Ключевые слова: критериальное оценивание, формативное оценивание, цифровые он-
лайн приложения
Key words: criterial assessment, formative assessment, digital online applications.
КӨПТІЛДІЛІК- ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ
Ж.Ш. Маткеримова
Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы
gani-musabekov@mail.ru
Ғылым жолы-білім жолы. Ғылым адамзат дамуының қозғаушы күші. Елбасымыз Адам
капиталын жетілдіру ісінде ғылымсыз жүзеге аспайтын ,ғылым мен инновацияны дамытуда
үш тұғырлы тілді дамытудың үлесі зор екенін айтады. Бүгінгі ұрпақ ана тілін игеру арқылы
тарихи тұлғалармен байланысқа түседі, ана тілі арқылы төл мәдениеті мен әдебиетін бойына
сіңіреді.Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Халқына Жолдауында: Тілдердің
үштұғырлы лығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.Қазақстан
бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ
602
тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жахандық экономикаға
оңай кіру тілі,-деген болатын. Қазір күллі әлемге ортақ тіл-ағылшын тілінде ақпарат алмасады.
Ақпараттар ағымы қарқынды дамыған сәтте көштен қалып қоймау керек.Үш тілде білім беру
жүйесі қандай мүмкіндіктердің есігін ашады? Бұл бағытта жұмыстанып жатырған Назарбаев
зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушылары бұл туралы ой тарқатты. Тәжірибе кезінде
және оқушылармен етене жақын араласа жүріп , балалар үшін үш тілде білім алу қиындық
тудырмайды деген шешімге келдік.Өйткені,ұш тілді жетік меңгеру арқылы олардың алдында
жаңа мүмкіндіктер алаңы ашылып, олар бағындыратын белестердің жақындай түсері анық,-
дейді мұғалімдердің басым көпшілігі.
«
Ағылшын тілін меңгеру-әлемдік жаңа саясатқа кірудің басты кілті» ,-деп елбасымыздың
айтқан сөзі- Ұлт болашағының жарқын бейнесі. Үш тілді білім беру бұл-болашақта бәсекеге
қабілетті маман дайындау және оның нақты бағытын қалыптастырумен жүзеге асады.Әлемде
қанша ұлт ,нәсіл болса , соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары –туған тілі. Ана
тілін армансыз бойға сіңірем деген ұрпақ бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесін ,дүниетанымын,
мінез-құлқын бойына қалыптастырады.
Менің ойымша, ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Сондықтан оны жан аямай қастерлеуден
асқан биік парызда жоқ.Оқушылардың дамып жетілуі олардың шығармашылық і с-әрекеттерді
меңгеруі ,білім-білік дағдыларын жаңа жағдайларда қолдана алу іскерлігінің қалыптасуы
оқушының жорамалдау, өз бетімен білімін жетілдіре алуы, тілдің танымдық қабілеттілігі, өзге
тілде қатынас жасау дайындығы негізінде жүзеге асырылады.
Ағылшын тілі-халықаралық тіл. Ағылшын тілі халықаралық бизнесте, ғылымда және шет
мемлекеттермен байланыс жасауда жиі қолданылады. Әлемде не болып жатқанын білу үшін
ағылшын тілін оқып-үйрену әрбір адам үшін қажеттілікке айналуда. Бүгінде біз дамудың жаңа
кезеңіне шыққанда экономиканың өсуі тек қаржы инвестицияларын ғана талап етіп қоймайды,
сонымен бірге елімізді толыққанды адам капиталымен қамтамасыз етуді қажет санайды. Оқу
үрдісі барысында адам өзіне қажетті білімді ғана алып қоймайды, сонымен бірге ол қолданады
және қолдануға жаңа мүмкіндіктер іздейді.
Бәсекеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын бір тиіс нәрсе- бәсекеге қаблеттілік;
Бұл – ең алдымен өзіңнің барлық артықшылықтарыңды пайдалана білу деген сөз, бірақ оларды
өзіміздің кім екендігімізді ұғынғаннан барып ғана анықтауға болады.
Біз – ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің
ұрпақтарымыз.Ұлы дала қашанда әр түрлі мәдениеттер, тілдер, әскерлер, діндер, тауарлар
және идеялар тоғысқан қиылыста тұрды.мыңдаған жалдар бойы Дала халықтардың
генераторы болды.Ал ХХI ғасырда ол ерекше сападағы адамның генераторына айналуы тиіс.
Біздің табиғатымызға біткен далалық ойлау машықтары-,ғаламдық трендтер –икемділік пенн
жүйелілікті барынша толық бейнелеп көрсетеді.Өзіндік ортада туған,бәсекеге қабілетті тұлға
алдымен өз халқының мәдениеті мен тілін білуі керек.білім беру арқылы сіңірілетін туған тілдің
мәдени бастаулары мен рухани дәстүрлерін сақтау жас ұрпактың бойында жаһанданудың
барлығын жұтатын үрдістерге қарсы тұра алатындай иммунитеттің қалыптасуына көмектеседі.
Көптілді білім берудің басты мақсаты әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды
қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби
билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптасадыушы болмайды, Се-
бебі оның алдында бәрі дайын тұр. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен
салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп
отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі кажет.
Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр. Қазіргі кезде
адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі
биік талаптар қойып отыр.
Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл адамдар ара қарым-
қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар
ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі
бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы,
мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл
мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл
халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы
болып келген. Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып
603
саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті
мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді
талап етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан
халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш
тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп[3], Еуропадағы
мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға
айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған
қажеттіліктердің бірі.
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының
жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі
факторларының бірі- мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.
Бұл халықаралық тұрғыда бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып есептеледі,
яғни өзін өркениетті және тарихи субъект ретінде тани алатын, даму кезінде өз елінің және
адамзат тарихын қабылдай алатын, өзі үшін, халқы үшін, мемелекеті үшін, адамзат болашағы
үшін жауапкершілік жүгін сезінетін, өзара тәуелділік пен әлем бүтіндігіне, адамзат өркениетінің
ғаламдық мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете түсінетін,
адамның азаматтық құқықтарын (мәдениет және тілдік құқықтарын қоса) мойындайтын
және саяси бостандыққа ұмтылатын, қоғамдағы гуманизм идеалын жасау үшін басқа
адамдармен, қозғалыстармен, қоғамдық институттармен қызмет атқаруға дайындығы мен
қабілеттілігін көрсете білетін және де қоғам, адам және табиғат арасындағы ынтымақтастықты
қалыптастыратын ұқыпты да тиянақты, білікті маман мен адамды дайындау осы заман
оқытушылары мен ұстаздардың алдында қойылатын үлкен заман талабы деп білуіміз керек.
Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту
– жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы
десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті,
мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен
шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға
болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық
ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез - келген шетелдік
ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға
бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен
жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты
білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады,
оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу
үшін» қажет болмақ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы»
мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл
қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын
арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, соны-
мен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық
үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билин-
гвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билин-
гвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа
педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асыры-
луы тиіс. Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол —
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары
деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан,
көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Мектеп –жеке тұлғаның қалыптасатын жері.Олай болса жеткіншектің одан ары оқуына
базалық білімінің негізі болатын киелі орын екені сөзсіз.Оқушыға ұстаз өмірлік тәжірибесімен
қоғам талабына сай білім беруге тырысады.Ал оқушы мемлекеттің міндеттерін түсініп өз бетінше
білім алуға ұмтылады.Өзіндік пікірі жоқ оқушы өзінің өмірлік ұстанымын қорғай алмайды және
ойлау қабілеті төмен болғандықтан жаңа идеяларды туғыза да алмайды.
604
“Адамның өміріне шек бар ,білімге ондай шек жоқ ” дейді қытайдың даналық мақалы.Бүгінгі
білім беру жүйесі қоғам дамуының өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің
біріне айналды.Бүгінде Қазақстанды дүние жүзі-алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде таниды.
Сондықтан ағылшын тілін оқып-үйренудің еліміздегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылуына қосар үлесі мол.Бұл күндері біз ағылшын тілін үйренудеміз. Егер біз оны жақсы
білгіміз келсе, тек өзіміздің талабымыз бен еңбегіміздің арқасында ғана жете аламыз.
Қысқаша айтқанда,бізге сөздікті байыта түсу , әңгімелесуде жаңа сөздерді қолдану, көп оқу,
ағылшынша жазу,халықаралық жаңалықтарды тыңдау және егер мүмкіндік болса,шетелдіктермен
жиі қарым-қатынаста болуы керек.
“Ұлт боламын десең ,бесігіңді түзе’’ .Бұл қазақ тілінің ұлттық деңгейде меңгерілу қажеттілігін
үстем етері сөзсіз.
Орыс тілін меңгеру-біздің мәдени байлығымыздың ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің
қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтудың кепілі.
Ең алдымен ,мемлекеттік тілді қолдану –шарт. Ал, өзге тілдердің өзіндік маңызы бар, соны
керегінше пайдалану жөн.
Орыс тілі-білім-ғылымды,әлеуметтік әлеуетімізді, саяси жүйемізді дамытуда үлкен рөл
атқарғанын жоққа шығаруға болмас. Ғасырлар бойы қойнауына алып кетер әлемдік мәдениет,
тарих, әдебиет ,саясат,экономика атаулының бәрі де орыс тілі арқылы қол жеткізуге болады.
Ағылшын тілі-қазақстандықтарды әлемдік деңгейге шығаратын тіл, бәсекеге қабілетті
қылатын құрал.Үстіміздегі ғасыр-жеке тұлғаны қалыптастыру ,ізгілендіру ,дамыту ғасыры.
Мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат –оқушылар алған білімдерін пайдаға
асырып,өздігінен әрекет ете алатын,оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін ,жалпы
азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген ,өзіндік көзқарасы бар азамат бо-
лып жетілуіне көмектесу.Қазіргі кезде шет тілдеріне ,оларды меңгерген адамдарға қоғамның
сұранысы өсіп отырған жағдайда шет тілдерін оқытуға аса зор мән беріліп отыр.
Менің алдыма қойып, қарастырған проблемам ол –ағылшын тілі сабағында оқушылардың
коммуникативтік біліктіліктерін дамыту. Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың
ойлау қабілетін, сауттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне тікелей
байланысты.Осы салада аталмыш пәннің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын шетел тілінде
сөйлеп ,жаза білетін дәрежеде жеткізу.Осы жолда оқушылардың шығармашылық белсенділігі,
іскерлігі дке үлкен көрініс табады. Шетел тілі пәндері мектепте білім ,тәрбие берумен қатар
жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетілдіруге, қоғамдағы өз орнын табуға
ерекше ықпал етеді, сонымен қатар оқушыларды ауызша және жазбаша түрде болашақ
мамандықтарына байланысты өзара мәдени қарым-қатынас жасай білуге дайындау мақсатында
ұстаздар сапалы білім беру керек деп ойлаймын.Олай болса кез-келген қоғам үшін тұйықтықтан
шығудың, интеграцияның негізгі ұстанымы етіп алған бағытты айқындайтын жол болатынына
сенімім мол.
Достарыңызбен бөлісу: |