4. Оқушының логикалық қабілетін арттыру жолдарын тиімді пайдаланып, қазақ тіліндегі
260
септіктердің жіктелу жолдарын сұрақ-жауап арқылы дамыту.
1 Атау септігі-Мен атаймын.(кім? не?)
2 Ілік септігі-Ол ілініп, салынып келеді (кімнің,ненің) ілінуі?
3 Барыс септігі-Мен оны бар деп жұмсаймын, ол (кімге?,неге?) барам дейді?
4 Табыс септігі-Мен тап деймін!ол (кімді?,нені?) табайын дейді.
5 Жатыс септігі- Үлгермесең жат деймін! Ол (кімде?,неде?,қайда?) жатайын дейді.
6 Шығыс септігі-тез шық деймін ол (кімнен?,неден?) шығайын дейді.
7 Көмектес септігі-солай маған көмектесші деймін? ол (кіммен?, немен?) көмектесейін дейді.
Оқушылар септік түрлерін жылдам, оңай нақты септей алатын болады.
Жаңа бағдарламаның нәтижесі функционалды бала қалыптастырады.
• Жаңа бағдарламаны тікелей қолдайтынымды және тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып,керемет нәтижелерге қол жеткізгенімді айтқым келеді.Өйткені жаңа бағдарлама
бойынша жұмыс жүргізген өте тиімді екеніне өзімнің іс-тәжірибемде көз жеткіздім. Сондай-ақ,
жаңартылған мазмұн бойынша көп ізденістер мен үнемі түрлі курстарға қатысып, өз білімімді
жетілдіре отыра,міндетті екені сөзсіз.
• Жаңа бағдарламаны іздену арқылы, математикадан баланың танымдық сауатын бірінші
сыныптарда оңай әрі қызық етіп ашуға болатынын, өз тәжірибемде көз жеткіздім.
• Қазақ тілі пәнінде жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, баланың есте
сақтау қабілетінің дұрыс қалыптасатынын түсіндім.
• Өз тәжірибемде, сабақ барысындағы тапсырмаларды ұлттық нақышта және ұлттық
тағам түрлеріне, төрт-түлік малға салыстыра отырып өткізуге тырысамын.
• Бала өз бетінше сұрақ қойып және еркін жауап бере алса және сұрақтарды түрлендіре
алса, ашық сұрақтарға өтсе, ол жақсы нәтиже екенін білуге болады.
• Сонымен қатар оқушыға тиімді болатындай етіп, жас ерекшеліктерін ескеріп сабағымды
тиімді жоспарлаймын.
Нәтижеге қол жеткізу
Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды
факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық
ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы
керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов
айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы
керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең
білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі
деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-
амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра
отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну
- өмір талабы.
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім
саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім
алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың
қолында екенін ұмытпайық, ұстаздар қауымы!
Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың
келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы
қабілетті дер кезінде көре біліп, оған дұрыс бағыт-бағдар бере білуіміз қажет. Мен сіздерге
ұсынып отырған ғылыми жобамды қорытындылай келе, сөзімді Президентіміз –
Н.Ә. Назарбаевтың «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары
жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса - ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл,
намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», -
деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: