытталуға тиіс. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы
заманғы білім беру жүйесі керек». Бұл сөздің мағынасына үңілетін болсақ, Отанымыздың ертеңгі
өсіп- өнуіне ғылым мен білімнің қосар үлесінің аз болмайтыны аңғарылады.
Елбасы атап көрсеткендей: «Білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз-
білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту
бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау
қажет.» Яғни, мемлекетіміздің экономикалық өсуін көздеу үшін білім беру бағытын заман тала-
бына сай өзгерту, экономика мен білімнің байланысын нығайту басты назарға алынып отыр.
Өйткені, білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады,
сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал бүгінгі озық экономика білім беру мақсаттарын
«білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға»
ауыстыруды талап етеді. Осы тұста жаңартылған оқу бағдарламасының осыған дейінгі дәстүрлі
оқытудан ерекшелігіне тоқталсақ.
Біріншіден, білім алушылар дәстүрлі оқыту бойынша мектеп қабырғасында сапалы, дәйекті
білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары қалыптаспаған. Теориялық
ілімді практикамен ұштастыруда қиындық тууда.
Екіншіден, дәстүрлі оқытуды оқушылар үшін мұғалім мен оқулық дайын ақпарат көзі болып
келді. Оқушының сол білімді өз бетімен алу, талдау, яғни іздену дағдысы болмады.
Үшіншіден, дәстүрлі оқытуда оқушы білімі күнде стандартты түрде бағаланды. Бұл бағалау
жүйесі оқушылардың бірде дайындалып, бірде дайындалмай келуіне әкеп соқтырады. Яғни,
оқушының бағаға бағыныштылығы артты деуге болады. Ал критериалды бағалау жүйесі осы
мәселенің шешімі болады. Критериалды бағалау негізінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала
белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.
Төртіншіден, жаңартылған оқу бағдарламасына спиральділік қағидаты енгізіліп, жаңа сабақ
мазмұны тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеті арқылы беріледі.
Тағы бір ерекшілігі-тілдердің үштұғырлылығы енгізіліп отыр. 2019 жылғы 1 қыркүйектен ба-
стап 10-11 сыныптарда химия, физика, биология, АКТ пәндері ағылшын тілінде оқытылмақ.
Білім сапасының артуында «үштілділіктің» енгізілуінің алатын орны зор. Өткені, үштілділік-заман
талабы. Үштұғырлы тіл саясатын енгізудегі басты мақсат: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде
білу, ресми тіл орыс тілін қолдау, ағылшын тілін әлемдік экономикаға бірігу құралы ретінде
үйрену. Өйткені, Қазақстанның ғаламдық прогреске жетуінде ағылшын тілін білудің маңызы
зор. Қазіргі кезде ақпараттың басым бөлігі ағылшын тілінде жарияланады. Толыққанды ақпарат
алу үшін ағылшын тілін білмек лазым. Жаһандық ақпаратты білмей, алға қадам басу қиынға
соғады. Өйткені, жаңа технология, жаңа өндіріс, жаңа экономиканың тілі- ағылшын тілі. Кей
азаматтардың ағылшын тіліне басымдылық берілсе, ұлттық сананың жойылуына әкеп соғады
деген пікірлеріне айтарымыз, «үштілділік» үдерісінде тек қана ағылшын тілі басымдылық
алмайды. Қазақ тілінің де басымдылығы сақталады. Қазақ тілінің дамуына зор көңіл бөлуін
Елбасымыздың өзі міндеттеп отыр. «Жеті жұрттың тілін біл» демекші, тіл игеру арқылы сол
233
елдің озық мәдениетін, озық білімін, озық технологиясын игереміз. Осы арқылы жаһандануға
қол жеткізу жақындай түспек.
Дәстүрлі оқыту мен жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерін саралай келе,
жаңартылған оқу бағдарламасының оқушы тұлғасын дамытудағы маңызыдылығын түсінеміз.
Өйткені оқушының:
Білу және түсіну,
Білімді қолдану,
Ақпаратты іздеу,
Өңдеу және талдау,
Топ ішіндегі ынтымақтастық және жеке жұмыс,
Тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым
Зерттеу жүргізу,
Функционалдық сауаттылық,
Тұжырымдама жасау, рефлексия сынды дағдылары қалыптасады және дамиды. Осы
дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алушының дағдылығын шыңдау мақсаты орындалады.
Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқытуды түрлі
инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемесімен қарулану керек. Яғни білім беру
мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипаттала-
тынын атап өткен маңызды. Әсіресе, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы
білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі-дарынды балалар-
ды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең
біліммен қаруландыру, сол білімді өмірлік жағдаяттарда қолдануды үйрету. Бүгінгі таңда «да-
рынды оқушы» «дарындылық» деген ұғымдарға берілген анықтамалар бірізді емес. Мұның
бір себебі, «дарындылық» ұғымын әр ғалымның әр түрлі аспектіде қарастыруы болса, екін-
ші себеп аталмыш ұғымның кең ауқымдылығы. Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы,
шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы
дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынды
одан әрі дамытуғы, ұштауға, қоғамның бетке ұстар азаматы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге
артылатын үлкен жауапкершілік.
Орыс ғалымы С.В.Кузнецова «оқушы дарындылығы» деген ұғымға келесідей анықтама бе-
реді: «Оқушы дарындылығы-осы білімді кез-келген жағдайға қолдана алатын, білімнің кеңдігі,
жас ерекшілігіне сәйкес жоғары белсенділігі, психикалық процестерінің дамуының жоғары
деңгейлігі, дұрыс ой-түйіндерге сүйене отырып, жұмысты жемісті орындауды қамтамасыз
ететін психикалық қасиеттерінің жиынтығы». Яғни дарындылық-баланың алғырлығы, зерделігі,
қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс. Осы дарындылықты дамыту әдістерінің біре-
гейі сын тұрғысынан ойлау, проблемалық оқыту әдісі. Сөз соңында айтарымыз, әр мемлекет
ғасырлар тоғысында рухани жаңғырып, жаңарып отырады, жаһанданады, ғаламдық прогреске
ұмтылады. Біз де өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап, жаһандық жаңалықтарды қабылдай
білуіміз керек. Бірнеше тілді меңгерген адам сонша елдің білімін игереді. Озығы мен кенжесін
саралайды, керегін сараптап, мемлекет мүддесі жолында пайдаға жаратады. Яғни, елі мен
жеріне сүйіспеншілігі мол, ұлттық құндылықтарға бай, рухы мықты, тілі мен дініне, әдебиеті
мен мәдениетіне, тарихына, ұлттық салт-дәстүріне деген құрметі зор, ғаламдық жаһандануға
ұмтылысы жоғары, еліне адал қызмет ететін жас буын қалыптастыруды ұстаздарымызға зор
жауапкершілік жүктеліп отыр. Елбасымыз айтпақшы, «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі
ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс». Біз де еліміздегі игі мүддесі үшін
әлемдік прогреске қарай табандылықпен, қарқындылықпен ілгерілей береміз.
Достарыңызбен бөлісу: