Казахстан, армия, патриотизм
қыз киетін аса қымбат бағалы ғұрыптық бас киім. Сәукелені
Орта Азия мен Қазақстан-ды мекендеген үшкір тымақты сақтар –
тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады. Сәукеленің биіктігі шамамен
бір жарым, екі қарыстай болады. Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден
сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен тыстап, қымбат бағалы аң
терісімен әдіптейді: алтын, күміс әшекейлер, моншақтар тағады;
жоғары қарай жіңішке-ре түскен төбесіне үкі қадап, тірсекке түсетін
асыл тасты, оқалы лента тігіп, бергегіне бетті көлегейлейтін желек
бекітеді.
Жекей тымақ — жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі
тымақты айтады. Жекей — сәнді деген сөз. Жекей тымақты дүрия,
шағи сияқты жібек маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін
көтере түріп, кейде алдыңғы бір жақ құлағын алға келтіре әнтек
шекеге салып киетін. Бөрікті де әр түрлі үлгіде қозы, қой, түрлі аң
терілерінен тігеді. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр
етіліп жасалады. Ал оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген
түрмесі үлкен бөрік киеді. Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері
Орал, Гурьев жағында жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен жағында
жаллпақ және биік түрмелі үлгілері кеп. Бұрын ақын, әнші, сауыққой
салдар мен өнерпаз жастар өте сәнді тігілген шошақ төбелі құндыз
бөрікке үкі тағып киетін.
Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда
киімдердің ең жақсысын, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек,
дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше,
тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп,
сырттық жатады. Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден,
аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың,
жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерек-
ше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді.
Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң
терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік бо-
лып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас,
көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы
маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті
жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Қазақ шапандары
алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі.
Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі
жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады.
Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды).
493
Сочинения школьников Мангистауской области
Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының ша-
пандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі
келсе, Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей
матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең,
жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапан-
дары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған
қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу,
жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды. Ішіне жабағы жүн салы-
нып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген
жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса
шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген ке-
бенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы,
жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың
нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат
матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен ине-
мен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасай-
ды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы де-
ген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып
тігеді.
...Мен “Қазақтың ұлттық киімдері” тақырыбында шығарма жаза
отырып, ежелгі қолданыстан шығып қалған ұлттық киім үлгілерін
жарыққа шығардым. Оның бүгінгі және келешек ұрпақ арасын-
да қолдау табуы мақсатында халыққа үндеу-насихат жүргіздім.
Осы тақырыбымның қазіргі және келешек ұрпақ үшінде мәні аса
жоғары деп есептеймін. Бұл ұлттық нақыштағы киімдерімізді
насихаттаудың тиімді жолы. Көшелерде, түрлі қоғамдық орындарда
әрі заманымызға сай, әрі қазақы, әрі мұсылмандық канондарға сай
киінген қыз-келіншектер көбейсе, ұлттық мәдениетіміз де өркен жая
бастайтыны даусыз. Әрине, бір ғана ұсыныспен бүкіл мәселе бірден
шешіле қоймас. Бірақ осы тақырыптағы мәселелерді әрі қарай іліп
әкетіп, қоғамдық шараларда, мектеп, балабақшаларда дәстүрлі түрде
жиі тәрбие сағаттарын өткізудің жолдарын қарастырса құба-құп.
Сөз соңында, елімізге тілерім ұлттық мәдениетіміз жаңғыра берсін,
ұлдарымыз салмақты, қыздарымыз ибалы болсын! Ең бастысы,
еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
494
Казахстан, армия, патриотизм
Саркенова Раушан
9 сынып, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейі
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы
Отан - баға жетпес сый
Патриотизм – Отанға, туған өлкеге деген махаббат, туған жердің
өсиеттеріне адал болу. Осы қасиет әр бір қазақтың бойында болса, ба-
сымызды тік ұстап, “тек алға” деген ұранмен болашаққа қарауымыз
керек. Кез келген адам өзінің ата-бабасы мен қасиетті қазақ қаны,
туған өлкемен байланыстырады. Отаншылдық – өзінің халқына,
еліне деген адалдық сезім. Біз, кейінгі ұрпақ, қазақ жері қолымызға
бабаларымыздың өмірімен, аналарымыздың зарымен, сол кездегі
жасөспірімдердің балалық шағын айыр бастауымен келген екенін
білеміз. Кең байтақ жерімізді қорғау мақсатында халқымыздың
қалаулы тұлғалары билікке қарсы шығып, одан зардап шеге отыра,
айдауға кеткендері қаншама. Сол азаматтардың қайғысы бір қазан.
Өйткені жат жерде тұру – адам басына салған ең ауыр жаза деп білемін.
Басқа елде тұрып, өз Отанын көре алмау қиынның қиыны. «Өзге жер-
де сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөзді айта аламын.
Патриоттық сезім кешу үшін міндетті түрде Каспий жағасында оты-
рып таңды бірге аттыру, Алатаудың бауырайында қыдыру немесе
туып өскен жеріңде аяқ басып тұру емес. Бұл ұлы сезімді тағдырдың
талқысымен жат жерге аттанған азамат пен азаматшаларымызда
кешуде. «Қазақстанды сүйем» деп, тек қана қазақтар емес, өзге ұлт
өкілдері де айта алады. Оны мен еш ойланбастан айтар едім. Себебі,
менің сыныбымда басқа ұлт өкілдері оқиды, олардың екі сөзінің
бірінде – осы жерде туып өскеніне ризасын білдіріп жатады. Олардың
өз Отанына деген суйіспеншілікті ояту, жергілікті халыққа байланы-
сты деп білемін. Мысалы менің туып өскен жерім – Маңғыстау жері.
Бұл жерде ежелгі дәстүр – жорамалдарымыз жақсы сақталған. Сол
себепті қарапайым халық басқа ұлт өкілдерін қабыл алып, жатсынбай
отаншылдыққа қадам басып келеді.
Мен кейбір адамдарға таңдана қараймын. Олар: «біз жақсы
көрген, туып өскен, мақтанышпен айта алатын Қазақстан кайда,
ол өте өзгеріп, танымастай болып бара жатыр» деп таңқалады. Оны
сүйікті де, ең жаксы, алып мемлекетке айналдыратын да өздері ғой.
Елімізде қандай өзгерістер болмасын, уақыт зырғып өте шықсын, сон-
да да «қазақ жері әрқашан бар, мейлі билік басқа да болсын, тірлігіміз
495
Сочинения школьников Мангистауской области
өзгерсін, қазақ халқы бар кезде, ол мәңгілік өмір сүреді» демекпін.
Адам баласы туылғанда ең бағалы сыйлықтарға ие болады. Олар өмір
мен баға жетпес Отан деп ойлаймын. Ол адамда біреу ғана, өмір секілді.
Өйткені өмір екінші рет берілмейді. Ол ана сияқты – қандай болмасын
ол сенің бір бөлігің.
Мен барлық жастарға айтарым: «Отанды анаңды сүйгендей сүй,
әкеңдей құрметте, досыңдай сыйлап, қамқор бол». Оны аялап жақсы
көрген үшін мақтау күтпеу керек, себебі ол біздің парызымыз. Сон-
да ғана өмірге келгенің үшін риза боласың. Мен өзімді биік ағашқа
теңеймін, өйткені ағаш тамыры барда биік самғайды, ал менің тамы-
рым ол өз Отаным...
Сембай Досан
7 класс, школа № 6 Мунайлинский район
Руководитель: Исмаилова Х.Т.
Моя Родина - Казахстан
Я родился и живу в Казахстане. Казахстан-моя Родина, мое От-
ечество. Земля, где родился человек и вырос, остаётся в его сердце
навсегда.Горы и равнины, реки и озёра, бескрайние степи и песчаные
пустыни - всё это наш Казахстан. До чего же разнообразен животный
мир! Каспийский осётр, горный барс, архары, сайгачье стадо, беркут и
сокол, много-много других животных и птиц всегда являлись и явля-
ются гордостью казахстанцев.
Смотрю на карту и поражаюсь, ведь вся таблица Менделеева на-
ходится в недрах Казахстана, и ведь не просто находится, а имеется в
огромных количествах: и газ, и нефть, и металлы, и соли, и огромные
запасы пресной и минеральной воды. У каждого человека есть фами-
лия, имя, отчество. А что является фамилией, именем, отчеством моей
страны? Гимн, флаг,герб!Флаг голубого цвета означает мир и благо-
получие.Золотое солнце с лучами- покой и богатство.А парящий орёл
олицетворяет щедрость и зоркость высоту помыслов.Сколько добро-
го хочется сказать о своём Казахстане!Взять хоть бы наш город Актау.
Как изменился его внешний облик: прекрасная архитектура, обилие
культурных центров, мест, где молодежь может отдохнуть и провести
свой досуг.Конечно, наряду с положительными факторами ещё много
496
Казахстан, армия, патриотизм
негативного в нашей жизни, но я верю, что пороки нашего общества
уйдут в прошлое.
Я думаю,что неважно, на каких языках говорят дети Казахстана.
Всех нас, независимо от цвета кожи и разреза глаз объединяет чувство
любви и благодарности родной земле.Помните наказ Ы.Алтынсарина:
«Долг каждого из нас-внести посильную лепту на пользу своей Роди-
не». Иесли есть у человека дар, талант, ум, он непременно употребит
их во славу своей Отчизны.Я люблю тебя,Казахстан, современный, не-
зависимый, устремленный в будущее!
Сүлейменова Сымбат
7сынып, А.М.Горький атындағы мектеп Форт-Шевченко қаласы
Жетекшісі: Шопанова А.И.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», - деп ақиық ақын Қадыр
Мырза-Әлі жырлағандай сан соқтырған 70 жыл бойы Кеңес үкіметінің
қол астында болып, байлығы мен базарын иемденіп, болашағы
мен бақытын болжай алмаған қазақ деген қарапайым халық едік.
Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан
жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде
тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған
дана да дана жан алға суырылып шықты. Ол – елі сүйген, елін сүйген,
қазақ даласына нұрын шашқан елбасшысы Нұрсұлтан еді.
Адамнан емес, құдайдан сұрап, жаратқан Аллаға жалбарынып
қазақ еліне ұл сыйлаған Әлжандай анаға елінің қуанышы мен алғысы
шексіз. Барша өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқы біреуді
артық, біреуді кем көрмеген, татулық пен достықта тұруды ежел-
ден серік еткен. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса
бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы қазақ елінің соңғы 22 жыл
тұтқасын ұстап туын көтерген тұғырлы тұлғасы – тұңғыш елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты тараған
мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын сол ұлылар ру-
хында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-
таза ар-намыстан жаралған қайтпас қайсар қайраткер елін басқарып,
қос батырдың ісін жасай алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап,
497
Сочинения школьников Мангистауской области
тағдырын қолына беріп, көк туын желбіретіп ұстатқанына жаза басып
жаңылған жоқ еді.
«Бастауы бар бұлақ ұзақ ағады» деп аталарымыз айтпақшы
Нұрсұлтандай ерен көшбасшысы барелі тұғырын биік ұстап, аты
мәңгілік жасамақ. Өйткені, ол – өз тұжырымдарын мінбелерден
сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебіреніп тұрып: «- Мен үшін
елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен
мақсат жоқ»- десе, «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта
қалыптасуына қамқорлық жасау президенттік те, перзенттік те пары-
зым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Бас-
шы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы-ең бақытты халық. Қазір
тәуелсіздігімізді алған егемендігі бар бақытты елміз. Елбасымыздың
«Қазақстан 2030 бағдарламасы» бойынша көптеген игі істер
атқарылып «Қазақстан-2050» бағдарламасы бастау алды. Астанамыз
алыстан әйбаттанып, менмұндалап шақырады. Көрген жанның көзін
тойдырып, таңданғанның таңдайын қақтырады. Осындай сиқырлы
күштің иесі – қазақтың тұңғыш елбасысы. Елбасымыздың бесіктегі
баладан еңкейген қарияға дейін пәріндей сыйлап, мәртебесін
асқақтатады. Менің де кішкентай жүрегімнен шығар елбасыға деген
ықыласым мен алғысым шексіз.
Түйебаева Айзада
11 сынып, Жалау Мыңбаев атындағы
метеп-гимназиясы Түпқараған ауданы
Жетекшісі: Төлеуова А.Қ.
Отан қорғау - басты міндет
Мемлекетіміздің кең-байтақ жері, оның қойнауындағы мол
қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жара-
татын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Со-
нау ғұн, сақ заманынан бері ата-бабаларымыз осы жер үшін қан төгіп,
ұлтарақтай бөлігі үшін жан алысып, жан берісті. Сол «елім, жерім», деп
еңіреген ерлердің арқасында ұлан-ғайыр жерге иеміз. Жер көлемі бой-
ынша 9-орындамыз.
498
Казахстан, армия, патриотизм
Отан үшін отқа түс – күй мейсің” деген екен Баукең, Бау ыр жан
Момышұлы. Осы сөздің өзегіне бойласаң көп ақиқат ашы лады. Отан-
ды қорғау- ең алдымен, ер азаматтардың міндеті.
Патриотизм – өз еңбегін, күш -жігерін туған жері мен Отанын
көркейтуге жұмсау деген ұғымды білдіреді. Патриоттық сезімнің
ны саны Отан десек, оның негізі туған жер, ұлттық тіл, діл, дәстүр,
олардың адамға жылылық беріп, ізгі ерлік істер қайнар көзіне ай-
налуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болып табылатынын біз дің
әр азаматымыз түсініп біледі.
Қазақстан қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару
әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндеттерінің бірі
болып табылады.Қарулы Күштер қатарында қызмет ету- Отанымыз-
ды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.
Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жау-
лармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-
қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салыса-
мыз.
Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында да ұлы Отан соғысы
қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен
аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар
армияларымыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне
адал, еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері та-
лап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір
сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын
қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, әрі ержүрек патриот, интер-
национал ретінде көрінеді.
Қазіргі армия жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық
төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның
ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен
радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен
дыбыстан қашатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл
жерде жауынгерлердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал
әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру-өзіңнің жеке басыңды
қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды
қадам деген сөз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында
былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір
азаматының қасиетті парызы және міндетті. Република азаматта-
ры заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет
499
Сочинения школьников Мангистауской области
атқарады». Бұл сөздердің мәні қандай екендігі жайында әрбір азамат
түсініп білуі қажет.
Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті Азаматтық
қорғаныс штабы мен Қазақ Республикалық әскери комиссиатының
негізінде құрылды. Оған « әскери жасақтарға бақылауды» жүзеге асы-
ру, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі жаттығулар
жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасы-
малдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды на-
зарда ұстау міндеті жүктелді. Қарулы Күштер – елдің тірегі, қорғаны,
тыныштығының күзетшісі, тұтастығының кепілі. Жер бетінде кез
келген мемлекет өз қарулы күштерінің қуатты, мықты болғанын
қалайды. «Өз әскеріне көңіл бөлмеген ел, өзгенің әскерін асырауға
мәжбүр болады» деген нақыл кімді де болса ойға қалдырады.
Қазақ – жауынгер халық. Ұлы далада жөңкіп жүрген көшпелілердің
бір тармағы «қазақ» деп аталғалы бері, сол ұлы елдің ұландары өз
атамекендерін көздің қарашығындай қорғады. Жан беріп жан алы-
сты. Егеулі найза қолға алап, еңку-еңку жер шалып, толарсақтан
жерді де жауға бермеді. Арыстан жүрек, жалаңтөс мыңдаған ба-
тыр ұландарының арқасында жаугершілік кездерде үнемі жаудан
мерейі устем шығып отырды.Бұл-ақиқат. Бугінгі күні жауынгер
бабаларымыздың мирасқа қалдырған жерінде қазақ мемлекеті тұр.
Сол елді қорғайтын тас түйін армиясы бар.
Соғыстан сақтану-адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі
қасіретті болмыстардан- соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және
әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа суйемей өтуі мүмкін
емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден
қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана оты-
рып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.
Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы аумағында орын алып отырған са-
яси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды
қолға алды. Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992
жылдың 7 мамырында ҚР ҚК құрды.
Еліміз Қарулы Куштерінің дамуына мемлекет тарапынан ерек-
ше мән беріліп келеді. Оған Елбасының: «Қазіргі әлемде саны коп
армиялардың қажеті шамалы. Ыңғайлы, ұтқыл жақсы жабдықталған,
әзірлігі мол армия керек. Армия халқымыз мақтанатындай бол-
сын. Өйткені, ол – Қазақстан халқының армиясы. Армиямыздың
беделін арттыра түсейік» деген сөзі жақын дәлел. Отанымыздың
500
Казахстан, армия, патриотизм
еңсесінің биіктігі, іргесінің мықтылығы, абыройының асқақтығы
оны қорғаушылардың мықтылығы, айбындылығында, отаншылдық
пен ұлтжандылығы, біліктілігі мен білімділігінде, ширақтығы мен
шымшылдығында.Сонда ғана біздің сүйікті Қазақстанымыз, туған От-
анымыз биіктен-биікке самғап, шарықтай бермек.
Шахаманова Лаура
8 сынып, Бейнеу лицей
Жетекшісі: Тәженова Шынарай
Қазақтың салт- дәстүрлерін құрметтеу борышым
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай
болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт-
дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт-дәстүр – ел өмірімен
біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз
ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-
тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға
түсірмей тәрбелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы
тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің
маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық,
ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-
дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды
адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және
өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.
Қазіргі таңда салт-дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны
және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз маған
ұнамайды. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құртылмайтынына кім кепіл,
кім куә? Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан
ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзылады. Біреулері ұмытылды, біреулеріне
тыйым салынды. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен
берекетсіздікке салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды біле оты-
рып мен жұдырықтай жүрегіммен қолыма қалам алып, салт-дәстүр
арқылы қалай өзім секілді жеткіншектердің отанға деген патриоттық
сезімдерін арттыра аламын деген ой қозғамақпын. Ел боламын десең
бесігіңді түзе демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт-
дәстүрді түзеуден бастау керек. Бұл арқылы бала салт-дәстүрін білсе
тарихын таниды, ал тарихын білу отанды тану. Бала түгіл үлкен адам-
501
Сочинения школьников Мангистауской области
дарда біле бермейтін салт-дәстүр түрлері өте көп. Солардың бір түрі
белкөтерер салты. «Тоқсан көтеремін деген жасым бар еді, быламық
ішемін деген асым бар еді» деп бұрынғы қариялар айтпақшы, жасы
келген адамдардың тісі болған соң тамақ іше алмайды. Мұндай
жағдайда оларға арнап «белкөтерер» тағамы дайындалады. Бұл әрі
жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол тамақтардан дайындалады. Мұны бала-
лары, көрші-көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған
риза болған қарт батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен
адамдары сыйлаудың, бағып-қағудың үлгісін көреміз. «Белкөтерер»
аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері
де үлкендерге әдейі тартылады. Наурыз мерекесі жақындап келе жа-
тыр. Осындайда жасы үлкен қарияларға белкөтерер дайындап берсек
алғысын аламыз. Тек наурызда ғана емес әркез дайындап беріп тұрсақ
салт-дәстүрімізге деген құрмет болар еді.
Біз балаларды қалай патриоттыққа тәрбиелей аламыз дейміз.
Қай бала патриот болсын әз наурызды өз жаңа жылын асыға күтпесе.
Орыстардың жаңа жылында аспанға түрлі-түрлі от шашулар ша-
шып ат шапанын сүйретіп алыстан аяз ата келеді. Ал әз наурыз-
да да Қыдыр атамыз келеді. Қыдыр ата жақсылық жасаушы ырыс,
құт, несібе жасау,бақыт сыйлаушы қарт. Әр балаға Қыдыр ата келіп
арман-тілектеріңді орындайды десек бала арманын айтып Қыдыр
атаны сағынып күтеді және наурызды да асыға күтіп отырады. Отба-
сында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға
салт-дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.
Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт-
дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың
бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра ал-
дым деп ойлаймын. Балалар, үлкенге – сәлем, қуантқанға – сүйінші,
соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға –
базарлық, кішіге – байғазы, сәбиге – көрімдік, көрші қонғанға – ерулік,
жетім-жесірте – қолқайыр, мүсәпірге – садақы, алғашқы қымыздан
– қымызмұрындық, соңғы қымыздан – сіргежияр, сағынғанға –
сәлемдеме, қуанышқа – шашу шашып ешқашан салт-дәстүрімізді
ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара
беріңіздер демекпін. Бұл жазылған шығармам біреулерге жай сөз бо-
лып қалар, біреулерге қамшы болып тиетініне көзім жетеді.
502
Достарыңызбен бөлісу: |