науки, технология, инженерное искусство, творчество, математика, легоконструирование,
435
ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛДІК САНАНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӨРІНІСІ
Б.М. Бухарбаева
Бозайғыр орта мектебі, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы,
rahmantai@mail.ru
Кез келген тіл нақты бір грамматикалық формалардың көмегімен кеңістік пен уақыт, сапа мен
сан т.б. танымдық құрылымдарды жасап шығарады. Ал тіл өз кезегінде санадағы дайын бейнені
сыртқа жай ғана шығарып қана қоймай, оны түзіп отырады.Қaзіргі тaңдa адамды, тілді тaнудың
бaсты кaтегориясы ретінде ұжымдық сaнaның немесе индивидтік тaнымның рөлі бaсты орынға
шықты [1, 119].Әлемнің тілдік бейнесімен ұштаса келетін тілдік сананың негіздеріне арналған
тақырып – өте ауқымды әрі зерттеуді талап ететін мәселе. Сондықтан дa тілді ғылымның жaңa
кезеңіне орай әдістемелік тұрғыдан теориялық-тaнымдық сипaтпен қоса зерттеудің қaжеттігі
өзекті мәселе болып отыр. Тілдік сана біздің тарапымыздан тек адамның психикалық әрекетімен
байланысты психикалық үдеріс ретінде ғана емес, адамзаттың қарым-қатынасы мен өзара
әрекеттесуі барысындағы тілдік сананың жүзеге асуы психолингвистикалық және когнитивтік
құбылыс ретінде зерттелуде. Білім беруде мұғалім – оқушы байланысынпсихолингвистикалық
бағытта зерттеу әдістемелік зерттеулерге, ізденістерге қосымша бағыт болмақ. Оқыту
үдерісінде пәнді игеру үшін оқушының тілдік санасы арқылы қабылдау жүзеге асады.
Қабылданған ақпарат адресанттан (мұғалім) адресатқа (оқушы) толық жете алған кезде ғана
білім пайдалы болмақ. Толық жетпеген білім сапасыз болатыны белгілі. Оқушы өзін қоршаған
aқиқaт дүниені, құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін түрлі таным деңгейінде бағалайды
да, санада қалыптасқан ұғым-түсініктерді қорыта отырып өңдейді, елеп-екшейді, тәжірибеде
қолдана отырып білім алу барысындағы ақпаратты бойына сіңіреді, бұлардың тұтас көрінісі
ретінде оқушыда ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Ал бұл оқушының таным деңгейіне ғана
емес, генетикалық табиғатына, психофизиологиясына, әлеуметтік ортасына, жас ерекшелігіне
байланысты болады. Жаңа сабақ тақырыбын мұғалім (адресант) өз танымымен ұштастыратын
болса, сол ақпарат оқушыға жеткенде (адресат) оның өзінің танымымен тағы да араласады,
нәтижесінде білім қоры толығады. Нәтиже сабақтарды өткізу барысында мұғалім берілген
ақпарат, тақырыптың қаншалықты қабылданғандығын ескере отырып, бағалау жүргізе алады.
Біздің пікірімізше, оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның дүниетанымы мен ой-өрісіне назар
аударудан мұғалім – оқушы арасындағы байланыс тек қана артып отырады.
Бұл жоғарыда көрсетілгендей, тілдің танымдық деңгейін қарастыратын антропоцентристік
парадигманың мақсат-міндеттеріне жауап берсе, ол өз кезегінде когнитивтік зерттеулермен
тығыз байланысты[2, 20].Когнитивтік зерттеулер танымментікелей байланысты. Оқушының
танымы неғұрлым кеңейген сайын, болашаққа деген көзқарасы мен ұмтылысы арта бермек.
Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың
түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түйеміз, келешекке деген сеніміміз
ұлғаяды. Ұлттық тілді сақтау үшін сананың ашықтығы айқын болуын Елбасы мақаласында
дұрыс тұжырымдайды: «Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол
дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып
жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін
өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс,
тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы барлығы түбегейлі өзгереді.
Біз бұған дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық
жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі»[3]. Кез келген ақпаратты беруде оқушының танымына сай
жұмыс істей отыра, оқытушы өзінің түпкі мақсатына, яғни пайдалы білім мен оқушының дұрыс
жауабына қол жеткізбек.
Достарыңызбен бөлісу: