Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77

Аудиомəтін 

Алматының экологиялық жағдайы шынында да мүшкіл. Біріншіден, қала 

аспанын шаң-тозаң, түтін, машиналардың улы газы «жаулап алғанына» біраз 

жыл болды. Екіншіден, əсіресе, машиналар санының артуымен байланысты 

жағдай жақсару орнына кері кетуде. Үшіншіден, эколог-мамандардан бастап 

барлық қоғамдық ұйымдар, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын меке-

мелерді қол қусырып қарап отыр деуге негіз жоқ. 

Алайда, қалыптасқан жағдайды саралау нəтижесі қазіргі ең басты мəселе 

атмосфералық  ауа  қабаттарының  қанағаттанғысыз,  мейлінше  лас  екенін 

көрсетіп отыр. Бір ғана өндіріс ошақтары мен автокөліктерден жыл сайын 

180 мың тонна зиянды заттар бөлініп, ауаға тарайды жəне олардың 80 пайы-

зы  автокөліктерге  тиесілі.  Бүгінде  қалада  тіркелген  көлік  саны 350 мың 

(күн сайын өсіп отырғанын есептемегенде) болса, кемі  50 мың көлік шет-

тен келеді. Ауа қабаттарындағы зиянды заттарды қуып əкететін күшті жел 

соқпайтыны да өкінішті. 

Дей тұрғанмен, қала ауасын сауықтырып, тығырықтан шығудың амалдары 

қарастырылуда. «Таза ауа – жанға дауа», «Айрықша қорғалатын аймақтардың 

2020 жылға дейін дамуы», «Қатынас ауқымын тежеу, төмендету», «Парктер 

мен скверлерді көгалдандыру», «Арық жүйелері мен субұрқақтарды қайта 

қалпына  келтіру»  тəрізді  бағдарламалар  мен  Алматы  қаласын  күл-қоқыс 

қалдықтардан  арылтуға  бағытталған  мерзімдік  іс-шаралар  соның  дəлел-

айғағы.  Атап  айтқанда, «Таза  ауа – жанға  дауа»  бағдарламасының  негіз-

гі  мақсаты  қаланың  экологиялық  жағдайы  мен  қоршаған  ортаны  шұғыл 

жақсарту,  осы  орайда  атқарылатын  жұмыс  сапасын  арттыру,  кері  кету, 

құлдилау факторларына тосқауыл қою, болдырмау, халықтың денсаулығын 

нығайту,  экологиялық  жəне  əлеуметтік-экономикалық  қажеттіліктерінің 

тереңдігін қамтамасыз ету, т.б.

Жүйелі  талдау  негізінде  қаланың  аспан  кеңістігіне  ұшатын  зиянды 

заттарды азайту, су ресурстарын сақтап, былғанудан қорғау, ауыз судың са-


Мемлекеттік тіл саясаты

335


пасын арттыру, шағын өзендердің сарқылмауын қамтамасыз ету, Алматыны 

экологиялық тығырықтан шығару мен жабдықтау, жер ресурстарын барын-

ша оңды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жетілдіру, табиғатты күту, 

көгалдандыру  қарқынын  үдету,  халықтың  əл-ауқатын  одан  əрі  көтеру  мін-

деттері айқындалған. 

«Парасат» журналынан

1. Автордың пікірінше, ауаның ластануының негізгі себебі

А) халықтың көптігі 

В) көліктердің көбеюі

С) лас ауаны қуатын желдің болмауы

D) ауаны тазалуға қатысты іс-шаралардың ұйымдастырылмауы

2. Мəтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз. 

Ауадағы зиянды заттардың сексен пайызы ... бөлінеді.

А) көліктерден 

В) адамдардан 

С) өндіріс орындарынан

D) құрылыс орындарынан

3. Қате пікірді көрсетіңіз. 

Экологиялық тығырықтан шығудың жолы

А) қаланы тазарту

В) ауыз судың сапасын арттыру

С) жер ресурстарын оңды пайдалану

D) экологиялық бағдарламаларды көбейту

4. Мақалада баса назар аударылған бағдарлама – ... . 

А) «Таза ауа жанға дауа»

В) «Қатынас ауқымын тежеу, төмендету»

С) «Парктер мен скверлерді көгалдандыру»

D) «Айрықша қорғалатын аймақтардың 2020 жылға дейін дамуы»

Б2. Лексика-грамматикалық бөлік

1. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Асқар бүгін кітапханаға бар 

В) Асқар бүгін кітапханаға бардың ба

С) Асқар бүгін кітапханаға баруы мүмкін 

D) Асқар бүгін кітапханаға баратын шығар 

2. Болып өткен мағынада айтылған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Достарыммен киноға бардым.

B) Достарыммен киноға барамын.

C) Достарыммен киноға бармақпын. 

D) Достарыммен киноға бара жатырмын.   


Мемлекеттік тіл саясаты

336


3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Көк байрағымызда ... күн, дала бүркіті жəне ... өрнек бейнеленген.

А) алтын, ұлттық 

В) алтын, ұлтшыл 

С) алтынды, ұлтты 

D) алтындай, ұлттық 

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Мемлекет тарапынан əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға … .

A) көмек көрсету 

B) көмекке көрсет 

C) көмекті көрсету 

D) көмек көрсетілуде

5. Тиісті сөзбен сөйлемді толықтырыңыз.

Алтын адамның киімі ... алтын əшекейлермен безендірілген.

A) үш мыңға жуық

B) үш мың жарым

C) үш мың жуық

D) үш мыңыншы жуық



Б3. Оқылым

1-мəтін

Ақсақ құлан

«Ақсақ құлан» – қазақ сахарасына ең көп тараған күй. Бұл күйдің аңызы 

да  сол  себепті  сан-салалы.  Хикаяның  түрлі  нұсқаларында  өмір  сүрген  за-

мандары  бір-бірімен  еш  жанаспайтын  тарихи  тұлғалар  қатар  келе  беруі 

мүмкін. Оқиға негізінен өзгермей қайталанып отырады. Аңыздың бір сала-

сында өзінің үлкен ұлы Жошының бағынбай бара жатқанынан секем алған 

Шыңғысхан оған у беріп өлтіреді. 

Тағы бір хикаяда қыпшақ жерін жақсы көріп қалған Жошы, бұл өлкені 

шапқыншылықтан  сақтап  қалу  үшін,  ұлы  аңшылық  кезінде  өзінің  əкесі 

Шыңғысты өлтірмек болады. Бұл жəйтті біліп қойған Шағатай Шыңғысханға 

келіп  бəрін  айтып  қояды.  Бұл  аңызда  да  Шыңғысхан  Жошыға  у  бергізіп 

өлтіртеді. Артынша аңшылық кезінде Жошыны құлан шайнап өлтірді деген 

лақап таратады. 

Бірақ, қаһарлы хан қаралы хабарды жеткізген адамның көмейіне қорғасын 

құям деп жарлық шашады. Алайда, ел ішінен бір тапқыр домбырашы шығып, 

сол адам Шыңғысханға хабарды домбырамен жеткізеді. 

Хикаяның  тағы  бір  нұсқаларында  Шыңғысханның  баласы  Жошы  емес, 

керісінше  Жошының  өз  баласы  (аты  аталмайды)  құланнан  мерт  болады. 

Кейбір нұсқаларда оқиғаның кейіпкері тіпті Əз-Жəнібек ханның өзі болып 

шығады. Өзіміз көріп отырғандай сюжет көп өзгеріске түспеген, тек заманы-

на лайық кейіпкерлері өзгеріп отырған. 


Мемлекеттік тіл саясаты

337


Қазақ  зерттеушілері  (мысалы  С.  Райымбергенова)  бұл  хикаяның  тамы-

рын  өте  тереңнен  тартады.  Бұл  оқиғаны  (мифтік)  зерттеуші  ескі  наным – 

ақсақтар  культімен  байланыстырады.  Себебі,  тəні  жарадар,  кембағал  жан

иесі о дүниемен бұл дүниенің арасын байланыстырып тұрған қасиетті медиа-

тор. Ал, ол өз кезегінде өлілер дүниесінің алдындағы қорқыныштан туған 

құбылыс. Адам мəйітінің аяғын байлап тастау, немесе əдет-салттық жарақат 

салу, өліктің жіліншігін сындырып ақсақ қылып тастау дағдысы осы наным-

нан келіп шыққан. Сондай-ақ, бұл аңызда аңшылықтың ежелгі қағидаларын 

бұзған адамның нендей зауалға жолығатындығы көрсетілген. 

1. Мəтінге сəйкес келетін ақпаратты таңдаңыз.

«Ақсақ құлан» күйі … шыққан.

А) аңыздан 

В) өлеңнен

С) мақалдан

D) поэмадан

2. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз. 

Жошы − Шыңғысханның … . 

А) інісі 

В) əкесі

С) ағасы


D) баласы

3. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз. 

Аңыз бойынша Шыңғысхан ұлынан … .

А) қауіптенеді

В) қорықпайды

С) кешірім сұрайды

D) ештеңе сұрамайды

4. Мəтін мазмұнына сəйкес дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

Өмір сүру замандары əр түрлі тарихи тұлғалардың қатар келуінің себебі: 

А) оқиғаның белгісіздігі

В) аңыздың күйге айналуы

С) аңыздың көп тарағандығы

D) оқиғаның өзгертіліп берілуі

5. Мəтін мазмұнына сəйкес дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

Аңызда айтылатын кəсіп:

А) егіншілік 

В) аңшылық

С) бау-бақша

D) малшылық

6. Мəтін мазмұнына сəйкес дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

Хикаяның бір нұсқасында қаһарлы хан қандай жарлық берді? 


Мемлекеттік тіл саясаты

338


А) Қаралы хабарды жеткізген адамға құлан беремін

В) Қаралы хабарды жеткізген адамның көмейіне күміс құямын

С) Қаралы хабарды жеткізген адамның көмейіне қорғасын құямын

D) Қаралы хабарды жеткізген адамның көмейіне қорғасын беремін

7. Мəтінге сəйкес сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.

Кейбір деректер бойынша хикая кейіпкері ретінде қазақтың

А) ханы 

В) күйшісі

С) батыры

D) тапқыр домбырашысы

айтылады.

8. Мəтін мазмұнына сəйкес дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

Қаралы хабарды жеткізген:

А) Шағатай

В) достары

С) домбыра

D) көршілері

2-мəтін

Сыйлық cыйлай білеміз бе?

Тарту, сыйлықтардың пайдалы, қымбат, қажетті болғаны жөн бе? Сыйлық 

əр уақытта шын жүректен, ақ көңілден, ұсынылады. Ол адал достықтың, ізгі 

сезімдердің, махаббаттың белгісі. Ол қай уақытта да адамдардың бір-біріне 

деген шынайы қатынасын кез келген лепті сөздерден артық білдіруі мүмкін.

Сыйлықтың  бағалы  болуы  шарт  емес,  оның  бойында  «этикалық»  жүгі 

болған дұрыс. Əрбір сыйлық таңдаушы адам оның кімге арналғандығын ой-

лайды жəне өзінің талғамы мен ықыласын қоса білдіруі қажет. Кейде тарту-

таралғының бойында ешқандай бағалылық, не мазмұн болмауы мүмкін.

Сыйлықтың  пайдалылығы  деген  кең  ұғым.  Пайдалылықты  тек  қажетті 

заттар мен бұйымдар деп түсінбеуіміз керек. Кітап пен шəйнек те, гүл мен 

шарап та пайдалы, өйткені бұл заттардың қай-қайсысы да өз міндетіне орай 

қызмет етеді. Бірақ сыйланған заттар қуаныш иесіне қажетсіз болса, оларды 

пайдасыз деп ұғуға да болады. 

Сыйлықтың  пайдалылығы  əсіресе  ол  балаларға  арналған  кезде  ерек-

ше  байқалады.  Балаларды  қуанту  қиын  емес – олар  əрбір  ойыншыққа, 

тəттіге,  суреттер  мен  кітапшаларға  ырзалық  білдіреді.  Алайда  сыйлықтың 

пайдалылығы да ойластырылуы керек. 

Этикет  тəлімі  бойынша  қандай  сыйлықты  кімге  тарту  етуге 

болатындығына да назар аудару керек. Мысалы, раушангүлдерді тек жақын 

адамдарға: қалыңдығына, əйеліне, құрбысына, анасына тарту етуге болады. 

Əйелдер əдетте ер кісілерге гүлді сирек сыйлайды. 

Туған  күнге  əдетте  гүлдер,  кітаптар,  сəндік  əшекейлер  сыйлайды. 

Үйлену тойлар мен мерейтойларға бұлардан қымбаттырақ сыйлар тартады. 



Мемлекеттік тіл саясаты

339


Мұндайда көбіне хрусталь ыдыстар, күмістен жасалған бұйымдар, əр түрлі 

əсемдік заттар беріліп жатады. 

Ағылшындарда  бір  қағида  бар:  жас  жұбайлар  əуелі  өздеріне  керемет 

заттардың тізімін жасап, сол бойынша олардың туысқандары мен таныстары 

той тартуларын дайындайды екен. 

Сыйлықты қалай алу керектігі жөнінде түрлі пікірлер бар. Біреулер бу-

маны байқатпай шетке қойып, қонақтар кеткеннен кейін ғана қарауға бола-

ды деп есептейді. Енді біреулер сыйлықты сол жерде ашып көріп, оған өз 

көзқарасын білдіріп, алғыс айту керек деп есептейді. 

1. Мəтін бойынша адам сезімін білдірудің бір белгісі

А) ойын жеткізу

B) сыйлық сыйлау 

C) талғамын анықтау 

D) туысымен сырласу

2. Мəтінге сəйкес сөйлемді дұрыс анықтаңыз.

Сыйлық таңдағанда … .

А) кез келген лепті сөздерден құрастыру керек 

B) ешбір бағалылық пен мазмұны болмауы керек

C) таңдаушы адамның шынайы қатынасын білу қажет

D) кімге арналғандығын ескеріп, өз талғамы мен шын ықыласын білдіру 

керек

3. Мəтінге сəйкес сөйлемді дұрыс анықтаңыз.



Үйлену тойлар мен мерейтойларға тартылмайтын сыйлықтар

A) бағалы заттар 

B) кітап, ойыншық 

C) хрусталь ыдыстар

D) күмістен жасалған бұйымдар 

4. Сөйлемді толықтырыңыз. 

Сыйлықтың ...

А) əдептілік мəні бар 

B) пайдаланылғаны 

C) ерекшелігі

D) бағалысы

                                           болуы керек.

5. Сөйлемді толықтырыңыз. 

Раушангүлді жиі ...

А) əйеліне 

B) құрбысына 

C) ер адамдарға 

D) қалыңдығына

                                                            сыйламайды.

6. Сөйлемді толықтырыңыз. 

Гүлдер, кітаптар, сəндік əшекейлерді ... сыйлайды.


Мемлекеттік тіл саясаты

340


А) балаларға 

B) туған күнге 

C) мерейтойларға 

D) үйлену тойларға

7. Мəтінге сəйкес тірек сөздер. 

А) сыйлық, қымбат, базарлық

B) сыйлау, шын көңіл, тойға бару 

C) сыйлық, пайдалы, тарту ету 

D) сыйлық, əшекей бұйым, перзент

8. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ағылшындарда жас жұбайларға ... тарту етеді.

А) керемет заттар

B) біреудің ұсынғанын

C) ата-анасының ұйғарғанын 

D) өздерінің қалаған заттарын

Б 4. Жазылым

1-тапсырма

Аудиомəтін  тыңдау  арқылы  мəтін  мазмұнына  сəйкес  жоспар  құрыңыз. 

Жоспар құру уақыты – 5 минут.

Мазмұндама  жоспарын  цитата,  сұраулы  сөйлемдерден  құруға  болады, 

жоспар жай немесе күрделі болуы мүмкін.

Аудиомəтін

Алтын ақшаның да екі беті бар

Прогресстің  бəрі  бірдей  жақсылық  əкелмейді.  Адамның  бақыты  үшін 

жасалған кейбір дүниелер бүгінде оның сорына айналып жатыр. Соның бірі – 

теледидар. Театрдағы жаңа қойылымдарға барудың орнына, көркем əдебиет 

оқудың орнына үлкен де, кіші де, бала да теледидар алдында көп уақытын 

жоғалтады. Тіпті кейбіреулері теледидардың тұтқыны. Бұл құбылыс жалғыз 

біздің ғана емес, бүкіл əлем халқына тəн əрекетке айналған.

Бұдан он шақты жыл бұрын осы теледидардың кесірінен Швецияда үш 

жүз  кітапхана  жабылған-ды.  Жылына  қырық  бейнефильм  алып  тұратын 

шведтер енді кітапханадан бір-екі кітап қана алатын көрінеді. 

Италия  социологтары  отандастары  бос  уақыттарын  қалай  өткізер  екен 

деп  сұрау  салғанда,  жауап  бергендердің 83 пайызы  теледидар  қарайды 

екен, 40 пайызы радио тыңдайды екен. Газет-журналға көз жүгіртіп (толық 

оқымай-ақ) шығатындар 30 пайыздай.

Бес  миллион  француз  күніне  жеті  сағаттан  көгілдір  экранның  алдында 

отыратын көрінеді. Олардың да оннан жетісі – елуден асқандар мен кəрілер. 

(Қазақстанда  соңғы  жылдары  қанша  кітапхана  жабылды,  білесіз  бе?  Неге 

жабылды?)

Телеэкраннан  күн  сайын  көрсетіліп  жатқан  зорлық-зомбылық 


Мемлекеттік тіл саясаты

341


көрермендердің  психикасына  сұмдық  əсер  ететіні  анықталыпты.  Əсіресе, 

балалар мінезі өзгеруде. Олардың ашушаң, шақар, сотқар болып өсуіне ал-

дымен  осы  көгілдір  экран  кінəлі.  Телеқұмар  бала  əдетте  кітап  оқымайды. 

Мектеп оқушылары бұл кезде əлем əдебиетін тек осы көгілдір экран арқылы 

ғана біледі. Бұл жақсылық емес, əрине.

Жазушының басты қасиеті тілінде. Киноға айналғанда туынды ең алды-

мен өзінің осы қасиетін жоғалтады. 

Пушкин тек орыс тілінде ғана Пушкин, Флобер тек француз тілінде ғана 

Флобер.

Бір сөзбен айтқанда, теледидар алдымен көркем əдебиетке зиян келтіру-



де. Ал жалпы тіл мəдениеті, турасын айтсақ, негізінен көркем əдебиетке бай-

ланысты!


2-тапсырма

Жоспарға  сəйкес  мəтіннің  негізгі  мазмұнын  толық,  фактілік  қатесіз, 

жүйелі, стиль бірлігін сақтай отырып мазмұндама жазыңыз.

Мазмұндама жазу уақыты - 20 мин.

Жоспар үлгісі:

1. Адам жəне прогресс.

2. Бүгінгі кітап оқу жағдайы (əр елдегі)

3. Тіл мəдениеті – көркем əдебиетте



3-тапсырма

Мəтін мазмұнын ашатын сұрақтарға нақты жауап жазыңыз.

Тапсырма орындау уақыты – 5 минут 

1. Прогрестің бəрі бірдей жақсылық əкеле ме?

2. Теледидар уақыттың жауы дегенге келісесіз бе?

3. Швеция халқы уақытын қалай өткізеді?

4. Италия социологтарының қорытындысы қандай?

5. Қанша миллион француз теледидар алдында отырады?

6. Телеқұмар бала қалай өседі?

4-тапсырма

Ұсынылған жағдаят негізінде ресми-іскери (іскери хат, өтініш, қызметтік 

хат,  түсініктеме,  сенім  хат,  ұсыныс  жəне  т.б.)  құжаттарды  рəсімдеңіз, 

жазыңыз.


Тапсырма орындау уақыты – 15 минут.

Сіз  «Қазтелеком»  Акционерлік  қоғамының  төрағасысыз,  интернет 

қызметін кеңейту үшін ұсыныс хат жазыңыз.


Мемлекеттік тіл саясаты

342


Үлгі:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің ректоры

Б.Ж. Əбдірайымға

«Қазақтелеком» АҚ Төрағасы 

А. Сағындықовтан



Ұсыныс хат

Студенттерді  ақпараттармен  қамтамасыз  ету  үшін  университет 

ғимараттарына  Қазақтелеком  тарапынан  интернет  қызметін  қосуды 

ұсынамыз.



Мемлекеттік тіл саясаты

343


Библиография

[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы (7-бап).

[2] «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдеде-

гі № 319-ІІІ Заңы.

[3] Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мем-

лекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 

7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген).

[4] 2007-2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік  тілді  қолдану  аясын 

кеңейту мен оның бəсекелестігін арттыру тұжырымдамасы (Қазақстан Рес-

публикасы  Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы  № 1122 қаулысымен 

мақұлданған).

[5] Қазтест жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы (Қазақстан Ре-

спубликасы  Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі  № 835 қаулысымен 

бекітілген).

[6] Еуропалық тілдік портфель, «Златоуст», 2006.

[7] Ф.Ш. Оразбаева, Т.Т. Аяпова, Р.С. Рахметова, У.К. Исабекова,         К.Е. 

Абиыр. Қазақ тілін оқытуға арналған оқу-əдістемелік кешендер. Алматы: - 

Жазушы, 2007.

[8]  В.С.  Аванесов  «Форма  тестовых  заданий».  Мектеп,  лицей,  колледж 

жəне  ЖОО  мұғалімдеріне  арналған  оқу  құралы.  М.: «Тестілеу  орталығы», 

2006.

[9]  Д.Х.  Ақанова,  А.М.  Алдашева,  З.К.  Ахметжанова,  Қ.Қ.  Қадашева, 



Э.Д. Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі. Бірінші деңгей. Екінші деңгей. 

Үшінші деңгей». Оқу кешені. – Алматы қ., «Арман-ПВ» басылымы, 2002.

[10]  З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «Қазақ тілі. Тестілеу 

əдістемесі: көмекші құрал». – Астана, 2007.

[11] З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.К. Əбдрəсілов «ҚАЗАҚ ТІЛІ тестілеу 

теориясы мен практикасы: Көмекші құрал». – Алматы, «Құс Жолы», 2009. 



Мемлекеттік тіл саясаты

344


ƏОЖ 811.512.122:81`37.046:006.354(574)

 

МСЖ 03.180

Түйінді сөздер: мемлекеттік стандарт, коммуникативтік құзыреттілік, 

лексика, грамматика, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексикалық 

минимум


Мемлекеттік тіл саясаты

345


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік 

тілдік құзыреттіліктері

ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙ

Жалпы меңгеру

ҚР СТ 1926-2009

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің

Техникалық реттеу жəне метрология комитеті

(Мемстандарт)

Астана

Мемлекеттік тіл саясаты

346


Алғысөз

1 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ы. Алтын-

сарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы»  республикалық  мемлекеттік 

қазыналық кəсіпорны ƏЗІРЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ұлттық тес-

тілеу  орталығы»  республикалық  мемлекеттік  қазыналық  кəсіпорны  ЕН-

ГІЗДІ

2  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  жəне  сауда  министрлігі 

Техникалық реттеу жəне метрология комитеті төрағысының нің 2009 жылғы 

30  желтоқсандағы  № 647-од  бұйрығымен  БЕКІТІЛІП  ҚОЛДАНЫСҚА 

ЕНГІЗІЛДІ

3  Осы  стандартта  Орыс  тілі  шет  тілі  ретіндегі  мемлекеттік  білім  беру 

стандарттының  негізгі  ережелері  ескерілген. (Қарапайым  деңгей.  Жалпы 

меңгеру).

4  Осы  стандартта  «Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  туралы» 

Қазақстан  Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі  № 151 Заңының

«Білім  туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі         №  

319-ІІІ   Заңының; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 

2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңының нормалары іске асырылған

5 АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2014 

жыл

  ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 

жыл

6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ                                        

Осы  стандартқа  енгізілетін  өзгерістер  туралы  ақпарат  жыл  сайын 

басып  шығарылатын  «Стандарттау  бойынша  нормативтік  құжаттар» 

ақпараттық  сілтемесінде,  ал  өзгерістер  мен  толықтырулар  мəтіні – ай 

сайын басып шығарылатын «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сіл-

темесінде жарияланады. Осы стандарт қайта қаралған (ауыстырылған) 

немесе жойылған жағдайда тиісті хабарлама ай сайын басып шығарылатын 

«Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық көрсеткішінде жарияланады. 

Осы  стандарт  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  жəне  сау-

да  министрлігінің  Техникалық  реттеу  жəне  метрология  комитетінің 

рұқсатынсыз  ресми  басылым  ретінде  толықтай  немесе  ішінара  басып 

шығарыла, көбейтіле жəне таратыла алмайды


Мемлекеттік тіл саясаты

347


Кіріспе

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі [1]. Қазақ тілінің 

қоғамдық  қызметін  кеңейтіп,  оның  маңызын,  қажеттілігін  табиғи  түрде 

арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді оқытуды, үйретуді 

тиімді  жүзеге  асыру,  оқыту  сапасына  қатаң  талап  қою,  тіл  қолданушының 

өздігінен  білім  алуын  ұйымдастыру,  оның  нəтижелеріне  тұрақты  бақылау 

жасау. Тілді меңгеру деңгейлеп оқыту негізінде сатылы түрде жүретіндіктен, 

əр  деңгей  түпкі  мақсатына  қарай  тіл  қолданушының  коммуникативтік 

құзыреттілік деңгейін анықтауды қажет етеді. 

Коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін бағалау, анықтау тіл-

дік тұлғаның қалыптасу, даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді [3]. 

Оқытудың нəтижесін бағалау əрбір деңгейдің соңында жүргізіліп отырады. 

Қазақ тілін коммуникативтік деңгейде білу құзыреттілігі – тілдік тұлға мо-

делін құрайтын негізгі компонент болып табылады. 

Қазақстандық тіл білімін бағалау қазақ тілін меңгеруді 6 деңгей бойын-

ша анықтайды. Қазақ тілін меңгеру деңгейлері еуропалық тіл меңгерулердің 

деңгейлері [6] 1-кестеде  көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет