Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет40/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71

Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Атамекен! Тарих! Бұл қай құлаққа 

да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия 

бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...



409

Сочинения школьников Костанайской области

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл 

жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-

бабамыздың  кіндігі  кесілген  кең  жазира  жері.  Бұл  жерді  мекен  ет-

кен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі 

ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге 

әкеліп,  мәдениеті  мен  діні  жаңғыра  түлеп,  әйгілі  күре  жолдардың 

үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын 

болған.  Біздің  еліміздің  жерінен  Жерорта  теңізінен  Қытайға  дейін 

Еуразияны  көктей  өтіп  жатқан  «Ұлы  Жібек  жолының»  керуендері 

тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған. 

Қазақстан  Республикасы  Еуразия  құрлығының  түкпірінде 

орналасқан.  Қазақстан  батыста,  солтүстік-батыста  және  солтүстікте 

Ресеймен,  оңтүстікте,  оңтүстік-батыста  Орта  Азия  республикалары 

Түрікменстан,  Өзбекстан  және  Қырғызстанмен,  оңтүстік-шығыста 

және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан 

шекарасының  жалпы  ұзындығы  –13034км.  Қазақстан  аумағының 

көлемі – 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Фран-

ция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия 

мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! 

Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жыр-

ларымызда:  «Ұшса  құстың  қанаты  талады,  шапқан  аттың  тұяғы  то-

зады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік»,-деп толғаған. Дала 

төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жа-

сампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. 

Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан 

кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. 

Сонымен  қатар  ең  елеулі  этносты  құрайтындар  өзбек,  немістер 

және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, 

олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол 

еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. Отан мәңгі гүлденеді-демекші, 

тәуелсіздігіміз  тұғырлы  болып,  еліміздің  символы  –мемлекеттік 

рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз бо-

лып саналады.

2007  жылы  4  маусымда  Астана  қаласында  Қазақстан  Республи-

касы  мемлекеттік  рәміздерінің  15  жылдығына  арналған  «Менің 

Қазақстаным»  республикалық  жастар  форумында  Президент 

Н.Ә.Назарбаев  сөйлеген  сөзінде:  «Мемлекттік  рәміздер  –  еліміздің 

егемендігі  мен  тәуелсіздігін  паш  ететін  нышандар.  Бұл  рәміздер 


410

Казахстан, армия, патриотизм

біздің  мемлекетіміздің  өткені,  бүгіні  мен  болашағы  арасындағы 

сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік  рәміздер  –  халқымыздың  рухын,  ұлттық  салт-

санасын,  қаһармандығы  мен  даналығын,  болашаққа  үмітін,  арман-

тілегін  жеткізетін  ерекше  құнды  белгілер.  Желбіреген  аспан  түстес 

байрағымыз  халқымыздың  арманын  асқақтатып,  қыран  бүркіттей 

еліміздің аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті. Кез келген 

мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің 

салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың 

мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. 

Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл 

өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі 

тіршілігі  мен  келешек  армандарын,  мың  жылғы  тарихын  осы  әнге 

сыйғызған.  1986  жылы  «Менің  Қазақстаным»  бостандық  аңсаған 

қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006  жылғы  7  қаңтардағы  Конституциялық  заңға  сәйкес  ҚР-

ның  Мемлекеттік  әнұранының  музыкалық  редакциясы  мен  мәтіні 

жаңа  редакцияда  жазылды.  Мемлекеттік  әнұранның  авторы  Шәмші 

Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назар-

баев.

Алғашқы  рет  Қазақстан  Республикасының  әнұраны  ретінде 



«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау 

рәсімінде орындалды. Бұл әнұранның сөзі республикамыздың барлық 

халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, 

терең отаншылдық сезімдегі ән. 

Тудың      авторы  –  Шәкен  Оңдасынұлы  Ниязбеков  белгілі 

монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты 

мата. Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен 

мазмұнды  ойластырғаны  байқалады.  Ол  жер  жүзінде  әлемге  нұрын 

шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық 

пен  баянды  өмірдің  белгісі,  ал  ою-өрнек  тудың  қай  елдікі  екенін 

аңғартады.  Ол  бірлік  пен  аман-  есендікті  көрсетеді.  Оның  қақ 

ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың 

белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс 

деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан 

қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын де-

ген ойдан туған.


411

Сочинения школьников Костанайской области

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ 

елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. 

2014  жылдың  17  қаңтарында  Елбасы  Қазақстан  халқына 

«Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты 

Жолдауын  арнады.  Елбасы  «Қазақстан-2050»  Стратегиясын  жүзеге 

асырудың нақты бағыт-бағдарларын белгілеп, жүйелеп берді. Бұл стра-

тегия тек мемлекеттің, үкіметтің ғана жұмысы емес, қоғамымыздың 

әрбір мүшесі бұл іске қатынасуы қажет екенін атап өтті. Ел-жұрттың, 

әрбір  азаматтың  әлеуеті  мен  қабілеті  қазақ  елін  бәсекеге  қабілетті, 

дамыған отыз елдің қатарына енгізу үшін жұмсалуы керек. Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Жол-

дауда ата-бабаларымыздың арманы – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын 

көтерді. 

Мәңгілік  ел  болу,  баянды  мемлекет  болу,  Тәуелсіздігімізді 

мәңгілік ете білу – ежелгі бабаларымыздың асыл арманы еді. Енді сол 

бабалар  армандаған  асыл  мұрат  бүгінгі  ұрпақтың  басты  мақсатына 

айналмақшы. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік 

елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры  ұрпақтың 

Мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік 

қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! 

Елбасының бұл Жолдауы Қазақстанда тұратын барлық халықтардың 

алдындағы  басты  мақсаты  мен  міндеттері  деп  білемін.  Қорыта 

келгендегі  айтарым,  мен  елімнің  келешегін  табиғаты  танғажайып, 

экономикалық аймағы нығайған, төл ұлт өкілдерінің саны молайған, 

ортақ  шаруашылық  нарқы  құрылған,  медицина,  білім  беру  жүйесі 

асқақтаған  мемлекет,  АҚШ  сияқты  күркіреген  елдер  сапынан 

көретініме  сенімдімін.  Еліміз  Орта  Азия  барысына  айналу  үшін  ел 

жастарын,  құрбы-құрдастарымды  саналы  білім  алып,  сол  білігімізді 

мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне жұмсауға шақырамын. 



Игибаева Динара

11 сынып, Затобол мектеп- гимназиясы Қостанай ауданы 

 Жетекшісі: Арсаева Ж.А

Тіршілік.  Табиғат  заңдылығы.  Дүниеге  шыр  етіп  сәби  келді.  Өзін 

ғана емес, бойында қазақ қанын, қазақ тілін ала келді, себебі ұлты қазақ. 

Айналаға шолу жасап, іңгәлап жылып, тәп-тәтті күлкісімен тамсанды-

рып,  еңбектеп,  артынша  жүріп,  ержетіп  келеді.  Қалыптасқан  жағдай 


412

Казахстан, армия, патриотизм

бойынша балабақшаға барып, мектеп табалдырығын аттайды. Сөйтіп, 

өмір есігін айқара ашпақшы болады. Мектеп демекші, ол екінші үйіміз, 

мұнда бізге қамқор болар ұстаз – аналарымыз бар. Тәлім-тәрбие береді. 

Мен мұның бәрін неліктен жазып отырмын?! Әңгімені әріден бастамақ 

ойым болды. Себебі тіл де, діл де, дін де бәрі-бәрі тал бесіктен бастала-

ды. Бүгінгі тұлға қалай қалыптасса, болашақ ұрпақ сол бағытта дами-

тынына дау жоқ. Демек, бізге ата-анамыз, туғандарымыз, қоғам қандай 

тәрбие берсе, сол тәрбиемен болашақта сусындап, келесі ұрпақты су-

сындатамыз. Бірінші кезекте тіл мәселесі. Бұл мәселе қоғамнан орнын 

алшақтатқан сұрақ. Күрмеуі қашан шешілетіні беймәлім. Не себептен 

беймәлім?! Бұл қадамды қоғам адымдап баспаса, ілгерілемейді. Қазақ 

қазақпен қазақша сөйлеспейді. Жаңа отырғызған көшетті мерзімді суа-

рып, күтім жасамаса ол алып бәйтерек болып өспейді, өшеді. Қазақ тілі де 

сол көшетпен пара пар. Егемен ел болғанымызға жиырма жылдан асты. 

Оңалар емеспіз, қынжылтатын мәселе. Теория жүзінде бәрі талапқа сай 

болғанымен, тәжірибеде қолданылмауына не кедергі? Менің ойымша, 

әрбір қаны қазақ адам тіліне бей-жай қарамай, қазақпен қазақша (басқа 

ұлтты айтпағанда) сөйлессе, жүз отыздан астам ұлт өкілдері мекен ет-

кен Қазақстан Республикасы азаматтары сабақ алар еді.

Қазынаға  тұнған  қайран  қазақ  тілі.  Мыңдаған  дана  бабамның 

мұрасы ұрпақ тіл білмеген соң қарайып бара жатыр. Жазылған жыр-

тілек,  айтылған  өсиет  санаға  жетпей,  шашылып  қалып  жүр.  Қазақ 

әдебиеті сабағында ғана оқуымыз жеткіліксіз. Тілге деген сүйіспеншілік 

болса,  оқусыз  қалмас  еді  ғой.  Құлықсыздықтың  бетін  қайтару  жолы 

қиынға соғары анық. Нәтиже беріп, қорытынды шығарар амал қолдану 

керек. Бүгін жиырма, ертең қырық, елу жыл өткенде тіліміздің жойылып 

кетпеуіне кім кепіл?! Бүгін аяғына жеткізетін шаруаны неге болашаққа 

қалдырамыз? Біз не себепті тілді құрметтеуге шақырмаймыз, болмаса 

күштемейміз?! Бұл биліктің әлсіздігінде емес, ұлт санасыздығында. Ел-

басы жолдауында жыл сайын ойсыратып орын алатын мәселе. Елбасы 

тапсырған басымдылықтардың барлығы дерлік жауабын тауып, орын-

далуда, ал тіл мәселесі ұйқыда. Оятқан жөн.

Дана бабамыз оян қазақ деп ұйқыда жатқан қазақты білімпаздыққа 

шақырып,  жол  сілтеп  еді.  Қазақтан  шыққан  даналар,  ғалымдар,  та-

нымал  адамдар  аз  емес.  Дегенмен,  еңбектері  орыс  тілінде  басылып 

шығып жатыр. Ақылға қонбаса да айтарым, армансыз адам – қанатсыз 

құспен тең демекші, Қазақстан Республикасындағы мектептер аралас 

емес,  тек  қана  қазақ  тілінде  болса  деп  армандаймын,  балабақшада, 

аялдамада,  қоғамдық  орындарда  бәрі  қазақша  сөйлесе  екен  деп  ар-



413

Сочинения школьников Костанайской области

мандаймын. Сол кезде болашағымыздың төрт құбыласы тең, жарқын 

болар ма еді.

 

Каламабаева Мадина

10 класс, школа имени Н. Наушабаева п. Затобольск

Мой любимый Казахстан

Я родилась и проживаю в стране, в которой 16милилонов чело-

векживут  счастливо  с  открытым  небом  над  головой.  В  том  государ-

стве, где президент является поистине мудрым человеком, тонким по-

литиком, хорошим стратегом и настоящим патриотом. Благодаря ему 

мы достигли стабильности и процветания.

Для меня Казахстан - это моя жизнь в настоящем и будущем. Я 

люблю свою родную страну за ее природу, за ее людей, за ее историю, 

за то, что я родилась в такой прекрасной стране. Наш Казахстан - это 

современное  многонациональное  государство,  которому  пришлось 

пройти  немало  трудностей  .  Если  углубиться  в  историю,  то  нам  по-

требовалось около двухсот лет, чтобы получить независимось. Тысячи 

людей боролись за свободу нашей страны, многие погибли за будущее 

своей Родины. Таких людей можно поистине назвать героями-батыра-

ми. Мы должны помнить этих людей и гордиться настоящими патри-

отами нашей страны.

С приобретением независимости в Казахстане начали развиваться 

экономика, наука, культура. Сегодня Казахстан смело заявляет о себе, 

о своих правах и целях.Наша страна несомненно заваевывает место на 

мировом олимпе. За время нашей независимости мы сделали немало: 

построили крепкое государство, создали одну из самых динамичных 

экономик, улучшили уровень жизни людей. Тому подтверждение Ази-

атские игры, которые с успехом прошли в 2011 году, международная 

специализированная выставка ЭКСПО, котораябудет проходить в 2017 

году. Все это для нас делает наше государство, которому мы должны 

быть  безмерно  благодарны.  Также  гордостью  Казахстана  можно  на-

звать  нашу  молодую  столицу,  которая  постепенно  становится  круп-

ным культурным, научным центром Казахстана. Встолице создаются 

современныесоциальные  и  духовные  инфраструктуры.  Главной  до-

стопримечательностью и визитной карточкой Астаны является вели-

чественное сооружение на левом берегу реки Ишим – Байтерек. Астана 


414

Казахстан, армия, патриотизм

– это олицетворение процветания нашей страны, это символ надежды 

и уверенности народа в своем будущем.Это прекрасный мирный город 

со своей красотой. 

В Казахстане единой семьёй живёт более шестнадцати миллио-

нов человек, представителей более ста пятидести национальностей и 

народностей. У каждой национальности есть своя диаспора. Для них 

работают различные теат ры, эстрадные ансамбли, передаются нацио-

нальные программы на радио и телевидении. Как сказал Н.А. Назарба-

ев: «Дружба народов, взаимопонимание и солидарность – вот основа, 

на которой мы строим новый Казахстан!»

Наша природа обладает разнообразными полезными ископаемы-

ми. Из 105 элементов таблицы Менделеева в недрах Казахстана вы-

явлено 99. Казахстан занимает первое место в мире по разведанным 

запасам цинка, вольфрама и барита, второе место по серебруу, свинцуу 

и хромиту, третье — по меди и флюоритуу. Также нашей гордостью 

является нефть, которую добывают на западе страны. 

С каждым годом Казахстан развивается все лучше и лучше. В на-

ших сердцах постипенно поспитываеться дух партиотизма, любви к 

свой родине. Для меня это любовь заключается в том, что я должна 

знать  и  любить  свой  родной  язык,  знать  историю  становления  Ка-

закстана, вносить хотя бы какую-то лепту в развитие моей страны. В 

послании 2050 Нурсултан Абишевич Назарбаев сделал акцент на том, 

что будущее Казахстана в руках молодежи. Сегоднешняя молодежь - 

это первое поколение, которое родилось в независимом Казакстане. 

Наше государство делает все для того, чтобы мы получали хорошее 

оброзавание, становились гордостью нашей страны . 

Я считаю, что наша молодежь самая образованная, самая культур-

ная, самая современная, это та молодежь, котороя выведет нашу стра-

ну на новый уровень. Мы достигли одной из лидирующих позицей в 

экономике, в международных отношениях. Мы многое сделали и, ду-

маю, еще многое сделаем, ведь нашему государству всеголишь 22 года.

Представляя Казахстан через 10 лет, я вижу сильное устойчивое 

государство. Лично я буду стараться учиться, работать на благо нашей 

страны, чтобы внести вклад в развитие моей родины, Республики Ка-

захстан, которую я люблю и уважаю!



415

Сочинения школьников Костанайской области

Козлова Анна

10 класс, КГУ Банновская сш Федоровский район

 Руководитель: Романец В.В.

Моя любимая Родина

Все мы родились в одной стране, здесь живем и растём. Все мы 

знаем историю нашей страны, гордимся ею. Мы можем с гордостью 

сказать:  «Наша  Родина  –  Республика  Казахстан!».  Именно  Казахстан 

рождает в нас чувство патриотизма.

Патриотизм – это любовь к Родине, к земле, где ты родился и жи-

вешь. Для каждого человека важно, чтобы он любил свою землю, за-

щищал её, почитал традиции и обычаи, ценил культуру и соблюдал 

законы.  Мы  не  должны  загрязнять  природу.  Мы  обязаны  сохранить 

исторические  памятники  и  достопримечательности  нашей  Родины. 

Размышляя о ней, мы думаем о той великой, прекрасной стране, в ко-

торой  родились,  связываем  понятие  Родины  со  сложной  и  интерес-

ной, насыщенной и иногда трагической историей родной земли. М Мы 

чувствуем гордость оттого, что являемся частью этой страны, частью 

этого большого мира. А любовь к Родине нам прививают с детства — 

родители, воспитатели, учителя.

Из поколения в поколение передаются рассказы о важнейших со-

бытиях, выдающихся личностях, об их подвигах и великих делах. По-

этому, думая о родине, мы думаем и о героях прошлого и настоящего, 

и об известных писателях, поэтах, музыкантах, художниках. Все это — 

наша история, все это — наша Родина.Родина наша — это и люди, ко-

торые нас окружают в повседневной жизни. Люди, которые родились 

в одном краю, всегда как-то ближе друг к другу, всегда лучше смогут 

понять друг друга, им легче найти общий язык и стать друзьями. По-

тому, наверное, что у них есть одно общее — та страна, в которой они 

родились, а это уже немало! Не потому ли люди, оказавшиеся в другой 

стране, бывают так искренне рады встретить земляка — любого, пусть 

даже совсем незнакомого человека из родной страны, родного города, 

родных мест. Но у каждого из нас есть свой уголок — своя маленькая 

родина. Это тот поселок или деревня, тот дом, где мы родились, где сде-

лали свои первые шаги, сказали первое слово, узнали первые радости 

и первые обиды. Возможно, став старше, мы сможем глубже оценить, 

понять и полюбить нашу большую Родину, нашу страну. С ранних лет 

родители привили мне любовь к родной природе. И теперь я никог-



416

Казахстан, армия, патриотизм

да не сорву нежного цветка, не спугну щебечущих на ветке птиц. Мне 

и самой хочется сохранить всю эту красоту, потому что в моих силах 

помочь своей стране. Трудно сказать, какая родина человеку дороже 

— маленькая или большая. Мне кажется, что и большая, и маленькая 

родина одинаково важны, и я их люблю. Больше того, это — неразрыв-

ное целое. Весь окружающий нас мир — вся Родина..

Каждый гражданин своей страны должен защищать ее. Поэтому 

молодые  парни,  достигшие  совершеннолетия,  годные  по  состоянию 

здоровья, обязаны служить в армии и получить там навыки военной 

подготовки, чтобы каждый военнообязанный смог постоять за свою 

Родину, защитить свой народ и отстоять свою землю.

 История о военной службе и об Афганской войне мне очень хоро-

шо известна. Мой родной дедушка Козлов Иван Иванович, отец моего 

отца, служил в Монголии, в шестидесятых годах.

 В нашем роду, по линии моего отца, воевали в Афганистане мои 

дедушки Козлов Василий Иванович, Козлов Алексей Иванович и мой 

дядя Козлов Александр Геннадьевич. Они получили ордена и медали 

за войну в Афганистане. Они проявили свое мужество и отвагу, не бо-

ясь ничего. Я очень горжусь своими родными, что в нашем роду есть 

защитники Отечества. 

Мешкова Юлия

11 сынып, Затобол мектеп-гимназиясы

Жетекшісі: Арсаева Ж.А

Өз нышаны жоқ мемлекет болмайды

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтейтін және мақтаныш ету-

ге  тиісті  ресми  рәміздеріміз  бар.  Бұл  міндеттің  күрделігін  Елбасы 

нақты пайымдап, «..бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, 

қоғамдық  ұйымдардың,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  барлық 

жүйесіне, әрбір отбасына қатысты». 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – ту, елтаңба 

және  әнұранның  сипаттамалары  және  ресми  пайдаланылу  тәртібі 

конституциялық  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік 

рәміздер  туралы»  заңмен  белгіленген.  Бұл  заң  екі  мың  жетінші 

жылдың төртінші маусымында қабылдаған болатын.


417

Сочинения школьников Костанайской области

Көптеген  елдерге  мемлекеттік  рәміздер  жалпы  ұлттық  және 

біріктіруші  күш  ретінде  ұғынады.  Рәміздер  діни,  партиялық,  рулық 

бөліністерінен биік болып, барлығын біріктіреді.

Жас мемлекеттің рәміздерін жасау тарихына бүкіл Қазақстанның 

халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік 

рәміздерде  эстетикалық  талаптармен  бірге,  тарихи,  экономикалық, 

саяси мәні анық көрінетін шешімді табу қажет болатын. Мемлекеттік 

туымыздың  авторы  республиканың  өнер  қайраткері  –  Шәкен  Ни-

язбеков.  Жалауды  айқындайтын  элементтердің  бірі  –  оның  түсі. 

Көк  түсін  таңдаулы  кездейсоқ  емес,  ол  адамдықтың,  мінсіздіктің 

және  сенімдіктің  белгісі.  Бірлікпен  бірге  көк  түс  барлық  елдердің 

тыныштығы  мен  ырысын  білдіретін  бұлтсыз  аспанды  еске  салады. 

Аспандай  ашық  көк  түс  қазақтардың  ұлттық  түсі  болып  табылады, 

өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат мекендеу ортасы ғана емес, 

сонымен қатар, өмірлеріндегі ажырамас бөлігі болатын. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  туы  –  ортасында 

шұғылалы  күн,  оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран  бейнеленген 

тік  бұрышты  көгілдір  түсті  мата.  Тудың  сабының  тұсында  ұлттық 

өрнек  тік  жолақ  түрінде  нақыштаған.  Туымыздағы  күн  бейнесі  – 

шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнеледі. Шексіз далада ұшқан, 

ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. 

Бүгінгі  Елтаңба  –  Жандарбек  Мәлібеков  пен  Шот-Аман  Уәлихан 

секілді  сәулетшілердің  шығармашылық  ізденіске  толы  үлкен 

еңбегінің  жемісі.  Мемлекеттік  Елтаңбамыз  –  дөңгелек  нысанды. 

Дөңгелек,  шығыс  қазақтарының  аса  құрметінде,  өйткені  бұл  нысан 

өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ 

–  отбасы  амандығы,  бейбітшілігі  және  ашық  аспанды  білдіреді. 

Шаңырақты айнала күн сәулесін дей тарап уықтар шаншылған. Олар 

өмір  мен  жылудың  белгісі.  Оң  жағы  мен  сол  жағында  аңыздардағы 

қанатты  пырақтар  бейнесі  орналастырылған.  Тұлпардың  алтын 

қанаты – астықтың, еңбектің, ырыстың белгісі. Елтаңбаның ортасын-

да бес бұрышты жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес 

континент өкілдеріне ашық деген сөз. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  әнұранының  негізі 

–  ол  халық  арасында  кең  тараған  «Менің  елім»  атты  патриоттық 

өлең.  Әнұран  –  халық  жүрегінің  соғуы,  армандарының  іргетасы  бо-

лып  табылады.  Әнұранның  авторлары  Шәмші  Қалдаяқов,  Жұмекен 

Нәжімеденов пен Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев.  Әнұран  ресми  рәміз  ретінде,  Қазақстан  болашағы  мен 



418


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет