3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитетті Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген
тəртіпке сəйкес Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі
қызметке тағайындайтын жəне қызметтен босататын Төраға басқарады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес
жауапты хатшы қызметке тағайындайтын жəне қызметтен босататын үш
орынбасары болады.
19. Комитет төрағасы Комитетке басшылық етуді жүзеге асырады,
Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын
жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
20. Комитет төрағасы:
1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ережесін бекітеді;
3) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін
қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады;
4) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерінің
іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта
даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу жəне сыйақы
беру, сондай-ақ тəртіптік жауапкершілігі мəселелерін шешеді.
5) өз құзыреті шеңберінде Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда жəне өзге де ұйымдарда тиісті заңнамаға
сəйкес Комитет өкілі болады;
7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекетке бағытталған
шаралар қабылдайды жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған
шараларға дербес жауапты болады;
8) тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан
тұлғаларға құрмет грамоталарын жəне алғыс хаттарды беру жөніндегі
мəселелерді шешеді;
9) өз құзіреті шеңберінде басқа да мəселелер бойынша шешім қабылдайды.
21. Төраға жұмыста болмаған жағдайда Комитет қызметінің жалпы
басшылығы мен Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға жəне оның
өз функцияларын іске асыруға дербес жауапкершілікте болу Төраға
орынбасарларының біріне жүктеледі.
22. Комитеттің консультациялық кеңесші орган болып табылатын алқасы
болуы мүмкін. Алқаның сандық жəне жеке құрамын Төраға бекітеді.
23. Комитет қызметін ұйымдастыру бойынша басқа да мəселелер
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер, Министрлік жəне
Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.
Мемлекеттік тіл саясаты
314
4. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің
жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады,
сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден
тұрады.
25. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы
заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған
басқа да жолмен билік етуіне жол берілмейді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру жəне тарату
27. Комитетті қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының
заңнамаларына сəйкес жүзеге асырылады.
___________________________
Мемлекеттік тіл саясаты
315
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері
ОРТАДАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙ
Жалпы меңгеру
ҚР СТ 1925-2009
Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің
Техникалық реттеу жəне метрология комитеті
(Мемстандарт)
Астана
Мемлекеттік тіл саясаты
316
Алғысөз
1 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ы. Ал-
тынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» республикалық мемлекеттік
қазыналық кəсіпорны ƏЗІРЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ұлттық те-
стілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны ЕН-
ГІЗДІ
2 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігі
Техникалық реттеу жəне метрология комитеті төрағасының 2009 жылғы 30
желтоқсандағы № 647-од бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕН-
ГІЗІЛДІ
3 Осы стандартта Орыс тілі шет тілі ретіндегі мемлекеттік білім беру
стандартының негізгі ережелері ескерілген (ІІ-сертификаттау деңгейі. Жал-
пы меңгеру).
4 Осы стандартта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №
319-ІІІ Заңының; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңының нормалары іске асырылған
5 АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2014
жыл
ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5
жыл
6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Осы стандартқа енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат «Стандарттау
бойынша нормативтік құжаттар» сілтемесінде, ал өзгерістер мəтіні – ай
сайынғы «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жария-
ланады. Осы стандартты қайта қараған немесе ауыстырған (жойған)
жағдайда, тиісті ақпарат «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сіл-
темесінде жарияланатын болады
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда
министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің рұқсатынсыз
ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп басылып шығарыла,
көбейтіле жəне таратыла алмайды
Мемлекеттік тіл саясаты
317
Кіріспе
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі [1]. Қазақ тілінің
қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде
арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді оқытуды, үйретуді
тиімді жүзеге асыру, оқыту сапасына қатаң талап қою, тіл қолданушының
өздігінен білім алуын ұйымдастыру, оның нəтижелеріне тұрақты бақылау
жасау. Тілді меңгеру, деңгейлеп оқыту негізінде сатылы түрде жүретіндіктен,
əр деңгей түпкі мақсатына қарай тіл қолданушының коммуникативтік
құзыреттілік деңгейін анықтауды қажет етеді.
Коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін бағалау, анықтау тіл-
дік тұлғаның қалыптасу, даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді [3].
Оқытудың нəтижесін бағалау əрбір деңгейдің соңында жүргізіліп отырады.
Қазақ тілін коммуникативтік деңгейде білу құзыреттілігі – тілдік тұлға мо-
делін құрайтын негізгі құрауыш болып табылады.
Қазақстандық тіл білімін бағалау қазақ тілін меңгеруді 6 деңгей бойын-
ша анықтайды. Қазақ тілін меңгеру деңгейлері еуропалық тіл меңгерулердің
деңгейлері [6] 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Деңгейлер
Лингвисти-
калық тұрғыдан
Лингводидакти-
калық тұрғыдан
Еуропалық
стандарт
деңгейлерімен
сəйкестігі
I. Қарапайым
деңгей
Вербалдық-
семантикалық
деңгей
«Бағдар» +
«Тілашар»
А-1; А-2
II. Базалық
деңгей
III. Орта
деңгей
Когнитивтік
тезаурустық
деңгей
«Тіл дамыту»+
«Тіл ұстарту»
В-1; В-2
IV. Ортадан
жоғары
деңгей
V. Жоғары
деңгей
Мотивациялық-
прагматикалық
деңгей
«Тіл мəдениеті» +
«Тілдік тұлға»
С-1; С-2
VI. Жетік
деңгей
Қазақ тілінен білім беруде тілдің барлық саладағы, барлық жағдайдағы
ауызша жəне жазбаша қолданыстағы құрылымдары тілді меңгеруді
бағалаудың негізіне алынады. Бағалау деңгейлері тілді ауызша жəне жаз-
баша үйренудегі жүйені, дыбыстау жүйесін, тілде түрлі коммуникациялық
Мемлекеттік тіл саясаты
318
мақсаттағы қызметтерді атқаратын жалғаулардың қолданысын, сөздердің
жасалуын, кез келген сұрақ типтерін, сөйлем типтерін түсіне алуын,
сөздердің тура жəне ауыспалы мағыналардағы қолданысын меңгеруін, өз
мақсаты мен ойын жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдана білуін, жаза жəне
айта алу деңгейін бағалауды көздейді. Бағалау барысында барлық лексика-
грамматикалық құрылымдар жəне сол құрылымдарды қамтыған тілдегі ма-
териалдар қабаты, оларды бағаланушының тыңдап түсінуі, меңгеруі, оқып
түсінуі, дұрыс жазу деңгейін игеруі, сөйлей білуі, айта білуі бағалау аппара-
тына негіз болады. Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін
тілді меңгеру əрекетінің түрлері: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым
[7], лексика-грамматика пайдаланылады.
Қазақ тілінен білім беру мен бағалау қазақ тілін қолданушының қазақ
тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде жəне жазба тілде, ресми жəне ресми емес
қатынастарда, психологиялық күйдің барлық жағдайларында, күрделі ойлар
желісін білдіру мақсатында қолданылатын қарым-қатынас деңгейлерінде,
жазба қарым-қатынас барысында қолдана алу деңгейін анықтауға
бағытталады [2].
Мемлекеттік тіл саясаты
319
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері
ОРТАДАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙ
Жалпы меңгеру
Енгізілген күні 2010-02-01
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт қазақ тілін меңгерудің ортадан жоғары деңгейі бойынша
коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын белгілейді [4].
Стандарт ережелерін Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ
тілін меңгерудегі коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерi бағытында
өздерінің ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысанда-
рына, оқыту түрлеріне қарамастан тіл үйретуші, оқытушы ұйымдар мен ме-
кемелер қолдануға жəне сақтауға міндетті. Стандарт талаптары қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - Қазтест тапсырмаларын қалыптастыруда
міндетті болып табылады [5].
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжат
қажет:
ҚР СТ 1926-2009 Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзырет-
тіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру.
ЕСКЕРТПЕ: Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарт-
тардың жарамдылығын ағымдағы жылдың жағдайына қарай жыл сайын
басып шығарылатын «Стандарттаудың нормативтік құжаттары» атты
ақпараттық сілтеме бойынша жəне ағымдағы жылда ай сайын басып
шығарылатын ақпараттық сілтемелерге сəйкестігін тексеру қажет. Сілте-
мелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) жағдайда осы стандартты пайдала-
ну кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Сіл-
темелік құжат ауыстырылмай жойылған жағдайда сілтеме берілген ережесі
осы сілтемені қамтымаған бөлігінде қолданылады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта ҚР СТ 1926-2009 стандартының терминдері қолданылады.
Ресми басылым
Мемлекеттік тіл саясаты
320
4 Қазақ тілін меңгерудегі ортадан жоғары деңгейдің жалпы ережелері
Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерген тіл қолданушы қазақ тіл-
ділермен тілдік қарым-қатынас жасау жағдайларында өзінің қажеттіліктерін
қанағаттандыруға мүмкіндік алады. Ортадан жоғары деңгейдегі тілдік
қарым-қатынас жағдайлары тұрмыстық, мəдени-əлеуметтік жəне білім сала-
ларында жүзеге асады. Бұл салалардағы тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз
ететін тілдік құралдардың жиынтығы ортадан жоғары деңгейдің коммуника-
тивтік қажеттілік талаптарымен шектеледі.
Ортадан жоғары деңгейдің сертификатын иелену тіл қолданушының
жалпы мəдени мақсаттарда қазақ тілін ары қарай үйрену жəне кəсіби қарым
қатынаста тілдік құрал ретінде қазақ тілін пайдалану үшін қажетті жəне
жеткілікті білімнің бар болуын куəландырады (сертификаттың үлгісі А
қосымшасында көрсетілген).
4.1 Ортадан жоғары деңгейдің сипаттамасы
Тіл қолданушы ортадан жоғары деңгейде нақты жəне абстрактілік
тақырыптар бойынша күрделі мəтіндердің, оның ішінде кəсіби мəтіндердің
жалпы мазмұнын түсіне алады. Тіл қолданушы тілдік қатынаста бірден, тез
қазақ тілділермен екі жаққа да қиындық тудырмай сөйлесе біледі. Əр түрлі
тақырыптарға нақты, толық хабар бере алады жəне негізгі мəселе бойынша
өз көзқарасын жеткізе отырып, басқа пікірлердің жетістіктері мен кемшілік-
терін көрсете алады. Тілдік қатынастың кəсіби, оқу, мəдени салаларындағы
жағдайларының жеткілікті көлемінде қарым-қатынас жасай біледі.
Ортадан жоғары деңгейде қазақ тілін меңгеру əрекетінің түрлері бойын-
ша сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
ТЫҢДАЛЫМ
Тіл қолданушы əдеби нормада қалыпты жылдамдықпен
айтылған нақты жəне абстрактілі тақырыптағы ақпарат-
тарды түсіне алуы, қазақ тілділермен (ұлт өкілімен)
дайындықсыз сұхбатқа түсе алуы керек.
Тіл қолданушы айналасында айтылып жатқан əңгімелерді
қиындықпен түсінеді. Бір мезгілде бірнеше ұлт өкілдері-
мен тілдік қарым-қатынасқа түсе алмайды. Жолда, іс
сапарда кез келген жағдайда ресми мекемелермен қаты-
сымға түсе алуы керек.
Тіл қолданушы өз қызметі шеңберіндегі тақырыптар
бойынша қалыпты нормада айтылған лингвистикалық
құрылымы мен мағыналық жағынан күрделі, нақты жəне
абстрактілі тақырыптардағы негізгі ойды түсіне алуы
керек. Тіл қолданушы кəсіби білім саласына қатысты
дəріс, сұхбат, баяндамалардың жəне т.б. тақырыптың,
лингвистикалық күрделі хабарламалардың негізгі түпкі
ойын түсіне алуы қажет.
Мемлекеттік тіл саясаты
321
2-кесте (жалғасы)
Тіл қолданушы əдеби нормада үнтаспаға жазылған ха-
барламаларды тыңдай алуы жəне ондағы айтушының
бір нəрсеге көзқарасын анықтай алуы, хабарламадағы
ақпаратты қолдана алуы қажет.
Тіл қолданушы радиодан əдеби нормада берілген дерек-
ті радиохабарлардың жəне басқа да материалдардың
көпшілігін түсіне алуы, ондағы сөйлеушінің сөйлеу
мəнері мен көңіл-күйін анықтай алуы қажет. Айналадағы
нəрселерге назар аудармай, жалпы тақырыптарға ұзақ
əңгімелесе алуы қажет. Тілді қолданушымен əңгімелесу
кезінде эмоциясын жеткізе алуы жəне осы тақырыпқа де-
ген өз қызығушылығын білдіре алуы керек, бірақ бірнеше
адамдардың талқылауына толық қатыса алмайды.
ОҚЫЛЫМ
Тіл қолданушы өзін қызықтыратын салаға қатысты хат-
хабарларды, үлкен мəтіндерді, нақты бір тақырыпқа
байланысты, арнаулы мақалаларды; автордың белгілі
ұстанымын ажырата алуы; сөздік қоры көмектесетінін,
терминдер мен сирек қолданылатын идиомалар кедергі
келтіретінін түсіне алуы керек. Тіл қолданушы кəсібіне
қатысты хаттарды жəне кəсіби саласына қатысы жоқ ар-
найы мақалаларды түсінеді (сөздікпен). Кəсіби саласына
қатысты жоғары арнаулы деректерден қажетті ақпаратты
ала алуы; ұзақ мəтіндерден тіл қолданушы қажетті
ақпаратты таба алуы қажет.
Мəтіннің түрі мен көлеміне байланысты аздаған шек-
теуліктер кездеседі – тапсырманың қойылуына байла-
нысты түрлі мəтіндерді əр түрлі жылдамдықта жəне əр
түрлі тəсілмен оқи алуы қажет. Таныс емес жəне арнайы
мəтіндерді оқығанда сөздік қажет.
Жалпы бағдарламалық мақсаттағы оқылым
Тіл қолданушы үлкен, күрделі мəтіндерді қарап шыға
алады, маңызды жерлерін бөліп ала алуы қажет. Мақала
мазмұнын тез түсінеді жəне жаңалықтың өзектілігін,
мақала немесе хабарлама тақырыбының кəсіби
мінездемесінің кең көлемдігін анықтап, оны ары қарай
қарауға болатынын белгілейді.
Ақпараттар мен дəйектемелер алу мақсатындағы оқу
Тіл қолданушы жабдықтарды пайдалануға арналған
нақты, қарапайым ережелерді түсіне алуы қажет.
Телехабарлар мен фильмдерді көру
Тіл қолданушы ағымдағы оқиғалар туралы бағдарлама
мен көптеген теледидарлық жаңалықтар бағдарламасын
түсіне алуы қажет. Тіл қолданушы деректі фильмдерді,
тікелей сұхбат, ток-шоу, диалектілер көп қолданылатын
фильмдерді түсіне алуы қажет.
Мемлекеттік тіл саясаты
322
2-кесте (жалғасы)
Тіл қолданушы өзін қызықтыратын мəселелер бойынша
хат-хабарларды оқи алуы жəне оның негізгі мағынасын
түсіне алуы қажет.
Тіл қолданушы мəтін түріне жəне өзіндік мақсаттарына
қажетті
анықтамалық
материалдарға
байланысты
оқылымның түрін, жылдамдығын өзгерте отырып, жеке
оқумен айналыса алуы керек.
ЖАЗЫЛЫМ
Тіл қолданушы шынайы немесе ойдан алынған оқи-
ғаларды пайдаланып, таңдаған жанрының шарттарына
сəйкес мəтінді айқын, нақты етіп құрастыра алуы керек.
Тіл қолданушы өзін қызықтыратын мəселелерді анық
жəне нақты сипаттай алуы қажет.
Тіл қолданушы фильмге, кітапқа, пьесаға пікір жаза алуы
қажет.
Тіл қолданушы өз көзқарасын білдіретін жүйелі
дəлелдемелерінің маңызды кезеңдері мен бөлімдері си-
патталатын эссе немесе баяндама жаза алуы қажет.
Тіл қолданушы түрлі идеялар мен шешілген мəселелерге
баға бере алуы қажет.
Тіл қолданушы қандай да бір ұстанымның (позиция)
дамуына белгілі көзқарас тұрғысынан келісімі мен
қарсылығын білдіре отырып, шешім нұсқаларының кем-
шіліктері мен жетістіктерін түсіндіретін эссе немесе
баяндама жаза алуы қажет. Бірнеше көзқарастарды біл-
діретін ақпарат пен дəйектерді жинақтай алуы керек.
Тіл қолданушы бірнеше дереккөздерден алынған
ақпараттар мен дəйектерді қорытындылап, түрлі
мəселелер сипатталған анық, нақты мəтін жаза алуы
қажет.
АЙТЫЛЫМ
Тіл қолданушы қысқа, қарапайым хабарландыру жасай
алуы қажет.
Тіл қолданушы қысқа əңгіме, мақала, интервью немесе
деректі фильм туралы өз көзқарасын жəне оның қысқаша
мазмұнын айта алуы қажет.
Тіл қолданушы идеялық байланысты нақты анықтай
отырып, бос уақытқа қатысты жағдайларға байланысты
кəсіби оқу жалпы тақырыптарға еркін, дəл, тез, тиімді
неғұрлым ресми түрде дайындықсыз сөйлей алуы қажет.
Тіл қолданушының даулы жағдайларды шешуге қажетті
тілдік құралдары жеткілікті болуы керек, мысалы: жол
оқиғасы кезінде, қаржылық жауапкершілік жүктелгенде
пайда болған мəселелерді түсіндіре алуы қажет. Шығынды
орнына келтіруді талап ете алуы қажет.
Тіл қолданушы айналадағы нəрселерге назар аудармай,
жалпы тақырыптарға ұзақ əңгімелесе алуы қажет.
Мемлекеттік тіл саясаты
323
2-кесте (жалғасы)
Тіл қолданушымен əңгімелесу кезінде эмоциясын жеткі-
зе алуы жəне осы тақырыпқа деген сөз қызығушылығын
білдіре алуы қажет.
Тіл қолданушылардың қызу əңгімесіне қолдау көрсете
алуы жəне бірнеше адамдардың талқылауына толық
қатыса алуы қажет.
Тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым жəне жазылым
бөліктері бойынша тест тапсырмаларының үлгілері Б қосымшасында кел-
тірілген.
5. Ортадан жоғары деңгей талаптарының мазмұны
5.1 Коммуникативтік сөйлеу құзыреттілігінің мазмұны
5.1.1 Жағдайлар жəне қатысым тақырыптары
Аталған деңгей аясында тіл қолданушы коммуникативтік міндет-
ті шеше алуы үшін жай, қарапайым сөйлесіммен ғана емес, сөйлеудің
күрделі ұмтылыстарында, сондай-ақ нақты коммуникативтік процестерді,
коммуниканттардың өзара əрекеті, олардың бағалау позициясын жеткізе ала-
тын сөйлесім блоктарын меңгеруі қажет.
Қарым-қатынас орнату ниеттері: тілдік қатысымға түсу, əңгімені бас-
тау, əңгімені қолдау, əңгіме тақырыбын бұру, өзгерту, қатысым жағдайына
сəйкес əңгімені аяқтай алуы, өзін таныстыра алуы, өзгені ұсынып таныс-
тыра алуы, əңгімелесушілердің əлеуметтік рөліне сəйкес қоштаса алуы,
ризалығын білдіру, кешірім сұрай алуы, құттықтай алуы, көңіл айта алуы,
сəттілік тілеу, шақыру.
Реттеуіш ниеттер: əңгімелесушіні белгілі бір іс-əрекетке мəжбүрлеу,
өтініш білдіре алу, кеңес, ұсыныс, талап, бұйрық, нұсқау, мəжбүрлеуге ден
қою, келісім беру/бермеу, рұқсат, тыйым, қарсылық, күмəндану, уəде беру,
растау, куəландыру, кепілдеме беру, үміттендіру.
Ақпараттық ниеттер: оқиға жəне факт туралы сұрау, шарттары,
мақсаты, себебі, салдары, мүмкіндігі, ықтималдылығы, қажеттілігі, сондай-
ақ толықтыру, нақтылау, анықтау, түсіндіру жəне т.б.
Бағалауыштық ниеттер: интеллектуалдық (зияткерлік қатынастарды
білдіру, анықтау), тілек айту, сұраныс, ниет, таңдау, пікір, болжау, моральдық-
этикалық бағалау, мақұлдау, жазғыру, айыптау, əлеуметтік-құқықтық
бағалауды білдіру, анықтау; ақтау, қорғау, рационалды бағаны білдіру,
анықтау; стандартпен, нормамен салыстыру, тиімділігін, мүмкін/ мүмкін
еместігін, шындығын, шынайылығын салыстыру жəне т.б., эмоциялық
бағалауын білдіру, анықтау; артықшылығын айту, разы/разы еместігін,
таңдамасын, немқұрайлығын, ренжуін, қуаныш-қайғысын, қызығушылығын,
қорқынышын, мазалауын, қауіптенуін, үмітін білдіру, айту.
Тіл қолданушы өзінің коммуникативтік мүмкіндіктерін мынадай қатысым
жағдайларында:
Мемлекеттік тіл саясаты
324
Достарыңызбен бөлісу: |