МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ
НАСЛЕДИИ
3
1-СЕКЦИЯ
Гүлсевин Г.,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Түркия
ШУМЕР МЕН ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТІЛДІК БАЙЛАНЫСТАРЫ
Шумер тілі − біздің эрамызға дейінгі үшінші мыңжылдықта Месопотамияның оңтүстігінде
сөйленген және сына жазулы көне мәтіндері табылған әлемнің ең ескі жазба тілі. Әлбетте, сол
заманда немесе одан ерте кезде де басқа тілдер мен өркениеттер болған, бірақ олардан бүгінгі
күнге дейін жазбаша мәтін қалмады. Біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылы шумерлер өздерінің
саяси басымдығын жоғалтқан кезде, шумер тілі ауызекі тіл ретінде аккад тіліне жол берді, бірақ
сына жазуы қолданылған уақыт бойы жазба тіл болып қала берді. Шумерлердің жазба тілі
христиандықтың басталғанына дейін қолданылған.
Адамзат тарихындағы
ең көне жазба тіл болғандықтан, шумершемен тілдік туыстықты
немесе тілдер арасында анықталатын байланысты көп ғалымдар іздеді, бірақ дәлелді лингвис-
тикалық
әдістері қолданылмағандықтан, мәселе әлі шешілген жоқ. Алдымен бұл тілдің акат
тілімен
байланысы қарастырылды, кейінірек акат тілі семит тіліне жататыны белгілі болған
кезде, бұл ой өздігінен ұмытылды. Шумершемен (бір-бірінен мүлдем басқа топтардағы) Египет,
Қытай, Орал-Алтай, Семит сияқты тілдердің туыстығын қолдайтын пікірлер де сенімді дәлел-
дерге мұқтаж.
Бұл баяндамада түркі тілі мен шумер тілінің тарихи байланысы туралы сөз созғайтын боламыз.
Баяндама мәтінінде шумер тілі, шумершенің негізгі сипаты, ол тілдің өлі немесе тірі тілдер-
мен байланысы, осы мәселе бойынша Түркияда жүргізілген зерттеулер туралы ақпарат жаздым.
Бірақ уақыт өте аз болғандықтан, олардың ішіндегі ең сенімдісі − менің докторлық жетекшім,
профессор Осман Недим Тунаның айтқан дәлелдерін ұсынамын.
Шумершеге ең көп қызығушылық танытқан Ф. Хоммель болды.
Өзінің зерттеулерінің
нәтижесінде Хоммель алдымен шумер тілін Алтай тілдерінің бірі деп санады, ал 1884 жылы ол
әрі қарай жүріп, шумерлер мен акаттарды ортақ бір Алтай халқы деп таныды. Хоммель Шумер-
ше мен Орал-Алтай (әсіресе түркі) тілдерінің лингистикалық және морфологиялық ұқсастықта-
рын келтіре отырып, Қашқарлы Махмұттың Диуани лұғатит түрк
сөздігіндегі сөздерімен
салыстырды.
1
Оның дәлелдеген мысалдарының кейбірі осындай:
Шумерше
Достарыңызбен бөлісу: