Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет35/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71

Туған жер – алтын бесігім

«Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына талай жыл 

өткен қыз білмесе, кім білсін? Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, 

шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің 

шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?» - деп Жүсіпбек Аймауы-

тов айтқан екен. Расында да, туған ел, туған жер, аяқ тепкен атақоныс 

адам өміріндегі маңызды ұғымдар. Кіндік қанымыз тамып, шыр ете 


360

Казахстан, армия, патриотизм

түскен сәттен-ақ біз туған жерімізге, Отанымызға аяқ баса-мыз. Туған 

даламыздың кереметтей ауасын жұтынамыз.

Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен 

елдердің  тарихынан  сұлу  тарих  бар  ма?!  Көптеген  қиын  қыстау  за-

мандарды  басынан  өткізген,  жоңғар  мен  орыстың  езгісіне  төтеп 

беріп,  қырық  бірде  батылдықпен  неміс  оғына  қарсы  шапқан,  сек-

сен алтының аязына шыдап, сорлы, арманда кеткен қазақ жастары-

нан айырылған ең мықты, босағасы берік, шаңырағы биік, алып, көк 

байрақтың астына жиылған ер, ел менің елім – Қазақ елі. Ит қуалап, 

топырағына ауынап, туып-өскен жерім киелі Қазақ жері, қазір де ол 

Қазақстан  Республикасы.  Осы  жер  үшін,  ел  үшін  ата-бабаларымыз 

қасық қаны қалғанша күресті. Соның нәтижесінде олардың арманда-

ры орындалып, осы қасиетті өлкені бізге аманат етіп табыстаған бо-

латын. Біз сол кісілердің ұрпағымыз, жолдарын жалғар ұл-қызымыз. 

Туған  жерімізді  қастерлеу,  көр-кейту,қорғау  біздің  азаматтық  боры-

шымыз деп ұғамын. Тіпті Отаның үшін өзіңді құрбан етуге де дайын 

болуың керек. Бауыржан Момышұлы айтқандай « Отан үшін отқа түс, 

күймейсің» демекші, ол да артық етпейді.

Қазақстан дегенде, көз алдыма кең жазық дала, самал жел, қыран 

құс пен жарысқан құлын-тай елестейді. Оның ну орманы, өзен-көлі, әр 

тасы бәрі-бәрі маған қымбат.

Апырым-ай,                   

Туған жер-ай! 

Теңдесер кім, 

Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім. 

Кіндігімді байлаған қазығым-ай, 

Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім

-деген  Мұқағалидің  осы  өлең  жолдары  менің  жүрегімнен  орын 

тапты. Неге десеңіз, шынымен де бұл туған жермен ештеңе де тең келе 

алмайды. Ыстық қой, шіркін, туған жер! Өз жерін кім сүй-мейді дейсіз? 

Елін, жерін сүймейтін адам жоқ шығар бұл ғаламда...

Қазақтан – тәуелсіз, дербес мемлекет. Өзінің рәміздері мен консти-

туциясы бар. Басқа елдердің алдында беделді, алып 50 мемлекеттің 

қатарынан көрінетін айрандай ұйыған ел. Осындай дәрежеге жеткізіп 

отырған қазақтың көшін бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мен 

сол кісіге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бәрімізді туған баласын-

дай қамқорына алған, еліне, жеріне адал азамат.



361

Сочинения школьников Карагандинской области

«Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліңе, 

Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың 

керек.  Қайда  жүрсе  де,  не  істесе  де  қазағын  –  елін  ойлап,  елімді 

көркейтсем,  кіндік  қаным  тамған  елім  аман  болып,  оның  дәрежесі 

жоғары  болса,  қай  мемлекетке  барсам  да  мені  сыйлайды  деген 

түсінікте болу керек» - дейді Елбасымыз. 

Менің  жүрегім  «қазақ»  деп  қана  соғады.  Қазақстан,  сен 

заңғар  биіксің,  кеңсің.  Менің  жаным  өзіңе  деген  мақтанышқа 

бөленген.  Туған  жер!  Көк  байрағың  мәңгі  желбіресін,  Алаш  баласы! 



Лавренюк Анастасия

10 класс, ЧУ «Гимназия им. Т. Аубакирова», г.Темиртау

Руководитель: Арищенко Н.И.

Времён связующая нить

Загадочная  бескрайняя  Сарыарка.…  Сколько  тайн  хранят  твои 

просторы. Великая степь на протяжении тысячелетий рождала и губи-

ла народы, многим из которых так и пришлось остаться просто исто-

рией.  След,  оставляемый  народом  кочевников,  порой  настолько  же 

зыбок, насколько зыбким бывает след коня степного воина на песке.

Но  этому  народу  суждено  было  оставить  свой  отпечаток.  Каза-

хи – гордый народ с вековыми традициями и культурой. История его 

уходит  корнями  в  глубину  веков.  Казахская  земля  хранит  и  помнит 

историю многих племен. Расположившись в центре материка Евразия, 

Казахстан  оказался  на  пересечении  древнейших  цивилизаций  мира, 

социальных,  культурных,  экономических  и  идеологических  связей 

между Востоком и Западом, Югом и Севером, Европой и Азией. За не-

сколько тысячелетий на территории Казахстана развивалось множе-

ство государств со своей самобытной культурой и историей, наследни-

ком которых стал современный независимый Казахстан.

Отечество – земля отцов, которые сложили голову ради своих де-

тей. «Нынешний независимый Казахстан появился не вдруг и не на 

пустом месте; во имя его свободы миллионы людей проливали кровь, 

отдавали  жизни,  вынесли  неисчислимые  беды  и  лишения.…каждый 

гражданин нашей страны обязан всей душой осознать свою гранди-

озную историческую ответственность в сохранении единства нашей 

земли, нашего народа, в сбережении межнационального мира и согла-


362

Казахстан, армия, патриотизм

сия». Эти слова принадлежат Первому Президенту нашей страны, на-

стоящему патриоту, Нурсултану Назарбаеву.

У казахов бытовали и до сих пор сохранились следующие понятия.

Первое – «ар» - честь, достоинство, которые стоят превыше всего. Вто-

рое понятие - «ру», что означает род, община. Важнейшая обязанность 

человека – не ронять ни при каких обстоятельствах «ар-ру». Человек, 

проживший жизнь ради славы, чести рода, после смерти становится 

«ар-ру-ақ».  Память  о  нем  не  должен  запятнать  его  потомок.  «Ар-ру-

ақ» - это честь, совесть, благородство. Следующее понятие, пожалуй, 

самое важное – «ел».Это родина, народ, родная природа, воспоминания 

о детстве, юности, зрелости. «Ел» – это сознание цели своего существо-

вания. Пока есть «ел», жизнь имеет смысл.

Родителей  не  выбирают.  С  первого  дня  своей  жизни  мы  любим 

их за заботу, за ласку, которой они одаривают нас, да и просто за то, 

что они – родители. Наша память навсегда сохранит мягкую, кроткую 

улыбку матери, крепкие, но такие заботливые руки отца. Мы принима-

ем их такими, какие они есть. 

Так и Родина... Она одна, и выбрать ее нельзя. Ведь это страна, дав-

шая тебе самое дорогое - жизнь, взрастившая тебя своими хлебами. 

«Лучшее средство привить детям любовь к отечеству состоит в том, 

чтобы эта любовь была у отцов»,- гласят слова французского писателя 

и философа Шарля Луи де Монтескье. Любить свою страну, хранить 

традиции и культуру своего народа может только человек, который 

хорошо знаком с историей своего отечества и дорожит ей. 

Без прошлого нет настоящего и будущего. В современном мире, 

где  сейчас  отчетливо  наблюдается  кризис  человеческих  ценностей, 

особенно  важно  осознание  и  сохранение  исторической  памяти.  Не-

возможно  отрицать  результаты  прошлого.  На  сегодняшний  день 

строительство перспективного, экономически развитого государства, 

каковым  стремится  стать  Казахстан,  не  может  быть  осуществлено 

без опоры на предыдущий опыт. В своем послании «Казахстан-2050» 

Нурсултан Назарбаев особо подчеркивает это: «Казахстан ХХI века – 

страна,  созданная  с  «нуля»  всего  за  два  десятилетия  талантливым, 

трудолюбивым, толерантным народом! Это наше общее детище, кото-

рым мы гордимся! Это наше великое творение, которое мы беззавет-

но любим! Мы приняли Стратегию-2050, чтобы казахстанцы крепко 

держали в своих руках штурвал будущего страны. Но будущее нельзя 

предвидеть, не изучив уроки прошлого».


363

Сочинения школьников Карагандинской области

Мы должны сохранить свою национальную специфику: язык, ду-

ховность, культуру. Государство, знающее истоки своего становления, 

уважающее исторические корни, – это сильное государство, которое 

трудно сбить с истинного пути. Поэтому сегодня вопрос изучения про-

шлого родного края имеет одно из первостепенных значений. 

История  многогранна.  Победы  сменяются  поражениями,  перио-

ды стабильности и процветания, периодами кризиса и спада. От этого 

нельзя отмахнуться, нельзя забыть. Надеюсь, что молодое поколение 

будет  стремиться  стать  ближе  к  истории  собственной  страны.  Мы 

должны чувствовать преемственность поколений, культуры и тради-

ций. Только тогда мы сможем вырасти достойной сменой, стать надеж-

ной опорой динамично развивающегося государства. 

Макажанова Камила

4 сынып, № 15 орта мектебі Балхаш қаласы

Жетекшісі: Тергеубаева К. А.

Менің Елбасым

Менің  Елбасым  –  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.  Ол  –  өте 

ақылды, білімді адам. Елбасымыз біздің Тәуелсіз Қазақстанымыздың 

өркендеуін, өсуін, ұрпақтардың бақытты болуын қалайды. Қазақстан 

-  2030  стратегиялық  бағдарламасында  әрқайсымыздың  дене 

тәрбиесімен айналысып, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керектігін 

айтқан.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  айтқандай:  «Қазақстанның 

болашағы  білімді  ұрпақ  екендігін  үнемі  есте  сақтау  біздің  парызы-

мыз». Ал білімді болу үшін, ең басты – денсаулықтың мықты болуы 

шарт.  Елбасымыз  балалардың  салауатты  өмір  сүргенін  қалайды. 

Сондықтан  да,  біз  жат  әдеттерден  аулақ,  денсаулығымыз  мықты, 

спортты сүйіп өсудеміз. Ол үшін әрқашан дене шынықтырумен айна-

лы-суымыз қажет.

Елбасы біздің өміріміздегі үлкен тұлға. Біз апта сайын саптық жи-

ында Қазақстан Республикасының Әнұранын айтамыз, сол әнұранның 

авторы –біздің Елбасымыз. Әнұранымыздың сөздері, жүрегіңді шаттық 

сезім  билеп  елге,  жерге  деген  сүйіспеншілік  көкірегімді  кернейді. 

Өзімнің қазақ екеніме, Қазақстан деген кең байтақ мемлекеттің ұланы 

екеніме мақтанамын, қуанамын. 


364

Казахстан, армия, патриотизм

Мен  «Балалық  шағымның  аспаны»  атты  фильмді  көріп,  сүп-

сүйкімді  бала  Нұрсұлтанның  өмірге  келген  шағынан  бастап,  өмірін 

тамашалап,  оның  қандай  өткелдерден  өтіп,  ержеткенін  білдім.  Сол 

жақсы фильмнен кейін «Адам сәби болып туады, есейеді және талпын-

са, оқу мен еңбекке құштар болса, абыройға жетеді екен» деп ойладым. 

Ол үшін кітапты көп оқып, іздену керек. Нұрсұлтан атаның әжесі, әке-

шешесі өте ақылды адамдар болған. Әрине, әрбір ата-ана баласының 

жақсы азамат, өзіне қолғанат, елінің елеулісі болғанын қалайды ғой, 

мен де ата- анамның үмітін ақтап «өмір» атты үлкен жолға адаспай 

қанат қақсам деймін. Арманым – бас қаламыз Астанада білім алсам. 

Еліме еңбек етсем. Өйткені, елордамыз сәулетті де, әсем қала. 

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым-Астанам.

Ол  да  зәулім,  салтанатты  жас  қала,  ондағы  барлық  алып 

құрылыстар  -  Нұрсұлтан  атаның  еңбегі.  Астана  –  Елбасымыздың 

қолтаңбасы. Мен бақыттымын, өйткені бақытты елде өмір сүремін. 

Еліміз, Елбасымыз аман болсын!



Манатбек Ажар

6 сынып,№ 15 орта мектебі Балхаш қаласы

Жетекшісі: Ибрайбекова А.Н.

Балқаш көлі

Балқаш  өңірі  –  әрі  жылы,  әрі  күн  сәулесі  көп  түсетін,  табиғаты 

жағынан  Қазақстандағы  тартымды  жерлердің  бірі.  Шөлді  болып 

келетін  қуаң  дала,  Балқаш  көлінен  нәр  алады.  Бұл  аймақ  өзінің  әсем 

көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ 

ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолба-

рыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы 

шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, 

сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Көлдің шеткері 

түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып, баклан-

дармен бірге үлкен сап түзеп, көлде жүзіп жүреді.


365

Сочинения школьников Карагандинской области

Бұл  аймақтың  өсімдіктері  әсіресе  елсіз  даладағы  шабындықтар 

мен  батпақты  жерлердегі  өсімдіктер,  өзара  үйлесімдік  тауып,  далаға 

ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, 

түйетікен және сасыр. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар 

өседі. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен 

бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Балқаш көлі – Каспий 

теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. 

Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан 

батыс  пен  шығыс  бөліктерінің  минералдарының  екі  түрлі  болып 

келетіндігінде. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл 

және  Шығыс  Қазақстан  облыстарын  тоғыстырып  тұр.  Батысында  ең 

сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі. 

Негізінен, Балқаш көлінің шығуы жайлы аңыз кең тараған. Ол бы-

лай болған екен.

Бұдан  көп  ғасырлар  бұрын  көлдің  батыс  жағалауында  мыңды 

айдаған бір байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан 

қызы  болыпты.  Қыздың  аты  Балқия  екен.  Ата-анасы,  ауыл  аймағы 

еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш 

деп атап кетіпті.

Күндердің күнінде осы Балқаш айдай толып, алмадай пісіп, кемеліне 

келіп бой жетіпті. Осы шақта жастайынан айттырып, қалың малын тегіс 

төлеп бітірген бай құдалық қамына кірісіп «қамдана берсін, келінімді 

биыл  күзде  түсірем»  деп  қыздың  әкесіне  сәлем  жолдапты.  Бесік 

құдасынан хабар келген әке қам жасай бастайды. Ал айттырып қойған 

күйеудің тілі сақау, есерлеу жігіт екен. Балқашқа бұл хабар төбесінен тас 

түскендей болып тиеді. Ас ішпей, ұйқы кірмей, сарғайып, сола бастайды. 

Мұны сезген ата-ана, ағайын-туған «бір байдың еркесі, өсе келе есі кіріп, 

ел ағасы болып кетеді», «Ақ батаны, шариғат жолын бұзуға болмайды» 

- деп жұбатысады. Күнде ойын, күнде думан жасап, көңілін бөлмек бо-

лады. Қайғы-қасірет жүрегін кернеген Балқаш, мұның біріне де назар 

салмайды. Жадыраған жаз өтіп, қоңыр күз келе жатады. Қыз елден безіп 

қаңғырып өлсе де, есуас сақауға бармауға бел байлайды. Өзімен көңіл 

қосып жүрген осы ауылға ертеден сіңісіп кеткен, еті тірі Ерден деген 

жігітке Балқаш жолығады.

«Қайтсең  де  мені  мына  пәледен  құтқар,  өле-өлгенше  алдыңнан 

шығып,  айтқаныңды  екі  етпеймін,  өлсең  көріңе  бірге  түсейін»-  деп 

асылып  отырып  алады.  Паналар  жері,  бетке  ұстар  елі  жоқ  жігіт  не 

істерін білмей қатты қысылады. Ақыры, қыздың зарынан қабырғасы 

сөгілген,  бір  жағынан  жатқа  қиғысы  келмеген  ер  көңілді  жігіт,  бір 



366

Казахстан, армия, патриотизм

түнді қызды атпен алып қашады. Барар бағыты бұдан бір жыл бұрын 

жау алған жылқыны іздеп жүріп кез болған қалың қамысты үлкен көл. 

Мұз қатқанша соның жағасында жасырынып жатып, қысқа қарай оның 

аржағына, Ұлы жүз еліне өтіп кетпек болады. 

Екі жас түн жамылып, тау бөктерлеп, жапан түз сусыз шөлді кезіп 

өтеді. Қамыстың құрағы күректей, сабаулары білектей, толқыны жар 

соққан үлкен көлге де келіп жетеді. Аттарын арқандап тастап, қамыстан 

күрке жасап, мұздың қатуын күтеді. Ауыл бұлардың қайда кетіп, қайда 

қонғанын білмей елден – елге кісі шаптырып, сұрау салып, сабылысуда 

болады.

Күндер өтіп, күн салқындап, көлдің қататын мезгілі де жақындай 



бастайды.  Екі  жас  мұны  асыға  күтіп,  жүректері  алып-ұшуда.  Өстіп 

жүргенде  бір  күні  іңірде  арқандаулы  аттар  осқырып,  аласұрады. 

Қостан  жүгіре  шыққан  Ерден  екі  аттың  жанында  жарғалы  тұрған 

қабанды  көреді.  Жігіт  мұны  көре  сала  қос  жанында  жатқан  сойыл-

ды  ала  жүгіреді.  Аттарды  құтқармақ  болып  жанталдасып  жүрген 

Ерденді  қарыстай  ауызымен  түйреп  өтеді.  Сол  мезетте  осқырынған 

арқандаулы  аттар  байлауын  үзіп  қашады.  Қабан  солардың  соңынан 

кетеді.


Бағанадан  бері  безек  қағып,  маңайларына  бара  алмай  жүрген 

Балқаш жүгіріп келіп, қызыл қанға боялып жатқан Ерденге бас салады. 

Сүйемелдеп қосқа кіргізіп жарасына қараса қабан шабын жарып кет-

кен екен. Киіз тоқымды отқа күйдіріп, жарасына басады. Күл себеді. Ал 

босанған сәйгүліктер сол кеткеннен елге барып тіреледі....

...Бұл  күндері  жарасы  денесіне  жайылып  өне  бойын  қанды  ірің 

кеулеп кеткен Ерденнің әлі азая бастайды. Қыршын жас көп ұзамай 

қайтыс болады. Жалаң түзде жан жолдасынан айырылып, қыс Балқаш 

ботадай боздап, жалғыз қалады. Еңіреген өксігін басып, есін жиғаннан 

кейін, қостың жанындағы майда құмды қазып, астына қамыс төсейді. 

Ерденді  арулап  көмеді.  Жас  қабірді  құшақтап  жылаған  Балқаш  енді 

өзіне ор қазады. Содан кейін дүниемен қоштасу үшін жартастың басы-

на көтеріледі. 

Осы мезетте иек ортадан бір топ атты сау ете қалады. Қыз олардың 

ішінен өз туыстарын, қайын жұртын таниды. Қолға түсіп, пенде бол-

мас  үшін  Балқаш  жар  соғып,  көбік  шашып  жатқан  көлге  секіреді. 

Қаңқылдаған  қаз,  сұңқылдаған  қу  көлді  айнала  ұшып,  адамзаттың 

аруы Балқашты жоқтасты. 

Содан  бері,  көл  баурайын  жайлай  қонған  ел,  көлді  Балқаш  атап 

кеткен екен.



367

Сочинения школьников Карагандинской области

Балқаш қаласы келешекте әлем таңғалатын теңдесіз саяхатшы-

лар мекені, шипажай – демалыс орындарына айналатын қала болаты-

нына сенімдімін. Өйткені қазірдің өзінде еліміздің әр өңіренен, алыс- 

жақын шетелден де қонақтар келіп демалады. 

Бұл  менің  қалам,  туған  жерімнің  ырысымен,  байлығымен 

мақтанамын. 

Мекентай Бибарыс 

4 сынып,№ 15 орта мектебі Балхаш қаласы 

Жетекшісі: М.Б.Жакыпбекова

Ескерткіштер – елдігіміздің  белгісі

Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам ішінде еліміздің 

қай  өңірі  болмасын  даму дың  даңғыл  жолына  түсіп,  жыл  сайын 

құлпырып келеді. Бұл қай-қайсымыз үшін үлкен мәртебе, қол жетпес 

бақыт, сөз жетпес қуаныш. Осындай бақытты күндер үшін ата-баба-

ларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен небір қиын жолдардан 

өтті.  Оның  қадіріне  жету,  қастерлеу,  киесін  ұғыну  бәрімізге  парыз.

Елімізді әлем таныды. Тереземіз теңелді. Бұл халықтың тілегі еді.

Дамудың даңғыл жолына түсіп, алға басып келе жатқан өндірісті 

қала  жерінің  асты  да,  үсті  де  бай,  көрікті  де  сұлу  әсем  қаламның 

көркеюін көріп қуанамын. Өйткені, бұл менің туған қалам. Қаламдағы 

ескерткіштер қала көркін одан әрі көріктендіре түсіп, әр ескерткіштің 

өзіндік тарихы бар. Атап айтсам:

1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  болған 

Балқаштық  батырларға  арналған,  Т-34  танкі,  Қазақстан 

Республикасының  Тәуелсіздігінің  10  жылдығына  арналған  стел-

ла, «Балқаш осы жерден басталған» - монументтік тақтасы қаланың 

50  жылдығына  арналған  стелла,  «Прибалхашстрой»  тресінің 

құрылғанына  50  жылдығына  арналған  монумент,  алғашқы 

құрлысшыларға  арналған,  қуғын-сүргін  құрбандарына  арналған,  

ақын Шашубай Қошқарбайұлының құрметіне арналған мемориалдық 

тақта  өнер  мектебінің  алдында  орналасқан,  шертпе  күйдің  шебері 

М.Хамзинге  арналған  ескерткіш  мысшылар  мәдениет  сарайының 

алдында  орнатылған.,  М.П.Русаковқа  арналған  монументалдық 

ескерткіші,  қаланың  кіре  берісіндегі  екі  балық  ескерткішін 

мақтанышпен айта аламын.



368

Казахстан, армия, патриотизм

Туған  өлкедемізде  жыл  сайын  ғимараттар,  жаңа  үйлер  салы-

нып, қаламыз гүлденіп келеді, біз оған қуанамыз. Балқаш қаласының 

70  жылдық  мерейтойы  қарсаңында,  қаламыздың  қақ  ортасында 

орнатылған, еңсесі биік Ағыбай Қоңырбайұлының мүсіні. Ескерткіште 

Ағыбай  барлық  әскери  киімімен,  қолында  найзасы,  ат  үстінде  келе 

жатқан  кезі  бейнеленген.  Ұлттық  ерекшелік,  қазаққа  тән  динамика 

да сақталған. Батырдың қазаққа тән күші ғана емес, рухани парасаты 

да көрсетілген. Бұл батырдың ат үстіндегі нық және еңселі отырысы 

мен аттың жүрісінен сезіледі. Мұның өзі «Батырлары мен данышпан 

ерлерін ұмытпаған ел – мәңгі ел! Есте сақтайық, Ұмытпайық!»-деген 

қағидатқа  сүйенгенге  ұқсайды.  Қаламыздың  қақ  ортасынан  орын 

тепкен  батырымыздың  мүсіні  тұла  бойы  парасаттылыққа  тұнған, 

күш-жігерге  бай,  мәдениетті,  ержүректілігімен  ерекшеленеді.  Осы 

көркемдіктің  өзі  қазақ  азаматтарын  рухани  бай,  парасатты  азамат 

болуға тәрбиелейді. Жоба авторы – белгілі қарағандылық мүсінші Жа-

убасар Қалиев, Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, 

Ленинград көркем академиясының түлегі. Өзінің шығармашылығын 

қазақ  ұлттық  монумент өнеріне  арнады.  Туған  қаламыздың  халқын 

еркіндікке бағыттау мақсатымен осы ескерткішті орнатуға көп маңдай 

терін төкті десек қателеспейміз.

Бүгінгі  таңда  елдігімізді  танытып,  қазақ  елін  әлемге  таныту 

үшін«Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынты ма ғы жарасқан елдің ғана 

ырысы мен табысы мол болмақ» деген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 

қанатты сөзін есімізден шығармайық дегім келеді достарыма.

Морозова Александра

КГКП «Дворец детей и юношества» г. Жезказган

Руководитель: Дроздова Л. А.

Казахстан – сердце мое, Родина моя!…

…Человеку нельзя жить без родины, как нельзя жить без сердца, 

- говорит нам знаменитая цитата К. Паустовского. Однажды бродя по 

просторам Интернета и читая афоризмы, я обратила внимание именно 

на эту цитату. Я поняла, что место, где ты родился, играет важную роль 

в жизни каждого человека. Моя Родина - мой Казахстан, сердце мое!»

Для каждого из нас слова Родина, Отечество, связаны с самым до-

рогим и самым лучшим. Таким местом для меня является город, в ко-



369

Сочинения школьников Карагандинской области

тором я родилась - это Жезказган. Я считаю, совсем неважно большой 

твой город или маленький, самое главное, что он существует и занима-

ет немаловажную роль в твоём сердце. Мой Жезказган не мегаполис с 

высотными зданиями и техникой последней модели. Для меня это ма-

ленький оазис! Так ласково я называю свой городок. Здесь всё родное: 

люди, дома, улицы. Я горжусь Жезказганом! 

С самого детства я принимаю активное участие в жизни города: 

выступаю  на  городских  мероприятиях,  пишу  стихи,  узнаю  историю 

«медной  столицы».  Кто-то  подумает,  что  это  очень  скучно  и  пустая 

трата времени. Для меня же мой город нечто большее в жизни! В на-

шей школе организован историко-краеведческий кружок «Елим ай», 

членом которого я являюсь. 

Наш кружок изучает историю городского театра имени Серке Ко-

жамкулова. Мало кто может представить, как это интересно! Если вы 

никогда не были в стенах театра, не интересовались его историей, вам 

не понять моих эмоций и чувств. Театр - наша колыбель, наше сокро-

вище, часть истории Казахстана! Это гордость моего города!

В период с 6-9 класс я состояла в ДЮО «Болашак». В это время мой 

патриотизм  стал  сильнее,  я  стала  понимать  насколько  люблю  свою 

Родину. Именно тогда меня стала интересовать политика нашего пре-

зидента. Каждый год я читаю послания Нурсултана Абишевича Наазр-

баева и анализирую их. Всё-таки наша страна достигла очень больших 

высот и в этом вся заслуга Нурсултана Абишевича. 

Спасибо ему, за «шанырак» под которым проживают сотни наци-

ональностей на территории Казахстана. Мирное небо и дружба наро-

дов - успех любого государства! Я мечтаю, что когда-нибудь Нурсултан 

Абишевич приедет к нам в Жезказган и я скажу ему «спасибо!» за нашу 

страну, за свою Родину! Благодаря мудрой политике Нурсултана Аби-

шевича наша Отчизна цветёт!

Патриотизм- это не только защита Родины с автоматом в руках. 

Патриотом можно быть в повседневной жизни, следуя за своей стра-

ной. В наше время патриотизм даётся с молоком матери. Молодёжь се-

годня активно участвует в жизни страны. Таким активистом являюсь 

и я.

Пройдут года, и я обязательно пригожусь своей стране. Нужно де-



лать всё, чтобы твоя Отчизна цвела! 

370



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет