Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет24/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70

ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Кемелбаева А.Қ, Серікбаева І.Д.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.

Арқалық қаласы,Қазақстан

akmaral.koptaeva@mail.ru

Дүниежүзілік  Денсаулық сақтау Ұйымының  ұсынымдары  бойынша,  18  жастан

асқан әр  адам өз  артериалдық  қан қысымын  білуі  керек,  норма  көрсеткіштері 120/80  мм

сынап  бағанасынан  жоғары  болмауы  тиіс.  Бүгінгі  күні әлемдегі өлім  жағдайларының

шамамен  50%  жүрек қан - тамыр  аурулары  себебінен,  еңбекке  жарамды  жаста  болады,

сондықтан,  жұмыс  орны - жүрек қан - тамыр  аурулары қауіп - қатерін  төмендетудің

ұйымдасқан маңызды үлгісі. Қазақстанда артериалдық гипертонияның тұрақты өсу үрдісі

байқалады. Өз  артериалдық  қан қысымын  анықтауда  халық белсенділігі  төмен  деңгейде,

көптеген  пациенттер  гипертонияның алдын  алуда  және  салауатты өмір  салтын ұстануда

белсенділік  танытпайды,  көптеген  адамдарда  ауру  анықталмайды.  Бүгінгі  күні  елімізде

шамамен  1,5  миллион  адам  артериалдық гипертониядан  зардап  шегеді  және  бұлардың

жартысы өз дерті туралы білмейді. Артериалдық гипертонияны емдеу ерте басталуы, ұзақ

мерзімді, үзіліссіз  болуы  керек  және қан қысымының көрсеткіштері үнемі  бақылауда

болуы қажет.  Емдеу  тиімділігінің екі  аса  маңызды  факторы  бар:  артериалдық  қан

қысымын  мұқият  және өз  бетімен  бақылау,  сондай

- ақ емделуші  дәрігермен  толық

түсіністікте болу.

Жүрек қан - тамыр  ауруларының себебі  тиімді  тамақтану қағидаларын  сақтамау,

гиподинамия, темекі шегу үзілістері және денсаулық жәй - күйіне теріс әсер ететін басқа

да  көптеген  факторлар.  Дүниежүзілік  Жүрек  Лигасы әрбір  адамға қарапайым,  сонымен

қатар  денсаулықты  сақтау  және  ны ғайту, өнімді  және ұзақ  өмір  сүру үшін:  салауатты

тамақтануды,  белсенді қозғалысты,  темекіге  «жоқ!» деуді, қалыпты  салмақ сақтауды, өз

денсаулығының көрсеткіштерін білуді, алкоголь тұтынуды шектеуді ұсынады.

Дүниежүзілік  жүрек  күніне  артериалдық гипертони яның алдын  алу  бойынша  он

күндік өткізу  орайластырылған.  Он  күндік  іс

- шараларының бірі  жұмыс  істейтін

адамдардың денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  бойынша  бірлескен әрекеттер  жоспарын

әзірлеу  мақсатында  бизнес - құрылымдардың  өкілдерімен  диалог ұйымдастыру болып

табылады.  Мұндай  іс - шаралар өткізу  тұрғындардың назарын  орын  алған  ахуалға

аударады, қатерлі  асқынулардың алдын  алу үшін  жалпы қол  жетімді  шараларға қатысу

мүмкіндіктерін қарастырады. Тамақтану принциптерін, өмір салтын өзгерту мен пайдалы

ақпарат аурудың алдын алуға және ұзақ уақыт оңтайлы қан қысымын сақтауға мүмкіндік

береді. Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі

— қан тамырының қысымы екені

белгілі.  Елімізде әр  бір  оныншы  адам  осы  аурумен  ауырады.  Бұл  аурудың жүрек  пен

тамырды  зақымдай тыны  уақыт өте  келе ғана  белгілі  болады.  Дер  кезінде  ем қолданбаса,

ол  жүректің жансыздануына  (инфаркт)  немесе  жүрек қыспасына  (стенокардияға) әкеліп

соқтырады.  Жүректің бұлшықеттерін әлсіретеді,  оның жұмысын  тежейді.  Арты  миға қан

құйылуға,  соқырлыққа,  ба уырдың нашарлауына ұласады.  «Гипертония»  термині қан

қысымының

көтерілуін  белгілеу

үшін

қолданылады.



Қан  тамыры

қысымының

жоғарылауы қан  тамырының немесе  оның  ұсақ тармақтарының тарылуынан  басталады.

Кейбір  адамдарда ұсақ  қан  тармақтары  жиі  тарылады. Әуелі

қан  тармақтарының


жиырылуынан,  кейін  тамыр қабырғаларының  қалыңдауынан ұдайы  тарылады.  Осыған

байланысты, қан  айналымы  кезінде  жүректің жұмысы  күшейеді  де,  тамыр  арнасына қан

көптеп  шығарылады.  Мұндай  жағдайға  тап  болған  адамдарда, әдеттегідей, қан

тамырының  қысымы  жоғарылайды. Өте  сирек  жағдайда,  яғни  он  адамның біреуінде қан

тамыры қысымының жоғарылауы  бір  органның зақымдануынан  болады.  Мұны қан

қысымының  қайталануы  деп  түсінген  жөн.  Алайда,  көптеген  жағдайда,  сырқаттардың  90

пайызы  мөлшерінде қан қысымы бірінші  рет  басталады,  оны  эссенциялдық  (мәнді) қан

қысымының жоғарылауы  деп  айтады. Қан қысымы  жоғарылауының себебі  толық

анықталмағанына қарамастан,  емделмеген  адамның  өміріне қауіп  төнетіні  күмән

тудырмасы  анық.  Қан қысымы  асқынуының жиі  кездесетін  бас ты  себептері  ми,  жүрек

және  бүйрек  сияқты өмірлік  маңызды  органдардың зақымдануы. Әрбір  оныншы  ересек

адамның жоғары қан  тамыры қысымы  бар.  Бұлардың тең жартысы  бұл  туралы  біледі.

Және осылар ғана дәрігердің ем - домын қабылдайды. Көптеген сырқаттар ұсыныл ған дәрі

- дәрмектерді қабылдауды өз  еріктерімен  тоқтатады,  ал  бұл  көп  жағдайда  аурудың

асқынуына әкеледі.  Кейбіреулері ұсынылған  дәрі - дәрмектің мөлшерін өзгертеді.  Бұлай

жасауға мүлдем болмайды! [1]

Қан қысымының жоғарылауы,  негізінен қызыл  тамырдың іші не  майлы  заттардың

жиналып қалуынан жүректің ишемиялық ауруын және миға қан құйылуын өршітіп, адам

өміріне қауіп  тудырушы  басты  фактор  болып  табылады. Қан қысымы  мен  артериялық

тамырлардың зақымдануы өзара тығыз байланысып, бір - бірінің әрекетін күшейте т үседі.

Сондықтан, қазіргі  кезде қан қысымының жоғарылуы  ауруын  емдеу  тек қана қан

тамырының  қысымын қалпына  келтірумен  шектелмейді.  Міндетті  түрде,  негізгі әрекет

қауіп - қатер факторын жоюға бағытталуы керек.

Түйінді үш мәселе: Бірінші, жейтін тағамның к өлемі. Салмақтың артуы кезінде қан

тамырының  қысымы  жоғарылайды,  бұл  жүректі  салмақпен  жұмыс  істеуге  мәжбүр  етеді.

Ал,  салмақты  азайту өз  кезегінде қан  тамыры қысымын  төмендетуде  маңызды  роль

атқарады.  Екінші,  пайдаланатын  майдың көлемі.  Тамақпен  бірге  сің етін  майлар, әсіресе,

майдан  бөлінетін  холестерин  деңгейінің артуына  себепші  болуы  мүмкін.  Холестерин –

ағзаның бірқалыпты жұмыс істеуіне пайдасын тигізетін құрамдас бөлік болғанымен, оны

артық пайдалану  артериялық тамырлардың ішіне  майлы  заттардың жиналып ,  жүректің

ишемиялық ауруының  қауіп - қатерін  шұғыл өсіреді.  Сіздің дәрігеріңіз  холестеринді

бақылау үшін қажетті  шараларды  анықтайды.  Дегенмен,  денсаулығыңыз өз қолыңызда

екенін ұмытпаңыз.  Мәзірдегі  ет  тағамдарын  азайтып, қуырылған  тағамдарға  мүлдем

жоламаңыз.  Майы  аз  сүт  және өсімдіктен  дайындалатын  тағамдарға  көңіл қойыңыз.

Үшінші,  тұзды  шектеудің  қажеттігі. Өйткені  тұз  ағзадағы  сұйықты  бөгейді.  Егер  астың

дәмін  келтіргіңіз  келсе,  бұрышты,  лимон  шырынын  немесе  тұздың орнына  дәмдеуішті

пайдаланыңыз.  Тәулі гіне  ең көп  дегенде  ас  тұзының  5 грамын  немесе  1  шәй қасығын

пайдалануға болады. Жаналқым (стресс) – ХХ ғасырдың соққысы. Бұл жағдайда адамдар

шылымды  көп  шегіп,  ішімдікке  салынады. Қалай  дегенмен  де, қорқудың  қажеті  жоқ.

Дүниежүзінде  миллиондаған  адамдар қан  тамыры қысымын  төмендету үшін  дәрі

-

дәрмектерді ұзақ және тұрақты түрде қабылдайды. Солай бола тұра, жұмыс істеу қабілетін



сақтай  отырып,  белсенді өмір  салтын ұстанады. Қан қысымы  дәрілерін ұдайы  ішкен

жағдайда  жүрек - қан  тамырлары  аурулары – миға қа н құйылуы  (инсульт)  мен  жүректің

жансыздануы (инфаркт) асқынуының арту ықтималдығы айтарлықтай төмендейді. Көңіл

-

күйінің жоғарылығына  байланысты  дәрі - дәрмек қабылдамайтын  сырқаттарда  аурудың



асқыну қаупі өте  жоғары  болады.  Дәрі - дәрмектердің белгіленг ен  мөлшерін өз  бетінше

өзгертуге  немесе  дәрігердің  ұйғарымынсыз  оларды  ауыстыруға  болмайды, өйткені

дәрілердің кейбірі өзгертулерге  жағымсыз әсер  танытады.  Бұл  жағдайда  сырқат өзін

нашар сезініп, қан тамырының қысымы жоғарылайды. Тек дәрігермен оған қаралу шының

арасындағы сенімді қарым - қатынас қана қан тамыры қысымы ауруын емдеуде жағымды

нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі [2].



Heart disease

Таптастыруы және сыртқы қайнарлар

Micrograph a heart with fibrosis (yellow) and amyloidosis (brown). Movat'sstain.

ICD-10

I00-I52


ICD-9

390-429


MeSH

D006331


Сурет 1 - Жүрек аурулары

Жүрек  ауруларыәр  түрлі  аурулардың асқынуынан  немесе  жүрек  және қан тамыр

жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының

жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы , жүрек демікпесі, жүрек және

қан тамыр  неврозы, миокард  инфарктысы, гипотония,  т.б.  Жүрек  ақауы

– жүрек


қарыншалары  мен  жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін  саңылау  тарылып,  жүрек

қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған

жүрек  ақауы  көбіне ұрықтың дамуы  кезінде,  жүректің  қалыпты  жетілмеуінен  болады.

Жүре  пайда  болатын  жүрек  ақауы,  негізінен,  баспа,  мерез,  т.б.  аурулардың асқынуынан

болады. Бұл жағдай да жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп,

жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда

қан  жүрекшеге қайта құйылып,  оны  кернеп әлсіретеді. Қан  айналысы  бұзылып,  жүрек

қызметі нашарлайды.  Адам  алға шқы кезде  ауруын  сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас

ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол

- аяғы ісінеді. Жүрек және

қан тамыр неврозы – жүрек және қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы.

Бұлар үш  топқа  бөлінеді.  Бірінш і  тобы – жалпы  невроз  (неврастения,  истерия,  т.б.).  Бұл

кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады,

басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек

пен қан тамырының жұмысын ретте йтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай

- ақ, ми қыртысының ауруға  шалдығуынан  пайда  болады. Үшінші  тобына  вегетативтік

жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру

көбіне  адамның жеке  органдарында  дамып,  кейін жұлын  және  симпатикалық жүйке

жүйесінің басты  бөлімдеріне  таралады.  Бұған Меньер, Рейно  аурулары, Вольфра –

Паркинсон – Уайт  синдромы, бас  сақинасы , стенокардия, жүрек  аритмиясы , жүрек

тосқауылдары , т.б. жатады [3].


Әдебиет

1.

«ҚАН  АУРУЛАРЫ», Байжанова  К.Т.,  Бекмурзаева  Э.Қ., оқу құралы,  Шымкент



2010

2.

Патологиялық анотомия  терминдерінің орысша - латынша - қазақша  түсініктеме



сөздігі. - Ақтөбе.

3.

Вернер,  Дэвид.  Халыққа  медициналық жәрдем  көрсету  жөніндегі  (Анықтамалық).



Қазақ тіліне  аударғандар:  А йымбетов  М,  Бермаханов  А. - Алматы:  "Демалыс",

"Қазақстан", 1994 - 506 бет.



ӨСІМДІКТЕРДІҢ ДАМУЫН А ӨСУДІ РЕТТІГІШ СИН ТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

ТАБИҒИ ГОРМОНДАРДЫ П АЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Көшербай А., Аманова Р.П.



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Қазақстан, Ақтөбе қ.

Panabek_09@mail.ru

Экологиялық жағдайлардың төмендеуіне  байланысты  (тұздану, құрғақшылық,

топырақтың құнарсыздануы және т.б.) қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық

факторларына  төзімді  ауылшаруашылық  өсімдіктерінің жаңа  формаларын  алу  маңызды

болып  отыр.  Клеткалық био технологияның жаңа  жетістіктері  клетканың  әмбебап

қасиетіне  негізделген

– яғни,  олардың тотипотенттілігіне  (бүтін  бір  организмді

регенерациялауға қабілеттілігі),  сонымен қатар өнімділікке  және  сапасы  бойынша

пайдаланылатын жаңа бағалы формалар мен бағалы г енотиптерді көбейтуге.

Ауксиндер

өсімдік жасушаларында түзілетін физиологиялық маңызы  зор,

өсу

процестеріне  демеу  болатын өсімдіктер гормондары,  индол  туындылары.    Олар  жасанды



және  табиғи  жолмен

түзіледі.  Жасанды  гормондар

өсімдік өсіру  тәжірибесінде

қолданылатын кристалды заттардан 

(мысалы, индолил май қышқылы , 

нафтил-сірке

қышқылы,  т.б.)  алынады.  Табиғи  гормондар  барлық жоғары  және  төменгі  сатыдағы

өсімдіктердің көпшілігінде,  сондай -ақ бактерияларда түзіледі.  Олар өсіп  келе  жатқан

өркендердің  ұштарында,  тұқымда,  тұқымжарнақта  пайда  болып,  жасушалардың

созылуын,  сабақтың, жапырақтардың ,  тамыр  кесінділерінің  өсуін,  олардың иілгіштік

қасиеттерінің пайда  болуын  тудырады, қалемшелердің тамырлану қарқынын  тездетеді.

Гормондар

әсерінен

қышқылданған клетка қабығы

жұмсарып, 

оның


құрамындағы целлюлоза және  пектиндікполимерлері үзіліп, қасиеті өзгереді.  Бұл  ішкі

(тургорлық)  қысымның  әсерінен өсіп  келе  жатқан  жасушаның созылуын  жеңілдетеді.

Өсуді  реттегіш  гормондар қоректі к  ортада өскен өсімдік ұлпасында  (каллус)  және

қалемшелерде қосалқы  тамырлардың пайда  болуына  ықпал  ететіндіктен  көбеюі

жеделдейді. Өсімдік  гормондары  ( цитокининдердің)  біріккен үйлесімді әсері  жасанды

ортада өскен  жасуша ұлпаларының жіктелуін  және  тамыр  түзілуін қам тамасыз  етеді.

Ауыл 

шаруашылығында 



гормонодарды

қалемшелерді 

тамырландыру, 

түйіндер


мен жемістердің ерте үзіліп түспеуі үшін және гербицид ретінде қолданылады.

Ауксиннен  басқа  да өсуді  реттегіштерді қолдануға  болады,  олар:  индолилсірке

қышқылы,  индилилмай қышқылы, α – нафтилсірке қышқылы.  Бір  жылдық көк – жасыл

қалемшелерді  тамырландыру үшін,  индолилсірке қышқылы  50 – 100  мг/л,  индолилмай

қышқылы 10 – 30 мг/л, α – нафтилсірке қышқылы 10 – 30 мг/л, акпинол 0,01% мөлшерінде

қолданылады. Өсуді реттегіштерде өңдеу  уақыты 8 сағат пен 16 сағат аралығында болуы

керек, бірақ әр өсімдікке сәйкес уақытты зерттеушінің өзі таңдап алады.

Табиғи өсуді  реттегіштерді, әсіресе  олардың биохимиялық аналогтарын қолдану

шаруашылықта  маңызды  роль  атқарады. Қазіргі  уақытта  молекуласында  фен ол,  индол,

нафтол  немесе  бензол  сақиналары  бар, әсері  жағынан  индолил  сірке қышқылына ұқсас



өсуді  реттегіштер  синтездік  жолымен  алынған.  Олардың бәрі  дәндерді,  бүршіктердің

өсуіне,  гүлдеуді  жеделдетуге,  түйіннің түсіп қалуын  болдырмау үшін,  тамырландыруды

арттыру үшін қолданылады.

Елімізде сексеуіл өсімдігінің үш түрі - ақ, қара және зайсандық сексеуіл кездеседі.

Соның ішінде қара сексеуіл ( Haloxylon aphyllum) батыс өңірде көп кездеседі.

Қара  сексеуіл өсімдігін  микроклон  арқылы  көбейту  жүмыстары қазір өте

көп

жүргізілуде. Қазіргі кезде өсімдіктердің жаңа формаларын алу және көптеп көбейту үшін



классикалық селекция әдісімен қатар, өсімдіктер  биотехнологиясының клеткалық

селекция,  гендік  инженерия,  микроклондау,  сомалық гибридизация  сияқты  жаңа әдістері

кең қолданылады. Өсірудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып – ұлпалық және клеткалық

(каллустық,

суспензиялық

және  протопластық)

молекулалы-биологиялық



және

биохимиялық зерттеулер үшін  биотехнологиялық тәжірибелерде қолдануға  ыңғайлы

клеткалардың гомогенді  поп уляциясын  алуға  болады.  Клетканың жай – күйіне әртүрлі

стрестік  факторлардың  әсер  етуін  зерттеуде өсімдік  клеткасы  ыңғайлы  моделдік  жүйе

болып  есептеледі.  Клеткалық технология әдісінің тиімділігі  соңғы  этаптың жүзеге  асу

мүмкіншіліктеріне  байланысты – клеткадан  немесе ұлпадан  толық жетілген  фертильді

өсімдік  алу.  Сексеуіл өсімдігінің  әртүрлі  түрлерінен  каллусты  алу үшін  бірінші  этапта

тиімді қоректік  орта құрамын,  оның ішінде  көмірсулардың, дәрумендердің,  өсімдік

гормондарының және макро – микротұздардың ко нцентрациясын таңдап алу керек.

Микроклон әдісі  арқылы  көбейту – генетикалық тұрғыдан  бастапқы өсімдікпен

бірдей  болатын,  in  vitro  жағдайында  жыныссыз  жолмен  көбейтудің нәтижесінде

өсімдіктер  алу әдісі.  Биотехнологиялық бұл әдістің  өсімдіктерді  байырғы  вег етативтік

жолмен көбейтумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:

- Бастапқы  материалдың аздаған  мөлшерінен  оның  өте  көп  көшірмелерін  (копия)

алуға болады;

- Пайдалы  белгілері  бар өсімдік  материалын  in  vitro  жағдайында  таңдап  алу

мүмкіндігінің жоғары болатындығы;

- Отырғызуға арналып сауықтырылған (вируссыз) материал алудың мүмкіндігі;

- Өсімдіктерді жыл бойы маусымға тәуелсіз көбейте беруге болатындығы;

- Вегетативтік  жолмен  көбеюі қиын  немесе  көбеймейтін өсімдіктерді  көбейтуге

мүмкіндіктің болатындығ ы (мысалы, пальмалар);

- Зерттеу жұмыстарының мақсатына байланысты, генетикалық біркелкі материалдар,

немесе сомаклондық варианттар алуға болатындығы;

Микроклон арқылы көбейтуді үш сатыға бөлуге болады:

- Асептикалық дақылдың индукциясы.

- Көбейтуге  арналғ ан  ортаға қайталап  отырғызу  нәтижесінде  көптеген өркендердің

индукциясы;

- in  vitro  жағдайында  пайда  болған өсімдіктерді  ашық топыраққа  отырғызуға

дайындық.

Жалпы алғанда микроклон арқылы көбейту әдісі болашақта әрқайсысы өркендердің

бастамасын  беретін  төбелік  және қолтықтың меристемаларды  фитогормондармен

индукциялауға  негізделген.  Каллуста өркендер  ошағы  пайда  болғаннан  кейін,  оларды

өркендердің кішігірім бөліктеріне бөліп, жаңа қоректік ортаға отырғызады. Бұл процессті

бірнеше рет қайталай беруге болады.

Микроклон әдісі  арқылы  көбейтудің жылдамдығы өсімдіктің түріне  байланысты

болады.  Микроклондық көбейту  процесіне әсер  етуші  негізгі  факторларға  бастапқы

материалдың  (өсімдіктің) генотипін,  экспланттың типі  мен  оның физиологиялық күйін,

қоректік орта құра мын және өсіру жағдайларын жатқызуға болады [1].

Бастапқы  материал  ретінде  (қоректік  ортаға  отырғызылатын)  жас  сабақтың

(өркеннің) төбе және қолтық бүршік меристемаларын, жас жапырақтарды, гүлшоғыр мен

гүл  элементтерін,  түйнектер  мен  түйнектамырларды  пайда лануға  болады.  Дені  сау  және


қарқынды өсетін өсімдіктің апикалды және қолтық бүршіктері өркендердің көп мөлшерін

алуға қолайлы обьект болып табылады.

Пробиркадағы өсімдіктерді  микроклондық  әдіспен  көбейту қалемшелеу  жолымен

іске  асырылады.  Көбейтудің бұл ә дісі өркеннің  ұшын  алып  тастаған  кезде қолтық

меристемаларының апикалдық басымдылығы  мен  белсенділігін  басу үшін қолданылады.

Қоректік  ортада қолтық бүршіктерінен өркендер  пайда  болады.  5 – 6  жапырағы  бар

өсімдікті,  стерильді  жағдайда,  пробиркадан  шығарады да,  бірнеше  бөліктерге  бөледі

(жапырағы  мен қолтық бүршігі  бар  сабақтың бөлігін). Қалемшелерді  гормонсыз,  немесе

ауксиндермен  толықтырылған

қоректік  ортаға,  буын  аралығының  ұзындығындай

тереңдікке отырғызады.

Қалемшелерді  меристемаларды өсіргендей  жағдайд а өсіреді:  күндіз  24 - 25°С  және

түнде  19 – 20С  температурада,  жарық  қарқындылығы  5 – 6  мың люкс  және  16  сағаттық

фотопериодтық режим.

Сабақ пен тамырдың пайда болуын 3 – 4 күннен кейін байқауға болады, ал 12 – 15

күн өткен соң қалемшелер толық өсімдік бол ып қалыптасады.

Келесі қалемшелеуді әр 14 – 20 күннен кейін жүргізуге болады. Әр өсімдіктен 5 – 8

қалемше, ал 2 – 3 айдан соң 3 – 5 мың қалемшелер алуға болады.

Өсімдіктің төменгі  бөлігін  ИФА  (иммуноферменттік  анализ) үшін  пайдалануға

болмайды, ал саулары микроклондардың (меристемалық клондардың) бастамасын береді.

Егер,  бүршіктер  мен қалемшелерді құрамында  цитокининдердің жоғары  мөлшері

бар қоректік  ортаға  отырғызса,  онда  бүршіктер  мен өркендердің конгломераты  түзіледі.

Түзілген өркендер  бір – бірінен  оңай ажырайды.  Жұмыстың мақсатына  байланысты

оларды қалемшелеуге немесе бүтін өсімдік алу үшін пайдалануға болады.

Қоректік  орта  ретінде,  көбінесе  Мурасиге  және  Скуг  ортасының  әртүрлі

модификациялары қолданылады [2]. Бірақ, қайсы бір өсімдіктер үшін басқа, өз деріне ғана

тән қоректік орталар қажет болуы мүмкін. Зерттелетін обьектілерді өсіруді қатты немесе

сұйық қоректік орталарында жүргізуге болады.

Бастапқы ұлпаны өсірудің  әр  түрлі  комбинацияларын  пайдалана  отырып,  (қоректік

ортаның  құрамы,  температура,  жарық режимі)  тікелей  эксплант  клеткасынан  (немесе

каллустан) қолтық бүршігін,  адвентивті  бүршік  немесе өркен  сабағын  индукциялауға

болады.


In  vitro  жағдайында  көптеген өркендерді  алу үшін, әдетте  төбелік  және қолтық

бүршіктерін пайдаланады. Олармен бірге апика лды меристемалар да кеңінен пайланылып

келеді. Осыған байланысты «апикалды меристема» және «сабақ апексі» деген ұғымдарды

ажырата білу керек: апикалды меристема сабақ апексінің бір бөлігі болып табылады.

Өсімдіктерді  сауықтыру үшін,  апекстерді  немесе  апика лды  меристемаларды өсіру

әдістері  жиі қолданылады,  себебі өсімдіктердің басқа  бөліктерімен  салыстырғанда,  сабақ

апексіне  вирустардың енуі  төмен  болады.  Апексті  сабақ  ұшынан  кесіп  алғанда, өсімдік

организмінде осы зақымға қарсы қорғаныс реакциясы пайда бола ды, апекстерді жасанды

қоректік  ортада өсіру  барысында  осы  реакцияның нәтижесінде  вирустардың да  көбеюі

тежеледі.

Жұмыс  барысында  экспланттың кішкентай  размерлерімен  манипуляциялар  жасауға

тура  келетіндіктен,  олардың асептикалық жағдайда  тіршілікке қабілет тілігінің төмен

болуынан,  патогендерден  арылған,  сау өсімдіктер  алу үшін  практикада  апикальды

меристема  кеңінен  пайдаланылып  келеді. Қоректік  ортада  апикальды  меристеманың  0,5

мм – дей бөлігін отырғызады.

Жалпы  мынадай  заңдылықты  байқауға  болады:  неғұрлым

меристеманың размері

кішкентай болса, соғұрлым вируссыз өсімдік алудың мүмкіндігі артады.

Биотехнология  барлық дерлік  ауылшаруашылық  өсімдіктерін  көбейтуге  арналған,

сау өсімдіктерді алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу  нысаны  ретінде қара  сексеуіл  ( Haloxylon aphyllum) өсімдігінің  әр  түрлі

экспланттары (тұқымы, өркендері, өскіндері) және клеткалық культуралар алынды.



Қара  сексеуіл өсімдігінен  каллустық культуралар  алу үшін  универсалды қоректік

орта  Мурасиге – Скуг  пайдаланылды. Құрамында  минералды  тұздар,  витам индер,

сонымен қатар клетканың өсуін реттейтін гормондар: 2,4Д – 5мг/л, кинетин – 0,5мг/л бар.

Каллустар қоректік  ортасы  бар  Петри  табақшаларына  отырғызылып, қараңғыда  24ºС

температурада және 70% ылғалдылыққа термостатқа өсіруге қойылды [3,4].

Өсімдіктер – тіршілік тірегі. Сондықтан, өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол

әртүрлі  тамақтық  өнімдердің,

техникалық

және  дәрілік  шикізаттардың

дұрыс


материалдарын өндірудің негізгі  көзі  болып  табылады.  Сол өсімдіктердің бірі - сексеуіл

ағашы.  Сексеу іл  ормандары  тереңге  кеткен  тамырымен  суылдаған құмды  бекітіп,  оның

жылжуына бөгет болады. Сексеуіл өсімдігінің ерекше қасиеттерін біле отырып, сексеуілді

тиімді пайдаланып, in vitro жағдайында көптеп көбейтуге болады.

Қара  сексеуіл өсімдігінен  алғашқы өс імдіктерді in  vitro жағдайында  алу үшін

сексеуіл клеткалары стандартты МС қоректік ортасында өсірілді. Каллустық культуралар

сексеуілдің бір жылдық жас өскіндерінен 6 -БАП (1мг/л) қосылған МС қоректік ортасынан

өсіп  шықты.  Ары қарай  морфогенді  каллустарды қ ұрамында  6-БАП  (0,1мг/л)  және  ИУК

(0,5мг/л) қосылған МС қоректік ортасына отырғызылғанда, нәтижесінде 28 тәуліктен соң

сексеуілдің алғашқы өркен - өсімдігі пайда болды. Алғашқы өсімдіктер сексеуілдің бүйір

бүршіктерінен өсіп шықты.

Қара  сексеуіл өсімдігін тез  арада өсіріп  шығару үшін,  акпинолдың  0,02%

концентрациясын 

Кноп


қоректік 

ортасына


қосып, 

тұқымдарды

әдеттегідей

залалсыздандырып,  ламинар  бокс  ішіне қоректік  ортасы  бар  пробиркаларға  бір – бірден

отырғызылды.  Пробиркаға  отырғызылған  сексеуіл  тұқымдары

25ºС  температураға

жарыққа «Binder» климмакамерасына қойылды. Нәтижесінде қоректік ортадағы тұқымдар

өніп шықты.

2  аптадан  соң Кноп  +  0,02%  акпинол қосылған қоректік  ортада қара  сексеуіл

тұқымынан өсіп шыққан өскіндерді каллус ұлпаларын алу үшін МС қоректік ортасына 6 -

БАП (0,1мг/л) қосып және екінші нұсқа ретінде МС + кинетин – 0,5мг/л қосып, өскіндерді

қалемшелеу  арқ ылы,  олар  пробиркаларға құйылған қоректік  орталарға  отырғызылды.

Пробиркаға  отырғызылған  сексеуіл өскіндері  25ºС  температураға  жарыққа  «Binder»

климмакамерасына қойылды.

Зерттеу жүргізу барысында қара сексеуіл тұқымдарын топырақ пен құм араластыра

отырып, кішкені  алаңға  тұқымдарды  себу  арқылы  одан өніп  шыққан өскіндерді қара

сексеуіл өсімдігінен  бастапқы  материалдар  алу үшін  пайдаландық. Одан әрі  жұмысты

қарқынды жүргізу үшін, әр түрлі гормондар қосындылары бар қоректік орталарға көшіру

нәтижесінде сексеуіл өсімдігінен бүтін өсімдік алу деңгейіне жеттік.

Сонымен қатар,  «Бабалар  еккен  шынарды  балалар  саялайды»  дегендей,  Жер -Ана –

біздің тұрақты мекеніміз. Оның өсіп өркендеуі біздің қолымызда, табиғатты қорғай білсек,

өйткені, оның бізге тартар сыйы мол.

Әдебиет

1.

Н.В., Бутенко Р.Г. Клональное микроразмножение растений. М. Наука. 1983. С. 97.



2.

Murashige  T.  ,  Skoog  F.  A  revised  medium  for  rapid  growth  and  bioassays  with

tobaccotissue cultures. – Physiol. Plant., 1962, v/15, p. 473-497

3.

Асаубеков М.Ә. Биотехнологи я негіздері. Ізденіс.-2009.№1. 21-24б.



4.

Биология культивируемых клеток и биотехнология растений/ Под ред. Р.Г.Бутенко.

– М., 1991. – С.360.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет