Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


AҒЫН СУЛAРДA КЕЗДЕСЕТІН МИКРООРГAНИЗМДЕР



Pdf көрінісі
бет25/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70

AҒЫН СУЛAРДA КЕЗДЕСЕТІН МИКРООРГAНИЗМДЕР

Қалиева А.Қ., Қуан ышева Р .З.



Қ.Жұбан ов атындағы Ақтөбе өңірлік м емл екеттік университеті , Ақтөбе қ ,

Қазақстан

e-mail: aigul_03@mail.ru

Aғын  сулaр  күрделі  гетерогенді қоспa  болып  тaбылaды,  оның  құрaмынa

оргaникaлық

және  минерaл  тектес

қоспaлaр  кіреді.  Aғын  сулaрдың

лaстaну

дәрежесі


концентрaциядa, қоспaлaр  мaсaсын  бір лік  көлемге  мг/л  немесе  г/куб.м.

aнықтaлaды. Өндірістік  aғын  сулaрды қaлыптaу үшін

өңделетін  шикізaт  түрі, өндірістің

технологиялық процесі, қолдaнылaтын реaгенттер, aрaлық бұйымдaр және өнімдер, судың

бaстaпқы құрaмы,жергілікті жaғдaйлaр әсер етеді.

Aғын сулaрдың лaстaнуын типтерге бөлуге болaды:

- мехaникaлық - мехaникaлық қоспaлaрды aрттыру;

- химиялық - судa  оргaникaлық және  бейоргaникaлық зaттaрдың улы  және  улы

емес күйде болуы;

- бaктериaльды  және  биологиялық - судa әртүрлі  патогенді микроaғзaлaрдың

болуы;

- жылулық - су қоймaлaрынa  жылулық және  aтомды  электростaнциялaрдaн



жылытылғaн сулaрды жіберу [1].

Судa үнемі  мекен  ететін  микрооргaнизмдерге  жaтaды:  Azotobacter,  Nitrobacter,

Micrococcus,  Pseudomonas,  Proteus,  Spirillum  және  т.б.  Сутоғaндaр  микрофлорaсын  2  топ

құрaйды:  aутохтонды  (судың  өзінде  бұрыннaн  мекендеуші)  және  aллохтонды  (лaстaнғaн

кезде  сырттaн  түсетін)  микрооргaнизмдер.  Aутохтонды  микрофлорa – судa үнемі  мекен

етіп,  көбейетін  микрооргaнизмдер қaуымдaстығы.  Aллохтонды  микро флорa – суғa

кенеттен  түсіп,  ондa қысқa уaқыт қaнa  сaқтaлaтын  микрооргaнизмдер қaуымдaстығы.

Сутоғaндaрының бaктериaлдық лaстaнуының негізгі  көзі - тұрмыстық және өндірістік

сулaр  болып  тaбылaды. Қaлa  кaнaлизaциясының  aқaбa қaлдық сулaрының  1 мл -де

миллиaрдттaғaн микроб клеткaлaры кездеседі. Тұрмыстық сулaр микрофлорaсы негізінен

aдaмның және жaнуaрлaрдың ішек құрылысынaн бөлінетін сaпрофитті микрооргaнизмдер

және aдaм денесі мен бaсқa дa зaттaр жуындылaрынaн бөлінетін микробтaр [2].

Aуру  aдaмдaр  мен  жaнуaрлaрдaн  суғa пaтогенді  микробтaр,  соның ішінде  ішек

инфекциялaрын  тудырaтын  (холерлы  вибрион,  дизентерия  тaяқшaсы  және  іш  сүзегі

тaяқшaсы, 

сaльмонеллaлaр, 

пaтогенды 

эшерихиялaр) 

зооaнтропонозды 

aурулaр


қоздырғыштaры  (сібір  жaрaсы  бaциллaсы,  туберкулез  бaкт ериясы,  бруцеллез,  туляремия

бaктериялaры).  Онымен

қосa  сутоғaндaрының

пaстереллaлaрмен,  стрептококпен,

пaтогенді  aнaэробтaрмен,  полиомиелит  вирустaрымен,  гепaтит,  ящур  вирустaрмен

лaстaнуы ықтимaл [3].

Белсенді 

лaй


құрaмындa 

жиі 


кездесетін 

микрооргaнизмдер 

түрлері:

эуглифa(бaқaлшaқты  aмебaлaр),  aрцеллa  (бaқaлшaқты  aмебaлaр),  инфузория  (кірпікшелі

кебісше),  жіп  тәрізді  бaктериялaр,  сорушы  инфузория,  политомa  (жіпшелі),  коловрaткa

нотоммaтa,  белсенді  лaй үлпегі,  дөңгелек  aмёбa,  зооглея  «бұғы  мүйізі»,  коловрaткa

филодинa, оксидрихa(инфузория), хaрмонихилл (инфузория), кaрхезиум, aмёбa терриколa

(отaрлы  инфузория),  бодо  (жіпшелі),  aспидискa,  эплотес,  эолозомa,  оперкулярия  (отaрлы

инфузория),  циклидиум  (инфузория),  коловрaткa  моностилa,  стилонихия  (инфузория),


коловрaткa кaтипнa.Кең тaрaғaн пaтогенді бaктериялaрдың түрі мен негізгі сипaттaмaлaры

(1-кесте).

Кесте 1

Тұрмыстық



судa  және  aзық -түлік

қaлдықтaрындa  кездесетін  негізгі  пaтогенді

бaктериялaрдың сипaттaмасы

Бaктериялaр

Тұқымдaс/туыс

Сипaттaмa

Профилaктикaлықөлшемі

Enterobacteriaceae

Жіпшелерінің өлшемі1 -3

х 0,5-0,6 мкм, кaпсулa,

спорa түзбейді

Туыстық жaғынaн

ферментaтивті

белсенділігімен және

жылжығыштығымен

ерекшеленеді

Salmonella

Грaмм оң, жіпшелерінің

ұзындығы 2-3 мкм, ені 0,6

мкм. Т


опт.

=37


0

С*.  5- 45

0

С

көбеяді. Іш сүзегі мен



гaстроэнтерит тудырaды

75

0



С-тa 5 мин. соң жылдaм

өледі


Eschericha coli

Мөлшері 1,1 - 1,5 х 2,0-6,0

мкм болaтын ішек

тaяқшaсының пaтогенді

штaмы.Оргaнизмнің

қозғaлмaлы және

жоғaлғaн жіпшелері бaр.

Т

опт.



= 37 °С. Aсқaзaн

aуруын тудырaды

Aдaм aғзaсындa тіршілік

етуге қaбілетті. Қaйнaту

бaрысындa тіршілігін жояды

Shigella

Дизентерияны

қоздырушылaр

Мұздaтуды aйғa дейін

жеткізеді. Aғынды судa бір

aптaғa дейін өмір сүреді



Proteus

Pr. mirasilis,

Pr.vulgaris)**P. mirabilis,

P. Rettgeri

P. morgani

Полиморфты, жіптәрізді

тaяқшa, жaс түрлерінде

мөлшері   0,3 - 3 мкм, aл

кәрілерінде 20 мкм дейін

жетеді.Т


опт.

= 25- 37


0

С.

Эндотоксин өндіреді



рН 3,5 -12, 65

0

С  дейін



қыздырғaнғa төзімді

Str. Foccalis. Энтерокоrки

(Streptococcus Facalis var

Liguefaciens, Streptococcus

Foccalis var zumogenes)

10 –15


0

С-тa көбейеді.

Кеуіп кетуге,төмен

темперaтурaғa тұрaқты

10 мин. aрaлығындa 85

0

С



дейін төзімді

Т

оңт



– өмір сүрудің оңтaйлы темперaтурaсы

Ескертіп  кететін  жaйт,  микроaғзaлaрдың бaрлық түрлерінің  өзіндік өмір  сүру

ортaсы  («экологиялық текшесі»)  бaр,  ол  жерде  олaр  ыңғaйлы өмір  сүріп,  көбейеді.

Микроaғзaлaр түрлерінің және клaстaрының қызығaрлық әртүрлілігі, бірінші кезекте, осы

өмір сүру  мекендерінің ірі  жиынтығынa  бaйлaнысты.  Осылaйшa  тек  тұщы  немесе  тұзды

сулaрдa өмір сүретін aғзaлaр болaды, сонымен қaтaр рН шекті диaпaзонын, тұз мөлшерін,

қысым,  темперaтурa  және өзге  де  шaртттaрды қaтaң сaқтaй  отырa  тіршілік  етеді.    Бұл

мынaны  білдіреді:  кез келген  ортaғa бірдей  оң бейімделіп  тіршілік  ететін  микроaғзaлaр



жоқ. Мұнaн шығaтын қорытынды белгілі бір қaуымдaстықты жaсaнды түрде өзге ортaғa

aуыстыру толық не жaртылaй жойылуғa aлып келеді. Кейбір қорғaнысты ұрықтың пaйдa

болуы жүзеге aсырaды. Сол себепті зaрaрсыздaндырудың тиімді әдістері, бірінші кезекте,

бaктериялaр ұрықтaрының жойылуынa бaғыттaлaды.

Aғын судaғы микрооргaнизмдер сaны ондaғы органикaның құрaмынa бaйлaнысты,

себебі оргaникa микрооргaнизмдерге қоректік ортa ретінде қолдaнылaды. Екінші жaғынaн

aғынды судaғы микрооргaнизмдер  судaғы оргaникaлық зaттaрды ыдырaту үшін қaжет.

Әдебиет


1.  Зыковa  И.  В.  Обезвреживaние  избыточных  aктивных  илов  и  осaдков  сточных  вод  от

тяжелых метaллов: дис. … докт. хим. нaук: 03.00.16. – Сaнкт-Петербург, 2008. – 354 С. –

Инв. № 05200900392.

2.  Беляев  A.Н.,  Вaсильев  Б.В.,  Мaскaлёвa  С.Е.,  Мишуков  Б.Г.,  Соловьёвa  В.A.  Удaление

aзотa  и  фосфорa  нa  кaнaлизaционных  очистных  сооружениях    //  Водоснaбжение  и

сaнитaрнaя техникa. – 2008. – №9. – С. 38-43.

3.Нaливaйко  Н.Г.  Микробиология  воды:  учебное  пособие. – Томск:  Изд-во  Томского

политехнического университетa. 2006 – 139 с.



ТОРҒАЙ ӨҢІРІНІҢ ШИПАЛЫ ӨСІМДІКТЕРІ

Қуандықова А.Е, Жұмағалиқызы Б.Ж



Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Арқалық  қаласы.

aika9318@bk.ru

Жер бетінде шипалық қасиеттері бар алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы

географиялық аймақта қоныс  тепкен  емдік, қасиеттері  алуан  түрлі өсімдіктерді  адам

баласы  ерте  кезден –ақ  өз қажеттіліктеріне  жаратып  келеді.Типті  осыдан үш  мың жыл

бұрын -ақ кейбір  шығыс  елдерінде қазіргі қолданылып  жүрген  дәрілік өсімдіктердің

бірсыпырасы  белгілі  болған.  Тағамдық    өсімдіктердің  (көкөніс,  жидек,  жеміс,  татымды

өсімдіктер)  шипалы құрамы    аса  мол.  Дәрі -дәрмек    жасау  ісінде өсімдіктердің алатын

рөлі  аса  зор  екені  тәжірибеден  мәлім.  Олардың емдік

қазынасында  сан -алуан

физиологиялық сергек  компоненттер  көп:  организмде  дұрыс  зат  алмасуын үзбей қолдап

отыруға қажетті витаминдер,минералды тұздар  мен микроэлементтер, тіршілікке зиянды

заттарды  организмнен  шығаруға әсер  ететін    пектиндер,  ауру  тудыратын  көптеген

микроорганизмдерді  жойып  жібере  алатын  фитонцидтер  және  тағы  басқалар.  Заттардың

осы шипалы қосындысында өсімдік витаминдері - тамақтың өте -мөте бағалы факторлары

басты  орын  алады.  Жұртқа  мәлім,  витаминдер  аз  мөлшерімен -ақ  әсер  етеді,ал  олар

жетімсіз болса, онда зат алмасуының бұз ылуына, нерв жүйесінің дұрыс қызмет істемеуіне

және басқа  да шалдығуларға байланысты бірқатар айтулы аурулар пайда болады[1].

Ежелгі Египетте абыздар дәрі-дәрмектердің, шөптердің көптеген сырларын білген.

Ғажап    сиқырлы  күші  бар  шөптермен Үндістанның аты

шыққан.  Ал, Қытайда  дәрі -

дәрмектің  өсімдіктер  жөніндегі  ежелгі  кітап    10  мың жыл  бұрын  жазылған  екен.  Дәрілік

өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейін ертедегі грек дәрігері I Гиппократ

(460-377 ) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы,оларды ауруды

емдеу  мақсатында  кеңінен қолдануға  болады  деп  есептеді.  Сондай -ақ ол өз  дәуірінде

қолданылған  200 -ден    астам өсімдікке  сипаттама  жасады.  Бірақ  ғалым  сол  сипатталанып

отырған өсімдіктерде  неліктен  шипалық  қасиет  болатынын  айт ып  бере  алған  жоқ. Бұл

мәселеге  арада  алты ғасыр өткен  соң барып,  біздің дәуіріміздің екінші ғасырында  Рим

дәрігері  Гален  алғаш  рет  жауап  берді.Ол  сонымен қатар  бұл  заттарды  тұңғыш  рет


науқастарды өсімдіктердің  қайнатындысымен,  тұнбасымен,  шырынымен  және  о дан

жасалған дәрімен емдеді.

X ғасырда өмір  сүрген қытай  фармакологы  Ли -Ши-Чжень құрастырған  дәрі -

дәрмектік құралдардың жинағы  1896  шипалық  өсімдіктерді қамтиды.  Ежелгі  Грецияда

арнайы  дәрілік өсімдіктерді  жинайтын  адамдар  болған.Оларды ризотомдар деп,  яғн и

тамыр  кесушілер  деп  атаған.  Дәрілік өсімдіктерді  пайдалануға  Ресейде  1581ж құрылған

алғашқы дәріхананың қосқан үлесі айтарлақтай болды.Шипалық шөпті жинаушылар одан

дәрі-дәрімек жасаушылар бұл істі көп адамдардың білуін қаламады, өздерінің білгендерін

нағыз  табыс  көзіне  айналдыруды  мақсат  етті.    Алайда  дәрі -дәрмектік өсімдіктерді

пайдалану  ісі  тоқырап қалмастан үнемі  дамып  отырды. Қазіргі  кезде  шипалық

өсімдіктерді  зерттеу  және  пайдаланудың көлемі  жөнінен  біздің еліміз  алғашқы

орындардың бірінде. Бұл істі ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру ісінде дәрі -дәрімектік және

хош иісті өсімдіктердің Бүкілодақтық ғылыми -зерттеу институтының  (ВИЛАР) құрылып,

бұл


ғылыми -зерттеу  институтында  еңбеқ ететін  фармакологтер  мен  дәрігерлер,

ботаниктер,  химиктер,  селекционерлер  мен агрономдар,  технологтер  мен  инженерлердің

көп  жылғы  зерттеулерінің нәтижесінде  көптеген  дәрілік өсімдіктер  адамдардың

денсаулығын нығайтуда пайдаланылуда.



Торғай  облысында өсетін  дәрілік өсімдіктер.

Қазіргі  кезде  дәрі -дәрмектің

жетіспеушілігіне  байланысты,  дәрілік өсімдіктерді  кеңінен қолдану  мұқтаждығы  туып

отыр.


Міне,  осы  мәселеге  суйене  отырып,  Торғай  жерінде өсетін  дәрілік өсімдіктердің

түрін,  кездесетін  аймағын,  дәрілік қасиетін  зерттеуді  алға қойдым.  Зерттеу  барысында

тарихи  естеліктер қолданылып,  ан ықтама әдебиеттермен  жұмыс  жасалынды.  Сонымен

қатар  жаз  айларында  дәрілік өсімдіктердің кеппешөптері  жасалынды.  Осы  жұмысты

зерттеу  барысында  Торғай  облысында  кездесетін  дәрілік өсімдіктерді  5  бағыты  жетекке

алып, өсімдіктердің аттарын белгіледім.

I  топта - ағаш,  бұта  түрінде  кездесетін  дәрілік өсімдіктер.  Жұмыс  барысында

10дәрілік өсімдектер  анықталды.  Соның ішінде  4  ағаш  түрінде  және  6  бұта  түріндегі

өсемдіктер. Бұл дәрілік өсімдектер мына ауруларға қарсы қолданылады.

-витаминдік  шөп  ретінде-қожақат,  орма н  бүлдіргені,  итшомыр,  шырғанақ,  қара

қарақат, таңқурай.

-несеп, өт айдауға- қара қарақат, бүрген.

-бауыр, ауруына-қызылтаспа тараң, өзекті жөке, шетен.

- қабынуға қарсы - ащылау алқа.

II  топқа - арамшөп  түрінде  кездесетін  дәрілік өсімдектер,  Арамшөптер  екп е

өсімдіктер қарағанда өніп -өсу  жағдайында  жақсы  икемделгіш  болғандықтан,  олар

бойларына  топырақтан қореқтік  заттар  мен  суды  көбірек  тарата  алады.  Арамшөптердің

көбісі  дәрілік өсімдік  болып  табылады.  Олардың біразында  дакаротин,  витаминдер  бар,

тез  сіңетін минералдық тұздар  көкөніс  дақылдарындағыдан  көп.  Арамшөптерден  илік

заттар органикалық қышқылдар, көптеген ауруларды емдеуге, бұлшық еттердің қызметіне

дем  беруде  басты  рөл  атқаратын  гликозиттер  табылған.  Сондықтан үй  маңында өсетін

арамшөптердің бәрін тү гел құртуға асықпаған жөн[2].

Арамшөп  түрінде  кездесетін  дәрілік  шөптерден  зерттеу  барысында  14  дәрілік

арамшөптер  анықталды.  Осы  арамшөп  түрінде  кездесетін  дәрілік  шөптерді  мына

ауруларға қарсы қолдануға болады.

-қабынуға қарсы –қара меңдуана.

-асқазан ауруына қарсы – ермен, үлкен жолжелкен.

- жүйкені тыныштандыруға – кәдімгі құлмақ, сасық меңдуана.

- тері ауруларына қарсы – шытыр, шырмауық.

-несеп айдайтын – киіз шоңайна, көккекіре.

-бүйрек ауруына - шашыратқы, итошаған.

-қан тоқтатуға - айланшөп, жұмырш ақ, түйетікен.



3-топқа-

шөл  дала  аймағы,  егістік  жерде  кездесетін  дәрілік  шөптер.

Зерттеу барысында бұл дәрілік өсімдіктердің 9 түрі анықталды.

-ақмия, аққурай лақса, ақтау қалақай, атқұлақ, бұрыш

тараны.

Бұл өсімдіктерді  жүйке  ауруына қарсы қан қысымына, қан  ауруларына,  демікпе,



қабынуға , ревматизмге, баспа ауруына қарсы қолданады.

Аталған өсімдектердің дәрілік мақсат үшін жапырақтары мен сабағы, гүлі, тамыры,

жемісі қолданылады. Құрамына  байланыст ы  бұл өсімдектер  тұнба қоспа,  шәй  ретінде

жасалып әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылады.

4-топқа- суда өсетін,  су  түбінде  кездесетін  дәрілік  шөптердің  құрамында

дәрумендер, органикалық қышқылдар, илік заттар бар.

5-топқа- шабындық, ойпаң жерде кездесетін дәрілік шөптердің құрамында А, В, С,

К,  Е  дәрумендер,  эфир  майы,  органикалық  қышқылдар,  алкалойдер,  сапониндер,

флавонойдтар бар.

Дәрілік  мақсат үшін өсімдектердің тамырын,  жемісін,  жапырағын қолданады.

Дәріні қолдануда олардан тұнба, шәй жасайды. Кейбіреу інің жас жапырақтардын тікелей

компреске пайдаланады.

Дәрілік өсімдектерді  жинаған  дұрыс.  Бірақ олардан  басқа өсімдіктерді  ажырата

білу  де  маңызды.  Міне,  осы  тұрғыдан  келгенде  дәрілік өсімдектер  жөнінде  жазылған

ғылыми-көпшілік әдебиеттердің қажеттілігі ай рықша назар аударады.

Дәрілік өсімдектерді  жинағанда әр өсімдіктің  қай  айда,  уақытта  жиналатын

мерзімін  дұрыс  білуіміз  керек.  Жинап  алу  мерзімі  сәуір  айынан  басталып, қараша  айына

дейін  созылады.  Себебі,  кейбір  дәрілік өсімдіктердің жапырағы,  гүл,  яғни  жоғ ары  бөлігі

дәрілік  мақсатқа қолданылатын  болса,  онда  оны  гүлдеген  уақытында ғана  жинау қажет.

Ал, тамыры ғана дәріге қолданылатын болса, онда оны өсімдік әбден пісіп жетілген кезде

тамырына химиялық заттар жиналған кезде күз айында жинау керек.  Егер жемісі дәрілік

мақсатқа қолданылатын  болса,  жемісі  піскен  кезде ғана  жиналады.  Жинап  алынған

өсімдіктің бөліктерін  кептіріп, ұнақтап,  шәй,  тұнба  жасауға  ыңғайлайды.  Дәрілік

өсімдіктердің бөлігін  жинағанда  табиғаты қорғауды  естен  шығармау  керек.  Ол үшін

белгіленген  аумақтағы  дәрілік өсімдіктің барлығын  жинап  алмай,  керек  санынан ғана

жинау  керек.  Дәрілік  мақсат үшін өсімдектердің тамырын,  жемісін,  жапырағын

қолданады.      Дәріні қолдануда  олардан  тұнба,  шәй  жасайды.  Кейбіреуінің жас

жапырақтарын тікелей компреске па йдаланады.Дәрілік өсімдіктерді жинаған дұрыс. Бірақ

олардан  басқа өсімдіктерден  ажырата  білу  де  маңызды.  Міне,  осы  тұрғыдан  келгенде

дәрілік өсімдектер  жөнінде  жазылған ғылыми -көпшілік

әдебиеттердің  қажеттілігі

айрықша назар аударады[3].

Дәрілік өсімдіктер ді  жинағанда әр өсімдіктің  қай  айда, қай  уақытта  жиналатын

мерзімін  дұрыс  білуіміз  керек.  Жинап  алу  мерзімі  сәуір  айынан  басталып, қараша  айына

дейін созылады. Себебі, кейбір дәрілік өсімдіктердің жапырағы, гүлі, яғни жоғары бөлігі

дәрілік  мақсатқа қолданы латын  болса,  онда  оны  гүлдеген  уақытында ғана  жинау қажет.

Ал, тамыры ғана дәріге қолданылатын болса, онда оны өсімдік әбден пісіп жетілген кезде

тамырына химиялық заттар жиналған кезде күз айында жинау керек.  Егер жемісі дәрілік

мақсатқа қолданылатын  болс а,  жемісі  піскен  кезде ғана  жиналады.  Жинап  алынған

өсімдіктің бөліктерін  кептіріп,

ұнақтап,  шәй,  тұнба  жасауға  ыңғайлайды.Дәрілік

өсімдіктердің бөлігін  жинағанда  табиғаты қорғауды  естен  шығармау  керек.  Ол үшін

белгіленген  аумақтағы  дәрілік өсімдіктің барл ығын  жинап  алмай,  керек  санынан ғана

жинау  керек.Жиналған  кеппешөптік  материалды  дұрыстап  кептірудің маңызы  зор.

Кептірген  кезде өсімдіктің шипалық  қасиеті  жойылмауы  керек.  Кептіру  көлеңкелі  жерде

болғаны дұрыс. Себебі, күн сәулесі хлорофилді бұзып, өсімді к қараяды. Жиналған өсімдік

бөлігін дәкенің үстіне жұқалап жайып, қайта -қайта аударыстырып отыру керек.

Шипалы өсімдіктерді  ауруға қолданғанда  шәй,  тұнба, қайнатпа,  тосап,  май

түрлерінде пайдаланылады.


1.Дәрілік  шәйдә  1қасық шөпті  1стақан  ыстық  қайнаған  су ға бұқтырып    барып

ішеді.


2.Дәрілік  тұнбаны  жасау үшін,  1қасық дәрілік  шөпті  спиртке  салып  бір  жетідей

қояды, содан кейін пайдаланады.

Жалпы  зерттеу  барысында  Торғай  облысы  бойынша  60-тан  астам  дәрілік

өсімдіктердің түрлері  анықталды  және қандай  ауруларға

қарсы қолданылатындығы

зерттелді;

1.Ауа тамырларының қабынуына, жөтел, көкжөтел ауруларына – 20 өсімдік түрі.

2. Ауыз қуысы, тамақ, асқазан ауруларына -28.

3.Бауыр сары ауру, өт жолдары қабыну ауруларына -15.

4.Жүрек ауруы, қан қысымын басатын ревматизм ауру ына-10.

5.Жүйке жүйесін тыныштандыруға -17.

6.Бүйрек ауруы, несеп айдау, қуықтың қабыну ауруына -27.

7.Жара, қышыма ауруларына -18.

Жиналған  кеппешөптік  материалды  дұрыстап  кептірудің маңызы  зор.  Кептірген

кезде өсімдіктің шипалық  қасиеті  жойылмау  керек.  Кепт іру  көлеңкелі  жерде  болғаны

дұрыс. Себебі, күн сәулесі хлорофилді бұзып, өсімдік қараяды. Жиналған өсімдік бөлігін

дәкенің үстіне жұқалап жайып, қайта -қайта аударыстырып отыру керек[4].

Шипалы өсімдіктерді  ауруға қолданғанда  шәй,  тұнба, қайнатпа,  тосап,  ма й

түрлерінде пайдаланылады.

1.

Дәрілік шәйдә 1қасық шөпті 1стақан ыстық қайнаған суға бұқтырып барып



ішеді.

2.

Дәрілік  тұнбаны  жасау үшін,  1қасық дәрілік  шөпті  спиртке  салып  бір



жетідей қояды, содан кейін пайдаланады.

Жалпы  зерттеу  барысында  Торғай  облысы  бойынша  60-тан  астам  дәрілік

өсімдіктердің түрлері  анықталды  және қандай  ауруларға қарсы қолданылатындығы

зерттелді;

Жалпы  алғанда  Торғай  жерінде өсетін  дәрілік өсімдіктердің түрлері әлі  көп.  Ол

зерттеуді қажет етеді. Бірақ осы анықталған өсімдіктерден дәрі алу мақсаты әлі басталған

жоқ, оны  келешекте  істелетін  жұмыс  деп  ойлаймын.  Осы  дәрілік өсімдіктерді қорғау

жұмыстары  да  дұрыс  жолға қойылмаған.  Олар  малдың тұяғымен  трактордың табанымен

жойылып,  сандары  азайып  бара  жатыр.Дегенмен  де, Қостанай  облысы  (Торғай  об лысы)

Жангелді ауданы,

Қызбел совхозында құрылған  Сары қопа қорықшасында өсетін;

1. Дәрілік жалбыз.

2. Атқұлақ қымыздық.

3. Түзу қазтабан.

4. Ақмия.

5. Қарандыз.

6. Андыз.

7. Бақбақ сияқты өсімдіктерді қорғау қазіргі  таңда қолға  алынып  отыр.  Тағы  бір

алға қойган  мақсат  осы  аудандағы Қарақұммен  шектелетін өңірдің  өсімдіктерін  зерттеп,

оларға қандай  экологиялық факторлар әсер  ететінін,  олардың неліктен  азайып  бара

жатқанын анықта у.

Соның нәтижесінде оларды қорғау шараларын белгілеу [5].

Қорытындылай келе,  біздің жеріміз  дәрілік өсімдікке  бай.  Оның ағаш,  бұта,

шөптесін,  арамшөп  түрінде  де  кездесетінін  білдік.  Дегенмен  де  дәрілік өсімдіктерді

шипалық мақсатқа пайдаланып жасыл дәріхананы байыту бүкіл халықтың мақсаты.

Әдебиет


1. Л.К.Сафина, Е.П.Петров Жасыл аптека Алматы-1992ж

2. М.Қожабеков Дәрілік өсімдіктер 2012ж



3. Р.Ә.Әлімқұлова, М.АТәртенова Өсімдік - табиғат қазынасы.

4. Биология және сауаттылықтнегіздері 5 -2012ж

5. Р.Коберт Емдік өсі мдік    2009ж

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЙЫҚ - КАСПИЙ БАССЕЙНІНІҢ БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС

БАЛЫҚТАР

Махамбет М.Қ.



Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

moldir_mahambet@mail.ru

Орал-Каспий  бассейні – Қазақстан  Республикасы  аумағының

414  мың км²

шекарасын қамтиды.  Оған  Жайық  өзенінің су  жинау  алаңы  (236  мың км²), Еділ - Жайық

өзен аралығы (107 мың км²) және Жайық -Ембі өзен аралығы (72 мың км²) кіреді. Жалпы

алғанда,  Жайық  өзені  бассейнінің бір  бөлігі  Ресей  Федерациясына,  бір  бөлігі  Бат ыс

Қазақстан,  Атырау  және  Ақтөбе  облысына  кіреді.  Каспий  теңізі  мен  оның сағасына

құятын өзендері - еліміздегі  балық шаруашылығында  зор  маңызы  бар  айдындар.

Жалпы,Қазақстан  аумағында  бекіре  тұқымдастардың  8 түрі  таралған  болса,  оның  6 түрі

осы Орал-Каспий бассейнінде кездеседі [1].

Бекіре  балықтар  (Acipenseridae) – Каспий  теңізіндегі  балық шаруашылығыныңөте

бағалы  түрі.  Бассейннің  өзендеріндегі  ауқымды  уылдырық шашатын  жерлердің болуымен

және  теңіздегі  көп  азықтық жерлер  болғандықтан,  мұнда  бекіре  тәрізділер дің  үлкен қоры

қалыптасқан.  Осы  балықтардың  қорын

қалыптасытыру

үшін өзендерге  жалғасқан

тұщытылған  аймақтың болуы, әсіресе шабақтар өзендерден  шыққаннан кейін тамақтанатын

және  теңіз  ортасына  бейімделетін  Солтүстік    Каспий  сияқты  ауқымды  тұщытылған  таяз

сулардың үлкен маңызы бар.

Жайық-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас  балықтардың 6 түрі,  оның ішінде тұщы

суда ғана тіршілік ететін – сүйрік - Acipenser ruthenus (Linnaeus, 1758) және катадромдық –

қортпа - Huso  huso (Linnaeus,  1758),  орыс  бекіресі - Acipenser  gueldenstaedtii (Brandt  et

Ratzeburg, 1833), пілмай - Acipenser nudiventris (Lovetsky, 1828), шоқыр - Acipenser stellatus

(Pallas, 1771), парсы бекіресі Acipenser persicus (Borodin, 1897), тіршілік етеді [2].

Бекіре  балықтардың ішіндегі  ең ір і  балық – қортпа- Huso  huso. Ұзындығы  425  см,

салмағы 520 кг дейін жетеді.  Бұрын  100 -120 жылдай өмір  сүрген, ал қазір қортпаның жасы

50-55  жастан  аспайды.  Жыныстық жағынан  11  (аталық) және  15(  аналық) жылда  жетіледі.

Көбею үшін  Еділ,  Жайық,  Құра,  Терек,  Се фидруд өзендеріне  кіреді.  Негізгі  бөлігін  Жайық

популяциясы құрайды. Бұрын қортпалар көбею үшін жоғары Жайыққа көтерілген және оның

Оқ, Шексін,  Кам  салаларына өрістеген. Қазіргі  уақытта қортпаның уылдырық шашу

миграциясы    Еділ өзенінде  азайған. Қортпалар  т еңізде  кең таралған.  Бұзаубастармен,

бұзаубастармен,  майшабақтармен  және  тұқытәрізділермен,  ал  шабақтары өмірінің алғашқы

айларында теңіздегі мизидалармен қоректенеді.

ХХ ғасырдың басында  (1904 -1913жж.)  ауланған  бекіре  балықтардың ішінде

қортпаның үлесі 40% құраған. Қазіргі кезде ұсталған қортпа10% құрайды.

Ауланған бекіре балықтардың көп бөлігін  (40 -50%) бұрын да, қазіргі кезде де бекіре

құрайды.  Орыс  бекіресі - Acipenser  gueldenstaedtii көбейер  кезде  Еділ,  Жайық, Терек

өзендеріне өрістейді.  Саны  жағына н  көбі  Еділ  популяциясы  болып  табылады.  Еділдегі

уылдырық шашатын аумағы қазіргі жағдайда өзеннің төменгі ағысынан Волгоградтық ГЭС -

ке  дейін қысқарған.  Бекіре – ірі  балық,  ұзындығы  200 -210  см,  салмағы  60-65  кг  болатын

түрлері  кездеседі.  Орыс  бекіресінің  өмір  сүру ұзақтығы  40  жылдан  кем  емес,  аталықтары

алғаш  7  жаста,  аналықтары  8  жылда  жетіледі.  Теңіздің жағалауында  2 -ден  100-130  м

тереңдікте таралған.


Бекіре  балықтарының ішінде  көбірек  жылусүйгіш  түрі

– парсы  бекіресі –



Acipenserpersicus.  Негізінен  Орта  және  Оңтүстік  Каспийде  кездеседі. Құра өзеніне

өрістейді.Сондай-ақ ересектері өрістеу үшін  Еділ  және  аз ғана  бөлігі  Жайық  өзеніне өтеді.

Жыныстық жетілуі 7-9 жыл. Мамыр айының басында, орыс бекіресінен сәл ертерек, бірақ

ерекшелігі  екеуі  де  бірдей  жерлерде  көбейеді.  850  мыңдай  уылдырық шашады,  орташа

шамамен  300  мың.  Қорек  көзі  ретінде  зообентос,  нектобентос  (мизидалар,  бүйір

жүзгіштер),  шаян  және  балықтар,  көбінесе  килькалармен қоректенеді.  32  жылға  дейін

тіршілік етеді. Ұзындығы 206 см, салмағы 50 кг дейін жетеді.

Шоқыр Acipenser  stellatusбекіре  мен қортпаға қарағанда ұсақ  (ұзындығы  195  см,

салмағы  25  кг)  және  тіршілік  ету ұзақтығы қысқа(28 -30).Теңіздің барлық жерінде

таралған.  Еділ,  Жайық, Терек,  Сулақ,  Құра,  Сефидруд өзендерінде өрістейді.  Жыныстық

жағынан 6-8 жылда жетіледі, аталықтарының негізгі бөлігі 9 жылда, аналықтары 11 жылда

жетіледі.  Шоқырлар  аралас қоректенеді.  Теңізге өткеннен  кейін  каспийдің автохтонды

кешенінің

шаянтәрізділерімен

қоректенеді  (Mysidacea,  Cammaridae,  Corophiidae).

Каспийдегі  ауланған  бекірелердің ішінде  шоқырлардың  үлесі  біртіндеп өсті  және қазіргі

жағдайда 45% құрайды [2,3].

Каспий теңізіндегі бекірелердің аз бөлігін құрайтындар – пілмай және сүйрік.

ПілмайAcipenser nudiventris– ірі балық, жыныстық жетілген түрлерінің ұзындығы

200 см-ден астам,  салмағы 75 кг. Пілмай  уылдырық шашу үшін Құра, Жайық, Сефидруд

өзендеріне  кіреді,Еділ өзенінде  жеке  кездеседі.Аталықтарының негізгі  бөлігі  9 -13  жаста,

аналықтары  13 -16  жаста  жыныстық жағынан  жетіледі.  Тіршілік  ету  жасы  33  жыл.

Көбінесе  Орталық және  Оңтүстік  Каспийдің батыс  жағалауында,  11 -25  м  тереңдікте

тіршілік  етеді.  Балықтар  мен  омыртқасыздармен қоректенеді. Қорының азаюына

байланысты  Жайық  өзенінде  аулауға  тыйым  салынған.  Арал  және  Балқаш  популяциясы

Қазақстан (2008), каспий популяциясы Түркімен (1999)және Ресей (2001) Қызыл кітабына

тіркелген [4,5,6].

Сүйрік -Acipenser ruthenusтұщы суда тіршілік ететін түр. Жыныстық жағынан 4 -5

жылда  жетіледі.  Тіршілік  ету ұзақтығы  15  жыл. Ұзындығы  60  см -ге  дейін  жетеді  және

дене  салмағы  2  кг-нан  жоғары.Еділ өзенінде  сүйріктердің екі  формасы  тіршілік  етеді:

жоғарғы  және  орта  Еділде  шектелген  жердегі  және  төменгі  Еділде  уылдырық шашып,

ашық теңіздің тұщытылған  бөліктеріне өтетін өрістегіш  сүйріктер.  Еділ өзенінің ағынын

реттеуден  кейін  кенет қоректену  ортасының  өзгеруіне  байланысты  Орталық Еділ

сүйріктерінің саны  айтарлықтай  азайды.  Керісінше  Төменгі  Еділдегі  Волгоград  ГЭС -тен

теңізге  дейінгі  жерде  тіршілік  ететін  сүйріктердің саны өскен.Жайық популяциясы

Ресейдің Қызыл кітабына (2001) тіркелг ен [6].

Бассейндегі  экологиялық ахуалдың  өзгеруі  табиғи -климаттық факторлардың

әреккеттесуі әсерінен  туындап,  адамдардың шаруашылық  қызметтері құнды  кәсіптік

балықтарды  аулау  мен

қорлардың

ауытқушылығын  ескертеді.

Әсіресе  Каспий

бассейніндегі 

Жайық 


өзенінің

төменгі 


ағымынан 

басқа, 


барлық 

өзендерде

гидроқұрылыстың  әсері  айрықша. Құра,  Сулық, Терек,  Самур өзендерінің балық

шаруашылығындағы маңыздылығы төмендеп кетті [7].

Биоресурстарды

ұтымды 


пайдалану, 

уылдырық


шашуды 

мелиорациялау,

миграциялық учаскелердi  кәсіби реттеудi  карастыратын  және  балық  қорларын  жасанды

жолмен өcipy мен қорғауды  жүзеге  асыратын  кешендi  іс -шараларға  негiзделген.  Соңғы

онжылдықта  ірі  ауқымдағы  антропогендiк әсерлер  (өзен  ағынының бөгелуi,  суды

қайтарымсыз  пайдаланудың  өcyi, тиiмсiз  кәс іптер  мен қаскерлік,  ластану  және  т.б.)  мен

теңіздің трансгрессиясының нәтижесіндегі бассейннің экожүйесiндегi елеулi өзгерiстердiң

туындауынан бұл мәселелерді шешу аса күрделенiп кеттi [8].

Атырау  филиалына қарасты  ауланған  бекірелерден ұрықтарын  алып,  ол арды

қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде алынған дернәсілдерді шабаққа

дейін өсіріп,  Жайық  өзеніне  жіберілді.  Бекіре  тектес  балықтардың саны  молайтуға

бағытталған  жұмыстардың ең бастысы  табиғи  көбеюді қалпына  келтіру,  ол үшін  Жайық



өзені сағаларының балық  өрістейтін  тұстарын  тереңдетіп  балықтардың  өрістеуіне  және

ұрық шашуына  толық жағдай  жасау. Қаскерлік  іс -әрекеттерге  мейлінше  жол  бермеу.

Сонымен қатар  бекіре  шабақтарын қолдан өсіріп  балықтандыру  жұмысын  жоғары

деңгейде жүргізу.

Атырау  облысында  осындай  екі  зауыт  бар.  Зауыттың негізгі қызметінің мақсаты

Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарының қорларын сақтау үшін жасанды әдіспен

олардың жас  шабақтарын өсіріп,  Жайық  өзеніне  жіберу.    Оларда  жыл  сайын  7  милли он

шабақ  өсіріліп,  Каспий  теңізіне  жіберіледі.  Бекіре  тұқымдас  балықтарды  аулауға  тек

Атырау бекіре балық өсіру зауыты үшін ғана рұқсат етілді.

Шабақтарды өсірудің технологиялық циклі төмендегі ретте жүргізіледі:

 Жайық  өзенінде  балық кәсіпшілігі үшін  пайдалануға  бөлінге н  тартым

учаскелерінде  жыныстық  қабілеттері  жетілген

өндіргіш  балықтарды  аулау  және

дайындау;

 Қысқы және ұзақ мерзімдерге  аналық -аталық  өндіргіш  балықтарды  Куринский

үлгідегі садокте, немесе Казанский бассейнінде ұстау;

 Гипофиз  дәрмегін  егу,  аналық балықтардың жыныс өнімдерін  жарып,  немесе

жан  сақтау әдістерімен  алу,  сондай -ақ  ұрықталған  уылдырықты  “АОИ”аппаратында

тазарту;

 Ұрықталған уылдырықты  “Осетр”  инкубациялық аппаратында  жетілдіру  және

құрт шабақтарын (личинкілері н) алу;

 Құрт шабақтарды  “ИЦА-2”  бассейндерінде  тірі  жәндітермен қоректендіру

арқылы жетілдіру;

Осындай ғылыми -зертеу  жұмыстарының  қорытындысы  бойынша  бекіре  тектес

балықтарды қорғау  және  молайту  бағытында үлкен  нәтижеге  жетуде.Бірақ мұның

мөлшері көршілес мемлекеттермен салыстырғанда тіптен аз екенін мойындауымыз керек.

Мәселен, жылма-жылРесейде 56 миллион, Иранда 22 миллион, Әзірбайжанда 15 миллион

шабақ өсіріледіекен. Әзірге бекіре шабақтарын өсіруді ұлғайту мүмкіндігі шектеулі.

Бекіре  тұқымд ас  балықтар өнеркәсіптің бағалы  нысандары,  сондықтан  браконьерлердің

негізгі  мақсаты  болып  табылады.  SITES  (Жоғалып  кетейін  деп  тұрған  түрлердің

халықаралық саудасы  бойынша  конвенция)  уылдырықты  сатуға  толықтай  тыйым  салу

керектігі туралы ескертуде. Осындайлардың кесірінен аса қымбат қара уылдырық беретін

бекіре тұқымдас балықтар құрып барады. Міне, осы себепті, Қаспий теңізінің мәртебесін

анықтау аса маңызды мәселеге айналып, айрықша назар аударуды қажет етеді.

Әдебиет

1. Обзор «ВодныересурсыКазахстанав новомтысячелетии» - Алматы: ПРООН, 2004г., - 17-



18с.

2.Яблонская Е. А. «Биология Каспийского моря» - М.:ВНИРО, 2007 – 142 с.

3.  Дукравец  Г.М.,

Мамилов


Н.Ш.,  Митрофанов  И.В.  Аннотированный  список

рыбообразных  и  рыб  Республики  Казахстан  (Сообщение  1.Семейства Миноговые,

Осетровые,  Сельдевые,  Лососевые,  Сиговые, Хариусовые, Щуковые,Угревые,  Карповые)

// Изв. НАН РК. Сер.биол. и мед. – 2010а. – № 3(279). – С. 36-49.

4. «Красная книга Республика Казахстана», 2010г.

5.«Красная книга Туркменстана» - Ашхабад, 1999г.

6.«Красная книга Российской Федерации» - М.:АСТ: Астрель, 2001г.

7. Инструкции  по  сборуи  первичной обработке  материалов  водных  биоресурсов

Каспийского бассейна и среды обитания. – Астрахань, 2011.

8. Региональная  программа  по  изучению  распределения, оценке  численности,  запасов,

кормовой базы и определения ОДУ осетровых рыб Каспийского моря



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет