Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Шығыс құжаттарын өңдеу тəртібі



Pdf көрінісі
бет26/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77

Шығыс құжаттарын өңдеу тəртібі

66.  Құжаттар  жолдауға  толық  ресімделіп  беріледі.  Құжатты  жолдауға 

қабылдайтын  БҚҚ  қызметі  оның  дұрыс  ресімделгенін,  негізгі  құжатта 

көрсетілген  қосымшалардың  бар  болуын  тексеруге  міндетті.  Дұрыс 

ресімделмеген құжаттар орындаушыларға қайтарылады.

 67.  Қол қойылған құжаттар тіркеледі жəне адресатқа (адресаттарға) қол 

қойылған  (бекітілген)  күні  немесе  келесі  жұмыс  күнінен  кешіктірілмей, 

жеделхаттар мен телефакстер кідірмей жіберіледі.

 Орындалған  құжаттардың  түпнұсқалары,  оның  ішінде  олардың 

электрондық түпнұсқалары негізгі орындаушылары болып табылатын жəне 

істер  номенклатурасына  сəйкес  істерді  қалыптастыратын  құрылымдық 

бөлімшелерге немесе ведомстволық бағынысты ұйымдарға беріледі. Бірлесіп 

орындаушыларға  орындалған  құжаттардың  көшірмелері  немесе  олардың 

электрондық нұсқасы беріледі.

 68.  Егер  басқа  ұйымға  жолданған  құжат  қайтарылуы  тиіс  болса,  онда 

құжаттың  бірінші  парағының  мəтіннен  бос  жиегінің  оң  жақ  жоғарғы 

бұрышына мөртабан немесе қайтару туралы белгі қойылады, мұндай белгіні 

ТБН-де де (электрондық тіркеу-бақылау карточкасында) жасайды.



Ішкі құжаттардың өту тəртібі

69. Ішкі құжаттардың оларды дайындау мен ресімдеу сатыларында өтуі 

шығыс құжаттарының өтуіне, ал орындалу сатысында кіріс құжаттарының 

өтуіне сəйкес болуы тиіс.

 70.  Құрылымдық  бөлімшелер  арасында  ішкі  құжаттарды  беру 

құрылымдық  бөлімшелерде  басқаруды  құжаттамалық  қамтамасыз  етуге 

жауапты  лауазымды  тұлғалар  жүзеге  асырады.  Құжаттарды  ТБН-ға  тиісті 

белгілерімен береді.

 Ішкі  құжаттардың  құрамына  ұйымның  ведомстволық  бағынысты 

ұйымдармен немесе керісінше хат алмасу процесінде жинақталған құжаттар, 

сондай-ақ  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдар 

өзара жəне тиісті əкімдіктермен хат алмасу кірмейді.

 Егер  ведомстволық  бағынысты  ұйым  тапсырманы  бірлесіп  орындаушы 

болып  табылса,  онда  құжат  бланк  пайдаланылмай  рəсімделеді,  ішкі 

құжат  ретінде  тіркеледі  жəне  өздерінің  құзыретіне  сəйкес  құрылымдық 

бөлімшелердің басшылары қол қояды.

 71.  Орындалған  ішкі  құжаттардың  түпнұсқалары,  оның  ішінде 

олардың  электрондық  ұқсастары  негізгі  орындаушы  болған  құрылымдық 

бөлімшелерге 

жолданады. 

Бірлесіп 

орындаушыларға 

орындалған 

құжаттардың көшірмелері немесе олардың электрондық нұсқасы беріледі.

 72.  Басшы қол қойған жəне тіркелген өкімдік құжаттардың көбейтілген 

даналары қаралатын мəселе қарамағына кіретін құрылымдық бөлімшелерге 

міндетті түрде жолданады.

Құжаттарды тіркеу тəртібі


Мемлекеттік тіл саясаты

229


73.  Есепке  алуды,  орындауды  жəне  ақпараттық-анықтамалық  мақсатта 

пайдалануды қажет ететін барлық құжаттар тіркелуге тиіс.

 74.  Құжаттарды тіркеу орталықтандырылып жүргізіледі.

 Құжат  айналым  көлемі  көп  ұйымдарда  құжаттарды  тіркеу 

орталықтандырылмай  тіркеуге  рұқсат  етіледі.  Бұл  жағдайда  ұйым 

басшылығының  қарауына  келіп  түсетін  құжаттар,  ұйымның  өкімдік 

құжаттары,  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  өтініштері  жəне  басшылық  қол 

қойған хат алмасулар БҚҚ қызметінде тіркеледі.

 Ұйымның  құрылымдық  бөлімшелерінің  атына  келіп  түсетін  құжаттар, 

құрылымдық  бөлімше  басшылығы  қол  қойған  хат  алмасулар  тиісті 

құрылымдық бөлімшелерде тіркеледі.

 Байланыс арналары арқылы құжаттарды берілетін немесе қабылданатын 

құжаттар  БҚҚ  қызметінде  немесе  оларды  қабылдап  алуды  (беруді)  жүзеге 

асыратын құрылымдық бөлімшеде тіркеледі.

 75.  Құжаттар  ұйымда  бір  рет  тіркеледі:  кіріс  құжаттары - келіп  түскен 

күні, шығыс жəне ішкі – қол қойылған (бекітілген) күні.

 Іс жүргізуде аяқталмаған немесе орындалуы ұзақ мерзімді қажет ететін 

құжаттар қайта тіркелмейді.

 Құжат  бір  құрылымдық  бөлімшеден  екіншісіне  орындау  (танысу)  үшін 

жолданған кезде, құжаттың соңғы парағының төменгі жағына немесе оның 

сыртқы  жағына  жəне  ТБН-ге  берген  күні  қойылады,  əдетте  құжатқа  жаңа 

тіркеу нөмірі қойылмайды.

 76.  Жауап  құжаттарды  бастапқы  тіркеу  бастама  құжаттардың  ТБН-де 

жүзеге  асырылады.  Жауап  құжатқа  тиісті  тіркеу  массиві  шегінде  реттік 

нөмір беріледі.

 77.  Ұйымда мынадай ТБН қолданылады:

 1)  осы Үлгілік қағидалардың 15-қосымшасына сəйкес карточкалық;

 2)  осы Үлгілік қағидалардың 16-қосымшасына сəйкес журналдық;

 3)  автоматтандырылған ақпараттық жүйеде – электрондық тіркеу бақылау 

карточкасы (бұдан əрі – ЭТБК).

 78.  Міндетті түрде тіркеуге жататын құжат туралы мəліметтердің мынадай 

құрамы белгіленеді:

 1)  ұйымның (автордың немесе корреспонденттің) атауы;

 2)  құжат түрінің атауы;

 3)  келіп түскен құжаттың күні мен тіркеу нөмірі;

 4)  мəтіннің тақырыбы (құжаттың қысқаша мазмұны);

 5)  бұрыштама (орындаушы, тапсырманың мазмұны, авторы, күні);

 6)  құжаттың орындалу уақыты;

 7)  құжаттың алынғаны туралы орындаушының қолы;

 8)  құжаттың  орындалғандығы  жəне  оның  іске  жіберілгендігі  туралы 

белгі.

 Құжаттың  сипаты  мен  ақпараттық  қолдану  міндеттеріне  қарай 



міндетті  мəліметтер  құрамы  басқа  да  мəліметтермен  толықтырыла  алады 

(қосымшаның  бар  болуы,  парақтар  саны,  ұйымның  ішіндегі  құжаттың 

жылжуы, орындалу мерзімі мен басқалар).

 79.  Тіркеу кезінде алынған, құжаттар туралы ақпарат ақпараттық-іздестіру 

жүйесіне түседі, оған картотека мен топтастырылған анықтамалар енеді.


Мемлекеттік тіл саясаты

230


 80.  Карточкалық  тіркеу  кезінде  мынадай  картотеканы  құрауы 

мүмкін  тіркеу-бақылау  карточкасының  (бұдан  əрі – ТБК)  қажетті  саны: 

корреспонденттер,  құжат  түрлері,  құжат  авторы  бойынша,  бақылау, 

кодификациялық, жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жəне 

ақпараттық іздеудің міндеттеріне қарай басылып шығарылады.

 81.  Ақпараттық-іздестіру  жүйесінің  тиімді  жұмыс  істеуіне  жіктеуіш 

анықтамаларды əзірлеу жолымен (ұйым қызметі мəселелерін жіктеуіш, хат-

хабарларды жіктеуіш, істер номенклатурасы жəне басқалары).

 82.  Автоматтандырылған  ақпараттық-іздестіру  жүйесінің  деректер 

базасының  жазбалар  жолағы  кейін  жедел  іздестіру  өлшемдеріне  жəне 

құжаттың орындалуын бақылауға толық сай болуы қажет.

Құжаттың орындалуын бақылау

83.  Құжаттардың  орындалуын  бақылауға  құжаттарды  бақылауға  қою, 

орындалу барысын реттеу, орындалған құжатты бақылаудан алу, орындалған 

құжаттарды іске жіберу, есепке алу, қорыту мен құжаттың орындалу барысы 

нəтижелерін  талдау,  басшылықты  құжаттардың  орындалуының  жай-күйі 

туралы  осы  Үлгілік  қағидалардың 17 жəне 18-қосымшаларына  сəйкес 

хабардар ету кіреді.

 84.  Орындауды  қажет  ететін  барлық  тіркелген  құжаттар,  оның  ішінде 

əр түрлі себептерге байланысты орындалмаған жəне орындалуы ағымдағы 

жылға ауыстырылған өткен жылдардың құжаттары бақылауға алынады. Бұл 

жағдайда құжаттар қайта тіркелмейді, ал оның ТБН-да жаңадан белгіленген 

мерзімдері көрсетіледі.

 84-1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің,  Қазақстан  Республикасы 

Президенті Əкімшілігінің актілері мен тапсырмалары бақылаудың мынадай 

түрлеріне қойылады:

 1)  шұғыл - «аса шұғыл» белгілері бар - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», 

«жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;

 2)  қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;

 3)  орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;

 4)  ұзақ мерзімді - алты айдан жоғары.

 Қазақстан  Республикасы  Президентінің,  Қазақстан  Республикасы 

Президенті  Əкімшілігінің  актілері  мен  тапсырмаларында  берілген 

тапсырмалардың орындалу мерзімі олар ұйымға келіп түскен күнінен бастап 

жұмыс күнімен есептеледі.

 Егер  тапсырмаларда  орындалу  мерзімі  көрсетілмесе,  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің,  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Əкімшілігінің атына ақпарат енгізіліп, бір ай мерзімде орындалады.

Ескерту.  Қағидалар 84-1-тармақпен  толықтырылды - ҚР  Үкіметінің 

07.11.2013 № 1168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 84-2.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Қазақстан  Республикасы 

Премьер-Министрінің  немесе  оның  орынбасарларының  жəне  Қазақстан 

Республикасы  Премьер-Министрінің  Кеңсесі  Басшысының  актілері  мен 

тапсырмалары бақылаудың мынадай түрлеріне:

 1)  «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға — тапсырма түскен 

күнінен  бастап  бір  жұмыс  күні  ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін»  деген 



Мемлекеттік тіл саясаты

231


белгілерімен - егер  тиісті  тапсырмада  өзгеше  белгіленбесе,  үш  жұмыс 

күнінен кешіктірмей;

 2)  қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 

белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

 3)  орта мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 

белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;

 4)  ұзақ мерзімді бақылауға — егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 

белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей 

қойылады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің немесе оның орынбасарларының жəне Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларында 

белгіленген  тапсырмалардың  орындалу  мерзімі  олар  ұйымға  келіп  түскен 

күнінен бастап жұмыс күнімен есептеледі.

 Егер  тапсырмаларда  орындалу  мерзімі  көрсетілмеген  жағдайда,  онда 

олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің немесе оның орынбасарларының жəне Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының атына ақпарат енгізіле отырып, 

бір ай мерзімде орындалады.

 Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жəне  Қазақстан  Республикасы 

Президенті Əкімшілігі Басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға 

Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің,  оның  орынбасарларының 

жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының 

қарарларымен  бірге  егер  тапсырмаларда  өзгеше  мерзімдер  белгіленбесе 

ұйымдар  тапсырманың  күнінен  бастап 20 күн  мерзімнен  кешіктірмей 

орындайды. Бірлесіп орындаушы-ұйым өз ақпаратын жауапты орындаушы-

ұйымға белгіленген мерзім өткенге дейін бес күннен кешіктірмей жібереді.

Ескерту.  Қағидалар 84-2-тармақпен  толықтырылды - ҚР  Үкіметінің 

07.11.2013 № 1168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 84-3.  Мемлекет басшысында өткен кеңестердің, Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығы мен Қазақстан 

Республикасының  Премьер-Министрі  Кеңсесінің  Басшысы  мəжілістерінің 

хаттамаларында қамтылған хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімі 

мəжіліс  (кеңес)  өткізілген  күнінен  бастап  есептеледі.  Егер  мəжілісте 

(кеңесте)  нақты  тапсырманың  орындалу  мерзімі  аталған  жағдайда,  оның 

атына  тапсырма  берілген  жəне  өкілдері  мəжіліске  (кеңеске)  қатысқан 

тиісті  ұйымдар  мəжілістен  (кеңестен)  кейін  бірден,  оларға  мəжіліс  (кеңес) 

хаттамасының түсуін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

Ескерту.  Қағидалар 84-3-тармақпен  толықтырылды - ҚР  Үкіметінің 

07.11.2013 № 1168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 85.  Құжаттардың  орындалуын  бақылау  мəселенің  мəніне  қарай 

құрылымдық  бөлімшелердің  басшыларына  немесе  лауазымды  тұлғаларға 

жүктеледі.

 Құжаттардың  орындалу  мерзімдерін,  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың 

өтініштерінің қаралу мерзімін бақылауды БҚҚ қызметі жүзеге асырады.


Мемлекеттік тіл саясаты

232


 86.  Орындалуын  бақылауды  ұйымдастырған  кезде  ТБК  (ЭТБК)  тіркеу 

журналын пайдаланады. Бақылау картотекасы құжаттың орындалу мерзімі, 

орындаушылары, құжаттардың топтары бойынша жүйеленеді.

 Бақылаудағы  құжаттардың  көлемі  аз  болған  жағдайда  бақылау  тіркеу 

журналында тиісті белгілер қою арқылы жүзеге асырылады.

 Автоматтандырылған  ақпараттық  жүйедегі  ЭТБК-ның  тиісті  деректе-

мелерін толтыру құжатты автоматты түрде бақылауға қояды.

 87.  Құжатты  бақылаудан  оны  бақылауға  қойған  басшы  немесе  оның 

тапсырмасы бойынша БҚҚ қызметі алады.

Мөрлерді, мөртабандарды жəне бланкілерді есепке алу мен сақтау

88. Қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды 

жəне  құжаттарды  қорғау  құралдарын  есепке  алуды,  пайдалануды, 

сақтауды  жəне  жоюды  ұйымдар  басшыларының  бұйрығымен  (өкімімен) 

тағайындалатын жауапты тұлға жүзеге асырады.

 89.  Ұйымда  қорғауға  жататын  баспа-бланкі  өнімдерін,  мөрлерді, 

мөртабандарды  жəне  құжаттарды  қорғау  құралдарын  пайдалану  тəртібі 

оның басшысының бұйрығымен (өкімімен) анықталады.

 90.  Мемлекеттік  ұйымда  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 

Елтаңбасы бейнеленген бір ғана мөр болады.

 Қажет  болған  жағдайда  мемлекеттік  ұйымның  құрылымдық 

бөлімшелерінде  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы 

бейнеленген жəне мəтіндік мазмұны біртекті мөр (мөртабан) болады, мəтіндік 

бөлік реттік нөмірмен немесе символмен (символдармен) толықтырылады.

 91.  Қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды 

жəне  құжаттарды  қорғау  құралдарын  тіркеу  осы  Үлгілік  қағидаларда 

белгіленген тіркеу-есепке алу нысандарында жүргізіледі.

 92.  Қорғауға  жататын,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген баспа-бланкі өнімдерін есепке алу жəне 

оларды беру қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін есепке алу мен беру 

журналында осы Үлгілік қағидалардың 19-қосымшасына сəйкес жүргізіледі.

 Аталған  журнал  қорғауға  жататын  баспа-бланкі  өнімдерінің  əр  бір 

түріне  жүргізіледі.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы 

бейнеленген фишкалардың бланктері арнайы есепке алуға жатпайды.

 93.  Қорғауға  жататын  толтырылған  бланктерді  беру  ұйымдардың 

ведомстволық  нұсқаулықтарында  көзделген  тиісті  тіркеу-есепке  алу 

нысанында қол қойылып жүзеге асырылады.

 94.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі бар, 

жөнелтуге  арналып  толтырылған  бланктердің  көшірмелерінде  данасының 

нөмірі жəне ұйымның мөрі қойылады.

 95.  Қорғауға жататын толтырылмаған бланктерді жедел полиграфиялық 

құралдармен көбейтуге жəне көшіруге болмайды.

 96.  Қолдан  жасауда  қорғау  мақсатында  қорғауға  жататын  жеке 

қолданылатын  қасиеті  бар  мөрлерді,  мөртабандарды  жəне  химиялық 

қоспалар  қосылған  арнайы  штемпельдерді  есепке  алу,  сондай-ақ  оларды 

беру  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы  бейнеленген 

мөрлерді,  мөртабандарды  жəне  арнайы  штемпельді  бояуларды  есепке  алу 

мен  беру  журналдарында  осы  Үлгілік  қағидалардың 20-қосымшасына 

сəйкес жүргізіледі.


Мемлекеттік тіл саясаты

233


 97.  Лауазымды  адамдардың  қойылатын  қолын  қолдау  жасаудан  қорғау 

мақсатында жеке қолданылатын қасиеті бар, химиялық қоспалар қосылған 

арнайы  сиямен  толтырылған  қаламұшты  автоқаламдарды  есепке  алу  жəне 

оларды  беру  арнайы  сиямен  толтырылған  қаламұшты  автоқаламдарды 

есепке алу мен беру журналында осы Үлгілік қағидалардың21-қосымшасына 

сəйкес жүргізіледі.

 98.  Тіркеу  журналдарының  тақырыптары  ұйымның  істер  номенклату-

расына енгізіледі.

 Журналдардың парақтары нөмірленеді, тігіледі жəне мөр басылады.

 99.  Басқа  лауазымды  тұлғаға  қолданылмаған,  қорғауға  жататын  баспа-

бланкі  өнімдерін,  мөрлерді,  мөртабандарды,  сондай-ақ  құжаттарды  қорғау 

құралдарын жəне олардың тіркеу нысандарын беру қорғалуға жататын баспа-

бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды, құжаттарды қорғау құралдарын 

жəне олардың тіркеу-есепке алу нысандарын қабылдау-өткізу актісімен осы 

Үлгілік қағидалардың 22-қосымшасына сəйкес рəсімделеді.

 100.  Қорғауға  жататын  баспа-бланкі  өнімдері,  мөрлер,  мөртабандар 

жəне  құжаттардың  қорғау  құралдары  мөрленетін  сейфтерде  немесе  темір 

шкафтарда сақталады.

 101.  Қорғауға  жататын  бүлінген  баспа-бланкі  өнімдерін  жою  қорғауға 

жататын баспа-бланкі өнімдерінің бүлінген даналарын жоюға бөлу туралы 

акті жасау осы Үлгілік қағидалардың 23-қосымшасына сəйкес жəне қорғауға 

жататын баспа-бланкі өнімдерін есепке алу мен беру журналдарында тиісті 

белгілер қою арқылы жүргізіледі.

 102.  Қорғауға жататын мөрлер мен мөртабандарды жою қорғауға жататын 

мөрлер мен мөртабандарды жоюға бөлу туралы акті жасау арқылы осы Үлгілік 

қағидалардың 24-қосымшасына  сəйкес  жəне  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлерді, мөртабандарды жəне арнайы 

штемпельді бояуларды есепке алу мен беру журналдарында тиісті белгі қою 

арқылы жүргізіледі.

 103.  Құжаттардың  қорғау  құралдарын  (оның  ішінде  арнайы  сиялар 

мен  штемпельді  бояулардың  сауыттарын,  арнайы  штемпельді  бояулармен 

толтырылған бүлінген штемпельді жастықшаларды, арнайы сиямен толты-

рылған  қаламұшты  автоқаламдарды)  жою  құжаттарды  қорғау  құралдарын 

жоюға бөлу туралы акті жасау арқылы осы Үлгілік қағидалардың 25-қосым-

шасына сəйкес тиісінше есепке алу мен беру журналдарында белгі қойылады.

 104.  Ұйым  қайта  ұйымдастырылған  немесе  таратылған  кезде  қорғауға 

жататын қолданылмаған баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды 

сондай-ақ  құжаттарды  қорғау  құралдарын  жою  ұйым  басшысы  немесе 

тарату  комиссиясының  төрағасы  бекітетін,  осы  Үлгілік  қағидалардың 24, 

25, 26-қосымшаларына сəйкес акті жасау жəне тиісінше есепке алу мен беру 

журналдарына белгі қою арқылы жүргізіледі.

 Журналдарды жəне басқа да тіркеу есепке алу нысандарын жою немесе 

одан əрі сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мұрағаттар 

мен құжаттаманы басқарудың орталық уəкілетті органы немесе облыстың, 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың мұрағат ісі мен құжаттама 

саласындағы  жергілікті  атқарушы  органымен  келісім  бойынша  жүзеге 

асырылады.


Мемлекеттік тіл саясаты

234


 105.  Қорғауға жататын баспа-бланкі өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды 

жəне құжаттарды қорғау құралдары даналарының бар болуын тексеру ұйым 

басшысының бұйрығымен (өкімімен) құрылатын комиссия жылына кемінде 

бір рет жүргізіледі.

 106.  Тексеру нəтижелері туралы белгі осы Үлгілік қағидалардың 19, 20, 

21-қосымшаларына сəйкес есепке алу мен беру журналында қойылады.

 Бұзушылықтар анықталған жағдайда комиссия қызметтік тексеру жүргізе-

ді, оның нəтижелері актімен ресімделеді жəне Қазақстан Республикасының 

заңнамасына сəйкес шаралар қабылдау үшін мəліметтер ұйым басшысының 

назарына ұсынылады.

 107.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы  бейнеленген 

мөрлер (мөртабандар) жоғалған жағдайда іздеу үшін барлық қажетті шаралар 

жасалады,  іздестіру  нəтижелері  теріс  болған  жағдайда  ұйым  басшысы 

бекітетін еркін нысандағы акт жасалады.



Істер номенклатурасын жасау тəртібі

Істерді қалыптастыру мен сақтау

108. Істер номенклатурасы орындалған құжаттарды істерге топтастыру, 

істерді  жүйелеу  мен  есепке  алу,  олардың  сақтау  мерзімдерін  анықтауға 

арналған  жəне  тұрақты  жəне  уақытша (10 жылдан  жоғары)  сақтаудағы 

істердің  тізімдемесін  жасауға,  сонымен  қатар  уақытша (10 жылға  дейінгі) 

сақтаудағы істерді есепке алу үшін негіз болады.

 109.  Істер  номенклатурасын  жасаған  кезде  құрылтай  құжаттары, 

құрылымдық  бөлімшелер  туралы  ережелер,  қызметкерлердің  лауазымдық 

нұсқаулықтары,  құжаттардың  сақтау  мерзімдері  көрсетілген  құжаттардың 

үлгілік,  салалық  (ведомстволық)  тізбелері,  істердің  үлгілік  (болжамды) 

номенклатуралары, құрылым (штат кестесі), жұмыс туралы жоспарлар мен 

есептер  басшылыққа  алынады,  ұйым  қызметінде  жасалған  құжаттардың 

түрлері, құрамы жəне мазмұны зерттеледі.

 110.  Істер номенклатурасын осы Үлгілік қағидалардың 27-қосымшасына 

сəйкес  БҚҚ  қызметі  (ағымдағы  жылдың 10 желтоқсанынан  кешіктірмей) 

тиісті  бөлімшелер  ұсынған  құрылымдық  бөлімшелердің  істер  номенкла-

тураларының негізінде жасайды.

 111.  Жаңадан  құрылған  бөлімше  бір  ай  мерзімде  бөлімшенің  істер 

номенклатурасын əзірлеп, оны БҚҚ қызметіне ұсынуға міндетті.

 112.  Ұйымның  істер  номенклатурасына  БҚҚ  қызметінің  басшысы  қол 

қояды, ұйымның сараптау комиссиясымен (бұдан əрі - СК), құжаттар тұрақты 

сақтауға берілетін мемлекеттік мұрағаттың (жергілікті атқарушы органның) 

сараптау  тексеру  комиссиясымен  (бұдан  əрі – СТК)  келісіледі  жəне  ұйым 

басшысы  (ағымдағы  жылдың  соңынан  кешіктірілмей)  бекітеді.  Істер 

номенклатурасы  егер  ұйымның  функциясы  мен  құрылымында  түбегейлі 

өзгерістер болмаса, мемлекеттік мұрағат мекемелерімен 5 жылда кемінде бір 

рет келісіледі.

 Ұлттық  мұрағат  қорының  толықтыру  көздері  болып  табылмайтын 

ұйымдар істер номенклатурасын СТК-ға келісуге ұсынбаса да болады.

 113.  Істер  номенклатурасы  қажетті  даналарда  басылып  шығарылады. 

Бекітілген номенклатураның бір данасы оны келіскен мемлекеттік мұрағатта 

сақталады.



Мемлекеттік тіл саясаты

235


 114.  Істер  номенклатурасы  жыл  соңында  нақтыланады,  оны  ұйымның 

басшысы  бекітеді  жəне  келесі  іс  жүргізу  жылының 1 қаңтарынан  бастап 

қолданысқа енгізіледі.

 115.  Ұйымның  бекітілген  құрылымына  (штаттық  кестесіне)  сəйкес 

орналастырылған  құрылымдық  бөлімшелердің  атаулары  істер  номенкла-

турасы бөлімдерінің атаулары болып табылады. Номенклатураның бірінші 

бөліміне өкімдік құжаттаманы қамтитын істердің жəне басшылық басқаратын 

консультативтік-кеңесші органдардың құжаттарының тақырыбы енеді.

 116.  Филиалдар  мен  өкілеттіктердің  құжаттары  ұйымның  істер 

номенклатурасына бөлім ретінде енгізілуі мүмкін.

 Қоғамдық ұйымның атауы істер номенклатурасының дербес бөлімі болуы 

мүмкін.  Аталған  бөлім  ұйымның  істер  номенклатурасының  бөлімдерінен 

кейін орналасады.

 117.  Құрылымы  жоқ  ұйымдар  үшін  істер  номенклатурасы  өндірістік-

салалық немесе қызметтік схема бойынша құрылады. Бөлімдердің атаулары 

ұйым қызметінің бағыттарымен сəйкес келуі қажет.

 118.  Жоғары  тұрған  органның  (ұйымның)  БҚҚ  қызметі  құжаттарының 

құрамы  біртекті  ведомстволық  бағынысты  ұйымдар  үшін  істердің  үлгілік 

(болжамды)  номенклатурасын  əзірлейді.  Осындай  номенклатуралар 

мұрағаттар  жəне  құжаттаманы  басқарудың  уəкілетті  орталық  мемлекеттік 

органымен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жəне 

астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет