Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66


ӘлеуметтІк ЖелІнІҢ теорялыҚ тарихи дамуы



Pdf көрінісі
бет32/46
Дата15.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#9441
түріСборник статей
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46

ӘлеуметтІк ЖелІнІҢ теорялыҚ тарихи дамуы
Әлеуметтік желі термині 1954 жылы «Манчестерлік мектепті» бітірген әлеуметтанушы 
Джеймс  Барсонның  «Адамдық  қарым-қатынастар»  жинағына  кірген  «норвегиядағы  аралдық 

226
келу жиындары мен топтары» атты жұмысында жарық көрген. Ол 30-жылдары пайда болған 
социограмма  арқылы  адамдардың  өзара  байланысын  зерттеудегі  оңтайлы  әдістерін,  яғни  ви-
зуалды диаграммалардағы жеке адамдардың нүкте түрінде, арасындағы байланысты – сызық 
түрінде бейнелеуін одан әрі дамытты. Ұжымдағы рөлдердің үлестіруіндегі психологиялық әдісте 
–  социометрияның  негізі  айқындалады.  70-жылдарға  қарай  әлеуметтік  және  математикалық 
зерттеу әдістерінің кешені құрылып, әлеуметтік желінің заманауи анализінің ғылыми іргетасы 
қаланды.
Әлеуметтік желілер алғаш рет 1940 жылдарының соңында зерттеле бастады. Ғаламтордың 
кеңауқымды таралуына дейін, Стэндфорд жоғарғы оқу орнының түлегі болған әлеуметтанушы 
Марк Грановеттер, бұл мәселеге негіз болатын мәліметтерді жазған [1]. 
Берік және әлсіз әлеуметтік байланыстар – екі топтың өзара жеке қатынастарының байла-
ныс созылыңқылығы мен жиілігінің өлшемі бойынша немқұрайлы өзгешеліктер болып табыла-
ды. Берік байланыстар ретінде туысқандар мен достарды, ал әлсіз байланыс ретінде көршілерді, 
таныстарды,  таныстардың  таныстарын,  жұмыс  ұжымындағы  адамдарды  алсақ  болады. 
Грановеттердің айтуынша, әлеуметтік желіде әлсіз байланыстардың рөлі берік байланыстарға 
қарағанда жоғары болады [2]. Яғни, әлсіз байланыстар арасында ақпарат анағұрлым жылдамырақ 
және өте кең тарайды. Оның түсінігі бойынша әлсіз байланыстар «пайдаланушылардың өзара 
әректтесуі мен қоғаммен әрекеттесуінің ұлғаюына міндетті түрде керек, ал берік байланыстардың 
нәтижесінде жергілікті байланыс орын алады». Мысалы, адамдар жұмысты берік байланыстарға 
қарағанда,  әлсіз  байланыстар  арқылы  тез  табады.  Иә,  біз  әлсіз  байланыстағы  адамдарды  аз 
көреміз, оларды жақсы танымаймыз, бірақ олар әлдеқайда бізге пайдалы болып келеді. Грано-
веттер  көрсеткендей,  берік  байланыстағы  адамдар  тек  өлшеулі,  шамалы  көлемдегі  ресурстар 
мен мағлұматтармен бөліседі, ал ақпараттың артық болуы, бұл байланыстағы адамдардың бір-
біріне деген пайдасының аздығын білдіреді [2].
Грановеттер, әлсіз және берік байланыстардан бөлек, бұл екі байланысқа қатыссыз неме-
се өте әлсіз байланыстарды атап көрсеткен. Олар эмоционалдықтың, бір-біріне деген сенімнің, 
уақыттың, өзара қарым-қатынасының жестіспеушілігімен ерекшеленіп, көбіне өте әлсіз байла-
ныс лауазымына ие болады. Біз күнделікті көшеде біреуге сәлем беруіміз – өте әлсіз байланысқа 
мысал бола алады. Өте әлсіз байланыс – өміріңізде белгілі бір орын алатын жанмен, ешқандай 
қарым-қатынастың  болмауы.  Және  де  бұл  байланыс  белгілі  бір  кезеңде,  әлсіз  байланысқа 
қарағанда пайдасыз болады.
Әлсіз байланыс тезисінің маңыздылығы жағынан берік теориялық дәлелдемені «құрылымдық 
ойықтар»  теориясын  енгізген  Рональд  Бэрт  келтірген  болатын  [3].  Жоғарыда  көрсетілген  үш 
байланыстың орын алуы немесе жоқтығы, олардың шынайы әлеуметтік веб-желіде анықталуы, 
әлеуметтік  желілердің  ұдайы  өсуіне  ықпал  етіп,  «MySpace»  [4]  пен  «Facebook»  [5]  сияқты 
әлеуметтік желілердегі есеп жазбаларының құндылықтары – байланыс құндылықтарынан тұруы 
мысал бола алады екен. 
Грановеттер теориясына сай, әлсіз байланыстар үшін көзбе-көз көрініс маңызды орын ала-
ды. «LinkedIn» [6] әлеуметтік желісінде барлық жақын ортадағы байланыстарды көріп шығуға 
болады, бірақ байланыс түрін көрсететін ештеңе жоқ. Ал әлсіз байланыстың орнатылу мүмкіндігі 
тек  ортақ  таныс  арқылы  жүзеге  асырылады.  Осындай  байланыстардың  әлеуметтік  желідегі 
айқындалуы,  қызметпен  пайдалану  үрдісін  барынша  қиындатып,  әлеуметтік  желінің  өсуіне 
кері  әсерін  беруі  мүмкін.  Бірақ  байланыс  түрлері  жайлы  ақпараттың  болмауы,  желі  ішіндегі 
белсенділікпен, пайдаланушыларға арналған жаңа және өзекті қызметтің ықпалдасуымен ком-
пенсацияланады.
Виртуалды бірлестік – ақпараттық жүйе Ғаламтор көмегімен бір-бірімен хабар алмасатын 
адамдардың тобы. Бұл терминді енгізген Говард Рейнгольд. Ол желідегі әлеуметтік қатынастарды 
зерттеп, 1993 жылы «Virtual Community» кітабында WELL бірлестігін құрушылардың бірі бол-
ды.  Бұл  кітапта  Рейнгольд  әлеуметтік  топтағы  мүшелердің  өзара  байланысының  түрлі  мы-
салдарын,  тізімдерді  жіберу  негізін,  жаңалықтар  тізімін,  көппайдаланушылар  тізімін,  IRC 
талқылайды.  Автордың  WELL  бірлестігінде  уақыттың  көп  өткізу  себебінен,  кітап  істің  мән-

227
жайын түсінумен, өте жақсы жазылған. Бұл кітаптың мазмұны қазіргі оқырманға түсініксіз әрі 
тәжірибелік  жұмыстарға  қолайсыз,  әрі  көптеген  анықтамалары  бұлдыр  болып  келеді,  себебі 
бұл кітап Әлемдік Өрмектің дамуына дейін жарыққа шыққан. Мысалы, Рейнгольд виртуалды 
бірлестіктерге мынадай анықтама береді: «Виртуалды бірлестік – Желіден өзінің негізін ала-
тын әлеуметтік бірігудегі, адамдар тобының ашық талқылауларды қолдауындағы киберкеңістік 
пен желідегі жеке қатынастардың құрылуы». Бірлестік – бірнеше адамдардың бір-бірімен хабар 
алмасуы. Ғаламторлық-бірлестік – бірнеше адамдардың, бір-бірімен ғаламтор арқылы хабар ал-
масуы.
1951 жылы заманауи әлеуметтік желілердің теориясын алғаш қалағандардың бірі Рэй Со-
ломонофф  пен  Анатолий  Рапопорт  болып  табылады.Ал  1958-1968  жж.  венгерлік  математик-
тер Пол Эрдос пен Альфред Реньи әлеуметтік желілердің құрылу қағидаларын сипаттайтын 8 
мақала жазған.
Ең бірінші болып құрылған ақпарат алмасудың бұл түрі, есептеу желілері арқылы да ха-
бар  алмасу  мүмкіндігін  көрсете  білді.  Архитектуралық  түрде  екі  адамның  хабарласа  алуына 
мүмкіндік беретін бұл түрлендіру – адамдар тобына да ақпарат алмасуға мүмкіндік берді. Бұндай 
түрлендіруге топтар мен жіберу тізімдері енетін болды.
Телеконференциялар  хабар  алмасудың  келесі  даму  сатысына  айналды.  Олардың 
ерекшеліктері  ретінде,  біріншіден,  хабарламалардың  сақталып  әрі  қызығушылық  танытатын 
адамдарға барлық хабар алмасу тарихымен тәнті ету мүмкіндігін, екіншіден, хабарламаларды 
топтаудағы түрлі әдістерін атап айтсақ болады. 
Телебайланыстардың  дамуын,  көп  пайдаланушылардың  Ғаламторды  ұдайы  пайдалануы-
нан,  жіберілген  хабарламаның  нақты,  дұрыс  уақытта  жеткізілуінен,  хабарламаның  жеткізілу 
жилігінің небары 1-2 секундта жүзеге асырылуынан аңғарсақ болады екен. Осындай қызметке 
бағытталған бұл жүйе – Internet Relation Chat (IRC) атауына ие болды. 
Алғашында пайдаланушылардың еркін әңгімелесуі барлық басқа қызметтегідей аясы тар 
мақсат  болмаған.  Олардың  бастапқы  мақсаты  –  хабарландыру,  өзекті  мәселелерді  талқылау, 
жұмыстық, кәсіби байланыстар болып табылатын. Бұған қарамастан, олардың дамуы мен кең 
таралуы, желілердегі жеке пайдаланушылардың пайда болуы, байланыстар мен жабдықтардың 
арзандатылуы  салдарынан,  хабар  алмасу  еркін  дүниеге  айналып,  бұл  қызмет  көрсету  аясын-
да көптеген бірлестіктер – ортақ оймен құрылған, хабар алмасу белсенді әрі қарқынды жүріп, 
желідегі уақыт өткізу жиілігі жоғарылаған адамдардың тобы. Бұл топтарда алмасу тарихының 
кейбір негіздері құрыла бастады, оның ішінде – жеке және қоғамдық, уақыт өте келе қатысушылар 
арсында жеке қатынастар да пайда болды.
Бұл  бірлестіктерде  техникалық  мінезіне  қарай  өзіндік  ерекшеліктер  болатын:  Бұндай 
бірлестіктерде  пайдаланушылардың  көбінде  формальды  есімдері  болады,  көп  жағдайда 
қысқартылған есімдер (ник, ағылшынша nickname – қысқартылған есім, лақап ат). Бір шынайы 
пайдаланушы түрлі лақап атаулар арқыл көрініп, бірнеше виртуалды кейіпкерлердің рөлін сом-
дай алады екен.
Байланыстың  негізгі  нышаны  мәтіндік  хабарламалардың  алмасуы  болған  және  әлі  сол 
қалыпта келуде. Себебі қарапайым мәтін арқылы көңіл-күйді көрсету қиынға соғады әрі бұндай 
мәтіндер кейде бір қалыпты қабылданғандықтан, уақыт өте келе мәтінге көңіл-күйлік рең беретін 
белгілер, – смайлдар пайда болды. (ағылш. Smile – күлкі)
Бір-бірімен  жиі  хабар  алмасатын  адамдар  тобының  ерекшелігі  ретінде  –  белсенді 
қолданылатын  әлеуметтік  қатынастар  тарихының  жинақталуын  айтсақ  болады  (әзілдер, 
ортақ жағдайлар, келіспеушіліктерді шешу әдістері және т.б). Бұндай тарих алмасушылардың 
арасындағы «өзімдікі-басқанікі» ара-жігін ажыратуға көмектеседі. Және де желілік бірлестіктерде 
осындай тарихи байланысқа сай алмасушылар арсында өзіндік сөйлесу диалогы, жаргондардың 
пайда болуына әкеп соқтырды.
Бұл желілерде адамдар өздерін әлеуметтік рөлден, мәртебеден, жыныстан, жасынан еркін 
болып, көбіне белгілі бір виртуалды кейіпкердің рөлінде хабар алмасады.

228
Ғаламтордағы хабар алмасудың заманауи түрлері алдын ала жазылып қойған қызметтерге 
ұқсас. Себебі бұл қызметтер технологияларға қарағанда, хабар алмасудағы әдеттер мен ортақ 
қалыптасқан  негіздер  ретінде  құрылған  болатын.Техниканың  бірлестік  саласындағы  дамуы, 
бірлестіктердің ұлғаюына, сонымен қатар, сол бірлестіктердің адам санының ұлғаюына әсерін 
беріп, хабар алмасу мүмкіндігі де кеңауқымға ие бола бастады.
Көп таралған жаңашыл хабар алмасу құралдары ретінде өзінің жұмыс бабына сай, техникалық 
тұрғыдан қарағанда веб-айқындауышты, яғни бағдарламалық-браузерлерді қолданады. Бұндай 
бағдарламалар жұмыстың көп бөлігін жеңілдетеді. Өйткені бұндай бағдарламалар, біріншіден 
танымал  операциялық  жүйелердің  әрқайсысында  бар,  екіншіден,  бағдарламаның  басқару 
қызметтері  де  сондай  қарапайым  әрі  жеңіл,  үшіншіден,  бұндай  бағдарлама  түріне  адам  әбден 
дағдыланып  қалған.  Және  де  телебайланыстардың  дамуына  орай,  бұндай  қызмет  жүйесімен 
әлемнің әр нүктесінен қосылып, компьютер арқылы да, ұялы телефон арқылы қолдануға болады.
Енді  веб-технологиялар  арқылы  хабар  алмасудың  кең  таралған  түрлерімен  танысып 
өтейік:
Қонақ кітаптары. Веб-айқындауыш түріндегі хабар алмасуды ұйымдастыратын негіздің 
ең алғаш әрі қарапайым түрі. Қарапайым қонақ кітабы келіп түскен хабарламалардың соңынан 
басына дейін тізімін көрсетеді. Әр келуші өзінің хабарламасын қалдыра алады.
Форумдар.  Бұл  түрдегі  хабар  алмасу  телеконференция  ойының  дамуы  болып  табылады. 
Пайдаланушылардың хабарламалары бірінші келушіден түскен хабарламаның тақырыбы бой-
ынша топталады. Әр келуші тақырыпты көре алады әрі берілген жауап жазбаларына өзінің жа-
уап  хабарламасын  бере  алады.  Тарихи  алғашқы  форумдар  қонақ  кітаптарының  дамыған  түрі 
ретінде  пайда  болып,  телеконференцияларда  сияқты  хабар  алмастыруды  ұйымдастыратын. 
Тақырыптар форум тақырыптары бойынша топталып, жүйені басқару модератор мен әкімшілік 
арқылы жүзеге асырылады. Жоғары дамыған форумдар әлеуметтік желінің алғашқы белгілерін 
иемденуде. Оған дәлел ретінде, қатысушылар арасындағы әлеуметтік байланыстың қалыптасу 
мүмкіндігін айтсақ болады.
Топтамалар (ағылш. web log – web-журнал, web-протокол). Бұл қызметте әр қатынасушы 
өзінің  жеке  журналында  хронологиялық  тізімде  жазылымдарын  қалдырып  отырады. 
Жазылымдардың  тақырыбы  әр  түрлі  болуы  мүмкін;  кең  тараған  түрі  –  топтаманы  жеке 
күнделіктей жүргізу. Басқа қонақтар бұл жазылымдарға өздерінің пікірін қалдыра алады. Бұл 
жағдайда  пайдаланушы  өз  достарының  журналдағы  жазылымының  тізімін,  жазылымдарға 
рұқсатты реттеуді, қызығушылықтары бойынша әңгімелесушілерді іздеуге мүмкіндік болады. 
Осындай жүйе негізінде ұжымды жүргізілетін журнал арқылы – бірлестіктер құрылады. Бұндай 
бірлестіктің мүшесі бірлестік қызметінің бағыты бойынша кез-келген хабарламаны жария ете 
алады. Мұндай негіздегі хабар алмасудың дамуы арқасында әлеуметтік желілер пайда бола баста-
ды. Бұл желілер тек әңгімелесу ортасымен ғана емес, өзара айқын орнатылған байланыстардағы 
қатысушылардың  жиынтығы.  Барлық  заманауи  жүйелердің  желілік  бірлестіктерді  жұмыспен 
қамтамасыз ету үрдісі төмендегідей:
Әлеуметтік желі ұғымында – адамдардың әлеуметтік байланысы, оның ішіндегі, достық, 
ортақ жұмыс немесе ақпарат алмасу түсініктері айқындалады. 
Классикалық желіге қарағанда, әлеуметтік топ немесе бірлестік, Ғаламтор желіснде белсенді 
жұмыс атқарып, оның бағдарламалық әдістерін терең зерттейді. Осы арқылы қазіргі әлеуметтік 
желідегі қатынасушылар бір-бірімен танысу, жұмыс іздеу, әлеуметтік ойларды талқыға салуға, 
оларды ортақ зерттеуге, басқа мүшелердің ойын саралауға, таланттарды іздеп, табуға, ғылыми-
зерттеулік жұмыстарды жүргізуге керемет мүмкіндік алады.   
Сапаны бағалау жүйесі – саралау жүйесі, қатар қолданылған және бағалау жүйесі болып 
бөлінеді. Саралау жүйесі сандық жағынан анықталған пайдаланушылардың әрекетін пайдалана-
ды (қатынасуын, бірлестіктің күнелту(өмір сүру) мерзімі). Бағалау жүйесі пайдаланушылардың 
өздерінің жеке бағасының қоюымен айқындалады. Бұл бағалар белгілі бір объекттің қызығушылық 
деңгейін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Қатар  қолданылатын  жүйе  жоғарыда  көрсетілген  екі 
жүйені біріктіріп, пайдаланушымен қатар, сын берушінің де бағасын саралайды.

229
Қорыта  айтқанда,  әлеуметтік  желілер  адамдардың  ара  қатынасының  нығаюымен  қатар, 
дамуына зор ықпал ете алады. Бұл желілердің пайда болып, дамуы – олардың қоғамға деген 
әсерін жоғарылатып қана қоймай, әлеуметтік маңызын да ұлғайтпақ. Әрине пайда болып жатқан 
желілердің барлығы, адамның санасына тиімді болмауы да мүмкіндігін естен шығармау керек. 
Сонымен  қатар,  әлеуметтік  желілердің  дамуымен,  оларды  зерттеушілер  мен 
құрастырушыларда,  пайдаланушыларда  көптеген  сұрақтар  туындайды.  Мысалы,  әлеуметтік 
желілердің  архитекторларын  әлеуметтік  желіні  әртараптандырылған  пайдаланушылар  мен 
мақсаттарға  бейімделуі  қызықтырады.  Бұндай  жағдайлардағы  бейімделу  –  пайдаланушы 
кескінінің сатысын қайта қарастыруын талап етіп, үрдістердің түрлі мәдени және әлеуметтік 
мәнмәтінге сай болуын қамтамасыз етуші еді.   
    
пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Mark Granovetter, Professor in the School of Humanities and Sciences. [http://www.stanford.edu/dept/soc/people/
mgranovetter/index.html]
2. Granovetter, M. S. (1973) «The strength of weak ties». American Journal of Psychology, 78 (6), pp. 1360-1380.
3. Burt, Ronald S. (1992). «Structural Holes: The Social Structure of Competition». Cambridge: Harvard University Press.
4. MySpace, популярный интернациональный веб-сайт социальной сети. [http://www.myspace.com/]
5. Facebook, веб-сайт популярной социальной сети. [http://www.facebook.com/]
6. LinkedIn, веб-сайт социальной сети для поиска и установления деловых контактов. [http://www.linedin.com/]
Елешев Азамат
  әл-Фараби атындағы КазҰУ
«Әлеуметтану» мамандығының 2 курс магистранты
отбасыныҢ ӘлеуметтІк институт ретІндегІ сипаттамалары
Отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамның қалыптасуымен пайда болды. Отбасының 
қалыптасуы мен қызмет атқаруы нормативті реттегіштермен шартталған. Мысалы, күту, неке 
әріптесін таңдау, ері мен әйелі, ата аналар мен олардың балалары басшылыққа алатын норма-
лар, құндылықтар, санкциялар мен т.б. Осы құндылықтар, нормалар мен санкциялар белгілі бір 
қоғамдағы еркек пен әйел арасындағы қатынастардың тарихи өзгеріп отыратын пішінін көрсетіп 
қана қоймай, олардың жыныстық өмірін реттейді және бекітеді және құқықтары мен міндеттерін 
орнатады.
Қоғамның  дамуының  алғашқы  кезеңдерінде  еркек  пен  әйел,  жас  ұрпақ  пен  аға  буын 
арасындағы қатынастар рулық және тайпалық дәстүрлермен реттелді. Олар көбінесе діни және 
адамгершілік түсініктеріне негізделген мінез-құлық нұсқасына сүйенді. Мемлекеттің пайда бо-
луымен үй іші тұрмысын реттеу құқықтық сипаттамаға ие болды. Некені заңды безендіруге бай-
ланысты белгілі бір міндеттер тек ерлі-зайыптыларға ғана емес, сонымен қатар мемлекетке де 
жүктелді. Бұдан былай әлеуметтік бақылауды мемлекеттік органдар да жүзеге асыратын болды. 
[1; 101-102] 
Отбасыны әлеуметтік институт ретінде түсіну үшін отбасындағы рөлдік қатынастарды тал-
дау  үлкен  мәнге  ие.  Себебі  отбасындағы  рөл  кез  келген  адамның  әлеуметтік  рөлдерінің  бірі. 
Отбасындағы рөл адамның жанұядағы орны мен функцияларымен анықталады және жұбайлық, 
ата-аналық,  балалық,  ұрпақаралық  және  ұрпақ  ішінде  және  т.б.  қылқандарға  бөлшектенеді. 
Адаммен  отбасындағы  рөлді  атқару  шарттар  тізімін  орындауға  тәуелді,  ең  алдымен,  рөлдік 
бейненің дұрыс қалыптасуынан. Кез келген адам еркек немесе әйел, жанұяда кіші немесе аға 
болуды, одан қандай мінез құлық, ережелер, нормалар күтетіндігін белгілеп алуға тиіс. Өзінің 
мінез-құлық  бейнесін  тұжырымдау  үшін  адам  отбасындағы  рөлдік  құрылымдағы  өзіне  тән 
орынды  және  басқалардың  орнын  дәл  анықтауға  тиісті.  Мысалы,  ол  үйдің  басшысы  немесе 
отбасының материалдық игілігінің басты басқарушысы рөлін атқара ала ма. Бұл жоспарда басқа 

230
рөлдің орындаушының жеке басымен келісушілігі айтарлықтай маңызды. Қазіргі жағдайда егер 
адамда  әлсіз  еріктік  сапалар  болса,  дегенмен  отбасында  жасы  бойынша  немесе  тіпті  рөлдік 
мәртебе бойынша жоғары болса да, мысалы, еркек, отбасының басшысы рөлінде алысқа бар-
майды.  Отбасының  сәтті  қалыптасуы  үшін  жанұялық  рөлдің  ситуациялық  талаптарға  деген 
сезгіштік және онымен байланысты рөлдік мінез құлықтың икемділігі де айтарлықтай маңызға 
ие. Ал рөлдік мінез-құлықтың икемділігі ерекше кедергілерсіз бір рөлден шығып, бірден жаңа 
рөлге  қосылу  қабілеттен  көрінеді.  Мысалы,  отбасының  бай  мүшесі  оның  басқа  мүшелерінің 
материалдық қамқоршысы рөлін ойнады, бірақ оның қаржылық жағдайы өзгерді, демек ахуал 
оның рөлінің өзгеруін талап етеді.
Белгілі бір функцияларды орындау барысында қалыптасатын отбасындағы рөлдік қатынастар 
рөлдік  келісім  немесе  рөлдік  жанжалмен  сипаттала  алады.  Социологтардың  белгілеуінше, 
рөлдік жанжал жиірек көрінеді, біріншіден, рөлдік үлгілердің жанжалы ретінде, бұл олардың 
отбасының  бір  немесе  бірнеше  мүшелерінде  бұрыс  қалыптасуымен  байланысты,  екіншіден, 
рөлдікаралық жанжал ретінде, онда қайшылық әркелкі рөлдерден шығатын рөлдік күтулердің 
қарама қайшылығында  жатыр.  Осындай  жанжалдар  көпұрпақты  отбасыларда  жиі  байқалады, 
онда екінші ұрпақтың ерлі зайыптылары бір уақытта балалар және ата-аналар болып табыла-
ды және қарама қарсы рөлдерді тиісінше үйлестіруге тиісті, үшіншіден, рөлдік ішіндегі жанжал 
ретінде, онда рөл өзіне қарама-қайшы талаптарды қосады. Қазіргі отбасында мұндай мәселелер 
жиірек әйелдің рөліне тән болып тұрады. Бұл әйелдің рөлі отбасындағы дәстүрлі әйел рөлінің ( 
бәйбіше, балалардың тәрбиелеушісі және т.б.) қазіргі рөлімен тіркесуін қамтитын жағдайларға 
жатады,  ал  әйелдің  қазіргі  рөлі  отбасын  материалдық  құралдармен  қамтамасыз  етуге  бірдей 
қатысуды көздейді.
Егер  әйел  әлеуметтік  немесе  кәсіптік  салада  аса  жоғары  мәртебеге  ие  болса  және  өзінің 
мәртебесінің  рөлдік  функцияларын  отбасы  ішіндегі  қатынастарға  тасымалдаса,  жанжал 
тереңдеу мүмкін. Осындай жағдайда ерлі зайыптылардың рөлдердің икемді ауыстыру қабілеті 
өте маңызды. Рөлдік жанжалдың алғышарттары арасында ерекше орынды рөлді психологиялық 
игерудегі қиыншылықтар алады, олар ерлі-зайыптылардың мынадай ерекшеліктерімен байла-
нысты, атап айтқанда, жеткіліксіз моральдық және сезімдік жетілу, жұбайлық және ата аналық 
рөлдерді  орындауға  деген  дайындықсыздығы.  Мысалы,  қыз  ерге  шығып,  өзінің  иықтарына 
отбасының  шаруашылық  қамдарын  еш  ауыстыра  салғысы  немесе  бала  тапқысы  келмейді, 
бастапқы өмір салтын жүргізуге талпынады және т.б. 
Қазіргі  қоғамда  отбасның  әлеуметтік  институт  ретінде  әлсіреу  үдерісі,  оның  әлеуметтік 
функцияларының,  рөлдік  емес  отбасылық  қатынастарының  өзгеруі  байқалады.  Отбасы 
индивидтердің  әлеуметтенуінде,  бос  уақытты  ұйымдастыру  және  басқа  басты  функциялар-
да өзінің жетекші позицияларын жоғалтуда. Әйел үй шаруашылығын жүргізгенде, балаларды 
туғанда және тәрбиелеу кезіндегі, ал еркек қожайын болды, жиі мүліктің жеке мүлік иесі, және 
отбасының экономикалық дербестігін қамтамасыз етудегі дәстүрлі рөлдер, рөлдіктермен ауы-
стырылды, онда христиандық және буддизмдік мәдениетті мемлекеттердегі әйелдердің басым 
көпшілігі  өндірістік,  саяси  қызметке,  отбасыны  экономикалық  қамсыздандыруға  қатыса  ба-
стады  және  отбасылық  шешімдерді  қабылдауда  тең,  ал  кейде  жетекші  қатысушыға  айналды. 
Бұл отбасының қызмет атқару сипаттамасын елеулі өзгертті және қоғам үшін позитивті және 
негативті салдар қатарына әкеп соқты. Бір жағынан, ол әйелдердің сана-сезімінің өсуіне, ерлі-
зайыпты қатынастардағы теңдікке себепші болса, басқа жақтан, жанжалдық жағдай қиындай 
түсті, демографиялық мінез-құлыққа әсер етті, нәтижесінде туу көрсеткіші төмендеді және өлім 
деңгейі өсті. [1; 103-104]
Отбасыға қолданылатын әлеуметтік институт түсінігін, ең алдымен, белгілі бір әлеуметтік 
функцияларды  орындайтын  қатынастар  мен  әрекеттердің  күрделі  жүйесі  ретінде  пайдалана-
ды.  Әлеуметтік  институт  түсінігі  отбасындағы  әлеуметтік  рөлдер  мен  нормалардың  сабақтас 
жүйесі ретінде де қарастырылады, олар маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды 
қанағаттандыру үшін әрекет етеді және жаратылған. Әлеуметтік рөлдер мен нормалар өзіндік 
әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған сәйкес келетін және күтілетін мінез-

231
құлықты  анықтайды.  Отбасының  негізгі,  алғашқы  функциясы  репродуктивті,  яғни  қоғамдық 
жоспардағы биологиялық халықтың ұдайы өсуі мен жеке жоспарда балалы болу мұқтаждығын 
қанағаттандыру. Сонымен қатар отбасы басқа да маңызды әлеуметтік функцияларды орындай-
ды: тәрбиелік, жас ұрпақтың әлеуметтенуі, қоғамның мәдени ұдайы өсуін жақтау; шаруашылық-
тұрмыстық,  қоғам  мүшелерінің  дене  денсаулығын  жақтау,  отбасындағы  балалар  мен  қарт 
мүшелерді  бағып  күту;  экономикалық,  отбасы  мүшелерімен  материалдық  құралдарды  алу, 
қоғамның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелерін экономикалық қолдау; бастапқы 
әлеуметтік бақылау саласы, тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында отбасы мүшелерінің мінез-
құлығын регламенттеу, сондай ақ ерлі-зайыптылар, ата аналар мен балалар, жоғарғы және орта-
ша  ұрпақтар  арасындағы  жауапкершілік  пен  міндеттемені  регламенттеу;  рухани  тілдесу,  от-
басы мүшелеріндегі тұлғалық қасиеттерінің дамуы, өзара рухани баю; әлеуметтік-мәртебелік, 
отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебені ұсыну, әлеуметтік құрылымды жасақтау; 
бос  уақытты,  рационалды  бос  уақытты  ұйымдастыру,  мүдделерді  өзара  байыту;  эмоциялық, 
индивидтердің  психологиялық  қорғауды,  эмоциялық  қолдауды  алуы,  эмоциялық  тұрақтануы 
мен олардың психологиялық терапиясы.
Отбасының өмір салты, оның функциялары қазіргі қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестігін 
немесе  сәйкессіздігін  білу  ерекше  маңызды  болғанда,  отбасы  институт  ретінде  талданады. 
Әлеуметтік институт ретіндегі отбасының үлгісі отбасындағы өзгерістерді, оның даму тенденция-
ларын болжау үшін маңызды. Отбасыны әлеуметтік институт ретінде талдағанда, зерттеушілерді 
негізінде отбасылық мінез құлықтың, рөлдің нұсқалары, неке отбасылық қатынастар саласындағы 
формалды және бейресми нормалар мен санкциялардың ерекшеліктері қызықтырады.
Отбасыға  кіретін  индивидтер  арасындағы  қатынастардың  зерттелуі  керек  болғанда,  от-
басы шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырылады. Осындай келуде некеге отыру дәлелдері, 
ажырасулардың  себептері,  ерлі-зайыпты  қатынастардың  сипаты  мен  динамикасы  және  ата-
аналар мен балалар арасындағы қатынастар зерттеледі. Дегенмен бұл ретте топтық мінез-құлық 
әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлардың ықпалына тап болғанын еске-
ру қажет. 
Отбасы әлеуметтік институт ретінде кезеңдер қатарын өтеді, олардың реттілігі отбасылық 
топтамаға  немесе  отбасының  өмірлік  топтамасына  бүктеледі.  Зерттеушілер  бұл  топтамадағы 
сатылардың әртүрлі мөлшерін бөледі, бірақ олардың арасында бастылары келесілер болып та-
былады: некеге отыру, отбасының құрылуы; бала туудың басталуы, алғашқы баланың дүниеге 
келуі; бала туудың аяқталуы, соңғы баланың дүниеге келуі; бос ұя, некеге отыру және отбасы-
дан соңғы баланың кетуі; отбасының қызмет етуі тоқталады, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс 
болады. Әрбір кезеңде отбасы өзіне тән әлеуметтік және экономикалық сипаттамаларға ие.
Қазіргі уақытта отбасыны әлеуметтік жүйе ретінде әлеуметтік зерттеу үшін институционалдық 
және топтық келудің ықпалдастығы туралы сұрақтың қойылымы үшін жеткілікті алғышарттар 
бар. Осындай келудің заңдылығы жүйелік келудің логикасы отбасын зерттеуге қолдануы мүмкін 
екендігімен  шартталған,  яғни  ішкі  және  сыртқы  байланыстардың  құрамдас  бөліктерін  табу. 
Отбасыны зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелері оның жүйе ретінде қызмет ету 
тиімділігімен байланысты. Осындай зерттеулер арасында: отбасының қызмет етуінің қоғамдық 
қажеттіліктерге сәйкессіздігі; отбасындағы еркек пен әйел рөлдері арасындағы, отбасылық және 
кәсіптік  рөлдер  арасындағы  қарама-қайшылық,  отбасылық  топтың  төмен  ынтымақтастығы; 
дәстүрлі неке беделінің құлауы. [3; 22-25]
Неке-отбасылық    қатынастар    мәселелерін  кешенді    келуді    пайдалану  арқылы  зерт-
теу  қажет,  алайда  олардың  көпшілігі  әлеуметтану  мен  психология  түйісінде  жатыр.  Ол  үшін 
жиналған  мәліметтердің  екінші  талдауы  керек.  Ықпалдастық  міндеттерін  сәтті  орындау 
әдістемелік қиыншылықтар қатарын жеңуді талап етеді, бұл сөзсіз осындай неке мен отбасы 
ретіндегі әлеуметтік өмірдің күрделі құбылыстарын зерттегенде туындайды. Басты қиыншылық 
–  объектілердің  өте  үлкен  мөлшері  мен  сан  алуандығы.  Отбасы  объект  ретінде  әртүрлі 
негіздемелер бойынша жіктелуі мүмкін: қоныстардың типтері бойынша, қалалық пен ауылдық; 

232
құрамы бойынша, кеңейтілген және нуклеарлы; ата-аналардың бар болуы бойынша, толық және 
толық емес және т.б. Неке де жіктелуі мүмкін. Мысалы, осындай негіздемелер бойынша: форма-
лизация деңгейі бойынша, нақты және заңды; ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жағдайларының 
біртектілігі бойынша, бір тұқымдас және гетероген.
Кез  келген  әлеуметтік  объектіні  іштен  бақылау  мен  зерттеуге  болады.  Неке  мен  отбасы 
әлеуметтік және жеке қатынастардың аса сырлас әр түрі болып табылады. Олар өзінің артық 
бөлігімен  бөтен  бақылаушыдан  жасырын.  Осыған  байланысты  неке-отбасылық  қатынастарды 
зерттеу әдістерінде шектеушілік пайда болады. Неке мен отбасы саласындағы жалпы әлеуметтік 
үрдістердің  аса  сенімді  сілтемесі  бөлек  отбасылық  топтарды  зерттеу  және  сипаттау  емес,  ал 
әйелдің қоғамдағы біркелкі жағдайын, материалдық жағдай деңгейі мен рухани мәдениетті, неке-
лер, ажырасулардың динамикасын статистикалық және документалдық талдау болып табылады.
Неке-отбасылық  қатынастар  тоериясындағы  отбасы  мен  некенің  негізгі  категорияларына 
тоқталсақ,  отбасының  өмір  сүру  жағдайлары  макро-  және  микрожағдайларға  бөлшектенеді. 
Макрожағдайларға:  әлеуметтік-экономикалық  жағдайлар;  қоғамдық-саяси;  әлеуметтік-мәдени 
және идеологиялық жағдайлар; экологиялық жағдайлар жатады. Микрожағдайларға: адамдардың 
әлемге  деген  қатынасын,  әлеуметтік  ұстанымдарын,  қызығушылықтарын,  құндылықты 
бағдарларын, санасының жалпы жағдайын сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық жағдайлар 
жатады. Отбасының құрылымы отбасы мүшелері арасындағы қатынастар жиынтығын бейнелейді. 
Оған: туыстықтың құрылымы; билік пен жетекшіліктің құрылымы; рөлдердің құрылымы; ком-
муникация құрылымы.
Отбасының  өмір    салтын  көбінесе  отбасының  институционалдық  және  топтық  сипатта-
маларын  зерттеуге  көмектесетін  интегралдық  категория.  Отбасының  өмір  салтында  отбасы 
мүшелерінің қызметтеріндегі өзара байланыстар мен арақатынасты қадағалауға болады. Неке-
отбасылық  идеология  көпшілікпен  отбасылық некелік  саласындағы  құндылықтар,  нормалар 
мен орнатулардың жиынтығы ретінде қабылданады. Неке отбасылық қатынастардың сәттілігіне 
отбасы қызметіне әділетті баға ретінде, қоғамдық қажеттіліктер көзқарасынан онымен функ-
цияларды  орындау  сипаты,  және  де  неке  және  отбасымен  қанағаттанушылықтың  бағалары 
кіреді. Бұл категория отбасының әркелкі түрлерінде, әртүрлі аймақтар мен уақыт мезгіліндегі 
неке отбасылық  қатынастардың  сапасын  салыстыруға,  және  де  неке отбасылық  қатынастарды 
басқарудың нормативті үлгілерін құрастыруға мүмкіндік туғызады. [2; 38-42]

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет