Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет50/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71

Мәнгілік елдің ұлы ұрпағымыз

Елбасы  Н.Назарбаев  “Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның 

идеялық  бірлігінде”  атты  еңбегінде  ұлт  ішіндегі  бірлікті  нығайту, 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  азаматтық  келісім  ахуалын  жасау 

мәселелеріне тоқталып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық 

міндетіміз  –  қазақстандық  отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  әрбір 

азаматтың  өзін-өзі  айқын  билеуін  қалыптастыру.  Шынайы 

отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін 

саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын 

көздейді”– деген. 



514

Казахстан, армия, патриотизм

Сан  ғасырдан  бері  қазақ  халқының  тәрбие  жөніндегі  өнегелі 

сөздері  мен  істері,  тұрмысы,  мәдениеті,  өнері,  өмір  тәжірибесі 

отансүйгіштік  сезімнен  бастау  алады.  Әрбір  халық  өзінің  тари-

хы  мен  тәжірибесін  жалғастыратын  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеуде 

халқымыздың  ғасырлар  бойғы  жинақталған  тәрбие  әдістерін 

қолданып,  өмір  тәжірибесі  сынынан  өткен  әдептілік,  сыпайылық, 

адалдық,  инабаттылық,  іскерлік,  мейірімділік,  қайырымдылық, 

еңбексүйгіштік,  үлкенді  сыйлау,  оған  ілтипат  көрсету  сияқты 

қабілеттерді  олардың  бойына  дарытты.  Осылардың  бәрі  адамзат 

тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді. 

Қазақ  халқы  қылыштың  жүзімен,  найзаның  ұшымен  елдігін 

сақтап  қалу  үшін  күресе  отырып,  туған  елге,  кіндік  қаны  тамған 

қасиетті  жерге  деген  махаббатын  ұрпақтан  ұрпаққа  аманат  етіп 

беріп  отырды.  “Туған  жер”  ұғымын  бала  бойына  ерте  сіңіруге  ты-

рысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. 

“Отан от басынан басталады”, “Отан оттан да ыстық”, “Елің үшін отқа 

түс күймейсің” деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан – отбасы-

нан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады.

Патриоттық тәрбиенің нағыз қайнар көзі отбасынан және мек-

тептен  басталады.  Мұндай  тәрбие  беруде  халқымыздың  тарихи 

мұраларын пайдалану мен тарихи тұлғалардың ұлттық патриотизмге 

негізделген отансүйгіштік іс-әрекеттерін үлгі тұтудың үлкен маңызы 

бар екені бүгінгі таңда нақтылана түсуде. Сондықтан зерттеу бары-

сында  “патриотизм”,  “ұлттық  патриотизм”,  “қазақстандық  патрио-

тизм”,  “Отан”,  “отансүйгіштік”  ұғымдарына  қатысты  терминдердің 

мәні мен мазмұны анықталып, нақтыланды. 

Патриотизмнің  тарихи  элементтері  туған  жерге,  ана  тіліне, 

салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса 

бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғы 

да  көрініс  табады,  өйткені  әрбір  тап  Отанға  деген  көзқарасын  өз 

мүддесі тұрғысынан білдіреді. 

Бауыржан  Момышұлы  –  ержүрек  жауынгер,  атақты  қолбасшы, 

әскери жазушы. Ең бастысы – әр қылығымен, әр көзқарасымен, бар 

болмысымен қазақтың намыстан жаралған халық екенін мойындата 

алған тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-

ақ есімі аңызға айналды, даңқы әлемді шарлады. Ұлтжандылықтан 

жаралған батырлық бейнесі тарих белдерін аралап, жыл өткен сай-

ын “тот баспас сары алтындай жарқыраған” ерлік жолын жалғастыра 

отырып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналды.



515

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Қазақ  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  беруде  Бауыржан 

Момышұлының  шығармаларының  мүмкіндіктері  кең.  Өйткені 

ол біріншіден, жас ұрпақты тәрбиелеуде адамгершілікке баулудың ба-

сты құралы, рухани дүниесі байиды, ниет-танымы, өмірлік көзқарасы 

қалыптасады; екіншіден, ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы тәрбиесі мен 

салт-дәстүр,  әдеп-ғұрыптарға  бай  тарихи  мұра,  үшіншіден,  Ұлы 

Отан  соғысында  жанқиярлықпен  соғысқан  ұлдарымыз  бен 

қыздарымыздың  бейнесін  және  ерен  ерліктерін  ұмыттырмауға 

мүмкіндік  беретін  танымдық  мұра.  Жауынгер  жазушының 

шығармалары  арқылы  отбасы  тәрбиесі  ондағы  ұстаз  бен  ата-ана, 

мораль,  этика  турасында  тұщымды  сөз  қозғағанына  көз  жеткіздік. 

Оның  қаламынан  туған  төл  еңбектерінің  тәрбиелік  жақтары  ашы-

лып, патриоттық мәні айқындалды. «Патриотизм дегеніміз – Отанға 

деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығының  қоғамдық-

мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  ал 

мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойын-

дау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке 

адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен 

қарым-қатынасты  білдіреді».  Қазақстанның  Халық  Қаһарманы  ба-

тыр  Б.Момышұлы  ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып 

кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы  шығармаларының  алатын 

орны ерекше.

«Ұлттық  патриотизм»  және  «Қазақстандық  патриотизм» 

ұғымдары  арқылы  Отан,  туған  өлке,  туған  халқы  туралы  нақты 

түсініктер  берудің  тиімділгі  арта  түспек.  Ал  түсінік  дегеніміз  – 

бір  нәрсенің  мағынасы  мен  мәнін  ұғыну.  Сөйтіп,  «ұлттық  патри-

отизм  және  «қазақстандық  патриотизм»  ұғымдарына  анықтама 

беру,  олардың  мазмұнын  құрайтын:  отансүйгіштік  сезімін  дамы-

ту,  ұлттық  салт-дәстүрді  ұстану  мен  мемлекет  рәміздеріне  құрмет 

қалыптастыру,  т.б.  тәлім-тәрбиелік  мүмкіндіктерін  кеңейте  түседі. 

Осыларды  көздеп  жүргізген  зерттеу  еңбегімізде  педагог,  психолог, 

философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене 

отырып  «ұлттық  патриотизм»  және  «қазақстандық  патриотизм» 

ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдым. 


516

Казахстан, армия, патриотизм

Ботабекова Камила 

10 сынып, №6 мектеп-гимназиясі Мақтарал ауданы

Жетысай қаласы

 

 Қазақ барда салт-дәстүріміз ғұмырлы болмақ

Салт  –  халықтар  кәсібіне,  сеніміне,  тіршілігіне  байланысты 

қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. 

Уақыт  озған  сайын  оған  жаңалық  еніп,  өзгеріп,  қоғамдық  болмыс 

принциптеріне  бейімделіп  отырады.  Ал  жаңа  қоғамдық  қатынасқа 

қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері 

дамиды. Сондықтан да халық: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»,-деп 

дұрыс айтқан.

Дүниежүзі халықтарының өздеріне тән салт-дәстүр ерекшеліктері 

бар. Сол сияқты: «Қазақ барлық сенім, әдетімен де, ойын-сауығымен 

де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баян-

дайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең жырлар жасауымен де, 

сауыққа  құмарлығымен  де,  халықтың  заңның  көптеген  кодекстерін 

сақтаумен де, соттың шешімдерімен де ең ақылдылардың қатарына 

қосылады»,-деп  Ш.Уалиханов  атамыз  айтып  өткеніндей,  қазақ  елі  – 

өнердің  сан  қырлы  түрлеріне  де,  сондай-ақ  біршама  ата-бабалары-

мыздан бергі қарай нағыз мұсылман ұлтымыздың нақышын таныта-

тын салт-дәстүрлерге де бай жұрт. Ал халықтың игі дәстүрі – біздің ең 

асыл мұрамыз.

Адам  өміріндегі  ең  бір  қызықты  да,  қуанышты  да  ұмытылмас 

белең – оның үйленіп, жеке тау тігуі. Ұрпақтарының үлгілі отау құруы 

–  сол  жастардың  ата-аналары  мен  ауыл  адамдарының  ғана  тілек-

талабы  емес,  қоғамдық  қажеттілік.  Отбасы  –  мемлекеттің  іргетасы. 

Қоғамдағы  әр  шаңырақтың  босағасы  берік,  мерейі  үстем  болмай, 

мемлекеттің де мықты болуы мүмкін емес.

Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы 

желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Бұл 

әдет-ғұрыптар ұрпағының келешегін, нәсілінің болашағын ескеруден 

туындаған.

Ежелгі  қалыптасқан  дәстүр  бойынша,  қазақ  жұртында  отау 

тігудің бірден-бір жолы – құда түсіп, қалыңмал төлеп үйлену арқылы 

жүргізілді.  «Құда  түсіп,  қалың  мал  төлеп  үйлену»  деген  ұғымның 

мағынасы өте кең. Бұдан қазақ жастары қалыңдығын өздері таңдап-

талғамай,  оларға  болашақ  жарын  тек  әкесі  алып  берген  екен  деген 


517

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

қорытындысы шықпауға тиіс. Әрине, қазақтар көбіне балаларды ата-

стыру арқылы үйлендіретін. Егер екеуі де ұл, не қыз болсын, онда олар 

өскен  соң  әкелеріндей  дос  болып  өтуге  тиісті  болған.  Бұл  салттың 

көрінісі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында жақсы сақталған.

Ал  «Қыз  Жібек»,  «Қамбар  батыр»,  «Қобыланды  батыр»  секілді 

эпостық  мұраларымыздан  жігітке  де,  қызға  да  жар  таңдап,  ұнатқан 

адамына қосылуына ерік берілген ежелгі дәстүр сілемін көреміз.

Жігіт үйленер алдында әуелі өзіне ұнайтын теңін іздестіреді. Бұл 

дәстүр – «қыз көру», «жар таңдау» деп аталады. Шөптің шүйгінін жеп, 

судың тұнығын ішкен, аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ерткен, 

құстың  қыранын  баптап,  мылтықтың  түзуін  асынған,  ақ  шаңқан  үй 

тігіп, саф таза ауада жаз жайлау,  қыс қыстауға көшкен дала тұрғындары 

осы салтанатқа сай болашақ жарының да тұрмыс-тіршілігінің ажар-

көркі болғанын ұнатқан. Асылы көшпелілірдің ұғымы бойынша, бұл 

дүниеде түзу мылтығы, қыран құсы, жүйрік аты мен мінез-құлқы мінсіз 

әйелі бар ердің төрт құбыласы тең деп танылған. Бұл салт-дәстүрлерді 

сипаттау барысында тұрмыс-тіршілік, отау құруға байланысты біздің 

«қыз ұзату», «беташар», «шілдехана», «тұсау кесу», «тілашар» сынды 

салт-дәстүрлерімізді қоспау мүмкін емес.

Сонау  VII  –  VIII  ғасырлардан  бастап  қолдауын  тапқан  зергерлік 

өнер  әр  елдің  тұрмысына,  салт-дәстүріне  бейімделе  отырып  да-

мыды.  Сондай  озық  та  әрі  үлгілі,  түрлі  геометриялық  пішіндерге 

негізделе құйылған зергерлік бұйымдар жасауда қазақ халқы ерекше 

оқшауланған. Осы өнеріне байланысты ұлтымыздың азды-көпті салт-

дәстүрлерін де қалыптастырған. Солардың бірі – құдағи жүзік. 

Құдағи жүзік – ертеректегі салт бойынша қыз шешесінің құлағына 

сыйлайтын  қос  дөңгелекті,  үсті  тұтас  қомақты,  асыл  тастардан  көз 

қондырылып,  алтынмен  қапталған  қымбатты  бұйым.  Бұл  кәдімгі 

қос  балдақ  жүзікке  ұқсас,  бірақ  одан  көркемделуі  жағынан  ерекше 

болып  келеді.  Мұны  қыздың  шешесі  зергерге  арнайы  жасатады  да, 

екі жастың қос балдақ, сақина тәрізді қартайғанша біргеөмір сүруін 

тілейтіндігінің белгісі ретінде сыйға тартады.

Сондықтан  да  осынау  шығармамда  ата-салтымыздың  жөн-

жобасын, жол-жоралғысын жинақтап жазуды жаным қалады. Әрине, 

бәрін  де  қамтып,  бәрін  де  айттым  және  ең  дұрысы  –  осы  деуден  де 

аулақпын.  Бірақ  қазіргі  өзім  тәрізді  егеменді  елімнің  болашақ  жас 

ұрпақтарына:  «Асыл  мұрамызды  ұмытпай  дәріптеп,  қастерлейік»,-

деген үндеу салғым келеді.


518

Казахстан, армия, патриотизм

Дәулет Таңсұлу 

11 сынып, «Жаңатірлік» ЖОМ Қазығұрт ауданы



Мәңгілік ел

Еліміз тәуелсіздік алу жолында қаншама қиындықтарды басынан 

өткізгендігі айдан анық. Ия, «тәуелсіздік» атты асыл арманға жету – 

ата-бабаларымыз  ерен  ерліктері,  болаттай  мықтылығы,  темірдей 

төзімділігі,  сөзсіз  батырлығы,  халық  қамы  үшін  қан  кешіп,  құрбан 

болғандығын, біз, яғни еліміздің жас ұрпағы терең ойлап, түсінуіміз 

парыз. Ел болу үшін, Тәуелсіздік керек, ал тәуелсіз болу үшін ұлттық 

рух, күш-жігер, сенім, мақсат керек. Міне, халқым көктен тілеп, көптен 

күткен тәуелсіздігімізге жиырма екі жыл. Бұл ұлы мақсат жолында 

қаншама  халық  қырылып,  өз  туған-туыстарынан  айырылған  бола-

тын.

Бірақ,  қаншама  қиындық  келсе  де  қасқайып  қарсы  тұра  білген 



қазақ елінің рухы биік еді.

Ендігі  кезекте  бізге  аманат  етіп  қалдырған  осынау  кең-

байтақ,киелі  жерімізді  көз  қарашығындай  қорғауға  тиіспіз  деп 

ойлаймын,әрине ол біздің міндетіміз.

Еліміз егемендік алған осынау саусақпен санарлық аз жылда биік-

биік белестерді бағындыра білді. Әлемді таңдай қақтырды, өркендеп, 

көркейіп, гүлдене бастады. Ол әрине егемендіктен кейінгі ел басын 

біріктірген елбасының ерен еңбегі екендігі сөзсіз. Еліміз өз алдына 

жеке мемлекет болды, яғни Қазақстан Республикасы болып жария-

ланды,  халқымыздың  бағына  туылған  Нұрсұлтан  Назарбаевтай  па-

расатты көшбасшының арқасы. Егеменді еліміздің өз тілі, әдебиеті, 

тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, рәміздері және де Ата заңы бар. Оны 

мақтанышпен айта аламыз.

Ендігі  уақыттарда,  сын  сағаттарда,  жарқын  болашаққа  жауап-

ты ол әрине біз. Менің ойымша өз тәуелсіздігімізді тұғырында нық 

ұстап  қалу  үшін  әрине  жоғары  сапалы  білім  мен  тәртіп  керек.  Ол 

әрине  жастардың,  білімді  ұрпақтың  қолында,  оны  елбасымыз  да 

әр  сөзінде  айтып  жүргені  рас.  Елімізді  одан  әрі  дамытуымыз  үшін, 

әлемге  танытуымыз  үшін  талантты  жастар  керек.  Еліміздің  осын-

шама өркендегені үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан елбасымызға 

және де әрбір азаматтар мен азаматшаларымызға алғысымыз шексіз.

«Дарын  емес,  қарын  билеген  тірліктен  сақтан»,-деп  ақын  әрі 

жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов айтқандай, тек қана ақшаны ой-


519

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

лап, ақ жолдан айнығанша, адалдықтың ақ жолында шындық үшін 

күресіп,асқақ  армандарға  қарай  ұмтылып,  алдымызға  мақсат  қоя 

білуіміз,  ел  үшін  елеусіз  еңбек  етуіміз  парыз  әрі  міндет  дап  санай-

мын.  Бауыржан  Момышұлының  бір  қанатты  сөзі  бар  еді  «Талантқа 

қанат бітірер-сезім емес,сенім болуы керек»,-деп. Ия, әлемдегі болып 

жатқан өзгерістер, күннен-күнге, тіпті сағат санап дамып келе жатқан 

техника талайды таңқалдыруда. Оның барлығы талабы таудай тама-

ша таланттылардың, білімі биік білімділердің, рухы биік ұлттардың, 

ерікті де жігерлі, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың арқасында.

Біз үшін ерекше айта кететін жайт, ол еліміздің егемендігіміздің 

айқын әрі нақты дәлелі ретінде мемлекеттік рәміздеріміз болып та-

былады. Олар көгімізде желбірген, азаттық пен мәңгілік көк аспаны-

мызды өз бейнесінде анық дәлелдейтін – Көк туымыз. Қазағымның 

ұлттық  символы  болып  саналатын,  жылдар  ағымы  бойынша  са-

намызда  жаңғырып  тұрған  шаңырақ  бейнелі,  қос  қанатты  қос 

тұпарымен  өз  мағынасын  асқақтатар,  кереметтей  көз  тартатын  – 

Елтаңбамыз  бар.  Мемлекетіміздің,  халқымыздың  ертеңі  мен  нұрлы 

болашағы,  тәуелсіздіктің  қаншалықты  асыл  қазынамыз  екендігі, 

келешегімізге деген мол сенім мен нағыз тәрбиені, жалпы айтқанда 

нағыз патриоттық сезімді ой-санамызға құйатын, мәңгілік ұранымыз 

–  Әнұранымызбен  мақтанамыз.  Атақты  үш  биімізді  қаншалықты 

биіктерге  көтерсек,  бұл  үш  рәміздеріміз  де  соншалықты  дәрежеде 

сақтай  білейік.  Сонымен  қатар  бұрыннан  келе  жатқан  ата-баба-

мыз  бізге  аманат  етіп,  сеніп  тапсырған  салт-дәстүрлеріміз,  әдет-

ғұрыптарымызды  да  сақтай  білейік.  Әрқашан  да  қазақы  болмысы-

мызды сақтап, өзгелерге өз өнерімізді дәріптей білуіміз, мемлекеттік 

тіліміз Қазақ тілінің асыл құндылықтарын сақтап, тағылымға толы 

тарихымызды қорғау, оны бізден кейінгі де жас ұрпақтарға тапсыра 

алуымыз керек. Ия, жаза берсек елімізге деген,жүректен шығар, ой 

түбіндегі  асыл  ниеттер  таусылмақ  емес.  Тобықтай  сөздің  түйініне 

тоқталсақ:  «Біз  қазақпыз»,  сондықтан  да  елімізді  көркейтуге  өз 

үлесімізді  қосып,асыл  құндылықтарымызды,  тілімізді,  дінімізді, 

салт-дәстүрімізді,  егемендігімізді,  рәміздерімізді,  тарихымызды, 

өнерімізді  әрқашан  да  сақтай  отырып,  еліміздің  нағыз  «патриоты» 

болайық.


520

Казахстан, армия, патриотизм

Жаманқұл Аяулым 

8 сынып, «Ақбастау» жалпы орта мектебі Қазығұрт ауданы

Жетекшісі: Пернекул Н.

Отаным –Қазақ елі

Қазақ...  Бұл  халық  –  әлемдегі  ұлы  халықтардың  бірі.  Қазақтың 

ұлылығы  –  бауырмашылдығында,  бейбіт  өмірге  құштарлығында, 

сабырлы-лығында және даналығында. Қазақ – сөзге тоқтаған халық, 

үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсеткен,  ел  бастаған  көсемдері  мен 

шешендері  ақыл  айтса,  ақылына  ұйыған  халық.  Сонау  Алтайдан 

Атырауға  дейінгі  созылып  жатқан  кең  байтақ  ,  ғажайып  өлке  –  бұл 

Қазақ елі. 

Біздің жеріміз кең. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау 

қайнарларын, сарқырай аққан тасқынды өзендерін, гүлденген жази-

раларын, тамаша жайылымдар мен шалғынды таулы даланы көргенде 

мен тамсана-мын.

Еліміздің ертеңі жолында жан аямаған алдағы күнге қызмет еткен 

аталарымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Мен осындай данагөй, 

асыл  қасиетке  бай  елде  дүниеге  келгеніме  қуанамын,  қазақ  екеніме 

шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек 

етуінің арқасында өркениетке өрлеткен Елбасы Нұрсұлтан ағамызға 

ілтипатпен  қараймын.  «Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның  ашыса, 

азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, 

көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің 

де иесі екеніңді ұмытпа»,- дейді Елбасымыз. 

Расында, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – бүгінгі жастар. 

Олар  –  біздер.  Біз  –  жаңа  ғасыр,  жаңа  мыңжылдықтың  жас  ұрпағы, 

егеменді  елдің  ертеңіміз.  Біз  еліміздің  экономикасын,  мәдениетін, 

білімін  көтеретін  азаматпыз.  Жаңа  дәуір  көшін  жалғастыруды, 

халқымның әл-ауқатының артуына, еліміздің көркейіп, нығаюына үлес 

қосуды басты борышымыз деп санаймын. Біздің Отанымыз – жүздеген 

ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп , ынтымағын жарастырып отырған 

мемлекет. Осы еліміз бен жеріміздің тыныштықта, бейбітшілікте өмір 

сүруі  де  біздің  қолымызда.  Мен  қырандай  биікте  қалықтаған  азат 

елдің болашағымын. Тәуелсіздік таңы тілімді, дінімді, салт-дәстүрімді 

жаңғыртты. Қасиетті Ата заңым қабылданды. Егемендігімнің айғағы – 

аспан түстес азат байрағым, елтаңбам, әнұраным дүниеге келді. Барша 


521

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

ұлтты бауырна басқан Отаным, мен сенің ізгілігіңнен, ұлылығыңнан 

нәр алып, дархандығыңнан үйреніп, өсіп келемін. 

Сенің әрбір тасың, әрбір гүлің, өзен-көлің, тауың мен үшін қымбат. 

Біздің алысты болжай білетін алғыр, көреген, үлкен саясаткер Елба-

сымыз Нұр аға елдің сенімін ақтап, қиын жолдан өз халқын аман-есен 

алып  өтті.  Көшбасшымыз  Нұрсұлтан  аға  әр  жылда  халыққа  кезекті 

жолдауын жолдап, еліміздің даму жолдарын нақты айқындап көрсетіп, 

бағыт-бағдар беріп келеді. Елін сүйген Елбасы жолдауын халқымыз да 

қызу қолдап, қуаттап келеді. 



Жумалиева Айдана

10 сынып, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп Отырар ауданы

Жетекшісі: Ноғайбекова А.

Ұлтын ұлықтаған ұлтжанды азамат

Ұлтының жүгін ауырсынбай арқалаған, аумалы төкпелі заманда 

қазағының  сөзін  сөйлеп,  жанынан  табылуы,  озбыр  саясаттың  бүкір 

пейілін,  ішкі  арам  ниетін  көрегендікпен  танып,  бұқпантайламай 

өз ойын, өз шындығын халық қамы үшін ашық айтқан Алаш көсемі 

А.Байтұрсыновтың  тұлғасы  уақыт  өткен  сайын  биіктей  бермек. 

1873 жылы дүние есігін ашқан Шошақтың немересі – Ахмет кеңестік 

жендеттердің қанды шеңгеліне арандап бақиға аттанғанға дейінгі 64 

жылдың саналы ғұмырында өлшеусіз еңбек, ғасырлар бойы зерттел-

се де түгесілмейтін мол мұра қалдырды. Азаматтық үні, қайраткерлік 

өнегесі, пендешіліктен биік тұрған өресі, қаптаған қара ниетті жаулары-

на білімімен, көрегендігімен, алғарлығымен қарсы тұрып, есе жібермей, 

өркөкірек  өзімшілдерге,  қазақты  қан  қақсатуға  бел  шеше  кіріскен 

ішкі-сыртқы  қысымға  жүректілікпен  жауап  беруі  А.Байтұрсыновты 

ұлт батыры деп тануға негіз бола алады. Заман талабы қазақ қамын 

қарапайым мұғалім – Ахметке ақындықтың, көсемсөздің, ғылымның, 

қоғамның көшін сүйреуге мәжбүр етті. Оның жан-жақты болмасына 

лажы жоқ еді. Ғалым А.Байтұрсыновтың әдебиетші ретінде танытатын 

құнарлы материалдары қазақ жұртына мәңгілік азық. Байтұрсынұлы 

әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жа-

салды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), 

құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, 

құндылығын  жан-жақты  тұжырыммен  дәлелдеген  ғылыми  баянда-


522

Казахстан, армия, патриотизм

ма жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени 

жетістік  болып  табылады.  Ол  халыққа  ғылым-білімнің  қажеттілігін 

түсіндірумен  ғана  шектелмей,  білім  беру  ісін  жолға  қоюға  күш  сал-

ды.  Орыс,  татар  мектептерінен  оқып  шыққан  ұлт  мамандарының 

өз  тілін  қолданудағы  кемшіліктерін  көріп:  «Әр  жұрттың  түрінде, 

тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сон-

дай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған 

бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза 

алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша 

жазып  дағдыланбағандық»,-деп  жазды.  Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ 

әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап 

қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ 

графикасының  негізіне  қазақтың  мәдени  дүниесінде  көп  ғасырлық 

дәстүрі  бар,  өзге  түркі  халықтарды  да  пайдаланып  отырғандықтан, 

туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ 

фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды 

алфавиттен  шығарады,  арабша  таңбасы  жоқ  дыбыстарына  таңба 

қосады, қазақ тілінің жуанды, жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға 

ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. 

Сөйтіп,  24  таңбадан  тұратын  өзі  «қазақ  жазуы»  деп,  өзгелер 

«Байтұрсынов  жазуы»  деп  атаған  қазақтың  ұлттық  графикасын 

түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту 

идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір 

зиялы  азамат  халқына  қара  танытып,  сауатын  ашуды,  ол  әрекетті 

«Әліппе»  құралдарын  жазудан  бастауды  мақсат  етті.  Сол  1911-1912 

жылдары  жасалып,  Уфа,  Орынбор  қалаларының  баспаханаларында 

жарық  көрген.  Ахмет  Байтұрсынұлының  әліппесі  «Оқу  құралы»  де-

ген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту 

ісінде  ұзақ  әрі  кең  пайдаланылды.  1926  жылы  ғалым  «Әліп-бидің» 

жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, 

құрылымын  танып-танытудағы  қызметі  енді  мектепте  қазақ  тілін 

пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның 

атақты  «Тіл  –  құрал»  атты  үш  бөлімнен  тұратын,  үш  шағын  кітап 

болып  жарияланған  оқулықтар  жазылды.  «Тіл-құрал»  тек  мектеп 

оқулықтарының  басы  емес,  қазақ  тілін  ана  тілімізде  танудың  басы 

болды,  қазіргі  қазақ  тілі  атты  ғылым  саласының,  іргетасы  болып 

қаланды. 

Жалпы  қазақ  тіл  білімін  қалыптастырып,  зерттеп,  танып-білу 

тарихымызда  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Оқу  құралы»  мен  «Тіл 



523

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

құралдарының»  орны  айрықша.  Қазақ  тіл  білімінің  ана  тіліміздегі 

іргетас  қалаудағы  Ахметтің  тағы  бір  зор  еңбегі  –  ғылымының  осы 

саласының  терминдерін  жасауы.  Ғалым  қазақ  тілі  грамматикасына 

қатысты  категориялардың  әрқайсысына  қазақша  атау  ұсынды.  Осы 

күні  қолданылып  жүрген  зат  есім,  сын  есім,  етістік,  есімдік,  одағай, 

үстеу,  шылау,  бастауыш,  баяндауыш,  жай  сөйлем,  құрмалас  сөйлем, 

қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың бар-

шасыАхмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің 

мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы 

дүниеге  келген  соны  сөздер,  сәтті  шыққан  атаулар  екенің  олардың 

күні  бүгінге  дейін  қолданылып  келе  жатқандығы.  Байтұрсыновтың 

«Қазақтың  бас  ақыны»  деген  көлемді  мақаласы  –  әдебиеттану 

ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын 

Абайдың  тарихи  миссиясы,  рухани  болмысы,  өлеңдерінің  ұлттық 

сөз  өнеріндегі  маңызы,  көркемдік-эстетик  сипаты  баяндалды.  Ол 

Абай  өлеңде-рінің  даралығын,  «сөзі  аз,  мағынасы  көп,  тереңдігін», 

сыншылдығын  ұғындырды.  Байтұрсыновтың  Абайдың  ақындық 

шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары 

қазақ  әдебиеттану  ғылымында  жалғасын  тапты.  Оның  «Әдебиет 

танытқыш»  деген  зерттеуі  (1926)  қазақ  тіліндегі  тұңғыш  іргелі 

ғылыми-теориялық еңбек. 

Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методо-

логиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану 

ғылымының  жүйесін  жасады.  Халық  тілінің  бай  қоры  көзінен 

мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның 

негізінде  қазақ  әдебиетінің  барлық  жанрлық  формаларын  топтап, 

жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. 

ғылыми-теориялық  еңбекке  қазақ  әдебиетінің  ең  бейнелі,  мазмұны 

мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз 

өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайда-

лана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны 

ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, 

әсірелеу,  алмастыру,  шендестіру,  үдету,  түйдектеу,  кекесіндеу,  т.б. 

«Әдебиет  танытқышта»  ақындық  дарын  табиғаты,  шығарма  психо-

логиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-

жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға 

анықтама берді.

Демек,  Ахмет  Байтұрсынов  –  қазақ  әдебиеттану  ғылымының 

негізін  салған,  тұңғыш  әдебиет  теориясын  жазған  ғұлама  ғалым, 



524


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет