Библиографический список:
1. Про імплементацію Угоди про асоціацію між Україною, з однієї сторони, та
Європейським Союзом, Європейським Співтовариством з атомної енергії і їхніми державами-
членами, з іншої сторони. Розпорядження Кабінету Міністрів України від 17 вересня 2014 р. №
847-р
[Электронный
ресурс]. – Режим
доступу:
http://www.kmu.gov.ua/control/uk/cardnpd?docid=247612342
2. Великая Хартия Европейских Университетов [Электронный ресурс]. – Режим доступа:
http://www.russianenic.ru/int/bol/charter.html
3. Гретченко А.И. Болонский процесс: интеграция России в европейское и мировое
образовательное пространство / А.И. Гретченко, А.А.Гретченко. – М.: КНОРУС, 2009. – 432 с.
4. Болонський процесс в Україні [Электронный ресурс]. – Режим доступа:
http://www.osvita.org.ua/bologna/
5. Закон України «Про вищу освіту» (від 01.07.2014 № 1556-VII) [Електронний ресурс]. –
Режим доступу: http://zakon5.rada.gov.ua/laws/show/1556-18
6. Постанова Кабінету Міністрів України від 29 квітня 2015 року № 266 «Про
затвердження переліку галузей знань і спеціальностей, за якими здійснюється підготовка
здобувачів
вищої
освіти» [Електронний
ресурс]. – Режим
доступу:
http://www.kmu.gov.ua/control/uk/cardnpd?docid=24814969
7. Після скорочення кількості вузів з 802 до 317 їх може стати ще менше (дата
идентификации 21 февраля 2015 г.) [Електронний ресурс]. – Режим доступу:
http://dt.ua/UKRAINE/pislya-skorochennya-kilkosti-vuziv-z-802-do-317-yih-mozhe-stati-sche-menshe-
164983_.html
8. Почему украинцы все чаще едут учиться за границу: инфографика и цены [Электронный
ресурс]. – Режим доступа: http://apostrophe.com.ua/article/society/science/2015-10-27/pochemu-
ukraintsyi-vse-chasche-edut-uchitsya-za-granitsu-infografika-i-tsenyi/2486
9.
Вступ 2016 [Електронний
ресурс]. – Режим
доступу:
http://gazeta.dt.ua/EDUCATION/vstup-2016-ne-lishe-novi-specialnosti-_.html
10.
Постанова
Кабінету
Мінстрів
України
«Про
затвердження
Порядку
підготовки здобувачів вищої освіти ступеня доктора філософії та доктора наук у вищих
навчальних закладах (наукових установах)» (від 23 березня 2016 р. № 261) [Електронний ресурс].
– Режим доступу: http://www.kmu.gov.ua/control/uk/cardnpd?docid=248945529
11. Указ Президента України «Про Стратегію сталого розвитку «Україна – 2020» (від 12
січня 2015 р.
№ 5/2015 [Електронний
ресурс]. – Режим
доступу:
http://zakon3.rada.gov.ua/laws/show/5/2015
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІН БОЛОН ПРОЦЕСІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ СƏЙКЕС
КЕЛТІРУ АРҚЫЛЫ ЕУРОПАЛЫҚ АЙМАҚҚА КІРІГУ
А.Х. Аренова, п.ғ.д., профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар жəне инжиниринг университеті, «Педагогика жəне психология»
кафедрасының меңгерушісі
Б.С. Жайловов, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне
инжиниринг университетінің PhD докторанты
Даңқты тарихына көз жүгіртсек, көшпенділік кезеңде ешкімге есесін жібермеген
жаужүрек, өркениеті озық, мəдениеті қалыптасқан Қазақ Елінің жаңа дəуірде білім мен
ғылымдағы дамуы кенже қалып келе жатқаны жасырын емес. Бірақ дер кезінде дербестігін алып,
тəуелсіз мемлекет болып бой тіктеген ширек ғасырда ғарыштық жылдамдықпен дамып келе
жатқан қазіргі жаһандану дəуіріндегі жалпы адамзат жетістіктеріне ортақтасуға, озық елдердің
151
тəжірибесін пайдалану арқылы қарқынды көшке іркілмей ілесуге, үздік үрдістерінен үлгі алуға
мол мүмкіндік бар. Дамыған елдердің тағылым-тəжірибесін пайдаланып қана қоймай, əрі қарай
əріптестікте əрекет етіп, тіпті бəсекелестікке түсуге де тəуекелі жетеді. Осы орайда ғылымды,
білім беру жүйелерін, қазақстандық жоғары оқу орындарын ары қарай дамытудағы ең актуальды
мəселе – білім беру жүйелерін Болон процесінің талаптарына сай толық қалыптастыру.
Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам
талаптарына сай келетін жəне жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін һəм өзіндік білім жолын
игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мəдени құндылықтарды
дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына
сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы;
түлектердің кəсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дəрежелер мен
мамандықтар қабылдау; əртүрлі мəдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау;
университеттік автономияны жəне академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон
процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон
процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кəсіби білім деңгейін біркелкі бакалавриат-
магистратура-докторантура формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының
Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді [1].
Болон процесіне ең алғаш болып қосылған Еуропа мемлекеттерінің бірі – Польша. 2013
жылғы 10-19 қаңтар аралығында А. Мицкевич атындағы Познань университетінде халықаралық
ғылыми тағылымдамадан өткенде, бұл жүйенің тиімділігіне көзіміз жетті. Кейін осы бағытта
зерттеуімізді бастап, ҚР-да Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында қарастырылғандай, жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің
параметрлеріне сəйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз
етуге [2] атсалысуға кірістік.
Биыл қабылданған ҚР-да білімді жəне ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде де дүниежүзілік үрдістер контекстінде жоғары жəне
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту; жоғары жəне жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру менеджменті мен мониторингін жетілдіру мəселелері қарастырылған [3].
Əрине, бұл бетбұрыс бойынша білім беруде əлемдік стандарттың ұлттық санаға ықпалы
қалай болады деген мəселе де қарастырылады. Сондықтан жаңа жүйе – Болон процесін көшірме
күйінде қабылдамай, тиімділік тұрғысынан таразылап, салыстырып, саралай отырып жүзеге
асырған жөн. Осы мақсатта «Қазақстандық ЖОО-да білім беру жүйелерін жетілдірудің
педагогикалық негіздері» деген тақырыпта зерттеуімізді бастадық.
Білім беру жүйесін еуропалық жəне американдық деп екіге бөлуге болады. Зерттеу
жұмысымызда Еуропа мемлекеттерінің, Ресейдің, АҚШ-тың жоғары оқу орындарының білім беру
жүйелері нысанаға алынады. Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстан 2010 жылы Болон процесіне
бірінші болып көшті. ТМД арасында Ресей Қазақстаннан жеті жыл бұрын қосылғанымен,
бакалаврда ғана кредиттік жүйеде оқытады да, аспирантурасы бұрынғы бағытта екен. Оған 2016
жылғы ақпан, наурыз айларында М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде
халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтіп, аспиранттармен бірге дəріс сабақтарына қатысқанда
толық көзіміз жетті. Ресей əлі де жаңа жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп
келеді. Бірақ Ресейдің ғылыми дəреже беру жөніндегі заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы жобасында бұрынғы кандидаттық, докторлық диссертация қорғау кеңестері алынып
тасталған. Демек, заң қабылданған бойда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі де толық
Болон процесіне көшетіні сөзсіз. Өйткені халықаралық аренада бұл жүйенің беретін мүмкіндіктері
мол болмақ.
Ресейден гөрі Еуропа Одағымен əріптестік қарым-қатынасы күшейіп келе жатқан
Қазақстан үшін он сегіз жыл бұрын Сорбон Декларациясынан басталған жəне одан кейін қолға
алынған барлық бастамалар пайдалы деп есептейміз. «Толық жоғары білімі барлар магистратура
мен докторантура арасында таңдау жасай алады. Сонымен қатар, олар оқытудың бір түрінен басқа
түріне өтуге құқылы. Қос университет деңгейлерін алған жағдайда негізгі назар зерттеу жəне
өзіндік жұмыстарға бөлінуі қажет. Толық емес, сонымен қатар толық жоғары білім ала отырып –
студенттер кем дегенде бір семестр бойына өз елінен тыс жерде орналасқан еуропалық
университетте білім алу мүмкіндігіне ие болулары қажет. Бұдан бөлек, оқытушылар мен ғылыми-
зерттеу құрамы да шет елде, басқа Еуропа елдерінде жұмыс істеулері қажет. Еуропалық Одақ
152
студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығына көрсетіп отырған қолдауды толықтай пайдаланған
дұрыс» [4].
Алғашқы еуропалық университеттің отаны – Болонья қаласының (Италия) құрметіне
аталған Болон процесінің 1999 жылы алғаш қабылданған декларациясында қазір кең қолданысқа
енген еуропалық жоғары білім жүйесінің халықаралық бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
дипломға қосымшаны енгізу; еуропалық қайта есептеу жүйесі – ECTS түрі бойынша кредиттер
жүйесін енгізу жүзеге асты [5].
Сорбонн декларациясына қол қойғаннан кейін үш жылдан, ал Болон декларациясына қол
қойған мерзімнен екі жылдан кейін жоғары білімге жауап беретін жəне декларацияға қол қойған
32 мемлекеттің өкілі болып саналатын еуропа министрлері қол жеткізілген жетістіктерді бағалау
жəне алдағы жылдары жасалатын əрекеттер мен бағыттарды анықтау мақсатында тағы да бас
қосты. Министрлер тағы бір мəрте 2010 жылға қарай еуропалық жоғары білім аймағын
тағайындау бойынша өз міндеттемелерін растады [6].
Одан кейінгі əр жылдары, Берлин (2003), Лондон (2007), Левен (2009), Бухарест (2012), т.б.
қалаларда тұрақты өтіп келе жатқан жиындарда жаңа жүйе толықтырылып, кемелденіп келе
жатыр. Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдар – академиялық кредиттер жүйесін
қабылдау; білім сапасын бақылау; студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
нəтижелерге жəне студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу осы кезеңдерде іске асты.
Болон үдерісі ЖОО-ның автономдығын қуаттайды. Қазіргі уақытта əлемдегі алдыңғы
қатарлы университеттердің көпшілігінде автономды басқару моделі қалыптасқан. Ол –
жекешелендіру емес, ЖОО-ның басшыларына құзырындағы мəселелерді өздігінен шешуге
мүмкіндік беру.
ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өз Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарының
бірі ретінде: «Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу
бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді
дамытуы тиіс», – деген талап қойды [7]. Сондай-ақ оны: «Жетекші университеттерді академиялық
жəне басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет», – деп
нақтылады [8].
Осыған орай, білімгерлердің шығармашылық əлеуетін, ұстаздардың біліктілігін арттыруға
мүмкіндік беретін автономдандыру туралы өзіміз қызмет етіп, білім алып жүрген Ш. Есенов
атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университетінің ректоры Ə.Қ.
Ботабеков мынадай пікірде: «Əрбір ұсақ-түйек жағдайларды министрлікпен келісіп, уақыт
ұттырып аламыз. Екіншіден əр өңірдің өзіндік мұқтажы болады. Оның барлығын орталықпен
келісе бермей, осы өңірдегі атқарушы органдармен ақылдасып, іске асыру керек. Бірақ, ол
қаншалықты қиын болғанымен, пайдасы зор» [9].
Жоғарыда мысалдар келтірілген білім мен ғылым туралы халықаралық, республикалық
деңгейдегі нормативтік құжаттармен танысқаннан кейін, білімгерлерді дүниежүзілік білім беру
стандарттарына бейімдеу бағыттарын қарастыруға қажеттілік туып тұрғанына көзіміз жетті.
Өйткені бұл – педагогтар мен психологтардың жауапкершілігіне жүктелетін бірден-бір маңызды
міндет екенін сезіндік. Оған себеп болған жағдай – 2015 жылғы 20 маусым күні М. Оспанов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина университетiнiң жалпы медицина факультетiнде
мемлекеттік грантта оқитын 2-курс студентi Азамат Жомартовтың микробиология пəнiнен
емтиханда төмен баға алып, нəтижесінде өзіне-өзі қол жұмсауы. Кейін анықталғандай, студентке
емтиханды жазғы семестрде қайта тапсыруға болатын мүмкіндігі түсіндірілмеген, сондықтан оқу
грантынан айырылу, стипендиядан қағылу туралы ойлаған 19 жасар бозбала əлеуметтік мəселелері
үшін ғана психологиялық тұрғыдан тығырыққа тіреліп, ең соңғы амалы – суицидке барған. Бұл
туралы БАҚ ақпарат таратқанда, тікелей Болон процесі, кредиттік жүйемен ғана байланыстырып
жатты [10].
Бұл мəселеден шығатын қорытынды: қазақстандық жоғары білімді Болон процесінің
параметрлеріне сəйкес келтіру – келісім-шарт құжаттарын талапқа сай рəсімдеу ғана немесе
оқытудың сыртқы формасын өзгерту ғана емес, барлық қағидаларын қатаң сақтауды қажет етеді.
Сондықтан Болон процесін басқарушылық, экономикалық, академиялық тұрғыдан зерттегенде
педагогикалық негіздеріне де басымдық берілу керек.
153
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы: «Дайк-пресс Таймас», 2008. – 616 бет.
2. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы
(2010).
3. ҚР-да білімді жəне ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы (2016).
4. Сорбон Декларациясы (Францияның, Италияның, Германияның жəне Ұлыбританияның
Білім министрлерінің жоғары білімнің еуропалық жүйесі архитектурасын үйлестіру бойынша
Бірлескен Декларациясы) Париж, Сорбонна, 1998 жылдың 25 мамыры.
5. Еуропалық жоғары білім аймағы (Еуропалық білім беру министрлерінің бірлескен
мəлімдемесі). Болонья қ., 1999 жыл 19 маусымы.
6. Еуропалық жоғары білім аймағына. Жоғары білім беруге жауапты еуропалық
министрлер кездесуінің хабарламасы. Прага қ., 2001 жыл 19 мамыры.
7. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы (2012).
8. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы (2014)
9. Автономия вузов: свобода и ответственность, «Огни Мангистау», 05.09.2014.
10. Сəрсембина Б., Болон жүйесін батпаққа батырды. «Жас алаш» газеті, 21.07.2015.
ТƏЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Тұмбай Ж.О., э.ғ.к., доцент, Смағұлова Г.С., э.ғ.к., доцент
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Гимранова Г.И. э.ғ.к., доцент,
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті
Заманауи əлемдегі жоғары оқу орнында білім алушы студенттің негізгі мақсаты - еңбек
нарығында бəсекеге қабілетті маман болатындай білімге ие болу. Осыған орай, жоғары білім
берудің заманауи жүйесі болашақ түлектерді даярлаудың теориялық негізінің қалыптасуына ғана
емес, сонымен қатар болашақ мамандық бойынша тəжірибелік дағдының қалыптасуына да
бағытталған. Оқытудың тəжірибеге бағытталған тəсілін тікелей қарастырсақ, екі негізгі бағытты
бөліп көрсетуге болады: бірінші бағыт студенттерді өзінің мамандығы бойынша кəсіби ортамен,
шынайы бизнес ұсынған талаптармен таныстыру мақсатында оқыту үдерісі мен тəжірибе өтуді
біріктіретін болса, екінші бағыт, студенттерде таңдаған мамандығы бойынша функционалдық
міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін құзыреттілікті, сонымен қатар тұлғалық қасиеттерді
қалыптастырумен байланысты. Осы бағытты жүзеге асыру оқытудың кəсіби-бағыттылған
технологиясын енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Деңгейі құзыреттік тəсілдің əдістерімен анықталатын қызметтік іс-тəжірибенің атқарымы
тəжірибеге бағытталған білім берудің міндетті элементі болып табылады. Тəжірибеге бағытталған
тəсілдің енгізілу үдерісі тек білім беру үдерісіне ғана емес, сонымен бірге студенттің өзіндік
қабілеті мен білімін біріктіретін, оның тұлғасын қалыптастыруға негізделген. Жоғары білім беру
жүйесінде тəжірибеге бағыттылған тəсілді қолданудың ерекшелігі студенттерде білімнің ғылыми
негізінің іргетасын қалыптастырумен қатар, тəжірибелік біліктілікті алуға мүмкіндік
беретіндігінде.
Жоғары білім беру жүйесінде тəжірибеге бағытталған білім беруге қатысты бірнеше
көзқарастар қалыптасқан. Бірі тəжірибеге бағытталған білім беруді студенттің кəсіби ортаға
«сіңуіне», өзінің мамандығы туралы түсінігінің шынайы бизнес ұсынатын талаптарға сəйкестігін
салыстыру мақсатында оқу, өндірістік жəне диплом алдындағы тəжірибені ұйымдастырумен
байланыстырады. Басқалары студенттерде болашақ кəсіби қызметке қажетті тұлғалық
қасиеттердің, сонымен қатар, таңдалған мамандық бойынша функционалдық міндеттерін сапалы
орындауды қамтамасыз ететін білім, дағды жəне икемнің қалыптасуына жағдай жасайтын
тəжірибеге бағытталған оқыту технологиясын енгізуді тиімді деп санайды.
154
Осы бағыттағы зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, тəжірибеге бағытталған білім беруді
құру үшін жаңа қызметтік-құзыреттік тəсіл қажет. Білімді игеруге негізделген дəстүрлі білім
беруге қарағанда, тəжірибеге бағытталған білім беру, білім алудан басқа, икемділік, дағды,
тəжірибе алуды көздейді. Тек теориялық материалдарды игеруде оқу үдерісі шектен тыс
күрделеніп, шынайы өмірден үзіледі, ал бұл өз кезегінде студенттердің оқуға деген
қызығушылығының жоғалуына алып келеді. Тəжірибеге бағытталған оқудың аясында нақты
болжамдалған нəтиже алу ниетімен ұйымдастырылған жəне жүзеге асырылып жатқан қызмет
сөзсіз артықшылыққа ие болады. Бұл үшін оқытудың өзі де дəстүрлі емес түрде қалыптастырылуы
қажет. Ол ортақ мақсатқа жетуге бағытталған жəне біртұтас ұйымдастырылған əртүрлі жеке
операциялар мен тапсырмалардан құралған, арнайы қызмет түріне өзгертілуі тиіс [1].
Сонымен, деңгейі құзыреттік тəсілдің əдістері негізінде анықталатын қызметтік тəжірибені
жинақтаусыз білім тəжірибеге бағытталған болып табылмайды деп тұжырымдауға болады.
Құзыреттік түсінігін «нақты мəселелерді шешуде білім мен тəжірибені жұмылдыра білу»
ретінде енгізу, құзыреттікті кəсіби білім берудің сапасын өлшейтін көпфункциялы құрал ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Демек, жоғары білім беру жүйесінде қызмет тəжірибесі жаңа мағынаға ие болады. Қызмет
тəжірибесі тұлғаның мақсатқа ұмтылуының ішкі шарты болып табылады, ол тұлғаның білімі,
икемі мен дағдысы негізінде белгілі бір əрекеттер мен операцияларды орындауға дайын екендігін
көрсетеді.
Осылайша, дəстүрлі үштік («Білім – Икем – Дағды) жаңа дидактикалық бірлікпен
толықтырылады: «Білім – Икем – Дағды – Қызмет тəжірибесі». Осы тұрғыдан алғанда, оқытудың
дəстүрлі элементі – студенттердің тəжірибесі – мүлдем жаңа мағынаны иеленеді жəне жоғары оқу
орындарының оқу бағдарламаларын дайындаудың аса маңызды элементі болып табылады.
Тəжірибені, шын мəнінде, үздіксіз жүргізу қажет (негізінен бір ұйымда немесе бір сала
деңгейінде).
Танысу тəжірибесі барысында студенттер мамандардың əрекеті үлгіленетін, теориялық
сұрақтар мен мəселелер талқыланатын академиялық үлгідегі оқу-танымдық қызметтің
тəжірибелерін меңгереді. Өндірістік тəжірибеде ұйымның маманы (немесе оның көмекшісі)
ретінде кəсіби қызмет тəжірибесі жинақталады. Ал диплом алдындағы тəжірибе кезінде ұйымның
қызметі, оның бизнес-үдерістері туралы түсініктерді біріктіру жүргізіледі, өндірістік қызметтің
тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар əзірленеді.
Əрине, үздіксіз тəжірибенің мұндай моделі – тəжірибе орнын кездейсоқ таңдаған жағдайда
орындалмайды. Біздің ойымызша, оның жолы – қажетті ұйымдастырушылық негізді құру. Яғни,
тұрақты бизнес - серіктестер (жұмыс берушілер) іздестіру жəне оларда кафедралардың филиалын
ұйымдастыру. Мұндай жағдайда жеткілікті тез кері процесс туындайды. Жұмыс берушілер ерекше
студенттерді өз кадрлық резервтері ретінде қарастыра бастайды жəне негізгі пəндердің мазмұнын
нақтылау бойынша, жұмыс жəне оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар
енгізеді.
Тəжірибеге бағытталған тəсілдің соңғы нəтижесі оқу барысында, сондай-ақ тəжірибе өту
кезінде қалыптасатын, қызметтің кəсіби түрлерін жүзеге асыруы арқылы көрініс табатын оқуды
бітірген студенттің мінез-құлығының қорытынды моделі болып табылады.
Дегенмен, бүгінгі таңда қазақстандық көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары
оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс
берушілердің күткен нəтижелеріне толыққанды жауап бере алмай отыр. Сонымен қатар
Қазақстандағы экономиканың көптеген салаларында əлі де болса жоғары кəсіби жəне білікті
мамандардың жетіспеу мəселесі тұрғандығы да белгілі. Бұл жетіспеушіліктің негізгі себебі адам
ресустарының немесе аталмыш мамандарды даярлайтын ЖОО жетіспеушілігі емес, керісінше,
Қазақстанда жұмыс іздеп жүрген адамдар саны да, білім беретін ЖОО саны да жоғары. Шын
мəнінде, Қазақстанның барлық өңірлерінде жоғары оқу орны түлектерінің белгілі бір бөлігі өз
мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспайды. Оның негізгі себептерінің бірі – жұмыс
берушілерге жұмыс тəжірибесі бар дайын мамандар қажет, ал əдетте, түлектерде ол жоқ. Кез
келген саладағы кəсіби мамандарды даярлау барысындағы өзекті мəселе, болашақ мамандарды
оқытудың тəжірибелік бөлігін күшейту болып табылады.
Бұл мəселе ЖОО деңгейінде болашақ мамандарды дайындаудың оқу жоспарына
жəне оқу бағдарламаларына белгілі бір өзгерістерді енгізу арқылы шешілуі мүмкін.
Оқытудың жаңа нысандары мен əдістерін (тренингтер, практикум, топтық жұмыс, жобалық
əдістер, жағдайлық есептерді шешу жəне т.б. ) енгізу жəне кеңінен қолдану, жұмыс
155
берушімен анықталатын, маман дайындаудың сапасын қамтамасыз ететін жаңа тəсілдерді
тарату арқылы мүмкін болады.
Заманауи жұмыс берушілер түлектердің білімі, икемі мен дағдысын, оларды тəжірибе
жүзінде тиімді қолдануға деген қабілеті мен дайындығының көрінісі ретінде қарастырады.
Сондықтан аталмыш мəселелерді ұтымды шешудің негізгі жолдарының бірі ретінде тəжірибеге
бағытталған тəсілді жүзеге асыру қажет деп есептейміз. Оқытудың мұндай тəсілі, біріншіден,
тəжірибенің, өмірдің қажеттіліктеріне білім беру мекемесін жақындатуға бағытталған.
Екіншіден, болашақ мамандардың бəсекеге қабілеттілігін мақсатты қалыптастыру үшін жағдай
жасауға мүмкіндік береді. Оқытудың мұндай үлгісі тұтас экономиканы дамытудың ағымдағы
жəне келешектегі міндеттерімен, басқарудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етумен жəне
қажетті пайданы алумен тығыз байланысты болуы тиіс.
Тəжірибеге бағытталған оқытудың негізгі кезеңдері 1- суретте көрсетілген.
Сурет 1. Тəжірибелік- бағытталған оқытудың негізгі кезеңдері [2]
Тəжірибеге бағытталған білім беру технологияларына, біздің ойымызша, интерактивті
оқытудың, контекстік-құзыреттік оқытудың, модульдік оқытудың технологияларын жатқызуға
болады. Осы технологиялардың негізінде тəжірибеге бағытталған оқыту үдерісін құру
студенттердің оқу пəндерінің мазмұнын олардың болашақ кəсібіне барынша жақындатуға
жағдай туғызады, біртұтас оқу үдерісін жобалауға мүмкіндік береді жəне болашақ
мамандардың бəсекеге қабілеттілігін мақсатты қалыптастыруға жағдай жасауға көмектеседі.
Тəжірибеге бағытталған оқытуды енгізудің тиімділігі ЖОО үшін келесі көрсеткіштермен
өлшенуі тиіс деп тұжырымдауға болады:
-
бедел ( ЖОО мен оның құрылымдық бөлімшелерінің);
-
даму ( ЖОО, аймақтың əлеуметтік – экономикалық дамуы, ғылыми əлеуеттің
өсімі);
-
нəтиже ( ЖОО кірістері мен шығыстарының ара салмағы, мамандығы бойынша
жұмысқа орналасқан студенттер).
Қоғамға стандартты емес қалыптасқан жағдайларда стандартты емес мəселелерді
шешуге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі оқытуға қабілетті, еңбек нарығында өзін табысты
көрсетуге қабілетті, əлеуметтік – маңызы бар басымдылықтарға бағытталған тұлға қажет.
Ондай тұлғаларды тəжірибеге бағытталған оқытуды тиімді ұйымдастыра білген жағдайда
қалыптастыруға болады.
Сонымен, тəжірибеге бағытталған тəсілді жүзеге асыру қолданыстағы білім беру
бағдарламалары мен технологияларын жетілдіруге ықпал етіп, кəсіби құзыреттің сапалы жаңа
деңгейіне ие болған, заманауи жағдайдағы кəсіби қызметке дайын бəсекеге қабілетті
мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |