Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет162/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые  слова:  глобализация,  патриотизм,  идеология,  ценности,  стабильность, 

гражданское согласие, национальная идентичность. 



Кілт  сөздер:  жаһандану,  патриотизм,  идеология,  құндылықтар,  тұрақтылық,  азаматтық 

келісім, ұлттық бірегейлік. 



Key words: globalisation, patriotism, ideology, values, stability, civic harmony, national identity. 


225

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

Н.М. Маркс

№4 жалпы орта білім беру мектебі, Екібастұз қ., nuraika_bayan@mail.ru



«Мұғалімнің  айналысатыны  –  үнемі  қозғалып,  өзгеріп,өсетін,  өркендейтін  тірі  адам 

(тұлға) болғандықтан біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды...»

Ж.Аймауытов

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман 

талабына сай келешек ұрпақтың сұранысына қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудің 

мазмұны  жаңарып,  жаңаша  көзқарас  пайда  болды.  Осыған  байланысты  ұстаздар  алдында 

оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді 

қолдана білу міндеті тұр.

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту 

мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы 

адамзаттық  құндылықтарды  бойына  сіңірген,  кез  келген  өмірлік  жағдайда  функционалдық 

сауаттылығы  мен  бәсекеге  қабілеттілігін  көрсете  білетін  тұлғаның  үйлесімді  қалыптасуына 

және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын 

енгізудің нәтижесі болуы керек.

Жаңартылған  оқу  бағдарламасының  маңыздылығы  оқу  бағдарламасының  спиральдік 

қағидаты  болып  табылады.  Мұндағы  негізі  басымдықтар  оқушылар  сыныптан  сыныпқа  өту 

кезінде  тілдік  дағдылар  бойынша  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  бекітіп,  қайталанып 

тексеріліп,  яғни  сынып  жоғарылаған  сайын  әр  дағды  элементтері  бойынша    оқу  мақсаттары 

күрделеніп отырады.

Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқылым,  жазылым,  айтылым,  тыңдалым 

дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта 

жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның 

интеллектуалды  дамуының  көмекші  құралы  болып  табылады.  Ал  қажетті  ақпараттарды  өз 

бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын 

тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған 

білім мазмұнының нәтижесі. 

Сонымен  бірге  оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы  білім  беру  ортасын  құра  отырып 

сыни тұрғыдан ойлануға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тәжірибе жасауға, АҚТ-ны қолдануға, 

коммуникативті қарым-қатынасқа түсуге, шығармашылықты дамытуға, кері байланыс жасауға,  

жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу үшін қажетті тиімді оқу және оқыту әдіс-тәсілдерін (белсенді 

оқу,  бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау  жүйесі,  бағалаудың  тиімді  стратегиялары)  үйретеді. 

Мен  өз тәжірибемде тиімді оқу және оқыту әдіс-тәсілдерін , белсенді оқыту  стратегияларын  

күнделікті  сабақ  барасында  қолданамын.  Сонын  ішінде  «Менен  сұрақ,  сізден  жауап»  әдісі, 

«Адасқан  әріптер»  әдісі,  «Постер»  әдісі,  «Бірге  ойлаймыз»  әдісі,  «Құпия  хат»  әдісі,  АКТ, 

«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі, «Сын тұрғысынан ойлау» және  т.б  әдіс-тәсілдерді сабағымда 

тиімді пайдаланамын.  

Қытай  ғұламасы  Конфуций  «Маған  айтсаң,  мен  ұмытып  қаламын.  Маған  көрсетсең,  мен 

есімде сақтай аламын. Маған осыны істеуге мүмкіндік берсең, сонда бұл мәңгілік менікі болып 

қалады!»  дегендей  барлық  әдіс-тәсілдерді  оқушылар  өздері  орындап,  сабақ  барысында 

қолданады. 

Қазіргі  сабақтарда  ақпараттық  технология  мен  кіріктірілген  оқыту  технологиясын 

байланыстыра  өту  өте  тиімді  нәтиже  береді.  Ақпараттық  технологияда  біз  ұстазды  ақпарат 

беруші, бағыт – бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер 

және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, 

ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі 

оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, 

оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. 7 сыныпқа арналған  оқу жоспары бойынша  «Жел 

өрнегі» тақырыбын өткенде мен математика пәнімен география пәнін  кіріктіріп сабақ өткіздім.   

Кіріктірілген  сабақты  өткізудің  маңыздылығы  сонда  барлығын  байланыстыру,  жүйелеу  оңай 




226

жұмыс емес, алайда сабақтарды бірге біріктіре өткізу ол оқушының «бізге осы пәннің не керегі 

бар?»  деген  қағидасының  теріс  екеніне  көз  жеткізуінде.  Олар  осындай  кіріктірілген  сабақтар 

арқылы  әрбір  пәннің  сапалы  кәсіби  мамандарды  дайындау  үшін  маңызды  екенін  түсінуде.

Жалпы  білім  беру  ісінің  нәтижесін  бағалай  білудің  өзіндік  тәжірибесі  қалыптасқаны  белгілі. 

Бұл ретте біз үшін оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік 

тәжірибеде қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды сондықтан, Трамп әдісімен немесе 

кіріктірілген сабақ өткізгенде біздің байқағанымыз оқушылардың көзқарасы басқаша, бірнеше 

мұғалімнің сабақты түрлендіруі олардың шығармашылық қабілеттерін оятады.

Бағалау  жүйесі  де  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  критериалдық  бағалау  жүйесіне  өтуде. 

Критериалды  бағалау  кезінде  оқушылардың  үлгерімі  алдын  ала  белгіленген  критерийлердің 

нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: 

қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау.    Критериялық  бағалау  жүйесі  Филиппин, 

Сингапур,  Жапония,  Франция,  Финляндия  сынды  дамыған  елдерде  пайдаланылады.Бұл 

бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына 

ықыласын  туғызады,  баланың  жан-жақты  ізденуіне  жол  ашады.  Жаңа  бағалау  жүйесі  білім 

алушыда  өз  әрекетін  бақылау  мен  бағалау,  туындаған  қиындықтардың  себептерін  анықтау 

мен  қалпына  келтіру  қабілетін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Оқыту  мақсаттары  күтілетін 

нәтижелер  түрінде  ұсынылып  отыр.  Әрбір  бөлімшелерге  дәйекті  түрде  енгізілген  оқыту 

мақсаттары,  мұғалімдерге  өз  жұмысын  жоспарлауға  және  білім  алушылардың  жетістіктерін 

бағалауға мүмкіндік береді.

Жас  ұрпаққа  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беруде  мұғалімнің  шығармашыл,  жан-жақты 

болуы шарт. Осы бағдарлама бойынша жұмыс жасай отыра , оқушыларымның білім сапасының 

арта түскенін байқадым. Аталған бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның 

нәтижесінде өз ойларын еркін жеткізе білетін , ынталы, сенімді, сыни ойлауы жүйелі дамыған, 

ақпараттық-коммуникативті  технологияны  меңгеруде  құзырлылық  танытатын  оқушы  ретінде 

қалыптасуын қамтиды. Бұл бағдарламаның көздеген мақсаты мұғалім тек қана бағыт-бағдар 

беріп, зерттейді.   Ақпараттық- коммуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды 

түсінуді және олардың қабылдауын , түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ 

беруде көмектесетін маңызды құрал.

Жаңа  білім  беру  стандарттарына  көшіру  кезінде  мұғалімнің  жұмысын  әдіснамалық  және 

әдістемелік  тұрғыдан    қарастырсақ,  әдістемелік  құралдар  күн  сайын  толықтырылып,  даму 

үстінде.  Білім беру мазмұнын жаңарту процесіне қолдау барысы  мұғалімнің кәсіби  шеберлігіне 

байланысты. Себебі мұғалім нақты бір әдіс-тәсілмен ғана шектелмейді, күнделікті әдістемелік 

жинағын жаңартып, толықтырып отырады. Мұғалімнің кәсібилігі білім беру мазмұнын жаңартуды 

нәтижелі іске асырудың негізгі шарты әдістемелік құралдарды тиімді пайдалана отырып    саналы 

қоғам қалыптастыру,   болашақ ұрпақты дәстүрге деген ұқыптылыққа тәрбиелеуге   бағыталған.

Жаңа мазмұнды бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. 

Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де 

бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың бойына ХХІ 

ғасырда  өмірдің  барлық  салаларында  табысты  болу  үшін,  қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін 

ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Бүгінгі  күні  барлық  елдер  жоғары  сапалы  білім  жүйесімен  жұмыс  істеуде.  Өйткені  қазіргі 

заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының  парасаттылығымен  анықталады, 

сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи 

әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы 

себептен туындап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет