Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет415/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words
Түйін  сөздер:  білім  берудің  жаңартылған  мазмұны,  проблемалық  оқыту,  проблемалық 

жағдаят


Ключевые  слова:  обновленное  содержание  образования,    проблемное  обучение, 

проблемная ситуация.



Key words: updated program of education, problem training, problem situation 

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ: ҰТЫМДЫ КӨЗҚАРАС, ТИІМДІ НӘТИЖЕ

Қ.Ғ. Мамзадаева 

Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей, 

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы. ibraev_d@mail.ru

Кез келген мемлекеттің үш алып тірегі бар: жерасты байлығы, өндіріс орындары және адам 

капиталы.  Елбасымыз  өзінің  жыл  сайынғы  дәстүрлі  Жолдауында  барлық  саланы  назардан 

тыс  қалдырмайды.  Биылғы  Жолдауда  да  адами  капиталдың  жаңа  сапасы,  білім  саласы 

нақты міндеттердің қатарынан көрініс тапты. Бұл сала әрқашан да өзекті мәселе болып қала 

бермек. Өйткені Қазақстанның ең басты байлығы – жаңарған өмірге сай жаңа сападағы білімді 

меңгерген еңбекқор халқы. Демек, біздің еліміз дамудың ең биік көкжиегінен көрінуі үшін білімді 

жастарымыз көп болуы қажет. Ал бұл - ұстаздар қауымына жүктелетін үлкен жауапкершілік. 

Қазіргі  таңдағы  технология  мен  ғылым  саласындағы  өзгерістер,  әлеуметтік  өзгерістер, 

ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар, халық санының қарқынды өсуі, шектеулі 

ресурстарға деген сұраныстың артуы, осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда 

және  келешекте  табысқа  қол  жеткізу  үшін  бұрынғыға  қарағанда  анағұрлым  көп  дағдыларды 

меңгеруі қажет екенін көрсетіп отыр. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай 

білім  беретіні  туралы  мәселе  қайта  қаралуда.  Осы  мәселе  аясында  «Балалар  ХХІ  ғасырда 

табысты  болу  үшін  нені  үйренуі  керек?»  деген  негізгі  сауал  туындайды.  Осы  тұрғыда  білім 



608

берудің дәстүрлі жүйесі қазіргі «білім ғасырының» талаптарын қанағаттандыра алмайтындығы 

анықталды. Сондықтан  2016-2017 оқу жылынан бастап 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан 

Республикасының білімді дамыту бағдарламасын іске асыру және Елбасының айқындап берген 

100  нақты  қадамының  76  мен  89  қадамын  орындау  мақсатында  білім  мазмұнын  жаңарту 

жұмысын бастадық, яғни балаларымыз ХХІ ғасырда табысты болу үшін жаңартылған білім беру 

бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгіздік. Бұл аталған мәселелерді шешу үшін қабылданған 

тиімді шаралардың бірі болып табылады.

Бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін қолға алынып отырған бұл бағдарламаның 

жаңалығы неде? Дәстүрлі бағдарламадан несімен ерекшеленеді? Бізден нені талап етеді? 

Алғашқыда бұл сұрақтардың төңірегінде барлығымыздың да ойға қалғанымыз анық. Бірақ 

жаңа бағдарламаның құрылымымен, мақсат-міндеттерімен танысу мақсатында облысымызда 

барлық  педагогтарды  қайта  даярлау  курстарынан  өткізу  жұмыстары  жүйелі  түрде  жүргізілді. 

Курс барысында бағдарламамен егжей-тегжейлі танысып, жоғарыда аталған сұрақтарға жауап 

алдық, сонымен қатар алдағы уақытта жаңартылған бағдарлама бойынша жаңаша көзқараспен 

білім беруге алғашқы дайындық жұмыстарын жүргіздік.   

Бүгінде  менің  жаңартылған  бағдарлама  бойынша  жұмыс  жасап  жатқаныма  3  жыл  толып 

отыр.  Осы  уақыт  ішіндегі  өз  тәжірибемнен  жаңа  бағдарламамен  жұмыс  жасаудың  тиімді 

жақтары, туындаған мәселелер мен атқарған жұмыстарыма тоқталғым келіп отыр. 

Бағдарламамен  жұмыс  жасау  барысында  ең  бірінші  тиімді  нәтижелерді  көрсеткен  пән 

мазмұнының  спиральді  қағидатпен  берілуі,  яғни  қарапайымнан  күрделіге  қарай  оқыту.  Бұл 

жұмыстың негізінде оқушылар бір жай ғана затты ұстап көру арқылы үлкен жаңалықтарды ашуға 

дейін мүмкіндік алады. Бір затты ортаға тастау арқылы барлық оқушылардың назарын сабаққа 

аударуға, жан-жақты сыни тұрғыда ойлауын қамтамасыз етуге, сол затты көру арқылы қандай 

ойға келгенін еркін, жүйелі баяндатуға болады. Білім мазмұнын жаңартудағы мақсатымыз да 

осы, әрбір баланың сын тұрғысынан ойлау арқылы ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру 

[1].

Бағдарлама  бойынша  жүргізілген  тағы  бір  нәтижелі  жұмыстың  түрі  ретінде  пәнаралық 



байланысты  жүзеге  асыру  мақсатында  ортақ  тақырыптардың  берілуін  атап  өтуге  болады. 

Мысалы қазақ тілі пәнінен отбасы тақырыбын өтетін болсам, дәл сол тақырып аясында барлық 

пәндерде сабақ өтіледі. Математика пәнінде отбасы мүшелерінің жасына, санына байланысты 

есептер  шығарсақ,  дүниетану  пәнінде  отбасы  құрамы,  олардың  атқаратын  қызметіне  толық 

тоқталамыз. Жаратылыстану пәнінде осы тақырып барысында түрлі тәжірибелер жасалса, орыс 

тілі, ағылшын пәндері тақырыптағы негізгі сөздерді аударып, сол тілдерде айтуды меңгертеді. 

Тіпті  музыка  пәнінің  өзінде  отбасы  тақырыбындағы  әндер  орындалады.  Демек,  біз  бір 

аптаның ішінде бір тақырыпты толық қарастырып, оқушыны жан-жақты біліммен қаруландыра 

аламыз. Бұл білім мазмұнын жаңарту барысында ең тиімді ойластырылған жұмыс түрі десем 

қателеспеймін [2].

Бұл бағдарламаның тағы бір үлкен ерекшелігі – критериалды бағалаудың енгізілуі. Бағалаудың 

бұл  түрі  оқушылар  арасында  өзара  түсіністік  және  ұжымдық  қарым-қатынасты  орнатып, 

оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады, өз мүмкіндіктерін 

бағалап,  іс-әрекетіне  баға  беру,  жауапкершілік  қабілетінің  дамуына  ықпал  етеді.  Балаларда 

қатып қалған, өзгерту мүмкіндігі жоқ күнделікті бағалар мүлдем болмайды. Әрбір оқушы бөлім 

аяқталғанға дейін білімдерін жетілдіріп, толықтырып, бұрынғы көрсеткіштерін жаңартып отыра 

алады.  Мұғалім  жалғыз  бағалаушы  тұлға  емес.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және 

өздерін бағалау мүмкіндігіне ие болады. Әр сабақ соңында міндетті түрде әрбір оқушыға жеке 

кері байланыс беріледі. Бұл жұмыс түрін жүргізу арқылы алдымдағы оқушыларға қай деңгейге 

жеткендігін,  үздік    нәтижеге    ие  болу  үшін  не  істеу  керектігін  түсіндіре  аламыз  және  сынып 

оқушыларын түгел бағалай аламыз [1].

Бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  ең  беделді  адам  –  оның  ұстазы.  Ал  бастауыш  сынып 

мұғалімдерінің  негізгі  міндеті  –  жеке  тұлғаны  дамытып,  білімге  және  оқуға  деген  сенімін 

нығайту,  іскерлік  пен  дүниетанымын  қалыптастыру,  оқуға  деген  қызығушылықтарын  оятып, 

ынтасын арттыру болып табылады. Осы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру мұғалімнің жан-

жақтылығын, шеберлігін, шығармашылықпен жұмыс жасауын талап етеді. Бұл жерде мұғалімнің 

оқушыға  ықпал  ететін  ең  мықты  қаруы  –  сабақ.  Сабақтың  қызықты,  тартымды  әрі  нәтижелі 

болуы уәжді өсіретін факторларды жиі пайдаланып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен тікелей 

байланысты.  Менің  өз  сабағымдағы  негізгі  мақсатым  –  оқушылардың  ой-қиялын  дамыту,  өз 



609

ойын еркін айтуға, сыни тұрғыда ойлауға, сөздерді орынды қолданып сөйлеуге дағдыландыру, 

өз  ойына  қорытынды  жасап,  жүйелі  сөйлеуге  үйрету,  ізденімпаздыққа,  тапқырлыққа,  сауатты 

оқу  мен  жазуға  төселдіру.  Алға  қойған  мақсатымның  жүзеге  асуы  үшін  әрбір  сабағымда 

тапсырмаларды оқушыны қызықтыратындай етіп жүйелеп, деңгейлеп беруге тырысамын [3].

Бастауыш  сыныпта  оқушылар  көпке  дейін  тапсырманы  қалай  орындаудың  тәсілін  жақсы 

білмейді. Көбіне олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Бұл олардың жаттауға 

икемділігінің  молдығынан  емес,  оқуға  төселуге  қиындығынан.  Осы  орайда  оқытудың  жаңа 

интербелсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың кішкентай кезінен бастап дүниеге 

өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына  жол  ашуға  болады.  Қазіргі  кездегі  барлық  білім  берудің 

жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара 

және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын 

қалыптастыру болып табылады [4].

1-сыныпта  оқушылардың  айтылым  дағдыларын  қалыптастыруда  «Оқиға  картасы»  әдісі 

өте  тиімді.  Бала  берілген  тақырып  бойынша  ойын  бірізділікпен,  жүйелі  жеткізуге,  сөйлемдегі 

сөздерді орынды пайдаланып, дұрыс байланыстыруға үйренеді. Нәтижесінде ұжым алдында 

еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге төселген оқушыны көре аламыз. 

Сонымен  қатар  баланың  сөйлеу  тілін  дамыту  үшін,  бір-біріне  сұрақтар  қойып,  қоятын 

сұрақтарын жүйелеп алу үшін «Тиімді басқару» әдісін қолданамын. Бұл әдіс арқылы сыныпты 

тыныштық қалпында ұстауға болады, өйткені бала өзінің сұрағы бар болса немесе тапсырманы 

орындап болып, қорғағысы келсе, қолдарына берілген !, ? белгісі бар тақтайшаны көтеру арқылы 

мұғалімге  белгі  береді.  Егер  сұрағы  болса,  ?  белгісін,  тапсырманы  қорғауға  дайын  болса,  ! 

белгісін көрсетеді. Нәтижесінде сыныптағы топтардың ережелері сақталады, шу орын алмайды 

және әрбір оқушы өз сыныптасының білімін тексеру үшін сұрақтар қойып, оларды өздерімен 

салыстыруға дағдыланады. 

«Сағат тілімен» әдісін оқушылардың жазылым дағдыларын жетілдіру үшін жиі қолданамын. 

Кез келген тақырыпта мәтін құрастыру үшін бұл әдіс өте тиімді. Сағат тілінің ретімен қажетті 

тірек  сөздерді  қоюға  болады  немесе  мәтін  мазмұнына  байланысты  суреттерді  де  қолдана 

аламыз. Нәтижесінде оқушылар мәтіндегі сөйлемдерді бірізділікпен жазады, мәтін бөліктерін 

нақты ажырата алады. Сонымен қатар бұл әдісті жиі пайдалану арқылы оқушыларды жазба 

жұмыстарын жазу барысында (шығарма, мазмұндама) еш қиындықсыз жоспар құруға, жоспар 

бойынша жүйелі әңгіме жазуға төселдіруге болады. 

Қазіргі таңда білімнің сапасын көтерудің жолдары өте көп. Ең бастысы – білімді де білікті, 

ұшқыр  ойлы,  шығармашылық  қабілеті  мол  ұстаздың  шәкіртімен  бірлесе  еңбек  етуі.  Мұғалім 

күнделікті  сабағының  қызықты  өтуіне  бар  күшін  салады.  Өйткені  оқушылардың  білімге 

деген құштарлығының оянуы дәл осы бастауыш сыныптарда қалыптасады. Сол себепті мен 

өзімнің  әрбір  сабағымды  оқушыны  жалықтырып  алмау  үшін  біріне-бірі  ұқсамайтындай  етіп 

ұйымдастыруға тырысамын. Ол үшін топқа бөлу, бағалау мен рефлексия, кері байланыс берудің 

түрлерін күнделікті тақырыпқа сай өзгертіп отырамын. Мысалы тақырып спортқа байланысты 

болса,  доп  үлгілерін  тарату  арқылы  топқа  бөлемін,  берілген  доп  пішінін  әр  оқушының  жеке 

бағалау парақшасы ретінде қолданамын, яғни әр тапсырманы орындаған сайын оқушылардың 

доп пішінді бағалау парақшаларына белгі қойып отырамын. Сабақ соңында жинаған  ұпайларын 

есептеу  арқылы  бүгінгі  күннің  үздік  оқушыларын  анықтауға  болады,  тіпті  оны  оқушылардың 

өздері  анықтай  алады.  Ал  сабақ  соңындағы  оқушылар  тарапынан  берілетін  рефлексияны 

жүзеге асыру үшін топқа бөліну үшін таратылған доп үлгілеріне есімдерін жазып, алдын ала 

дайындалған  қызыл,  көк,  жасыл  қақпаларға  салуды  ұсынамын.  Жұмыстың  бұл  түрі  арқылы 

оқушылар әрбір жұмысты жүйелі орындауға дағдыланады. Дәл осы бағытта гүл күлтешелерімен 

де жұмыс жасауға болады. 

Менің  сыныбымда  оқушылардың  көңілінен  шыққан  оқушылардың  сабаққа  рефлексия 

жасауының  түрлері  мыналар:  «?»,  «!»,  «.»  белгісі  бар  қорапшаларға  есімдері  жазылған 

парақшаларды салу, кішкентай балаларға арналған пластмасса тарелкаларға үш түрлі көңіл-

күйдегі  смайликтерді  жапсырып,  есімдері  жазылған  кірқыстырғыштарды  қыстыру.  Мұндағы 

ескеретін бір жайт – барлық оқушының не үшін жоғары, орта, төменгі деңгейді таңдағандары 

туралы бір ауыз сөз болса да пікір білдіруін сұрау. Себебі бастауыш сынып оқушысы болғандықтан 

кез келген жерге өзін апарып жапсыра салуы мүмкін. Ал егер күнделікті себебін сұрап отыратын 

болсам, оқушылар алдағы уақытта шынайы жұмыс жасайтын болады. 

Сабақ  соңында  жүргізген  жұмысымның  қаншалықты  нәтижелі  болғандығын  анықтау  үшін 



610

рефлексия  парағын  толтыртып  отыруды  әдетке  айналдырғанмын.  Оқушылар  «Бүгінгі  сабақ 

ұнады  ма?»  сұрағының  төңірегінде  «Иә,  себебі...»  және  «Жоқ,  себебі  ...»  жауаптарының 

төңірегінде  өз  пікірлерін  білдіреді.  Бұл  арқылы  бүгінгі  сабақта  қолданған  әдіс-тәсілдерімнің 

қаншалықты  нәтижелі  болғандығын  тексеруге  және  оларды  келесі  сабақтарда  қолдану 

мүмкіндігінің бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік аламын. 

Мұғалім  жұмысының  нәтижелілігі  бағалау  түрлерін  әділ,  шынайы  қолдана  білуде  жатыр. 

Сабақ  барысында  орындалған  әрбір  тапсырмадан  кейін  бағалау  жұмысының  жүргізілуі 

оқушының ынтасын арттыруда, өзінің жіберген қателігін түсініп, алға қарай ұмтылуында маңызды 

рөл  атқарады.  Мен  өз  тәжірибемде  ашық  журнал  арқылы  бағалау,  «Мен  зерек  оқушымын!» 

атты бағалау түрін, өздеріне жеке таратылған бағалау парақшасына белгі қою арқылы бағалау, 

бағдаршам  арқылы  бағалау,  жетістік  баспалдағы  арқылы  бағалау,  өзін-өзі,  жұптық,  топтық 

бағалаудың түрлі тәсілдерін пайдалануды тұрақты жолға қойғанмын. Оның ішінде оқушыларға 

өте ұнайтын түрлері мыналар: ашық журнал арқылы бағалау, яғни барлық сабаққа қолдануға 

ыңғайлы  түрде  жасалған  сынып  оқушыларының  тізімі  мен  тапсырмалар  саны  көрсетілген 

журнал сынып қабырғасында ілулі тұрады. Әр тапсырманы орындап болған соң тексеру жұмысы 

жүргізіліп, оқушылардың орындау деңгейлеріне байланысты «өте жақсы», «жақсы», «орташа», 

«орындалмады»  деген  секілді  белгілер  қойылып  отырады.  Сабақ  соңында  мұғалімнің  еш 

қатысуынсыз  оқушылар  ашық  журналда  жинаған  белгілеріне  қарай  отырып,  өздерінің  бүгінгі 

сабаққа қандай деңгейге жеткендерін анықтай алады.  Осы жұмыс түрінен кейін «Мен зерек 

оқушымын!» атты бағалау түрін қолдануға болады. Бұл жерде сыныпта үш түрлі көңіл-күйдегі 

күн бейнесі және оқушылардың есімдері жазылған күн сәулелері болады. Ашық журнал арқылы 

анықталған деңгейлеріне қарай оқушылардың есімдері жазылған сәулелерді тиісті күн бейнесіне 

жапсырамыз. Сол кезде бүгінгі сабақ бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар көңілді күн 

бейнесіне, жақсы көрсеткішке ие болған оқушылар сәл түсіңкі көңіл-күйдегі күн бейнесіне, ал 

сабақта өз мүмкіндігін көрсете алмаған оқушылар көңіл-күйі төмен күн бейнесіне жапсырылады. 

Бұл жұмыс күнде жаңарып отырады, соған байланысты оқушыларда «ертеңгі сабақта мен де 

үздік нәтижеге жететін боламын» деген мотивация пайда болады. Оқушы күнделігіне жоғарыда 

пайдаланылған  бағалау  түрлерінің  нәтижелерін  ескере  отырып,  қызыл,  жасыл,  күлгін  түсті 

қаламдармен  пікір  жазып  отырамын.  Бұл  жұмыс түріне  бүгінде  оқушылар  да,  ата-аналар  да 

төселген, қаламның түсіне қарап өз баласының деңгейін біліп отырады. Жетістік баспалдағы 

арқылы бағалау да оқушыларымның ұнататын жұмыстарының бір түрі. Бұл жерде де оқушы өз 

деңгейіне қарай төменгі сатыдан жоғарыға қарай көтеру мүмкіндігіне ие болады. 

Мен  білім  мазмұнын  жаңарту  бойынша  ең  алғашқы  түлектерді  қабылдаған  ұстаздардың 

бірімін.  Жаңартылған  бағдарлама  болғандықтан,  әрине,  оның  жаңалықтары  өте  көп  болды. 

Алғаш  естігенде  бәрімізге  таңсық  дүние  болғаны  рас,  көкейімізге  қорқыныш  ұялағанын  да 

жасырмаймыз.  Жұмыс  барысында  мәселелердің  туындағанын  да  жоққа  шығармаймыз.  Атап 

өтетін болсам, жаңаша көзқараспен жұмыс жасау барысында ең бірінші туындаған мәселе – 

тәжірибенің  аздығы.  Бұл  дегеніміз  ұстаздардың  педагогикалық  тәжірибесінің  жеткіліксіздігін 

білдірмейді. Курстан өткізіп, теориялық білім берілгеннің өзінде көзбен көріп, қолмен ұстағанда 

ғана  есте  сақталатыны  сияқты,  теорияны  тәжірибемен  ұштастырғанда  ғана  жұмыс  нәтижелі 

болмақ.  Сол  себепті  де  бізге  осы  мәселе  қиындық  туғызды.  Алайда  алғашқы  жылы  білім 

бөлімдері осы жағдайды ескере отырып, пилоттық мектептерде, өзге де мектептерде жүйелі 

түрде семинарлар, тәжірибе алаңдарын өткізіп, ұстаздардың бұл мәселенің шешімін табуына 

үлкен септігін тигізді. 

Бізде туындаған екінші мәселе – қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын алуда уақыттың 

жеткіліксіздігі,  тапсырманы  алудың  тиімді  жолдарын  түсінбегеніміз  болды.  Бастапқы  уақытта 

1-сынып  оқушыларына  мектепке  ең  алғаш  қадам  басып  отырғандықтан  тапсырманы  егжей-

тегжейлі түсіндіріп отыру қажеттілігі туындады. Онымен қоса әр оқушының қабылдауы әр түрлі 

болғандықтан,  сабағымыздың  басым  бөлігі  соған  жұмсалатын.  Сонымен  қатар  әр  оқушыға 

жеке-жеке шығарып, қағазды жеткізе алмай қиналған сәттеріміз де болды. Алайда көштің жүре 

түзелетіні белгілі. Бүгінде алдымыздағы әрбір бала қалыптастырушы бағалау тапсырмасын аз 

ғана уақыттың ішінде орындап бітіре алады. Қазір тапсырманы алудың тиімді жолын анықтап, 

соны тәжірибемде пайдаланып жүрмін, яғни қалыптастырушы бағалау тапсырмасына арнайы 

дәптер  арнатып,  тапсырманы  алдын  ала  кішірейтілген  үлгіде  шығарып,  дәптерге  жапсырып 

қоямын. Оқушылар әр сабақ соңында дәптерлерін алып, тапсырманы орындап, қайта жинап 

қояды. Жиналған бойда тапсырманы тексеріп, нәтижесін шығарып, оқушыларға хабарлаймын 



611

және  ертеңгі  күннің  қалыптастырушы  бағалау  тапсырмасын  жапсырып  дайындап  қоямын. 

Бұл  бір  жағынан  мұғалімнің  қалтасына  салмақ  салмайды,  екінші  жағынан  уақытты  үнемдеп, 

оқушылардың жүйелі жұмыс жасауына септігін тигізеді. Бір түсінгенім – қалыптастырушы бағалау 

тапсырмаларын  алу  арқылы  баланың  жиынтық  бағалау  тапсырмаларынан  сүрінбей  өтуіне 

мүмкіндік жасай аламыз. Өйткені бала өз жұмысының нәтижесін көріп, жіберген қатесімен жұмыс 

жасайтын  болады.  Мұндай  жұмыс  түрлері  өтілген  білімнің  баланың  есінде  ұзақ  сақталуына 

көмектеседі.  Демек,  жүйелі  түрде  жүргізілген  қалыптастырушы  бағалау  тапсырмаларының 

нәтижесінде жиынтық бағалау кезінде жоғары ұпай жинайтын балалар санының көп болатыны 

дәлелденіп отыр. 

Жалпы жаңа бағдарламаның талабына сай мұғалім катализатор, ал оқушы белсенді болуы 

шарт. Барлық жұмыстар зерттеуге негізделген оқу мен сын тұрғысынан ойлауға, белсенді оқу 

мен тиімді оқытуға бағытталған педагогикалық әдістерге негізделіп жүргізілуі керек. Сонда ғана 

біздің балаларымыз келешекте кездескен кез келген күрделі мәселелерді шешуде өз білімдерін 

қолдана алатын болады [5].

Қорытындылай келе, білім мазмұнын жаңарту аясында жүргізген 3 жылдық жұмысымның 

нәтижесіне  тоқталғым  келіп  отыр.  Ең  алғаш  алған  1-сынып  оқушылары  мен  бүгінгі  3-сынып 

оқушыларының арасы жер мен көктей: алғашында оқушылар дәстүрлі оқытудағы секілді тек 

мұғалімге бағынып, өз ойын жеткізуге қысылатын. Бағалау кезінде де өзін немесе өзінің  достарын 

көтермелеуге тырысып отыратын. Ал бүгінгі 3-сынып оқушылары өзіммен тең дәрежеде отыр 

десем де болады. Сабаққа қатысты өз ойларын еркін айтып, достарын, тіпті өздерін де әділ 

бағалауға  үйренген, қай жерде қандай қателік жібергеніне дейін ажыратып бере алады. Тіпті 

кейде  келесі  сабақты  жоспарлау  үшін  оқушыларымның  ұсыныс-пікірлерін  басшылыққа  алып 

отырамын.  1-сыныпта  сыныбымның  білім  көрсеткіші  59%-ды  көрсетсе,  2-сыныпта  75%-ға 

жетті.  Бұл  жаңартылған  бағдарламаның  оқушыларға  ықпалынан  және  мұғалімнің  талмай 

еңбектенгенінің, кездескен әрбір мәселені жеңе білуінің нәтижесі деп білемін. Біздер, ұстаздар, 

жаңалыққа жаны құмар, жағдайға төселгіш, бейімделгіш жандардың бірі де бірегейі емеспіз бе? 

Сондықтан да біз алмайтын асу, біз бағындырмайтын белес жоқ. Тек қана ісімізді сүйіспеншілікпен 

орындауымыз қажет. Ал сүйіспеншілікпен орындалған әрбір істің оң нәтиже беретіні анық. 

Елбасымыз атап өткендей біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған 

тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Алайда бүгінде әлем барлық салалардағы терең әрі қарқынды 

өзгерістер  кезеңіне  қадам  басып  келеді.  Біз  осы  жаһандық  өзгерістер  мен  сын-қатерлерге 

дайын  болуымыз  қажет.    Мемлекетіміздің  басшысы  халыққа  Жолдауында  көздеген  мақсатқа 

жету үшін  орындауға тиісті нақты міндеттерді айқындап көрсетіп берді. Елбасы тарихымызда 

жаңа  дәуірдің  басталғандығын  атай  келе,  осы  аталған  «цифрлық  дәуірге»  нық  сеніммен  аяқ 

басуды,  сол  дәуірде  мәңгі  тұрақтауды  мұрат  етіп  қойып  отыр.  Ендігі  жерде  Отанымыздың 

көркеюі әркімнің «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты болмақ. 

Ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқан әлем көшінен қалыспау үшін Елбасымыз қойған 

нақты міндеттер мен «Рухани жаңғыруда» айтылған құндылықтарды білім саласында жүзеге 

асыра отырып, адам капиталының өз білімдерін заманның талаптарына сай өмірде қолдана 

алуына ықпал жасауымыз керек. Шәкірттеріміздің бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін бар 

күш-жігерімді саламыз. Барша ұстаздардың алға қойған мақсаты да осы деп білемін. Аталған 

міндеттерді «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» орындайтын болсақ, біз армандаған, біз 

көздеген озық әрі жаһандық көзқарасы бар ақылды ұлтқа айналатынымыз анық. Қазақстанның 

жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін! Жаңалыққа 

толы  бағдарлама  аясында  жасаған  жұмыстарымыздың  нәтижесі  шәкірттеріміздің  білімінен, 

бағындырған белестерінен көрініс таба берсін! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет