Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет39/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

316-атқыштар  (8-гвардия)  дивизиясы  құрамында  майданға  аттан-

ды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальо-

нын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі 

жауынгерлік  құрамымен  аман-есен  дивизиясына  оралды.  Ресейдегі 

Волоколамск,  Грюнь,  Крюкова,  Бородино,  Трашкова,  т.б.  қала,  де-

ревниялар үшін болған қырғын ұрыстарға 9 рет асқан ерлік үлгісін 

көрсетті.Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс 

жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып, әскери жарғыға енуі, такти-

када  «ошақты»  және  «икемді  қорғаныс»  ұғымдарының  қалыптасуы 

-оның  осындай  тәжірибелерінің  жиынтығы  болып  табылады.  Оның 

қолбасшы,  терең  ойлай  білетін  әскери  маман  ретіндегі  таланты 

соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. 

Б.Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теория-

сын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың бірі болды. Ол бұл 

әскер  түрлерінің  өзара  тығыз  байланыста  әрекет  етуіне  баса  көңіл 

бөліп отырды. Танк, артиллерия және тағы басқа әскери бөлімдерді 

(бөлімшелерді)  полктар  мен  дивизиялар  командирлері  қол  асты-

на  бере  отырып,  олардың  (полктар  мен  дивизиялардың)  өздігінше 

жауынгерлік  қимылдар  жүргізуіне  мүмкіндік  жасау  тактикасын 

қолдады. Өзі қашан да ұрыс тағдыры шешілетін жерде болды. 

Б.Момышұлы  –  әскери  педагогика  мен  әскери  психология-

ны  байытушы  баға  жетпес  мұра  қалдырған  дара  тұлға.  Оның  атақ, 

даңқы,  батырлығы  А.Бектің  «Волоколамск  тас  жолы»  кітабынан 

оқып білдім. Б.Момышұлының айтып кеткендері жетерлік. Бауыржан 

Момышұлының  әрбір  айтқан  ұлағатты  сөздері  біздер  үшін  қымбат. 

Ең  үлкен  бақыттың  бірі-  Отанына,  еліне,  халқына  қадірлі  болу.  Қай 

заманда болмасын, ер азаматтың қадірлі болмағы ел-жұртын жаудан 

қорғап,  айрықша  ерлік  көрсетіп,  халқының  қамын  ойлап,  елі  үшін 

ерекше еңбек сіңіріп, ерлігімен көзге түсіп, даңқ пен абыройға кенеліп, 

халқының сүйіспеншілігіне бөленуден көрініс табады. Ел тұлғалары 

–  әрбір  халықтың  көркі,  мақтанышы.  Мен  де  Отаныма  адал  қызмет 

істеп,  оның  көркеюіне  өз  үлесімді  қосып,  елімнің  сүйіспеншілігіне 

бөленуге тырысамын.

  Бауыржан  Момышұлының  аты  аталғанда,  менде  екі  бейне  көз 

алдыма келеді: бірі – батыр, екіншісі – жазушы. Менің де мақсаты – 

бойымдағы  қасиеттерімді  тек  жақсы  жағынан  көрсетіп,  Бауыржан 

атамдай жан-жақты болу, әр нәрсенің өз бағасын жақсы түсініп, шын 

бағасын бере білу.



399

Сочинения школьников Карагандинской области

Федотова Мария 

10 сынып, № 3 ЖББОМ Жезқазған қаласы 

Жетекшісі: Акмолдина М.С.

Дархан елім – Қазақстан!

Мен  бақыттымын!  Себебі,  мен  ынтымағы  жарасқан,  бірлігі 

ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады 

екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. 

Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан!

Отан... Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер 

сөз. 

Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің От-



аным -сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қастерлі өлке 

- Қазақстан. 

Қазақстан  –  тәуелсіз  ел.  Сол  тәуелсіздік  жолында  қазақ  халқы 

не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс 

та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы 

кезеңімен есте қалды. 

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы 

жылдардағы аштық, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы 

жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да 

қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз олар-

ды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, 

болашақ бізді кешірмейді» дейді ұлы дана халық.. 

«Тәуелсіздік – бізге тағдырдың кездейсоқ бере салған сыйы емес, 

қайғысыз-мұңсыз  төңкерістің  тартуы  емес,  мың  өліп,  мың  тіріліп 

жүріп терген жемісіміз», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қарнымыздың 

тоқ, көйлегіміздің көк, уайым-қайғымыздың жоқ болуы – білекті ба-

тырларымыз бен жүректі аға-апаларымыздың арқасы. Қазіргі таңда 

тәуелсіз және егемен ел екенімізді білдіретін елтаңба, ту, әнұранымыз 

бар. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі бар. Өзге елдермен тереземіз тең, 

босағамыз берік. Экономикамыз да қарқынды дамыған.

Қазақстан  –  көп  ұлтты  ел.  Оның  құшағы  кең  әрі  ыстық 

болғандықтан ешкімді де жатсынбайды. «Татулық – табылмас бақыт» 

екендігін  әрдайым  есте  ұстайтын  халық  ынтымақпен,  бірлікпен  бір 

шаңырақ  астында,  бір  үйдің  ағайынды  балаларындай  тату-тәтті 

тіршілік етуде. Бұл қазақ халқының қонақжай халық екендігінің бір 

белгісі.


400

Казахстан, армия, патриотизм

Қазақстанның  қалалары,  оның  әрбір  көшелері  күннен-күнге 

көркеюде.  Ресей  Федерациясы  десек  -  Мәскеу  қаласын,  Франция 

мемлекеті  десек-  Парижді,  Англия  десек-  Лондонды  көз  алдымызда 

елестетеміз. Астана мен Қазақстан - егіз ұғым. Еліміздің жүрегі – Аста-

на қаласы. Ғасырлық тарихы бар, аты аңызға айналған мемлекеттердің 

астанасынан  кемде-  кем  түспейді.  Қазақстанның  қазіргі  таңдағы 

беделі  жаман  емес.  Білім,  өнер,  спорттан  Қазақстан  дүние  жүзіне 

біршама танымал. Дәл қазіргі кездегі Қазақстанның алға ұмтылысы 

да адамның мерейін өсіреді.

Егемендігін  алғанына  жиырма  екі  жыл  ғана  толған  жас 

Отанымның  күн  өткен  сайын  жан-жақты  дамып,  көркейіп  келе 

жатқанына  қуанамын.  Мен  ауыз  толтырып  мақтауға  тұрарлық, 

мақтана аларлық мемлекет – Қазақстанда туғанымды мақтан етемін. 

Осының айғағы ретінде Қазақстанның ЕҚЫҰ –на төрағалығына көп 

елдердің  бірауыздан  сайлағандығын,  Қысқы  Азияданың,  EXPO-2017 

халықаралық көрмесінің өтуін айтуға болады.

Елбасымыз  айтқандай  XXI  ғасыр-жастар  ғасыры.  Мұқағали 

ағамыз:

«Сендердікі қоғам, өмір, заман да,



Сен түзеген қалаңменен далаң да,

Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,

Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,-

дейді.


Біз  -  халқымыздың  үміт  артарымыз,  өлкемізді  көркейтіп  жа-

сартары да біз – жастар. Бүгінгі таңда жастарға барлық мүмкіншілік 

жасалған.  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  дүние  жүзінің  түкпір- 

түкпірінде еліміздің жастары білім алуда. Дарынды балаларға арнап 

зияткерлік мектептер әр облыстарда кезегімен ашылуда. 

Қорытындысында,  ел  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  сөзімен  айтқанда:  «Салтанаты  жарасқан  қаласы 

бар,  байтағы  ұшан-теңіз  даласы  бар,  аруақ  қолдаған  бабасы  бар  ел 

екендігімізді мақтан етейік!».


401

Сочинения школьников Карагандинской области

Хабалхан Ляззат

10 сынып, №8 орта мектебі Балқаш қаласы

Жетекшісі: Жұмабаева М.К.

Жетім көрсең жебей жүр

Иә,  перзент  –  Алланың  адам  баласына  сыйға  тартқан  періштесі. 

Қазақ  –  өз  баласын  жетіге  дейін  патшасындай  сыйлаған,  он  беске 

дейін  шаруаға  салып  жұмсаған,  он  бестен  кейін  ең  жақын  досындай 

сырласа білген. Жетімін жаутаңдатып көп қолына қаратпаған, жесірін 

қаңғыртпаған,  тастамаған  ел  едік,  қазіргі  жайтпен  салыстыра  оты-

рып,  көне,  сүрлеуі  кеткен  дара  жолдан  адаса  бастағанымызға  куәлік 

ету неткен қасірет десеңізші! Әр адам өз өмірінің қожасы, тек осынау 

жеке дара қожалыққа ерте бастан өзгелердің қол сұғуын қатыгездікке 

жатқызамыз ба, заңсыздық деп шешсек пе екен? Ащы да болса шындық, 

қазақ ұлтына қара таңба болып басылған бітеу жара, бабалар аманаты-

на қиянат жасалған ұрпағын өзгеге сату болып отыр. Шындығына кел-

генде “тұл жетім болып жер басып жүргенше өзге елде тәрбиеленгені де 

дұрыс па” деп ойлайсың. Алайда, жат елдің тәрбиесін көріп өскен бала 

өз Отанын білген күннің өзінде ыза-кекпен өмір сүруі ықтимал. Бәлкім, 

өзін, осы дүниеде өз анасына да, туған әкесіне де, керек десеңіз, еңбек 

етер  Отанына  да  қажетсіз  адам  ретінде  сезінетін  болар.  Табиғаттың 

тылсым күштері, заңдылықтары мен таңғажайыптары тәрізді адамның 

жан дүниесі қазынаға толы алтын сандық. “Жетім көрсең жебей жүр”- 

дейтін  қазақтың  шаңырағына  нәубет  күннің  тууына  не  себеп?  “Неге 

қазағымыз тарыдай шашылып өзге қолында кете барды” дегеннен гөрі 

“бейкүнә сәбидің дүние есігін аша сала тағдыр тауқыметін тартуына не 

себеп” деген сұрақ қойған жөн сияқты. 

Әлбетте,  ең  алдымен,  жауапсыз,  тасжүрек,  қатыгез,  көкек  ана-

дан  жауап  талап  ететініміз  сөзсіз,  бірақ  неліктен  әке  жайын  сөз 

қылмаймыз? 

Отбасы,  шаңырақ  құру  деген  ұғымдар  әрдайым  тек  екі  жанның 

ынтымақтастығы мен сыйластығының арқасында құрылуы қажет. Әйел 

адам үй шаруасын, бала тәрбиесін атқарса, ер адам түзде жұмыс жасай-

ды. “Көкек ана, көкек ана” дегенмен “көкек әкені” де талай көзіміз шалып 

жүр, сол себептен жауапкершіліктің барлығын қыз баланың мойнына 

жүктемей, ер азаматтар жайында ойластырып көру керек емес пе? Адам 

–өз қателіктерінен сабақ ала отырып болашаққа қадам басады, өкінішке 

орай, жастар өз қателерін түзеуге тырыспайтын да сияқты. Оның дәлелі 



402

Казахстан, армия, патриотизм

шет елдегі қазақ балаларының ата-анасы, яғни өгей әке-шешесі туған 

анасын іздеп тапқан күннің өзінде, тасбауыр ана бүлк етпеді, перзентін 

көруден бас тартты, қашты. Тіптен, өзінен алысырақ жерде болғанын 

жөн  көріп  те  жүрген  болар.  Перзентінен  аямай  аузындағысын  жы-

рып  беретін  ет  пен  сүйектен  жаратылған,  мейірімді,  қамқор  аналар 

тасжүрек,  көкек  ана  мен  қайырымсыз-қатыгезге  қалайша  айналды 

екен. Көкек ана да – аялы алақанымен бала бесігін, бір қолымен әлемді 

тербеткен ана атаулыдан туғаны белгілі, тағдырға не шара, күнәсіз пәк 

сәбиді көргенде өзінің балалық шағы есіне түспеді ме екен «өгізге туған 

күн, бұзауға да туады»-демей ме, ертеңгі күні анасына қажетті болмаған, 

ана тәрбиесін көре алмаған бала өз ұрпағына қандай тәрбие бере алады. 

Қанша қамқор болса да, туғаныңдай болмас. Түрі, діні, тілі, ұлты басқа 

жандармен етене жақын болу, үйренісіп кету қиын ғой. Жатқа бала беру 

қаржы  табудың  сұрқайы,  сұрықсыз  жолы  ма,  әлде  өзімізден  алатын 

ешкім болмағандықтан ба? Не де болса, өзге жұртқа «бала сатумен та-

нымал болғанша, ер-азаматтарымызбен, ұлттық өнімдерімізбен, эконо-

микамызбен, Отан қорғар батырларымызбен, арқа сүйер жастарымыз-

бен танылайық». «Көп түкірсе -көл»- мәңгілік ел боламын десек түзеуді 

ұмытпауымыз керек, өз перзентінен безінген ата-анадан күнәһар ешкім 

жоқ, сірә! 

Отан-ана,  сол  себептен  өз  ұрпақтарыңның  басын  қос,  талай 

тауқыметті көппен бірге көтере білдің, үш жүзге бөлінгенде де бірлік 

жеңіске  жетіп  еді,  ел  аман,  жұрт  тынышта  нәубет  төнуден  сақтасын, 

осыған  дейінгі  балалар  енді  шет  елдік,  бірақ  әлі  де  кеш  емес,  бірақ 

асығуымыз  қажет  екенін  де  естен  шығармайық!  Жұрт  бірлігі  –

қамқорлықтан.  Мысалға,  Каталония  аймағында  тіптен  «балалар  үйі 

атымен жоқ»- деседі. Олар өз балаларын өзге тұрмақ туысқанға тастап 

кете бармайды, қайғылы оқиға негізінде ата-анасынан айырылып жат-

са, туғандары өз қамқорлығына алады. Дәл сондай заман қазақ елі үшін 

де өте керек, ауадай қажет. Әйтпесе, қазақты қорлау таусылар емес.

Біздің  елден  кеткен  жетім  балалардың  ең  көп  бөлігі  Америкаға 

кеткен.  Сонда  олардың  өздерінде  жетімдер  жоқ  деп  ойлауға  болмай-

ды. Жетім де жесір де болса соларда болсын. Олар өздерінің жетімдерін 

жарылқамай отырып, қазақтың жетімдерін қалай есіркей қалды?! Мұнда 

нендей жымысқы ой, сұрқия сұмдықтың бұғып жатқаны бізге белгісіз. 

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында «Мәңгілік ел» идеясын алға тартты. 

Оған қалай жетеміз, қалай Мәңгілік Ел боламыз? Жетімің жаутаңдап жат 

жерде жүрсе, қабырғаң қайыспай қамсыз, мұңсыз боламыз ба?


403

Сочинения школьников Карагандинской области

Сұрақ  көп,  жауап  біреу.  Жетімдерді  шырылдатып,  шетел-

ге  өткізуіміз  құдай  алдында  да,  ар  алдында  да  ақталмайтын  күнә. 

Халқымыз «ішіме сыйған бала, сыртыма да сыяды» деуші еді. Көңіл 

тарылмаса екен...

Шапай Торе

 8 класс, школа-лицей №7 им. К.И. Сатпаева г. Жезказган

Руководитель: Махатова Б. К.

Люблю тебя, мой Казахстан!

Мой Казахстан – это самая дорогая, важная, драгоценная, горячо 

любимая страна. Это Родина моя… Всех нас, людей разных националь-

ностей, объединяет общее: мы - народ Казахстана. Многонациональна 

как наша страна и моя большая родня. Есть в ней и казахи, и татары, 

и  лезгины,  и  русские,  и  корейцы.  Для  всех  эта  земля  стала  родной. 

Стремление к согласию живёт в крови каждого народа, но особенно 

оно развито у казахстанцев

Мы,  молодое  поколение  –  будущее  Казахстана.  Нам  его  строить 

и беречь, укреплять мир и дружбу между народами. Мы должны со-

хранить мир на древней и прекрасной земле – это важнейшее условие 

процветания. Каждый человек, живущий на планете, испытывает чув-

ство гордости за свой народ, за свою страну, свою землю и историю. 

И нам сегодня надо помнить о прошлом, знать настоящее, чтобы по-

строить будущее. И я призываю всех своих сверстников, всех молодых 

людей, посвятить себя служению Родине – Республике Казахстан. 

Какого  человека  можно  назвать  патриотом?  На  мой  взгляд,  это 

человек, который должен почитать место своего рождения и прожи-

вания, уважать местные традиции, уважать своих предков, земляков, 

проживающих рядом с ним, стремиться помогать людям. Работать для 

улучшения и развития своей Родины, ее озеленения, благоустройства. 

Поддерживать  земляков и соотечественников, укреплять  дружеские 

отношения  с  соседями,  с  сослуживцами,  с  одноклассниками.  Высту-

пать против тех, кто разрушает нашу Родину, наносит вред, угнетает 

сограждан. Бороться со сквернословием, с загрязнением окружающей 

природы, с вредными привычками. Потому, что алкоголизм, наркома-

ния, коррупция, унижение достоинства человека - все это элементы 

проявления различных форм непатриотизма.



404

Казахстан, армия, патриотизм

Наш президент возлагает большие надежды на молодое поколе-

ние. «Главное, чтобы у молодых, приходящих к руководству страной, 

было чувство патриотизма». Мысли и дела главы государства всегда 

устремлены в будущее. «Я часто спрашиваю себя, - заметил Нурсултан 

Абишевич, - каким он будет - «казахстанец будущего». Сегодня, глядя 

на  вас,  я  вижу  его.  Его  глаза  должны  гореть  жаждой  новых  знаний. 

Его ум должен быть отточен для решения самых сложных задач. «Ка-

захстанец  будущего»  -  это  высококлассный  специалист,  владеющий 

казахским,  русским  и  английским  языками,  он  социально  активен, 

мобилен, не боится перемен. И я верю, что всегда будут с гордостью 

произноситься  слова:  «Мы,  народ  Казахстана»,  а  при  звучании  Госу-

дарственного Гимна на глазах будут наворачиваться слезы от гордо-

сти за страну.

Я люблю свою родную страну, люблю свой родной город, город 

Жезказган. Жезказган – это легенды и были, это герои труда и просто 

красивые душой и поступками люди. Растет город. Как могучее дере-

во. Взращиваемое заботливыми, мозолистыми руками. Растет город, 

раскинувшись вширь ветвями улиц, чеканя памятные знаки на ладо-

нях своих площадей и скверов, будто посылая телеграммы будущим 

поколениям.

Растет Жезказган, устремляясь в будущее. Крепки и надежны его 

корни. 

Звездной скатертью небо синее:



Россыпь медная, звездостан.

К звездам катися песнь орлиная

Песнь заветная-Жезказган.

Живет на земле счастье. Оно большое и разное. Высокое счастье 

– увидев звезды, вернуться к родному порогу, обнять отца с матерью, 

посидеть с друзьями, послушать, как поют птицы, как шепчут березы 

родной земли. Я знаю, что я всегда буду беречь это большое счастье.


405

Сочинения школьников Костанайской области

Костанай облысы

406

Казахстан, армия, патриотизм

Әжіғалиева Анар

11 сынып, № 6 орта мектеп Арқалық қаласы



Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Туырлыққа – ту іліп, қыннан қылыш суырып, көк найзаның 

ұшына күдері үкі таққан елміз.

Қазыбек би

Қаншама  ауыр  кезеңдерді  бастан  өткерген  Қазақ  елінің  тарихы 

тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған 

Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа 

дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымыз-

ды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей 

ел  болдық.  Кейін  Әбілқайыр  ханның  бастауымен  Ресей  боданына 

айналдық. Бәлкім, бұл тарих заңдылығы шығар. Егер орыс халқының 

азабын көрмесек, өжет те қайсар, табанды қарсылық көрсете алатын-

дай «қазақ халқы» болып қалыптаса алмас па едік... Қалай болса да, ұзақ 

жылдық тәуелділіктен батыл жастарымыздың толқуымен құтылдық. 

1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасы» кімнің де болса жүрегін қан 

жылатады.  «Алыспаған,  жұлыспаған  бостандық  атына  мінбейді,  - 

дейді Әлихан Бөкейханов – бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі 

күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды». Міне, сол 

бір күн қанша жастың тағдырын жалмаса да, қаншама отбасыға ауыр 

қайғы  әкелсе  де,  Қазақ  еліне  бостандық  сыйлады.  Егемендікті  «қан 

төгіспей,  жан  беріспеймін»  деген  қайсар  халықтың  ұрпағы  осылай-

ша  алды.  Ал,  бүгінде  жеке  ел  ретінде  тарих  төріне  көтерілгенмізге 

22  жыл  болыпты.  Осы  жылдардың  өзінде  мемлекетіміздің  даңқы 

көтеріліп, өзімізді әлемге таныттық. Қолына найза ұстап, үстіне сауыт 

киіп ел қорғаған батырларымыздың бүгінгі бейнесі дүниенің түкпір-

түкпірінде спорт, өнер, білім сияқты әр түрлі салаларда Отанымыздың 

атын шығарып жүрген жастар болып отыр. Ендеше, осындай ұрпағы 

бар елдің ертеңі жарқын болары сөзсіз.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Өзінің қойнауына жүз қырықтай 

ұлт өкілдерін топтастырған еліміздің кең пейілділігін осыдан аңғаруға 

болады.  Бұл  халықтар  бізбен  бірге  біраз  жылдар  бойы  өмір  сүріп, 

әбден сіңісіп кеткен. Ұлты, діні, тілі өзге болғанмен, біздің Отанымыз – 

бір. Жазғы Лондон олимпиадасында, қазір болып жатқан қысқы Сочи 

олимпиадасында еліміздің атын өзге ұлт өкілдерінің де қорғап жүргені 


407

Сочинения школьников Костанайской области

бұған айқын дәлел бола алады. Елбасымыз «Қазақстан – 2050» страте-

гиясында «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ұлттық ортақ мүдделер, 

бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, бір тағдыр – бұл біз бірге 

жүріп  өткен  қиындықтар  мен  жеңістер»  деп  баса  айтқан  болатын. 

Олай болса, мемлекетімізді алда күтіп отырған қиындықтарды бір ел 

аясына бірігіп, бейбітшілікпен жеңе білейік. 

Қазақстанның негізгі тірегі – қазақ халқы. Сондықтан, ең бірінші, 

әрбір қазақ азаматы өзінің Отан алдындағы парызын ұмытпауы керек. 

Өз елінің, ұлтының беделін асқақтатып, әрқашан туын көкке көтеріп 

жүруі қажет.

Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

 Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

 Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -

Айта бергім келеді, айта бергім,

- деген Жұбан Молдағалиевтың жыры еліне деген сүйіспеншіліктен 

туғаны  анық.  Патриот  ақынның  бар  әлемге  «Мен  –  қазақпын!»  деп 

жар салуы, оның ерлігін көрсетеді. Бұл поэма халқымыздың ұлттық 

сана-сезімінің  қалыптасуына  зор  ықпал  жасады.  Осы  поэманы  оқи 

отырып,  қазақ  халқымен,  тарихымен  танысуға  болады.  Көшпенді 

қазақ өмірінен бүгінгі күнге дейінгі қазақ өмірі бүкпесіз суреттелген. 

Ақын қазақ елінің аспанында жарық жұлдыздай боп жарқыраған да-

наларымызды  да  тыс  қалдырмаған.  Мұндай  шығарманың  кез  кел-

ген қазақ азаматының бойында патриоттық сезім туғызбауы мүмкін 

емес.  Ал,  осындай  өлеңдермен  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  ұраны, 

әрине, «Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз» деген Жұбан атамыздың 

жыр шумақтары болары сөзсіз. Мен де сол ұрпақтың бірімін. Ендеше, 

менің елімнің патриоты ретінде айтарым: Байтақ жерді алып жатқан 

шаңырағы биік Қазақ елі жасасын!

Жақында  Елбасымыз  халқына  өзінің  жыл  сайынғы  жолдауының 

бірін  ұсынды.  Бұл  жолдаудың  тақырыбы  –  «Мәңгілік  Қазақстан». 

Мақсаты – өзінің аты айтып тұрғандай, мәңгілік ел құру. Біздің міндетіміз 

осы елді құруға үлесімізді қосу болмақ. Қазақ елін керегесін тарих сах-

насынан ешқашан жойылмайтындай етіп берік құрып кетуіміз керек. 



408

Казахстан, армия, патриотизм

Белов Александр

4 класс, СШ № 11 г. Рудный

Руководитель: Гусарова Е.В.

Что такое родина? Родина!.. Это короткое, но дорогое слово. Оно 

звучит, как музыка. С чего начинается Родина? Может, с «заветной ска-

мьи у ворот, с той самой березки, что в поле, под ветром склоняясь, 

растет…». Да, все это Родина. Это все то, что нам дорого и близко.

Любовь к своей Родине, к своему отечеству поднимала людей на 

подвиг. Много героев погибло, защищая свою страну. Их имена стали 

для нас символом мужества и чести. Родина начинается и с памяти о 

них. Мне кажется, что Родина, прежде всего, начинается с семьи. Когда 

вечером все собираются за одним столом. Приятно, когда все разго-

варивают о проведённом дне, когда, усевшись на диван, все смотрят 

интересный  фильм.  Это  счастье,  так  и  начинается  Родина.  Теперь  я 

понимаю, почему люди, солдаты шли на смерть, защищая свои семьи, 

свою землю, свою Родину.

С чего начинается Родина? На этот вопрос каждый отвечает по-

своему.  Но  смысл  каждого  ответа  один  –  любовь,  патриотизм,  неж-

ность… Родина начинается с малого – с детской кроватки, в которую 

нас  клали  нежные  руки  мамы,  колыбельные  песни  и  прочитанные 

сказки, веселые игры во дворе. Со школы, где дорогие наши учителя 

дают нам знания. Ведь все это тоже - Родина.

Даже птицы не могут навсегда оставить родные просторы ради 

теплых, но чужих стран. Они летят через моря и пустыни, выбиваясь 

из сил, чтобы хоть ненадолго вернуться к своим полям и лесам.

Человеку на все хватит сил, если дело его делается ради своей Ро-

дины.

Жұмабек Ұлпан

 11-сынып, №2 Қазанбасы орта мектебі Әулиекөл ауданы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет