1-кесте
Деңгейлер
Лингвистикалық
тұрғыдан
Лингводидак-
тикалық тұрғыдан
Еуропалық
стандарт
деңгейлері-
мен сəйкестігі
I. Қарапайым
деңгей
Вербалдық-
семантикалық
деңгей
«Бағдар» + «Тіла-
шар»
А-1; А-2
II. Базалық
деңгей
III. Орта
деңгей
Когнитивтік
тезаурустық деңгей
«Тіл дамыту»+
«Тіл ұстарту»
В-1; В-2
IV. Ортадан
жоғары
деңгей
V. Жоғары
деңгей
Мотивациялық-
прагматикалық
деңгей
«Тіл мəдениеті» +
«Тілдік тұлға»
С-1; С-2
VI. Жетік
деңгей
Қазақ тілінен білім беруде тілдің барлық саладағы, барлық жағдайдағы
ауызша жəне жазбаша қолданыстағы құрылымдары тілді меңгеруді
бағалаудың негізіне алынады. Бағалау деңгейлері тілді ауызша жəне жаз-
Мемлекеттік тіл саясаты
348
баша үйренудегі жүйені, дыбыстау жүйесін, тілде түрлі коммуникациялық
мақсаттағы қызметтерді атқаратын жалғаулардың қолданысын, сөздердің
жасалуын, кез келген сұрақ типтерін, сөйлем типтерін түсіне алуын,
сөздердің тура жəне ауыспалы мағыналардағы қолданысын меңгеруін, өз
мақсаты мен ойын жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдана білуін, жаза жəне
айта алу деңгейін бағалауды көздейді. Бағалау барысында барлық лексика-
грамматикалық құрылымдар жəне сол құрылымдарды қамтыған тілдегі ма-
териалдар қабаты, оларды бағаланушының тыңдап түсінуі, меңгеруі, оқып
түсінуі, дұрыс жазу деңгейін игеруі, сөйлей білуі, айта білуі бағалау аппа-
ратына негіз болады. Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру
үшін қазақ тілін меңгеру əрекетінің түрлері: тыңдалым, оқылым, жазылым,
айтылым [7], лексика-грамматика пайдаланылады.
Қазақ тілінен білім беру мен бағалау қазақ тілін қолданушының қазақ
тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде жəне жазба тілде, ресми жəне ресми емес
қатынастарда, психологиялық күйдің барлық жағдайларында, күрделі ойлар
желісін білдіру мақсатында қолданылатын қарым-қатынас деңгейлерінде,
жазба қарым-қатынас барысында қолдана алу деңгейін анықтауға
бағытталады [2].
Мемлекеттік тіл саясаты
349
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік
тілдік құзыреттіліктері
ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙ
Жалпы меңгеру
Енгізілетін күні 2010-07-01
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт қазақ тілін меңгерудің қарапайым деңгейі бойынша
коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын белгілейді [4].
Стандарт ережелерін Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ
тілін меңгерудегі коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бағытында
өздерінің
ведомстволық
бағыныштылығына,
ұйымдық-құқықтық
нысандарына, оқыту түрлеріне қарамастан тіл үйретуші, оқытушы ұйымдар
мен мекемелер қолдануға жəне сақтауға міндетті. Стандарт талаптары
қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест тапсырмаларын
қалыптастыруда міндетті болып табылады [5].
2 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер
қолданылды:
2.1 Коммуникативтік құзыреттілік: мақсаты мен жағдайына сай
күнделікті өмірде кез келген іс-əрекет саласында тіл құралдары арқылы тілді
қолдану (түсіну, жазу, оқу, сөйлеу) əрекетін іске асыру қабілеті.
2.2 Тілдік құзыреттілік: лексика-грамматикалық, фонетикалық
түсініктердің қалыптасуы, оларды тілді қолдану процесінде грамматикалық,
синтаксистік, стилистикалық нормаларға сəйкес пайдалана білу, əдеби тілді
жəне жазуды еркін білу қабілеті.
2.3 Интенция (латын тілінен – ұмтылу, көңіл бөлу, талпыну): сана-
сезімнің бір немесе басқа нəрсені білуге бағытталуы, талпынуы.
2.4 Лексикалық минимум: тілді меңгеру деңгейлер талаптарына сəйкес
сөздер мен сөйлемшелердің минималды жиынтығы.
2.5 Мəтіннің аутенттілігі (грек тілінен «authentic» «intention» – дұрысына
сай): мəтіннің дұрыстығы, анықтығы, нақтылығы.
2.6 Тыңдалым – есту арқылы қабылданған мəтінді түсіну.
Ресми басылым
2.7 Тілдік іс-əрекет: тілдік қарым-қатынас барысында тіл құралдары
арқылы ақпаратты қабылдау жəне жеткізу процесі.
2.8 Лексика: тілдегі сөздер жиынтығы, тілдің сөздік қоры.
2.9
Грамматика:
тілдің
грамматикалық
құрылысын,
оның
Мемлекеттік тіл саясаты
350
заңдылықтарын, морфология, синтаксисті зерттейтін тіл білімінің бір сала-
сы.
2.10 Синтаксис: сөздердің бір-бірімен байланысу тəсілдері мен түрлері,
сөз тіркестері мен сөйлемдердің құрылысы, сөйлемдегі сөздердің қызметі.
2.11 Фонетика: тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің саласы.
2.12 Морфология: сөздердің грамматикалық мағыналары мен формала-
ры, грамматикалық категориялар, сөздердің морфологиялық құрамы мен сөз
таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты.
3 Қазақ тілін меңгерудегі қарапайым деңгейдің жалпы ережелері
Тіл қолданушы қазақ тілін меңгерудің қарапайым деңгейінде қатысым
барысында шағын диалогтар мен ауызекі сөйлеу тілінде сөйлесе алуы қажет.
Бұл деңгейдегі қатысым жағдайлары тұрмыспен, мəдени-əлеуметтік са-
лалармен байланысты.
Аталған салаларда коммуникативтік қатысымды жүргізу үшін тілдік
құралдардың қажетті біраз бөлігін нақты пайдалану керек.
Қарапайым деңгейдің сертификаты тілді оқып-үйренудің базалық
деңгейіне əкелетін нəтиженің көрінісі (сертификаттың үлгісі А
қосымшасында көрсетілген).
Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеруге жету үшін 100-120 оқу сағаты
қажет деп есептеледі.
3.1 Қарапайым деңгей cипаттамасы
Тіл қолданушы күнделікті қатысым жағдаяттарда қарапайым коммуни-
кативті құзыреттілігінің шектелген түрін қанағаттандыра алуы қажет. Тіл
қолданушы:
-
нақты міндеттерді орындауға қажетті таныс фразалар мен
сөйлемшелерді пайдалана алуы қажет;
-
өзін жəне басқа біреулерді таныстыра алады, тұратын мекен-жайы,
таныстары, мүліктері туралы сұрап, жауап бере алуы қажет. Тілдесушінің
асықпай, анық айтқан сөздерін түсініп, жеңіл сөйлесімдерге қатысады жəне
қажетті көмек көрсете алуы қажет.
Қарапайым деңгейде қазақ тілін меңгеру əрекетінің түрлері бойынша си-
паттамасы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
ТЫҢДАЛЫМ
Тіл қолданушы жай, асықпай, анық айтылған сөздерді
түсінеді, қарапайым нұсқауларды орындай алуы қажет.
ОҚЫЛЫМ
Тіл қолданушы Өөте қысқа қарапайым мəтіндер,
қарапайым қысқа сипаттамалар, əсіресе суреттер арқылы
келген сипаттамалар, қарапайым жəне қысқа жазбаша
құрылымдар, мысалы, қарапайым қысқа ашық хаттар,
қарапайым хабарландыруды, таныс есімдер, сөздер жай
сөйлемдерді оқи алуады қажет.
Мемлекеттік тіл саясаты
351
2-кесте (жалғасы)
Тіл қолданушы əр фразаны жеке-жеке оқыту, мəтін
бөліктерін қайталап оқи алуы керек.
Жалпы бағдарлық мақсаттағы оқылым
Тіл қолданушы Ттаныс есімдерді, сөздерді, күнделікті
өмірде кездесетін қарапайым фразалар мен хабарландыру-
ларды оқи алуы керек.
Тіл қолданушы қысқа, қарапайым жазбаша нұсқауларды
басшылыққа ала алуы керек (Мысалы, Х пунктінен Y пунк-
тіне қарай жүру).
Хат-хабарларды оқу
Тіл қолданушы қарапайым қысқа мазмұнды ашық хаттың
мазмұнын түсіне алуы керек.
ЖАЗЫЛЫМ
Тіл қолданушы өзінің қайда тұратынын, жұмысы жəне
өзіне таныс адамдар туралы жай сөйлемдер мен фразалар-
ды жаза алуы керек.
Тіл қолданушы бір-бірімен байланыссыз жай сөйлемдерді
жаза алуы қажет.
АЙТЫЛЫМ
Тіл қолданушы өзіне өте таныс тақырыптар жөнінде қысқа
сұрақтар қойып, сол сияқты сұрақтарға жауап бере алуы
керек.
Тіл қолданушы өзіне тікелей бағытталған қарапайым нақты
лебіздерді түсіне алуы керек. Тіл қолданушы адамдар мен
мекенжай туралы өзара байланыссыз сөйлемдер айта алу
керек; өзінің мекенжайы, қызметі, өзі туралы сипаттай
алу; сұхбат кезінде өзінің өмірі туралы нақты жəне жай
айтылған қарапайым сұрақтарға жауап бере алуы керек.
Тіл қолданушы өзі, қызмет істейтін жері, тұратын мекен-
жайы туралы сипаттап бере алуы керек.
Тіл қолданушы өте қысқа алдынала дайындалған хабарла-
маларды, баяндамашыны, тілек айтушыны таныстыра
алуы қажет.
Тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым жəне жазылым бөлік-
тері бойынша тест тапсырмаларының үлгілері Б қосымшасында келтірілген.
4 Қарапайым деңгей талаптарының мазмұны
4.1 Коммуникативті сөйлеу құзыреттілігінің мазмұны
4.1.1 Интенциялар. Қарым-қатынас жағдайлары мен тақырыптары
4.1.1.1 Тіл қолданушы белгілі бір коммуникативтік мəселені шешу үшін
мыналарды білуі керек:
- біреумен амандасып, таныса білуге, келесі адамды таныстыра алуға,
рұқсат сұрай, кешірім сұрай, кейбір түсініксіз жайларды қайталауын өтіне
Мемлекеттік тіл саясаты
352
білуге, əңгімені демеп, көтермелей білуге, əңгіме соңында қоштаса білуге
тиіс. Өзіне айтылған мақтау сөз бен кешірім өтінушіге жауап бере білуге тиіс;
- болған оқиға мен іс туралы хабарлай білуге, ол жайлы сұрақ қоя білу-
ге тиіс, заттың бар-жоқтығы, неден, қалай жасалғандығы, сапасы жайлы,
оқиғаның болған уақыты, болған жері, себебі жайлы айта алуға тиіс;
- тілек айта, өтініш жасай, ұсыныс, шақыру, келіспеу, қарсылық білдіре
алуы керек;
- затқа, іске, оқиғаға, тұлғаға өз көзқарасын білдіре алуға тиіс.
4.1.1.2 Тіл қолданушы төмендегідей 3-кестеге сəйкес қарапайым комму-
никативтік қажеттілігін қанағаттандыра алуға тиіс:
3-кесте
Қарым-қатынас
жағдайлары
Тіл қолданушыға қойылатын талаптар
Үйде, отбасында Тіл қолданушы отбасы мүшелерімен амандаса алуы,
туыстық атауларды білуі, бір-бірінің көңіл-күйін,
денсаулығын, хал-жағдайын сұрай білуі керек.
Дүкенде,
дүңгіршекте,
кассада
Тіл қолданушы не алатыны туралы, түрі-түсі,
ұнайтыны, ұнамайтыны туралы хабарлау; қажет затты
қайдан алуға болатыны туралы, қанша ақша төлеу ке-
ректігі туралы сұрау; затты көрсетуін, ауыстыруын,
өлшеп көруін өтінуі қажет.
Асханада,
дəмханада, мей-
рамханада
Тіл қолданушы не сатып алатыны туралы, неге тап-
сырыс беретіні туралы, хабарлау; орынның бос па,
бос емес пе екендігі туралы, таңдаған дəмінің бар-
жоқтығын сұрай білу, таңдаған тамақты əкелуін өтіну;
тағамның ақысын, бағасын сұрай білуі қажет.
Емханада,
дəрігерде,
дəріханада
Тіл қолданушы Ддəрігердің қайда, қашан қабылдай-
тындығы туралы білу, қай жері ауыратыны, дəрі-дəр-
мек қабылдағаны туралы айтып беру;. дəрі-дəрмек, анық-
тама жазып беруін өтіну;. дəрілердің дəріханада бар-
жоқтығын, қанша тұратындығын жəне қалай қабылдау
керектігін сұрап білуі қажет.
Телефонмен
сөйлесу
Тіл қолданушы кіммен сөйлескісі келетіндігі, оның бар-
жоқтығын, қашан болатындығын айта білу; кіммен
сөйлесіп тұрғаны немесе жедел жəрдемді қалай шақы-
руға болатындығын сұрай білу; дауысын қатты шыға-
рып айтуын, біреуге хабарды жеткізу, қайталауын
өтінуі қажет.
Əуежайда, темір
жол вокзалында,
автовокзалда
Тіл қолданушы қайда билет алатындығын хабарлау,
билеттің қанша тұратындығын сұрай білу, көліктің
қашан жүретіндігін сұрай алуы қажет.
Күн, апта, ай
атаулары, жыл
мезгілдері
Бір аптадағы күн атауларын білу, ай атауларын білу,
жылдың төрт мезгілін сипаттай білу, ауа райы туралы
мəліметті түсіну, айту, сұрай білуі қажет.
Мемлекеттік тіл саясаты
353
4.1.2 Сөйлеу біліктілігіне қойылатын талаптар
4.1.2.1 Тыңдалым
Диалог
Тіл қолданушы есту арқылы диалогтың мазмұнын, диалогқа
қатысушылардың коммуникативтік ниетін түсіне білуі керек.
Мəтін тақырыбы: тұрмыстық саладағы қатысым үшін өзекті мəтіндер.
Диалог көлемі: 4-6 тілдесім, диалог көлемі 10 тілдесімге дейін.
Сөйлеу қарқыны: минутына 150-180 буын.
Тыңдалуы: 1 рет.
Монолог
Тіл қолданушы монологта айтылған ақпараттар мазмұнын түсінуге тиіс.
Мəтін тақырыбы: тұрмыстық, мəдени-əлеуметтік жəне оқу жайлы.
Мəтін түрі: мəтіндер сюжетке құрылған, бейімделген немесе арнайы
құралған болуы тиіс (қарапайым деңгейге сай лексика-грамматикалық мате-
риалдар негізінде).
Мəтін көлемі: 40-50 сөз.
Сөйлеу қарқыны: минутына 150-180 буын.
Тыңдалуы: 1 рет.
4.1.2.2 Оқылым
Тіл қолданушы мəтінді оқығанда оның жалпы мазмұнын түсіне білуі ке-
рек;
- мəтіннің тақырыбын анықтай алуы қажет;
- мəтіндегі негізгі ақпаратты толық жəне дəл білуі қажет.
Оқу түрі: жалпы мазмұнын түсінуге арналған.
Мəтін түрі: арнайы құрастырылған немесе бейімделген сюжеттік
мəтіндер (қарапайым деңгейге сəйкес лексика-грамматикалық материалдар
негізінде).
Мəтін тақырыбы: тұрмыстық, əлеуметтік-мəдени жəне білім
саласындағы қатысым үшін өзекті мəтіндер.
Мəтін көлемі: 80-100 сөз.
4.1.2.3 Жазылым
Тіл қолданушы:
- берілген мəтінді оқып, сол бойынша көрсетілген коммуникативтік
талапқа сай мəтін құрауға тиіс, яғни берілген үлкен мəтіннің тезисін жазуға
тиіс;
- берілген сұрақтарға сүйене отырып, көрсетілген коммуникативтік
тапсырмаға сай, ұсынылған тақырып бойынша өз атынан жазбаша мəтін (ре-
продуктивті-продуктивті сипаттағы) құрауға тиіс.
Мəтін түрі: қарапайым деңгейдің лексика-грамматикалық материалдары
негізінде жасалған бейімделген сюжетті немесе əдейі құралған мəтіндер.
Мемлекеттік тіл саясаты
354
Мəтін көлемі: 100
сөзге дейін немесе 70-80 сөз.
Талап етілетін мəтін: қазақ тілінің жазылым нормасына сай, 7-10
сөйлемнен кем болмауы керек.
Тыңдалуы: 3 рет.
4.1.2.4 Айтылым
Диалог
Тіл қолданушы:
- сұхбаттасушының айтқанын түсіну жəне шағын тілдік жағдайлар
шеңберінде оның коммуникативтік мақсатын анықтауы қажет;
- сұхбаттаса алуы қажет;
- диалог құра білуге тиіс.
Тіл қолданушының айтылымы тілдік норма талаптарына сай болуға тиіс.
Монолог
Тіл қолданушы коммуникативті талап деңгейінде берілген тақырыпқа
сай өз бетінше əңгімелеп бере алуға тиіс.
Айтылым көлемі: 7-8 жолдан кем болмауға тиіс.
Тіл қолданушы оқылған мəтін негізінде репродуктивті тұрғыдағы айты-
лым құруы тиіс.
Мəтін түрі: қарапайым деңгейге сəйкес лексика-грамматикалық ма-
териалдар негізінде арнайы құрастырылған немесе бейімделген сюжетті
мəтіндер.
Мəтін көлемі: 70-100 сөз.
4.2 Тілдік құзыреттіліктің мазмұны
Тіл қолданушы қарапайым деңгейде осы тармақшаға сəйкес келесі тілдік
материалды меңгеру қажет.
4.2.1 Фонетика
Алфавит жəне оның құрамы. Қазақ тілінің спецификалық дыбыстарын
айта, жаза білу (Ə, Ө, І, Ү, Ұ, Ғ, Қ, Ң ) . Дыбыс жəне əріп.
Дауысты дыбыстар, дауысты дыбыстардың жіктелуі. Жуан (а, о, ұ, ы),
жіңішке (ə, ө, ү, і,е) дауыстылар. Дауыссыз дыбыстар. Үндестік заңы. Дыбыс
үндестігі (мысалы, мектеп – мектебі, кітап – кітабым, тарақ – тарағы).
Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мен ескертулер:
а) -хана, -тай, - паз; (мысалы, əкетай, емхана, өнерпаз);
ə) б, в, г, д дауыссыздарынан аяқталған сөздерден кейін қосымша қатаңнан
басталады (мысалы, Тұрсынбаевқа, педагогқа).
Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -қор (мыса-
лы, еңбекқор), -хана (мысалы, аурухана), -паз (мысалы, аспаз). Жалпы мо-
дальді сөйлемдердің интонациялық құрылымы.
4.2.2 Сөзжасам жəне морфология
Мемлекеттік тіл саясаты
355
4.2.2.1 Сөз құрамы
Қосымшалардың орын тəртібі. Түбір сөз + жұрнақ + көптік жалғау –
тəуелдік жалғау + септік жалғау + жіктік жалғау.
Негіз жəне қосымша (жалғау): мысалы, бала – балалар.
Сөздің негізі түбір жəне жұрнақ: мысалы, біл – білім – білімді.
Жұрнақтар арқылы жасалған жиі қолданыстағы сөздердің жасалуы: мы-
салы, егін – егінші, тігін – тігінші, оқу – оқушы, етік – етікші, ақыл – ақылды,
білім – білімді, көңіл – көңілді, т.б.
4.2.2.2 Зат есім
Зат есімнің семантикалық жіктелуі: жалпы есім (мысалы, доп, қол, адам),
жалқы есім (мысалы, Ақан, Алматы, Алатау), нақтылы зат есім (мысалы,
мектеп, кітап, ақша), абстрактылы зат есім (мысалы, намыс, мінез, ақыл).
Зат есімнің көптелуі (мысалы, бала – балалар, ағаш – ағаштар, жұлдыз –
жұлдыздар).
Зат есімнің тəуелдік мағына білдіруі (мысалы, досым, досың, досыңыз,
досы).
Зат есімнің жақтық мағына білдіруі (мысалы, доспын, доссың, доссыз,
дос).
Зат есімнің септелуі. Септіктердің негізгі мағыналары 4-кестеде
көрсетілген.
4-кесте
Септік
атаулары
Мағыналары
Атау
септік
- қимылдың иесі (мысалы, Жамбыл қонаққа келді);
- мамандық иесі (мысалы, Ағам – дəрігер);
- есім баяндауыштың иесі (мысалы, Ол – танымал ақын).
Ілік
септік
- меншікті заттың иесі (мысалы, Ақанның əні);
- туыстық қарым-қатынас (мысалы, Баланың апасы);
- бүтіннің бөлшегі (мысалы, Екінің бірі);
- органикалық, табиғи меншіктілік (мысалы, Таудың басы);
- сапалық меншіктілік (мысалы, Қыздың сұлуы).
Барыс
септік
- іс қимылдың бағыты (мысалы, Əсел қалаға кетті);
- қимылдың мақсаты (мысалы, Ол оқуға келді);
- заттың кімге, неге арналғандығы (мысалы, Хатты досыма
табыста).
Табыс
септік
- қимылдың нысаны (объектісі) (мысалы, Кітапты қазір оқы).
Табыс септігінің нольдік формасы (мысалы, Қазір кітап оқы).
Жатыс
септік
- қимылдың жасалу орны (мысалы, Түстен кейін кітапханада
болдым);
- қимылдың жасалу мезгілі (мысалы, Сегізде сабақ басталады);
- қимылдың мекені (мысалы, Концерт Республика Сарайында
өтіп жатыр).
Мемлекеттік тіл саясаты
356
Шығыс
септік
- қимыл-əрекеттің басталу орны (мысалы, Таңертең үйден
шықтым);
- қимылдың басталу мезгілі (мысалы, Жаңбыр түннен
басталды);
- қимылдың себебі (мысалы, Кəрі ағаш қатты желден құлады).
Көмектес
септік
- қимылдың құралы (мысалы, Қаламмен жазды);
- қимылдың тəсілі, амалы (мысалы, Көзбен көрмей, босқа
сөйлеме);
- қимылдың мекені (мысалы, Тас жолмен жүрді) ;
- қимылдың мезгілі (мысалы, Күнімен, түнімен жүрді).
4.2.2.3 Сын есім
Сын есімнің түрлері: сапалық (мысалы, ақ, жаңа, т.б.) жəне қатыстық
(мысалы, қарлы, жазғы, т.б.) сын есімдер.
Сын есімнің орын тəртібі. Өзі анықтайтын сөздің алдында тұруы (мыса-
лы, əдемі қыз, көгілдір түс).
4.2.2.4 Сан есім
Есептік сандар. Жүзге дейінгі сандардың берілуі. Зат есімдер мен сан
есімдердің байланысы (мысалы, екі дəптер, жүз кітап, елу ел т.б.). Реттеуші
сандар. Жүзге дейінгі реттеуші сандардың берілуі. Реттеуші сандар мен зат
есімнің байланысы (мысалы, Бесінші үйде тұрамын, екінші сыныпта оқиды,
жиырма жетінші автобус).
4.2.2.5 Есімдіктер
Жіктеу есімдіктері (мен, сен, сіз, ол, біз), олардың септелу ерекшелік-
тері. Сілтеу есімдіктері (бұл, сол, мынау, анау). Сұрау есімдіктері (кім? Не?
Қайда? Қашан?). Жалпылау есімдігі (бəрі, барлығы). Белгісіздік есімдігі
(кейбір, біреу, бірнеше). Болымсыздық есімдігі (ешкім, ештеңе, түк).
4.2.2.6 Етістік
Етістіктің шақ формалары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Етістік
шақтарының жіктелуі (мысалы, отырмын, отырсың, отырсыз, отыр; кел-
дім, келдің, келдіңіз, келді; барамын, барасың, барасыз, барады). Етістіктің
бұйрық райы (мысалы, оқиын, оқы, оқыңыз, оқысын). Бұйрық райдың ІІ
жағының түбірмен сəйкестігі. Қалау рай (мысалы, айтқым келеді, айтқың
келеді, айтқыңыз келеді).
4.2.2.7 Үстеу
Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл үстеулер (мысалы, бүгін, кеше,
ертең, биыл, былтыр, таңертең, кешке, қазір), мекен үстеулер (мысалы,
жоғары, төмен, алды, артта), мөлшер үстеулер (мысалы, көптеген, аздаған,
Мемлекеттік тіл саясаты
357
бірен-саран), сын-бейне үстеулер (мысалы, əрең, дереу, жылдам, тез, дəл),
мақсат үстеулер (мысалы, əдейі).
Достарыңызбен бөлісу: |